Компьютерлік сынып бөлмесі
Мазмұны
бет
Кіріспе
1. Архитектура – құрылыс бөлімі
1.1. Жалпы мәліметтер
1.2. Технологиялық процестер
1.3. Бас жоспар шешімі
1.4. Көлемдік – жоспарлау шешімдері
1.5. Конструктивтік шешімдері
1.6. Инженерлік тораптар
1.7. Қоршағыш конструкциялардың жылу техникалық есебі
2. Конструкциялық есептеу бөлімі
2.1. Көпқуысты темірбетон плитаны есептеу перекрытия.
2.2. Темірбетон баспалдықты есептеу.
3. Технологиялық – ұйымдастыру бөлімі
3.1. Жұмыс көлемін есептеу
3.2. Жұмыстардың еңбек сиымдылығын және машина-кезек
қажеттілігін есептеу
3.3. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу тәртібі
3.4. Монтаждағыш кранды тағайындау
3.5. Құрылыс бас жоспар есебі
4. Экономикалық (технико-экономикалық негіздеу) бөлімі
4.1. Құрылыстағы нарықтық қатынастар
4.2. Жобаланатын ғимараттың құрылысының есептік құнын есптеу
4.3 Жоба бойынша негізгі ТЭК
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазіргі таңда бір-бірінен алшақта жатқан ұсақ қоныстанған жерлері бар
жеке қалалық тұрғын алқаптарында мектеп-интернаттар, дарынды балаларға
арналған арнайы мамандандырылған мектептер, орта мектептер құрылысы
қарқынды жүргізіліп келеді. Сондай ақ ірі тұрғын алқаптарында мектеп
құрылысын көбейту қажет. Олай болса менің дипломдық жұмысымның тақырыбы
қазіргі уақта өзекті болып табылады.
Құрылыс мемлекетіміздің халық шаруашылығындағы ең маңызды салалардың
бірі және істеп тұрған негізгі қорлардың кеңеюін, қайта жаңғыртылуы мен
жаңалануын қамтамасыз етеді.
Күрделі құрылыстың өндірістің барлық салаларының дамутуда, қоғамдық
еңбектің өнімділігін арттыруда, материалдық және мәдени жағдайдың деңгейін
көтеруде ролі ерекше.
Қазіргі таңдағы құрылыс өте күрделі жұмыстар кешенінен тұрады.
Қазіргі таңдағы экономика заңы бір жағынан кейбір жұмыстардың синхронды
болуын талап етеді, ал ол еңбекті тек ғылыми деңгейде ұйымдастыру
жағдайында ғана жүзеге асырылады.
Ұйымдастырудың негізгі түрі бірыңғай нормалар мен өндірісті
ұйымдастыруды жобалау ережелері, құрылысты басқару мен жоспарлау жүйесі
болып табылады. Жұмыс көлемінің өсуі, объектілердің күрделілігі бүгінгі
таңда басқарудың әдістерін жетілдіруді талап етіп отыр. Негізгі әдістердің
бірі – ол тармақты график әдісі. Бұл әдіс өндірісті ұйымдастыру мен
жоспарлауда ең тиімді әдістердің бірі.
Тұрғызылып отырған кешендердің көлемі мен қуатының және оларға
қойылатын талаптардың өсуі, құрылыс мерзімін қысқарту, құрылыс сапасының
деңгейін жоғарылату, ғимараттың құрастырылуының деңгейін көтеру, құрылыс
ұйымдарының жоғары технологиялы машина және механизмдермен жабдықталуы,
жаңа технологиялы материалдар мен конструкцияларды енгізу, құрылысқа арнайы
мамандандырылған ұйымдарды тарту құрылыс өндірісін ұйымдастыру мен
жоспарлау бойынша тиімді шешімдерді қабылдауда жеке координациялық
жұмыстардың қажеттілігін туындатады.
Соңғы жылдары нарықтық қатынасқа көшуге байланысты халық
шаруашылығының басқа салаларындағыдай құрылыс саласында да өндірістің
құлдырауы және жұмысшыларды қысқарту мен жоғары квалификациялы мамандардың
басқа салаларға кетуі сияқты көріністер байқалуда. Бұған қарамастан, нақ
осы салада болашақта үлкен өзгерістер күтілуде. Себебі мемлекетімізге үлкен
жетістіктерге қол жеткізу үшін жаңа өнеркәсіптік ғимараттар, авто және
теміржол тораптары, жоғары комфортты үйлер, қонақ үйлер мен сауда орындары,
сауықтыру ғимараттары мен құрылымдарын соғу керек.
Прогрессті технологиялық процесс әкімшілік, өнеркәсіптік
ғимараттардың көлемдік – жоспарлау, сәулетті – эстетикалық және
конструктивтік шешімдердің сапасын жоғарылатуды талап етеді. Күрделі
құрылыстың өндірістік сала ретінде ролінің өсуі осымен де анықталып отыр.
Оның орталықтандырылған маңызды міндеттерінің бірі Қазақстан
республикасының өндірістік потенциалының мүлдем жаңартылған негізде өсуін
қамтамасыз ету. Күрделі қаржыландыру тиімділігін арттыру өте күрделі
мәселе. Бұған бағыты, құрылымы және орналастыру бойынша ұтымды шешімдер,
сондай – ақ құрылыс объектісін негізделген таңдаумен қатар жобалық
шешімдердің дамытудың жоғары деңгейлілігі кіреді. Сонымен көп қырлы кешенді
ғылыми – техникалық бағдарлама жасалған және алдыңғы бесжылдықта бірыңғай
циклда ғылым – жобалау – тәжірибелі – экспериментальды тексеру - өндіріс
кезеңіне сәйкес жүзеге асырылуы керек.
Мемлекетіміз инвестициялы – құрылымды саясатын қайта құруда жаңа
өнеркәсіптік құрылысты қысқарту арқылы барлық ауырлықты істеп тұрған
кәсіпорындарды қайта жаңғырту мен техникалық жабдықтауға аударады.
Соңғы кездерде қоршаған ортаны қорғау, оның ресурстарын тиімді
пайдалануға аса зор көңіл бөлінуде. Қоршаған ортаны қорғау қазіргі таңда
үнемі ғылыми – теориялық зерттеулерді және ғылыми – техникалық революция
жағдайында адамзат қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында табиғи ортаны
бұзылу мен ластанудан қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және
қалпына келтіру бойынша практикалық іс – шараларды қажет ететін кешенді
проблемалар.
Адамзат әрекетінің табиғатқа әсерінің қарқындылығы қазір ауқымды
масштабты болғаны сонша, биосфераның динамикалық теңдігінің бұзылуына
әкелуге жақын. Адам тікелеей немесе жанама түрде қоршаған орта мен тұрғын
– шаруашылық - табиғат жүйесінің белсенді компоненті болатын өзіне зиян
әкелуде.
Соңғы жылдар практикасында қазіргі таңда экологиялық ғылымның
дамуымен байланысты өндірістік кәсіпорындар мен кешендерін архитектураық –
құрылыс жобалау принциптері қалыптасқан. Өндірістік кешендерді жобалаудың
экологиялық жолы: архитектуралық –құрылыс және инженерлі – техникалық
(технологиялық) екі бағытта жүзеге асырылады. Архитектуралық – құрылыс
өндірістік территорияларды ұйымдастыру, бас жоспар, көлемдік – жоспарлау,
конструктивтік шешімдерін қабылдау және пайдалану мәселелерін қарастырса;
Инженерлі – техникалық қоршаған ортаға бөлінетін өндірістік қалдықтар
мөлшерін мейлінше азайту жолында жаңа технологиялық құралдар мен
процестерді жүзеге асыру мәселелерін қарастырады.
Кәзiргi заманғы құрылыс дегенiмiз, бiр – бiрiмен үйлесiп жатқан
әртүрлi күрделi жұмыс комплексi .Уақытты үнемдеу шарттарын орындау үшiн
жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру деңгейiн көтеру кәзiргi күн талабында
тұрған мәселе.
1. Архитектура – құрылыс бөлімі.
1.1. Жалпы мәліметтер.
Жоба қолданылып отырған бірыңғай норма мен ережелерге сай жасалған.
Құрылыс орны: Жамбыл облысы, Байзақ ауданы,
Дихан ауылы
Құрылыс орнының рельефі: қалыпты, тегіс, бір жағына қарай
жай еңісті
Климаттық аудан: ІІІ
Сыртқы ауаның есептік температурасы:
ең суық бескүндік – ( - 260С);
ең суық тәуліктік – ( - 320С)
Нормативті қар жүгі: 500
Желдің нормативті жылдамдығы: 730
Топырақтың нормативті тоңдану тереңдігі: 80 см
Сейсмикалық аудан: 8 балл
Ғимарат класы: ІІ
Ұзақ ғұмырлық дәрежесі: ІІ
Отқа төзімділік дәрежесі: ІІ
Топырақ сулары 5м тереңдікте
Жарықпен, ыстық және суық сумен қамтамасыз ету мектеп ауласындағы жылу
қазандығынан. Канализация ауладағы қалдық суларға арналған жерасты
резервуарына жалғанған.
1.2. Технологиялық процесс
Жалпы білім беретін мектептер 6-дан 18 жас аралығындағы балалар мен
жасөспірімдер үшін оқу-тәрбие беретін мемлекеттік мекеме болып табылады.
Жалпы білім беретін мектептерді жіктелуінің басты белгісі оның
қолданылу бағытында. Осы принцип бойынша ол үш түрге бөлінеді: бастауыш,
негізгі және орта мектеп.
Жалпы білім беретін мектептің негізгі түрі құрамында І-ХІ сыныптары
бар, оқушыларға, толық орта білім беретін орта мектептер болып табылады.
Толық орта мектептердің көп таралған түрінің бірі арнайы мектептер. Онда
білімнің белгілі бір саласында, яғни шет тілі, математика, физика, биология
көркемөнер және т.б. жоғары дәрежеде меңгеруге бағытталған. Бастауыш және
негізгі мектептер негізінен шағын елді-мекендерде қолданылады, немесе
сыйымдылығы кем орта мектептерді кеңейткен жағдайда жеке блок түрінде
тұрғызылып қолданылады.
Мектеп ғимараттарының жіктелуінің басты белгілеріне оның сыйымдылығы
жатады. Ол параллель сыныптар санына байланысты, бір, екі және үш
параллельді мектептер болып бөлінеді. Сыныптардың жалпы сыйымдылығы 20-25
оқушы. Ауылдық мектептерде 14 оқушыға дейін қысқартылған жағдайлар жиі
кездеседі.
Қалалық жалпы білім беретін мектептері және ұзартылған күн мектептері
күнделікті қызмет ету мекемелеріне жатады және сондықтан тұрғын
мөлтекауданның органикалық бөлігі болып келеді. Халыққа қызмет көрсету
радиусы бұл мектептерде 700м аралықты қамтиды.
Ауылдық жерлерде мектеп ғимараттарының тораптары күрделі
ұйымдастырылады. Мұнда бір-бірінен алшақта орналасқан ұсақ қоныстанған елді
мекендер көп болғандықтан ұсақ елді мекендерде бастауыш мектептер,
салыстырмалы түрде ірі елді мекендерде немесе аудан орталықтарында оқушылар
білімдерін тәмәмдайтын негізгі немесе орта мектептер, мектеп-интернаттар
немесе жартылай интернат мектептерін үйлестіре отырып тұрғызады.
Мектеп тораптары келесі түрде жоспарланады:
– орта мектептердің жалпы сыйымдылығы 1000 тұрғынға 160 орындық;
– негізгі мектептердің жалпы сыйымдылығы 1000 тұрғынға 140 орындық;
– бастауыш мектептердің жалпы сыйымдылығы 1000 тұрғынға 70 орындық
Бұл есептік нормалар жуықтап алынған, орташа статистикалық мөлшер
болып табылады, әрбір нақты жағдайда демографиялық талаптарға сәйкес
түзетулерді талап етеді.
Мектеп ғимараттарының түрі елді мекен немесе мөлтек ауданның шамасына
қарай қабылданады. Сонымен қатар барлық жағдайда құрамы толық және дамыған
бөлмелер жүйесі бар ірі ғимараттар салуға ұмтылу керек және де оның
құрылысы мен пайдалануы тиімді болуы керек.
Тұрғын саны 1200 дейінгі ауылды мекендерде 60, 80,100,120 орындық
бастауыш мектептері пайдаланылады. Тұрғындар саны 1400-2100 елді мекендерде
бастауыш немесе 160 орындық мектептер, немесе сынып саны қысқартылған
негізгі мектептер пайдаланылады. Бірнеше елді мекендерге қызмет көрсететін
ауылдық мектептерді көлік қатынастары ыңғайлы, қызмет көрсету аймағының
орталықтарында, өндірістен, құрылыстан аулақ, көгалды алқапты орындарда
орналастырған жөн. Мектеп ғимаратының, сондай-ақ балаларға арналған
мекемелердің құрылысына ластанбаған, жақсы желдетілетін және
инсоляцияланатын, су басып кетпейтін және батпақтанбаған, жерасты суының
деңгейі төмен аймақтарды таңдаған жөн. Дұрысы шағын табиғи еңістігі мен
жамылғысының шөптілігі жақсы қалыпты рельефы бар территорияны таңдау.
Мектеп ғимараттарының қызыл сызықтан 15м-ден кем болмайтын қашықтықта
орналасқаны жөн.
Жобаланын отырған бастауыш мектеп 120 оқушыға арналған. Жобалау
барысында мектептің автономды жағдайда жұмыс істеуі ескерілген.
Мектеп бір параллельді және 0-4 сыныптарды қамтиды. Сынып бөлмелерінің
ауданы бір оқушыға 2,5м2 ауданнан денгені. Норма талабына сәйкес
қабылданған. Сынып бөлмелерінің сиымдылығы – 24 оқушы.
Мектеп ғимаратында 0-4 сыныптарға арналған бөлмелерден (оқу
кабинеттері) басқа төмендегідей мектепке қажетті бөлмелер қарастырылған:
- Директор бөлмесі;
- Оқу ісін меңгерішісінің (завуч) бөлмесі;
- Мұғалімдер бөлмесі;
- Дәрігерлік бөлме;
- Техникалық мақсаттағы бөлмелер;
- Ұзартылған күн тобына арналған бөлмелер;
- Компьютерлік сынып бөлмесі;
- Еңбекке баулу бөлмесі;
- Кітапхана;
- Буфет асхана қосалқы бөлмесімен;
- Гимнастика (спорт) залы өлшемі 12х15 м шешіну бөлмелерімен;
- Санитарлық түйіндер.
1.3. Бас жоспар
Жобалатып отырған 120 орындық бастауыш мектеп үйінің, ғимаратының бас
жоспары жалпы мектепке арналған жер телімінің басжоспарының құрамында
шешілген.
Бас жоспар шешімдері қазіргі қолданыстағы нормативті құжаттардың (ҚНжЕ
3.01-01-2002 Қалалық және аудандық елді мекендерді жоспарлау, ҚНжЕ 3.02-
02-2001 Қоғамдық үйлер, ҚНжЕ 3.02-25-2004* Жалпы білім беру мекемелері)
талаптарын ескере отырып дайындалған.
Құрылысқа арналған жер телімі Дихан ауылының орталық көшесінің
бойындағы бос жерге орналасқан.
Берілген жер телімінің бір жағы орталық көшеге қараған ал қалған
жақтары, көршілес жекеше үйлердің жер учаскелерімен шектесіп жатыр.
Құрылыс салынатын жер учаскесінің пішіні трапеция тәріздес болып
келген, өлшемі 240,0х120,0 м. Жер телімінің рельефі бір тегіс қалыпты, бір
жағына қарай аздаған еңістігі бар.
Құрылыс алаңында жобаланып отырған мектеп үйімен қатар төмендегідей
үйлер мен ғимараттар орналыстырылған:
1. 120 оқушылық мектеп үйі;
2. Жылу қазандығы;
3. Төрт орынды әжетхана;
4. Қалдық сулар резервуары;
5. Трансформатор бекеті;
6. Марапатты жиындар өткізу алаңы;
7. Баскетбол алаңы;
8. Гимнастика алаңы;
9. Дайындық және бірінші сыныпқа арналған ойын алаңы;
10. 2-4-ші сыныптарға арналған ойын алаңы;
11. Оқу-тәжірибе аймағы;
12. Гүл, декорациялық өсімдіктер бөлімі;
13. Бау-бақша бөлімі;
14. Он автокөлікке арналған тұрақ.
Көліктердің жобаланып отырған ғимаратқа тікелей кіру жолы
қарастырылмағандықтан, ғимараттың алдындағы алаң декоративтік бетон
плиткаларымен көмкерілген және гүлзарлар мен газондар қарастырылған.
Жол жиектері, жолдар мен шаруашылық алаңдары бір және екі қабатты
асфальт – бетонды жабынды, ал қалған алаңшалардың жабыны бетон материалынан
орындалған.
Құрылыс басталмас бұрын учаскеде қалыңдығы 10см өсімдік қабатын қыру
жұмысы жүргізіліп, қырылған топырақтардың біршама бөлігі территорияны
көгалдандыру мақсатында қайта қайтарылады. Атмосфералық жауын – шашын
суларын ағызу алаңды автомобиль жолдарына қарай еңістеу және арық
тораптарына қарай ағызып жіберу жолымен шешілген.
Қызметкерлерге және келушілерге арналған қалыпты санитарлы – тұрмысты
жағдай жасау үшін жобада құрылыстан бос жерлерге жасыл ағаштар отырғызу
қарастырылған.
Көгалдандыру ағаштар (қылқанды, жапырақты), бұталар, гүлзарлар және
көпжылдық шөптерді отырғызу арқылы жүзеге асырылады.
Периметрі бойынша ғимараттың айналасындағы кеңістікті бұталар, ағаштар,
көпжылдық шөптер отырғызылған газондар қоршап тұрады.
Бас жоспар бойынша алынған көрсеткіштер төменде келтірілген.
Техника – экономикалық көрсеткіштер
1. Учаске ауданы 12600 м2
2. Құрылыс ауданы 900,3 м2
3. Жабын ауданы 4639,88 м2
4. Көгалдандыру ауданы 582207 м2
5. Құрылыс тығыздығы 9,78 %
6. Көгалдандыру тығыздығы 49,22 %
7. Жабын тығыздығы 41,0 %
1.4. Көлемдік – жоспарлау шешімдері.
Жобаланып отырған 120 оқушылық бастауыш мектеп үйінің көлемдік
жоспарлау шешімдері, кешеннің функционалды-технологиялық қызметіне және
қажетті бөлмелер құрамына қарай анықталған.
Жоспарлау шешімдері ҚНжЕ 3.02-02-2001 Қоғамдық үйлер және ҚНжЕ 3.02-
25-2004* Жалпы білім беру мекемелері құжаттарының мөлшерлік талаптарына
сәйкес қабылданған.
Ғимараттың жоспардағы пішіні төртбұрышты, екі қабатты. Жоспарлау 6х6 м
модульдік торының негізінде дайындалған. Үйдің жоспардағы жалпы өлшемі
осьтері бойынша 56,980х15,800 м. Қабаттарының биіктігі 3,30 м. Спорт
залының биіктігі 6,0 м. өлшемдері 11,220х15,960м
Жоба бойынша ғимараттың бірінші және екінші қабаттарында төмендегідей
бөлмелер құрамы қарастырылған:
1 – қабат
Вестибюль, сырт киім гардеробы, дәліздер, дайындық және 1-сынып
бөлмелері, жатын-ойын бөлмелері, директор, директор орынбасары және
мұғалімдер бөлмелері, техникалық қызметкерлер бөлмесі, дәрігерлік бөлме, 30
орындық буфет, техникалық бөлмелер, шешілу орындары және снарядтар қоймасы
бар гимнастикалық зал, санитарлық түіндер.
2 – қабат
Екінші – төртінші сыныптар бөлмесі, рекреациялар, компьютерлік класс,
ұзартылған күн тобы бөлмелері, ТОҚ бөлмесі, кітапхана, дәліздер, санитарлық
түйіндер.
Саты пайдалану және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес, яғни ғимаратта
кем дегенде екі эвакуациялық шығу есіктері бар етіп орнатылған. Әр саты
торларынан сыртқы шығуға болады. Марш және алаңша ендері 1,35метрден артық
етіп қабылданған.
Барлық бөлмелер ауданы нормаларға сәйкес қабылданып, кесте түрінде
келтірілген.
Техника – экономикалық көрсеткіштері
1. Құрылыс көлемі 8672,40 м3
2. Құрылыс ауданы 900,3 м2
3. Жалпы ауданы 1800,6 м2
4. Жұмысшы аудан 1602,55 м2
1.5. Конструктивтік шешімдері
Конструкциялық тұрғыдан алғанда жобаланып отырған ғимарат көтергіш
қабырғалары бойлық бағытта орналасқан қатаң схемалы болып келген.
Үйді тұрғызуға төмендегідей конструкциялық шешімдер қабылданған:
-Іргетастар – кірпіш қабырғалар астындағы іргетас ленталы біртұтас
құймалы бетоннан. Қалыңдығы 500 және 400 мм. Бетон классы В-10. Ендік рама
астындағы іргестар бағанала біртұтас құймалы бетоннан. Бетон классы В-10.
Бетон классы В-10. Топырақтың тонұ терендігі 0,80 м. Жер табан топырағы
шағал тасты.
-Қабырғалар – үйдің бойлық және көлденең бағытта орналасқан қабырғалары
кірпіштен. Сыртқы кірпіш қабырғаның қалындығы – 510 мм, ал ішкі
қабырғалардың қалындығы – 380 мм. Құрылыс сейсмикалы, аймақта тұрғызылатын
болғандықтан қабырғалар болат торлармен темірленеді. Көлденең бағытта адымы
6,0; 5,0 және 3,0 м аралықтарда біртұтас құймалы темірбетоннан тұрғызылған
ендік рамалар орналастырылған.
-Қабат аралық және жабын жамылғысы – қабат аралық және жабын жамылғысы
құрастырмалы дайын, темірбетонды көп құысты плиталардан түзелген. Плита
қалындығы – 220 мм, ені 1000 және 1200 мм. Қабат аралық және жабын
жамылғысы деңгейінде біртұтас құймалы темірбетоннан сейсмикаға қарсы белбеу
қарастырылған. Спорт залының жамылғысы прокатталған қоставлы (ІN 45)
арқалыққа бекітілген бедерлі мырықталған төсеніштен.
-Сатылар – құрастырмалы темірбетонды саты марштарынан және саты
алаңшаларынан түзелген. Саты маршының ені 1200 мм.
-Шатыры – желдетілетіп пішіні конверт тәріздес, ағаш конструкцияларға
бекітілген металлочерепицадан. Шатырдың еңістігі 0,30÷0,33 аралығында
қабылданған. Жылу сақтау қабаты жартылай қатты минваталы плиткалардан.
Плитканың қалындығы – 140 мм, көлемдік салмағы – 200 кгм3; жылу сақтағыш
қабаттың үстіне қалындығы 25 мм цемент төсемі салынған.
-Терезелері, есіктері – Терезе ойықтарының биіктігі 1,8 м, ал есік
ойықтарының биіктігі 2,10 м. Тезелер зауытты дайындалған металлопластиктен.
Ендік өлшемдері 1,10 және 1,30, 1,40 м. Есіктер ағаштан дайындалған кіре
беріс есіктер және витраждар алюминий профильді.
Едендері - бөлмелердің функционалдық міндеттеріне қарай, ағаштан,
керамикалық плиткалардан, мозаикалы бетоннан және линолеумнен жасалған.
Сыртқы әрлеу
Қасбет декоративті ерітіндімен сыланған, цокольдік бөлігі кабанчик
типті көмкерме керамикалық плиткалармен қапталған.
Қасбетке шығып тұратын элементтері цементті – құм ерітіндісімен
өңделіп, ақ түсті кремнеорганикалық сырмен боялады.
Ағаш бұйымдары майлы сырмен сырланады.
Ішкі әрлеу
Қабырғалар – жоғары сапалы сылақпен өңделіп, қажетті тұстары
глазурьленген плиткалармен көмкерілген.
Аспалы төбе (дәліз, вестибюль, түстену залы) металл қаңқа бойынша
Армстронг типті плиткалардан.
Төбе – цементті – құм ерітіндісімен өңделіп, водоэмульсиялы сырмен
сырланады. Сынып бөлмелерінің төменгі бөлігі (1,50 м) сырлы бояумен
сырланады. Спорт залының қабырғасы түгелдей сырлы бояумен сырланады. Буфет
қабырғасы керамикалық плиткамен қапталынады.
1.6. Инженерлік тораптар
Сумен қамтамасыз ету жүйесі бірлескен жүйелі, шаруашылық және ауыз
су, өрт қарсы қажеттіліктерді өтеу үшін қажет.
Сумен жабдықтау жүйесі біріктірілген яғни шаруашылық – ішімдік және
өртке қарсы қажеттерді қамтамасыз етуге арналған.
Сумен жабдықтау бұрыннан жұмыс істеп тұрған су желісіне жалғанған d
= 100мм болат құбыр арқылы жүргізіледі.
Ішкі және сыртқы өртке қарсы су шығынының мөлшері 10 және 15лсек.
Объектіні ыстық сумен, жылумен жабдықтау көзі ретінде осы алаңда
жобаланып отырған 2 қазандығы бар жылу орталығынан, яғни жылу және ыстық су
беру автономды жағдайда жұмыс істеуге негізделген.
Жарықпен қамтамасыздандыру
Электр энергиясымен қамту және сенімділікті қамту дәрежесіне байланысты
тұтынушылар тобының екінші (II) категориясына жатады. Жоба бойынша алаңда
қуаты 250кВт қосалқы трансформатор бекетін қою жобаланған.
Жылумен қамтамасыздандыру
Жылумен қамтамасыздандыру көзі жергілікті қазандық арқылы өтетін жылу
торабынан.
Жылу әкелгіш – ыстық су температурасы t = 96 – 700C.
Жылудың сағаттық қосынды шығыны 201 089ккалсағ құрайды.
Жылу жобасы сыртқы ауаның есепті теріс температурасын ескере отырып
жобаланған.
Өртке қарсы шаралар
Ғимарат өртке төзімділігі дәрежесі ІІ. Қабырға және басқа да
конструктивтік элементтер темірбетоннан.
Бөлмелердің әр тобы жекеленген эвакуация жолдары бар.
Әрлеу үшін қолданылған барлық ағаштан жасалған бұйымдар орнату
алдында, ХСА, антипиренал және лактармен бұқтырылады.
Сатылардың металл жақтаулары металл торы бойынша сылақтанады.
Барлық өртке қауіпті бөлмелерге өрттен қорғау есіктері орнатылады.
Жабық электр сымдары болат құбырлардың ішіне жүргізіледі.

Құрылыс орынының климаттық сипаттамалары:
– Құрылыс орны – Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Дихан ауылы;
– Ең суық тәуліктің температурасы – 320С; (0,92)
– Ең суық бес күндік температурасы – 260С; (0,92)
– Қар жүгінің нормативті мәні – 0,50кНм2
– Жел екпінінің нормативті мәні – 0,73кНм2
Сыртқы қоршағыш конструкциялардың жылу
техникалық есебі
а) Үй жабынының жылу техникалық есебі.
Жобаның конструкциялық схемасы:
1. Цемент төсемі δ = 15 мм;
2. Жылу сақтағыш қабаты жартылай қатты минваталы
плита γ = 100 кгм3;
3. Будан оқшаулау қабаты (1 қабат рубероид
төсемі)
4. Көп қуысты темірбетонды плита δ=80мм; ауа
қабаты δ = 140мм;
Конструкциялардың жылу беруге қажетті кедергісі төмендегідей екі
шартқа байланысты анықталады:
– Санитарлық – гигиеналық және комфорттық жағдай жасау шарты
бойынша;
– Энергияны сақтау шарты бойынша;
Санитарлық – гигиеналық және комфорттық жағдай жасау шарты бойынша;
(3.1)
мұндағы: - конструкцияның сыртқы бетінің қалай орналасқанына
байланысты алынатын коэффициент. (кесте 3, ҚР ҚНжЕ 2.04-03-
2002);
- Жамбыл облысы үшін, (кесте 1, ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2201)
қамтамасыздығы 0,92 ең суық бескүндік үшін;
- ішкі ауаның температурасы (кесте 3.2. ҚР ҚНжЕ 2.04-21-
2004);
- температураның ауытқуының нормативті мәні (кесте 2*, ҚР
ҚНжЕ 2.04-03-2002);
- қоршағыш конструкциясының ішкі бетінің жылу беру
коэффициенті (кесте 4*, ҚР ҚНжЕ 2.04-03-2002)
Энергияны сақтау шарты бойынша:
ҚР ҚНжЕ 2.04-03-2002 құжатындағы 1 кесте бойынша жылу беру кезеңінің
тәуліктік – градусын (ЖКТГ) анықтаймыз
(3.2)
мұндағы: ;
(кесте 2, ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2001);
тәулік, (кесте 3, ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2001)
кесте 1 ҚР ҚНжЕ (ЖКТГ) сәйкес
Есепті жүргізуге осы екі шаманың үлкенін қабылдаймыз, яғни
Қоршағыш конструкциялардың жылу беруге кедергісін төмендегі формула
бойынша анықтаймыз
, (3.3)
мұндағы: - сыртқы беттің жылу беру коэффициенті (кесте 6*, ҚР ҚНжЕ
2.04-03-2002);
- жеке қабаттардың термикалық кедергісі
(3.4.)
мұндағы: - қабаттардың қалыңдығы, м
- қабаттардың жылу өткізгіштігі
Цемент төсемі үшін:
Будан оқшаулау қабаты (рубероид)
Ауа қабаты бар темірбетонды плита үшін
Ауа қабаты үшін (қосымша, ҚР ҚНжЕ 2.04-03-2002)
Жылу сақтағыш қабаттың қалыңдығын 150мм етіп қабылдаймыз.
б) Сыртқы кірпіш қабырғаның жылу техникалық есебі
1. Сылақ қабаты ;
2. Жылу сақтағыш пеноплекс плитасы,
;
3. Кірпіш қабырға
4. Сылақ қабаты
Сылақ қабаты үшін:
Жылу сақтағыш қабаты үшін
Кірпіш қабырға үшін
Сылақ қабаты үшін
яғни,
Олай болса, жылу сақтағыш қабаттың қалыңдығы 50мм етіп қабылдаймыз.
2.Конструкциялық есептеу бөлімі

Көпқуысты темірбетон плита ұзындығы L=6м. Қолданылатын
материалдардың бетон және арматура сипаттамалары:
- Ауыр бетон классы В-20. Призманың беріктігі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz