Тас қалауларының түрлері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
Тас қабырғалы ғимараттардың конструктивтік сұлбалары.
Конструктивтік талаптар
Кешенді конструкциялар
Бастапқы берілгендер
Қабатжапқыш плитасын 1м2 ауданына әсер ететін жүксалмақтарды есептеу (Нм2)
Ішкі күштерді анықтау

Терезе аралығын беріктігін анықтау(мүжілуге есептеу)

Қолданылған әдебиеттер


Кіріспе
Құрылыс дегеніміз - жаңадан құрылатын, немесе жұмыс істеп тұрған негізгі фондарды үлкейтумен және қайта жақсартумен қамтамасыз ететін, халық шаруашылығының жетекші саласы болып табылады.
Бүкіл халықтың материалдық, мәдени деңгейлерінің көтерілуіне, еңбек өнімділігінің артылуына өндірістің барлық салаларының дәмхана, күрделі құрылыс саласының қосар үлесі зор.
Қазіргі заманғы құрылыс дегеніміз - бір-бірімен үйлесіп жатқан әртүрлі күрделі жұмыс комплексі. Уақытша үнемдеу шарттарын орындау үшін жұмысшы ғылыми түрде ұйымдастыру деңгейін көтеру қазіргі күн талабында тұрған мәселе.
Жұмысты бұлай ұйымдастырудың негізгі, ережелері мен нормалардың бірыңғай жүйесі, жұмысты ұйымдастыруда жобалау, құрылысты жоспарлау және басқару болып табылады. Жұмыс көлемдерінің ұлғаюы, объектілердің күрделенуі, жұмысты тасқынды әдістемелік орындауды үнемі жетілдіруді талап етеді.
Ғылыми техникалық прогресстің үдеуі, халық шаруашылығының барлық салаларының дамуы, халықтың күнделікті тіршілігінің жақсара түсуі, күрделі құрылыстың техникалық деңгейінің жоғарылауына тікелей байланысты. Осыған сәйкес соғылатын немесе қайта жаңғыртылатын үйлердің жобаларын дайындағанда ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтарын негізге алу керек. Ал құрылыс монтаж жұмыстарын қысқа мерзімде жүргізіліп, іске қосылған өндірістік, тұрғын және қоғамдық үйлер мен ғимараттардың қазіргі күн талабына сәйкес болуына мүмкіндік беру керек.
Қоғам дамуының объективті заңдылықтары, құрылыстағы техникалық прогрестің үдей дамуына талап етеді. Бірінші кезекте құрылыстың сапалық деңгейін көтеру, еңбек сыйымдылығын төмендету және пайдалану сапасын көтеру қажет.
Құрылыстың ұйымдастыру-техникалық деңгейін, алдыңғы қатарлы озық технологиялар мен жұмыс өндірісінің тиімді әдістерін пайдалану нәтижесінде көтеру қажет. Құрылысты индустрилиазациялаудың негізгі бағыттары: дайындалатын конструкциялармен, бұйымдардың дәлдік классын жоспарлану, оларды зауыттың дайындық деңгейінде көтеру, материалдық сиымдылығын кішірейту және құрылыс процесстерін комплексті механизациялау және автоматизациялау.
Құрылыс монтаж жұмыстарын жетілдірудегі негізгі техникалық саясат, объектілердің үлкен дәрежеде құрастырмалы болуға, құрылыс процесстерін қарапайым технологиялармен қамтитын, тиімді сапалық деңгейі жоғарғы құрылыс материалдарын пайдаланатын жобаларды дайындап іске асыру болып табылады. Соғылатын комплекстердің немесе жеке объектілердің көлемдерінің қуаттарының ұлғаюы, құрылыстың сапасының жоғары болуына, соғылу мерзімнің кішірейуіне, қойылатын талаптардың өсуіне, құрылыс ұйымдарының жоғары өнімді машина механизмдермен жабдықталуын, құрылысқа жеке мамандандырылған құрылыс мекемелерінің көптеп тартылуын, құрылыс өндірісін жанарлау, ұйымдастыру деңгейін көтеруді талап етеді. Соңғы жылдары, нарықтық қатынастарға көшуге байланысты, халық шаруашылығының басқа салалары сияқты, күрделі құрылыс саласындада өндіріс шамасы төмен құлдырады, жұмыс күшінің саны қысқарды, кейбір құрылыс ұйымдары жұмыс көлемінің болмауына байланысты жабылуы, жоғары квалификациялы жұмыс күйі басқа өндіріс салаларына ауысып кетті.
Осы қиыншылықтарға қарамастан, құрылыс жұмыстары тоқтаусыз жүруде. Еліміз егемендік алып, Ақмола бас қала - Астана болғалы елімізде құрылыс жұмыстары дамып келеді. Елбасымыздың 2008 жылғы жолдауында дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосылу үшін Қазақстанда алдыңғы қатарлы технологиямен жабдықталған өндіріс орындары, темір және автомобиль жолдарының жүйелері, жоғары комфортты көпқабатты үйлер мен қонақ үйлер, қоғамдық ғимараттар және жасөспірімдеріміз сапалы тәрбие мен білім алатын балабақшалар мен мектептер салыну қажеттілігі айтылған.
Қазіргі кезде күрделі құрылыстың дамуы ұзақ жылдар бойы сыннан өткен, ғылыми тұрғыдан зерттеліп дәлелденген технология бойынша жүзеге асырылуда. Елімізде көптеген мемлекеттік ірі кәсіпорындар салынуына құрылысшылардың үлесі зор. Күрделі құрылысқа біздің республикамызда өте мол қаржы жұмсалады.Бұл қаржыларды ұтымды пайдалану, негізгі қорлардың сапалық құрылымын одан әрі жақсарту және өндірістік қуаттарды барынша жедел іске қосып игеру. Құрылыс мерзімін елеулі түрде қысқартып, құнын кеміту- құрылысшылар алдына қойып отырған маңызды міндет
Қазіргі кезде күрделі құрылыстың дамуы ұзақ жылдар бойы сыннан өткен, ғылыми тұрғыдан зерттеліп дәлелденген технология бойынша жүзеге асырылуда.
Елімізде көптеген мемлекеттік ірі кәсіпорындар салынуына құрылысшылардың үлесі зор. Күрделі құрылысқа біздің республикамызда өте мол қаржы жұмсалады.Бұл қаржыларды ұтымды пайдалану, негізгі қорлардың сапалық құрылымын одан әрі жақсарту және өндірістік қуаттарды барынша жедел іске қосып игеру. Құрылыс мерзімін елеулі түрде қысқартып, құнын кеміту- құрылысшылар алдына қойып отырған маңызды міндет.
Бұл міндетті ойдағыдай шешу үшін еңбек шығынын азайту, индустрияландыру дәрежесін арттыру, құрылысты жоспарлау мен ұйымдастыруды жақсарту, құрылыс өндірісі технологиясын жетілдіру қажет.
Аталған талаптарды іске асыруда жоғарғы оқу орындарының үлесі мол. Бүгінгі күнде жоғарғы оқу орындарының алдына қойылған жауапты міндеті білікті мамандар даярлау. Қазіргі кезде барлық оқу орындары жаңа,сапалы оқу жоспарлары мен бағдарлама арқылы мамандар дайындау жолына көшуде.



Курстық жұмыс тақырыбы: Тұрғын кірпіш қабырғалы ғимаратының көтергіш терезе аралығыны тасқалақ беріктігін анықтау
Тас қабырғалы ғимараттардың конструктивтік сұлбалары.
Конструктивтік талаптар

Ғимараттар мен имараттардың көтергіш қабілетін көбейту үшін, олардың бұртұтас жұмысын қамтамасыз ету үшін, тас конструкцияларының және ғимараттардың (имараттардың) зілзалаға төзімділігін арттыру үшін оларды арматуралаудың әр түрлері қолданылады:
● тас қалауының жіктеріне орналасқан торлы (жазық торлармен) арматуралау;
● тас қалауының ішіне немесе тас қалауының сыртында арнайы қалдырылған ойықшаларға орналастырылған бойлық арматуралау;
● тас қалауына темірбетонды кіргізу арқылы арматуралау (күшейту) , яғни комплексті конструкциялау жасау;
● тас қалауының құрамына темірбетоннан, арматураланған сылақтардан немесе металлдан құрасаулар енгізу арқылы көтеру күшін арттыру.
Тас конструкцияларын арматуралауда немесе олардың беріктігін арттырғанда, тас қалауы мен арматуралар немесе басқа күшейту элементтерінің бірге жұмыс жасалуы қамтамасыз етілуі керек.
Теміртас конструкцияларына кірпіштің барлық түрлері, саңылаулы керамикалық тастар, табиғи және жасанды қабырғалық тастар қолданылады; бұл жерде кірпіш маркасы 75 - ен, ол тас маркасы 35 - ен аз болмауы керек.
Тұтас қалаудың монолиттігін және беріктігін қамтамасыз ету үшін вертикалды және көлденең тігістердің байлауын жасайды. Көп таралған түрлері бір қатарлы және көп қатарлы жүйелер (сурет 2).

Сурет 2. Қабырға қалауларын байлау түрлері.

Тас конструкцияларын арматуралау үшін беті тегіс А - I класы және бұдырлы А - II класы ариатуралар, олармен бірге салқын созылған беті тегіс В - І класы арматура сымы қолданылады.
Торлы арматуралау тас қалауының жіктеріне квадрат немесе төртбұрыш формалы немесе "Зигзаг" торларын орналастыру арқылы жасалады.
Вертикалды және көлденең тігістердің орташа қалындығы 10мм. Жеңілдетілген қалауларда қалау материалының бір бөлігін жылу изоляциялық материалмен алмастырады. Жеңілдетілген қалаулардың түрлері (сурет 3).

Сурет 3. Тас қалауларының түрлері.
а- жылу изоляциялық тақталардың қабырға бетіне жақын арада орналасуымен; б- жылу изоляциялық тақталардың қабырға ішінде орналасуымен; в,г- вертикалды көлденең қабырғашықтары бар; д- кірпіш-бетонды қалау; е- жылу изоляциялық қалың тігісті қалау.

Қатаң конструктивті сұлбалы ғимараттардың қабырғалар және бағаналары көлденең және тік жел жүктеулеріне есептеулер жүргізіледі. Бұл жағдайда қабатжабыққа тірелген көп аралықты тік біртұтас арқалықтарға үйлесімі ескеріледі.

Кешенді конструкциялар

Күрделі құрылымдар-бұл кірпішпен бірге жұмыс істейтін темірбетонды қамтитын тас құрылымдар. Күрделі құрылымдар қысу, иілу және созылу кезінде жүк көтергіштігінің жоғарылауына ие (сурет. 4.5).





Сур. 4. Кешенді тас қалау: а-темір бетонды қалау ішінде орналастырумен; б - сол сияқты, қалау штрабтарында; 1-кірпіш қалау; 2-бетон; 3-бойлық арматура; 4-қамыттар

Бұл жағдайда темірбетонды кірпіштің сыртқы жағына қою ұсынылады, бұл сізге төселген бетонның сапасын бақылауға мүмкіндік береді және орталықтан тыс сығымдау мен иілу кезінде ұтымды болады.
Күрделі құрылымдар бойлық арматурасы бар кірпішпен бірдей жағдайларда, сондай-ақ ауыр жүктелген элементтердің жүк көтергіштігін едәуір арттыру қажет болған жағдайларда қолданылады. Бұл жағдайда күрделі құрылымдарды қолдану элементтердің қималарының көлемін едәуір азайтуға мүмкіндік береді.
Кешенді конструкцияларды құрастыру кезінде барлық бойлық арматураның қима ауданы бетонның көлденең қимасының ауданынан 1,5% артық болмауы тиіс. Күрделі конструкциялардың бетонындағы арматуралық рамалар әдетте тоқылған болып келеді.

Тас төсеуге енетін темірбетон қаңқасы бетондалады,өйткені кірпіш биіктігі 1,2 м дейінгі қабаттармен тұрғызылады, Бетон В12, 5-тен төмен емес класста қолданылады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тасты және теміртасты конструкциялар
ҚАБЫРҒАЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ, ОЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Тұрғын кірпіш қабырғалы ғимаратының көтергіш терезе аралығыны тасқалақ беріктігін анықтау. Тас қабырғалы ғимаратардың конструктивтік сұлбалары. Конструктивтік талаптар
Кешенді конструкциялар
Туристік өнімнің объектілері және ұйымдастырылған турлардың түрлері
Баянауыл ұлттық паркінің туристік маршруттары
Инновациялық процестер, олардың негізгі кезеңдері
Ұлыбритания мемлекетінің туризм саласының дамуы
Коммуникация бағыттары
Үйлесімді шешімдер теориясының бір мәселесі - шешімді белгісіз шарттарда қабылдау
Пәндер