Металл бұйымдары зауыты



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Жамбыл политехникалық жоғары колледжі
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



Өндірістік тәжірибе
есебі

Мамандық : 1305000 Ақпараттық жүйелер (қолдану салалары бойынша)
Курс: 3
Топ: 3ИС-18-1
Студент Байгисиев Ақниет
\аты -жөні\
Практика жетекшісі: Жакипбекова Р.К.
\ аты -жөні \

Тараз 2021ж
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
І. ЖАЛПЫ БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ СИПАТТАМАСЫ
1.1. Металл бұйымдар зауыты - "Qazselmash"ЖШС ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

ІІ. АРНАЙЫ БӨЛІМ. ЖҰМЫС ОРНЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
2.1 2.1. Металл бұйымдар зауыты - "Qazselmash"ЖШС функционалдық міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.2 "Qazselmash" ЖШС бағдарламашысының, оператордың, жүйелік бағдарламашының лауазымдық нұсқаулықтары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.3 2.3 "Qazselmash" ЖШС аппараттық қамтамасыз етуі, желілік
ресурстары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.4. "Qazselmash" ЖШС бағдарламалық қамтамасыз етуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.4.1 Базалық бағдарламалық қамтамасыз етуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.4.2 Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.4.3 Арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

ІІІ. "QAZSELMASH" ЖШС ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ
3.1. Техника қауіпсіздігіне қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
3.2 "Qazselmash" ЖШС бағдарламашының, оператордың жұмыс орнына қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
3.3 "Qazselmash" ЖШС бағдарламашының, оператордың еңбегін қорғау жөніндегі іс-шаралар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
4.3 Робототехника ұйымындағыбағдарламашының, оператордың еңбегін қорғау жөніндегі іс-шаралар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 8-39
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41

КІРІСПЕ

Мен Байгисиев Ақниет, өндірістік тәжірибемді металл бұйымдар зауыты - "Qazselmash" жеке шаруашылық серіктестігінде өттім.Тәжірибенің өту аралығы 15.03.2021 - 29.05.2021жж. Өндірістік тәжірибеден өту мақсатым, тәжірибеден өтетін мекемемнің құрылысымен, ол мекеменің бөлімдерімен, атқаратын қызметтерімен, қауіпсіздік ережелерімен, жұмысқа қатысты заңдармен, ақпараттық жүйелерімен танысу. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы технологиялармен, ақпараттық жүйелермен, бағдарламалармен танысу және солармен жұмыс жасап көру. Мекеменің желілік байланыстарымен танысу және мүмкіндік болып жатса, теориялық алған білімімді іс-жүзінде жасап көру. Алдағы аталған мақсаттарға қоса осы өндірістік тәжірибе барысында ұйымның өзіне тән программаларымен танысып, солармен жұмыс істеу. Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезінде ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, пайдалана білу-бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапаларымен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналады.

Өндірістік тәжірибе өткен жерім: Металл бұйымдар зауыты - "Qazselmash" ЖШС
Өткізілген уақыты: 15.03.2021 - 29.05.2021жж
Мақсатым: Студент еңбек заңдарын міндетті түрде орындау, еңбек қорғау және ішкі тәртіп ережелерін сақтау, қауіпсіздік ережелерін, жетекшінің тапсырмаларын орындау керек. Студенттер тәжірибе кезінде теориялық алған білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдап, қосымша материалдар жинау және жаңа технологияларды игеріп қана қоймай, олармен жұмыс барысында қолдану. Жасалған программаларды жүргізу және қолдану, есеп нәтижесі мен мағлұматты өңдеу. Бағдарламаларды орынату, әртүрлі қосымша ақпараттық жүйелерге байланысты мәселерді шеше алу.

І. ЖАЛПЫ БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ СИПАТТАМАСЫ

0.1. Металл бұйымдар зауыты - "Qazselmash"ЖШС

Металл бұйымдар зауыты - "Qazselmash" ЖШС күнделікті тұрмыстық тұтынымға қажетті бұйымдар, аспаптар мен ыдыстар шығаратын кәсіпорын.
2013 жылы Алматы қаласында "Qazselmash" атты шағын зауыты құрылды. Қазіргі таңда "Qazselmash" зауыты жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп зауыты аталады.
Зауытың жалпы аумағы 10500м2, онда өндірістік және әкімшілік корпустары, түсті металдарды күю және тефлонмен каптау, аспап, компрессор цехтары коймалары орналасқан. 110 адам еңбек етеді.
Зауыт өнімдері (электр сеператорлар, кескіш құралдар, автомобиль домкраттары, табалар, және тағы басқа) республика көлемінде, сондай-ақ, шет аймақтарда жоғары сураныска ие.

Толық атауы
"QAZSELMASH" ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ
Ағылшын тіліндегі атауы
TOVARISCHESTVO S OGRANICHENNOJ OTVETSTVENNOST'JU "QAZSELMASH"
Құқықтық формасы - Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Мекен - жайы - Казахстан, Алматы қаласы, Бекмаханова көшесі, 96б
БИН - 120740004567
Кәсіпорын түрі - шағын кәсіпорын
Кәсіпорын ретінде тіркелу уақыты - 05.07.2012 · 8 жыл 10 ай
Кәсіпорын жетекшісі - Качин Максим Витальевич
Меншік түрі - жекеменшік

Қаржылық жағдайы

2021 жылға жылдық кірісі - 99 952 766 ₸

Салықтық шегерімдердің мөлшері - 18 486 812 ₸

01. 01. 2019ж - Негізгі қызмет түрі өзгерді.
Тауарлардың кең ассортиментінде ешқандай спецификациясыз көтерме сауда жасау. Орындықтар мен басқа жиһаздарды қоспағанда, кеңсе және бөлшек жиһаз өндірісі.
01.07.2019ж - Негізгі қызмет түрі өзгерді.
Орындықтар мен басқа жиһаздарды қоспағанда, кеңсе және бөлшек жиһаз өндірісі. Ауылшаруашылық машиналарын, жабдықтарын, бөлшектері мен керек-жарақтарын көтерме сату.
01.12.2019ж - Негізгі қызмет түрі өзгерді.
Ауылшаруашылық машиналарын, жабдықтарын, бөлшектері мен керек-жарақтарын көтерме сату. Ауылшаруашылық техникаларын, жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді көтерме сату.

ІІ. АРНАЙЫ БӨЛІМ. ЖҰМЫС ОРНЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

2.1. Металл бұйымдар зауыты - "Qazselmash"ЖШС функционалдық міндеттері

"Qazselmash"ЖШС - бұл металл бұйымдарын өндіру (ТББ), күрделілігі әртүрлі металл құрылымдарын жасау, аттестацияланған зертхана, дайын өнім қоймасы, тж тұйығынан құралатын көп бейінді кәсіпорын.
Кәсіпорын сызбаны есептеуден бастап, өнімді жасау, сертификаттау және тапсырысшыға жеткізуге дейін толық қызмет кешенін орындайды.

Бүгінде нарықта металл бұйымдарының сапалық-пайдаланушылық сипаттамаларына жоғары талап қояды, біздің өнім бұл талаптарды толық көлемде қанағаттандырады. Кәсіпорынның табысты қызметі кәсіпорында адал әрі бар ынтасымен еңбек етіп жүрген жоғары білікті қызметкерлер құрамымен қамтамасыз етіледі. Біздің барлық өнімдеріміз сертификатталып, сапасы өндірістік зертхана мен техникалық бақылау бөлімінде қатал тексеруден өтеді. Біз өзара тиімді негізде бірлесе жұмыс істеу мақсатында, жаңа серіктестер іздеп, оларды ынтымақтастыққа шақырамыз.

"Qazselmash"ЖШС:

:: ИСО 9001, 14001, 18001 сәйкестік сертификаты
:: Тұрақты сапа
:: Шығарылатын өнім номенклатурасының кең аясы
:: Аттестацияланған зертхана куәлігі.
:: Барлық өндірілетін бұйымдардың сәйкестік сертификаттары бар
:: Қалаға жақын орналасу
:: Тиеу және жеткізу мерзімдері жылдам
:: Жекелеген тәсілдеме
:: Қолайлы жеңілдіктер жүйесі
:: Кәсіпқой әрі тілектес қызметкерлер құрамы
:: Ыңғайлы кірме жолдар (тж тұйығы, автожолдар)

Қысқаша тарихи анықтама:

70-жылдардың басында Алматы қаласының сыртында сол кезде қарқынды дамып келе жатқан мелиорация және су шаруашылығы салаларын өнеркәсіптік өніммен қамтамасыз етуге арналған зауыттар мен басқа да өндірістік кешендер қолданысқа енгізіліп жатты. 57 га аумақта төмендегідей объектілер салынды:

1. Металл бұйымдары зауыты
2. Құрылыс және жол машиналарын жөндеу зауыты
3. Материалдық-техникалық жабдықтау базасы
4. Үлкен инженерлік инфрақұрылым (қуатты электрлік жабдықтау, жекеменшік сужиналғылар, кәріз жүйесі, байланыс, тармақталған жеке теміржол тұйығы және басқа да қосалқы объектілер).
Жаңа технологиялық кешендерді шығарып, меңгергені үшін, "Qazselmash"ЖШС ӨБ қызметкерлерінен құралған авторлар ұжымы КСРО Министрлер Кеңесінің сыйлығымен екі қайтара (1979ж. және 1983 ж.) және көптеген басқа марапаттармен, көптеген жылдар бойына тұрақты негізде (КСРО ыдырағанға дейін) - КОКП ОК, КСРО Министрлер Кеңесінің және Кәсіподақтар ОК-нің ауыспалы туларымен марапатталған.
ТББ және АҚ зауыты сол кездері өзінің түпнұсқалық технологиясы бойынша өндірілген үлкен диаметрлі темірбетон арынды құбырларын (диаметрі 500мм-ден 2700мм дейін) өндіру бойынша қуаттылығы жағынан КСРО-дағы екінші зауыт болып саналды.
Сол кездегі КСРО-дағы, Қазақстандағы да мелиорациялық құрылыстың аса ірі ауқымдары жаңа технологиялық және ұйымдастырушылық шешімдерді талап етті.
"Qazselmash"ЖШС ӨБ құрамында үлкен диаметрлі магистральдық су құбырларын құру және монтаждауға, өндірістік объектілер мен тұрғын үйлер салуға арналған үш жылжымалы механикаландырылған колонна (ЖМК) құрылды.
"Qazselmash" ЖШС аумағы 10500м2 құрайды.
Өндірістік алаңның инженерлік инфрақұрылымы өте жақсы дамыған:
Сыртқы электрлік жабдықтау - ӘЖ-35 киловольт екі әуе желісі бойынша және ӘЖ-110киловольт екі әуе желісі бойынша, және жалпы қуаттылығы 45мегаватт екі аудандық қосалқы станция арқылы - бұл кез келген өндірісті дамыту үшін өте жақсы қор.
Сумен жабдықтау - үш терең сорғысы бар жекеменшік сужиналғы.
Жылумен жабдықтау- газбен жұмыс істейтін жекеменшік қазандық.
Байланыс - қалалық телефон және жергілікті телефон станциясы.
Жолдарының жалпы ұзындығы 11 км, көптеген түсіру және тиеу алаңдары және екі жекеменшік тепловозы бар тармақталған теміржол тұйығы.
Өндірістік алаңға дейін жеткізетін бірнеше автожол.
Металл бұйымдары зауыты (ТБЗ) әрқайсысы 18м*144м 9 өндірістік аралықтары бар, бір аралық 18*198м, бетон араластыру цехы, 2000тн және 800тн екі цемент қоймасы, инертті материалдар қоймасы (құм мен шағыл сақтауға арналған), компрессорлық, арматура цехы, әр аралығы 18*300м дайын өнім қоймасының үш аралығы, қосалқы ғимараттар мен құрылыстар.

Металл бұйымдары зауыты қазіргі кезде өндіреді:
- Тауарлық металл бұйымдары.
- Алматы метрополитеніне арналған тюбингтердің бірнеше түрі, оның ішінде, ең заманауи дәлдігі жоғары еуропалық технологиялар бойынша жасалған
- Өнеркәсіптік және тұрғын үй құрылысына арналған бұйымдар
- Энергетикалық құрылысқа арналған бұйымдар
- Теміржол көпірлері мен автомобиль жолдары құрылысына арналған бұйымдар
- Коммуналдық құрылыс пен абаттандыруға арналған бұйымдар
- Гидротехника мен мелиорацияға арналған бұйымдар
- Газдандыруға арналған бұйымдар
- Бөлшектерден құралатын металл конструкциялар
Металл бұйымдары зауыты алуан түрлі құрылыс материалдарын өндіру бойынша әртүрлі технологияларды орналастыруға арналған бос өндірістік алаңдарға ие (әмбебап өндірістік аралықтар, энергетика және басқа да инженерлік желілер алуан-түрлі технологиялық желілерді орналастыруға мүмкіндік береді). Атқарымдар мен дайын бизнес - жобалары да бар.
Тәжірибелік - эксперименталды механикалық зауыттың әрқайсысының көлемі 18*144 метр, алуан-түрлі әмбебап металл өңдеуші жабдығы бар 4 өндірістік аралық, дайын өнім қоймасының бір аралығы 30*250м, бір өндірістік аралық ашық ауада және материал қоймалары мен басқа да объектілер.
Зауыт әртүрлі металл конструкцияларын, ЖЖМ арналған түрлі сыйымдылықтарды (5000 куб.м дейін), энергетикалық, кен өндіруші, газ және басқа салаларға арналған бұйымдарды шығарады, төмендегідей әртүрлі тапсырыстарды орындай алады:
Тапсырысшының сызбалары бойынша немесе өзінің макеттері мен МБК (металл бөлшектелген конструкциялар) бойынша стандартсыз жабдықтарды жасау.
Жоғары вольтты тіреулерге арналған Траверстерді дайындау.
Көпірлер мен көпір конструкцияларын дайындау
ЖСК - жылу-сумен және кәріз жүйесімен жабдықтау бөлімшесі, қазандық газбен жұмыс істейді, резервтік отын - дизель.
Жер асты сужиналғылары - олардың саны бірнешеу, суының сапасы өте жақсы ауызсумен бірдей және су сақтауға арналған сыйымдылықтары бар (3000 куб.м дейін).
Автоучаске "Qazselmash" ЖШС қызметкерлерінің жұмысқа және жұмыстан жекеменшік автобуспен жеткізілуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ кәсіпорын қажеттіліктері мақсатында жүк автомобильдерімен және сантехникамен қызмет көрсетеді, өзінің жеңіл автомобильдері де бар. Жабық бокстары, жөндеу аймағы, түрлі өндірістік, тұрмыстық және қоймалық жайлар қарастырылған.
Қосалқы қызметтер - құрылыс учаскесі, ағаш цехы, жоғары вольтты қызмет және басқа қызметтер: өз жайлары, жабдығы және т.б. бар.
Әкімшілік-тұрмыстық корпусы онда кеңселік кабинеттер, тұрмыстық бөлмелер, асхана, буфет, медициналық пункт және басқа бөлмежайлар орналасқан.
Көлік инфрақұрылымы - жақсы дамыған (Алматы қ. және Алматы облысының, Қазақстан Республикасының, ТМД елдерінің басқа бағыттағы елді мекендеріне апаратын автомобиль жолдары бар), сондай-ақ қолданыста жекеменшік теміржол тұйығы да бар.
"Qazselmash" ЖШС болашақта дамуы үшін неғұрлым тартымды технологиялар қатарында ең алдымен, қалыптасқан сұраныстың ескерілуімен, жобалық бейініне сәйкес өндірістерді атауға болады, нақтылап айтқанда:
- орта класқа арналған үнемді конструкциялар (үнемді үйлер, зауытта толығымен дайындалатын жеңіл жылдам көтерілетін үйлер)
- қорамақалыпсыз пішімдеу әдісімен тиімді панельдер мен жабу тақталары.
- автоматты кешендерде кәріз желілеріне арналған арынсыз құбырлар өндірісі.
- энергетикалық салаға арналған бұйымдар: ЭТЖ электр тарату ауа желілерінің тб және металл тіреулері, шағын ГЭС-ға арналған бұйымдар (шағын ГЭС әмбебап ғимараттары мен арынды су құбырлары өндірісін толығымен қамтамасыз етуге болады, бұл үшін Алматы ГЭС сарқырамасында жинақталған жұмыс тәжірибесі де бар: бұл энергетиканы дамытудағы өте перспективті бағыт болып табылады, және бұл жерде өз орныңды нақты ойып белгілеуге әбден болады).
- жөндеу-құрылыс жол техникасын және құрылысты шағын механикаландыруға арналған жабдықты өндіру (көтергіш құрылғылар, крандар, аспалы сүйеуіштер, араластырғыштар, құрылыс ағаштары және т.б.)
- кен өндіру, мұнай, газ, энергетикалық салаға арналған жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді және тж көлігін шығару, бұған қоса мелиорация мен ирригацияға арналған өндірісті сақтап қалу.
Сонымен қатар, қолда бар қоймалық алаңдардың мүмкіндіктерін түрлі салалардың логистикалық орталықтарын дамытуға және тж тұйығының қызметін кеңейту мақсатында пайдалануға болады, негізі бұл өте кірісті іс болып табылады.
"Qazselmash" ЖШС алаңдарында экономикалық тұрғыдан өте тиімді көптеген қызықты жобалар іске асырылған.

2.2 "Qazselmash" ЖШС бағдарламашысының, оператордың, жүйелік бағдарламашының лауазымдық нұсқаулықтары

IT бағдарламашысы қызметкерлерге жұмыс процесінде жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын қолдануға көмек көрсетеді және ұйымдастырады.
Біліктілік талаптары: арнайы орта білім, жоғары.

I. БІЛУГЕ ТИІС:
+ еңбекті қорғау, ТБ ережелері мен нормалары;
+ жұмыс процесін ұйымдастыру жүйесі;
+ еңбек заңнамасының негіздері;
+ қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау қағидалары;
+ бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету;
+ жаңа ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптері.

II. ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТТЕРІ:
+ кеңсе оргтехникасын жұмысқа дайындауды жүзеге асырады;
+ дискілермен жұмыс жүргізеді;
+ Компьютерлік техникаға профилактикалық қызмет көрсетуді жүргізеді;
+ файлдық материалды жасау және тираждау, магниттік тасымалдағыштардан құжаттаманы басып шығару бойынша жұмыстарды орындайды;
+ компьютерлік бағдарламаларды жүктеуді және таратуды жүзеге асырады;
+ жұмыс процесі кезінде компьютерлік техника мен бағдарламалардың үздіксіз жұмысын бақылайды;
+ кеңсе қызметкерлеріне компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу дағдыларын үйретуге көмек көрсетеді;
+ кабинеттегі жабдықтың сақталуын қадағалайды;
+ жаңа компьютерлік-бағдарламалық түсіммен жұмыс істеуді меңгереді және зерделейді;
+ қызметкерлерге компьютерлік технологияны игеру бойынша жеке жұмыстары кезінде көмек көрсетеді.

III. Құқығы бар және жауапты:
+ жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып өткізілетін басқа іс - шараларға қатысыңыз;
+ өз біліктілігін арттыру, шеберлік сағаттары;
+ қоғамдық іс-шараларды өткізуге, әртүрлі деңгейдегі қоғамдық ұйымдардың жұмысына қатысу;

Жауапты:
а) тәртіптік-өзінің кінәсінен лауазымдық міндеттерін орындамағаны және ҚК Жарғысын бұзғаны үшін, оның ішінде Еңбек міндеттерін бір рет өрескел бұзғаны үшін - сөгіс түріндегі жаза;
б) Әкімшілік - оның кінәсінен өрт қауіпсіздігі ережелерін, кабинеттегі санитарлық-гигиеналық ережелерді бұзғаны үшін.

IV. қарым-қатынас. Лауазымы бойынша байланыс:
+ 36 сағаттық жұмыс аптасы негізінде құрылған және бекіткен кесте бойынша жұмыс күні режимінде жұмыс істейді;
+ өз жұмысын бір аптаға, бір күнге жоспарлайды;
+ өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша "Qazselmash" ЖШС директорымен жаңа ақпараттық технологияларды енгізу жөнінде жүйелі түрде ақпарат алмасады;
+ міндеттерді орындау еңбек туралы заңнамаға және "Qazselmash" ЖШС жарғысына сәйкес, егер тиісті бұйрықты объективті себептермен шығару мүмкін болмаса, директордың бұйрығы немесе директорлар Кеңесінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Жүйелік бағдарламашысының экономика мен басқару мәселелерін шешу, кәсіпорынның жобалау-конструкторлық, басқарушылық және қаржылық қызметінде ақпараттық технологияларды пайдалану үшін заманауи математикалық әдістер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдануға мүмкіндік беретін білімі мен дағдылары болуы керек.
Жүйелік бағдарламашы өндірісті, қаржылық ағындарды, персоналды басқару бойынша көп еңбекті қажет ететін жұмыстарды орындауды Автоматтандыру және бағдарламалық қамтамасыз ету үшін кәсіпорынға шақырылады. Жүйелік бағдарламашының штаттық бірлігін кәсіпорында көптеген компьютерлер болған кезде (әдетте 20-дан астам) немесе 10-нан астам компьютерді біріктіретін жергілікті есептеу желілері болған кезде енгізген жөн.

Жүйелік бағдарламашыға қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады:
+ жоғары техникалық білім;
+ ДК және ЭЕМ әртүрлі типтерінде, оның ішінде жергілікті желілерге біріктірілген жұмыс тәжірибесі;
+ стандартты алгоритмдік тілдерді білу;
+ қолданбалы есептерді шешу үшін жуық әдістерді және стандартты бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану тәжірибесі;
+ қолданбалы бағдарламалар пакеттерін және деректер базасын әзірлеу тәжірибесі;
+ машиналық графика құралдары мен сараптамалық жүйелерді білу.

Жүйелік бағдарламашы білуі керек:
+ Информатика, жоғары математика негіздері.
+ Алгоритмдер теориясының негіздері, формальды тілдерді құру әдістері, деректердің негізгі құрылымдары, машиналық графика негіздері, Заманауи ДК және ЭЕМ құрудың сәулеттік ерекшеліктері мен физикалық негіздері.
+ Деректердің негізгі модельдері және оларды ұйымдастыру.
+ Жүйелік бағдарламалау тілдері.
+ Сұрау тілдерін құру және деректерді басқару принциптері.
+ Бағдарламалау тілдерін сипаттаудың синтаксисі, семантикасы және формальды әдістері, таратылған және параллель бағдарламалау конструкциялары, аудару әдістері мен кезеңдері.
+ Сараптамалық жүйелерді құру принциптері.
+ Деректерді басқару әдістері мен механизмдері.
+ Операциялық жүйелерді ұйымдастыру принциптері, құрамы және жұмыс схемалары.
+ Ресурстарды басқару принциптері, файлдық жүйелерді ұйымдастыру әдістері.
+ Желілік өзара әрекеттесуді құру принциптері.
+ Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеудің негізгі әдістері.
+ Аппараттық қамтамасыз ету.
+ Ақпараттық заңнама.
+ Авторлық және сабақтас құқықтар туралы заңнама.
+ Еңбек заңнамасы.
+ Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормалары.
Жүйелік бағдарламашы лауазымына тағайындау және лауазымнан босату мектеп директорының бұйрығымен жүргізіледі.

Жүйелік бағдарламашының лауазымдық міндеттері:
* Жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуды, баптауды және оңтайландыруды және қолданбалы бағдарламалық құралдарды игеруді жүзеге асырады.
* Қолданбалы бағдарламаларды әзірлейді және енгізеді.
* Сыртқы құрылғыларды қосуды және ауыстыруды, есептеу техникасы құралдарына тестілеу жүргізуді жүзеге асырады.
* Компьютерлердің дискілік кеңістігін оңтайландыруды жүзеге асырады.
* Компьютерлік деректер базасын жүргізуді қамтамасыз етеді.
* Компьютерлік вирусқа қарсы іс-шаралар жүргізеді.
* Кәсіпорынның жергілікті есептеу желісін басқаруға қатысады.
* Кәсіпорынның коммуникациялық, бағдарламалық және аппараттық жабдықталуы бойынша қызмет көрсететін сыртқы ұйымдармен келісімшарттарды сүйемелдеуді ұйымдастырады.
* Телекоммуникациялық арналар бойынша локальдық желінің сыртқы ұйымдармен ақпарат алмасуын қамтамасыз етеді.
* Есептеу техникасы құралдарының жекелеген құрылғыларына, локальдық желінің кабельдік желілеріне тестілеу және жөндеу жүргізеді.
* Бағдарламалық жасақтама мен мәліметтер базасының зақымдалуымен байланысты төтенше жағдайларды жояды.

Жүйелік бағдарламашы құқылы:
* Атқаратын лауазымы бойынша оның құқықтары мен міндеттерін, лауазымдық міндеттерін орындау сапасын бағалау өлшемшарттарын айқындайтын құжаттармен танысуға құқығы бар.

2.3 "Qazselmash" ЖШС аппараттық қамтамасыз етуі, желілік
ресурстары

"Qazselmash" ЖШС орнатылған желі - біррангілі желі - бұл барлық оның ресурстары жүйелерге бөліп жайғасқан ақпараттық желілердің концепциясы. Бұл архитектура оның барлық жүйелері тең құқылығымен сипатталады.
Бұл архитектура оның барлық жүйелері тең құқылығымен сипатталады. Бір рангті желілерге кез келген жұмыс станция бір уақытта файлдық сервердің және жұмыс станцияның функциясын орындайтын кішігірім желілер жатады. Бір рангті желі тек кішігірім жұмыс топтары үшін ғана жақсы. Оның келесідей артықшылықтары бар:
* Олар орнатуда және өңдеуде жеңіл;
* Бөлек ДК лар белгіленген желіден тәуелді емес;
* Қолданушылар өз ресурстарын бақылай алады;
* Құны аз және жеңіл қанау (эксплуатация);
* Минимум жабдықтау және программалық қамтамасыз ету;
* Администратордың қажеттілігі жоқ;
* Бір рангті желіні таңдау керек, егер: қолданушының саны оннан аспау керек;
* Барлық машиналар бір біріне жақын орналасуы керек;
* Кішігірім қаржылық мүмкіндіктерге орны бар;
* МҚ серверін, факс серверін, немесе басқа сияқты мамандандырылған желіні керек етпейді.
Желі топологиясы
Желі топологиясы топология немесе желі топологиясы термині компьютерлердің, кабельдердің және басқа да желі компоненттерінің орналасуын сипаттайды. Топология мамандар желі құрастыру негізін бейнелеуде қолданылатын стандартты термин. Желі топологиясы оның сипатына себепші болады. Осы немесе басқа топологияны таңдауға мыналар әсер етеді: қажетті желілік жабдықтау құрамы желілік жабдықтау сипаттамасы желіні басқару әдісі. Ресурстар мен басқа желі тапсырмаларын орындап, ортақ пайдалану үшін компьютерлер бір біріне қосылуы қажет. Желіде бұл мақсат үшін көбіне кабель қолданылады. Бірақ басқа компьютерді қосып тұрған кабельді компьютерге қосу жеткіліксіз. Әртүрлі кабельдер түріне сәйкесінше әртүрлі желілік тақшамен, желілік ОЖ және басқа да компоненттерді компьютерден өзара орналасуын қажет. Әрі желі топологиясының шарттары бар. Мысалы, ол тек кабель түрін ғана емес, сонымен қатар оны қолдану әдістерін ұсынады. Барлық желілер үш базалық топологияның көмегімен жасалынады: шина (bus), жұлдызша (star), сақина (ring). Егер компьютерлер бір кабель бойында жалғанса, онда бұл топология шина деп аталады. Негізінде базалық топология қиын болмағанымен негізінде олардың қиын комбинациялары кездеседі, яғни бір топология өзінде бірнеше топологияны біріктіреді.

Кабельдердің типтері
Жаңа замандағы желілерде қолданылып жүрген кабельдердің бірнеше түрлері бар. Төменде ең көп қолданылып жүрген кабельдер жайлы жазылған. Мыстан жасалған кабельдердің түрлері электрлік кабельдерді құрайды. Олар телефон желі ін жүргізуде және JIBC ті инсталляциялауда қолданылады. Ішкі құрылысы бойынша кабельдер қос ширапта және коаксиалды деп бөліндеі. Token-Ring желісі қолданылады. Arcnet желісі қолданылуы. FDDI желісінің қолданылуы Оптоталшықты кабельдің мінездемесі оптикалық талшықты кабель (Fiber Optic Cable) алысқа ақпаратты өте үлкен жылдамдықпен жібереді. Және олар тыңдау құрылғыларына жарамсыз. Оптикалы талшықты кабельмен ақпарат жөнелту үшін жарық қолданылады. Жарық өткізгіш қызметін атқарып тұрған талшық ақпаратты алысқа әрі үлкен жылдамдықпен жіберуге көмектеседі, бірақ ол өте қымбат және онымен жұмыс істеу өте ауыр. Оптикалы талшықты кабель жуандығы бірнеше микрон ғана болатын орталық шыны жіпшеден тұрады. Оның сырты жалпылай шынымен жабылған. Мұның бәрі сыртқы қорғаныс қабатының ішінде орналасады. Оптикалы талшықты линиялар өте сезімтал. Мұнда жарық көзі ретінде жарық диодтары қолданылады (LED - Light Emitting Diode), ал ақпарат жарықтың интенсивтілігінің өзгеруі арқылы кодталады. Кабельдің қабылдайты ұшында дтектор желілік импульстарды электрлік сигналдарға айналдырады. Оптоталшықты кабельдердің екі түрі бар: бір модтық және көпмодтық. Бірмодтықтардың диаметрі кішкентай, қымбат және ақпаратты жіберу қашықтығы жоғары. Жарық импульстары бір бағытта қозғала алатындықтан оптоталшықты кабельдер базасындағы желілердің әр сегмент үшін кіретін және шығатын кабельдері болуы керек. Оптоталшықты кабельдер арнайы коннекторлерді және жоғары квалификациялық орнатуды талап етеді. Коаксиальді кабельдің мінездемесі Коаксиалды кабельдер радио және телевизялық аппаратураларда қолданылады. Коаксиалды кабельдер ақпаратты 10Мбитс жылдамдықпен 185-400 метр қашықтыққа жібере алады. Олар қалындығына қарай қалың және жұпқа болып бөлінеді. Thinnet кабелі RG-58 ретінде танымал болған, мәліметтерді танымалдаудың физикалық түрінде кеңінен қолданылады. Желілер қосымша құрылға сұрамайды және өте қарапайым, әрі арзан.Жұқа коаксиалды кабелі қалың кабельге қарағанда ақпаратты қысқа қашықтыққа ғана жібере алады. Бірақ жұқа кабельмен қосылуы үшін CP - 50 типтегі BNC разъем стандартты қолданылады және ол барлық JIBC офистарға стандарт болып табылады. Төменде сипатталатын Ethernet 10Base2 технологиясында да қолданылады. Қалың коаксиалды кабель кедергілерге қарсылығы өте жоғары, механикалық сапалы, бірақ кабельді орнату кезінде JIBC ке қосылу үшін арнайы қажеттіліктерді талап етеді. Ол жұқа кабельмен салыстырғанда біршама қымбат, және майысқақ емес. Төменде сипатталатын Ethernet 10Base5 технологиясында қолданылады. ARCNet желісі әдетте RG-62 AU кабелін қолданады. Wi-Fi желісінің мінездемесі. Стек протоколов TCPIP хаттамасының қолданылуы.

Маршрутизациялау. Маршрутизаторлар.
Бұл құрылғылар желідегі байланысты орнатады. Каналдық деңгей ортаға доступты тексереді және канал арқылы мәліметтің берілу процедурасын қадағалайды. Локальдық желіде каналдық деңгейдің протоколдары компьютерлермен және маршрутизаторлармен қолданылады. Интернет мыңдаған корпоративті, үкіметтік, ғылыми және үй желілерінен құралған. Әртүрлі архитектуралы және топологиялы желілерді біріктіруге IP Internet Protocol протоколын және мәліметтер пакеттерін маршрутизациялауды қолдану арқылы қол жеткізеді. IP
Протоколы әдейі физикалық байланыс арналарына тәуелсіз етіп жасалады. Яғни цифрлық мәліметтерді тасымалдауға арналған кез келген жүйе Интернетпен де байланыса алады. Желілердің байланысқан түйіндерінде арнайы маршрутизаторлар пакеттердің қабылдаушылардың IP адремтерін қарай отырып, мәліметтер пакеттерін сұрыптау және бағыттаумен айналысады. IP протоколы бүкіл әлем көлемінде біртұтас адрес кеңістігін құрады, бірақ әрбір жеке желіде өзіндік адрес кеңістігі болуы мүмкін. IP адрестерді осылайша қйымдастыру маршрутизаторларға әрбір мәлімет пакетінің бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, Интернет құрамындағы жекелеген желілер арасында конфликттер болмайды, ал мәліметтер бүкіл әлем көлемінде дәл жеткізіледі.

Кабельдік жүйенің құрылымы
Ақпаратты жіберу ортасы ретінде әртүрлі кабельдер қолданылады: коаксиальды кабель, экрандалған және экрандалмаған қос ширатпа негізінде жасалған кабель, оптикалы талшықты кабель. Қысқа қашықтыққа (100м-ге дейін) мәліметтер берудің ең көп тараған түрі экрандалмаған қос ширатпа. Ол локальдық желінің барлық жаңа стандарттары мен технологияларына қосылған және өтімділік жылдамдығы 100Мбс (5 категориядағы кабельдерде). Оптикалы талшықтыкабель локальды желімен қатар бүкіләлемдік магистральды білім беру желісінде де қолданылады. Оптикалы талшықты кабель каналдан ақпаратты өте үлкен жылдамдықта және өте алысқа (аралық сигналды күшейтпей ақ бірнеше ондаған километрлерге) жібере алады. Есептеуіш желілерде ақпараттарды жөнелту үшін әртүрлі жиіліктегі электромагниттік толқындар КВ, УКВ, СВЧ қолданылады. Бірақ әзірге радиобайланыс та кабель жүргізу мүмкін болмай жағдай да ғана қолданылып отыр, мысалы, ғимараттарда. Бұл электромагниттік сәулелердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс Қазақстан облысы туралы
ХІХ ғ. екінші жартысында Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі және дамуы
Өндіруші өнеркәсіп салалары
Ірі өлшемді керамикалық және декаративті бұйымдар
Қазақстанның экономикалық аудандары туралы
Қазақстанның экономикалық аудандары
Машина жасау өнеркәсібі кешені
Қарағанды облысының экологиялық-экономикалық жағдайы
Өнеркәсіп. Өнеркәсіп түрлері
Сала кәсіпорындарын орналастыру
Пәндер