Құрастырмалы темірбетон баспалдақ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
1. Сәулеттік - құрылыс бөлімі

1.1. Диплом тақырыбы бойынша бастапқы мәліметтер
Дипломдық жұмыс тақырыбы Шымкент қаласындағы 1200 орындық зияткерлік
мектептің А блогы.
Дипломдық жұмыс Құрылыс материалдары мен конструкциялары кафедрасы
берген және бекіткен тапсырма негізінде орындалды.
Құрылыс түрі – жаңа
Қаржы көзі – бюджеттік
Ғимарат класы – ІІ
Ғимараттың өртке төзімділік дәрежесі – ІІ.
Құрылыс салу ауданы мына төмендегі климаттың табиғат ауа-райымен
ерекшеленеді:
• климаттық ауданы - IV-Г;
• Құрылыс ауданының сеймикалылығы – 7 балл;
Сыртқы ауаның температурасы:
• ең суық бескүндіктердегі орташа температура – -150С (сенімділігі-
0,92);
• ең суық тәуліктердегі орташа температура – -250С (сенімділігі –
0,92);
• Желдің жылдамдық қысымы - 0,38КПа (ІІІ - аудан);
• Қар қабатының салмағы – 0,5кПа (І - аудан).
Құрылыс алаңының инженерлік – геологиялық және гидрогеологиялық
шарттарына қарағанда құрылыс алаңының топырағы жартылай қатты
консистенциядан жұмсақ – пластикалы консистенцияға дейін саздақ болып
келеді. Қабаттың қуаттылығы 2,8 – 4,7м. Одан төменде құмды толтырғыштары
бар галоечкалы топырақ жатыр. Саздақ топырақтың шөгу қасиеті жоқ. Шектік
салмағы – 18,4кНм3, ішкі үйкеліс бұрышы - 220, шектік жабысқақтығы – 5кПа,
деформация модулі – 4,0МПа.
Жер асты сулары 0,7 – 2,0метр тереңдікте жатыр. Жер асты суларының
максималды шамасы сәуір және тамыз айларына тура келеді, ал минималды
шамасы қараша - ақпан айларына тура келеді.
Топырақтардың нормативті тоңу тереңдігі – 0,45м.
Желдің жиі қайталану бағыты шығыс жақтан болады.
Қорытындылай келгенде құрылыс салынатын жердің инженерлік-геологиялық
деректері санитарлық - техникалық талаптарға сай келеді.

1.2. Бас жоспардың сипаттамасы.
Бас жоспарды жобалау кезінде ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2002 Қала құрылысы. Қала
және ауыл құрылысын жобалау, ҚНжЕ ҚР 3.02.02-2001 Қоғамдық ғимараттар мен
үймереттер және ҚНжЕ ҚР 3.01.01-2002 Қала және ауылдардағы құрылыс және
оларды жобалау деген нормаларға сәйкес санитарлы - техникалық және өртке
қарсы іс - шаралары сақталған.
Дипломдық жұмыс Шымкент қаласындағы 1200 орындық зияткерлік мектептің
А блогы. Мектептің ерекшелігі, онда ұзартылған күн кластары қарастырылған.
Бас жоспарда жылытқыш қазандығы, трансфарматор, әжетхана т.б. Қажетті
қосымша ғимараттар жоспарланған. Сонымен қатар ойын алаңдары, футбол,
волейбол, баскетбол алаңдары қарастырылған. Жайлы жүріп - тұруға арналған
жаяу жүрушілер жолдары мен өрт сөндіру көліктеріне арналған кең жолдар
жобада келтірілген. Мектеп аумағында казіргі талаптарға сай барлық
абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жасалған.
Қазіргі уақытта елбасымыздың жолдауында көрсеткендей елді-мекендерде,
басты қалаларда білім сапасын жоғарылату, оқушыларға барлық тиімді
жағдайларды жасау мақсатында қазіргі заманға сай жобаланған мектеп. Осы
мақсаттарды шешу барысында бас жоспарда ескерілген.

1.2.1. Бас жоспардың техникалық-экономикалық көрсеткіштері
1. Жалпы ауданы – 3,200га.
2. Құрылыс ауданы – 2450,5м2.
3. Алаңдар мен жолдар ауданы – 8122,25м2 .
4. Көгалдану ауданы – 15100,5м2.
5. Басқа да алаңдар ауданы – 2243,85м2.
6. Құрылыс көлемі – 14249м3.

1.3. Көлемдік - жоспарлық шешімі
Көлемдік - жоспарлау шешімдерінің негізгі принцптері технологиялық
процесстерге байланысты болады.
Ғимараттың А блогы жеңіл шатырлы, үш қабатты және қиын жоспарда,
жоспарда өстердегі өлшемі 54,82х43,90м.
Бірінші қабат биіктігі 3,9м, еденнен еденге дейінгі қабат биіктігі
3,3м.
А блогының бір бөлігін алып жатқан техникалық жертөле биіктігі 2,25м.
Техникалық қабат биіктігі 1,8м.
А блогының ғимараты жоғарыдан жарықтандырушысы бар жабық ішкі
алаңшадан және оқу блогынан тұрады. Сонымен қатар А блогында басты кіретін
жері және тамбуры бар вестибюль, гардероб, күзет кеңсесі, дәліз, ішкі
алаңша, компьтер сыныптары, бастауыш және үлкен сыныптары оқу бөлмелері,
сантүйіндер, әкімшілік - шаруашылық топтар қарастырылған.
Бірінші қабатта бастауыш сыныптарға бес сынып бөлмесі, ойын және жатын
бөлмесі, гардеробы бар дәліз, сантүйіндер қарастырылған. Ал 5 - 8
сыныптарға 6 сыныптық бөлме, зертхана, дәліз, сантүйіндер, ата - аналарға
арналған бөлме және кезекші оқытушыларға арналған кабинет қарастырылған.
Екінші қабатта, яғни әкімшілік - шаруашылық топта директордың және
директор орынбасарының кабинеті, әдістемелік кабинет, мұғалімдер бөлмесі,
бухгалтерлік, канцелярия және мұражай орналасқан; бастауыш сыныптарға алты
сыныптық бөлме, ұзартылған күндік топтарға әмбебап бөлме, әдістемелік
кабинет, дәліз және сантүйіндер орналасқан. Ал үлкен сыныптарға бес
сыныптық бөлме, физика кабинеті, зертханалық және іс-тәжірибелік бөлме,
сантүйіндер, дәліз қарастырылған.
Үшінші қабатта үлкен сыныптарға арналған әмбебап сынып бөлмелері,
химия, физика және биология пәндерінің кабинеттері, зертханасы бар
компьютерлік сыныптар, сантүйіндер, орналасқан. Арнайы зертханалар мен
компьютерлік сыныптар, он екі оқушыға есептелген.

1.4. Конструкциялық шешімі
Жобадағы мектептің А блогының ғимараты толық құрастырмалы темірбетон
қаңқасынан тұрады және температуралық екі тігіс арқылы екі қаңқаға
бөлінеді. Ғимараттың кеңістіктегі қатаңдығын көлденең тегіс жазықтағы
құймалы темірбетон тақталары мен темірбетон арқалықтары қамтамасыз етеді.
Сыртқы қабырғалар көбікблоктан, ал ішкі қабырғалар гипсокартоннан
тұрғызылған.
Ұстындардың іргетастары құйма темірбетоннан, класс В12,5. Сериясы
1412.1-6, ал қабырғасы көбікблок кірпіштен қаланған, тұтас іргетастары бар.
Құйма темірбетоннан класс В7,5 және байланыстыру МЕҮЛ 13579-78. Маркасы:
ФБС 24,4-6т, ФБС 12-4,6т.
Жарық көп түсуі үшін жабын конструкциясы болттық және дәнекерлік
жалғауларды пайдалану арқылы ұстынға бекітілген кеңістіктік металл қаңқалы
жүйеден тұрады.
Қабатаралық жабын ретінде ригельдермен қосылып құйылған құймалы
темірбетон тақталар қолданылады.
Ішкі қабатаралық қабырғалар ішінде дыбысқайырғыш қабаты бар
гипсокартоннан тұрғызылған, баспалдақ торларының қабырғаларына кірпіш
қолданылады.
А блогының төбе жабыны жылытқышы бар шатырсыз жеңіл жабын. Сонымен
қатар жылытылатын күмбез қолданылған. Төбе жабын металл конструкциялардан
тұрады.
Баспалдақтар құрастырмалы темірбетоннан құйылған.

Сурет 1.1. Құрастырмалы темірбетон баспалдақ

Терезелер мен витраждар алюминий профильді, ал есіктері қолданыстағы
МЕУЛ бойынша металлпластиктен жасалған.

Сурет 1.2. Терез мен есіктер

Едендер 2.244.1. вып.4 сериясы бойынша қабатаралық жабындарда
орналастырылады.
Ішкі әрлеу жұмыстары ғимараттың тағайындалуына қарай өртке қарсы және
санитарлық - гигиеналық талаптарына сай орындалған.

Сурет 1.3. Қабатаралық еден

1.5. Инженерлік жүйелер
Су құбырлары мен кәріз жүйесі келесі мөлшерлер мен құжаттарды
ескерумен жобаланды.
- ҚР ҚНжЕ – 4.01- 02-2001. Сумен жабдықтау. Сыртқы жүйелер және
ғимараттар
- ҚНжЕ 2.04.03-85 Кәріз жүйесі. Сыртқы жүйелер және ғимараттар
- ҚНжЕ 2.04.01-82. Ішкі су құбыры және ғимараттың кәріз жүйесі.
- ҚНжЕ 2.05.01-85. Ғимараттың ішкі сантехникалық жүйелері.
Мектеп ғимаратын сумен қамту және кәріз жүйесі келесілер: В1-
шаруашылық ауыз - су құбыры - полиэтиленді газ құбырынан, диаметрі
60х3,5мм. Құбыр қазандықтан (V = 10м3) тікелей бастау алады. Шаруашылық
ауыз - су – Шымкент қаласы желісінен техникалық шартқа сәкес орындалады.
Құбырлардың қорғау шаралары екі қабатты лентамен оралған ПХВ. Т3 - ыстық
су құбыры ыстық сумен қамту үшін. Ыстық су шаруашылық қажеттілікке арнайы
қамтамасыз етілген. Т3 қыс және жаз мезгілдерінде ыстық су жүйесі арнайы
ПЭВН – 220 – 5 - 02Д су электр жылытқышпен Q = 2,4лмин жылдамдықпен
жылытылып беріледі. Құбыр 3262 – 75 МЕСТ талаптарына сәйкес жобаланған.
К1 – шаруашылық - тұрмыстық кәріз жүйесі қоймадағы санитарлық жұмыс
соңынан бөлінетін лас суды құбырлар арқылы мектеп аумағындағы септикке
жіберіледі. Арнайы құбыр К1 МЕУЛ 6942.3-80 сәйкес шойыннан жобаланған.
Септикке қалдық сулар арнайы кәріз - сорғыш бекет арқылы жіберіледі.
Жылыту және ауа алмастыру жобасы ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2001, ҚР ҚНжЕ 4.02-05-
2001 сәйкес. Жылыту жобасы Алатау КТГ-1000 жылыту қазандығынан жүзеге
асырылды.
Ғимаратты жылыту жүйесі КЭВ-12 маркалы электроколорифер, қақпа жанында
орналастырылды. Жылыту бөлмесідегі қуаттылығы 1,5кВт май толтырылған
Фильтр электрорадиатор арқылы жылытылады.
Ғимараттың ауа алмастыру жүйесі арнайы тесіктер және бөлмелердің
жоғарғы жағында орналасқан желдеткіштер арқалы жүзеге асырылады. ВО06-300-
N6,3 N=0,8кВт диаметрі 630мм ғимараттың шатырында орналастырылған. Қойма
меңгерушісінің бөлмесіндегі ауа алмастыру қарапайым терезелер арқылы жүзеге
асырылады. Ауа массалары есіктер мен терезелер ойықтары арқылы алмасады. Ал
жаз күндерінде ауа алмасу үшін арнайы терезелердің жоғарғы бөлігінде ауа
алмастырғыш SAMSUNG маркалы кондиционерлер орналастырылады.
Электрмен қамтамасыз ету жобасы химиялық реагенттерді шығару және
оларды сақтау қоймасын Оңтүстік Жарық Транзит АҚ техникалық шартына
сүйене өңделген. Электр желісімен электр қондырғыларын жобалауда қоғамдық
ғимараттарды электр жүйесімен қамтамасыз етудің барлық талаптары
ескерілген.
Жерасты желі (кабель) табанында құм немесе жұмсақ тассыз топырақ
төселеді. Желі түзу сызық бойымен немесе ғимаратқа параллель етіп және де
химиялық қалдықтырдан сақталып, кәріз жүйесінен алшақ жобаланады. Егер осы
талаптарды сақтау қиын болса, онда арнайы қорғаныс ретінде асбест цементті,
пластмассалы немесе бетон құбырлары арқылы қауіпсіздендіріледі. Ғимарат
ішінен шыққан желі міндетті түрде асбест цементті құбырмен қапталады.
Күшті ток қондырғылары үймереттер мен ғимараттардың өртке және
жарылысқа қарсы қауіпсіздік шараларын ескере отырып жобаланды. ПУЭ-2000
классификация бойынша қойма, сенімділігі бойынша 3 категорияға жатады.
Пайдалану күш - қуаты бойынша ПР 11 3044- 21У3 мына пункт жобаланған.
Калорифер қондырғысы арнайы зауыттан дайындалып жеткізіледі. Ауа
алмастырғышты іске қосу бір полюсті қойма басшысының бөлмесіндегі іске
қосқыш арқылы жүргізіледі. ВВГ кабелі қиылысу жолдары ғимраттың үстінен
жүргізілген. Кабель бекітілетін жерлерінде скобалармен хомуттар қолданады.
Ғимараттың өлшемі үлкен болғандықтан жарықтандыру екі жерден іске
қосылады. ЩОВ-200Б және ЩОБ-100 маркалы, жарылыстан қорғалған.
Жарықтандырудағы сым кабелдерінің қиылысатын аймағы арнайы қорапшамен
қапталған. Мектепті ішкі жарықтандыру жолдары, жарылыстан қорғалған НСП 23-
200 лампалы светильниктермен, ал сыртқы жарықтандыру РКУ 08 маркалы ДРЛ-250
лампамен светильниктер арқылы жүзеге асырылады. НСП 23 светильниктері
фермалардың астына ілінеді. ВВГ маркалы кабелі ашық түрде қабырғада
бекітіледі. ДРЛ - 250 светилниктері кронштейн үстіне орнатылады.

1.6. Қауіпсіздік шаралары
1.6.1. Өртке қарсы шаралар
Жобаланған мектеп ғимараты конструкциясы өртке төзімділік категориясы
бойынша ІІ - деңгейді көрсетеді. Ағаш конструкциясы оттан қорғайтын тұздар,
ерітінділермен өңделеді және ҚНжЕ 3.04.03.85 бойынша орындалады. Су
желілерінің станцияға кірер тұсында өрт сөндіретін желісіне жалғау үшін
диаметрі 200мм жалғайтын қақпақша орнатылады. Сырттағы өртті сөндіру үшін
алынатын су шығыны 20мсек.
Өрт қауіпсіздігі жөнінен жобаланған станция ІІ категориясына жатады.
Келушілер эвакуациясы қажет болған жағдайда түтінденбейтін 2-ші типті
баспалдақтар арқылы жүргізіледі.
Өрт кезінде адамдарды аурухана ғимаратынан эвакуация жасау үшін
вестибюльден есік, 1,3м саты торларының жанынан және жиналыс залдарынан
болатын есік қойылған. Есіктердің барлығы сыртқа қарай ашылады.
Бұл есіктер мен қақпалар ҚНжЕ 2.01.02-85 Өртке қарсы талаптарына
сәйкес жасалынған. Қабатаралық, жабын және баспалдақ марштары –
құрастырмалы темірбетоннан жобаланған.

1.6.2. Сейсмикаға қарсы шаралар
Ғимарат сейсмикалылығы 7 баллдық учаскеде орналасқан.
Осыған қарай жобада келесі сейсмикаға қарсы шаралар қарастырылған:
- ұстын элементтерінің іргетаспен байланысқан түйіндері – қатаң,
қабатаралық жабын мен жабын деңгейіндегі қатаң дискі құймалы қаңқамен
байланысқан сейсмикалық белдеу есебінен болады;
- қабырғалар М25 маркалы цементті - құмды ерітіндімен байланысқан
көбікблок кірпіштерімен қаланған (қыс мезгілінде М50 маркалы ерітінді
қолданылады);
- қалаудың құймалы ұстын қаңқаларымен байланысуы үшін қадамы 600мм СГ-1
көлденең арматураланған тор түрінде көлденең тігістер қарастырылған;
- сейсмикаға қарсы шаралар ҚНжЕ ҚР 2.03-30-2006 Сейсмикалық
аймақтардағы құрылыс ережелерін сақтай отырып шешілген.

1.6.3. Құрылыс алаңындағы техника қауіпсіздігі
Құрылыс алаңына кіре берісте бөтен көліктерге кіруге рұқсат етілмейді
деген белгілер қойылады.
Кіретін жолдар мен құрылыс алаңына баратын жолдар құрылыс басталғанша
жасалынады. Бұл жолдар барлық көліктермен құрылыс машиналарына соғылып
жатқан объектіге кедергісіз баруына мүмкіншілік береді.
Құрылыс аймағына материалдар тек қана оларды сақтайтын алаңдар дайын
болғанда ғана жеткізіледі. Материалдарды, бұйымдарды және жабдықтарды
тапталған, тазаланған алаңдарда орналастыру қажет. Ал қыс кезінде қар мен
мұздан тазаланған алаңдарда жинайды. Қойма жайларды жер бетінің суынан
тазалайды. Құрылыс көтеру тасымалдау механизмдерін электр қуатын таситын
кернеулі сымдардың астында жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.
Құрылыс алаңындағы уақытша орнатылған электр қуатының сыртқы тармағы
бөлектенген сымдардан жасалады. Олар сенімді діңгектерге орнатылады. Элетр
өткізгішінің төменгі нүктесі жұмыс орнынан кемінде 2,5м биіктікте болу
керек. Ал кірістен 3,5м биіктікте, өткелдің үстінен 6м биіктікте болу
керек.
1.7. Қоршаған ортаны қорғау
Қоршаған ортаны қорғаудың ең бір қажетті шараларының бірі, ауа мен
судың жерді ластайтын объектілерді дер кезінде есепке алып, оларға қатаң
шаралар қолдану керек.
Объектінің артық инженерлік жүйелері жер астына көміліп салынуы қажет.
Әсерлер мінездемесі:
жобалауға қажетті инженерлік ізденістер (әсері шамалы);
жобалау және құрастыру (әсері шамалы);
ғимарат құрылысы – әсері: автокөліктер әсерінен ауаның газдармен
ластануы – интенсивтілігі орташа; автокөліктердің жанар - жағар майлары
әсерінен топырақтың ластануы, құрылыс қоқысы – интенсивтілігі орташа (қоқыс
жинау және ластанған топырақ шығару шараларын өткізу); іргетас астындағы
топырақты өңдеу – интенсивтілігі жоғары; ағаш өсімдіктерін кесу –
интенсивтілігі орташа (құрылыс аяқталған соң ағаш отырғызу шаралары);
авокөліктер және құрылыс механизмдері әсерінен пайда болатын шу –
интенсивтілігі жоғары (жаңа көлік түрлері мен механизмдерді пайдалану).
Ғимаратты эксплуатациялау – әсері: ғимараттың жылу шығаруы – жақсы
жылу изоляциясы қажет, коммуникациялардағы түрлі ағулар – ескерту жасау
және дер кезінде пайда болған ағуларды жөндеу; ашық түрдегі автотұрақ;
қоқыс таситын автокөлік кіретін алаң.
Жұмыс өндірісінің барлық технологиясын сақтай отырып, табиғи ортаны
қалпына келтіретін қоршаған ортаны қорғау шаралары және таза өнімдер мен
материалдарды пайдалану арқасында жобаны іске асыру үшін мүмкін болатын
қолайсыз әсерелері шамалы болады, сонымен қатар ғимаратты дұрыс
эксплуатациялау арқасында негативтік әсерлерді минималды деңгейге түсіруге
болады.
Қандай да бір объект құрылысын жүргізу барысында оның қоршаған ортаға
тигізетін әсері мол. Сауда кешені ғимаратын тұрғызу барысында қоршаған
ортаға тікелей зиян келтіретін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баспалдақтар
Қайта Жаңғырту құрылыс талаптары
Түркстан қаласындағы жануарлар ауруларын алдын-алу орталығы
Темірбетон бұйымдарын өндірудің агрегатты-ағымды әдісі, қолданылуы бойынша арматуранын жіктелуі
Терезелер мен есіктер
Топырақ шығарудың жабық әдістері
Жабын және ара жабындар құрастырмалы темірбетонды қуысты плитадан
Компьютерлік сынып бөлмесі
Ғимаратқа қолданылған құрылымдық шешімдер
Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасы
Пәндер