Жасанды қиыршық тас
Кіріспе
Дипломдық жобаның өзектілігі. Ұсынылып отырған технология қиыршық тас өндіру үшін қажетті тау жыныстарының кен орындары жоқ аймақтарда қажетті сападағы жасанды қиыршық таспен қамтамасыз етуге жарқын келешек ашады және оны дефицитті және қымбат материалдар қатарынан жеңіл алынатын және салыстырмалы түрде арзан материалдар қатарына қосуға мүмкіндік береді. Себебі, қиыршық тасты өндіру үшін арнайы тау жыныстарының болуы қажет.
Жеңіл бетоннан жасалған құрылымдар басқа құрылыс материалдарынан бірқатар артықшылықтары бар:
жоғары сапасы мен ұзақ мерзімділігі;
эксплуатация кезінде арнайы күтімді қажет етпейді;
оларды қолдану
қыс мезгілінде өндірісті жеңілдетеді.
Кеуекті толтырғыштар негізінде жасалған жеңіл бетондарды қолдану конструкция салмағын біршама төмендетуге, соның арқасында, құрылыс бағасын, тасымалдау жұмыстарын және еңбек шығынын азайтуға әкеледі. Құрылыстың барлық салаларында және соның ішінде, тұрғын үйлер құрылысында әр түрлі жеңіл бетондарды қолданады. Бұл бетондарды сейсмикалық аудандарда қолданған аса тиімді. Жеңіл бетонның маңызды қасиеті болып оның жылу өткізгіштігі табылады.
Жеңіл бетон өз саласында жаңарып тұрады, жаңа түрлер, формалар, құрамдар пайда болады.
Құрылыс блоктарын рифленген немесе тегіс фактуралы беткі қабатпен дайындайды; сыртқы қабаты түсі бойынша боялмаған немесе бетон араласпасы пигменттермен қоспасы арқылы немесе түсті цементтерді қолдану арқылы боялған болуы мүмкін. Түрлі - түсті блоктар дайындау үшін органикалық және бейорганикалық пигменттер қолданылады.
Блоктар құрылымы бойынша толық денелі және қуыс денелі болып келеді. Қуыс денелі блоктар - салмағын және жылу өткізгіштігін азайту (жылу техникалық параметрлерін жоғарылату) мақсатымен дайындайды.
Дипломдық жобаның мақсаты. Жасанды қиыршық тас негізінде жасалған жеңіл бетон өндіру, экономикалық сипаттамаларын, ауыр және жеңіл бетон негізінде құрылыс материалдарының көп номенклатуралы қасиеттерін жақсарту. Жасанды қиыршық тас негізінде жасалынған бетондардың қасиеттерінің артықшылықтарын зерттеу және талдау.
Дипломдық жоба тақырыбының жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы. Бетон бұйымдары құрамына жеңіл толтырғыш ретінде жасанды қиыршық тасты қосу. Жасанды қиыршық тас негізінде жасалған бетон, жасанды қиыршық тастың кәдімгі қиыршық таспен салыстырғанда, орташа тығыздығы 2,5 есе жеңілірек және жылу физикалық қасиеттері 35-40%-ға жоғары болғандықтан, жеңіл болып келеді. Жаңа жасанды қиыршық тас салыстырмалы түрде арзан және қол жетімді.
Жасанды қиыршық тас алу үшін шикізатты өңдеудің ұсынылып отырған технологиясының ерекшелігі мен жаңашылдығы болып, оның Қазақстанның барлық аймақтарында қажетті мөлшерде кездесетін саз және кремнисті жыныстарды пайдалану мүмкіншілігі.
Жасанды қиыршық тастың ерекшелігі, берілген қиыршық тас арқасында тек ауыр бетондар емес, жеңіл бетондар негізінде құрылыс материалдарының түгел номенклатурасын ашуға мүмкіндік береді, осыған орай, материал көп функционалды болып табылады.
Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жағынан дамуы әрқашанда күрделі құрылыстың тиімді және жедел жүргізілуімен тікелей байланысты болатыны ежелден белгілі. Қоғамдық өндірістің дамуына және әлеуметтік міндеттердің шешілуіне арналған халық шаруашылық қорларын тұрғызу және оны тездете жаңарту, сонымен қатар, құрылыс өндірісі тиімділігін пәрменді жоғарылату - күрделі құрылыстың басты мақсаты болып табылады.
Бетон құрылымдары өнеркәсіптерінің дамуы өнеркәсіп жағынан өркендеген басқа елдердегі даму тәжірибесі мен өрлеу дәрежесіне сәйкес келеді және бірқатар көрсеткіштері бойынша дүниежүзілік жетістіктер деңгейіне жоғарыланған.
Бетон құралымдары мен бұйымдары -- үйлердің, ғимараттардың және құрылыстардың бетоннан жасалған арматурасыз не жеңіл арматураланған құралымдық элементтері. Бетонның созылу беріктігі аз болғандықтан, бетон құрылымдары мен бұйымдары, көбінесе, сығушы күштер түсетін жерлерде қолданылады. Бетон құрылымдары мен бұйымдарының кең тараған түрлеріне: іргетастар, тастар мен қабырғалық блоктар, гидротехникалық құрылыстар, бағандар, күмбездер, көпірлік тіректер, жол және тротуар төсеніштері, т.б. жатады. Ал құралымға созу күші түсетін жағдайда бетон құрылымдары мен бұйымдарға болат арматура қосылады. Бетон мен арматура қосылып жасалған құралымды темірбетон құралымдар дейді. Зауыттарда дайындалатын бірдей стандарт элементтерден (іргетастық және қабырғалық блоктар мен тастар, т.б.) құралған құрама бетон құралымдарды құрылыстарда пайдалану өте тиімді болып есептеледі. Ірі құрылыстар мен ғимараттардың (мысалы, бөгеттің, ірі іргетастың, сүйеме қабырғаның) құралымы әдетте тұтас бетоннан жасалады. Бетон құрылымдары мен бұйымдарының көпшілігі жоғары механикаландырылған және автоматтандырылған кәсіпорындарда дайындалады. Дайындау орындарынан құрылыс алаңына арнайы автокөлік түрлерімен жеткізіледі.
Жеңіл бетондар аз массасымен және ауыр бетондарға қарағанда, арзан бағасына байланысты конструкционды және жылу изоляциялық материалдар ретінде қолданылады.
Қазіргі кезде, құрылысқа қиыршық тастың қажеттілігі Қазақстан Республикасының табиғи тау жыныстарының негізінде қиыршық тас өндіретін зауыттарының негізінде қамтамасыз етіледі, олар қиыршық тас өндіруге қажетті табиғи жыныстардың орналасуына байланысты, көбіне еліміздің шығысында орналасқан.
Сәулеттік - құрылымдық бөлім
Кәсіпорынның бас жоспарының сипаттамасы
Кәсіпорынның бас жоспары ғимараттардың, құрылымдардың, көліктік және инженерлі - техникалық коммуникациялардың орналасу жағдайларын, және сонымен қатар, аумақты абаттандыру және көгалдандыру мәселелерін комплексті және рационалды түрде шешу сұрақтарын қамтиды.
Кәсіпорынның бас жоспарының шешімдері, яғни, ғимараттардың, құрылымдардың, көлік жолдарының орналасуы, минималды аумақта прогрессивті көлік түрлерін қолдану және максималды түрде ғимаратты бұғаттау арқылы оның экономиялығын қамтамасыз ету үшін, технологиялық үрдістермен анықталады. Өндірістік және әкімшілік - тұрмыстық ғимараттарды газдардан және шаңнан алдын - ала сақтау, сонымен қатар, аэрация мен кәдімгі жарықпен максималды түрде қолдануды қамтамасыз ету үшін аумақты аудандастыру қарастырылады. Кәсіпорынның алаңы, ереже бойынша, келесі аймақтарға бөлінеді: зауыт алдыңғы, өндірістік, қосалқы, қойма.
Бас жоспарды жобалау кезінде келесі қағидалар ұстанылған:
Ғимараттар мен құрылыстар өндірістік белгілері бойынша аумақтың белгілі аймақтары шектеулерінде топтастырылған. Ғиматтар мен құрылыстарды бұғаттау қарастырылған.
Жартылай фабрикаттар мен бұйымдар агрегаттар мен цехтар арасында қарсы немесе қайту қозғалыстарынсыз, көліктің түрлері мен санын минималды қысқа жол бойынша біртіндеп бағытталады.
Қосалқы өндірістің ғимараттары негізгі өндірістің цехтарының аймағының қасындағы аймақта орналасқан.
Шаң, газ және түтін (байланыстырғыш заттар қоймасы, котельная және т.б.) шығаратын қосалқы өндірістік цехтар кәсіпорынның негізгі кіреберісінен алыс жерде орналасқан. Қосалқы өндірістік цехтар басқа ғимараттарға (өндірістік, әкімшілік - тұрмыстық, тұрғын) жел раушанына және санитарлы талаптарға байланысты орналастырылған.
Қоймалар және құрылыстар кәсіпорын аумағында жүктеу және шығару үрдістеріне кететін уақытты азайту үшін зауыт ішіндегі бетон жолдарын ұтымды қолдану мақсатында орналастырылған.
Теміржол көлігімен қызмет көрсетілетін ең үлкен цехтар мен қоймалар, теміржолға жақын орналасқан, ал автомобильді көлікпен қызмет көрсетілетін цехтар мен қоймалар зауыт аумағына автокөлік кіретін жерлерге жақын орналасқан. Бұл жағдайда, жүк көліктерінің, теміржол және автомобильді көліктердің қозғалыстары бөлінеді, көліктердің барлық түрлерінің соқтығысу мүмкіндіктері жоғалады, көлік жолдарының ұзындығы қысқартылады.
Жолдар мен кірме жолдардың түзу сызықтығын және параллель болуын қадағалау қажет.
Инженерлі коммуникацияларды (сумен қамтамасыз ету жүйелері, канализация, және т.б.) негізгі жолдар бойымен және құрылыс жолдарына параллель жатады, ғимараттар арасындағы аралықтар 21-25м кем емес.
Көмір мен басқа жанатын материалдар сақталатын жабық қоймалар мен қосалқы ғимараттар мен құрылыстар арасындағы санитарлы аралықтар 15м кем емес, ал қоймалар мен әкімшілік ғимараттар арасында 35м кем емес.
Кәсіпорын аумағында ғимараттар мен ең аз өндірістік зияны бар аймақтар арасында жұмысшылардың демалуы үшін абаттандырылған, көгалдандырылған алаңдар бар.
Мүмкін болатын қираулар мен зақымданулардың өлшемдерін шектеуге бағытталған, сонымен қатар, адамдарды қорғау мақсатында арнайы шаралар қарастырылған. Белгілі бір шараларды таңдау бекітілген нұсқауларға негізделген.
Табиғи - климаттық жағдайлардың қысқаша сипаттамасы
ҚР ҚНмЕ 2.04-01-2001 Құрылыстық климатология сәйкес Орал қаласы IIIА климаттық ауданда орналасқан, оған құрғақ ыссы жаз және жиі қатты желі бар салқын қыс және жыл бойына жел режимінің жоғары белсенділігі тән.
Климат шұғыл континенталды. Температуралық режим ауа температурасының үлкен тәуліктік және маусым аралық ауытқуларымен сипатталады.
Орташа жылдық температура +6,2ºС
Орташа жылдық желдің жылдамдығы 2,9 мс
Орташа жылдық ауаның ылғалдығы 70%. Орал қаласының климаты 1.1 кестеде келтірілген.
Кесте 1.1
Орал қаласының климаты
Орал қ. климаты
Көрсеткіш
Ақп
Қаң
Наур
Сәу
Мам
Мау
Шіл
Там
Қыр
Қаз
Қар
Жел
Жыл
Абсолютті максимум, °C
6,6
5,6
21,6
31,1
35,4
40,6
41,6
40,7
38,8
28,0
18,0
8,7
41,6
Орташа максимум, °C
−6,5
−6,2
0,4
14,1
22,7
28,1
29,9
28,2
21,6
12,0
1,5
−4,7
11,8
Орташа температура, °C
−10,4
−10,6
−4,1
7,9
15,7
21,0
22,9
20,9
14,4
6,3
−2
−8,2
6,2
Орташа минимум, °C
−14,2
−14,8
−8,2
2,4
8,8
14,0
16,0
14,1
8,2
1,9
−5,1
−11,7
1,0
Абсолютті минимум, °C
−43,1
−40,5
−35,2
−24,3
−6,8
−1,1
4,3
0,4
−7,6
−19,2
−32,6
−39,2
−43,1
Жауын-шашын мөлшері, мм
28
20
23
21
29
32
43
26
28
40
29
29
348
Қар жабыны. Тұрақты қар жабынының пайда болуы орташа айтқанда, қараша айының соңы мен - желтоқсан айының басында ауа температурасының 00-ден тұрақты ауысқанда, шамамен бір айдан соң байқалады. Тұрақты қар жабыны бар кезеңнің ұзақтығы 120 - 130 күн арасында.
Қар жыбыны ең жоғары биіктігіне әдетте, қаңтарда жетеді және оның биіктігі 25-30 см болады. Берілген аумақта қар жабынының бұзылуы наурыздың екінші жартысында басталады және 14-15 күн ішінде аяқталады.
Жел режимі. Жылдың салқын кезеңінде жел режимі көбінесе сібір антициклонының батыс саласының әсерінен қалыптасады. Осыған байланысты, аздап жоғарылаған қайталанумен оңтүстік және оңтүстік - шығыс желдері болып тұрады.
Жазда қатты желдер шаң дауылдарына әкеліп соғады. Шаң дауылдары бар күндер 35 күнге дейін жетеді. Көбінесе шаң дауылдары жылдамдығы
10-15 мсек болатын оңтүстік - батыс және солтүстік - шығыс желдері кезінде байқалады. Желдердің пайда болу мінезі қарастырылып отырған аумақтың орографиясының ерекшеліктерімен анықталады және жыл бойына оңтүстік - батыс, оңтүстік, оңтүстік - шығыс және шығыс желдерінің анық көптігімен сипатталады.
Қыс мезгілінде оңтүстік және оңтүстік - шығыс желдері жиірек соғады, ал жазда солтүстік - батыс және солтүстік желдері соғуының қайталануы өседі. Жел раушаны 1.1 суретте келтірілген.
Грунттың мезгілдік қату тереңдігі ҚР ҚНмЕ 5.01-01-2002 және ҚР ҚНмЕ 2.04-11-2001 сәйкес - 160 см.
Қарастырылып отырған аумақта жобалау үшін есептік сипаттамалар ҚНмЕ РК 2.04-01-2001 Құрылыстық климатология келесідей:
Ең салқын бес күндіктің темпратурасы -30ºС Қысқы ауаны айдау -19ºС
Жылыту кезеңінің орташа температурасы -5,9ºС Жылыту кезеңінің ұзақтығы 198 күн Қатудың байқалған максималды тереңдігі 214 см
Январь
С
Июль
С
25
20
СЗ
СВ
15
10
5
8
5
5
7
0
18
13
ЮЗ
20
ЮВ
18
18
СЗ
16
14
12
10
8
6
4
2
0
16
СВ
12
14
11
9
9
ЮЗ
11
ЮВ
З В З В
24Ю Ю
Год
С
18
16
СЗ
12
14
12
10
8
6
4
2
0
СВ
9
9
11
14
14
14
ЮЗ
ЮВ
17
З В
Ю
Сурет 1.1 Жел раушаны
Инженерлі - геологиялық ережелер
Инженерлі - геологиялық аймақтандыруға сәйкес қарастырылып отырған Орал қаласы, Зашаған кенті бірінші жоғары жайылмалы террасада орналасқан. Бірінші жоғары жайылмалы терраса (жоғарыдан төмен қарай): қуаты 2,2-4,2 м ақшыл - сұр түсті суглинок; жүзгіштік қасиеттері бар уақ құмнан тұратын жоғары ширектік шөгінділермен айқастырылған. Бірінші террасаның шөгінділер ортақ қуаты 3,6-8,5 см.
3,6-8,5 м тереңдігінде орташа ширектік жастағы құмдар жатыр; 8,1-14,6м тереңдікте гравийлі грунтпен және ауыр неогенді суглинокпен жабылған.
Жобаланып отырған аймақта қазіргі заманғы физико - геологиялық үрдістерден тегіс шайылу, көктемдік қар еру мезгілінде сарқынсыз сайлардың су басуы және нөсер жаңбырлар, грунттың ісінуі байқалып тұрады.
Құрылыс шарттары бойынша қарастырылып отырған аймақ шекті-қолайлы болып саналады.
Жағымсыз және қауіпті физико - геологиялық үрдістер мен құбылыстарды жою мақсатында келесі шараларды өткізу қажет: тік жоспарлау; ағынды қадағалау және беткі суларды қайтару; эррозияға қарсы шаралар; ісінген грунттарда салынатын құрылыс ережелерін сақтау; іргетастарды коррозиядан қорғау.
Технологиялық шешімдер
Жасанды қиыршық тас негізіндегі жеңіл бетон блоктарын шығаратын зауыт. Зауыттың өнімділігі 150 мың м[3].
Дипломдық жобаның негізгі шешімі - бетон бұйымдары құрамына жеңіл толтырғыш ретінде жасанды қиыршық тасты қосу. Жасанды қиыршық тас негізінде жасалған бетон, жасанды қиыршық тастың кәдімгі қиыршық таспен салыстырғанда, орташа тығыздығы 2,5 есе жеңілірек және жылу физикалық қасиеттері 35-40%-ға жоғары болғандықтан, жеңіл болып келеді. Жаңа жасанды қиыршық тас салыстырмалы түрде арзан және қол жетімді.
Жасанды қиыршық тас алу үшін шикізатты өңдеудің ұсынылып отырған технологиясының ерекшелігі мен жаңашылдығы болып, оның Қазақстанның кейбір аймақтарында қажетті мөлшерде кездесетін кремнисті жыныс - опоканы пайдалану мүмкіншілігі. Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында бұл кремнисті жыныс - опока көп кездеседі.
Дипломдық жобаның тапсырмасы: жасанды қиыршық тас негізінде жасалынған бетондардың қасиеттерінің артықшылықтарын зерттеу және талдау.

Берілген дипломдық жұмыста бетон блоктарын дайындау үшін жеңіл толтырғыш ретінде жасанды қиыршық тас салынды. Жасанды қиыршық тас негізінде жасалған бетон, жасанды қиыршық тастың кәдімгі қиыршық таспен салыстырғанда, орташа тығыздығы 2,5 есе жеңілірек және жылу - физикалық қасиеттері 35-40%-ға жоғары болғандықтан, жеңіл болып келеді. Жаңа жасанды қиыршық тас салыстырмалы түрде арзан және қол жетімді.

Зауыт аумағында ғимараттар мен құрылыстардың орналасуы
Бетон бұйымдарын шығаратын кәсіпорын аумағында келесі ғимараттар мен құрылыстар орналастырылған: негізгі өндірістік цехтар - қалыптау, бетон арластыру; қосалқы өндірістік цехатр - жөндеу-механикалық, бу күштік (соның ішінде, қазандық бөлмесі), энергетикалық (соның ішінде, компрессорлы және сорғыш), жинактау цехы, аккумулятор зарядтау және жөндеуі бар көлік цехы; толтырғыштар, цемент, дайын өнім, жанғыш-жағу заттар қоймасы; шаруашылық және қызметтік ғиматтар - зертханалар, өрттен қорғау күзетші бөлмесі; әкімшілік - тұрмыстық ғимараттар - зауытты басқару, жұмысшыларға арналған тұрмыстық бөлмелер, асхана.
Ғимараттар мен құрылыстардың көлемдік-жоспарлы және құрылымдық шешімдері
Бетон бұйымдарын шығаратын зауыттың бас ғимараты жоспарда тік бұрышты түрдегі бір қабатты өнеркәсіптік ғимарат болып келеді. Ол жоспарда өлшемдері 12x84 м болатын бірыңғай типтік пролеттерден (УТП-1) жинақталады. Ғимараттың подстропильді құрылымына дейінгі биіктігі 8,4 м. Бағаналардың адымы 6 м.
Бір қабатты өнеркәсіптік ғимараттарда көтергіш құрылымдар ретінде жинақты темірбетон (бетон маркасы М500) және монолитті негіз қолданылады. Ғимараттың қабырғалары маркасы ПСЯ 16 (МЕСТ 11118-73
Ғимараттардың сыртқы қабырғаларға арналған, автоклавты ұялы бетоннан жасалған панельдер. Техникалық талаптар) панельдерден салынады. Қабырғалардың ішкі жақтары боялған. Өнеркәсіптік ғимараттардың әрлеу түстері Өндірістік кәсіпорындардың өнеркәсіптік ғимараттарының интерьері әрлеу түстерін жобалау бойынша нұсқауларға сәйкес келуі керек.
Тік бұрышты маркасы К96-1 (МЕСТ25628-90 Кәсіпорындардың бір қабатты ғимараттары үшін арналған темірбетонды бағаналар)бағаналар бір- бірінен 6м аралықта орналастырылады. Бағаналарға маркалары 2БДР12-2 (МЕСТ 20372-90 Темірбетонды итарқа және итарқа асты арқалықтар. Техникалық талаптар) арқалықтар қойылады. Содан соң, ФБ18II-4 фермалар орнатылады, олардың үстіне - МЕСТ 9561-91 Ғимараттар мен құрылымдарға арналған темірбетонды көп қуысты аражабын плиталары. Техникалық талаптар орнатылады.
Болат бағаналардың құрылымы 1.2 суретте келтірілген. Бағана бөлімдері 300x500 мм.
Ғимараттардың едендері өндіріс барысында болуы мүмкін механикалық және жылулық әсер етулерге тұрақты болуы қажет. Сондықтан, ең арзан және қол жетімді тәсіл болғандықтан, көп шығындар мен берілген өнеркәсіптік ғимараттардың талаптарына жауап беретіндіктен, ғимараттар едендері бетоннан жасалынады.
Жабын плиталарына бу оқшаулағыштан, жылытқыштан, тегістеу қабатынан, су оқшаулау кілемінен және атмосфералы әсер етулерден сақтайтын мастикетегі құмтас қабатынан тұратын шатырды жабады.
Ағаш бұйымдар (есіктер, терезелер) МЕСТ 6629-88 және МЕСТ 14624-84 бойынша қарастырылады.
Ғимаратта ортақ ауыстырылатын келу - сору желдеткіш жүйесі орналастырылған.
Сумен қамтамасыз ету және кәріз жолдары ҚР ҚНмЕ 2.04.01-85 Ішкі сумен қамтамасыз ету және ғимараттардың кәріз жолдары талаптарына сәйкес орындалады.
Жобада жұмыс, төтенше (қауіпсіз және эвакуациялық), жөндеу жарықтандырулары орындалған. Төтенше және эвакуациялық жарықтандыруды қамтамасыз ету әр түрлі енгізуден қамтамасыз етіген.
+8,400
300
700
8700
500
600
600
0,000
30
30
-0,300
500
700
700
300
Сурет 1.2 Болат бағаналардыңқұрылымы
12000
890
1390
Сурет 1.3 Подстропильді құрылым
Сурет 1.4 Аражабын плиталары
Негізгі өндірістік цехтар
Керек болған жағдайда, 18, 24 және 30м пролеттар қолданылады. Негізгі корпустың ғимаратында қалыптау және қосалқы цехтар орналасуы мүмкін.
Бетон араластыру цехы, ережеге сәйкес, негізгі корпустың қалыптау пролеттары жағынан бойлық қабырғасы жанында орналасады.
Қосалқы өндірістік цехтар
Жөндеу - механикалық, бу күштік және энергетикалық цехтар бөлек ғимаратта және кәсіпорынның негізгі ғимаратына жақын жерде орналасады.
Трансформаторлы подстанциялар және таратубөлімдері 6-10кВ, желдеткіш қондырғылар, жанбайтын сұйықтықтар мен газдарды сорғыштар, ережеге сәйкес, негізгі ғимаратқа кіріктірілген болады.
Компрессорлау бөлмесі қысылған ауаны қолданатын негізгі тұтынушылар, яғни, цемент қоймасы жанында орналасады.
Қазандық бөлмесі газ құбырларының ұзындығы ең аз болатындай және газ негізінде жобаланып орналастырылады.
Қоймалар
Қоймалары бар ғимараттар мен алаңдар тиеп-жүктеу жұмыстарын алу немесе қысқарту үшін және ішкі жүкті тасу жолдарын азайту үшін көлік жолдарының қасында орналасады.
Толтырғыштар қоймасы кәсіпорынның негізгі өндірістік корпусына және бетон араластыру цехына жақын жерде орналастырылады. Кәдімгі толтырғыштар қоймасы мен бетон араластыру цехының (20-28м) орналасуы көлік галереясының толтырғыштар қоймасының астындағы тереңдікке байланысты болады.
Толтырғыштарды қоймаға автокөліктермен (самосвалдармен) жеткізу кезінде машинадан тез түсіру үшін қабылдау бункері алдында пандус қойылады.
Сыйымдылықтары 150т 3 силостары бар цемент қоймасы бар. Олар бетон араластыру цехының жанында орналастырылады. Цементті жеткізу теміржол бойынша қабылдау бункеріне жүктелетін, пневмо жүктеуі бар вагон-цемент тасығыштарда, кәдімгі жабық вагондарда және арнайы бункер типті вагондарда жүргізіледі.
Дайын өнім қоймасы жеңіл бетон бұйымдарына ашық болып жобаланған. Ережеге сәйкес, олар қалыптау цехының соңында және оған перпендикуляр түрде орналасады.
Жанғыш және жағатын материалдар қоймалары зауыт аумағының шеткі алаңдарында орналасқан. Мұнда өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкес, қоймалар мен өндірістік цехтар арасында үлкен аралық бар.
Цемент қоймасының есебі
Цемент қоймасының қорын қоймаға жеткізу жолының алыстығы мен жағдайларына байланысты анықталатын зауыттың қуаттылығы және есептік қор негізінде қабылдайды.
Цемент қоймасының қоры келесі формула бойынша анықталады:
Vц = (Qтәул. x Тсақ.) 0,9 (1.1)
Мұндағы, Qтәул. - цементтің тәуліктік шығыны, бетонды дайындау және тасымалдау кезінде бетонның шығынын есептеу арқылы анықталады
Vсақ. - цементтің нормативті қоры, Vсақ. = 7 - 10 тәул.; 0,9 - толтырғыштар сыйымдылық коэффициенті.
Vц 111,89 10 0,9 1243,22т .
Зауыт құрамында сыйымдылықтары 1500 т болатын 6 силос қабылдаймыз.
Цементті сақтау сыйымдылықтарының саны 4-тен кем емес болып қабылданды.
Цемент қоймаларын жобалау кезінде оны түрлері мен маркаларына байланысты бөлек сақтауды қарастыру қажет. Қазіргі уақытта силосты қоймалардың 400, 600, 1000, 1500, 2000, 3000, 6000 және 12000т жобалары бар.
Құм қоймасының есебі
Құм қоймасының сыйымдылығы келесі формула бойынша анықталады: Vқұм = Qтәул. x Тсақ. x 1,2 x 1,02, м[3] (1.2)
Мұндағы, Qтәул. - материалдардың тәуліктік шығыны, м[3]; Тсақ - материалдарды сақтау нормативті қоры, тәул; 1,2 - қопсыту коэффициенті;
1,02 - тасымалдау кезіндегі шығындарды ес ептейтін
коэффициент.
Толтырғыштар қоймасының нормативті қоры автотранспортпен жеткізілген кезде 5-7, теміржол транспортымен 7-10 тәулік. Толтырғыштар қоймалары ашық және жабық типті болуы мүмкін.Қазіргі уақытта толтырғыштар қоймасының ашық типті - сыйымдылықтары 5500, 8000, 10000
м[3] және жабық типті қоймаларының - сыйымдылықтары 650, 1100, 4500, 7500 және 10000 м[3]жобалары дайындалған. Шығын бункерлерінің материалдар қоры толтырғыштар үшін 1-2 сағ және цемент үшін 2-3 сағ деп есептейді.
Vқұм = 137,10x 10 x 1,2 x 1,02 = 1678,1 м[3]
Зауыт құрамында құм қоймасын қабылдаймыз.
Жасанды қиыршық тас қоймасының есебі
Жасанды қиыршық тас қоймасының сыйымдылығы келесі формула бойынша анықталады:
Vж.қ. = Qтәул. x Тсақ. x 1,2 x 1,02, м[3] (1.3)

Толтырғыштар қоймасының нормативті қоры автотранспортпен жеткізілген кезде 5-7, теміржол транспортымен 7-10 тәулік. Толтырғыштар қоймалары ашық және жабық типті болуы мүмкін. Қазіргі уақытта толтырғыштар қоймасының ашық типті - сыйымдылықтары 5500, 8000, 10000
м[3] және жабық типті қоймаларының - сыйымдылықтары 650, 1100, 4500, 7500
және 10000 м[3] жобалары дайындалған. Шығын бункерлерінің материалдар қоры толтырғыштар үшін 1-2 сағ және цемент үшін 2-3 сағ деп есептейді.
Vж.қ. = 205,66x 10 x 1,2 x 1,02 = 2517,27 м[3]
Зауыт құрамында жасанды қиыршық тас қоймасын қабылдаймыз.
Дайын өнім қоймасының есебі
Дайын өнім қоймасының ауданын (м[2] ) келесі формула бойынша анықталады:
S = (Qтәул. x Tсақ. x K1 x K2) Vсақ. (1.4) (1.4)
Мұндағы, Qтәул. - тәулігіне қабылданатын бұйымдардың саны, м[3]; Тсақ - бұйымдарды сақтау ұзақтығы, тәул;
Vсақ - 1м[2] ауданда сақтауға болатын бұйымдардың нормативті
көлемі, м[3];
K1 - қойма ауданын өтуге ұлғайтатын коэффициент; K1 = l,5;
К2 - кран түріне байланысты қойма ауданын ұлғайту коэффициенті;
К2= 1,3-1,7.
S = (468,18·30·1,5·1,5)10 = 3160 м[3]
Зауыт құрамында дайын өнім қоймасын қабылдаймыз.
Технологиялық бөлім
Цехтың жұмыс режимі
Дипломдық жобада жеңіл бетон блоктарындірілді-пресстеу тәсілімен өндіру үшін келесі жұмыс күндері алынды: бес күндік жұмыс режимі бойынша, жылына - 365 күн, жұмыс күні - 330. Жұмыс үш кезекшілік режимімен атқарылады. Жылумен өңдеу бөлімдерінде жұмыс күні үш кезекшілікпен жүреді. Жылдық өнім П0 = 150 мың м[3]жыл. Жұмыс режимінің уақыты - 8 сағат.
Масса дайындау бөлімі мен конвейерлердің, қалыптау цехының жұмыс істеу режимі:
Күнтізбелік уақыт қоры 365 күн
Мейрам күндерінің саны 11күн
Ауысым саны тәулігіне 2 ауысым
Ауысым ұзақтығы 8 сағат
Жоспарлы жөндеу 18 тәулік
Төтенше тоқтатулар 1%
( )
Жабдықтарды тазалау 0,5 сағауысым Технологиялық жабдықтың жылдық уақыт қоры, сағ.:
Вр =
(365 11 18) (16 1,5) 100 1 4866,34
100
(2.1)
Кесте 2.1
Цехтың жұмыс істеу режимі. Жылдық жұмыс уақыт қоры.
№
Цехтар мен бөлімдер атауы
Жұмыс режимі
Жылына жұмыс күні
Ауысым саны
Ауысым ұзақтығы, сағ.
Жылдық жұмыс уақыт қоры,
сағ.
1
Шикізат қоймасы
330
2
8
4866,34
2
Масса дайындау бөлімі
330
2
8
4866,34
3
Қалыптау цехы
330
2
8
4866,34
4
Конвейерлер
330
2
8
4866,34
5
Жылумен өңдеу бөлімі
330
3
8
7484,4
6
Дайын өнім қоймасы
330
2
8
4866,34
Бұйым туралы мәлімет
Жеңіл бетондар - көлемдік массасы 2000 кгм³-тан көп емес бетондар тобы. Оған кеуекті толтырғыштар негізіндегі бетондар (керамзитті бетон, аглопоритті бетон, перлитті бетон), жеңіл органикалық толтырғыштар негізіндегі бетондар (арболит, костробетон, полистиролбетон) және ұялы бетондар (көбікті бетон, газды бетон). Байланыстырғыштар ретінде цемент, гипс, магнезиалды цемент қолданылуы мүмкін.
Ұсынылған бетон бұйымдары және өлшемдері
Сығу кезіндегі беріктігі бойынша жеңіл бетон блоктарын (сурет 2.1) келесі кластарға жіктейді:
жылуизоляциялық- В0,35, В0,5, В0,75, B1, B1,5, B2; конструкционды - жылуизоляциялық- В2,5, В3,5, В5, В7,5, В10; конструкционды бетондар - В12,5, В15, В20, В25, В30, В35, В40. Аралық класты бетонды шығару жіберіледі:В22,5 и В27,5.
Орташа тығыздығы бойынша құрғақ күйінде бетондарды келесі маркаларға жіктейді: D200, D300, D400, D500, D600, D700, D800, D900, D1000, D1100, D1200, D1300, D1400, D1500, D1600, D1700, D1800, D1900, D2000.
Аязға төзімділігі мен су өткізбеушілігі бойынша бетондар келесі маркаларға ие:
- аязға төзімділігі - F25, F35, F50, F75, F100, F150, F200, F300, F400, F500;
су өткізбеушілігі - W2, W4, W6, W8, W10, W12.
Сурет 2.1 Жеңіл бетон блогы
Кесте2.2
Жасанды қиыршық тас негізінде жасалған бұйымдардың физико - механикалық қасиеттері
Бұйымдар атауы
Сығу кез. беріктігі,
МПа
Тығыздығы, кгм³
Жылу өткізгіштігі,
ВтмК
Су жұтқыш-
тығы, %
Жеңіл жылу- изоляциялық конструкционды
блоктар
10 - 12
800-950
0,75-0,8
23-25
Бордюры
17-17,5
1100-1200
-
10-15
Аяқжол
тақтайшалары
15-16
1100 -1200
-
10-15
Жеңіл бетонның беріктігі. Беріктік қасиеті бетонның маркаларымен сипатталады. Мысалы, жылу өткізбейтін жеңіл бетонның маркалары (кгссм²) М5-М25, конструктивтік - жылу өткізбейтіндерінікі - М35-М100, ал конструктивтік жеңіл бетондардікі - М15-М500. Жеңіл бетонның беріктігі кәдімгі ауыр бетонның беріктігіндей, цементтің активтігіне және цементпен судың қатынасына байланысты.
Тығыз құрылымды, яғни цемент қамыры толтырғыштар түйірлерінің қуыстарын түгел толтырып және түйірлер арасындағы кеуектілік азайған жағдайда жеңіл бетон, жеңілдігіне қарамастан берік, су өткізбейтін және аязға төзімді болады. Өйткені, керамзитте аморфты кремний оксиді (SiO2) болады; ол қатайғанда цементтен бөлінетін Са(ОН)2 (кальций гидроксидімен) әрекеттесіп,
кеуек түйір-цемент тас арасындағы қабатты берік өтетін, суда ерімейтін кальцийдің гидросиликатын (СаОxSiO2xnH2O) түзеді. Осының салдарынан көлемінің 75-80%-і кеуек толтырғышпен толғанына қарамастан жеңіл бетон, су, т.б. сұйықтарды, тіпті олардың қысымы үлкен (1,2 МПа) болса да, өткізбейді. Мұндай бетон аязға да төзімді келеді.
Жеңіл бетон беріктігінің негізгі көрсеткіші - ол бетонның класы. Жеңіл бетон сығу беріктігі бойынша (МПа) халықаралық 14 класқа бөлінеді: В2, В2,5; В3,5; В5; В7,5; В10; В12,5; В15; В17,5; В20; В22,5; В25; В30; В40, жылу
өткізбейтін және бетон үшін бұлардан басқа үш класс: В0,35; В0,75 және В1 белгіленген.
Кесте 2.3
Сығу кезіндегі беріктігі бойынша маркаларының сәйкестік кестесі
Сығу кезіндегі беріктігі бойынша бетон класы
Толтырғыштың беріктігі бойынша минималды
маркасы

В2,5
П15
В20
П150
В3,5
П25
В22,5
П200
В5
П35
В25
П250
В7,5
П50
В27,5
П300
В10
П75
В30
П300
В12,5
П100
В35
П350
В15
П125
В40
П400
Ұсынылып отырған технологияның келесі артықшылықтары бар:
Қиыршық тас өндіру технологиялық процессін жеңілдету;
Күйдіру температурасын төмендету;
Сығу кезінде беріктігін жоғарылату;
Дайын өнімнің жылу өткізгіштігі 30-40% - ға төмен;
Орташа тығыздығы төмен. Жасанды қиы ршық тастың орташа тығыздығы 2-2,5 есе жеңіл.
Өндірісте энергия шығыны 20-25% - ға төмен.
Кесте2.4
Жасанды қиыршық тас пен табиғи қиыршық тастың салыстырмалы
сипаттамасы
Сипаттамасы
Жасанды қиыршық тас
Табиғи қиыршық тас
Орташа тығыздығы, кгм[3]
450-700
1800 - 2200
Күйдіру температурасы, [0]С
900-950
1100-1200
Жылуизоляциялық
қасиеттері, ВтмК
0,7 (30-40 % - ға
төмен)
1,8
Энергетикалық шығыны
30-40 % - ға төмен
Ұсақтау жеңілдігі
Жоғары
Төмен
СаТУ бағасы, теңге 1м[3]
3500
4000 (БҚО бойынша )
Жылу өткізгіштігіне сәйкес, бұл бетоннан салынған тұрғын үй сыртқы қабырғасының қалыңдығы 20см-ден 40с м-ге дейін өзгеруі мүмкін. Егер бетонның ылғалдылығы 1%-ке, ал жылу өткізгіштігі 0,016-0,035 Вт(м˚С) өседі. Жеңіл бетон су өткізбейтін қасиеті бойынша W0,2; W0,4; W0,6; W0,8; W1; W1,2 маркаға, ал аязға төзімділігі бойынша: Г25, Г35, Г50, Г75, Г100, Г150,
Г200, Г300, Г400, Г500 маркаға бөлінеді.

Кесте 2.5
Бұйым түрлері мен техникалық сипаттамалары
№
Бұйымның атауы және нұсқасы
Марка
Өлшемдері, мм
Бұйымның массасы, кг
ұзындығы
ені
биіктігі
1
Жасанды қиыршық тас негізіндегі бетон блоктары
М200
0,2
0,4
0,2
15 кг
Кесте 2.6
Бұйымды шығару бойынша цехтың өндірістік бағдарламасы
№ пп
Бұйымның атауы
жылына
тәулігіне
ауысымда
сағатына
1
Қиыршық тас негізіндегі бетон блоктары
150 мың м3
454,54
м3
227,27
28,4
9 375 000
шт
28409
9470
1183
Қолданылатын материалдар мен шикізаттар
Бетон блоктарын дайындауға арналған цeмент МЕСТ 22266-13 талаптарына сай болуы керек.
Цемент (нем.Zement, лат.Caementum -- ұсақталған тас, қиыршық тас) -- гидравликалық байланыстырғыш материалдар тобы; негізгі құрылыс материалдарының бірі; органикалық емес материалдың майда ұнтағы; гидравликалық тұтқыр материалдардың үлкен тобының жалпы атауы.
Цeмент сумен араласқанда қатаятын қасиеті бар (яғни қамыр тәрізді пластик күйден қатты күйге ауысатын) кальций силикаты мен кальций алюминатынан құралады. Цeменттің кейбір түрі ауада қатаяды. Ал, енді бір түрлері тек тұздардың, қышқылдардың судағы ерітіндісімен араластырғанда ғана байланыстырғыштық қасиетке ие болады. Цeменттің көп тараған түрінің бірі -- портландцемент. Ол негізінен жоғары негізді кальций силикатынан тұрады. Төмен негізді кальций алюминатынан алюминатты цeмент өндіріледі. Цементтің шикізат клинкері мен домналық қождан қожпортландцемент, пуццоланцeмент, т.б. дайындалады. Цeментті пайдалану үшін, оны алдымен сумен араластырып, цементтік қамыр (ерітінді) дайындайды. Цементтік қамырды құммен, т.б. араластырып, құрылыстық ерітінділер, ал оған қиыршық және уақ тас, т.б. қосу арқылы бетон дайындалады. Кейде асбест қосып асбест цементті бұйым, ағаш жаңқаларын қосу арқылы фибролит жасалады. Арнаулы зауыттарда минералды шикізатты ұсату, араластыру, майдалау, күйдіру арқылы цементтік клинкер алынады. Цeменттің сапасы маркамен сипатталады.
Оның маркалары: 200, 300, 400, 500, 600.
Портландцемент -- құрылыс өндірісінде кеңінен пайдаланылатын гидравликалық байланыстырғыш зат; ұнтақталған клинкер мен табиғи гипстің қоспасы. Клинкер кальций силикаты (75 -- 78%) және саз топырақтың
(22 -- 25%) қоспасы өзара жабысқанға дейін күйдіру арқылы алынады. Әдетте портландцемент клинкерінің химиялық құрамы: СаО (63 -- 76%); SіO2 (21 -- 24%); Al2O3 (4 -- 8%); Fe2O3 (2 -- 4%); MgO (0,5 -- 5%); SO3 (0,3 -- 1%).
Гипс портландцементке оның қатаюының басталу мерзімін реттеу үшін қосылады. Клинкерінің минералдық құрамына, қосылатын қоспалардың түрі мен мөлшеріне және ұнтақ ұсақтылығына қарай портландцементтің тез қататын, сульфатқа төзімді, пластиналандырылған, гидрофобтық, т.б. түрлерін алады. Цементтің бұл түрі алғаш рет құрылыста ҰлыбританияныңПортленд қаласында пайдаланылғандықтан, "портландцемент" деп аталып кеткен. Портландцемент қазіргі кезде құрылыс өндірісінде ең көп пайдаланылатын материал болып табылады. Портландцемент қолданатын негізгі құрылыс салалары -- азаматтық және өндірістік, гидротехникалық және көліктік құрылыс, жол, қоғамдық және арнайы құрылыстар.
Кеуекті толтырғыштың беріктігі - оның қасиеттерінің маңызды көрсеткіші. Бетоннан бөлек кеуекті толтырғыштардың беріктігін анықтаудың бәр ғана тәсілі стандартталған - цилиндрде стальды пуансон арқылы дәндерді белгіленген тереңдікке дейін түсіру. Анықталған күштің өлшемі толтырғыштың
беріктігі ретінде алынады. Бұл тәсілдің принципиалды кемшіліктері бар, бастысы - беріктік көрсеткіші дәндердің формасына және араласпаның кеуектеріне байланысты.
Толтырғыштың су жұтқыштығы құрғақ материалдың пайыздық массасымен көрсетіледі. Бұл көрсеткіш кеуекті толтырғыштардың кейбір түрлері үшін нормаланған (мысалы, МЕСТ 9759-71).
Тау жыныстары құрылыста өте мол қолданылады. Табиғи тастар (әшекейлеу мен қаптамалы мақсаттан басқа) -- қабырғалық блоктар, қырланған, көшеге төселген тастар, сәулеттік ескерткіштер, монерлі кестелі оюлар, бүйымдар жасауда, бетондарда толтырғыш ретінде қолдаылады.
Бетон блоктарын дайындауға арналған құм МЕСТ8736-93 талаптарына сай болуы керек.
Құм - ұсақ түйірлі борпылдақ шөгіндітау жынысы. Құрамында әр түрлі минералдар мен тау жыныстарының түйіршіктері бар. Құм екіге бөлінеді:
1. табиғи (байытылған); 2. уатылған. Байытылған және шөгінді тау жыныстарының уату кезінде шығатын қалдықтар пайда болады, әдетте ауыр бетондардың үйінді тығыздығы 1400кгм[3] астам және тығыз жоғары беріктік түйіршіктен тұратын құм алынады. Түйіршіктің құрамы жоғары болуы тиіс түйіршік құрамында: құмның түйіршігі немесе мұндағы әр түрлі бұл орташа үлгісін өткізу арқылы анықтайды. Салыстырма өлшем бойынша 10; 5; 0,63; 0,315; 0,16 болады.
Су - құрғақ бетон қоспасын сумен еріту үшін МЕСТ бойынша 23732-79 талабында қанағаттанатын суларды пайдаланады. Су берілген стандарттың талаптарына сәйкес болуы керек. Су құрамында органикалық беттік-активті заттардың, қанттың немесе фенолдардардың, әрқайсысының мөлшері 10 мгл- дан аспауы қажет. Су құрамында мұнай өнімдерінің, майлардың, тоң майдың қабаттары болмауы тиіс.Бетон араласпасын жасау үшін және бетонды суару үшін қолданылатын судың құрамында, егер бетонға эстетикалық талаптар қоятын болса, бояйтын қоспалар болмауы керек. Судың қышқылдығы 15 мгл- дан аспауы қажет. Судың сутегі көрсеткіші (рН) 4-тен кем емес және 12,5-тен артық болмауы тиіс. Судың құрамында цемент қамыры мен бетонның ұстасу мерзімі мен қатаю мерзімін өзгертетін, бетонның беріктігі мен аязға төзімділігін төмендететін мөлшерде қоспалар болмауы керек. Құрамында SO4[-2] және Cl[-1] иондарынан басқа қоспалары бар ттехникалық және табиғи суларды қолдануға болады. Судағы кез - келген қоспалар бұйымның беріктігін төмендетіп, цементтің алдын - ала ұстасуына немесе жай ұстасуына алып келеді. Судың температурасы 15ºС-тен төмен болмауы тиіс. Судың температурасының төмендеуі бетонның ұстасу уақытының артуына себеп болады.
Бетон блоктарын жасауға арналған қиыршық тас МЕСТ 22263-76 талаптарына сай болуы керек.
Техникалық талаптары:
Табиғи кеуекті толтырғыштар түйіршіктерінің өлшемі бойынша
қиыршық тас фракциялары 5-10; 5-20; 10-20; 20-40 мм және құм - ірі, орташа және ұсақ деп бөлінеді.
Көлемдік үйінді массасы бойынша табиғи кеуекті толтырғыштар маркасына байланысты 2.7 кестеге байланысты бөлінеді.
Кесте 2.7
Табиғи кеуекті толтырғыштар маркасы
Көлемдік массасы бойынша маркасы
Көлемдік үйінді массасы бойынша мәні, кгм[3]
Қиыршық тас
Құм
300
-
300-ден төмен
350
-
300-ден 350-ге дейін
400
-
350-400
500
500
400-500
600
600
500-600
700
700
600-700
800
800
700-800
900
900
800-900
1000
1000
900-1000
1100
1100
1000-1100
1200
1200
1100-1200
-
1300
1200-1300
-
1400
1300-1400
Бетонға арналған қиыршық тас МЕСТ 22263-76 талаптарына сай болуы керек.
Әр фракцияның түйіршіктік құрамы немесе қиыршық тастың фракцияларының араласпасы 2.8 кестеде келтірілген талаптарға сәйкес болуы қажет.
Кесте 2.8.
Әр фракцияның түйіршіктік құрамы немесе қиыршық тастың фракцияларының араласпасы
Бақылау електерінің саңылауларының өлшемі
Dminең кіші фракциялар үшін саңылауларының өлшемі
Dmax
2Dmin
5 мм
10 мм және артық
Електегі толық қалдық, % көлемі бойынша
95-тен кем емес
90-нан кем емес
10-нан артық
емес
0
Қиыршық тас құрамында шаң мен саз бөлшектерінің мөлшері массасы бойынша 3%-дан аспауы керек. Құрамындағы жентек саз мөлшері массасы бойынша 0,25%-дан аспауы қажет. Қиыршық тас қабыршақ пішінді түйіршіктерінің мөлшері бойынша 2.9 кестеде келтірілген талаптарға сай болуы керек.
Кесте 2.9
Қиыршық тас қабыршақ пішінді түйіршіктерінің мөлшері
Тұйіршіктерінің пішіні бойынша қиыршық тас тобы
Қабыршақ пішінді түйіршіктердің мөлшері, % массасы бойынша, артық
емес
Кәдімгі Жақсартылған
Куб тәрізді Дөңгелетілген
30
20
15
10
Цилиндрде қысу арқылы анықталатын беріктігіне байланысты қиыршық тас 2.10 кестеде келтірілген маркаларға бөлінеді.
Кесте 2.10
Қиыршық тас маркалары
Беріктігі бойынша қиыршық тас маркасы
Қиыршық тас беріктігі (цилиндрде қысу кезінде),
кгссм[2]
Пемза мен шлактардан
ТУфтардан, ірі кеуекті базальттан, карбонатты және кремнезисті
жыныстардан
П25 П35 П50 П75 П100 П1125 П150 П200 П250 П300
П350
2-ден 3-ке дейін
= 3 = 4
= 5 = 8
= 8 = 10
= 10 = 12
= 12 = 15
= 15 = 20
= 20 = 25
= 25 = 30
= 30 = 35
= 35
2-ден 3-ке дейін
= 3 = 4
= 4 = 6
= 6 = 8
= 8 = 10
= 10 = 12
= 12 = 16
= 16 = 20
= 20 = 25
= 25 = 30
= 35
Аязға төзімділігі бойынша F150 - ден кем емес маркалы бетон дайындау үшін қолданылатын қиыршық тас кезекпен мұздату мен ерітуге 15 циклдан кем емес шыдау қажет. Бұл жағдайда массасын жоғалтуы 10%-дан аспауы керек.
Ескерту. Берілген дипломдық жұмыста бетон блоктарын дайындау үшін жеңіл толтырғыш ретінде жасанды қиыршық тас салынды. Жасанды қиыршық тас негізінде жасалған бетон, жасанды қиыршық тастың кәдімгі қиыршық таспен салыстырғанда, орташа тығыздығы 2,5 есе жеңілірек және жылу- физикалық қасиеттері 35-40%-ға жоғары болғандықтан, жеңіл болып келеді. Жаңа жасанды қиыршық тас салыстырмалы түрде арзан және қол жетімді.
Бетонның құрамын есептеу
Жеңіл бетонның құрамын есептеген кезде, оның беріктігі ірі толтырғыштың беріктігіне байланысты. Бетонның белгілі анықтамалары бар (ҚНмЕ және ТУ графиктері және кестелері) арқылы алдын - ала ірі және майда толтырғыштардың жарамдылығын тексереді.
Жеңіл бетон блоктарын өндіруге керек материалдардың 1м[3] көлеміне қажетті материалдарды есептеу.
Өндіріске қажетті жеңіл бетон құрамын анықтау қажет. Қажетті материалдар:
Бетонның маркасы М200
тығыздығы 800-950 кгм[3] Портландцементтің маркасы М500 Араласпаның қаттылығы 60 с
Кварцты құмның тығыздығы рқ = 1500 кгм[3] Жасанды қиыршық тасфракциялары 10...20 мм тығыздығы 600 кгм[3] және 250 кгм[3]
Материалдар ҚНмЕ талаптарына сәйкес.
Цементтің шамамен шығынын толтырғыштардың қасиеттеріне, цементтің және бетонның маркаларына байланысты анықтайды (кесте 2.13). Цементтің басқа маркаларын немесе араласпаның басқа жылжымалығын немесе қаттылығын қолданған кезде, цементтің шығынын кестеде келтірілген коэффициентке көбейту керек (кесте 2.11).
Цементтің шығыны 2.11 және 2.13 кестелер бойынша анықталды:
260 * 0,92 = 239 кгм[3] (2.2)
Судың шығыны 2.12 кесте бойынша анықталды: 130 л
Ірі және майда толтырғыштардың шығыны:
Т = рқұрғ. - 1,15Ц = 1300 - 275 = 1025 кгм[3] (2.3)
Мұндағы, рқұрғ - жеңіл бетонның құрғақ күйіндегі беріктік тығыздығы, кгм[3]
1,15Ц - химиялық байланысқан суды есептегенде, цементті тастың массасы, кг
Құмның шығыны 2.11 кесте бойынша: 45%, яғни,
Қ = 1025 * 0,4=410 кгм[3] (2.4)
Жасанды қиыршық тастың шығыны
Ж.Қ= Т - Қ = 1025 - 410 = 615 кгм[3] (2.5)
Бетонның құрамы:
цемент - 239 кгм[3] су - 130 лм[3]
кварцты құм - 410 кгм[3]
жасанды қиыршық тас - 615 кгм[3]
Кесте 2.11
Жеңіл толтырғыштардың маркаларына байланысты конструкционды жеңіл бетондар үшін цементтің нормативті шығынының өзгеру коэффициенті
Беріктігі бойынша жеңіл толтырғыштың
маркасы
Цементтің шығынының өзгеру коэффициентінің мәндері (келесі маркаларда)
150
200
250
300
75
1,15
-
-
-
100
1,0
1,15
-
-
125
0,92
1,0
1,2
-
150
0,89
0,92
1,0
1,25
200
0,86
0,85
0,9
1,0
250
-
0,77
0,8
0,86
300
-
-
0,76
0,82
Кесте 2.12
Жеңіл толтырғыштар (түйіршіктерінің ірілігі 20 мм) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz