Кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқару
Тақырып: Әр түрлі қызмет салаларындағы айналым қаражаттары, оның құрамы мен құрылымы
Мазмұны:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1 КОМПАНИЯНЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1. Айналым қаражаттарының мәні мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Айналым капиталын қалыптастыру көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқару ... ... ... ... ... ... ... ..12
2 ҮМІТ ЖШС-Ң АЙНАЛЫМ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.1. Үміт ЖШС-ң айналым капиталының құрамы мен құрылымы ... ... .17
2.2. Үміт ЖШС-ң айналым капиталын экономикалық талдау ... ... ... ... 24
2.3. Компанияның айналым қаражаттарының айналымын жеделдету жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 3
Кіріспе
Зерттеу объектісінің өзектілігі.Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 20 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды.
Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - бұл кәсіпорын. Міне, сондықтанда, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріп, қызмет көрсетілуі тиіс. Кәсіпорында ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Ең білікті кадрлар жинақталады. Сол сияқты бизнес - жоспарлар әзірленеді,маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі - менеджмент іске асырылады.
Кәсіпорының ағымдағы іс - әрекеттерін қамтамасыз етуде айналым капиталы маңызды ресурстардың бірі, ол өндіріс сферасына ғана емес, айналдыруларға, экономикада есеп - қисаптардың күй - жағдайын көрсетуіне, сонымен қатар елдегі ақша айналымдарына ықпалын тигізеді.
Егер жоспарлы экономика кезеңінде өндіріс қорлары айналым құралдарының құрылымынан жоғары болса, онда шаруашылық етудің жаңа шарттарына ауысуға жаңа проблемалар туғызды - өнімдерді тиеп жіберген уақыттан, кәсіпорындарға төлем қаражаты түскен уақытқа дейін кәсіпорын дебиторлық берешек түрінде әрекетсіздікте болады. Өнім өндіруші кәсіпорындардың дебиторлық қарызының едәуір бөлігін тиелген тауар қаражаттарды құрайды. Оны жабудың қаржылық көзі мерзімі өткен кредиторлық берешек болады. Айналым қаражаттары кәсіпорынның өндірісін тоқтаусыз қозғалыста ұстаптұруға, өндірісті ақша және материал ресурстарымен уақытында қажеттігінқамтамасыз етуге және айналым қаражатының пайдалану тиімділігін арттыру үшін қажет. Қазіргі уақытта меншік айналым құралдары өте аз,ал ол болса кәсіпорында басты ролді атқарады, өйткені коммерциялық есеппен жұмыс істейтін кәсіпорындардың белгілі мөлшерде рентабельді жұмыс істеуі үшін меншік мүлкі болуы керек. Айналым саласындағы қаражаттарды қысқартуды ынталандыру факторы айналым қаражаттарын толықтыруға керекті банкілік несие, ол айналым капиталын ұтымды пайдалануға мүмкіншілік тудырады. Сонымен қатар кредиторлық қарыздың өте маңызды ерекшелігі бар: меншік айналым құралдары мен банктік несиеден айырмашылығы, ол тауарлық түрде тартылады. Неғұрлым кәсіпорын - сатып алушылардың (бөтендердің) экономикалық айналымында тауарлары мен ақшалары көп болса, соғұрлым көбірек ол оны орналастырады. Бірақ та капиталдың соншалықты тартылуы ел экономикасының қаржылық жағдайына және оның буындарына апатты сәулесі түседі.
Сайып келгенде, нарықтық қатынастың дамуы кәсіпорындарға жаңа жағдайларды талап етуде. Жоғарғы инфляция, төлем қабілеттігінің нашарлауы және басқа да дағдарыстық құбылыстар кәсіпорындардың айналым активтеріне деген саясатын өзгертуге ықпал етті,оны толықтырудың жаңа көздерін іздестіру проблемалары қарастыру үстінде. Жоғарыда айтылғанның барлығы, сонымен қатар айналым капиталын ұтымды пайдалану және оның жағдайының жақсарту қажеттілігі курстық жұмыс тақырыбын таңдауыма себеп болды. Бұл тақырыбымның мақсаты - кәсіпорынның саясаты мен айналым капиталын және оның ұтымды пайдалануын үйрену.
Курстық жұмыстың мақсаты-кәсіпорындардың айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымын анықтау, оның нарықтық экономикадағы кәсіпорын тұрғысынан экономикалық талдауын жүргізу арқылы сол кәсіпорынның айналым қаражатын тиімді қолдануын іске асыру.
Курстық жұмыстың міндеті - өндіріс пен айналым процестерінің үздіксіздігін және ырғақтылығын қамтамасыз ету, кәсіпорынның айналым қаражатының қызметі немесе өндіріс процесіндегі айналым қаражаттарының маңыздылығын талдау.
Мақсаттан тыс, жұмысыма қойылған келесі тапсырмалар:
:: Кәсіпорын айналым капиталының экономикалық мәнің оқып - үйрену;
:: Кәсіпорын айналым активін қазіргі заманға сай топтастыруын көрсету;
:: Кәсіпорынның негізгі тиімділік қызметін, айналым капиталын басқаруын үйрену;
::ҮмітЖШС-нің айналым капиталының құрамы мен құрылымын талдау;
:: Кәсіпорын саясатын зерттеу саласындағы айналым құралдарын құру;
::ҮмітЖШСнің айналым капиталын қаржыландыру және құрылу көздерін оқып - үйрену. Нарықтық экономикаға сай кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану және құру проблемаларын теориялық және практикалық негізде зерттеу.
Зерттеу обьектісі Үміт ЖШС. Жұмысымның теориялық және практикалық негізінде отандық, шетелдік, ресейлік ғалымдардың еңбектерінен айналым капиталын қалыптастыру саласындағы кәсіпорынның саясаты,статистика бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Агенттігінің және кезекті баспа материалдары.
І. КОМПАНИЯНЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1. Айналым қаражаттарының мәні мен құрылымы
Кәсіпорын - бұл дербес шаруашылық субъект, шаруашылық қызметін жүргізу үшін құрылған және оның мақсаты пайда табу мен қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру. Кәсіпорын негізінен заңды тұлға ретінде құралады және жиынтық белгілер арқылы анықталады. Ол дербес бухгалтерлік баланстың бар болуы, банкте есеп шоттың ашылуы, мүлік пен міндеттемелер үшін жауапкершілігі және өз атынан қызмет жасауы. Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің мәні өндірісті ұйымдастырудан және тауарды өткізуден құралады. Кәсіпорын басқа да кәсіпорындарымен қарым-қатынаста болады. Олар жабдықтаушылар мен сатып алушылар, біріккен қызмет бойынша серіктестер және банктер. Қаржы қатынастар ақша қаражаттардың негізінен кәсіпорынның кірісі мен меншікті құралдардың құрылуынан, шаруашылық қызметін қаржыландырудан, қаржы көздерінен қарыздарды жұмылдырудан және кірістерді таратудан пайда болады. Шаруашылық қызметті ұйымдастыру үшін сәйкесті қаржылық қамсыздандыру талап етіледі. Бастапқы капитал кәсіпорын құрушылардың салымдарынан құрылып, жарғылық капитал формасына айналады. Бұл әрбір кәсіпорын мүлігінің қалыптасу көзі болып табылады. Кәсіпорынның жарғылық капиталының нақтылы құрылу тәсілі ұйымдық-құқықтық формасына байланысты болады.
Кәсіпорынды құру кезінде негізгі қорларды және айналым қорларды керекті мөлшерде қалыптастыру өндірістік-шаруашылық қызметті дұрыс жүргізуге әсерін тигізеді. Сонымен, бастапқы капитал өндіріске инвестицияланады да, өндіріс процесс кезінде өнім құны құралады. Сол өнімді өткізу кезінде өнім ақша формасына айналады да, кәсіпорынның есеп шотына түседі.[1]
Айналым активтері кәсіпорынның мүлкінің бір бөлігі ретінде қаралады. Айналым активтері - бұл өндірістік ақша қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процесстер мен өнімді өткізудің қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы.
Айналым қаражаттарының мәні - ұдайы өндірістік процесстердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процесске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге алып барады. Кәсіпорын қызметінің негізгі шарттарының бірі - ол тиімді пайдалану. Ұйымның жаңа шарттарын анықтауға нарықтың дамуы байланысты. Олардың жағдайы және тиімді пайдалану - кәсіпорын әрекетінің басты жағдайы болып есептелінеді. Нарықтық қатынастың дамуы кәсіпорындарға жаңа жағдайларды талап етуде. Жоғарғы инфляция, төлем қабілеттігінің нашарлауы және басқадай дағдарыстық құбылыстар кәсіпорындардың айналым активтеріне деген саясатын өзгертуге ықпал етті, оны толықтырудың жаңа көздерін іздестіру проблемаларын қарастыруда. Кәсіпорынның айналым активтерін ұйымдастыру кәсіпорынның жалпы тиімділігін арттыру проблемасының негізі болып есептелінеді. Оған мыналар жатады:
- айналым қаражатының құрамын және құрылымын анықтау;
- кәсіпорынның айналым қаражатына қажеттілігін анықтау;
- айналым қаражаттарын қалыптастыру көздерін анықтау;
- айналым қаражаттарын пайдалану туралы өкім және ептілік жасау;
- айналым қаражаттарын сақтау және тиімді пайдалануға жауапкершілік ету.
1-сурет - Кәсіпорынның айналым қаражатына қажеттілігі факторлары
Айналым қаражаттарының құрамына көптеген элементтер кіреді. Өндірістік айналым активтерінің негізгі бөлігі - шикізат, негізгі және қосымша материалдар, жартылай фабрикаттар, жанар және жағар майлар, ыдыстар және т.б. құрылады. Мысалы,машина жасау өндірісінде, өндірістік цикл ұзақ болады, осыған байланысты аяқталмаған өндірістің үсесті салмағы жоғары. Ал жеңіл және тамақ өнеркәсібінде басты орынды шикізат, материалдар алады. Сонымен қатар тамақ өнеркәсібінде қосалқы материалдардың қоры әлбетте жоғары болады.
Материалдық өндіріске кәсіпорын құралдарына қаржы салымдары айналым ұзақтығына тәуелді, олар негізгі және айналым құралдарына бөлінеді. Айналым құралдарының функционалдық ролі өндіріс процессінің түп тамырында негізгі капиталдан айырмашылығы бар. Айналым құралдары өндіріс процессінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт - қолда бар айналым капиталының болуы.
Айналым капиталы - бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым капиталының мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады. Айналым капиталы өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады. Айналым қаражаттарын қалыптастыру көзіне қарай меншікті, қарызды және тартылған түрлеріне бөлінеді. Қазіргі экономикалық жағдайда кәсіпорындарға айналым қаражаттар пайдалануға кең ерік берілген. Айналым қаражаттары кәсіпорынның меншігінде және оны ешкімнің алуға еркі жоқ. Кәсіпорын меншігіндегі айналым қаражаттарын басқа кәсіпорындарға сатуға, беруге, жалға беруге еркі бар. Кәсіпорын алдында тұрған маңызды проблема айналым қаражаттарын сақтауды қамтамасыз ету. Кәсіпорын қаржысын жоспарлау процесінде жыл басына айналым қаражаттарының артық немесе жетіспеуін анықтаудың маңызы зор. Өндірістік айналым қорына жекелеген құны аз және тез тозатын заттар, аспаптар, арнайы құралдар, құрал - саймандар, ағымдағы жөндеуге керекті құралдар, арнайы киімдер және т.б. жатады. Бұл құрал жабдықтар бір жылдан кем уақыт аралығында жұмыс істейді. Кәсіпорындарда бұл еңбек құралдарының мыңдаған аттары бар, олардың тозығын есептеу техникалық жағынан қиыншылыққа соқтырады. Сондықтан, практика жүзінде оларды негізгі қорларға жатқызбай, айналым қорларына жатқызады. Аталған заттар және еңбек құралы - айналымдағы өндіріс қоры тобына жатқызылады. Одан басқа өндірістік қорға - аяқталмаған өндірісті және болашақ кезеңдегі шығындарды жатқызады. Айналымдағы өндіріс қорына авансталған қаражат негізінен өндіріс процесін тоқтаусыз, қалыппен жүргізуді қамтамасыз етеді. Айналым қаражаттарының құрамы және құрылымы әртүрлі салаларда бірдей емес. Олар экономиканың көптеген әртүрлі факторларымен анықталады. Егер жоспарлауға байланысты кәсіпорынның меншікті айналым қаражаты жетіспейтін жағдайда, кәсіпорын уақытша қарыз қаражатының есебінен айналым қаражатын толықтырады. Кәсіпорынның айналым активтерінің жетіспеуі түрлі себептерге байланысты және ол кәсіпорын әрекетіне байланысты емес. Кәсіпорын заңсыз айналым қаражатын күрделі құрылыс қажеттігіне бөлу немесе жоспарланған пайданы алмауы салдарынан бар меншікті айналым қаражаттарды сақтауды қамтамасыз ете алмайды, яғни белгілі сомадан айырылады. Кәсіпорын әрекет етіп жатқан экономика жағдайы оның айналым қаражатына аумақты әсер етеді. Сатылып алынған тауар - материалдар бағасының өсуі кәсіпорын айналым қаражатын жетіспеуіне әкеп соғады. Банк несиесінің жоғарғы пайызбен берілуі және т.б. Айналым қаржылар үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан тұратын ауыспалы айналым жасайды.
Бірінші сатыда кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.
Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп, әуелде өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі - дайын өнімге айналады.
Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады. Бірақ, айналым қорлары бірінші сатыдан екінші сатыға жүйелі түрде өтеді дегенді білдірмейді. Керісінше, олар бір мезгілде айналымның барлық үш сатысында да белгілі орында болады.
Бір нәрсенің әрбір мезеті сатып алынады, өндіріледі, сатылады және қайтадан сатып алынады. Нақ осы жағдай өндірістің үздіксіздігін, тоқтаусыздығын және өндірілген өнімдерді сатуды қамтамасыз етеді. Сонымен, бұдан ескеретін жай - әрбір сатыдағы айналым қаражаттарының тұрған уақыты бірдей емес. Ол өнімнің тұтынушылық, технологиялық және оны өндіру және сату ерекшеліктеріне байланысты.[2]
Ауыспалы айналым қаражаты мына тәсілмен шығады:
А - Қ ... Ө ... Д - А1 ,
(1)
мұнда, А - шаруашылық субъектілерін авансылаудағы ақша қаражаттары
Қ - өндіріс құралы;
Ө - өндіріс;
Д - дайын өнім
А1 - өнімді сатудан түскен және өзіне қосылған пайданың ақша қаражаттары.
Шаруашылықты жүргізудегі нарықтық жүйе жағдайында кәсіпорын экономикасын дамытуда оны айналым қаражаттармен оңтайлы қамтамасыз етудің төтенше маңызы бар. Айналым қаражаттарының айналымдылығын сипаттайтын бірнеше көрсеткіштер болады. Олардың ішіндегі ең қарапайымы - айналым қаражатының айналымдылығының коэффициенті. Ол мына формуламен анықталады: Қақ = Өқ Оқ
(2)
мұнда, Өқ - белгілі бір кезеңде өткізілген өнімнің құны (өнімді өткізуден алынған түсім),
Оқ - сол кезеңдегі айналым қаражатының орташа қалдығы. Егер де өткізуден алынған түсім бір жылға есептелгенде, онда айналым қаражатының орташа қалдығы да сол жылға алынады. Өндіріс процесінің үздіксіз айналымдылығы, айналым қаражатының тоқтаусыз айналуына байланысты.Экономиканың қайсысы болмасын өндірістен экономикалық өнім жасаудан құрылады. Кәсіпорын өнім шығарады, яғни тұтыну және ұлттық байлықты молайтудың негізін қалайды.
Қаншалықты кәсіпорын тиімді жұмыс істейді, оның қаржылық жағдайы қандай екені экономиканың барлық саулығына және мемлекеттің индустриалдық қуатына байланысты болады. Оның негізгі белгілері мыналар:
- ұйымдық бірлік: кәсіпорын - бұл белгілі түрде ішкі құрылымы және басқару жөнімен ұйымдасқан ұжым;
- белгілі түрдегі өндірістің құрал кешені: кәсіпорын пайданы барынша көбейту мақсатында экономикалық игіліктерді өндіру үшін экономикалық ресурстарды біріктіреді;
- мүліктің жекеленуі: кәсіпорынның өзінің мүлкі болып, белгілі бір мақсатқа жеке пайдаланады;
- мүліктік жауапкершілік: кәсіпорын түрлі жағдайға сай өзінің барлық мүліктеріне толық жауапкершілікте болады;
- кәсіпорын дара басшылықты болжалайды, басқарудың тікелей әкімшілдік формасына негізделеді;
- шаруашылық айналымына жеке атынан шығады;
оперативті- шаруашылық және экономикалық дербестік: кәсіпорын жеке өзі түрлі мәмілелерді және операцияларды жүзеге асырады, пайдасын өзі алады немесе зиян шегеді, пайданың есебінен қаржы жағдайын және өндірісті одан әрі дамытуын жақсартады.
Өндіріс жоспарлы немесе әкімшіл - әміршілдік экономика жағдайында мына тәсілмен жұмыс істейді:
Ресурстар -- Өндіру -- Өткізім
Бұл тәсілде ең негізгісі - ресурстар, атап айтқанда, олар шектеулі өнім шығарылымының көлемі болып саналады. Сонымен, жоспарлы экономика жағдайында кәсіпорындарда өнім шығарылымының көлемі мемлекеттің оларды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету мүмкіншілігіне байланысты болады. Қазақстан кәсіпорындарының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бұл жөніндегі жағдай түбірінен өзгерді. Кәсіпорындар бүгінде бүтіндей қарама - қарсы басқа тәсілде жұмыс істеуге мәжбүр болды:
Өткізім -- Өндіру -- Ресурстар
Бұл тәсілде негізгісі - сатып алушылардың сұранысы, яғни өзінің өнімдерін өткізу. Ол үшін нарық жағдаятын, сатып алушылардың сұрау салуларын, нарық сиымдылығын, әлуетті бәсекелес өнімдердің сапалылығын және т.б. нарықтық экономика үшін сипатталатын сұрақтарын ескеру қажет. Жасыратыны жоқ, көптеген отандық кәсіпорындар түрлі себептермен аталған тәсілмен жұмыс істеуге қабілетсіздігін көрсетті және де дайын емес еді, олардың ішінде кәсіпорындардың басшылары жаңа тәсілге, ал кейбіреулері өтіп жатқан қайта құру реформасының маңыздылығына түсінбеді, қайтадан жоспарлы экономика дәуіріне қайтып келуіне үміттенді. [3]
Нарықтық экономика кезінде кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық жұмыс істеу процесінде тұрақты түрде қарсы агенттермен, бюджетпен, салық мекемелерімен есеп айырысуды жүргізу қажеттілігі туады. Өндірілген тауарларды тиеп жіберу немесе кейбір қызмет көрсету арқылы, кәсіпорындар, әлбетте, қолма-қол төлем ақша алмайды, яғни сатып алушыларды несиелейді. Сондықтан өнімдерді тиеп жіберген уақыттан, кәсіпорынға төлем қаражаты түскен уақытқа дейін кәсіпорын дебиторлық берешек түрінде әрекетсіздікте болады, оның деңгейі көптеген факторлармен анықталады: өнімнің түрімен, нарық сиымдылығымен, өндірілген өніммен нарықтың молықтырылу деңгейі, шарттың жағдайы, кәсіпорынның қолданатын есеп айырысу жүйесі және тағы басқалар.
Жеткізілген өнімдер үшін есептесудің негізгі түрлері қолма-қол ақшаменен және ақшасыз төлем түрінде жүргізіледі. Тұрақты экономикада ақшасыз төлем басым болады, яғни чек, векселдер арқылы, ақшасыз есептесу және ағымдағы шоттарға аудару арқылы төлеу түрінде жүргізіледі. Тұрақсыз экономика жағдайында алдын ала есеп айырысу түрі басынқы болады. Айналым саласындағы қаражаттарды қысқартуды ынталандыру факторы айналым қаражаттарын толықтыруға керекті банкілік несие, ол айналым капиталын ұтымды пайдалануға мүмкіншілік тудырады.[4]
1.2. Айналым капиталын қалыптастыру көздері
Кәсіпорын құрылғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір бөлігі ретінде қалыптасады (капитал). Олар тауарлық өнімдерді өндіруге байланысты өндірістік босалқы қорларды сатып алу үшін жұмсалады. Дайын өнім қоймаға түседі, содан соң тұтынушыларға жіберіледі. Оның төлеуге дейінгі мезетінде өндіруші ақша қаражаты мұқтажынан жоқшылық көреді. Мұқтаждың бұл деңгейі салынған қаражаттың көлеміне ғана емес, сонымен бірге алдағы есеп айырудың мөлшеріне де байланысты, ол жыл ішінде түрлі себептермен тұрақсызданады. Сондықтан да кәсіпорын айналым қаражатын қалыптастыруда басқа да қиындық көздеріне ұшырайды - орнықты пассивтер, несиегерлік берешек, банк несиесі және басқа да несиегерлер. Өндірістік бағдарламаның өсу мүмкіндігіне байланысты айналым қаражатына мұқтаждық артады, осыған орай, қаражатының өсуіне тиісті қаржыландыруды қажет етеді. Бұл жағдайда оларды толықтыру көзі кәсіпорынның таза пайдасы болып саналады.
Айналым капиталының қалыптасу көздері маңызды дәрежеде олардың тиімділігі қолданылуын анықтайды. Шаруашылық субъектідегі қордың айналымының арналымды ерекшеліктермен шарттасқан меншікті және тартылған қаражаттардың оптималды сәйкес келуі басқарушы жүйесінің маңызды мәселесі болып табылады. Айналым капиталдарын қалыптастыруды басқару процесінде кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаттарды рационалды және тиімді пайдалану жауапкершілігімен бірге құқықтары қамтамасыз етілуі қажет. Меншікті және қарыз қаражаттарының жеткілікті минимумы айналымның барлық кезеңіндегі айналым капиталының қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуі қажет, бұл өндірістің ақша және материалды қаражаттарға қажеттілігін қанағаттандырады, сонымен қатар жабдықтаушылармен, бюджетпен банктермен және басқалармен уақтылы және толық есеп айырысуды қамтамасыз етеді. Қалыптасу көздерінің құрамындағы маңызды рөлді меншікті айналым қаражаттары ойнайды. Олар рентабельді кәсіпкерлік қызмет үшін қажетті кәсіпорынның мүліктік және оперативті өзіндігін қамтамасыз ету қажет. Меншікті айналым қаражаттары кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының дәрежесін, оның қаржы нарығындағы деңгейін куәландырады. Меншікті айналым қаражаттары запастарды, яғни нормаланатын айналым қаражаттарын жабудың көзі ретінде қызмет етеді. Олардың бастапқы қалыптасуы компанияның құрылуы кезінде және оның жарғы капиталының жасалуы кезінде болады. Бұл кездегі меншікті айналым капиталының көзі құрылтайшылардың инвестициялық салымдары болып табылады. Кейіннен кәсіпкерлік қызметтің дамуымен меншікті айналым қаражаттары алынатын пайда, бағалы қағаздарды шығару мен қаржы нарығындағы операциялар, қосымша тартылатын қаражаттардың есебінен толықтырады.
Қазіргі кездегі шарттармен қарыз қаражаттары айналым капиталының қалыптасу көздеріндегі маңызды және негізгі мән-мағынаға ие болуда. Қарыз қаражаттары кәсіпорынның ақша қаражаттарына уақытша қосымша қажеттілігін жабады. Қарыз қаражаттарын тарту өндіріс сипатымен, нарықтық экономикаға өту кезінде пайда болған қиын есеп айырысу қатынастарымен, меншікті айналым қаражаттарының жеткіліксіз мөлшерін толтыру қажеттілігімен және басқа да объективті және субъективті себептермен шарттасқан. Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді пайдаланады. Олар жеке көздеріне теңестіріледі, себебі, кәсіпорынның айналымында түпкілікті болып, оның іс-әрекетін қаржыландыру үшін қолданады, бірақ оған жатпайды.
Орнықты пассивке жататындар:
:: жалақы жөнінде ең аз ауыспалы берешек және әлеуметтік сақтандыруға,зейнетақы қорына, медицина сақтандыруына, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударым жарнасы;
:: ақы төлеудің мерзім ішіндегі келіп түспегендегі фактурасы жоқ жеткізушінің және акцептелген есеп айырысу құжаты бойынша жеткізушіге берешегі;
:: аванс және өнімге ішінара ақы бойынша тапсырыс берушілерге берешегі;
:: салықтардың бірсыпыра түрлері бойынша бюджетке берешегі.
Айналым қаражаттарын қалыптастырудың басқа да көздеріне пайда есебінен құрылған арнаулы қордың уақытша пайдаланбаған қалдығын жатқызуға болады. Кәсіпорынның айналым қорларына мұқтажы жыл бойына түпкілікті сақталады. Ол түрлі факторларға байланысты тұрақсызданады:
:: өндірістің маусымдылығы;
:: тауарлы-материалдық құндылықтарды жеткізудің әркелкілігі;
:: қоймалардағы сатылмаған дайын өнімдердің қорлануы және т.б
Шаруашылық жүргізудегі жоспарлы жүйе жағдайында кәсіпорын қызметін бағалағанда мынадай көрсеткіштер маңызды роль атқарады: жоспарлы орындау, тауарлы өнімнің мөлшері, жалпы өнім мөлшері, ал нарықтық жағдайда: бірінші кезекте сату мөлшері, пайда, пайдалылығы және толып жатқан оңтайландырулар. Нарық талабына сай барлық көрсеткіштерді мына төмендегілерге бөлуге болады:
:: бағалылық, қол жеткен немесе даму деңгейінің мүмкіншілігі
:: жұмсалмалық, қызметтің көптеген түрлерін іске асыруға байланысты жұмсалатын шығындар деңгейі.
Мұндай бөлу өте шартты. Ол жүргізілетін талдаудың мақсатына байланысты болады. Практика жүзінде кеңінен қолданылып жүрген ең маңызды бағалық көрсеткіштерге мыналар жатады:
:: кәсіпорынның сатудағы жалпы мөлшері;
:: жалпы табыс;
:: шартты таза пайда;
:: шартты таза өнім;
:: процент төленгеннен кейінгі пайда;
:: салық төленгеннен кейінгі пайда;
:: барлық қосымша төлемдерден кейінгі пайда;
:: өндірістің дамуына жұмсалған жаңа күрделі қаржыдан кейінгі өтімділігі;
::дивиденд төленгеннен кейінгі өтімділік. Практикалық қызметінде кәсіпорын өзін ең алдымен сатудың көлеміне және пайда табуға бағыттайды. Сатудың жалпы мөлшері - бұл тауарлар және қызмет көрсетудің құны, тұтынушыларға сатылғанын мына формуламен анықтайды:
Q = Б * N
(3)
мұнда, Q - сату мөлшері;
Б - тауардың бір өлшемінің бағасы;
N - сатылған тауардың мөлшері.
Нарықтық жағдайда кәсіпорын қызметінің негізгі қорытындылайтын баға көрсеткіші пайда болып есептелінеді.
Жалпы пайда - нәтижесі ретінде сату мөлшерінен шегеріліп тасталған сатымдық шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттар және басқа да өндіріс шығындары элементтерінің құнын анықтайды.
Шектік таза пайда - бұл жалпы пайдадан шегеріліп тасталған үстеме шығындар және амортизациялық аударым сомалары. Бұл көрсеткіш практикада бизнестің барлық түрлеріне пайдаланылады.
Шектік таза өнім - бұл шектік таза пайдаға қосылған еңбекақыға кеткен шығындар немесе сатылған өнім мөлшерінің, қызмет көрсетудің құны оларды өндіруге жұмсалған ресурстардың құны арасындағы айырмасы (сатып алынатын материалдар, қызмет көрсету, қосалқы мердігерлік төлемдер, амортизациялық аударымдар, жөндеуге жұмсалған шығындар және т.б.).
Көрсетілген бағалық көрсеткіштердің тізбесі мынадай көрсеткіштермен қаралады:
:: кәсіпорын, фирма бақылауындағы өткізім нарығының үлесі;
:: өнім сапасының көрсеткіштері;
:: тұтынушылардың қызмет көрсету деңгейінің көрсеткіштері;
:: кадрларды дайындау, қайта даярлау көрсеткіштері.[5]
1.3. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқару
Айналым қаражаттарын басқару-ағымдағы активтердің құрылымы мен керекті деңгейін сақтау үшін ұйымның айналымдағы автивтері мен қаржыландыруын басқару болып табылады.
* белгіленген жəне тұрақты өндіріске талпыныс жəне өнімді сату;
* кəсіпорын активтерінің өндірістік қорларының үлестік салмақ үлесін көбейту немесе азайту;
* дайын өнім қалдықтарының өсімі;
* тасымалдаушылардың материалдарды уақытынан кешіктіріп жеткізуі;
* тиелген өнім үшін сатып алушының төлемді кешіктіруі, яғни дебиторлық қарыздың ұлғаюы. Кəсіпорынның қызметінің нəтижелері өндіріске кеткен шығындар көлемі, өнімді өткізу,өткізуден түскен түсім, пайда жайлы ақпарат беретін қаржылық нəтижелер жөніндегі есепке келіп тіреледі. Осы есеп беру нысаны негізінде сарапшының жалпы мерзім ішіндегі кəсіпорынның қаржылық - шаруашылық қызметінің тиімділігі жөнінде көрініс алуына болады.
* Кəсіпорынның қызмет істеуінің негізгі сипаттамасы оның тиімділігі мен өтімділігі болып табылады. Кəсіпорынның тиімділігі кəсіпорынның қызметінің пайдалы нəтижелерінің көлемі мен өндіріс үдерісінің факторларының шығындары арасындағы ара қатынасы болып табылады. Тиімділікті бөлудің негізінде шығындар мен нəтижелер ара қатынасы ұстанымы жатыр. Тиімділікті дұрыс анықтау үшін алынған əсерге жету үшін жасалған шығындар көлемін өте нақты анықтау керек.
Кəсіпорынның қызмет істеуінің негізгі сипаттамасы оның тиімділігі мен өтімділігі болып табылады. Кəсіпорынның тиімділігі кəсіпорынның қызметінің пайдалы нəтижелерінің көлемі мен өндіріс үдерісінің факторларының шығындары арасындағы ара қатынасы болып табылады. Тиімділікті бөлудің негізінде шығындар мен нəтижелер ара қатынасы ұстанымы жатыр. Тиімділікті дұрыс анықтау үшін алынған əсерге жету үшін жасалған шығындар көлемін өте нақты анықтау керек.
1-кесте.Айналым капиталының тиімділігін өлшейтін коэффициенттер топтамасы
№
Коэффициент атауы
Сипаттамасы
1
Сатудың пайдалылығы
Пайданың салық салуға дейінгі өткізуден түскен түсім көлемінің ара-қатынасы әрбір түсімнен түскен түсім көлемінің ара-қатынасы әрбір түсімнен түскен теңгеден пайданың қанша үлесі бар екендігін көрсетеді.Пайдалылық көрсеткішінің бір түрі өнімнің өзіндік құнымен салық салғанға дейінгі пайданың ара қатынасы ретінде бағаланатын өнімнің пайдалылық көрсеткіші болып табылады.
2
Активтердің пайдалылығы
Кәсіпорынның активтер сомасына қоса салық салғаннан кейінгі таза пайда ара-қатынасы
3
Акционерлік капиталдың пайдалылығы
Кәсіпорынның меншік капиталының көлемімен салық салған соңғы таза пайда ара-қатынасы
4
Инвестицияланған капиталдың пайдалылығы
Кәсіпорынның операциялық активтер сомасымен салық салған соңғы таза пайда ара-қатынасы
5
Айналым капиталының пайдалылығы
Кәсіпорынның операциялық айналым активтерінің сомасы мен салық салған соң таза пайда ара-қатынасы
6
Кәсіпорын өтімділігі
Компанияның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтімді активтермен төлеу дайындығының деңгейі
Ескерту:Есептеулер, деректер негізінде автормен құрастырылған
Кəсіпорынның қызметінің айналым капиталының тиімділігін өлшеу үшін келесі коэффициенттерді қолдануға болады: сатудың пайдалылығы; активтердің пайдалылығы; акционерлік капиталдың пайдалылығы; инвестицияланған капиталдың пайдалылығы; айналым капиталының пайдалылығы; кəсіпорын өтімділігі. Бұл берілген көрсеткіштердің сипаттамасын кестеден көруге болады.
Кəсіпорынның қаржылық жағдайы, өтімділігі мен табыстылығы ең алдымен ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты жəне ол тəуекелдіктің өлшемі ретінде көрінеді. Кəсіпорын үшін тəуекелдіктің жоғары деңгейі кредиторлық бөлшекті уақытында төлемеудің немесе банкроттыққа ұшыраудың мүмкінділігінің үлкен болуында деп есептеледі.
Кəсіпорында өндірісті дамыта отырып, айналым капиталын қолдануды жақсарту барған сайын маңызды болып барады, себебі бұл кезде босатылатын материалды жəне ақшалай ресурстар ары қарай инвестициялаудың қосымша ішкі көзі болып табылады. Айналым қаражаттарын тиімді де ұтымды қолдану кəсіпорынның тұрақтылығын жəне төлем қабілетін жақсартуға көмектеседі. Бұл жағдайда кəсіпорын уақытылы жəне түгелдей өзінің есеп айырысу жəне төлем міндеттерін орындайды, ол кəсіпорын қызметті сəтті орындауға мүмкіндік береді.
Айналым капиталын басқару мəселелерінің болуы тиімділік пен өтімділіктің айналым капиталының көлемі мен құрылымына байланысты болуының əр түрлі сипаты болуымен шарттасқан (сур. қара). Өтімділікті ұстап тұру мен тиімділікті ұлғайту бір-бірімен бəсекелестікте болатын кəсіпорынның қаржылық жағдайының белгілі бір ауқымы бар.
2-сурет - Тәуекелділік деңгейі мен тиімділіктің айналым капиталының деңгейіне байланыстылығы
Сөйтіп, айналым капиталын басқару мəселесі өтімділікті жоғалту тəуекелдігі мен тиімділік арасындағы орташа мəнді іздеуге əкеп соғады. Демек, айналым капиталының құрылымын анықтаумен байланысты əрбір шешім тек қана активтердің əрбір түрінің пайдалылығы тұрғысынан ғана емес, өтімділікті міндетті түрде есепке алу арқылы қарастырылуы керек.
Айналым капиталының ауыспалы айналымының жылдамдығы əр түрлі фазаларда кəсіпорынның нарықтағы бəсекелестік орны мен салалық ерекшеліктеріне байланысты.
ТАК=ӨҚ+ДБ+АҚ
(3)
Мұнда,ТАК - толық айналым көздері
ӨҚ - өндірістік қор
ДБ - дебиторлық берешек
АҚ-ақшалай қаражат
Ақшалай қаражаттың жетіспеушілігі немесе меншікті капиталдың айналымдылығын ағымдағы қаржылық қажеттілік(АҚҚ) деп атайды.
АҚҚ = шикізат қоры және дайын өнім + дебиторлық берешек -жабдықтаушылардың кредиторлық берешегі
(4)
Қаржылық менеджердің мақсаты:
:: АҚҚ мөлшерін төмендету. Басқа сөзбен айтқанда,
АҚҚ мөлшерін төмендету = ағымдағы актив - ағымдағы міндеттеме 0
(5)
:: Ұйымның тұрақты төлемпаздығы туралы
Ақшалай қаражаттың тапшылығы (дефицит ) = ТАК - АҚҚ
(6)
:: Қысқа мерзімді несиедегі қажеттілікті сипаттайды
АҚҚ төмендету әдістері (АҚҚ )
:: Айналым қаражатының айналымдылығын жылдамдату,айналым қаражатын пайдалану деңгейін көтермелеу
:: Активтердің сикьюртизациясы
:: Факторингтік операцияларды қолдану [6]
Активтердің секрьютизациясы
:: Кепілдендірілген бағалы қағаздарды эмиссиялауды білдіреді.Бұл операцияның мағынасы келісіде:
кейбір несиелік ұйымдар берілген несиені пұл ретінде қарастырады және бағалы қағаздарды жалпы қамтамасыз ету үшін шығарады. Бір активтің маңыздылығы жоғары болмауы мүмкін,алайда жинақталған активтер маңызды шаманы білдіреді.
Секрьютизация процесіне өзінің функцияларын орындайтын бірнеше қаржылық ұйым қатысады: несие беру, пұлды белгілеу,эмиссия жүргізу, сақтандыру, жаңа бағалы қағаздарды инвестициялау
Факторинг
Факторингті клиентіңіздің қарызгерлерінен ақшалай қаражаттарды қайтару және оның қарыздық талаптарын басқарумен айналасатын спициализацияланған мекеме деп анықтауаға болады.
Факторинг операцияларына 3 тарап қатысады:
1. Факторингтік компания - өздерінің клиенттерінен шотфактураны сатып алатын арнайы мекеме
2. Клиент - тауарды жабдықтаушы, несие беруші
3. Тауарды сатып алушы
Факторинг қызметінің құны 2 элементтен тұрады:
1.Комиссия (қызмет көрсету үшін шот сомасынан алынатын пайыз) әлемдік тәжірибеде комиссия мөлшері 1,5-2,5 % құрайды.
2. Пайыз - оған берілген құжаттарды мерзімінен бұрын төлеу барысында алынады. Факторинг ережесі бойынша несие үшін төленетін пайыз мөлшерлемесі ақша нарығында мөлшерлемеден 1-2 % жоғары болып келеді.
Қысқа мерзімді қаржыландырудың көздері
:: Аударымдар
:: Тауар және қызмет, жұмыс үшін
кридиторлық берешек
:: Банктік несие
:: Бағалы қағаз
Операциондық қызметті жүргізу барысында кенеттен пайда болатын кредиторлық берешек және ағымдағы міндеттемелер бойынша аударымдар.
Аяқ астынан болатын қаржыландыру - есептесу мерзімін қысқарту барысында жеңілдіктер береді.
Тәжірибе көрсеткендей саудалық несиені беру сатушы мен сатып алушы үшін де тиімді болуы мүмкін, себебі саудалық несие екі бөлікке бөлінеді:
1. Ақысыз саудалық несие, жеңілдіктер кезінде алынатын несие
2. Ақылы саудалық несие, оның бағасы жеңілдіктен бас тарту кезіндегі баға болып табылады. Егер де жеңілдіктен бас тарту бағасы басқа көздерден алына алатын қор бағасынан төмен болса, онда ақылы саудалық несиені қолданған жөн
Саудалық несие (кредиторлық берешек) тауар (қызмет) бағасында бейнесін табады.[7]
:: Мысалы, компания тауар сатуды келесі шарттармен орындайды:
210 брутто 30
Бұның мағынасы, егер тауар төлемі шот-фактурада көрсетілген күннен бастап 10 күн ішінде жүргізілсе,2 % жеңілдік беріледі.Жеңілдіксіз максималды төлем күні 30 күнді құрайды
Жеңілдіктен бас тарту келесі формула арқылы анықталады:
% жеңілдік: (100 - % жеңілдік)х[360(несие беру мерзімі - жеңілдік мерзімі)]х100 %
(10)
Біздің мысалымызда формуланы тексерейік:
2 : (100-2) х 360 : (30 -10) х 100% = 36,7%
II. ҮМІТ ЖШС-Ң ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz