Сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
1 Сәулеттік-құрылыс бөлімі

1.1 Жобаның бас жоспары

Құрылыс бас жоcпар ҚНжЕ бойынша талаптарына сәйкес орындалды. Бұл жерде салынатын жердің рельефі көрсетіліп, бұрын салынған және алдағы уақытта салынатын үймереттермен қатар ғимараттардың орны, өлшемдері, бағытталуы, жел раушанына қарай жоспарланғаны келтірілді.
Тапсырыс бойынша құрылыс салынатын аймақ - Нұр-Сұлтан қаласы болып табылады.
Нұр-Сұлтан қаласы аласа, ел аумағының басым көпшiлiгiн құрайтын, суы тапшы шөл жердегi Есiл өзенi бассейні бойында Қазақстанның орталық бөлiгiнде орналасқан. Теңiз деңгейiмен салыстырғанда Нұр-Сұлтанның белгісі - 347м. Нұр-Сұлтан қаласы ландшаф жағынан жер бедері жазық болып келген.
Климаттық көрсеткіштері бойынша Нұр-Сұлтан әлемдегі екінші суық қала болып есептеледі, қалыптасқандай қыстың басындағы ауа температурасы -35 тен -40 С0 аралығында болады. Жаз айлары шамалы ыстықтау болып келеді.
Жел бағыттары: оңтүстік - батыс.
Құрылыс жүргізілу алаңы - саздақ.
Топырақтың қату тереңдігі - h=1.8м.
Жерасты суларының деңгейі - 4-5м тереңдікте орналасқан.
Жер бедері - тегіс.
Әкімшілік ғимаратының алдына асфальт жол төселеді. Жол жағасына жарық бағандары мен ағаштар орналастырылады. Ғимарат әкімшілік кеңселік - іскерлік орталығы болғандықтан, қосымша автотұрақ жоспарланады. Құрылыс алаңының ашық жерлерiнде жаяу жүргіншілер жолдары, басқа да алаңдар, гүлзарлар мен ағаш көшеттері отырғызылады. Бұл өз кезегінде көше шуы мен шаң-тозаңды азайтуға ықпал етеді. Көлiк жүретін жолдар, автотұрақтар мен жаяу жүргіншілер жолдары асфальтты бетоннан жасалынады.

Сурет - 1.1 Бас жоспар

1.2 Көлемді-жобалау шешімдері

Адамға, оның өмір сүруіне қолайлы ортаны қолдан жасап, оның ыңғайлы болуы мен құрылымдық шешімдерін анықтап, табу - сәулет өнерінің негізі болып табылады. Сәулет өнері дегеніміз ғимарат ішіндегі кішкене ғана бөлшектен бастау алады, ғимараттың сыртқы көрінісінің өзі орналасқан қала аумағында өз орнын дәл табуына, сонымен қатар қоршаған ортамен үйлесімді гармонияда болуына себепкер болыр табылады. Қазіргі кезеңде адам өмірінің бар кезеңі архитектуралық оңтайлы шешіммен тығыз байланыста өтеді. Сондықтан да, әрбір ғимарат композициялық тұрғыдан көркем құрастырылуымен қатар, технологиялық қолданысы жағынан да тиімді әрі жарамды болуы керек. Бөлмелер оңтайлы жоспарлауы керек, әрі ғимарат техникалық жағынан да дұрыс құрастырылған болуы тиіс: баспалдақтар мен лифтілерді дұрыс және қауіпсіздікті ескере отырып орналастыру, қондырғыларды және инженерлік құрылымдарды (санитарлық құралдар, желдету, жылумен қамту) дұрыс үйлестіру. Осы талаптардың барлығын жиыстырып, ғимарат функционалдық белгілі бір тәртіппен құрастырылып, әсемдік заңымен сәйкес салынады. Құрылыс пен архитектуралық жобадағы шығынды мүмкіндігінше азайту ғимараттың көлемдік-жоспарлау бөлігін тиімді жолдармен жасап, құрылысқа қажетті материалдарды дұрыс таңдап, құрылысқа қолданылатын тәсілдерді жаңарту арқылы іске асады. Ең бастысы экономикалық қор - құрылыс салынатын жерді ұтымды, әрі дұрыс пайдалану болып табылады.
Көлемді-жобалау шешімдері арнайы қабылданған көлемді-жобалау шешімдері мен санитарлық нормалық құжаттар талаптарына сәйкес орындалды. Әкімшілік кеңселік - іскерлік ғимараты 5-қабаттан тұрады. Әкімшілік ғимаратының санитарлық тораптарға жататын бөлмелері бір-бірінен бөлек орналасқан. Ғимарат бөлмелерінің биіктігі 3,3м болып табылады. Ғимарат іші табиғи және қолдан жарықтандыруға есептелінген. Жоғарғы қабаттарға адам тасуға арналған лифттермен жабдықтау қарастырылған. Ғимарат іші табиғи жолмен желдетілуге негізделген, сонымен бірге әр бөлмеде желдеткіштер орнатылған. Әкімшілік ғимараты ішінде тұрғындар санына байланысты: күту бөлмесі, қонақжай, шағын асхана қарастырылған.

Сурет - 1.2 - Қасбет 121-11

Сурет - 1.3 - Қасбет Л1-А1

1.3 Сәулеттік-конструктивті шешімдер

1.3.1 Іргетастар

Iргетас жобаланған үймереттiң берiктiгiн және сенiмдiлігiн айқындайды. Іргетастың дұрыстығына, ұтымдылығына және еңбексыйымдылығына оның үнемділігі және ғимараттың тұрғызылу жылдамдығы әсер етедi. Iргетастың түрі жүктеменiң қандай болатындығы мен шамасына тәуелдi болып келеді, яғни сипаттамасы, көтергiштік қабiлетi және негiз топырағының деформациясы.
Жертөлені желдетуге еденасты қабырғаларында продухтар қалдырылады.
Қыс мезгілінде техникалық жертөленің температурасы +5 градустан төмен болмауы қажет. Ауа ылғалдылығы - 65%.
Темірбетон үлгісіндегі құйылмалы іргетастың тереңдігі - 3,60м.

1.3.2 Қабырғалар

Әкімшілік ғимаратының сыртқы қабырғаларының ені 300мм пеноблоктан қаланады. Ортасына екі қабаттан тұратын 60мм-лік жылу оқшаулағыш ROCKМWOLL салынады, қасбеті әрлеуге арналған материалмен әрленіп жасалады. Сыртқы қабырғаның қалыңдығы 640мм болады. Ішкі қабырғалар мен бөлмеаралық қабырғалар құйылмалы темірбетоннан қаланады, қалыңдығы 150, 200 мм болады.

1.3.3 Жабындар

Әкімшілік ғимаратының жаппасы мен жабындары арнайы ғимарат өлшемдеріне сәйкес тұтас құйылмалы темірбетоннан дайындалады. Ең алдымен ғимараттың өлшеміне байланысты қалыптар орналастырылады, одан кейін арматураның қаңқасы салынады, соңынан бетон қоспасы төселеді. Құйылған бетон қоспасы беріктік шегіне жеткен кезде қалыптар алынады, жұмыс келесі қабаттың жабынына ауыстырылады. Жабын тақтасының қалыңдығы 220 мм болады. Оларды құймас бұрын алдын-ала кернелген арматура сымдары төселеді.

1.3.4 Баспалдақтар

Баспалдақ әдетте алаңшалардан және сатытізбегінен тұрады. Сатылардың еңістігі және енінің өлшемдері әр қилы болуы мүмкін. Сатытізбегінің ең кіші ені 0.90 м болса, рұқсат етілетін еңісі 1:2 қатынасындай болады. Ғимараттың қабат аралық биіктігі 3,30 м болып жобаланған, сондықтан сатытізбегін 8 саты деп есептейміз.
Баспалдақтың алаңшалары қабат деңгейінде және олардың аралықтарында орналасады. Әдетте баспалдақ алаңының ені 1,20 м басталады, кейде одан да үлкен болады. Жобалаған ғимарат сатытізбегінің еңісі 1:2 болғандытан, сатылардың өлшемін 300х150 мм деп алдық.

Сурет - 1.4 1-сатытізбек; 2-саты; 3-қырлары; 4-алаңша (қабырғалы плита)

1.3.5 Едендер

Жерге немесе жамылғылар бетіне орналастырылатын құрама конструкцияны еден деп атаймыз. Еденнің жиынтығы қабаттарының конструктивтік орындалуын ғимараттағы қолдану жағдайларына қарай анықтайды.
Пайдаланғанда тікелей әсеріге ұшырайтын еденнің үстіңгі элементі еденнің жабуы делінеді. Жабу түрі еденнің атымен анықталады: плита, паркет, мозаика, тақта және тағы басқалар.
Еден мен еден жабуы орналасқан ғимараттың жүк көтеретін бөлшегінің аралығында әр қайсысының тұрақты функционалдық қызметі бар аралық қабаттар болуы тиіс: төсеніш, дыбыс өткізбеу, жылылықты өткізбеу, қабатша қабаттары.
Жобаланған әкімшілік ғимараты қоғамдық ғимараттар санатына жататын болғандықтан, оған еденнің арнайы үш түрі қолданылады. Олар: ағаш, мозаикалық және керамикалық плиткадан жасалған едендер болып табылады. Едендердің үлгілері төмендегі суреттерде берілген.

Сурет 1.5 - керамикалық плиталардан жасалған еден

Сурет 1.6 - ағаш еден

Сурет 1.7-мозаикалы еден

1.3.6 Тасалар

Бөлме аралық және ішіндегі тасалар құралмалы болады, қалыңдығы 10см гипсобетоннан дайындалады. Аталған тасаларды қолдану құрылыс жұмыстарын жеңілдетеді әрі тездетеді, дымқыл жұмыстардың санын азайтады. Алайда таса материалы нәзік болғандықтан, оларды қолданғанда сақтық шараларын болу керек.

1.3.7 Терезелер

Терезе ғимараттың жайлылығын және оның архитектуралық - көркемдік шешімінің деңгейін көрсетеді. Аталған ғимараттың терезелері МЕСТ-ке сәйкес жарықтандыратын бөлмелердің ауданына қарай таңдалынып алынады. Жоба бойынша терезелердің үстіңгі жағы бөлменің төбесіне барынша жақындатылады, ол өз кезегінде бөлменің еденіне дейін күн сәулесінің түсуіне ықпал етеді. Терезелердің негізі және сыртқы қораптары металлопластиктен жасалынады, ол ағаш қораптардан 2-3 есе жеңіл болып келеді, каррозияға төтеп береді және декоративті жағынан әдемі көрінеді. Терезе өлшемдері 1,5x1,5м болып қабылданады.

Сурет - 1.8 - Терезе

1.3.8 Есіктер

Дипломдық жұмыстағы ғимарат есіктері МЕСТ бойынша жоспарланған. Сыртқы және ішкі есіктер көркемдік тұрғыдан әрленуі және күшейтілуі тиіс. Ішкі бөлме есіктеріне қос жаппалы және бір жаппалы биіктігі 2,1м, ендері 0,9; 1,298; 1,498м қолданылады. Төтенше жағдайларда жылдам эвакуацияны қамтамасыз етуді ескеру қажет, сондықтан есіктердің барлығы сыртқа ашылуы тиіс.

1.3.9 Сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары

Ғимаратты тұрғызудың соңғы кезеңі - әрлеу жұмыстары болып табылады. Әрлеу жұмыстарының міндеті - ғимаратқа аяқталған түр беріп, эстетикалық талаптарға сай көркемдеу.
Әрлеу материалдары ғимаратты түрлі әсерлерден қорғайды: дымқылдану, коррозия, механикалық бүліну т.б. Сонымен қатар, олар, бөлмелердің ауа алмасуына, инсоляциясына, акустикалық қасиеттеріне әсер етеді. Әрлеу материалдары механикалық әсерлерге төзімді, тұрақты, санитарлық-гигиеналық тазалауға болатын, уытты және адам ағзасына қауіпті болмауы және мейлінше ұзақ уақыт өзінің бастапқы түрін сақтайтын болуы тиіс.
Технологиялық белгілері бойынша әрлеу жұмыстары: сылақ, майлау, қаптау сияқты болып бөлінеді.
Әрлеу жұмыстары белгілген технологиялық тәртіппен жүргізіледі. Алдымен әрленетін бөлмелерді ылғалдылығы жағынан белгіленген дымқылдық-температуралы мөлшерлерге сәйкестендіру керек, ол үшін әйнектеу жұмыстары атқарылады.
Әрленетін ғимараттың үстіңгі қабатының ылғалдылығы 6-10% болғанда, бөлме ішінің ылғалдылығы 70%-дан аспағанда, температурасы +80С-ден кем болмаған жағдайда ғана әрлеу жұмыстары жүргізіле бастайды.
Келесі кезеңде сылақ жұмыстары жүргізіліп, одан кейін сырлау, майлау жұмыстары жасалынады, бөлменің төбесі әрленіп ақталады. Ғимараттың едені салынып, үстіңгі қабатты біржолата әрленетін майлы бояулармен сылайды, түс қағаздарын желімдеп, жабыстырады.
Ішкі сылақ, қаптау, әрлеу жұмыстары, оларға зақым келтірмеу үшін, үйдің іргетасының шөгу мезгілі біткен соң және еденнің негізі, есіктер мен терезелер, қалқалар орнатылғаннан кейін ғана жүргізіледі. Сылақ жұмыстары ең алдымен су, жылу құралдары орнатылған бөлмелерден басталуы тиіс.

1.3.10 Санитарлық -- техникалық жабдықтар

Сумен қамтамасыз ету және канализация. Әкімшілік ғимараттарда сумен қамтамасыз ету бойынша iшкi жүйесi төменгi магистраль тарамында жүзеге асады. Магистральдық тораптар техникалық жертөледе немесе еденастында орналасады. Магистральдарға тiкелей қосылатын бағандарды жөндеу кезінде бағандағы суды жабу үшiн қажеттi бұрандаларды орнату керек. Ғимараттағы магистральдi суқұбырлары жерасты бөлмесінде орналасады. Сүлгiнi кептiретін құбырлар ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесiне қосылады.
Жобада санитарлық тораптар бөлек сантехникалық кабинкамен жабдықталады. Iшкi канализация жүйесiнен сыртқы канализациялық тораптағы құдыққа ағызылатын құбырлар орнатылады. Канализация магистральдарының бағандары қосылған аймағы жертөле мен бесiншi қабаттарда орналасады. Суқұбырларының және канализациялық тораптардың бірқалыпты эксплуатация жасалуын қамтамасыз ету мынадай талаптарға негізделеді: магистральды құбырлар және алаңдағы тарамдар мен жабдықтардан қажеттi деңгейдегі судың шығуына мүмкiндiк беру үшiн 0,001- 0,006-га көлбеуленуі шарт.
Канализациялық бағандар ешбір үзiлiссiз тiк орналасуы тиіс. Ауытқулар 2м ұзындықтағы құбырларда тiк бағытта 2 мм-ге дейiн болады.

1.3.11 Жылу беру

Ғимаратты жылумен қамтамасыз ету сыртқы орталық жылу тораптары арқылы жүзеге асады. Жылумен қамтамасыз ету жүйесiне жылутасығыш температурасы 70-95 градустағы су белгіленген. Жылумен қамтамасыз етуде типтi жоба шешiмдерiне сай автоматты реттегiшi бар элеватор торабы қарастырылған. Жылумен қамтамасыз ету жүйесi ретінде тiк суқұбырлы керi магистраль берiлетiн су таратқыш алынады.
Жылыту, жылу беру жабдықтары ретiнде, қабылданған үш қатарлы кран Н-90 типтi шойын радиатор алынады. Жылумен қамтамасыз етудің керi магистральдi жүйесiне беретін төсенiш гимараттың жертөлесінде орналасады.
Суды жiберу үшін канализациялық жолға жақынырақ орналасқан ағызғыш шлангi қолданылады. Бағандардан ауаны шығару жоғарғы бағанның нүктесiндегі краннан өткiзу арқылы iске асады.

1.3.12 Желдету

Жұмыста табиғи жолмен желдету қарастырылған -- жел тартқыш түріндегі, сантехникалық тораптан және асүй арқылы. Ауаны шығару барысында қабаттың биiктiгiмен каналдарды өткiзу. Сол сияқты ғимараттың биiктiгi бойымен канализациялық магистральдi құрамадан унификациялық желдету блоктары пайдаланылады, ол сыртқа шығару жолымен жүзегн асырылады. Атмосфералық шөгiндiлердiң түсуiнен қорғану үшiн суды жинағыш құрылғы арқылы сорғыш шахтамен сыртқа шығару жоспарланған.
Ғимараттың желдету жүйесінде бұзылу процестерін болдырмау мақсатында барлық есiктер және кiру люктерiн, әрі секция аралығындағы қабырғалар желдету жұмыстары кезiнде ашық болуы қажет. Сорғыш торларды жабуға болмайды.

1.3.13 Тоқпен қамтамасыз ету

Жобаланған ғимаратты тоқпен қамтамасыз ету әдетте сылақ жұмыстарына дейін жүргiзiлуi керек. Көбінесе ғимаратқа тоқ кабельдерін асбесттi цемент құбырларға кабельдер орнатып жүргізеді. Ол іргетастан тыс жерде орналасады, сонымен қатар кабельдер болат құбырлармен қоршалып қапталады.
Ғимараттың ішінде электр өткiшгiштері ашық жүйеде пайдаланылады. Электр өткiшгiштері жабын тақталар ішінде орналасады. Олардың торапты жүйесi қолдануға ыңғайлы болып келеді. Өйткені, аталған жүйеде электр өткiшгiштерiн айырбастау жұмыстарында таратқыш қораптарды бiр-бiрiне бүтiндей ауыстыруға толықтай мүмкiндiк болады. Таратушы жүйелер ПВХ жабынымен қапталған электр өткiзгiштері арқылы орнатылады. Оларды электрлік панельге орналастыру жабын тақталарда, яғни арнайы бөлiнген орындар арқылы енгізіледі. Электр өткiшгiштері қиылмайтындай болып жасалынады.
Байланыс жүйелерi: телефон, радио, интернет желісі кабельдері -- осы құрылғылардағы электр өткiзгiштер сияқты жеке электр тораптарында орналасады. Байланыс жүйелері ғимаратты тоқпен қамтамасыз ететін өткiзгiштер орналасқан жері, электр тораптары каналына жекелей тігінен орналасады.

1.4 Ғимараттың техника экономикалық көрсеткіштері

Ғимарат қабаттылығы - 5
Жалпы ауданы, м2 - 12053
Пайдалу ауданы, м2 - 11381
Құрылыс ауданы, м2- 3270
Құрылыс көлемі, м3 - 58985

1.5 Жылу-техникалық есебі

Кесте 1

С
С-Ш
Ш
О-Ш
О
О-Б
Б
С-Б
Қыс
2
10
17
16
17
23
8
7
Жаз
12
25
10
8
7
8
14
16

Құрылыс орны - Нұр-Сұлтан қаласы
Ылғалдылық аймағы - құрғақ
Ең суықтау абескүндік темпратурасы tесб=-35°C [СНиП РК 2.04-01-2012]
Ең суықтау тәулік температурасы tест=-38°C [СНиП РК 2.04-01-2012]
Жылытылатын кезеңінде градус-тәуліктерді анықтаймыз:
ЖМГС=(tint-tж.к)zж.к=(21-8,1)·216= 6286°C·тәулік,
СНиП РК 2.04-03-2016 кесте 1 бойынша жылу берілім кедергісі:
Қабырғаға: R0қажет=3,14 (м2С)Вт; Жабынға: R0қажет=4,19 (м2С)Вт;
Сыртқы қабырғаға және жабынға жылуберілім кедергілері мына шартты қанағаттандыруы керек:
R0= R0қажет, (1.1),
мұндағы R0қажет - қабырға мен жабынға қажетті термиялық кедергісінің жылуберілімі, м2СВт СН РК 2.04-21-2012 2 теңдеуі бойынша;
Қажетті жылуберілім кедергіні мына теңдеу арқылы анықтаймыз:
, (1.2),
мұндағы n - сыртқы қоршау бетінің сыртқы ауаға байланысы алатын коэффицент, n=1 СН РК 2.04-21-2012 кест.2;
tint - ішкі ауаның есептік температурасы, tint=+21°C [ СН РК 2.04-21-2012 қосымша 4];
text - сыртқы ауаның қыстық есептік температурасы, °C [СН РК 2.04-21-2012 қосымша 4];
-36,5°С;
∆tn- нормативті температуралық кезең, сыртқы қабырғалар үшін ∆tn= =4,5°C, ал жабындар үшін ∆tn= 4°C [ СН РК 2.04-21-2012 кест.3];
αint = 8,7 Вт (м2 0С) - қоршау контурының ішкі бетке жылуқайтарылым коэфиценті[ СН РК 2.04-21-2012 кест.3];
Сыртқы қабырғалар үшін қажетті жылуберілім кедергісі:
(м2С)Вт;
Жабындар үшін қажетті жылуберілім кедергісі:
(м2С)Вт;
Қоршау конструкциясының жылуберілім кедергісін Ro, м2СВт, мына теңдеуімен анықтаймыз:
, (1.3),
мұндағы αn=23 Вт мС - қоршау контурының сыртқы бетке жылу-қайтарылым коэфиценті СНиП РК 2.04-03-2002 кест.3;
R - қоршау конструкциялардың бөлек қабаттарының термиялық кедергісі, ол мына теңдеуімен анықталады:
, (1.4),
мұндағы δ - қабаттың қалыңдығы,м;
- жылуөткізгіштің есептік коэффиценті, Вт(м 0С) [СНиП РК 2.04-03-2002 қосымша 3*];
Ғимараттың жылу инерциясын мына теңдеу бойынша анықтаймыз:
D= R1 s1 + R2 s2 + ... + Rn sn, (1.5),
мұндағы D - қоршау конструкциясының жылу инерция,
S - қоршау конструкция материалының, бөлек қабат есептік жылуқа-былдағыш коэффиценті, Вт(м2 0С) [СН РК 2.04-03-2016 қосымша 4];

Қабырға конструкциясының жылутехникалық есебі
Ең салқын бескүндік температурасы - 35С
Ең салқын тәуліктердің температурасы - 38 С
Ішкі ауаның есептік температурасы t в = + 21 ˚С
Кесте 1.1 - Сыртқы қабырғаның материалдары

Материалдың аты
, м
, кгм[3]
, Втм[20]С
S, Bтм[2 0]С
1
Керамогранит монтажды қаңқа
0,009
3112
3,48
24,95
2
Мемдбрана Изопан Б
0,002

3
Минмақта ГОСТ 9573-2013
х
215
0,059
0,81
4
Пенобетон блок
0,41
985
0,52
5,03
5
Құм-цемент ерітіндісі
0,030
1790
0,81
10,13

Қоршағыш құралымдардың жылубергіштікке қарсыласуын Ro, м2СВт (1.4) теңдеу бойынша есептейміз:
1-қабат керамогранит монтажды қаңқада 8,0 мм
R1= 11 =0,0083,49= 0,002 м[2]СВт
3-қабат минмақта ГОСТ9573-2006
R3= 33 =х0,064
4-қабат пенобетон блоктар - 400мм
R4= 44 =0,400,41 = 0,98 м2СВт
5-қабат құм-цемент ерітіндісі - 20мм
R4= 44 =0,0200,76 = 0,026 м2СВт
Қабырғаның жылуберелім кедергісін (1.3) теңдеу бойынша анықтаймыз :
3,14 =18,7+0,002+123 +х0,064+0,98+0,026
х0,064 = 3,14 - 1,166 = 1,974
х = 1,974 * 0,064 = 0,126 Қабылдаймыз х = 130мм
R0 =18,7+ 0,002 +0,130,064 +0,98+ 0,026 + 123 = 3,20
R0 =3,20 = R0тр=3,14 шарт орындалды.
Ғимараттың жылу инерциясын (1.5) теңдеу бойынша есептейміз:
D =0,002*25,04+2,03*0,73+0,61*4,92+0, 026*9,6 = 4,78
4D7 болғандықтан шарт орындалады.

1.6 Жарық техникалық есебі

Жарық ойықтарының алаңын алдын ала есептеу [8] орынжайды бүйірден жарықтандыру кезінде мына формула бойынша жүргізіледі:

мұнда
S0 - бүйірден жарықтандыру кезіндегі жарық ойықтарының алаңы [8] S0 = 27, 9
Sn - орынжай еденінің ауданы Sn = 216 м2
ln - нормаланған КО мәні
lH = lHIIImC
lHIII - КО мәні = 2
m - жарық климатының коэффициенті = 0,9
С - күннің климат коэффициенті = 0,8
lH = 2 * 0,9 * 0,8 = 1,44
K3 = 1.4 - запас коэффициент;
Кзд = 1 - қарсы орналасқан ғимараттар терезесіне түсетін көлеңкені ескеретін коэффициент;
0 - жалпы жарық өткізу коэффициенті
0 = 1 * 2 * 3 * 4 * 5
r1 - материалдың жарық өткізу коэффициенті r1 = 0,8
r2 = 0,7 - көтергіш құрылымдардағы жарық шығынын ескеретін коэффициент
r3 = 1 - жарық ойығы қиылысындағы жарық шығынын ескеретін коэффициент
r4 = 1 - күннен қорғану құрылғыларындағы жарық шығынын ескеретін коэффициент
r5 = 1
0 = 0,8*0,71*1*1,1*1 = 0,66
r1 - бүйірден жарықтандыру кезінде, орынжайдың үстіңгі қабатынан және ғимаратқа іргелес төселетін қабаттан шағылатын жарықты ескергенде КЕО артуын ескеретін коэффициент.
r1= 5,6
- терезелердің жарық сипаттамасы
= 18

Табиғи жарықтандыру коэффициентінің есебін мына формула бойынша есептеу керек:

мұнда

КЕО есептік мәнінің 10% ауытқуына жол беріледі.
2. Есептік конструктивтік бөлім

2.1 Ұстын есебі

Норматив құжаттар
СНиП 2.03.01-2012

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Бетон
Классы
B35

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Арматура
Бойылық аматура
A-III
Көлденең арматура
A-I
Бойлық арматураның есептік диаметрі, мм
28
Бойлық арматураның қорғауғыш қабат, мм

20
Бойлық арматураның байлауысы, мм
34
Бойлық арматура қолданылатын сортаменті
12,14,16,18,20,22,25,28

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Талаптар
Жарықтарды есептеу
Бұрыштағы оқтамаларды белгілеу
Дәнекерленген қаңқа.
Көлденең арматура адым азаю модулі 25 мм
Сейсмикалык ауданы 5 бал.
Рамалық байланыс конструктивті схема
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қимасы

Размерлер, м:
b
0,4

h
0,4

Ауданы, см[2]
1600

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Белгілер
Қабат биіктігі, мм
3300

Аражабын биіктігі, мм
30

Есептік ұзындығы
Коэффициенттер:
m X
1

m Y
1

Есептік ұзындық, мм:
Lo X
3300

Lo Y
3300

Иілгіштігі:
Loh X
8.25

Loh Y
8.25

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жүктемелер
МКЭ есебінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қасбеттерді әрлеу жұмыстары
Қасбет әрлеуге арналған сатылар
Сылақ жұмыстарына арналған машиналар
Сылау жұмыстарына арналған құралдар
Осы заманғы өндірістік ғимараттарды жобалаудың жолдармен танысу
Жоғары сынып оқушыларына ағаштан дайындалған бұйымдарды арнайы технологиямен өңдеуге үйрету әдістемесі
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру туралы
Қонақ бөлме
Жер жұмыстары
Көп қабатты құрылыс
Пәндер