Трутовик саңырауқұлақтары Семей аумағының ағаш түрлерінің экологиялық жағдайының көрсеткіші ретінде
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Шығыс - Қазақстан облысы
КГКП Облыстық балалар биологиялық орталығы
Ғылыми зерттемелік жұмыс
Тақырыбы: Трутовик саңырауқұлақтары Семей аумағының ағаш түрлерінің экологиялық жағдайының көрсеткіші ретінде
Орындаған: Дуйсенова Балауса
7 сынып оқушысы
Жетекшісі: Бажакова Диана Токтагановна
Г. Семей 2019
Мазмұны
Кіріспе
I.Ғылыми - теориялық бөлім
1.2 Семей аумағының физикалық және географиялық сипаттамасы
1.3 Трут саңырауқұлақтарының зерттеу объектісі ретінде қысқаша сипаттамасы
1.4 Трутовик саңырауқұлақтарының экологиялық және биологиялық ерекшеліктері
1.5 Трут саңырауқұлақтарының жіктелуі және морфологиясы
II.Зерттеу материалдары мен әдістері
III.Зерттеу бөлімі
3.1 Зерттеулер жүргізілген орман алқабының табиғи жағдайлары
3.2 Зерттеу нәтижелері
3.3 Трутовик саңырауқұлақтарының зерттелген аудандардағы орташа саны
3.4 Орман алқабындағы трутовик саңырауқұлақтарының таксономиялық құрылымы
3.5 Биоиндикатор ретінде трутовик саңырауқұлақтарын пайдалана отырып орман экожүйелерінің өзгерістерін бағалаудың интегралдық көрсеткішін анықтау.
IV.Қорытынды
5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
6. Қосымшалар
Кіріспе
Биологиялық айналымның басты буындарының бірі - ағаштардың ыдырауы болып табылады. Мұнда басты рөлді әр түрлі трутовик саңырауқұлақтары ойнайды, олар ксилофит - саңырауқұлақтарының экологиялық тобына жатады. Бәріне белгілі сапрофит саңырауқұлақтары өлі ағаштардың діңгектерінде болады, ал паразит саңырауқұлақтар тірі ағаштарды да зақымдайды. Ағаштарда пайда болып өсетін трутовик саңырауқұлақтарының түрлеріне қарап сол ағаштардың жағдайын білуге болады.
Биологиялық
Ғылыми жобаның өзектілігі:
Бүгінгі күнде Семей өңірінде кездесетін қоңыздар түрлері туралы мәліметтер өте аз болғандықтан, осы тақырыпты зерттеу жұмысы ретінде алдық.
Қазіргі кезде қоңыздардың экожүйелерде алатын орны өте алуан түрлі,
сондықтан бұл отряд пайдалы жағынан да зиянды жағынан да әр түрлі зерттеулерді қажет етеді. Осы мәселелерді зерттеуде бізде мынандай сұрақтар туындайды:
1. Семей өңірінде қаттықанаттылардың қандай пайдалы және зиянды түрлері кездеседі?
2. Зиянкес қоңыздармен қалай күрес шарасын жүргізуге болады
Осыған байланысты біз алдымызға мынандай мақсат қойдық:
Семей өңірінде кездесетін қоңыздардың түрлік құрамын анықтау, әр түрге сипаттама беру және биологиялық ерекшеліктері мен экологиясына назар аудару.
Осы жоғарыда қойылған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттер қойылды:
* Зерттеулер жүргізілетін Семей өңіріндегі тәжірибе үлескілерін анықтап, физико - географиялық сипаттама беру;
* Қаттықанаттыларды аулау әдістерін белгілеп, шыққан нәтижелерін анықтау;
* Семей өңірінде кездесетін қоңыздардың түрлік құрамын анықтау;
* Зерттелген қоңыз түрлеріне және биологиясы мен экологиясына сипаттама беру;
* Зерттелген қоңыздар ішінен пайдалы және зиянды түрлерін анықтап, зиянды түрлерімен күрес шараларын қарастыру.
Зерттеу жұмысының жаңалығы
Семей өңірінде қаттықанаттылар туралы ғылыми ізденістердің жүргізілуі, қоңыздар жөнінде ғылыми жұмыстың мемлекеттік тілде қарастырылуы ғылыми жұмыстың жаңалығы болып табылады.
Практикалық құндылығы
Жұмыста мәселелер теория жүзінде ғана көтеріліп қоймай, екі жыл бойы практикалық түрде зерттеліп келеді.
Оқу орындарының әр түрлі сатыларында зерттеу нәтижелерін зоология және экология курстарында пайдалануға болады.
1.1 Әдебиеттерге шолу
Бунақденелілер класы - жануарлар әлеміндегі ең алуан түрге бай, көп таралған жәндіктер тобы. Бунақденелілер класының ішіндегі әсіресе жер шарына кең таралған отрядтарының бірі - қаттықанаттылар немесе қоңыздар - Coleoptera.
Қоңыздар отряды екі отряд тармағына бөлінеді: ет қоректілер және аралас қоректілер. Ет қоректілердің (Adephaga) көпшілігі жыртқыштар, үш жұп аяқтарының табандары бес бунақты, артқы аяқтарының жамбас бөлігі ұзын, құрсағының бірінші сегментін жауып тұрады. 8 тұқымдасты біріктіреді. Ғылыми мақалалардың мәліметтеріне қарағанда Қазақстанда 6 тұқымдасының өкілдері кездеседі. Негізгі тұқымдастары: сүңгуір қоңыздар (Dytiscidae), кіші сүңгуіршілер (Haliplidae), су айналмалылар (Cyrinidae), барылдауық қоңыздар (Carabidae). Аралас қоректілердің (Polyphaga) - артқы аяқтарының жамбас бөлігі қысқа, қозғалмалы болып келетін қоңыздар. Үш жұп аяқтарының табандары әр түрлі бунақты. Негізгі тұқымдастыры: жапырақ жегіштер (Chrysomelidae) шыртылдақ қоңыздар (Elateridae), бізтұмсық қоңыздар(Curculionidae), қараденелілер (Tenebrionidae), зерновкалар (Bruchidae), мұртты қоңыздар ( Cerambycidae), қабық жегіш қоңыздар (Inidae) және т.б. 5. Қоңыздар өте алуан түрлі және барлық жерде кездеседі. Олардың арасында қоректену типі бойынша жыртқыштары, өсімдік қоректілері, сапрофагтары, некрофагтары кездеседі және тіршілік ету ортасы бойынша құрлықта, топырақта, суда, жер төсенішінде кездесетін түрлері бар. Көпшілігі ауыл шаруашылығының, орман шаруашылығының қауіпті зиянкестері.
Жер шарының қоңыздарын зерттеумен көптеген энтомологтар айналысқан. Қазақстан өңірінде де қоңыздар бойынша зерттеулер жүргізілген - Г.В. Николаев, В.О. Козьминых, Н.Г. Скопин, Б.А. Вайнштейн, М.М. Сиязов, А.П. Семенов Тянь-Шаньский, С.И. Медведев, И.А. Костин және т.б. 4
Қазақстан мен Орта Азия бунақденелілерін зерттеуде үлкен жетістікке жеткен Орыс қоғамының ұйымдасқан саяхатшылары мен натуралистерінің еңбегі зор. Бұл қоғамның басшысы П.П. Семенов - Тянь-Шаньский да өте жақсы энтомолог болған. XIX ғасырдың 30 жылдары қоңыздардың анықтауышы басылып шыққан (П.П. Семенов Тянь-Шаньский және И. Медведев, 1936). Бұл еңбекте қоңыздар 3 туысқа жататын 120 түрді біріктіреді.
С.И. Медведев қоңыздардың зиянды әрекеттері туралы мағлұматтар береді. Мысалы, олардың көпшілігі өсімдіктердің тірі ұлпаларымен қоректеніп зиян келтіреді, өсімдіктердің әр түрлі мүшелерін: тамыр жүйесін, сабақтарын, діндерін, жапырақтарын, гүлдерін және жемістерін зақымдайды. Зиянкес қоңыздар көбейген кезде өсімдік организмін әлсіретеді, әртүрлі ауруларға қарсылығын төмендетеді. 12
Тақтамұрттылар тұқымдасына жататын қарағайдың тамыр жүйесінің зиянкесі шығыс зауза қоңызының дернәсілдері топырақта жас ағаштардың тамырларымен қоректеніп көп зиян келтіреді. Зауза қоңыздарын зерттеумен З.С.Головянко айналысқан. Оның көптеген монографиялары жарыққа шыққан. Ал Б.В. Добровольскийдің зерттеуі бойынша маусым зауза қоңыздары бүкіл жаз бойы шағылысады. 11
Шығыс Қазақстанның қарағайлы орманының зиянды бунақденелілерін зерттеумен И.А.Костин айналысқан. Қарағайлы орманнан қоңыздардың Hylabius туысының бір көшірмесі табылған. Hylabius zaslavskii қоңызы тұмсығы қысқа, жуан, цилиндрлі сияқты морфологиялық белгілерімен ерекшеленеді. Бұл қоңыз түрін энтомолог В.А.Засловский анықтағандықтан ғалымның атымен аталған.13
Г.В. Николаев Қазақстан және Орта Азия тақтамұрттыларын зерттеп, 1987 жылы осы тұқымдастар жөніндегі еңбегін жарыққа шығарды.
Н.Н. Плавильщиковтің ғылыми зерттеу жұмыстарында қабықжегіш қоңыздардың биологиясы, систематикасы және географиясы ерекше орын алады. Ол қоңыздар отрядының осы тобымен 25 жыл зерттеумен айналысқан. Н.Н. Плавильщиковтің көп жылғы қабықжегіш қоңыздарға арналған зерттеулері Фауна СССР еңбегінде жарияланған. Оның осы тұқымдасқа жататын қоңыздардың систематикасы мен биологиясы жөнінде жазылған 100-ге жуық еңбегі бар. Н.Н. Плавильщиковтің Қазақстандағы қабықжегіш қоңыздар бойынша анықтағышы бар.15
Қоңыздар отрядын жүйелеуде еңбек еткен Г.Г. Якобсон болды. Оның осы отрядқа арналған бірнеше зерттеу жұмыстары бар. Жапырақ жегіш қоңыздардың тіршілік әрекетіне ерекше көңіл бөлген. Сонымен қатар Г.Г.Якобсонның жапырақ жегіш қоңыздар және басқа қоңыздардың түрлеріне , туыстарына, тұқымдастарына арналған бірнеше мақалалары бар. Оның Жуки России и Заподной Европы, Определитель жуков деген жұмыстарының маңызы зор. 17
Ғылыми-теорилалық бөлім.
1.2 Семей өңірінің физикалық және географиялық сипаттамасы
Семей облысының жер бедерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Климаты шұғыл континентті. Климаттың континенттілігі температураның тез өзгеруімен, ауаның құрғақтылығымен, өте аз жауын-шашын мөлшерімен анықталады. Облыс территориясы дала мен шөлейт зоналарын қамтитындықтан, бір жылда күннен келетін сәуле 2500 сағат, жиынтық радиациясы 120 ккал см2 - ді құрайды.
Семей өңірінің жылдық орташа температурасы -3, -8° С дейін ауытқиды. Жыл бойындағы жауын - шашынның жартысынан көбі шілде мен тамыз айында түседі. Әр жылда түсетін ылғалдың мөлшерінде үлкен ауытқушылық болғандықтан, кей жылы құрғақ, кейде ылғалды жаз болады.
Ендік белдеулік анық байқалғандықтан топырақ жамылғысы сан алуан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай қарақоңыр (құрғақ дала), ашық қоңыр (шөлейт) және қоңыр топырақ зоналары бірін-бірі алмастырады. Қара топырақ Ертістің оң жағалауын алып жатыр. Ертістің жағалауын бойлай кең алқапты құм алып жатыр, ол құмдықты далаға ауысады. Ертіс аңғарларының жайылмаларында топырағы құнарлы, дегенмен, жиі батпақтанатын шалғынды топырақ, қарақоңыр, сортаңды топырақ кездеседі. Жылдың суық мезгілінде тұрақты қар жамылғысы жатады. Оның қалыңдығы онша үлкен емес, максималды қалыңдығы 60-65 см,
Семей өңірі үш географиялық аймақта орналасқан: далалы, шөлейтті далалы және қазақтың шығыс шоқылы аймақтарында. Дала - Семей өңірінің солтүстік жазық жерлерін қамтитын: қоңыр топырақты қуаң дала ретінде көрініс береді. Қазақтың шығыс шоқылы ауданы - Ертістің сол жағалауы мен Сарыарқа шоқысының біршама жерін алып жатқан бозғылт қоңыр топырақты жусанды, селеулі - бетегелі қыратты жоталы дала. Шөлейтті дала - Балқаш, Алакөл және Зайсан ойпандарында орналасып, қоңыр, сұр, қоңыр шөлді топырақты, жусанды, шилі өсімдік жамылғысымен сипатталады.
Семей өңіріндегі қоңыз түрлерін зерттеу жұмыстары 2018 - 2019жылдары жүргізілді. Зерттеу аймақтарына Полковник аралы, Кенжебай аумағы, Ертіс өзені маңы, Шығыс кенті аймақтары жатады. 16
1.3 Қаттықанаттылардың биологиялық ерекшеліктері және экологиясы
Қаттықанаттылар немесе қоңыздар (Coleoptera) - жәндіктер класының ең ірі отряды. Қоңыздардың 300 000-дай түрі белгілі. Қазақстанда 20 - мыңнан астам түрі кездеседі. Денелерінің ұзындығы 0,3мм - ден-15мм - ге дейін жетеді. Екі жұп қанаттарының бір жұбы мүйізденіп, қанат жүйкелері жойылып қатты элитра деп аталатын үстіңгі қатты қанатқа айналған(1-сурет). Ол, негізінде қорғаныш қызметін атқарады. Қанатының екінші жұбы жарғақты, біріншісінен ұзындау, тыныштық қалпында ұзынынан және көлденеңінен де бүктеліп үстіңгі қанаттарының астына жиналып орналасады. Ұшар алдында үстіңгі қанаттары көтеріледі де, астынан екінші жұп жарғақты қанаттары жазылып шығады. Қоңыздардың үстіңгі қанаттары әдетте құрсағының ұшына дейін жетіп құрсағын толығымен жауып тұрады. Кейбір тұқымдастарда, мысалы, тақтамұрттыларда (Scarabaeidae) құрсағы элитралармен толық жабылмай ашық қалады. Кейде, қанат үсті өте қысқа артқы қанаттары соның астына бірнеше рет қабатталып жиналып тұрады, мысалы - стафилиндер немесе қысқа қанаттыларда (Staphylinidae) ; ал қараденелілер ( Tenebrionidae) тұқымдастарының өкілдерінде үстіңгі қабаттары бір - бірімен бірігіп кеткендіктен ұша алмайды. 6
Қоңыздың сыртқы құрылысы
1- сурет
Қоңыздардың үш жұп аяқтары жүруге, жүгіруге бейімделген. Бірақ кейбір түрлерінде мысалы, тақтамұрттылар тұқымдасының өкілдерінде алдыңғы жұп аяқтары қазуға бейімделген. Жұп мұртшалары және фасеткалы көздері жақсы дамыған. Қоңыздардың көпшілігі қара түсті болып келеді. Кейбіреулерінің түсі жылтыр қара, көк-күлгін, әр түрлі жылтыр түсті қоңыр. Бұлар толық түрленіп дамиды, яғни жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ сатысынан өтіп ересек күйіне айналады. Дернәсілі құрт тәрізді, ақ түсті, жақсы дамыған басы және үш жұп кеуде аяқтары бар. Қуыршақтары ашық түсті. Қоңыздар дара жыныстылар, кейбір түрлерінде жыныстық диморфизмі айқын көрінеді. 5
2 Зерттеу әдістері мен обьектілері
Семей өңірінде кездесетін қаттықанаттылар отряды туралы мағлұматтар өте аз болғандықтан зерттеулеріміздің обьектісі ретінде осы отрядты таңдап алдық. Зерттеу барысында қаттықанаттылардың тіршілік ортасына, биологиясы мен экологиясына және қоршаған ортамен байланысына назар аудардық.
Материалдарды жинау қала маңы мен қала ішінде 2009 -2010 жылдары мамыр - тамыз айларында жүргізілді. Біз қоңыз түрлерін зерттеуде Семей өңірінің төрт елді мекендерін таңдап алдық. Олар: Полковник аралы, Кенжебай өңірі, Шығыс кенті және Ертіс өзені маңы. Осы аймақтарда жазғы экспедиция құрамында зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Жұмыс барысында келесі әдістерді пайдаландық:
а)Ғылыми әдебиеттермен жұмыс. Қаттықанаттылар жөніндегі мәліметтерді жинау.
ә) Зерттеу үлескілерін анықтау.
б) Әр түрлі әдістермен жәндіктерді жинау, сандық есебі.
в) Анықтамалықтар көмегімен жиналған түрлерді анықтау.
г) Қоңыздар түрлерін фотосуретке түсіру.
ғ) Коллекция жинақтау.
Қоңыздарды қармау күннің ашық, желсіз ауа райында, тәуліктің бірінші (таңертең) және екінші бөлігінде (түс ауғанда) жүргізілді.
Жәндіктерді аулау барысында төмендегідей әдістерді қолдандық:
1) Жәндіктерді іздеу әдісі.
Бунақденелілер барлық жерде кездеседі, алайда олардың бір бөлігі ғана көрінеді. Көпшілігін шөптесін жерлерден кездестірдік.
Көптеген бунақденелілер құлаған, құрғаған ағаштарда тығылып жатады. Оларды ақырын қолмен немесе пышақпен қарау арқылы табуға болады. Қоян тезегінен бастап, малдың қалдық тезектерінен де көптеген материал алуға болады.
2) Өсімдік ортасында тіршілік ететін жәндіктерді қармау
Қоңыздарды жай қолмен жинау әртүрлі материалды бере алмайды. Бұл жойылған түрлердің бір бөлігін ғана табуға және жинауға мүмкіндік береді. Қоңыздарды жинауда қолданылатын құралдардың ең маңыздысы торша болып табылады.
Торша, немесе энтомологиялық тор - бұл қап тәрізді тігілген сақина. Сақина сымнан жасалады, жуандығы қандай торша болуына байланысты. Сақиналардың диаметрі 30-40 см. Сақинаны таяқша түбіне сыммен мықтылап байлап тастайды. Торшаның таяқшаға жалғасуының әртүрлі әдістері бар:
1. Таяқшаны торша түбіне жеткізіп сыммен байлап тастайды;
2. Сақинаның шеткі сымын таяқшаның ортасына тіліп кіргізіп, таяқшаны сыртынан қысып сыммен байлап тастайды.
3. Метал трубаға сақинаның екі шетін бекітеді де таяқшаға кигізеді;
4. Сақинаның шетін метал трубаның ішіне қарай бекітіп таяқшаға кіргізеді.
Торша түрлерінің қолданылуы әртүрлі болады. Біз торшаны пайдалана отырып серпу әдісі арқылы жәндіктерді өсімдіктерден жинадық.
Серпу әдісі. Бұл бунақденелілерді өсімдіктерден аулаудағы басты әдіс. Қармау әдісінің ерекшелігі ау қармағы шөпке кенеттен қойылады және бұтақтың жіңішке жүгірмесі арқылы дамылсыз 10 - нан 50 - ге дейін сермейді. Қармақтың шеңбер сақинасы сегіздік траекториясын ұстану қажет. Бірнеше серпілістен кейін торша түбіне қарап, қаптағы ұсталған бунақденелілерді алады. Торшаға көбінесе өте қозғалмалы бунақденелілер ұсталады, сондықтан қапты байқап қарау керек. Көбінесе сол қолмен ұстап банканы еңкейтіп бунақденелілерді соған кіргізеді. Торшадан барлық бунақденелілерді алғаннан кейін қапты керісінше аударып сілкейді. Бунақденелілерді торшадан таңдап алуда нәзік түрлерін жеке банкаға бөліп алу керек.
Қоңыздардың санын анықтау үшін оларға шағылған жер үлескісінің формуласы қолданылды.
N
P = --------------
2 RLn
P - 1м2 жердегі қоңыздардың саны;
N - қармау нәтижесінде алынған қоңыздардың саны;
R - метрдегі қармақтың радиусы;
L - әрбір сермеу нәтижесіндегі шеңбер сақинасының орташа жүрісіндегі ұзындығы;
n - қармаудың сермеу саны; 1
3) Ағашта тіршілік ететін қоңыздарды бұтақтарды сілкілеу арқылы түсіру
Ағаштардағы қоңыздарды жай қарау арқылы немесе тормен сілтеу арқылы және шатырша, шүберекпен үркіту арқылы ұстадық.
Энтомологиялық шатыр. Оған қарапайым қолшатырды қолдануға болады. Ол ақ материалдан тігілген болуы керек. Шатыр ағаш және бұталардағы бунақденелілерді қозғалту арқылы ұстауға негізделген.
4) Қоңыздарды қармау арқылы есепке алу әдісі.
Қармау әдісінде зерттеу аумағына көлемі 1х1 м болатын екі телімді төсеу қажет. 4 банка алып ішіне алдама ретінде тосап, жеміс түйірлері және бір тілім ет салу қажет. Дайын болған банкалар көмекейі жердің бетімен бірдей болатындай жағдайда жерге көміледі. Банкаға 2 немесе 3 таспен қақпақ ретінде жауыннан қорғайтын ағаш тақтайша орнатылады. Арнайы белгіленген уақыттан кейін (30 мин) банкаға түскен омыртқасыз жәндіктерді тексеру қажет.
5) Жәндіктердің санын анықтайтын трансектік әдіс
Бұл әдіс жәндіктерді жинап және аулау үшін қажет. Қоңыздар санын анықтау көз мөлшерімен жүргізіледі. Таңдап алынған жер үлескісіндегі арнайы белгіленген тік жүре отырып, оң және сол жақтағы көз жететін 1-3 метр қашықтағы кездескен қоңыздарды белгілейді.
6) Құрғақ қоңыздарды алдын - ала сақтау.
Құрғақ қоңыздарды мақтаға қою арқылы жақсы сақтауға болады. Мақтадан матрастар жасадық. Кез келген қорапшадағы матрас мақта қабаты, қағаз қорапша мөлшеріне сәйкес келуі керек.
7) Қоңыздарды анықтау және алынған материалды өңдеу
Жұмысты аяқтағаннан кейін жиналған жинақтамаларды анықтап, коллекция материалы үшін дайындадық.
Анықтау үшін түйреуішпен шаншылған қоңыздарды қолдандық. Ол үшін біз ұлғайтқыш әйнекті оларға жақындата отырып қарадық. Қоңыздарды арнайы ұзын, жіңішке энтомологиялық түйреуішпен оң жақ қанатының үстінен түйредік (егер қоңыздарды жоғарыдан қарасақ). Этикеткасын орналастырдық. 15
3 Зерттеу бөлімі
3.1 Зерттеулер жүргізілген үлескілердің қысқаша сипаттамасы
Зерттеулерде таңдалған жер үлескілеріне физико - географиялық сипаттама жасадық ( кесте1)
Үлескі
Ауданның атауы
Сипаттамасы
1
Полковник аралы
Полковник аралы Ертіс маңында орналасқан. Арал аумағы 1,2 га, оның оңтүстік шығысында Ертіс, ал солтүстігінде Семипалатинка ағып жатыр. Аралдың өсімдіктер өлемін талды - теректі, орман мен шалғындықтар құрайды. Аралдың топырақ жамылғысын орманды шалғынды және орманды далалы топырақ түрлері құрайды. Топырақ құрамы өзендерден жиналған құмды, майда тасты, ұсақ тастан жиналған.
2
Семейтау
Шығыс кентіндегі 3 және 7 саяжайлар аумағы таңдалды. Ертіс жағалауынан 2-3 км арақашықтықта орналасқан. Өсімдік түрлері: ермен, жусан, алма ағашы, шие, өрік, алмұрт ағаштары.
3
Кенжебай өңірі
Кенжебай өңірінің ауданының көлемі 3км. Негізгі доминантты өсімдік түрлері : цикори мен жусан өсімдіктері және астық тұқымдастары. Кенжебай өңірінің жерінің географиялық құрылысы Ертіс өзеніндегі құмның және құм тасының жиынынан құрылған. Өсімдік әлемін өзен маңындағы талды - теректі орман мен шалғындық, жазық далалы аймақ алып жатыр. Өңірдің ауа - райы континентальды, қысы - суық, жазда ауа - райының температурасы жоғары және жауын - шашын аз түседі.
4
Ескі бекініс
Жері жасыл шөпті ермен, жусан сияқты өсімдіктермен қатар бұталар да кездеседі.Адамдар көп жүретін жер.Топырағы құмды , тасты.
Кесте 1
3.2 Қаттықанаттыларды аулау әдістерінің нәтижелері
Біз қоңыздарды жинау барысында құлаған, қураған ағаштар, тезектер астынан қысқыштарды қолдану арқылы іздестірдік. Ал шөптесін жерлердегі қоңыздардың түрлерін қармау әдісі арқылы ауладық. Тек қаттықанаттылар отрядын ғана есепке алдық.
Ұсталған бунақденелілерді морилкаға салып, дәке төсемелерге салып анықтадық. Морилка ретінде қалың шынылы биік стакандарды, кәдімгі банкаларды қолдандық. Банка тығынмен жабылады. Оның түбіне ұзынша қиылған қағаздар салады (бұл оның ішіндегі бунақденелілер бір-бірімен сығылып, қыстырылып қалмауы үшін). Банкада кейбір бунақденелілерді жансыздандыруда уксусты эфирді қолдандық.
Ашық жерлердегі жәндіктерді жай көзбен қарау арқылы және жерге банканы қазып орналастырып алдағыш заттар салу арқылы жинадық.
Сонымен қатар трансектік есеп және өсімдіктерді сілкілеу арқылы да жүргізідік. Семей өңірінен қаттықанаттылардың (қоңыздардың) 8 тұқымдасқа жататын 23 түрін анықтап, бір жүйеге келтірдік (кесте 2).
Кесте 2
Семей өңірінде кездескен қоңыздардың түрлік құрамы
Тұқымдасы
Туысы
Түрі
Жинал ғандар-дың саны
Lamellicornia - Пластинчатоусые - Тақтамұрттылар
Coccinellidae - Божьи коровки - Қаңқыздар
Chrysomelidae - Листоеды- Жапырақ жегіштер
Meloidae - Нарывники-Нарывниктар
Tenebrionidae - Чернотелки - Қара денелілер
Curculionidae-Долгоносики- Бізтұмсықтылар
Carobidae-Жужелицы - Барылдауықтар
Oedemera -Узконадкрылки- Ұзынқанаттылар
Geotrupes Latr - Геотруп
Anisoplia Serv - Хлебные жуки ( кузьки) - Кузькалар
Melolontha - Хрущь - Зауза
Aphadius - Афодий - Афодий
Cetonia F
Coccinella L
Anatis L
Chrysochares -Листоеды травяные- шөп жапырақжегілер
Leptinotarsa
Gastrophysa
Entomoscelis Chevr
Mylabris - Нарывник
Lytta L
Epicauta Rdtb
Blaps F.
Tentyria Latr
Phyllobius -Слоники листовые -Жапырақ бізтұмсығы
Bothynaderes
Harabys L
Harpalus Latr
Harpalus Latr
Calopus
Geotrupes stercorarius L - Новозник обыкновенный - Қарапайым қый қоңызы
Anisoplia Agricola - Кузька крестоносец - Кресті кузька
Melolontha hippocastani - Июньский хрущ - Маусым заузасы
Aphadius Fossor L - Афодий копатель - Қазғыш афодий
Cetonia aurata - Бронзовка золотая - Алтын бронзовка
Coccinella septempunctata L - Семиточечная коровка - Жеті нүктелі қаңқыз
Anatis osellata L - Глазчатая коровка - Көзді қаңқыз
Chrysolina herbacea - Листоед зелёный мятный- Жасыл жапырақжегі
Leptinotarsa desemlineata - Колорадский жук - Колорад қоңызы
Gastrophysa polygoni - Гречишный листоед - Қарақұмық жапырақжегісі
Entomoscelis adonidis Pall - Рапсовый листоед - Рапс жапырақжегісі
Mylabris guadripunctata- Нарывник четырёхточечный - Төрт нүктелі нарывник.
Mylabris variabilis - Нарывник изменчивый - Өзгермелі нарывник
Lytta vesicatoria L - Шпанская мушка - Шпан мушкасы
Epicauta erythrocephala -Красноголовая шпанка - Қызыл басты шпанка
Blaps Halophila Fisch- Степной медляк - Дала медлягі
Tentyria nomas pall - Чернотелка степная - Дала қараденелісі
Phyllobius urticae - Долгоносик крапивный - Қалақай бізтұмсығы
Bothynaderes punctiventris Germ - Свекловичный слоник- Қызылша бізтұмсығы
Harpalus rufipes (Deg.) - Жужелица волосистая - Түкті барылдауық
Harpalus flavescens - Харпалус рыжий - Сарғыш харпалус
Harpalus affinis - Харпалус бронзовый - Қола түстес харпалус
Calopus serraticornis - Узкокрылка пильчатоусая
1
11
1
8
1
4
8
10
3
8
2
6
1
4
6
5
1
1
4
4
1
3
6
Сонымен қатар анықталған қоңыздар отрядының көрсеткішін диаграмма түрінде сыздық (диаграмма-1). Біз қолданған әдістердің ішіндегі ең тиімдісі ағаш - бұтақтарды сілкілеу, өсімдік ортасындағы жәндіктерді қармау әдісі болды.
Диаграмма -1
3.3 Қаттықанаттылардың зерттелген аудандардағы орташа саны
Қаттықанаттыларды ұстау және есепке алу әр түрлі үлескіде жүргізілді.
Нәтижесінде 1 - жер үлескісінде 31 қоңыз, 2 - жер үлескісінде 9, 3 - жер үлескісінде 46, ал 4 - жер үлескісінде 28 қоңыз жиналған болатын.
Бір мезгілде 5 қармаудан 5 рет қайталап отырдық (маусым айының алғашқы он күндігінде және шілде айының соңғы он күндігінде). Қоңыздарды қармау әдісімен жинаған кезде олардың санын есептеп, жинақтамаларын кестеге жүйеледік.
Орташа санын анықтау үшін әрбір жер үлескісіне 5 сермеу жүргізілді. Санауды мына әдіспен жүргіздік: қармақты сермеген кездегі торшаға түскен қоңыздарды санадық. Зерттеу кезінде өсімді ортада тіршілік ететін қоңыздардың салыстырмалы санын және оған шағылған жер үлескісінің тығыздығын анықтадық. Қоңыздардың тығыздығын анықтау үшін жер үлескісінің бірлігіне шағылған формуласын қолдандық.
N
P = ---------------------
2 x R x L x n
Қоңыздарды ұстау үшін қолданылған торшаның тұтқасының ұзындығы 1,1м және шеңбер сақинасының радиусы 0,3 м, торшаның тереңдігі 0,45м, шеңбер сақинасының жүрілген орташа ұзындығы 1,5 м болды. Осы көрсеткіштер көбейтіндісіне қоңыздардың орташа сан көрсеткішін бөлдік.
№1 жер үлескісі - Полковник аралы
20
P1 = -------------------- = 0,22 1м2 - гі қоңыздар ( маусым айы 2010)
2x0,3x1,5x 100
11
P2= -------------------- = 0,12 1м2 - гі қоңыздар ( шілде айы 2010)
2x0,3x1,5x100
Р 1+Р2
P орташа =------------------ = 0,17
2
Р1
Р жалпы = ------------ = 1,83
Р2
№2 жер үлескісі - Ертіс өзені маңы
4
P1 = --------------------------= 0,04 1м2 - гі қоңыздар ( маусым айы 2010) 2x0,3x1,5x 100
5
P2= ----------------------= 0,05 1м2 - гі қоңыздар ( шілде айы 2010)
2x0,3x1,5x 100
Р 1+Р2
P орташа = -------------- = 0,045
2
Р1
Р жалпы = -------- = 0,8
Р2
№3 жер үлескісі - Кенжебай өңірі
2 4
P1 = ---------------------- = 0,26 1м2 - гі қоңыздар ( маусым айы 2010)
2x0,3x1,5x100
22
P2= -------------------- = 0,24 1м2 - гі қоңыздар ( шілде айы 2010)
2x0,3x1,5x100
Р 1+Р2
Pорташа = ------------ = 0,25
2
Р1
Р жалпы = -------- = 1,08
Р2
№4 жер үлескісі - Шығыс кенті
13
P1 = ------------------- = 0,14 1м2 - гі қоңыздар ( маусым айы 2010)
2x0,3x1,5x100
15
P2= ------------------- = 0,16 1м2 - гі қоңыздар ( шілде айы 2010)
2x0,3x1,5x100
Р 1+Р2
P орташа = ------------- = 0,15
2
Р1
Р жалпы = ------- = 0,88 Р2
P2
Әр үлескідегі қоңыздардың таралуының тығыздығы төмендегідей болып шықты:
Кесте 3
Көрсеткіштер
Үлескі
1
2
3
4
Р1
0,22
0,04
0,26
0,14
Р2
0,12
0,05
0,24
0,16
Р жалпы
1,83
0,8
1,08
0,88
Ең төмен көрсеткіштер Ертіс өзені маңы болып табылды. Себебі бұл жерде адамдардың жүрісі көп болғандықтан жәндіктер түрлері де жоғалып біршама аз көрсеткіш көрсетті.
Зерттелген аудандардағы қаттықанаттылардың түрлік құрамы мен экологиялық топтарын анықтадық. Саны айтарлықтай өзгеріске ұшырамаса да, кейбір түрлердің азайғанын байқадық. Барылдауықтар тұқымдасының 1 түрін екінші жылы кездестірмедік.Ал зиянкес қоңыздар түрі көбейе түскен.
3.4 Анықталған қаттықанаттылардың морфо - физиологиялық сипаттамасы
Қатар: Polyphaga - Разноядные жуки - Аралас қоректілер.
Артқы аяқтарының жамбас бөлігі қысқа, тез қозғалатын қоңыздар. Үш жұп аяқтарының табандары әр түрлі бунақты. Бірнеше тұқымдасқа бөлінеді.
Тұқымдас: Lamellicornia - Пластинчатоусые - Тақтамұрттылар.
Мұртшалары қысқа, тақта тәрізді болады. Аяқтары бес бунақты, алдыңғы аяғы қазуға бейімделген. Дернәсілдері жуан, аяқтары және мұртшалары қысқа, көздері жоқ.
Көпшілік тақтамұртты қоңыздарға жыныстық диморфизм тән: аталықтарының басы мен арқа бөлігінде өскінділерінің болуы. Кейде аталықтарының алдыңғы аяқтарының ұзын болуымен ерекшеленеді. Бұл қоңыздардың практикалық маңызы зор. Олардың көпшілігі ауыл шаруашылығының зиянкестері. Алайда бір жағынан олардың кейбір түрлері дернәсілдік кезеңінде топырақ түзілісінде маңызды роль атқарады.8
Туыс:GeotrupesLatr - Геотрупы-ГеотруптарТүр: Geotrupes stercorarius L-Новозник обыкновенный - Қарапайым қыйқоңызы
Көпшілік жерлерде кездесетін дене тұрқы 16-27 мм болатын ірі қоңыз. Денесінің түсі қызыл-қоңыр, кейде қара көк болады. Көздері домалақ. Алдыңғы қанаттары мүлде қатайып, ұшу қабілеттілігін жоғалтқан.Өте күшті жетілген алдыңғы аяқтарының сирақтары жалпақ, тістері бар және қазуға бейімделген. Соған байланысты алдыңғы аяқтарының табаны нашар жетілген. Дернәсілдері құрт тәрізді, ашық қуыршаққа жатады. Жетілу кезінде қозғалмайды, келесі жылы ересек қый қоңызына айналады. Қый қоңызы қыйдың астына терең індер қазып бір-бірден жұмыртқа салады да індерін қыймен толтырып тастайды, онымен дернәсілдері қоректенеді.
Экологиясы. Қый қоңыздары шөптесін, ашық аймақтарда кездеседі. Жылы, тыныш кештері бұл қоңыздар қый үйінділерін іздеу мақсатымен қатты дыбыспен ұшады, ал суық ауа-райында немесе жауын алдында індерінде болады. Қый қоңыздарының малдың қиын және өлексе жеп, табиғатты тазартуда маңызы зор.7
Туыс:Aphadius - Афодий-АфодийТүр: Aphadius Fossor L- Афодий копатель - Қазғыш афодий
Дене тұрқы 8-11 мм болатын қара түсті ұсақ қоңыздар. Арқа бөлігі біраз дөңес. Бұл қоңыздар жұмыртқаларын тікелей қыйға салады, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz