Костюм композициясының элементтері


«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Костюм композициясы және сән
Қызылорда, 2021 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І. КИІМ ЖӘНЕ КОСТЮМ КОМПОЗИЦИЯСЫ
1. 1. Киім . . . 5
1. 2. «Костюм композициясы» түсінігі . . . 6
1. 3. Костюм композициясының негізгі заңдары мен қасиеттері . . . 9
1. 4. Композицияны айқындау құралдары . . . 12
1. 5. Костюм композициясының элементтері . . . 16
1. 5. 1. Пішін . . . 16 1. 5. 2. Силуэт . . . 17
1. 5. 3. Икемділік . . . 19 1. 5. 4. Түс. Колорит . . . 20
ІІ. КОСТЮМДІ СӘНДІК БЕЗЕНДІРУ ЖӘНЕ СТИЛЬ
2. 1. Костюмді сәндік безендіру . . . 22
2. 2. Костюмнің стильдік шешімдері . . . 23
2. 2. 1. Классикалық стиль . . . 24
- Романтикалық, спорттық және фольклорлық стильдер . . . 25
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 30
КІРІСПЕ
Дизайн іс - тәжірибе мен көркемдеу әдістерінің жиынтығы негізінде материалдық және рухани құндылықтар жасау саласына жатады.
Қазіргі заманғы дизайн - адам суретшілік іскерлігінің, әрі теориялық ойлау
қабілетінің негізінде қалыптасқан сала. Сұлулық және функционалдық заңдылық нәтижесінде жасалынған бұйым дизайн туындысы болып табылады. Қазіргі дизайн заттық бұйымдарды сәндеудің барлық талабына жауап бере алады, сондықтан киім жобалауына да тікелей қатысы бар.
Дизайн (design) - ағылшын тілінен аударғанда жобалау, сызу, ойлап табу, сондай - ақ жоба, сызба, сурет деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде бұл термин өндіріс бұйымдарын әрі ыңғайлы, әрі әдемі көркемдеп жобалау дегенді білдіреді. Дизайн пайда болуының алғы шарттары қол еңбегінен машина өндірісіне ауысу ғасырында қалыптасқан. 20 ғасырда индустрияның қарқынды даму нәтижесінде штампыланған сән түрлері тауарлар дүниеге келді.
Киімнің дизайндық көркемдік ерекшелігі сол - оның шығармашылық объектісі - адам. 20 ғасырдың аяғында дизайн саласында адамзаттың еркін дамуына лайық жаңа кеңістікті құру, мұқтажын өтейтін стилдер кең тарай бастады. Қазіргі сәнгерлер мен киім өндірушілер өз жұмыстарында жаңа материалды пайдаланып, жаңа технологияға сүйенеді.
Дизайн қоғамның бұқаралық қарым - қатынас құралы. Өйткені ол сауда өнімі арқылы өндіріс пен тұтынушыны байланыстырады, жалпы көпшіліктің тұтынушылық белсенділігін арттырып, сұраныс пен тұтынушы талабының өзара әсерін реттейді. Дизайн - көп өнім шығару мен қызмет көрсетуге қажетті сұраныс талабы жоғары қоғамның әлеуметтік мәдени реттегіші. Тауар сатып алған тұтынушы өз қажетін өтеу үшін ғана зат сатып алмайды, белгілі бір әлеуметтік мәртебеге ие болады. Дизайн заттың символикасы арқылы тауарға белгілі бір әлеуметтік - мәдени мағына береді, жаңа тауарды сатуға алғы шарт жасайды. Осылайша дизайн тұтынушы мен өнім өндірушіні байланыстыратын маркетингтің бір нысанына және жалпы қарым - қатынас құралына айналады.
Көркемділік құндылығы бар киім, сөзсіз, өнер туындысына айналады. Дегенмен, дизайн мен өнердің арасында айырмашылық бар: қолданбалы өнерде бұйымның көркем, әрлі нұсқасы дайындалса, дизайн - қоғам мен адамның нақты қажетілігіне сәйкес жаңа міндеттерді шешуге бағытталады. Дизайнер құрастырушымен бірге немесе жалғыз өзі жаңа заттың құрлысы жобасын жасаса, ал қолөнер - суретші өзінің шығармашылық мақсаттарын, бұйымның функционалды - техникалық пішінін инженердің құрастыруынан соң ғана жүзеге асырады.
Киімді дайындау жұмыстарына көп мамандық иелері қатысады: киім пішуші, тігінші, сәнгер, етікші, тері илеуші, технолог, құрастырушы, кестелеуші және тағы басқалары. Киімді жобалауда және дайындауда әрқайсысының атқаратын қызметі бар. Жаңа модельді ойлап табушы, жасаушы автор сәнгер (модельер) деп аталады. Ол- стиль мен бейнені, жалпы конструктивтік шешімді анықтаушы; жаңа технологиялық шешім ойлап табушы; декорды жақсартушы; түр - түс пен материалды таңдаушы; аксессуар мен басқа қосымшаларды ойлап табушы; жаңа жобаны игеруші. Осылайша, сәнгер - киім моделін, бұйымның үлгілерін дайындаушы. Бұдан басқа батыс дәстүріне сай бұл мамандықтың басқа да атаулары бар: дизайнер, стилист, кутюрье.
Дизайнер - заттардың көркмдеу жобасымен айналысатын суретші - құрастырушы маман. Дәлірек айтқанда, сән әлемінде киім моделінің жеке үлгілерін және жиынтығын дайындаушы - суретші. Кутюрерден айырмашылығы - дизайнер өндіріс өнімімен тығыз байланыста болады. Еуропа дәстүрінде киім, аяқ киім, аксессуар дайындау саласы тұтасымен (ағылшын тілінен аударғанда «фэшн дизайн») сән дизайны деп аталады, ал костюм үлгісінің суретшісі «дизайнер» деп аталады. Ал, орыс тілінде бұл сөзге балама сөз - «модельер» сөзі. Шартты түрде дизайнерді былай бөлуге болады: креатор (creator - ағылшын тілінен аударғанда, құрастырушы, жаратушы деген сөз) - жаңа идеяларды таратушы суретші; интерпретатор - біреудің идеясын дамытушы және қандай да бір мәнерде немесе стильде инрерпретациялаушы. Француз және итальян дәстүрінде дизайнер стилист деген ұғымға сай келеді
Кутьюре (фр. couturier - киім пішуші, үлгіші) - 19 ғасырдың екінші жартсындағы сән суретшісі, тігін саласының жоғарғы дәрежедегі маманы. Жоғарғы сән («от кутьюр») киім үлгісінің топтамасын жасаушы. Парижде немесе басқа қалаларда жоғарғы сән синдикатының мүшесі, тағы сол сияқты ұйымдардың мүшесі, сондай - ақ жоғарғы сән үлгісі үйлерінде қол еңбегімен жекеленген модельдерді жасаушы. Киім дизайны адам өміріндегі өзіндік орны бар өнер. Басқа киім үлгілеріне қарағанда костюм үлгісі өте қиын және пішуде де қиындық тудыратын өнер. Киім кигенде адам әрқашанда әдемі болып көрінген.
Киім көмегімен адам өзінің ішкі жан сұлулығымен қатар денені де әсерлі етіп көрсетеді. Адамды әдемі де, тартымды етіп көрсететін киім үлгілерін жасау қазіргі болашақ дизайнерлердің қолдарында. 20 ғасырдың аяғында дизайн саласында адамзаттың еркін дамуына лайық жаңа кеңістікті құру, мұқтажын өтейтін стильдер кең тарай бастады. Қалыптасқан қағидалар мен дәстүрден, тіпті шынайы өмір шындығынан да алшақтай отырып көркем өнер мен әдебиетті жаңартпақ болған, өнер ағымдарын топтастырған авангард стилі. Соңғы онжылдықта сән жастарға ашық қызмет етуде. Сондықтан қазіргі заман адам киімі үнемі жаңа түр жиынтығымен, заңа заттармен толығып отыруы қажет.
Курстық жұмыста киім дизайнының негізгі ұғымдары , қазіргі заманғы көркемдік - жобалау қызметіндегі киім дизайнының орны , дизайнердің көркемдік - жобалау ерекшеліктері дизайн -ж обалаудың кезеңдері қарастырылған . Сонымен қатар композиция негіздері , костюмнің белгілік жүйелері , оларды айқындау құралдары қарастырылған . Бөлімнің жеке тарауларында колористика мен дизайнға , костюмді фактурлық құрастыру және текстура мен фактураның графикалық эквиваленттеріне арналған көптеген материалдар қамтылған .
І. КИІМ ЖӘНЕ КОСТЮМ КОМПОЗИЦИЯСЫ
1. 1. Киім
Киім - адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Қоғам дамуы барысындағы материалдық, рухани, әлеуметтік талаптарға сай киім жиі өзгеріске ұшырап отырады. Киім адамның дүниетанымдық, эстетикальщ талғамдарына жауап беру арқылы даралық айқындау қызметін атқарады, тұлғаның әлеуметтік жағдайын танытады. Осы сияқты киімнің әр бөлігінің өзіндік қызметі бар.
Киім адам денесін қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен сақтау қажеттілігінен пайда болған. Киім тігуге мал, аң терілері, өсімдік, ағаш, балық, құс өнімдері, жасанды материалдар пайдаланылған. Адамдар алғаш аң терісінен жасалған киімдерді пайдаланған, неолит дәуірінде шөп орамынан тоқылған белдемшелер киетін болған. Тоқымашылың көсібін игергеннен соң адамдар иықтан, мықыннан киілетін жапқыштар қолданган. Одан кейін тігіссіз киім пішіндері дамыған. Мысалы, үнділіктер - сари, шалма, кавказдықтар - бурка, римдіктер - тога жөне т. б.
Ежелгі киім элементтерінің бірі - белдік. Ол қару-жарақ пен жорыққа қажетті заттарды бекіту қызметін атқарды. Аяқ киім мен бас киімдер кешірек пайда болған. Олар адамды ыстық пен суықтан қорғау қызметін атқарған.
Киімнің климаттық шарттарға байланысты да түрлері бар. Ол әр аймақта әр түрлі формасымен, материалымен ерекшеленеді. Мысалы, мықындық алжапқыш, иық жамылғысы - тропика және субтропика тұрғындарының киімі. Суық климатты арктикалық аймақтарда бүкіл адам денесін жауып тұратын киім киген.
Киім - ұғымы адамдардың уақытқа жəне қоғамдық жағдайға сəйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымын бейнелейтін модамен тығыз байланысты болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді яғни мода да үнемі жаңарып отырады. Киімді əркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен мода ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білу де - өнер.
Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі -əдемілік, сəнділік. Сəнділік ұғымы ең алдымен киім ансамбльдерін түсі мен модасына қарай дұрыс құрай білуге, яғни киім мен аяқкиімнің, бас киімнің, сумканың, қолғаптың бір-біріне үйлесіп тұруына тікелей байланысты костюмның сəнділігі түрлі əсемдеудің, детальдардың, əсемдік бұйымдар мен сипатын терең ойластыруға шектеп шықпай қолдануға да байланысты.
Сəнділік ұғымына киімнің əсемдігі ғана емес, сонымен бірге нақты жағдайға байланысты киіне білу, адамның шұғылданатын ісіне, жас шамасына сəйкестігі де ескерілуі жатады. киімге деген талғампаздық адамдардың өзіне сын көзбен қарай алатындығының белгісі болып табылады. Киімді таңдағанда жас ерекшелігін де ескеру керек. Талғампаздық пен киімді орынды кие білуді адам бойына кішкентай кезінен дамыту керек [3] .
Киім - адам денесін табиғаттың қауып-қатерінен сақтайтын жабдық, жабын. Алғашқы ежелгі адамдар киімдерін əртүрлі аңдар терісінен өңдеп өзіне киім ете білген. Аңды біріншіден тамақ етіп, оны тігіп киім етіп отырған. Аңдардың жүнін иіріп, оны тоқып киім еткен. Мақтадан, кенептен адамдар киім тіккен. Адамдар алғашқы кезде киімді сүйек инемен тіге бастаған, соңынан қол тігін машинасымен тігетін болды. Техникалық процестің дамуы нəтижесінде электро қуатымен тігетін түрлі машиналар пайда болды, фабрика, заводтар ашыла бастады.
Əрине, киімнің түрі көп: əр ұлттың өзіне тəн киімдері сəнді, əдемі болуы үшін оған ою-өрнектер салып кестелеп отырған. Мысалы, Қазақтың ұлттық киімі - көненің көзі. Оны ескерткіш ретінде болашақ ұрпаққа сақтап жеткізу қажеттілігін ескерсек, оған барынша қамқорлық жасап, қалпына келтіру. Қазақта салтанатты киім мен күнделікті киім-кешектің пішінінде көп айырмашылықтар бола бермейді. Салтанатты киімнің бітімі сыпайылау, тігісі жатық, зерлі, оюлы, кестелі болып келеді. Салтанатты киім-кешек алтын-күміс жаратқан қаралы, қиыршықты, ширатпалы қапсырмамен, белдікпен, алқа, шолпы, сақинамен толықтырылған. Күнделікті киімге шекпен тоқымасы, кенеп, шыт, сəтен, тері секілді материалдардан жаратылса, салтанатты киім-кешек барқыт, масаты, мəуіті, шұға, жібек, қырмызы, бəтес, мақпал кездемелері, кəмшат, сусыр, бұлғын, құндыз терілері, бұлан немесе бұғы күдерісі пайдаланылған.
Сырт киімдердің алды ашық болуы, үкі тағылып əшекейленген, желбіректі əйел көйлегі қазақ киімін одан да əсем көрсетіп, оған ерекше əр береді.
1. 2. «Костюм композициясы» түсінігі
Киім үлгілерін жобалауда оның көркемдік шешімдерін табу мəселелерімен - костюм композициясы пəні айналысады. Композиция латынның «ойлап шығару» немесе «құрастыру» деген сөзінен шыққан.
Дəлірек айтар болсақ, композиция - суретшінің бейнелегелі отырған натюрмортын немесе картинасын дұрыс, əсерлі құруы, ондағы заттарды, кейіпкерлерді белгілі бір ретпен ыңғайластырып орналастыруы болып табылады. Композиция - шығарма-құрастыру-қосылу деген сөз. Композиция көркем өнер шығармасының құрлысы туралы теория. Суретте салынаттын затты орналастыру орнын белгілеу немесе басқаша айтқанда көру нүктесін таңдау, қағазға суретті дұрыс орналастыру композицияның бастапқы негіздері [4] .
Əдетте, əсіресе үлкен живописьтік шығармаларда, суреттерде оқығаның өзегі немесе басты кейіпкерлері орналасатын белгілі бір орталығы болады. Оны композициялық орта лық деп атайды. Композициялық орталық суретшінің шешіміне қарай картинаның кез келген жерінде болуы мүмкін. Кейбір суретшілердің туындысының композициялық орталығы тура ортасында орналасса, ал кейбіреуінде ол оң жағында немесе сол жағында орналасады.
Дизайн композициясы 2 түрге бөлінеді: 1. Жазықтық композиция
2. Көлемдік композиция
Жазықтық композиция - екі өлшемнен тұрады. Оларға кілем, орамал, дастархан т. б. жатады.
Көлемдік, кеңістіктік композиция -үш өлшемнен тұрады. Оған: сəулет, мүсін, кілем т. б. жатады.
Киім дизайнеріне кәсіби қызметі барысында костюм жобалауға байланысты көптеген міндеттерді шешуге тура келеді. Солардың бірі - костюмді көркемдік жүйе ретінде түсіну, костюмге тиесілі көркемдік, үйлесімдік, авторлық ерекшеліктерді көрсете білу. Осы жүйенің заңдары мен ережелерін - композиция зерттейді.
«Композиция» сөзі өзінің бастамасын латынның «compositio» -құрастыру, біріктіру, байланыс деген сөздерінен алады. Композицияның қазіргі заманғы түсінігі - форманың (пішіннің) барлық элементтерін біртұтас біріктіру арқылы көркемдік форма құру.
Костюм дизайны - костюмнің барлық бөліктерін біртұтас гармониялық бірлікке біріктіретін, автордың идеясын нақты формада көрсететін ұйымдастырушылық бастама болып табылады.
Костюм композициясы костюмнің функционалдық қызметімен тығыз байланысты. Киім дизайнері костюм композициясымен жұмыс істеу барысында өз идеясын жүзеге асыру үшін көптеген нұсқалардан ең тиімді, жақсысын таңдауы керек.
Сондықтан, композицияны эмоциялық шығармашылық, түйсікпен саналы таңдау нәтижесі деп қарастырады.
Костюм композициясы дегеніміз - бейнелеу шығармаларының бүтіндей шешімдерінің элементтер жинағы. Костюм композициясының негізгі тұтастығы киімнің көлемінен, сəйкестігінен, тепе-теңдігінен жəне силуэтінен құралады. Костюмның пішінінің айқын сəтті шешілуі костюмныңдұрыс құрылуына байланысты. Костюм композициясының дұрыс құрылуына байланысты көлеміне, пішініне, үйлесімділігінде келісімділік болмаса, ойлаған мақсаттардай сұлу-əдемі композиция болмайды. Үйлесім оның қарым-қатынасы адам тұлғасындағы киіммен бірге маңызды роль атқарады жəне оның пішінінің сипатын анықтайды. Үйлесім дегеніміз - тепе-теңдіктің екі жақты қарым-қатынасы.
Костюм элементтері: бас киім, аяқ киім, белдемше (юбка), шалбар, шорты, костюм, кеудеше жəне т. б. Киімнің бөлшектері: жең, жаға, қалта, алдыңғы бой, артқы бой, манжет, погон, шлица жəне т. б. Костюм аксессуарлары: қосымша əшекейлер - сумка, шатыр, белдік, макияж, бюжетерия, прическа, жəне т. б. Костюмның компоненттері: пішін, түс, фактура.
Композициялық байланыс. Киімнің əшекейлі туындысы ретінде көркемдік сапалы болу үшін оның барлық элементтерін біртұтас пішінге келтіру. Осындай біріктіру пішіннің барлық элементтерінің шамаластық келісімділік жəне бағыныштылық негізін атқарады. Композициялық шешімінің құралдары болып үйлесімділік, ырғақ симетрия, есептеледі. Сəңгер өз ісін жүзеге асыру үшін бəрінен бұрын костюмның барлық элементтерінің қарым-қатынасын, үйлесімділігін айқындауға тиіс. Тұтасынан алғанда костюмды құрайтын киімнің əрбір бөлігінің пішіні - киім бірнеше бөліктерден құралады. Киімнің пішінін сызық арқылы жеке бөлшектерге бөліп қарауға болады. Оны мүшелеу сызықтары деп атайды.
Мүшелеу сызықтары 3-ке бөлінеді: 1. Сызықтарды құрастыру. 2. Əшекей сəнді.
3. Құрастыру сəндік.
Киім пішінінің көлденең, қиғаш, тігінен мүшелеуге болады. мүшелеудің 2 түрі бар:
1. Толық мүшелеу сызықтары. 2. Үзілісті мүшелеу сызықтары.
Толық мүшелеу сызықтарында киім пішіні екі бөлікке бөлінеді.
Үзілісті мүшелеу сызықтарында киім пішіні иллюзиялық көз-қарас арқылы жүргізіледі.
Пішінді мүшелейтін əртүрлі бағыттағы құрылыстық сызықтарды белгілей отырып, киім пішінінің көптеген түрін құрастыруға болады [5] .
Киім классификациясы . Қазіргі уақыттағы киімнің түрлерін төмендегідей жіктеуге болады.
Адамның жынысына, жасына қарай киетін киімдер 1. Ерлер киімдері.
2. Əйелдер киімдері.
3. Балалар киімдері. (Ұлбала, қызбала) деп бөледі. Балалар киімдері жасына қарай:
1. Бөбектер жасындағы балаларға (1-3 жас аралығы) 2. Балабақша жасындағы балаларға (3-7 жас аралығы) 3. Мектеп жасындағы балаларға
4. Жас-өспірімдерге (жоғарғы сынып оқушыларына)
Киімдердің арналған мақсаттарына қарай оларды былай бөлуге болады. 1. Тұрмыстық (күнделікті жұмысқа жəне үйге киетін киім) .
2. Сəн-салтанатқа.
3. Спорттық, далада демалу, серуендеу 4. Өндірістік.
5. Кəсіптік.
6. Ойын-сауықтық.
Жоғарыда көрсетілген киімдер тобын жеке-жеке топқа бөлуге болады.
1. Тұрмыстфық киім - күнделікті жəне сəнді түрге бөлінеді. Олар пайдаланатын мерзіміне жəне орнына байланысты: ертеңгілік, күндізгілік, кешкілік, үйге арналған, тысқа арналған, жəне қоғамдық орындарға арналған болып топтастырады.
2. Спорттық киімдер. Спорттың түріне қарай ерекшелінеді. Мысалы, футбол, хоккей, баскетбол жəне т. б. Яғни белсенді қимылға арналған, ыңғайлы, қонымды болуы тиіс.
3. Өндірістік киім -ол арнайы кəсіппен байланысты, үстіндегі киімдері арқылы оларды қай кəсіпорнында, қандай кəсіппен айналысатыны белгілі болады. Мысалы: токар, жол жөндеуші, темір жолшы, жəне т. б.
4. Кəсіптік киім: əскери, ведомоствалық жəне униформаболып бөлінеді. Əскери киім - күнделікті жəне салтанатты болып бөлінеді. Ведомоствалық киім: сот, доктор, авиация, милиция . . . Униформа - салдаттар, ПТУ, омоновцы, түрмедегілер.
5. Ойын-сауықтық - сақна, цирк, балмаскарад киімдері жатады. Киімді пайдаланатын мерзіміне қарай:
- Қыстық.
- Көктемдік. - Жаздық.
- Күздік.
Қолданылатын орнына қарай киім - сырт киім жəне іш киім. Тігілген материалына қарай киіммақта мата, кенеп, жібек, жүн жəне синтетикалық болып бөлінеді.
1. 3. Костюм композициясының негізгі заңдары мен қасиеттері
Костюм композициясы дизайнер шығармашылығының негізгі элементі ретінде, көркемдік, сәнді форма құрудың талаптары мен ережелеріне бағынады.
Композицияның негізгі заңы - көркемдік пішіннің барлық бөліктері бір-бірімен гармониялық бірлікте болуы тиіс, оларда бейнелік (образдық), функционалдық және конструктивтік бастамаларда көрінуі тиіс.
Композицияның негізгі заңының қағидалары:
1. Кез келген дизайнерлік пішінде бір-біріне идеялық қарсы келетін элементтер болмауы керек, форма логикалық біртұтас болуы тиіс.
2. Кез келген жобалық пішінде басты және қосалқы элементтердің бірлігі көрінуі тиіс.
Композицияның негізгі заңының басты қағидаларын қарастырайық.
Бірінші қағида костюм композициясының барлық бөліктері мен элементтерінен суретші - жобалаушының басты идеясы көрініп тұруы тиіс. Композиция тіпті, әдемі әрі тиімді болса да, кездейсоқ бөліктер мен бөлшектер болмауы керек. Егер модельдің бір бөлшегі костюм идеясына қарсы келетін болса, оның бөліктерінің біртұтастығын бұзады. Дизайнер мұндай бөлшекті кедергісіз алып тастауы немесе композицияның жалпы идеясына «бағындыруға» тырысуы тиіс. Бұл бұйымды жөнсіз безендіруден сақтайды, костюм дизайнының міндеттерін орындайды және композицияның бірлігін нығайтады.
Екінші қағида - композиция бөліктерінің басты және қосалқы бөліктерге бөлу қажеттілігін көрсетеді. Бұл бөліктердің үйлесімдік бірлігі, олардың бір - бірімен үйлесім табуы арқылы жүзеге асады. Композицияның басты, негізгі бөлігі ерекшеленеді, бірақ, қалған бөліктерге қарсы келмейді.
Композицияның басты бөлігі композициялық орталық болып табылады, оған қалған басқа бөліктер бағынышты, тәуелді болады. Басты бөлік-костюм композициясының доминанты болып табылады. Форманың кез келген элементі композициялық орталық бола алады. Егер күрделі композиция болса, бір-бірімен тығыз байланыстағы бірнеше компози-циялық орталықтар болуы мүмкін.
Форма бірлігі барлық бөліктер мен элементтердің үйлесім табуы
Костюм фор-эскиздері арқылы жүзеге асады. Олардың гармониялық қатынаста орнала-суына костюм пластикасының, түсінің, фактураларының, пішін көлемі мен массасының пропорционалды қатынастары ықпал етеді. Костюмнің бұл элементтерінің барлығы бір-бірімен тығыз байланыста, бір-біріне тәуелді, бағынышты, олардың бәрі дизайнердің идеясын жүзеге асыруға «қызмет» етеді.
Композицияның басты және қосалқы бөліктерінің бір - бірімен тығыз байланысын және бірлігін қамтамасыз ету - жобалаушы -суретшінің басты мақсаты болып табылады.
Костюм композициясының қасиеттері
Айқындылық . Костюмнің көрерменге алғашқы әсері осы қасиетке байланысты. Айқындылық костюм композициясының қасиеті ретінде көрермендердің назарын модельге аударады, олардың қызығушылығын тудырады. Егер киім моделінде жеткілікті айқындылық болмаса, көрермен назары басқа модельдерге ауып кетеді.
Жобалаушы -суретші шығармашылығының нәтижесі осы айқындылық арқылы анық көрінеді.
Айқындылық - автор белсенділігінің көрсеткіші, оның жобалау нысанына көркемдік көзқарасы, эмоционалдық бейнелерді таба білуі. Қажетті айқындылықты таба білу - киім дизайнерінің басты мақсаттарының бірі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz