Толтырғышты химиялық ерітінділермен өңдеу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 105 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

бет

Кіріспе 7

1 Жалпы бөлім 8

  1. Технологиялық бөлім 10Өнім номенклатурасы және оған қойылатын талаптар 10Өндірістің технологиялық схемасының тәсілін таңдау. 12Функционалдық схема. 12Цехтың жұмыс режимі мен өнімділігі. 16Шикізаттар мен жартылай фабрикаттар 17Байланыстырғыш заттар 20Химиялық қоспалар. 21Арболиттің құрамын таңдау 23Шикізаттар қоймасы. 27Технологиялық схеманың қысқаша сипаттамасы және технологиялық, транспорттық қондырғылар есебі 28Қондырғыларды таңдау 30Технологиялық процесті және дайын өнімнің сапасын бақылау. 33Бетонараластырғышты автоматтандырудың қажеттілігі технологиялық процесінің сипаттамасы. 39
  2. Жылу техникалық бөлім 45
  3. Ғылыми-зерттеу бөлімі 57Арболиттің қасиеттері және қолданылуы 64Қолданылатын шикізат материалдарының негізгі сипаттамаларын зерттеу

. . . 70

  1. Арболиттің жылу өткізгіштік қасиетін зерттеу. 74
  2. Күріш қауызы негізіндегі арболиттің беріктігі 75
  1. Сәулеттік-құрылыстық бөлім 77Көлемді-жоспарлы шешімдер 77Конструктивті шешімдер 77Бас жоспардың схемасы 82Жел өрнегін құру. 83
  2. Экономикалық бөлім 85Ұжымдық құрылым және қызметкер. 87Жобаны орындау. 88Жобаны орындауға кеткен шығындар. 88Өнім шығындары. 89Айнымалы шығындар. 89Қаржы жоспарлауы. 90Қаржылардың қозғалысы туралы есептеу нәтижесі. 91Пайда және шығын туралы есеп. 91Баланстық есептер. 91Қаржы коэффициенттері және олардың бағасы 91Залалсыздық талдауы. 94
  3. Еңбек қорғау және қоршаған ортаны қорғау бөлімі 104

Қорытынды 114

Қолданылған әдебиеттер тізімі 115

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде Қазақстанның индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес құрылыс материалы кластерін дамыту үшін техникалық-экономикалық жағынан тиімді құрылыс материалын жасау актуальды мәселелердің бірі. Сонымен қатар құрылыстың тиімділігін жоғарлату жолдары құрылыс материалдар мен бұйымдар өндірісінде екіншілік ресурстарды қолдану және материал сыйымдылығын төмендету болып саналады. Бұған прогрессивті ғылыми-техникалық жетістіктерді, ресурстарды және энергияны үнемдеуші технологияларды қолдану және өнім бірлігіне еңбек және отын энергетикалық ресурстар шығынын төмендету арқылы жетуге болады.

Қызылорда облысында жылына күрішті жинау және өңдеу кезінде 40 мың тоннаға дейін күріш қауызы мен сабаны жиналады. Оның үйінді тығыздығы төмен болғандықтан, олар үлкен көлемді алып жатады. Сонымен бірге аулышаруашылық дақылынан басқа да өсімдіктер шығарылып, олар да көптеп қосымша қалдықтар бөледі.

Осыған байланысты Қызылорда облысының жергілікті шикізаттары, атап айтқанда ауыл-шаруашылық қалдықтары - органикалық толтырғыштар арболит өндірісінде қолдану актуальды өзекті мәселе болып тұр.

Органикалық толтырғыштар негізінде жеңіл бетондардың көп тараған түрі - арболит (грек тілінен ағаштас, ағашбетон деген мағына береді) . Арболит әдетте ағаш дайындау, өңдеу өнеркәсіптерінің және ауылшаруашылық өндірісінің қалдықтарынан жасалған түйірлерді байланыстырғыш затпен біріктіру арқылы алынатын материал. Байланыстырғыш зат ретінде кәдімгі және тез қатаятын портландцементтер және беріктігі жоғары гипс қолданылады.

Негізінде бұл материал эффективті қабырға материалдарын жасау технологиясына жатады. Осы құрылыс материалының бағасын төмендетін шаралардың бірі, бұл өндіріс және ауыл шаруашылық қалдықтарын шикізат есебінде қолдану: атап айтқанда ауыл шаруашылығын күріш қауызы мен сабанын толтырғыш есебінде есебінде пайдалану арқылы арболит блоктарын жасау саналады. Бұл материалдарды жасау тұрғын үй құрылысының бір шаршы метрге шаққандағы өзіндік бағасын төмендетуіне үлесін қосады.

1 Жалпы бөлім

Қызылорда қаласындағы жылдық қуаты 3 мың м 3 арболит блоктарын өндіретін зауыт жобасы Қызылорда қаласындағы және облыстағы тұрғын үй құрылыстарын сапалы арболит бұйымдарымен қамтамасыз етуге арналған.

Сонымен бірге шығарылатын өнім номенклатурасы мен өзгерту мүмкіндіктері және шығарылатын өнім көлемінің өнеркәсіптің қуаттылығын өзгерту мүмкіндіктері қарастырылған.

Зауыт дайын өнім шығаруды қамтамасыз ететін толық жинақта барлық қажет ететін негізгі және көмекші өндірісі бар жоғары механизациялы және автоматтандырылған өндіріс ретінде жобаланған. Зауыттың жоба алаңында көркейту, көгалдандыру, зауыт жұмысшылары мен автокөлік қозғалысының қауіпсіздігі, жеңіл автокөліктерге арналған автотұрақ, спорт алаңы, аумақты орталық бақылаудан өткізу пунктімен қоршау қарастырылған.

Зауыт құрамына келесілер жобаланады:

А. Өндірістің автоматты агрегатты-ағынды әдісі бар бас өндірісті ғимарат

Б. Әкімшілік-тұрмыстық ғимарат В. Араластырғыш торабы

Г. Толтырғыштар қоймасы Е. Цемент қоймасы

Ж. Қоймасы бар химиялық қоспалар дайындалатын бөлімше З. Компрессор

И. Дайын өнімдер қоймасы

Арболитті майдаөлшемді блоктар шаруашылық типті тұрғын үйлердің арнайы құрылысына және шаруашылықтарды ( сиыр шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, құс шаруашылығы, сарай-қойма, гараж және т. б. ) тұрғызуға арналған.

Блоктар арболитті бетонды араласпадан дайындалады және жобалық тығыздығы ρ = 700 кг/м 3 , геометриялық өлшемі 600×150×250 мм.

Блоктар МЕМСТ-19222-84 және МЕМСТ-19010-82 мемлекеттік талаптарына сай дайындалады.

Арболитті араласпа құрамы органикалық толтырғыштардың түріне байланысты кәсіпорынның өндіру лабораториясында таңдалады.

Осыған байланысты органикалық толтырғыштардың фракциялық қатынасы, олардың құрамы, цементтің оптимальді шығыны, 1 кг/м 3 араласпаға қажетті су және химиялық қоспалардың шығыны жоғарыда

көрсетілген стандарттарға сай белгіленеді.

Арболитті араласпа қалау кезінде ±5% қана ауытқитын қажетті тығыздыққа (тығыздалған күйде) ие болуы керек және 15 0 С - тан төмен

болмауы қажет.

Араласпаның қатпарлану көрсеткіші 10%-тен жоғары болмауы қажет.

Кеуекті арболитті араласпа 30 с аспайтын қаттылыққа (техникалық вискозиметр) және 4 см аспайтын жылжымалылыққа ие болуы керек.

Тығыздалған арболиттің дәлелді орташа тығыздығы жобалық тығыздығынан 5%-дан артық асып кетпеуі керек.

Арболитті бұйымдардың аязға төзімділігі олардың қолданылу режиміне және жобалау нормалары бойынша құрылыс аудандарының климаттық шарттарына байланысты маркаланады және Ғ25-тен төмен болмауы керек.

Арболиттің ылғалдылығы тұтынушыға тасымалдау кезінде массасы бойынша 25%-дан жоғары болмауы қажет.

Арболитті бұйымдарды тұтынушыға тасымалдау кезінде жобалық (МЕМСТ 19222-84 стандарты бойынша арболиттің рұқсат етілген белгіленген ылғалдылығы) ылғалдылығы жоғары сапалы бұйымдарда 5%, ал бірінші дәрежелі сапалы бұйымдарда 7%.

Бұйымның жобалық өлшемдерінің ауытқулары көрсетілген сызбаларда, стандарттарда және бұйымның арнайы түрлеріне арналған техникалық шарттарда мынадай өлшемнен аспауы қажет, мм:

  • ±5 - бұйымның ұзындығы бойынша;
  • ±5 - бұйымның биіктігі және қалыңдығы бойынша.

Бұйымның жоғарғы беттік сызықты профильінің тексерілген бетімен және іргелес қабырғаларының металлдық сызықтарының ауытқуы - 3 мм- ден аспауы керек.

Дайын блоктарды 60%-дан аспайтын ылғалдылықта жабық қыздырылған орында сақтау керек.

Технологиялық бөлім Өнім номенклатурасы және оған қойылатын талаптар

Физико-механикалық қасиеттері бойынша арболит блоктарының номенклатурасы 2. 1-кестеде көрстеілген.

Арболит блоктарының өлшемдері мен олардың шекті ауытқулары, мм

Кесте 2. 1.

Арболит блогының эскизі

Өлшемдер атауы

Номиналды өлшемі

Арболит блоктары үшін шекті ауытқулар

Арболит блогының эскизі:

Өлшемдер атауы:

Ұзындығы

Номиналды өлшемі:

600

Арболит блоктары үшін шекті ауытқулар:

±5

Арболит блогының эскизі:

биіктігі

Өлшемдер атауы:

300

Арболит блогының эскизі:

Қалыңдығы

Өлшемдер атауы:

150

Номиналды өлшемі:

±0, 8

Арболит блогының эскизі:

Қалыңдығы

Өлшемдер атауы:

200

Номиналды өлшемі:

±1, 0

Арболит блогының эскизі:

Қалыңдығы

Өлшемдер атауы:

300

Номиналды өлшемі:

±1, 2

Арболит - органикалық целлюлозалық толтырғыш, минералды байланыстырғыш, су және химиялық қоспалар негізінде жасалатын, ірі кеуекті құрылымды жеңіл бетон. Арболиттің басқа өзіне ұқсас материалдарға, яғни фибролит, ағаш-жоңқалы тақталар, силолит немесе т. б, қарағанда артықшылығы - оны жасау үшін органикалық целлюлозалық толтырғыштардың өте көп номенклатурасын пайдалану мүмкіндігі.

Арболит ағаш және бетонның жақсы қасиеттеріне ие: жанбайды, біршама биотөзімді, аязға төзімді, улы емес, бөлмеде жылу-ылғалдылық режимін жақсы реттейді, механикаландырылған құрылғымен өңделеді, талшықты-тұтқыр құрылымға ие, таранспорттауға икемді, сонымен қатар ол азқабатты үйлерді салуға қажетті тиімді қасиеттерге ие.

Ағаш ұнтағы негізіндегі арболитті тұрғын үй, өндіріс және ауыл шаруашылық ғимараттарын тұрғызуда пайдаланады.

Кеуекті толтырғыштар негізіндегі бетонға қарағанда, арболитті өндіру және пайдалану материал көлемін, энергия көлемін, ғимарат массасын және 1м 2 қабырғаны жасауға қажетті материалдардың үлесті капиталдық шығындарын азайтады. Құрылыста арболитті конструкциялардың әр текше метрін пайдалану, өте арзан құрылыс материалы - керамзитбетонға қарағанда, экономикалық жағынан тиімді. Сонымен қатар біруақытта тағы да маңызды мәселелердің бірі - өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өндірісінің қалдықтарынан бүлінуінен қоршаған ортаны қорғау мәселесі шешіледі. Арболит технологиясы қиын емес, ал оны өндіру көп қаржы салуды қажет етпейді.

Арболит - минералды байланыстырғыш және өсімдік тектес, органикалық целлюлозалық толтырғыш, күріш қауызы, химиялық қоспалар және су негізінде жасалатын жеңіл бетон.

Арболит (МЕМСТ-19222-84) 5, 10, 15, 25, 35, 50 маркада шығарылады және орташа тығыздықтан тұрақты массаға дейін кептіруге байланысты былайша жіктеледі:

  1. жылуоқшаулағыш - орташа тығыздығы 500 кг/м3-қа дейін;
  2. конструкциялық - орташа тығыздығы 500-ден 800 кг/м3-қа дейін.

Өзінің оңтайлы қасиеттерінің арқасында арболит бұйымдары құрылыста кеңінен пайдаланылады. Оларға қабырға панельдері және блоктары, төбе жабындысымен қатар орналасқан жабын тақталары, көтергіш негізбен немесе темірбетонды бөренелермен күшейтілген жабын тақталары, мәдени-тұрмыстық ғимараттар және дүкендердің бірінші қабатының аралық тақталары, жылу және дыбысоқшаулағыш тақталар, көлемдік-кеңістіктік конструкциялар, монолиттер (құймалар) және т. б жатады. Сонымен қатар тұрғын үй құрылысында линолеум және паркет астына құрама тұтастырғыш тақтай пайдаланылған.

Арболит өзінің өте жақсы қабырғалық материал екендігін дәлелдеді. Ірі кеуекті құрылымының арқасында бұл жеңіл бетон бағалы қасиеттерге ие, әсіресе ауылшаруашылық құрылысы үшін: ол жылуды өте жақсы оқшаулайды, жоғарыдағы ылғалды конденсацияламай және қабырғадағы ылғал мөлшерін жоғарылатпай, бөлме ішінде құрғақ режимді ұстап тұру қабілетіне ие.

Арболит ауылдық тұрғын үй құрылысында кеңінен қолданылады. Қабырға материалы ретінде арболитті пайдаланудың тиімді шарты - оның

орташа тығыздығының аз болуы, жақсы жылу және дыбыс оқшаулау қасиеттері болып табылады.

Қазіргі уақытта арболиттен жасалған 115 сериялы ірі блокты үйлер құрылысы кеңінен таралған және бөлме өлшеміне сәйкес панельдермен жасалған ірі панельді үйлер азырақ таралған.

Ірі арболитті блоктардан жасалған 115 сериялы тұрғын үйлердің барынша перспективті жобалары мыналар:

ТП 183-115-119/1. 2 « Бір қабатты, бір пәтерлік, үш бөлмелі үй»; ТП 183-115-54 « Бір қабатты, екі пәтерлік, үш бөлмелі үй»;

ТП 141-115-5/72 « Екі қабатты, екі шекте блокталған екі пәтерлік, төрт бөлмелі үй».

Негізгі қабырға блоктарының өлшемдері 600*300*200 мм, 600*200*200 мм, 600*150*200 мм болады, сыртқы арболит блоктарының қалыңдығы 200 және 300 мм етіп алынады. Ал ішкі блоктардың қалыңдығы 150 мм болады. Қабырға блоктарын М25 маркалы арболиттен жасайды, ол екі жағынан цементті ерітіндімен өңделеді. Сыртқы қабаттың сығылуы бойынша беріктік маркасы 100; ал ішкі өңдеу қабатының ерітіндісінің маркасы 50 болады. Тегістеуге арналған қабат қаллыңдығы 10 мм.

Өндірістің технологиялық схемасының тәсілін таңдау

Арболит өндірісінің технологының негізгі шешетін мәселесі - құрамында экстрактивті заттары және қанты аз мөлшерде болатын ағаш толтырғышын, күріш қауызының тиімділерін таңдау, себебі олар ұстасу процесіне және байланыстырғыштың қатаюына кері әсерін тигізеді.

Арболитті қоспаны дайындау үшін органикалық толтырғыш, минералды байланыстырғыш зат, әртүрлі химиялық қоспалардың сулы ерітінділерін және суды пайдаланады. Арболиттен жасалған дайын бұйымдар өндірісінде, аталған заттардан бөлек, цементті-құмды ерітінді немесе бетон жасау үшін және бұйымға тегістегіш және контсрукциялық қабат жағу үшін инертті тығыз толтырғыштарды (құм, шағылтас) пайдаланады, сонымен қатар болат арматура, қосымша детальдар, бояғыштар, керамикалық немесе шыны тақтайлар және басқа да өңдеулік материалдарды қолданады.

Арболит өндірісінде пайдаланылатын органикалық толтырғыштың екі негізгі түрі болады:

  1. Ағашты, бұл өндірістің негізгі шикізаты төмен сапалы және отынды сүректер, ұсақталған және майдаланған түрдегі сүректердің әртүрлі қалдықтары;
  2. Ауылшаруашылық өндірісінің қалдықтарынан жасалған (талшық, кендір діңшесі, күріш қауызы, мақта сабақшасы және т. б) .

Арболит бұйымдары өндірісінің практикасы ірі ағашты, күріш қауызы негізіндегі толтырғышты негізді бетон құрамын таңдау принципін пайдаланып, арболитті массаның тығыз құрылымын алу қиын екендігін көрсетті. Дипломдық жобада арболиттің тығыз және баййланысқан құрылымын алу үшін және оларды өзара жақсы байланыстыру үшін қалың емес және ұзындығы аз ағаш бөлшектерін пайдаланамыз. Осыған байланысты ағашты толтырғыш екі кезеңдік өңдеуден өтеді: ағаш қалдықтары кескіш машинада жоңқаға айналдырылады; ал жоңқа майда ұсақтағышқа келіп, ағаш уағына айналады. Ағаш жоңқасын екінші өңдеу арқылы ағаш уағына айналдырудың бірнеше артықшылықтары бар:

  1. Беттік үлесінің жоғарылауы арқасында ағаш уағы бір-бірімен цемент тасының көмегімен жақсы ұстасады.
  2. Ағаш толтырғышын сулау процесі тез жүреді де, арболит қоспасын даярлау шарты жақсарады.
  3. Арболитті қоспаның ыңғайлы жайылымдығы жақсарады және бөлшектері бір-бірімен жақсы орналасады.

Орманды аралау, ағашты өңдеу процесінде алынатын ұсақталған ағаш сүректерінің басқа түрлері, сонымен қатар илік эктракттарды - білдек жаңқаларын, жоңқаларды дайындау, ағаш ыдыстардың қалдықтарын, ағаш түбірлері мен тамырларын арболит өндірісінің негізгі шикізаты ретінде пайдалануға болады, бірақ дайын бұйымның тәжірибелік партиясын экспериментальді тексеруден кейін ғана.

Жоғары сапалы арболитті бұйымдарды жасау үшін, әдетте ормандарды кесуден және ағаштарды өңдеуден кейінгі қалдықтарды пайдалану ұсынылады, әсіресе ағаштың қылқан жапырақты тұқымдастарын (қарағай, шырша) .

Толтырғыш дайындау үшін ағаш шикізаттарының әртүрлі түрлерінің ішінен балқарағайды ерекше назарға алу керек. Осы уақытқа дейін ағаштың бұл тұқымдасын пайдалануға рұқсат болмаған, себебі басқа тұқымдастарға қарағанда онда суда ерігіш заттар көп мөлшерде болған, ол өз кезегінде цементтің қатаюын қиындатқан. Ал балқарағайдың басқа ерекшелігі - қабығының беттік көлемінің үлкендігі (діңінің көлемінің 15%-ны дейін) . Портландцемент негізді, толтырғыш ретінде балқарағай жаңқалары қосылған арболитті масса арболит өндірісінің қарапайым тәсілінде

қатпайды. Алайда арнайы тәжірибелер арболит дайындау үшін толтырғыш ретінде балқарағай жаңқаларын пайдалану мүмкіндігін көрсетті.

Арболит жасау үшін СН 549-82 ( Арболиттен жасалған бұйымдар мен конструкцияларды дайындау және пайдалану, жобалау бойыша нұсқаулық) бойынша ұсынылатын құрамда ағаш-цементтік қатынас 0, 6-ға тең, ал су- цементтік қатынас 1, 1-1, 3 шегінде.

Өндірістік шарттарда компоненттер саны мен қоспалар түрін нақты шарттардан бөлек, яғни қолданылатын ағаш толтырғыштың сапасы, бұйымдар мен конструкциялардың тағайындалуы және эксплуатациялау шарттарынан бөлек анықтайды. Негізінен арболит технологиясы кәдімгі кеуекті толтырғыштар негізіндегі бетон технологиясындағыдай операциялардан тұрады. Алайда, целлюлозалық толтырғыш спецификалық материал ретінде барлық технологиялық операцияларға өзіндік түзетулер енгізеді.

Арболиттің физикалық-механикалық қасиеттеріне және оның өндірісінің экономикалық көрсеткіштеріне әсер ететін маңызды технологиялық факторлар - қалыптау және нығыздау тәсілі болып табылады. Арболиттің макроқұрылымы және оның орташа тығыздық, жылу және дыбыс оқшаулау, ылғал тұрақтылығы қасиеттері осыларға байланысты. Арболит қоспасын кәдімгі кеуекті толтырғыштар негізіндегі бетонды жасайтын қондырғымен жасайды. С-773, С-951, С-209, СМ-290 маркалы бетон араластырғыштарды пайдалану тиімді.

Көптеген технологиялық линияларда арболит конструкцияларын және бұйымдарын болат қалыптарда қалыптайды. Болат қалыптардағы толтырғыштар үшін екі бункерлі С-166А типті бетон нығыздауыштарды пайдалану ұсынылады. Қоспаны қалыпқа құюда басты міндет - оны барлық қалып бойынша біркелкі жаю. Бұған толтырғышты қалып жиегіне дейін немесе саптамасының деңгейіне дейін толтыру арқылы қол жеткізуге болады. Арболитті қоспа иілімді болғандықтан, қалыптың жиектерінің биіктігін нығыздау коэфициентін ескере отырып анықтайды. Нығыздау коэфициентін 1, 2-1, 6 шекте арболиттің қажетті орташа тығыздығына байланысты тағайындайды. Қылқан жапырақты жыныстардың ұнтақтарын пайдаланғанда, арболиттің орташа тығыздығы 700 кг/м 3 болса, ол 1, 3-ке тең.

Келесі мәселе арболит қоспасына қосатын су мөлшерін анықтау, бұл үшін 2 нұсқа қарастырылады:

  1. Табиғи ылғалдылықтағы ағаш ұнтағы араластырғышқа беріледі және сонда бірден қажетті су жіберіледі;
  2. Ағаш ұнтағы арнайы қондырғыда сумен араластырылады, және артық судан босатылады да, араластырғышқа химиялық қоспа ерітіндісімен бірге жіберіледі.

Жүргізілген тәжірибе ағаш ұнтағы сумен алдын-ала араластырылып және араластырылмай дайындалған арболит үлгілерінің беріктілігі бірдей екендігін көрсетті. Бұл дипломдық жобада екінші нұсқа таңдалынды және оның бірнеше артықшылықтары бар:

  1. күріш қауызының ылғалдылығын анықтауды және әр илеудің су мөлшерін есептеуді қажет етпейді, себебі ағаш ұнтағының ылғалдылығы сумен араластыру кезінде теңестіріледі (сумен араластырылмаған ағаш ұнтағының ылғалдылығы 30-дан 90%-ға дейін ауытқиды, ал сумен араластырылған ағаш ұнтағының ылғалдылығы аз ғана ауытқиды) ;
  2. арболитті қоспаны дайындау жеңілдейді, себебі қажетті судың негізгі мөлшері ағаш ұнтағының өзінде болады және тек қосымша суды қажет етеді, салмақтық мөлшері тек аз шамада ауытқиды.
  3. арболитті қоспаны даярлау процесі тездетіледі, себебі ағаш ұнтағының суды сіңіруі үшін 5 минут жеткілікті, бұл жағдайда ағаш ұнтағына су сіңіріліп болған.
  4. Шаң тозаңның аз болуы немесе болмауы себебінен жұмыс жағдайы жеңілдейді.
  5. қысқы уақыттарда ағаш ұнтағы сумен араластырылғанда, қардан және мұздан тазартылады.
  6. ағаш ұнтағының құрамындағы ағаш шаң-тозаңдары, суландыратын құрылғының түбіне шөгеді де, ағаш ұнтағының қасиеттері жақсарады.
  7. сумен араластырылған ағаш ұнтағы барынша иілімді болып келеді, ол араласпаның жайылуын жақсартады, ал арболитті бұйымның қатаю процесі кезінде цемент гидратациясы үшін су мөлшері жеткілікті болады.
  8. суландыратын құрылғы біруақытта илеуге қажетті ағаш ұнтағының көлемін мөлшерлейді.

Жоғарыда атап көрсетілгендей цемент қамырының қатаюы және онымен байланысты беріктілікті алу ағаш толтырғышының түрі мен сипатына байланысты болады. Ағаш сүрегінде экстрактілік заттар болғандықтан, ағаш толтырғышын минерализациялауды пайдаланады (оны минералды тұздар, мысалы: хлорлы кальций, күкірт қышқылды алюминий+сұйық шыны және т. б көмегімен алдын-ала өңдеу) . Дипломдық жобада қарастырылғандай, тұздар да арболитті қоспаның құрамына енгізілуі мүмкін. Минерализаторларды пайдалану цементке әсер ететін ағаш сүрегінің құрамындағы экстрактілік заттардың кері әсерлерін азайтады және жоғары сапалы арболит алуға мүмкіндік береді.

Арболитті қоспа төгілмелі емес материал, сол себепті оны даярлау үшін мәжбүрлі қозғалыстағы араластыруға арналған бөлшектері бар араластырғышты пайдаланады.

Органикалық толтырғыштарының иілгіш қасиеттері жоғары болғандықтан арболит технологиясында спецификалық құбылыстар байқалады, бұл уақытта қалыпталған бұйым қысым тоқтағаннан кейін өзінің қалыңдығын нығыздаушы күштің бағытына сәйкес келетін бағытта өзгертеді, яғни араласпаны қысымнан босату процесі жүреді.

Кәсіпорындарда арболитті бұйымдарды көлденең қалыптарда, мына негізгі тәсілдермен қалыптайды: күштік вибропрокатпен, вибропреспен, күштік дірілдеткішпен, сырғымалармен қабатаралық тегістеу, нығыздау, престеу. Бұл тәсілдердің әрқайсыларының өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

Дипломдық жобада қалыптаудың вибропрестеу тәсілі пайдаланылады. Арболитті бұйымдарды қалыптайтын жұмыс жасап жатқан діріл алаңының амплитудасы 0, 15-0, 6 мм және жиілігі 33 Гц. Пластифицирлеуші қоспалары жоқ ағаш ұнтағынан жасалған арболитті бұйымдарды вибрациялаудың тиімді ұзақтылығы - 30-40 с құрайды. Көлденең қалыптарда вибрациялау режимін дұрыс таңдаған кезде, цементті-құмды қабаттың арболитпен қажетті байланысы қамтамасыз етіледі.

Тәжірибе көрсеткендей көлденең қалыптарда арболит араласпасын вибрациялау арқылы нығыздауды жылжымалы қоспаларды (мысалы: құймалы, кеуектендірілген) пайдалануда және ашық бетіне әлдеқандай күш түсіргенде өте тиімді болып табылады. Бұл жағдайда вибрация арқасында аздап орын жылжытқан толтырғыш бөлшектері барынша қарқынды жақындаса бастайды және қаптауға барынша ыңғайлы қалыпта орналасуға тырысады.

Арболиттен жасалған бұйымдарды өңдеу технологиялық линияларда бұйымдарды қалыптау кезінде және қалыптаудан кейін жасалуы мүмкін.

Функционалдық схема

Барлық жұмыс жасайтын цехтарда арболитті бұйымдар мен конструкцияларды даярлаудың технологиялық процесі келесі кезеңдерден тұрады:

Гранулометриялық құрамы бойынша толтырғышты дайындау және ұсақтау;

Толтырғышты химиялық ерітінділермен өңдеу; Арболит компоненттерін мөлшерлеу;

Арболит араласпасын даярлау; Оны қалыпқа құю және нығыздау;

Қалыпталған бұымдарды термоөңдеу; Оңтайлы температурада ұстау; Бұйымдарды қоймаларға тасымалдау [2]

Цехтың жұмыс режимі мен өнімділігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БЕТОН ҚАЛДЫҚТАРЫН КЕШЕНДІ ЖОЛМЕН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ АЗҚИЫРШЫҚТАСТЫ БЕТОННЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЖОҒАРЫЛАТУ
Бетон араласпасының технологиялық қасиеттері
Жол бетонның сапасын технологиялық және климаттық факторларын ескере отырып басқару
Қуаттылығы жылына 20 000 м3 автоклавсыз қатаятын қабырғалық көбіктібетон блоктарын шығаратын завод
БЕТОНҒА АРНАЛҒАН ТОЛЫҚТЫРҒЫШТАРДЫ ДАЙЫНДАҒАНДА РЕСУРС ЖӘНЕ ЭНЕРГОҮНЕМДЕУ ШАРАЛАРЫ
Башқұрт қабатының қалыңдығы 204 метр
Вафли қамырын жасау
Сиыр сүті және кілегейдің сапалық көрсеткіштері және анықтау әдістері
Құрылыс конструкциялары
Байланыстырушы муфта: түрлері, құрылысы, пайдаланылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz