Азаматтар азаматтық құқықтың субъектісі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Ал -Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

Реферат

Тақырып:Азаматтық институтының конституциялық -құқықтық реттелуі

Орындаған:Султанов М.

Қабылдаған:.

1. КІРІСПЕ

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

3. Азаматтыққа анықтама

4. Қазақстан Республикасының азаматтағын алу жолдары және азаматтықты тоқтату жағдайлары.

5. Азаматтық мәселелермен айналысатын субьектілер.

6. Қорытынды

7. Қолданылған әдебиеттер

Азаматтық - тұлғаның нақты мемлекетпен берік құқықтық байланысы. Мемлекетпен оның қарамағындағы тұлғалардың арасындағы өзара қарым-қатынас ретінде көрінеді: мемлекет адамның құқығына және бостандығына кепілдеме береді, оларды шет елдерде қорғайды. Азамат мемлекеттің орнатылған заңдарын және мемлекетпен орнатылған міндеттерді мүлтіксіз орындауы қажет. Азаматтықты алудың негізгі тәсілдері - туғанда және натурализация ретімен беріледі. Республика Конституциясының ережелерін талдаудан келіп шығатыны, азаматтық-тұлғаның Қазақстан мемлекетімен конституциялық-құқықтық байланысын білдіреді, ол ұзаққа созылатын және орнықты байланыстармен, олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы болуымен сипатталады (1-3-баптардың, ІІ-бөлімнің нормалары және басқала Конституцияның 10-бабының 1-тармағы Қазақстан Республикасы азаматтығының бірыңғайлығы және теңдігі принциптерін орнықтырады. Азаматтықтың бірыңғайлығы туралы конституциялық принципін мемлекеттің біртұтастығынан келіп шығады және Республика азаматтарының, бірыңғай конституциялық құқық субъектілікке негізделген, бірыңғай құқықтық мәртебеге ие екендігін білдіреді (Конституцияның 2-бабының 1-тармағы, 12-бабының 3-тармағы, 13-бабының 1-тармағы) . Азаматтықтың теңдігі принципі дегенде, Республика азаматтарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қатыссыз, құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің теңдігін түсінген жөн. Конституцияның 10-бабының 1-тармағында азаматтықтың конституциялық-құқықтық заңдылығы көзделеді - ол заңды негіздерде алынған жағдайда ғана танылады. Азаматтық туралы нормалар Республика Конституциясының "Адам және азамат" деп аталатын ІІ-бөліміне енгізіліп, осы аталған бөлім құрылымдық жағынан басталатын 10-топқа біріктірілген. Маңыздысы сол, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын конституциялық-құқықтық реттеу азаматтық туралы нормалармен алдын алынады, өйткені сол арқылы тұлғаның конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің нақты бағытталымы мен мазмұны бекітіледі.

Азаматтық институты Республика егемендігінің , тәуелсіздігі мен конституциялық құрылысының айқындаушы белгісі болып табылады, өйткені мемлекеттің азаматтарынан тұратын Қазақстан халқы ғана "мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы" болып табылады және "билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді" (Конституцияның 3-бабының 1 және 2-тармақтары) . Конституция "Қазақстан Республикасының азаматы", "әрбір", "бәрі", "шетелдіктер" және "азаматтығы жоқ адамдар" деген ұғымдарды пайдалана отырып, адамның құқықтық мәртебесін саралайды. Бұл орайда, Конституцияның мәтінінде "әрбірі" және "бәрі" туралы айтылған кезде, Республика азаматы да, Республика азаматтығына ие емес адамдар да назарда ұсталынады; "Қазақстан Республикасының азаматтары" дегенде - Қазақстан мемлекетімен азаматтық байланысы бар адамдар ғана назарда ұсталады деп түсінген жөн. Сол арқылы Конституция бұл субъектілер үшін олар пайдалана алатын құқықтар мен бостандықтардың әр түрді көлемін, және оларға жүктелетін міндеттердің әр түрлі көлемін белгілейді.

Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық-құқықтық мәртебесі , олардың заң алдында тең бола отырып, Конституциямен белгіленген құқықтардың, бостандықтар мен міндеттердің барлық кешеніне ие болуын көздейді. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін өзге, шектеулі конституциялық-құқықтық мәртебе көзделген: Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, бұл адамдар азаматтарға қолданылатын құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады (Конституцияның 12-бабының 3-және 4-тармақтары, 14-баптың 1-тармағы) . Мәселен, Конституция Қазақстан азаматтығы жоқ адамдар Республика Президенті, Республика Парламенті және мәслихаттарының депутаттары, мемлекеттік қызмет және судьялар лауазымдарына үміткер болмауға тиіс, мемлекетті басқаруға қатыса алмайды, белсенді және бәсең сайлау құқығына ие бола алмайды және республикалық референдумға қатыса алмайды деп біржақты белгілейді, өйткені бұл аталған құқықтар мен бостандықтар тек Республика азаматтарына ғана таралады ( 41-баптың, 2-тармағының, 51-баптың 4-тармағының, 86-баптың 3-тармағының және 33-баптың нормалары) . Бұл сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің "Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3 және 5-тармақтарының ресми түсіндіру туралы" 2001 жылғы 17 мамырдағы N 7/2 қаулысында келтірілген ұйымдармен де расталады, ол қаулыда "Парламент депутаты Қазақстан азаматтығын жоғалтуымен немесе одан шығуымен, бұл адам, Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана берілетін, Конституцияның 33-бабымен көзделген мемлекет ісін басқаруға қатысуға, оның органдарын сайлауға және оларға сайлануға саяси құқықтарын жоғалтады", - делінген.

Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен орнықты саяси-құқықтық байланысын айқындайды, бұл олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді.

Қазақстан Республикасында әрбiр адамның азаматтық алуға құқығы бар . Қазақстан Республикасында азаматтық осы Заңға сәйкес алынады және тоқтатылады. Қазақстан Республикасының азаматын азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға болмайды, сондай-ақ Қазақстанның шегінен тыс жерге аластауға болмайды. Террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін соттың шешімімен ғана Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруға жол беріледі. Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдары арқылы Республика азаматтарының алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясымен заңдарын сақтауға, Қазақстан Республикасының мүдделерін, оның аумақтық тұтастығын қорғауға, әдет-ғұрыпқа, дәстүрге, мемлекеттік тілге және оның аумағында тұратын барлық ұлттардың тілдеріне құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының күш-құдіретін, егемендігін және тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдесуге міндетті.

Азаматтық алу негіздері

Қазақстан Республикасының азаматтығы:

1) тууы бойынша;

2) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде;

3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша;

4) осы Заңда көзделген өзге де негіздер бойынша алынады.

11-бап. Ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланың азаматтығы Бала туған кезде ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болса, ол туған жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

11-1-бап. Ата-анасы шет мемлекеттің азаматы болып табылатын баланың азаматтығы. Бала туған кезде ата-анасының екеуі де шет мемлекеттің азаматы болса, ол туған жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайды.

12-бап. Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайындағы баланың азаматтығы. Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда бала:

1) Қазақстан Республикасының территориясында туса;

2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде туса, бірақ, ата-анасының немесе олардың біреуінің бұл кезде Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жері болса, ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда, егер осы кезде ата-анасының екеуінің де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болса, Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған баланың азаматтығы ата-анасының жазбаша түрде білдірген келісімі бойынша анықталады.

Бала туған кезде ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығында болып, ал екіншісі азаматтығы жоқ адам болса, не оның азаматтығы белгісіз болса, бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

Баланың анасы азаматтығы жоқ адам болып, ал әкесі Қазақстан Республикасының азаматы деп танылып, әкелігі анықталған ретте 14 жасқа толмаған бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болады. Бұл бала Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрған ретте оның азаматтығы ата-анасының жазбаша арызы бойынша анықталады. Егер ата-ана баланың азаматтығы туралы келісімге келе алмаса, азаматтық сот тәртібімен айқындалады.

13-бап. Ата-анасы белгісіз баланың азаматтығы

Ата-анасының екеуі де белгісіз Қазақстан Республикасы территориясындағы бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

14-бап. Азаматтығы жоқ адамдардың баласының Қазақстан Республикасы азаматтығын алуы. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жері бар, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында туған баласы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

15-бап. Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өздерінің өтінішхаттары бойынша осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануы мүмкін. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініштер бойынша шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

16-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау шарттары

Қазақстан Республикасының азаматтығына:

1) Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде кемінде бес жыл тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемінде үш жыл некеде тұратын адамдар қабылданатын болады. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаған кезде кәмелетке толмағандардан, әрекетке қабiлетсіз және Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбек сiңiрген адамдардан не Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тiзбе бойынша кәсiптерге ие және талаптарға сай келетiн адамдардан және олардың отбасы мүшелерiнен осы тармақшаның бiрiншi абзацында көзделген шарттардың болуы талап етiлмейдi;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері
Қоғамдық қатынастардың азаматтық – құқықтық реттеу тәсілдері
Азаматтың құқықтың субъектілері
Әкімшілік құқықтық қатынастар туралы ақпарат
Азаматтардың азаматтық құқық субъектілігі
«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы»
Азаматтық құқық субъектілері
Азаматтық құқық жайлы
Жеке тұлғалардың азаматтық құқықтық субъектілігі
Меншiк пен кәсiпкерлiктiң конституциялық негiздерi
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz