Сынаққа цемент алу
Мазмуны
Кіріспе 4
1 Бетонға қажет байланыстырғыштың қасиетін анықтау 5
2 Бетонға керек майда толықтырғышты тексеру 13
3 Бетонға керек ірі толықтырғышты тексеру 20
4 Бетон қоспасын тексеру 27
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 35
Кіріспе
Бетон дегеніміз жасанды тас материалы байланыстырғыш материалды, суды,
майда және ірі толытырғыштарды бірікгіріп қалыптап және қатайту арқылы
пайда болған қоспа.
Мемлекеттік стандарт бойынша бетон топтанылады: негізгі пайдалануы;
байланыстырғыштың түрі; толықтырғыштың түрі; құрылымы бойынша.
Бетон мен бетон қоспасының қасиетін жақсарту үшін, өндірістің
технологиясына және бетонның жобалық сипаттамасына байланысты химиялық
қоспалар пайдаланады.
Барлық бетонға және бетон қоспасына қойылатын жалпы талаптар мынандай:
бетон қоспасы қатайғанша жеңіл араластырылатын, тасымалданынатын, қалыпқа
салынатын болу керек (қозғалғышты және ыңғайлы салынатын, шашылмайтын);
бетон берілген қалыптан шығару уақыты және конструкцияны алу немесе
ғимаратты пайдалануы бойынша белгілі қатаю жылдамдығында болу керек;
цементтің шығыны мен бетонның бағасы мүмкіншілігінше аз болу керек.
Барлық қойылған талаптарды қанағаттандыратындай бетон алу үшін,
дайындалынатын, қалыпқа салынатын бетонның құрамын дұрыс жобалау болып
табылады және нығыздалынатын бетон қоспасын, сонымен қатар оның алғашқы
уақыттағы қатаю кезеңін дұрыс ұстау керек [1-6].
Ңұсқауда құрылыс материалдарын зертханада тексеру тәсілдері
келтірілген. Бетонға арналған материалдарды тексеру тәсілдері берілген,
зертханалық қондырғылар мен аспабтар көрсетілген.
Бетон технологиясы 1 пәні бойынша 5В073000 – Құрылыс материалдарын,
бұйымдарын және конструкцияларын өндіру мамандығының студенттеріне
Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау [1] оқу
құралы бойынша құрастырылған.
1 Бетонға қажет байланыстырғыштың қасиетін анықтау
№ 1 Зертханалық жұмыс.
1. Сынаққа цемент алу. Өндірістік бақылауға сынақ жасау үшін үлгі алу
өнім дайындаушылардың технологиялық құжаттарына сай жүргізіледі.
Стандарттың талаптарына сай алынған үлгінің тексеру нәтижелері тек
қана сол үлгі алынған партияның цементтіне жарайды. Әр түрлі партиянын
цементтерін бірге қосып сынаққа үлгі алуға болмайды.
Контейнерден немесе басқа орыннан үлгі алу 15 см тереңдіктен кем
болмау керек. Сынаққа үлгі алатын цементтің салмағын былай анықтайды, яғни
жинақталынып алынған сынақ жасайтын үлгілердің жалпы салмағы 20 кг кем
болмайтындай қылып алу керек. Жинақталған сынақ жасайтын үлгіні дайындау
үшін, бір партиядағы барлық нүктелерден алған үлгілерді қосып, қолмен
немесе механикалық тәсілмен араластырады. Жинақталып алынған сынақ жасайтын
үлгіні тегіс құрғақ және таза бетке сеуіп жаяды:
бір адреске жіберілген цементтің әр партиясында, сапасы жөнінде партияның
номері және тиелген күні;
цементтегі минерал қоспаның түрі мен мөлшері;
цементтің беріктілігі бойынша классы (маркасы);
цемент илемінің қалыпты қоюлығы;
нормативтік құжаттардың талаптарына сай цементтің кепілділік мерзімі.
Егерде цемент жалған ұстамдылық көрсететін болса, онда сапасы
жөніндегі құжатта көрсетілуі керек. Нормативтік құжаттардың талаптарына сай
көрсетілген цементтің түрі бойынша, сапа жөніндегі келтірілген көрсеткіштер
тізімінде қосымша немесе өзгеріс болуы мүмкін.
Материалды алған өндіріс сапасын бақылау кезінде,
қанағаттандырмайтындай жағдай болатын болса, цементтің бақылау тәжірибесін
осы мақсат бойынша мемлекеттік құрылыс басқармасы бекіткен, цементті
сертификациялық тексеру жүргізетін аккредитация жасаған тексеру зертханасы
жүргізу керек.
Материалды алған өндіріс цементті бақылау кезіндегі сол партияның
бақылау зерттеулерінің нәтижесі қанағаттандырылған деп есептелінеді, егерде
барлық сапа көрсеткіштері бойынша сол цементтің түріне арналған нормативтік
құжаттарға сай келсе, беріктілік классы (маркасы), егерде басқа себебпен
ұсынылған көрсеткіштер цементтің келісім шартында қарастырылмаса.
Цемент түрі және беріктілік тобы (маркасы) бойынша бөлек сақталуы
керек. Әр түрлі және әр беріктілік топтағы (маркадағы) цементтерді
араластыруға, сонымен қатар басқа заттармен ластауға және ылғандыруға
болмайды. Сынаққа алынған цемент тексеруге дейін құрғақ жерде сақталынады.
Тексерудің алдында әр сынақталынатын цемент № 09 елегінен өткізіліледі.
Електе қалған өлшелініп тасталынады. Қалған цемент пайызбен көрсетіліп,
сонымен қатар онын сипаттамалары (түйіршіктер, ағаш ұнтақтары, металлдар
және т.б.) жұмыс журналына жазылады. Електен өткізгеннен кейін сынаққа
алынатын цементті араластырады.
Тексеруді ауаның температурасы 20°С және ылғалдылығы 50% аз бөлмеде
жүргізеді. Үлгілерді дайыңдау және сақтау үшін кәдімгі ішілетін суды
пайдаланады. Суды өлшейтін немесе көлемі бойынша белгіленетін ыдысты
ылғалданған күйінде өлшейді. Үлгіні ылғал күйінде сақтайтын бөлменің және
ваннадағы судың температурасы 20°С болу керек. Цемент пен кұмды 1 г дейінгі
нақтылықпен өлшейді, ал суды 0,5 г немесе 0,5 мл дейінгі дәлдікпен өлшейді
немесе белгілейді.
2. Цементтің тығыздылығын анықтау. Құрастырылатын бетондар мен темір
бетон өнімдерін шығару үшін байланыстырғыш материалдар есебінде әр түрлі
портландцементтер пайдалануы мүмкін. Мемлекеттік стандарт бойынша құрамына
байланысты олар мыналарға бөлінеді: портландцемент, тез қатаятын
портландцемент, минерал қоспасы бар портландцемент, қожды портландцемент,
сульфатқа төзімді портландцемент, минерал қоспасы бар сульфатқа төзімді
портландцемент, сульфатқа төзімді қожды портландцемент, пуццоланды
портландцемент.
Дұрыс таңдап алу сияқты, цементтің физико-механикалық сипаттамасы
(тығыздылығы, сеуіп салғандағы тығыздылығы және нығыздалынғандағы
тығыздылығы, цемент илемінің қалыпты қоюлығы, цементтің активтілігі мен
маркасы) бетон технологиясында маңызды мән береді.
Цементтің тығыздылығын анықтау мемлекеттік стандартқа
ГОСТ 310.2–76, 2.т. сай жүргізіледі. Бұл үшін шыныдан жасалынған көлем
өлшегіш Ле-Шателье (1 сур.) аспабы пайдаланады. Көлем өлшегіш штативке
бекітіліп және белгі жүргізілген белгілі температурасы бар шыны түтігін
орналастырады. Түтіктегі судың деңгейі аспабтың белгіленген бөлігінен
жоғары болу керек. Көлем өлшегішті сусыздандырылған керосинмен нөл
белгісінің төменгі деңгейіне дейін толтырады, одан кейін нөлді белгінің
жоғарғысында орналасқан жоғарғы бөлігін сорғыш қағаздан жасалған тампонмен
мұқият сүртеді.
Алдын ала 2 сағатта кептіру шкафында 105-110ОС кептірілген және
эксикаторда салқындатылған цемент үлгісінен 65 г цемент алып оны қасықпен
аз мөлшерлеп, ауаның көбіктері кетіп қалмайтындай қылып себеді. Аспабты
жоғарғы белгіленген бөліктің бір шамасына жеткенше, яғни ондағы сұйықтың
деңгейі көтерілмегенше толтырады. Цементтің бөлшектерімен келген ауа
көбіктерін шығару үшін, ішінде үлгісі бар аспабты суы бар түтіктен шығарып
жұмсақ резина бетінде 10 минут қисайтылған күйінде аударады. Осыдан кейін
10 мин кем емес ашабты тағы да суы бар түтікке салады, сосын аспабтағы
сұйықтың деңгеінің есебін жүргізеді. Егерде барлығы түспесе аспабтағы
цементтің мөлшерін өлшейді.
1 сур. Ле-Шателье аспабы
Цементтің тығыздылығын (гсм3) мына формуламен есептейді
= m v (1)
мұндағы m – цементтің салмағы, г;
v – цемент қозғалтқан сұйықтың көлемі, см.
Цементтің тығыздылығын 0,01 гсм3 дәлдікке дейін есептейді, екі рет
анықталынған тәжірибенің орташа арифметикалық мәнінің арасындағы
айырмашылықтары 0,02 гсм3 аспау керек.
Стандарт басқа да ± 0,01 гсм3 дәлдікке дейін анықтайтын тәсілдерді
пайдалануды рұқсат етеді. Орындаушының жеткілікті тәжірибесінде цементтің
тығыздылығын анықтауды сыйымдылығы 10 мл болатын, бөліктерінің шамасы 0,1
мл өлшегіш цилиндрлерін пайдалану арқылы жасауға болады.
Цементтің сеуіп салғандағы тығыздылығы технологиялық есептеулерде
пайдаланады, бетон араластырғыштардың сыйымдылығын, бункерлердің
сыйымдылығын және қоймаларды есептегеңде. Анықтау сыйымдылығы 1000 см3 және
одан жоғары өлшегіш цилиндрін және конус үлгілі төменгі жағы труба тәрізді
болып келетін құйғыш.
Цементтің сеуіп салғандағы тығыздылығын анықтау үшін, өлшегіш
цилиндрін столдың үстіне қойып, оның үстінен ашып жабатын түтігі бар ыдыс
орналастырады. Ыдыстан шығатын шеті мен цилиндрдің ара қашықтығы 50 мм болу
керек. Ыдысқа 2 кг шамасындай цемент салып, цементті цилиндрға төгу үшін,
ыдыстың жабқышын ашады. Цементті цилиндрге толтыру үшін өтетін барлық
операция сілкіндірушісіз жүреді. Цилиндрді цементпен цилиндрдің бетінде
конус пайда болғанша толтырады, сосын жабқышты жауып пилиндрдің бетіндегі
артық цементті пышақпен немесе сызғышпен цилиндрдің шетінен бастап абайлап
алып тастайды. Пышақпен сызғышты цилиндрдің бетінде цилиндрдің
қабырғаларына тиіп тұратындай қылып тік ұстайды. Одан кейін цемент салынған
цилиндрді өлшейді. Сеуіп салғандағы тығыздылықты 10кгм3 дәлдікке дейін
формула бойынша есептейді.
н = (m1 - m2) V
(2)
мұндағы m1 – өлшегіш цилиндрдің салмағы, кг;
m2 – цемент салынған цилиндрдің салмағы, кг;
V – өлшегіш цилиндрдің көлемі, м3.
Сеуіп салғандағы тығыздылықты екі тәжірибенің орташа арифметикалық
мәні бойынша есептейді.
Сеуіп салған тығыздылықты стандартсыз ыдыспенде анықтауға болады.
Мұндай жағдайда цилиндрге цементті нығыздалмайтындай қылып қалақшамен,
цилиндрдің бетінен 50 мм қашықтықта ұстап салады. Барлық қалған операциялар
жоғарыда айтылғандай жүреді.
3. Ұнтақтылығын анықтау. Торлы №008 елегі жақсы тартылып және цилиндрлі
қысқышта толық сығылып тұру керек. Електің торын жие-жие лупамен қарап тұру
керек. Егерде торда қандай бір ақау (тесік темір-терсектің қалдығы және
т.б.) табыла қалса оны жаңаға ауыстыру керек. Дайындаған сынаққа алатын
цементті кептіру шкафында 105-110оС температурада 2 сағат кептіріп одан әрі
эксикаторда салқындатады.
Механикалық елегіш аспабын пайдаланғанда 50 г цементті 0,05 г дейнгі
дәлдікпен өлшеп елегішке салады. Електің қалпағын жауып механикалық елегіш
аспабына қондырады. Аспабты қосқаннан кейін 5-7 мин соң аспабты тоқтатады,
абайлап түбін алып електен өткен цементті төгеді, електің ішкі жағын жұмсақ
кистамен тазартады, түбін қайтадан қойып електеуді жалғастырады. Елеу
операциясы аяқталды деп есептеледі, егерде бақылаудағы електе 0,05 г
цементтен көп өтпесе. Електеуді қолмен де жүргізуге болады, елегіштің түбін
алып қағазға 1 мин себу арқылы.
Зертханада механикалық елеуіш аспабы болмаса, қолмен електеуге рұқсат
беріледі. Цементтің ұнтақтылығын електегі №008 торында қалған мөлшер
бойынша пайызбен алғандағы 0,1% дейінгі дәлдікпен алғашқы алынған салмақтың
қатынасы арқылы табады.
4. Цемент илемінің қалыпты қоюлығын анықтау. Цемент илемінің қалыпты
қоюлығы, оның стандарттық қоюлығын алуға арналған, пайызбен сипатталынатын
судың мөлшері, Вика аспабының пестигін цемент илемі толтырылған сақинаға
түсіргенде, сақинаның астындағы пластинкаға 5-7 мм жетпей қалғандағы мөлшер
(2 сур).
Аспабтағы металлдан жасалған қозғалатын пестиктің салмағы (300±2) г
шамасында болу керек. Вика аспабының сақинасы және пластинкасы, тәжірибе
жүргізу кезінде қоятын, таттанбайтын металлдан, пластмассадан немесе
әйнектен жасалуы керек. Цемент илемін дайыңдау механикалық тәсілде арнаулы
араластырғышта араластырылады немесе қолменен дөңес үлгілі табақта арнаулы
қалақша арқылы дайындалады (3 сур.). Тәжірибе жүргізер алдында аспабтың
қозғалғыш бөлшегінің емін еркін қозғалуын, пестиктің тазалығын, пестикті
түсіру кезінде пластинкаға беттесуі үшін нөл көрсеткішінде дұрыс тұруы
тексеріледі, сонымен қатар аспабтың сақинасы мен пластинкасын жұқалап
машина майымен майлайды.
2 сур. Вика аспабы
1-металлдан жасалынған цилиндр өзегі; 2-аспаб ұстағышы; 3-бекіткіш тұтқа;
4-көрсеткіш; 5-шкала; 6-пестик; 7-кольцо; 8-пластинка.
Цемент илемін дайындау үшін 400 г цементті өлшеп алып, алдын ала ылғал
шүберекпен сүртілген табаққа оны төгеді, табақтағы цементке шұңкыр жасап,
қалыпты қоюлықтағы цемент илемін алу үшін шамамен керек мөлшерде су құйады.
Алғашқы цементті тексеру үшін құйылатын судың көлемін 100 см3 немесе
цементтің салмағынан 25% қылып алады. Цемент құйылған шұңқырға табақтың
шетінен бастап жайлап қалақшамен цемент толтырады, одан әрі 30 с жайлап
араластырып, сосын илемді қалақшамен араластыруды үдетеді. Цементке суды
қосқаннан бастап араластыру және илемді үдетіп араластырудың ұзақтылығы 5
мин болу керек.
Сосын илемді аспабатың сақинасын бір салып толтырып, 5-6 рет
пластинканы сақинаға қысып тұрып соғып сілкіндіреді. Ауысқан цемент илемін
алдын ала ылғал шүберекпен сүртілген пышақпен кеседі. Вика аспабының
пестигінің астына илемнің беті қозғалғышпен беттесу үшін, пестикті бекітіп
шыны пластинкадағы сақинаны қояды. Одан әрі тез қозғалғышты босатады, сол
кезде пестик емін ерке илемге түседі. Пестикті жібергеннен 30 сек кейін,
аспабтағы көрсетілген шкала бойынша белгілейді. Осындай барлық операциялар
цемент илемін және аспабты қозғамай жүруі керек. Цемент илемінің қоюлығы
қалыпты деп есептеледі, егерде пестик пластинкаға 5-7 мм жетпесе. Егерде
пестикті цемент илеміне босатқанда жоғары тоқтап қалса, тәжірибені судың
мөлшерін көбейтіп немесе төменге түсіп кетсе судың мөлшерін азайтып
қайтадан қайталайды, яғни айтқанда пестиктің түсу тереңдігі илемнің қалыпты
қоюлығына сай келгенше. Қалыпты қоюлықтағы илем алу үшін керек судың
мөлшерін 0,25% дейінгі дәлдікпен анықтайды.
3 сур. Цемент илемін араластыруға арналған табақ
5. Цементтің уақыт ұстамдылығын анықтау. Тәжірибе жүргізер аддында Вика
аспабының қозғалғыш бөлшегі жеңіл қозғалама және аспабтың нөлдік бөлімі
ауқима соны тексеріп алады. Сонымен қатар тазалығын және иненің түзулігін
тексереді. Аспабтың инесін қалыпты қоюлықта дайындалып және сақинаға
салынған цемент илемінің бетіне түйістіріп қояды. Осындай жағдайда Вика
аспабының ине түсетін бөлшегін бекітеді, одан әрі инені илемге емін-еркін
кіретіндей босатады. Тәжірибенің алдында, илем жұмсақ күйінде тұрған кезде,
инеге қатты күш түсіп кетпеу үшін, инені жайменен илемге түсіргенде
пластинканы ұстап тұруға болады. Қалай илем қоюлана бастағанда, инеге қауіп
төнбейді, яғни ине емін-еркін түсе береді. Уақыт ұстамдылығының басталуын
иненің емін-еркін түсуімен анықтайды.
Инені илемге әр 10 минут түсірген сайын сақинаны қозғап отырады, яғни
бір түскен жеріне қайтадан түспеу үшін. Әр түсірген сайын инені сүртіп
отыру керек. Тәжірибе жүріп тұрған кезде аспаб қараңқыланған жерде тұру
керек, жел соқпайтын және төтенше қозғалысқа ұшырамау кереқ
Цемент илемінің уақыт ұстамдылығының басталуы, илемді араластыра су
құйған кезден бастап басталып, ине сақинадағы илемнің түбіндегі пластинкаға
2-4 мм жетпей калған уақыттан есептеледі. Цемент илемінің уақыт
ұстамдылығының аяқталуы илемді араластыра су құйған кезден бастап басталып,
ине сақинадағы илемнің бетіне 1—2 мм артық емес кірген уақыттан есептеледі.
6. Цементтің көлемінің бір қалыпты өзгеруін анықтау. Цементтің көлемінің
бір келкілік өзгеруін тексеру үшін, қалыпты қоюлықтағы илем дайындалады.
Шарик тәрізді әр қайсысының салмағы 75 г болатын екі дана илем
дайындалынып, алдын ала машина майымен сүртілген шыны пластинкаға салады.
Пластинкаға салынған шарикті диаметрі 7 - 8 см және орта жағының қалыңдығы
1 см болғанша пластинканы қатты затқа соғып жайып таба (лепешка) жасайды.
Жайылған лепешкіні сумен ылғандырылған пышақпен сыртқы шетінен бастап
ортасына дейін шетін үшкір қылып бетін тегістеп сылайды.
Дайындалынған табаны 24 сағат жасалған уақытынан жабық гидравликалық
ваннада сақтап, одан әрі қайнату тексеруін жүргізеді. Цемент табасының
сақталу уақыты біткеннен кейін ваннадан шығарып, пластинкадан алып, суы бар
бөшкенің торына қояды (4 сур.). Суы бар бөшкеде 3 сағат су қайнағанша
ұстайды, одан әрі табаны бөшкіде салқындатады, сосын судан шығарғаннан
кейін сыртқы көрінісіне бақылау жасайды.
4 сур. Гидравликалық жабқышты ванна
1-ванна; 2-тығын; 3-гидравликалық жабын; 4-үлгілерге арналған тор
Көлемінің бір қалыпты өзгеруін ұстаған және ұстамаған үлгілер (5
сур.).
5 сур. Көлемінің бір қалыпты өзеруіне арналған үлгілер
а- бір қалыптылығын сақтаған үлгілер; б - бір қалыптылығын сақтамаған
үлгілер
Цементтің көлемінің бір қалыпты өзгеруі стандарттық талаптарға сай
болады, егерде табаның бет жағында шетіне дейін кететін жарылыс, кішкене
жарылыс, торлы жарылыс көзбен көрінетін немесе лупамен байқалмаса, сонымен
қатар қисықтар мен табаның көлемінің ұлғайуы. Табада болатын қисықтарды
табаның бетіне сызғышты қою арқылы анықтайды, мұндай жағдайда көрінген
қисықтар табаның шетінде немесе ортасында 2 мм аспау керек. Тексерудің
бірінші күнінен кейін табаны қатты затқа соғу кезінде бір бірімен
соғысқанда болатын шетіне дейін жетпеген кепке жарылыстар байқалуы мүмкін
олар ескерілмейді.
7. Цемент сылағының қоймалжылдығын анықтау. Цемент сылағының
қоймалжылдығын анықтау үшін, 1500 г стандарт құмын, 500 г цемент және 200 г
су (СЦ = 0,40) өлшеп алады. Барлық материалдарды алдын ала ылғал матемен
сүртілген қалақшалы араластырғыштың табағына мынандай реттімен: құм, су,
цемент салады Табақты араластырғышқа қойып 120 с араластырады.
Үлгі-конусті сілкіндіру столының дискісінің үстінің ортасына
орналастырады. Конустың ішкі бет жағын және столдың бетін тәжірибе жүргізер
алдында ылғал матамен сүртіп алады (6 сур.).
Қалақша араластырғышта араластырып болғасын үлгі-конустың жарты
биіктігіне дейін сылақ салып металлдан жасалған нығыздауышпен 15
нығыздайды. Одан әрі конусты артық мөлшерде толтырып 10 рет нығыздайды.
Нығыздап болғасын пышақпен конустың бетіндегі қиғаш толтырылған артық
сылақты алып тастайды, конустың шетінен бастап столға қысып тұрып бетін
тегістеп алады, одан әрі конусты тік ұстап сынақтан шығарып алады. Пышақ
алдын ала ылғал матамен сүртіледі.
Столдағы сынақты 30 с 30 рет сілкіндіреді, одан кейін штангенциркулмен
жайылған сынақтың төменгі бөлігінің диаметрін екі қарсы бағытта өлшеп
орташа мәнін алады. Қалыпты қоюлықтағы (СЦ = 0,40) конустың жайылымы 106-
115 мм шамасында болу қажет. Егерде конустың жайылымы 115 мм жоғары болса,
судың мөлшері азаяды яғни, конустың жайылымы 113-115 мм болу үшін. Конустың
жайлымы 106-115 мм болғандағы судың цементке қатынасы, одан әрі тәжірибе
жүргізу үшін қабылданады.
6 сур. Сілкіндіру столы және конус қалпы
1-стол; 2-сілкіндіргіш; 3-қозғалатын бөлімі; 4-диск; 5-үлгі-конус.
8. Цементтің беріктілігін анықтау. Үлгілерді дайындар алдында
үлгілердің ішкі қабырғалары мен ішкі табанғы жағын машина майымен жұқалап
майлап аладі. Сыртқы қабырғаларының бір бірімен түйіскен жерін және сыртқы
табанын жұқа қылып солидолмен немесе басқа қою маймен майлайды. Жиналған
үлгіге үстінен кигізілетін бөлігін кигізеді және сыртқы жағынан үлгі мен
кигізілген бөліктің косылатын жерін қою маймен майлайды.
Цементтің беріктілік сипаттамасын анықтау үшін, СЦ = 0,40 және
конустың жайылымдық сипаттамасының коймалжылдығы 106-115 мм цемент
сылағынан үлгі-бағана дайындайды. Әр қойылатын уақыт бойынша 3 дана үлгіден
дайындайды.
Қалыптың бетінен шамамен 1 см артық болатындай сынақты толтырып,
сілкіндіру алаңын іске қосады. Сілкіндіру алаңы жұмыс істеп тұрған кезде
қалыптың барлық шұңқыршаларын бір қалыпты аздаған мөлшерде алдыңғы 2 мин
ішінде сынақпен толтырады. Сілкіндіру алаңын жұмыс істеген уақыттан бастап
3 мин өткесін тоқтатады. Қалыпты сілкіндіру алаңынан шығарып пышақпен
қалыптың бетіндегі қиғаш толтырылған артық сылақты алып тастайды, қалыптың
шетінен бастап басып тұрып бетін тегістеп алады. Үлгілерге белгі қойылады.
Пышақ алдын ала ылғал матамен сүртілуі қажет.
Үлгілер дайындалынғаннан кейін, ауаның ылғалдылығы 90% кем болмайтын
шкафта немесе гидравликалық жабқышты ваннада (24±1) сағат сақталады.
Сақталу уақыты біткеннен кейін үлгілерді қалыптан абайлап шығарып, жатқызып
бір біріне тимейтіндей қылып, ішінде ішетін суы бар ваннаға салады.
Ваннадағы үлгілер толығымен суда тұруы қажет, бетінен 2 см кем емес судың
астында. Ваннадағы суды 14 күн сайын ауыстырып отырады. Судың температурасы
ауысқанда да және үлгі сақталғанда да (20±2)°С болу қажет.
Үлгілердің (24±1) сағаттағы беріктіліктері қалыптан бүлдірмей шығаруға
жеткіліксіз болса, (48±2) сағат ұстауға рұқсат беріледі, оны жұмыс
журналына көрсетіп қою қажет. Үлгілердің сақталу уақыты біткен соң, судан
шығарып және 30 мин кеш қалмай тексеру керек. Үлгілерді тексеру алдында
сүртіп алу кажет болады. Үлгілер қондырғының нұсқауына сай тексеріледі.
Иіліп сынғандағы беріктілігі үшін, үш үлгінің үлкен екі мәнінің тексеру
нәтижелерінің орташа арифметикалық мәні алынады. Сығылып сынғандағы
беріктілігі үшін, алты үлгінің үлкен төрт мәнінің тексеру нәтижелерінің
орташа арифметикалық мәні алынады.
2 Бетонға керек майда толықтырғышты тексеру
№ 2 Зертханалық жұмыс.
1. Сынаққа кұм алу. Құмның бетонға жарайтындығын бақылау арқылы
сапасын тексеру жолымен анықтайды. Құмның сапасына бақылау жүргізу үшін әр
партиядан алынады. Құмның сапасын тексеру үшін, әр жерден, яғни әр нүктеден
жеке алып, оларды біріктіріп араластырып орташасын алады. Ашық қоймадан
сынаққа үлгі алу үшін әр нүктеден әр түрлі жоғарылықтан төменге қарай
алады. Әр нүктеден сынаққа үлгі алғанда 0,2-0,4 м шұңқыр қазылады.
Шұнқырдан құмды қалақпен төменнен жоғары қарай қабырғасын бойлай жүргізіп
алады. Әр нүктеден алынған құмды мұқият араластырып тексеру алдында
квартования тәсілі бойынша азайтып алады.
Тексеруге алынған құмды зертханада 0,1% дейінгі дәлдікпен өлшеп алып,
кептіру шкафында (110±5)°С температурада тұрақты салмағы болғанша кептіреді
(салмағын өлшегенде соңғы екеуінің айырмашылығы 0,1 % көп болмау керек).
Өлшеулердің ара қашықтық уақыты 3 сағаттан кем болмау керек.
2. Құмның түйіршік кұрамы мен ірілік модулін анықтау. Құмның түйіршік
құрамын анықтау үшін, електен өткізу тәсілі қолданылады. Ол үшін 2 кг құмды
кептіріп, диаметрлері 5 және 10 мм електен өткізіп, алынған қалдықтарды 0,1
% дейінгі дәлдікпен өлшеп алады. Одан әрі құмдағы іріліктері 5...10 мм және
одан жоғары болатын түйршіктердің құрамын анықтайды
i = mi100m
(3)
мұндағы i – жеке електегі құмның қалдығы, %;
mi – електегі құмның салмағы, г;
m – електен өткізуге алынған салмақ, г.
Құмның түйіршік құрамын анықтау үшін, диаметрі 5 мм електен өткен
құмның бөлегінен 1000 г жоғары құм алып, електің жоғары мөлшерінен төменгі
мөлшеріне қарай орналасқан (2,5; 1,25; 0,63; 0,315 и 0,14 мм) жинақталған
електен өткізеді (1 сурет.).
8 сур. Құм өткізетін елек
Құмды електен өткізу механикалық тәсілмен жүргізіледі. Механикалық
жолмен електеудің ұзақтылығы қолданылған аспабқа байланысты, тәжірибе
жүзінде анықталынады. Әр електегі құмның қалдығы өлшеніп, жеке қалдық 0,1%
дейінгі нақтылы дәлдікпен есептелінеді
i = mi100m
(4)

Жеке қалдықтар бойынша толық қалдықты анықтайды. Толық қалдық пайызбен
алғандағы барлық жеке қалдықтардың қосындысы бойынша мына формуламен
есептелінеді
Ai = а2,5 + а1,25 + ... + аi
(4)
мұндағы а2,5, а1,25, ai...– сол електегі жеке қалдықтар, %;
Елекnеу нәтижесі, яғни толық калдықтар бойынша құмның бетонға
жарайтыны жөнінде график тұрғызылады (9 сур.). Өстің горизонталына електегі
орналасқан торлардың диаметрі бойынша 0,4; 0,315; 0,63; 1,25; 5,0 мм, ал
вертикалы бойынша сол електегі толық қалдықтың мәні қойылады.
Алынған нүктелерді бөлек-бөлек қосқанда, қисыққа ұқсас сынған түзу
пайда болады. Егерде қисық сызық құмның түйіршік құрамын сипаттаса, онда
кисық графиктің ұсынылған бөлігінде орналасады, мұндай жағдайда оны бетон
дайындауға пайдаланады. Егерде қисық сызық ұсынылғаннан жоғары орналасса,
құм майда деп есептеледі, ал егер төмен болса, ірі деп есептеледі.
9 сур. Бетонға жарайтын құмның графигі
1 - құмның төменгі ірілік шегарасы ( ІМ - 1,5 ); 2 - құмның ұсынылған
төменгі ірілік шегарасы (ІМ - 2,0); 3 - құмның ұсынылған төменгі ірілік
шегарасы (ІМ - 2,5); 4 - құмның жоғарғы ірілігік шегарасы (ІМ — 3,25).
Бетонға және сылаққа арналған кұмдағы 0,14 мм тесігі бар електен өткен
майда бөлшектердің мөлшері 10%, ал мөлшері 5 миллиметрден 10 миллиметрге
дейінгілер 5% аспау керек салмағынан алғанда. Құмда мөлшері 10 мм жоғары
түйіршіктер жіберілмейді.
Құмның түйіршік құрамының сапасы ірілік модулімен сипатталынады, ол
0,1 дейінгі дәлдікпен формула бойынша есептелінеді.
Мі = (А2,5 + А1,25 + А0,63 + А0,315 + А0,14) 100
(5)
мұндағы А2,5, А1,25, А0,63, А0,315, А0,14 – әр електегі толық қалдық,
%.
Құрылысқа арналған құм түіршіктік құрамына байланысты мынандай
топтарға бөлінеді: ірі, орташа, майда және өте майда болып. Әр топтағы
құмның ірілік модулінің мәні және №063 елегіндегі толық қалдық, мына
1–кестеде көрсетілген мәндерге сай болу керек.
1- кесте – Құмнын түйіршіктік құрамы бойынша топтары
Құмның топтары Ірілік модулі № 063 елегіндегі толық қалдық, %
Ірі 2,5 45 -65
Орташа 2,0-2,5 30-45
Майда 1,5-2,0 10-30
Өте майда 1,0-1,5 До 10
Құмның шынайы тығыздылығын анықтау. Сынаққа алынған аналитикалық құмнан 30
г өлшеп алып, диаметрінің тесіктері 5 мм електен өткізіп, тұрақты салмаққа
дейін кептіреді және де бөлме температурасына дейін эксикаторда
концентрациялы күкірт қышқылының немесе сусыз хлорлы кальцийдің үстінде
салқындатады. Кептірілген кұмды араластырып екі бөлікке бөледі.
Құмның әр бөлігін кептірілген алдын ала салмағы өлшенген пикнометрге
салады, одан кейін құммен қосып бірге өлшейді. Сосын пикнометрге
дистиллирінген су құяды, құйылған судың мөлшері пикнометрдің көлемінің
бөлігін алып тұру керек, одан әрі оны араластырып кішкене қисайтылған
жағдайда құмды ваннаға немесе қайнатылған судың үстіне қояды. Пикнометрдегі
кұмды ауаның көбіктерін шығару үшін 15-20 мин қайнатады, сонымен қатар
ауаның көбіктерін шығару үшін пикнометрді эксикатордың ішінде вакуумде
ұстауға болады.
Ауасы шыққаннан кейін пикнометрді алып, бөлменің температурасына дейін
салқындатып, белгіге дейін дистиллирінген су құйып өлшейді. Одан кейін
пикнометрдің ішіндегісін шығарып тастап, жуып, белгіге дейін дистиллирінген
су құйып қайтадан өлшейді.
Құмның шынайы тығыздылығы () в гсм3 мына формуламен есептелінеді.
(6)
мұндағы m – құмы бар пикнометрдің салмағы, г;
m1 – бос пикнометрдің салмағы, г;
m2 – суы бар пикнометрдің салмағы, г;
m3 – ауа көбіктері шыққаннан кейінгі құмы бар және
суы бар пикнометрдің салмағы, г;
в – судың тығыздылығы, 1 гсм3 тең.
Шынайы тығыздылықты анықтағанда екі нәтижелердің айырмашылығы 0,02
гсм3 аспау керек. Егерде айырмашылықтарында үлкен айырмашылық болса, онда
үшінші рет тексеріп, екі жақын мәнінің орташа арифметикалық мәнін есептеп
алады.
Құмның шынайы тығыздылығын жедел тәсілмен анықтау. Құмның түйіршігінің
тығыздылығын жедел тәсілмен анықтау, Ле-Шателье аспабының көмегі арқылы
жүргізіледі. Ол үшін сынаққа алынған кұмнан 200 г өлшеп алып, тесігінің
мөлшері 5 мм електен өткізеді, өлшеу үшін стаканға немесе фарфор
табақшасына сеуіп салып, тұрақты салмағына дейін кептіріп, бөлменің
ішіндегі температурада эксикаторда ұстап концентрациялы күкірт қышқылында
немесе сусыз хлорлы кальцийдің үстінде салқындатады. Одан кейін әр қайсысы
75 г болатын екі салмақ құм өлшеп алады.
Ле-Шателье аепабының төменгі нөл деңгейіне дейін су құяды, судың
деңгейін төменгі белгісі бойынша анықтайды. Құмның әр бөлігін аспабқа бір
келкі мөлшерде, аспабтағы сұйықтың деңгейі анықталған төменгі белгісіне
жеткенше, 20 мл көтерілмегенше сеуіп салады (немесе басқа аспабтың жоғарғы
бөлігіңде көрсетілген шамада). Ауа көпіршіктерін шығару үшін, аспабты
бірнеше рет тік күйінде айналдырады. Аспабқа симай қалған қалдық құмды
өлшеп алады. Тексеру кезіндегі барлық өлшеулер 0,01 г дейінгі дәлдікпен
өлшеніледі.
Түйіршік құмның тығыздылығы (гсм3) мына формуламен есептелінеді
= (m – mi) V, (7)
мұндағы m – құмнын салмағы, г;
mi – қалған құмның салмағы, г;
V – құм ығыстырған судың көлемі, мл.

гсм3 аспау керек. Егерде айырмашылықтарыңда үлкен айырмашылық болса, онда

5. Құмның сеуіп салғандағы тығыздылығын анықтау. Құмның сеуіп
салғандағы тығыздылығын өлшегіш ыдыста өлшеу арқылы анықтайды. Сеуіп
салғандағы тығыздылыққа бақылау жасау, стандартты нызғыздалмаған жағдайда
көлемі 1 л болатын металлдан жасалған өлшегіш цилиндрін пайдалану арқылы
жүргізіледі, ол үшін 5 кг шамасындай құмды алып, диаметрі 5 мм тесігі бар
електен өткізіп және тұрақты салмағына дейін кептіреді.
Келген партияның кұмының сеуіп салғандағы тығыздылығын анықтағанда,
яғни жіберген құмның салмағын көлемге ауыстыруда бақылау жүргізу кезінде,
тәжірибені сыйымдылығы 10 л болатын цилиндр өлшегіш ыдысын пайдалынады.
Құмды сол келген ылғалдылықта сол күйінде диаметрі 5 мм тесігі бар електен
өткізбей тәжірибе жүргізеді.
Құмның стандартты нығыздалмаған күйіндегі сеуіп салғандағы
тығыздылығын анықтау ұшін биіктігі 10 см болатын алдын ала өлшенген өлшегіш
цилиндріне қалақпен беткі шетінен бастап бетіңде конус пайда болғанша құмды
сеуіп салады. Бетінде пайда болған конусты нығыздамай металл сызғышпен
ыдыстың шетінен бастап артығын алып тастап, тегістелген құмы бар ыдыстың
салмағын өлшейді.
Келген партияның құмының сеуіп салғандағы тығыздылығын анықтағанда,
яғни жіберген құмның салмағын көлемге ауыстырғанда, биікгігі 100 см болатын
алдын ала өлшенген өлшегіш цилиндріне қалақпен беткі шегінен бастап бетінде
конус пайда болғанша құмды сеуіп салады. Бетінде пайда болған конусты
нығыздамай металл сызғышпен ыдыстың шетінен бастап артығын алып тастап,
тегістелген құмы бар ыдыстың салмағын өлшейді.
Құмның сеуіп салғандағы тығыздылығын () кгм3 мына формуламен
есептейді:
= (m – m1) V,
(8)
мұндағы m – ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz