Аражабын және жабын


1. Сәулет - құрылыс бөлімі
1. 1 Жалпы бөлім
Сәулеттің негізгі мақсаты ретінде әрқашан да адамның өмір сүруі үшін қажетті өмірлік ортаны қалыптастыру болып табылады. Ал оның мінезі мен ыңғайлылығы қоғамның даму деңгейімен, мәдениетімен, ғылым және техника жетістіктерімен анықталып келген. Бұл сәулет деп аталатын өмірлік орта келбеті ішкі кеңістіктері бар ғимараттардан және сыртқы кеңістікті, яғни көшелер, алаңдар мен қалаларды құрайтын ғимараттар кешендері мен үймереттерден көрініс табады.
Жаңа түсінік бойынша сәулет дегеніміз - бұл ғимараттарды, үймереттерді және олардың кешеңдерін құру мен жобалау өнері. Ол барлық өмірлік үрдістерді ұйымдастырады. Өзінің сезімдік ықпалы бойынша сәулет - ең маңызды және ежелгі өнерлердің бірі. Оның көркемдік бейнелерінің күші адамға әрдайым ықпал етеді, өйткені адамның бүкіл өмірі сәулеттің қоршауында өтеді. Сонымен қатар өндірістік сәулетті жасау қоғамдық еңбек пен уақыттың едәуір шығынын талап етеді. Сондықтан сәулетке қатысты талаптар шеңберіне функционалды пайдалылығымен, ыңғайлылығымен және көркемдігімен қатар техникалық пайдалылық пен тиімділік талаптары кіреді. Бөлмелерді рационалды жоспарлаудан бөлек барлық ғимараттардың ыңғайлылығы баспалдақтарды, лифтілерді, қондырғылар мен инженерлік құрылғыларды дұрыс орналастырумен қамтамасыз етіледі (санитарлық приборлар, жылу, вентиляция) . Осыған сәйкес ғимарат пішіні көбінесе функционалды заңдылықтармен анықталады, бірақ сонымен бірге ол көркемдік заңдары бойынша да салынады.
Сәулет және құрылыстағы шығындарды қысқарту мәселесі ғимараттардың рационалды көлемдік шешімдері, құрылыстық және бөлшектік материалдарды дұрыс таңдау, құралымдарды жеңілдету және құрылыс әдістерін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Қала құрылысындағы басты экономикалық қор жерді пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады.
1. 2 Бас жоспар
Тұрғын үй Ақмола облысы, Ақколь қаласында, Орталық мөлтек ауданында орналасқан, басты қасбеті Тұрар Рысқұлов даңғылы, Еримбетов көшесіне қарайды. Тұрғын кварталында авто көлік жүрісін азайту үшін авто тұрақ жобаланған. Үй меридиандық бағытта жобаланған, бұл тұрғынжай ауласын суық желден сақтайды және кварталдың микроклиматын жақсартады. Авто көліктер шуынан және таза экологиялық жағдайын сақтау үшін, үй мен авто тұрақ алаңдары арасында ағаш пен гүлдер отырғызу жобаланған.
Бас қасбет жағалай кең тротуардық жолдар жобаланған, бұл өрт болған жағдайда өрт көліктері үшін кіре-беріс жолдары ретінде қолданылады. Тротуар бойлай жарықтар орнатылған. Үйлер арасында адамдар жүретін жолдар жобаланған.
1. 2. 1 Бастапқы мәліметтер
Дипломдық жобаның тақырыбы: Көпқабатты тұрғын үй. Осы тапсырмаға байланысты бастапқы мәліметтер:
- Дипломдық жобаға тапсырма
- Тұрғын үйдің орналасқан жері
Тұрғын үй Ақмола облысы, Ақколь қаласында, Орталық мөлтек ауданында орналасқан, басты қасбеті Тұрар Рысқұлов даңғылы, Еримбетов көшесіне қарайды. Аймақтың климаты 1 - ші климаттық ауданға жатады. Ең төменгі температурасы 45 0 С.
Тұрғын үй көп қабатты секциялық тұрғын үйлер түріне жатады:
- Ұзақтылық дәрежесі бойынша ғимараттың тобы = 1;
- Отқа төзімділік дәрежесі бойынша ғимараттың тобы = 1;
- Тұрғын үй жүк көтергіштігі d=400 кг болатын жолаушылар лифтісімен қамтылған;
- Қоқыс тастайтын құбыр (мусоропровод) - асбоцементтік құбыр d=400 мм;
- Іргетас - қадалық, тұтас құймалық (монолитный) ростверк және құрама темір бетонды блоктары бар.
- Қабырғалар - кірпіштік;
- Жабындар мен аралық жабындар - құрама темір бетондық;
1. 3 Көлемдік - жоспарлау шешімі
1. 3. 1 Жалпы жағдай
Индустрияландыру және жобалауды типтеудің даму шамасы бойынша тұрғын үйлердің құрылысы едәуір қарқынға ие болды. Әлеуметтік маңыздылығы бар тапсырма, яғни әрбір отбасыны жеке пәтермен қамтамасыз ету мәселесі шешілуде. Осының өзінде тұрғын үй құрылысы күнделікті мәдени тұрмыстық қамтамасыз ету мекемесімен бір кешенде жүзеге асырылады. Мөлтекаудан шекарасы көшелер болып табылады. Сондықтан да тұрғын үйді жобалау кезінде адамдар жүруге және өрт сөндіруші машиналар өтуге ыңғайлы болуды қамтамасыз ететін кең көшелер мен қатты желістер (тротуарлар) қарастырылады. Аудан ішіндегі автокөлік қозғалысын азайту мақсатында және осыған сәйкес ауданның газдалуын да азайту үшін аудан тұрғындарының жеке автокөліктеріне арналған тұрақ қарастырылған.
Қаланың жер участогін үнемдеу мақсатында бұрыштық көпқабатты тұрғын үй жобаланған. Бұл үй қаланың үлкен мөлтекауданның тұрғындары қозғалатын негізгі жолда орналасқан.
Жобаланылып жатқан үйде әрбір пәтер келесі бөлмелерден тұрады:
- тұрғын бөлмелер;
- ас бөлмесі;
- холл;
- жуынатын бөлме(ванная) ;
- дәретхана;
- лоджия.
Барлық тұрғын бөлмелер ҚНж/еЕ 1:5, 4 талаптарына сәйкес жарықпен қамтамасыз етілген, пәтер бөлмелерінің жеке кірістері бар, бөлме биіктігі - 2, 5 м. Ас үй соратын ауа алмасумен(вентиляция), жуғышпен және электроплитамен жабдықталған. Ас үйлік жабдықтың жанындағы қабырғаларына глазурланған плитка, ал қалған қабырғаларына тұсқағаз жапсырылады. Пәтерлердегі еденге стяжка беті бойымен линолеум төселген. Жуынатын бөлме мен дәретхана темірбетондық санитарлық кабинада орындалған.
1-ші климаттық аймақта орналаса отырып, тамбур жылытылған қос кіріс есіктермен және жылу жабдықтарын тамбурда, баспалдақ торында орнатумен орындалған.
Баспалдақ торы құрама темірбетондық элементтерден ішкі күнделікті пайдалануға жоспарланған. Баспалдақтың кіріс түйінінде жеке бетондық сатылардан. Баспалдақ баспалдақтық алаңшасына тіреледі. Баспалдақ еңісі - 1:2. 2-ші мен 3-ші қабат аралығындағы баспалдақ торында есік пен есік қорабын мырышпен қапталған темірмен қаптау персоналы үшін бөлме қарастырылған. Баспалдақ торынан металл баспалдақ арқылы шатырға шығуға болады. Металл баспалдақ отқа төзімді есікпен жабдықталған. Баспалдақ торында жасанды және терезелік ойық арқылы жарықтандырылуы бар. Баспалдақ торы бойынша және тамбурдағы барлық есіктер ғимараттан шығу жағына қарай ашылады. Баспалдақ қоршауы металлдардан орындалады, ал тұтқасы пластмассамен қапталған. Тік коммуникациялар үшін лифтілік құрама темірбетондық шахта қарастырылған. Шахта жүк көтергіштігі 400 кг болатын лифтілік қондырғымен монтаждалған. Лифтінің машиналы бөлімі шатырда орналасады, себебі ол жетекші арқандардың ұзындығын 3 есе қысқыртуға, лифтінің кинематикалық сұлбасын жеңілдетуге, ғимараттың көтергіш құралымдарына түсетін салмақты азайтуға және блоктарға арналған бөлмелер құрылғыларынан бас тартуға мүмкіндік береді. Осыған сәйкес лифт бағасы мен эксплуатациялық шығындар айтарлықтай қысқарады. Алайда машиналы бөлімнің мұндай жоғары орналасуы аккустикалық шулық пікір жағынан тиімсіз болып табылады.
1. 4 Сәулет құралымдық шешімКөп қабатты тұрғын үй бөлмелері құрамына оның негізгі элементі - пәтерлер. Бұндай шешімнің жағымды жағы - бұл әлеуметтік мәдени тұрмыстың нысандарының тұрғын аймағына неғұрлым жақындауы. Бұл халыққа қызмет көрсетудің ыңғайлылығына әкеледі, құрылыстағы шығынды және сонымен қатар тұрғын үй мен әлеуметтік мәдени тұрмыстың бір мезгілді берілуіндегі шығындарды қысқартады.
Біздің еліміздің қалаларындағы халықтың негізгі тұратын орны көп қабатты тұрғын үйлер болып табылады. Бұндай үйлер аумақты рационалды пайдалануға, инженерлік жүйелердің, көшелердің, қалалық транспорттық жолдардың ұзындықтарын қысқартуға мүмкіндік береді. Тұрғын қоры тығыздығының айтарлықтай ұлғаюы(құрылыс салынатын аумақтың 1га келетін тұрғын ауданының (м 2 ) саны) көп қабатты құрылыс салынатын кезде едәуір экономикалық әсер береді. Сонымен қатар олардың биіктік композициясы құрылыстың айқын кескінінің құралуына әсерін тигізеді. Құрылыс қабаттылығын дұрыс таңдау оның үнемділігін анықтайды.
Қабат саны бестен көп үйлерде лифт пен қоқыс құбырларын қондыру міндеттілігіне байланысты 1 м 2 тұрғын ауданының құрылыстық бағасы артады, және де үй бойынша эксплуатациялық шығындар да артады. Бірақ құрылыста тек қана көп қабатты үйлерді қолдану біркелкілікке, масштабтын жоғалуына алып келеді, сонымен қатар құрылыстың өте жоғарғы тығыздығына қол жеткізуге мүмкіндік бермейді. Себебі қабаттылық жоғарылаған кезде ғимараттар арасындағы санитарлық ажырау да жоғарылайды. Сондықтан да қалаларда тек қана көп қабатты үйлер ғана емес, сонымен қатар орташа қабаттылықты үйлерді де салған оңды шешім болып табылады.
1. 4. 1 Іргетастар
Ішіне жасалған бөлмелері бар тұрғын үй астына қадалы іргетастар жобаланған (L=7 м), қадалық негіз бойынша біртұтас құймалы арматураланған ростверк жобаланған. Біртұтас құймалы ростверк бойынша іргетас құрама бетондық блоктардан орындалады.
Іргетас астына қадалық негіз орнатқан кезде:
- Іргетас жұмысының сенімділігі артады;
- Жер жұмыстары кемиді;
- Материал сыйымдылығы кемиді;
- Қыс мезгілі кезінде топырақ негізінің тоңданып қалу қорқынышынсыз жұмыс істеу мүмкіндігі;
- Жертөле толып кету және негіздің сулануы жағдайында кезекті эксплуатация кезіндегі отыру қаупі жоқ.
Қадалық іргетастың кемшілік жағы оны жерге қағу кезіндегі еңбексыйымдылығы болып табылады.
1. 4. 2 Аралық қабырға
Ара қабырға қалыңдығы 8 см құрама гипсобетон қолданылған. Құрама ара қабырғаны қолдану құрылыс жылдамдығын арттырады және құрылыс алаңында ылғалдылықты азайтады. Бірақ, гипстік аралық қабырғалар әжептәуір осал болады және тасымалдау, сақтау және монтаждау барысында сынып кетуі мүмкін.
1. 4. 3 Терезе түрлері
Терезе негізінен ғимараттың толық жабдықталуын және сәулеттік-көркемдік шешімін көрсетеді. Терезелер МЕСТ бойынша қабылданады. Терезе үсті төбеге максималды жақындатылған, бұл бөлмеге жарық жақсы түсу үшін істелінген. Терезе жақтауы және сырты алюминиден жасалынады, бұл 2, 5-3 есе болаттан жеңіл және коррозияға төзімді. Ағаш терезелер ылғалды ауаға төзімсіз, сондықтан уақыт өткен сайын оны әктеп тұру қажет.
1. 4. 4 Есіктер
Бұл дипломдық жобада ішкі пәтер есіктері, бөлме және сыртқы күшейтілген есіктер МЕСТ бойынша қабылданған. Есіктер 2, 1 м ұзындықты және ені 0, 9; 1, 3 м болып келеді. Қауіпсіздік ережесіне сай есіктер сыртқа қарай және көшеге қаратылып істелінеді. Сыртқы ағаш есіктерге және тамбурдың сатылы торында табалдырықпен істейді, ал ішкі есіктер үшін табалдырық істемейді. Есік тетігі топсаға ілініп істелінеді, өйткені есік бұзылғанда немесе жөндегенде шешіп алу, оңай болуы үшін. Есік ашылып қалмауы және қағылмауы үшін есіктерге серіппе орнатылады. Есікке - есік тұтқасы, ілгіші және бұранда құлпы орнатылады.
Сурет 3. Есік түрлері
1. 4. 5 Еден
Еден тұрғын және қоғамдық ғимараттарда беріктік, тозуға шыдамдылық, дыбыс өткізбеу, жинауға ыңғайлы сияқты қасиеттеріне сәйкес болуы керек. Пәтерлерде еден үстін жылу өткізбеу қасиетімен линолеум қолданылады. Еден төсемі керамзиттік ерітіндіден жасалынады, бұл дыбыс өткізбегіштік қабаты болып саналады.
Бұл едендердің оң жағы гигиена жағынан және дыбыс өткізбеуі болып келеді. Теріс жағы үлкен көп еңбек сіңіруді керек етеді, бұл да құрылыс мерзімін ұзақтатады.
1. 4. 6 Өңдеу, әдемілеу
Сыртқы өңдеу: цокольдік бөлімі зауытта дайындалған рельефтік цоколдік блоктан тұрады. Қабырға өңдеу - қапталған қызыл кірпіштен. Терезе және есіктер майлы бояумен және эмальмен бояланады.
Ішкі өңдеу: пәтер қабырғалары сылақтан кейін тұсқағазбен жабыстырылады. Ас бөлмесі жуылатын тұсқағазбен, ал санитарлық құрылғылар тұратын жерлері кафельмен жабыстырылады. Санитарлық бөлмелерде еден керамикалық плиткадан тұрады.
1. 4. 7 Жылу беру
Жылу беру және ыстық сумен қамтамасыз ету магистральды жылу жүйелерімен жобаланған. Жылуды конвектор арқылы береді. Әр блок-секцияға және қоса салынған блок үшін арнайы жылу түйіндері орнатылады, бұл жылу беру тәртібін реттеп және есептеп отырады. Ғимараттың жер төлесіндегі магистральды құбырлар және құбыр бағаналарын алюминдік фольгамен қаптайды және оқшаулайды.
1. 4. 8 Сумен жабдықтау
Сумен жабдықтау ішкікварталдық коллекторынан жобаланған. Су - ғимарат жер төлесінде орналасқан, алюминдік фольгамен қапталған, ішкі-үйдік магистральді құбырмен беріледі. Әр блок-секция үшін енгізу графигі белгіленеді.
Үй айналасында құдығы бар магистральды өрт сөндіретін шаруашылық-ішуге жарамды суқұбыры орнатылады, мұнда өрт гидранты орнатылған.
1. 4. 9 Электрожабдықтау және электротехникалық бөлімі
Электрожабдықтау және электротехникалық бөлім қора маңындағы қосалқы станциядан әрбір секция запитка қойылып негізгі және қосымша екі кабельдермен орындалады. Барлық электроқалқандар бірінші қабаттарға орналасқан .
1. 4. 10 Радио
Салынып жатқан ғимараттың қасында, әр секцияда радиофидерлік құрылғысы бар радиотіреулер орнатылады. Әр пәтерлерде екі радио нүктесі болады - ас бөлмеде және қонақ бөлмесінде, сонымен қатар салынған ғимараттың бөлмелерінде.
1. 4. 11 Телекөрсетілім
Әр блок-секцияда телевизиондық антенналар орнатылады, соның көмегімен телеорталықтан бағдар қабылдайды. Барлық пәтерлер қоғамдық, ұжымдық қолданыстағы антеннаға қосылады.
1. 4. 12 Телефонизация
Үйдің әр блок-секциясына және ішкі пәтерлерге телефондық желіден телефондық кабель жүргізіледі және қалалық телефондық станцияның мүмкіншілігімен абоненттерді қалалық телефондық желіге қосады.
1. 4. 13 Мусоропровод (қоқыс салғыш)
Қоқыс салғыш қоқыскамералық бункер-жинағышпен аяқаталады. Бункердегі жиналған қоқыс, қоқыстық арбаға төгіледі және қоқыс жинағыш көліктерге салынып, қалалық қоқыс қалдықтары жататын жерге шығарылып тасталады. Қоқыс камерада қоқыс құбырын тазалайтын суық және ыстық су құбыры қарастырылған. Қоқыс құбырының төбесі шатырға шығады, бұл қоқыс камераны желдетіп және саты торларында жиналып қалған жаман ауаны қоқыстық клапан арқылы сыртқа шығарады, сонымен қатар өрт болған жағдайында түтінді сыртқа шығарады. Қоқыс камераға көше жағынан кіреді.
1. 5 Техника-экономикалық көрсеткіштер
Тұрғын үйлердің экономикалық көрсеткіштері көлемдік жоспарлау және құрылымдық шешімдерімен анықталады. Пәтерде жобаланған тұрғын және қосалқы ауданның қатынасы, бөлме биіктігі, санитарлық бөлімдердің және ас бөлмесінің жабдықтары маңызды рольді атқарады. Тұрғын үйлердің жобасын келесі көрсеткіштер анықтайды:
- Құрылыс көлемі (м куб. )
- Құрылыс салу көлемі (м2)
- Жалпы көлем (м2)
- Түрғын ауданы (м2)
Құрылыс көлемі тамбур, лоджия - жалпы көлемге кіргізіледі.
Ғимараттың жер төлемен қоса жалпы көлемі жер үсті және жер асты көлемнің қосындысымен анықталады.
Құрылыс ауданын цоколь деңгейіндегі горизонталь қиманың ауданымен есептейді, ғимараттан шығып тұратын бөлімдер мен жабыны бар бөлімдерді қоса (кіре беріс, дәліз, терасса) .
Пәтердің тұрғын ауданын тұрғын бөлмелердің ауданының қосындысымен және 8 м 2 ас бөлмесінің ауданымен анықтайды.
Пәтерлердің жалпы ауданын тұрғын аудандардың қосындысымен және қосалқы бөлмелер, пәтер, дәліз, қойма шкафтары, лоджия, балкондар, және террассалармен есептейді, төмендетілген еселеуішпен есептелінеді:
→ лоджия үшін - 0, 5,
→ балкон және терассалар үшін - 0, 3.
Бөлме ауданын қабырға аралары және еден деңгейіндегі ара қабырға арқылы есептейді. Саты торлары және әр түрлі шахталар қабат ауданына кіреді. Қабат ауданы және еден асты ауданы ғимарат ауданына кірмейді.
1. 6 Жылутехникалық есеп
Құрылыс ауданы - Ақмола облысы, Ақколь қаласы
Ылғалдылық аймағы- құрғақ
Жел розасы
Кесте 1. 1
Ылғалдылық аймағы- құрғақ
Ең суықтау бескүндік температурасы t есб =-36°C [СНиП РК 2. 04-01-2001]
Ең суықтау тәулік температурасы t ест =-39°C [СНиП РК 2. 04-01-2001]
Жылытылатын кезеңінде градус-тәуліктерді анықтаймыз:
ЖМГС=(t int -t ж. к ) z ж. к =( 20 - 8, 1) ·216=6286°C·тәулік,
СНиП РК 2. 04-03-2002 кесте 1 бойынша жылу берілім кедергісі:
Қабырғаға: R 0 қажет =3, 52 (м 2 ⋅°С) /Вт; Жабынға: R 0 қажет =4, 19(м 2 ⋅°С) /Вт;
Сыртқы қабырғаға және жабынға жылуберілім кедергілері мына шарт-ты қанағаттандыруы керек:
R 0 ≥ R 0 қажет , (1. 1),
мұндағы R 0 қажет - қабырға мен жабынға қажетті термиялық кедергісінің жылуберілімі, м 2 ⋅°С/Вт СН РК 2. 04-21-2004* 2 теңдеуі бойынша;
Қажетті жылуберілім кедергіні мына теңдеу арқылы анықтаймыз:
, (1. 2),
мұндағы n - сыртқы қоршау бетінің сыртқы ауаға байланысы алатын коэфицент, n=1/ СН РК 2. 04-21-2004* кест. 1/;
t int - ішкі ауаның есептік температурасы, t int =+20°C [ СН РК 2. 04-21-2004* қосымша 3] ;
t ext - сыртқы ауаның қыстық есептік температурасы, °C [СН РК 2. 04-21-2004* қосымша 3] ;
t ext = t ест + t есб / 2 = - 36 - 39/ 2 = - 37, 5 C o ;
∆t n - нормативті температуралық кезең, сыртқы қабырғалар үшін ∆t n = =4, 5°C, ал жабындар үшін ∆t n = 4°C [ СН РК 2. 04-21-2004* кест. 2] ;
α int = 8, 7 Вт /(м 2 0 С) - қоршау контурының ішкі бетке жылуқайтарылым коэфиценті[ СН РК 2. 04-21-2004* кест. 3] ;
Сыртқы қабырғалар үшін қажетті жылуберілім кедергісі:
R 0 қажет = 1(20+37, 5) /4, 5·8, 7 = 1, 46(м 2 ⋅°С) /Вт;
Жабындар үшін қажетті жылуберілім кедергісі:
R 0 қажет = 1(20+37, 5) /4·8, 7 = 1, 65(м 2 ⋅°С) /Вт;
Қоршау конструкциясының жылуберілім кедергісін R o , м 2 ⋅°С/Вт, мына теңдеуімен анықтаймыз:
, (1. 3),
мұндағы α n =23 Вт/ м⋅°С - қоршау контурының сыртқы бетке жылуқайтарылым коэфиценті/ СНиП РК 2. 04-03-2002 кест. 3/;
R - қоршау конструкциялардың бөлек қабаттарының термиялық кедергісі, ол мына теңдеуімен анықталады:
, (1. 4),
мұндағы δ - қабаттың қалыңдығы, м;
λ - жылуөткізгіштің есептік коэффиценті, Вт/(м 0 С) [СНиП РК 2. 04-03-2002 қосымша 3*] ;
Ғимараттың жылу инерциясын мына теңдеу бойынша анықтаймыз:
D= R 1 s 1 + R 2 s 2 + . . . + R n s n , (1. 5),
мұндағы D - қоршау конструкциясының жылу инерция,
S - қоршау конструкция материалының, бөлек қабат есептік жы-луқабылдағыш коэффиценті, Вт/(м 2 0 С) [СНиП РК 2. 04-03-2002 қосымша 3*] ;
1. 6. 1 Қабырға конструкциясының жылутехникалық есебі
Ең салқын бескүндік температурасы минус 36°С
Ең салқын тәуліктердің температурасы минус 39 °С
Ішкі ауаның есептік температурасы t в = +20 ˚С
Қоршағыш құралымдардың жылубергіштікке қарсыласуын R o , м 2 ⋅°С/Вт (1. 4) теңдеу бойынша есептейміз:
Кесте 1. 1
Қабырғаның жылуберелім кедергісін (1. 3) теңдеу бойынша анықтаймыз :
R 0 =1/23+0, 120/0, 56+х/0, 056+0, 380/0, 56+1/8, 7=3, 52
х=(3, 52-0, 043-0, 214-0, 678-0, 114) *0, 056=0, 138
Жылуұстағыш қалыңдығын 0, 140 м деп қабылдаймыз.
R 0 =0, 043+0, 214+2, 5+0, 678+0, 114= 3, 549 >3, 52 шарт орындалады.
Ғимараттың жылу инерциясын (1. 5) теңдеу бойынша есептейміз:
D =0, 002*25, 04+2, 03*0, 73+0, 61*4, 92+0, 026*9, 6 = 4, 78
4<D<7 болғандықтан шарт орындалады.
1. 6. 2 Аражабын және жабын
Ғимараттың аражабыны мен жабыны көп құысты плитадан жобаланған.
Жабынды және аражабынды құрастырмалы элементтерді қолданатын болсақ құрылыс объектісін тұрғызу жылдамдайды.
1. 6. 3 Жабын жылытқышының енінің есебі
Жабын қабатының материалдары
Кесте 1. 2
S,
Bт/м 2 0 С
Қоршағыш құралымдардың жылубергіштікке қарсыласуын R o , м 2 ⋅°С/Вт (1. 4) теңдеу бойынша есептейміз:
1-қабат тұтас құймалы жабын, қалыңдығы - 200мм
R 1 = δ 1 /γ 1 =0, 20/1, 92 = 0, 1 м 2 °С/Вт
2-қабат құмды цемент ерітіндісі, қалыңдығы - 20мм
R 2 = δ 2 /γ 2 =0, 020/0, 76 = 0, 026 м 2 °С/Вт
3-қабат цемент-құм ерітіндісі, қалыңдығы - 20мм
R 3 = δ 3 /γ 3 = 0, 070/0, 041 = 1, 81 м 2 °С/Вт
4-қабат керамзитті малтатас, қалыңдығы - х
R 4 = δ 4 /γ 4 = х/0, 11 м 2 °С/Вт
5-қабат цемент-құм ерітіндісі, қалыңдығы - 20мм
R 4 = δ 4 /γ 4 = 0, 020/0, 76 = 0, 026 м 2 °С/Вт
6-қабат битуммен бетін тегістеу - 2мм
R 5 = δ 5 /γ 5 = 0, 002/0, 17 = 0, 012 м 2 °С/Вт
7-қабат 2 қабат қарақағаз - 10мм
R 6 = δ 6 /γ 6 = 0, 01/0, 17 = 0, 059 м 2 °С/Вт
Қабырғаның жылуберелім кедергісін (1. 3) теңдеу бойынша анықтаймыз :
4, 19 = 1/8, 7+0, 1+ 0, 026 +1, 81+х/0, 11 + 0, 026 + 0, 012+ 0, 059 + 1/23
х/0, 11 = 4, 19 - 2, 3 = 1, 90
х=1, 90 * 0, 11 = 0, 209 Қабылдаймыз х=220мм
R 0 =1/8, 7+0, 1+ 0, 026+1, 81+0, 220/0, 11 + 0, 026 + 0, 012+ 0, 059 +1/23 =4, 20
R 0 =4, 20 ≥ R 0 тр =4, 19 шарт орындалады.
Ғимараттың жылу инерциясын (1. 5) теңдеу бойынша есептейміз:
D=0, 1*17, 98+0, 026*9, 6+0, 07*0, 41+2*1, 22+0, 026*9, 6+0, 012*4, 56+
+ 0, 059*3, 53 = 5, 02
4<D<7 болғандықтан шарт орындалады.
2. Есептік - құрылымдық бөлім
2. 1 Шеткі қабырғаның іргетасына жүктемені жинау
2. 1. 1 Тұрақты нормативті жүктеме:Кесте 2. 1
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz