Сотта сараптама тағайындау мен жүргізудің процесуалдық мәселелері


Сот сараптамасының құқықтық ұйымдастырушылық мәселелері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
1 СОТ САРАПТАМАСЫ: ҰҒЫМЫ, ПӘНІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
1. 1 Сот сараптама түсінігі . . . 8
1. 2 Сот сараптамасы сот өндірісіндегі арнаулы ғылыми білімді қолданудың нысаны ретінде . . . 13
1. 3 Алдын-ала тергеу кезіндегі сараптама тағайындау мен жүргізудің процесуалдық мәселелері . . . 17
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САРАПТАМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2. 1 Сотта сараптама тағайындау мен жүргізудің процесуалдық мәселелері . . . 24
2. 2 Сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастырудың жалпы мәселелері . . . 30
2. 3 Сот сараптамасының құқықтық мәртебесі . . . 34
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 44
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 46
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Сот өндірісінде арнаулы ғылыми білімдердің қолданылуы негізінен дұрыс және біртекті түсіндірілуінен тұрады. Қылмыстық процесс практикалық юриспруденцияның саласы болып табылады.
Таным теориясында арнаулы білім-гносеологиялық категория ретінде орын қарастырылмаған; соңғы кезге дейін бұл анықтама қылмыстық іс жүргізу заңында орын алмаған.
Құқықтану әдебиеттерінде осы «арнаулы білім» деген анықтаманы айқындап, мағынасын ашып көрсетуге көптеген қадамдар жасалды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті: Арнаулы білімнің мазмұнын, қолданатын субъекттерін, нысандарының мазмұнын да айқындау керек. Г. М. Надгорный арнаулы білім мен кәсіптік дайындық және қызметтер арасындағы байланысқа назар аударады: «Арнаулы білім ғылыми және инженерлі техникплық негіздерді құраушы ғылыми және техникалық білімдер. Қылмыстық сот өндірісінде арнаулы білімдер дәлелдемелерді табу бекіту, алу және бағалау зерттеу үшін қолданалыды.
Дәлелдемелерді табу, бекіту, зерттеуге байланысты арнаулы заң ғылымдарынан басқа заң ғылымдары арнаулы білім болып табылмайды». 2015 жылғы жаңа ҚР ҚПК-ң 7-бабы 41 тармақшасында арнаулы білім жайлы былай түсінік берілген: «арнаулы білім - адам кәсіби оқудың не белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеуінің нәтижесінде алған, қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін шешу үшін пайдаланылатын қылмыстық сот ісін жүргізудегі жалпы жұртқа белгілі емес білім».
Зерттеу деңгейі: Криминалистік экспертизаның тууы және дамуы жайлы фундаменталды анализ А. В. Дулов және И. Ф. Крыловтың еңбектерінде қарастырылады. Экспертизаның тарихы және табиғаты жайлы жекелеген түсініктер ХІХ және ХХ ғ. басында орыс юристері К. К. Арсеньев, И. Я. Бариев, Е. Ф. Буринский, С. И. Викторский, Л. Е. Владимиров, С. Годлевский, М. М. Гродзинский, Д. А. Дриль, Б. Д. Спернаский, Д. Г. Тальберг және т. б. еңбектерінде көрсетілген.
Зерттеу пәні: Сот сараптамасының процессуалдық аспектілеріне жағымды өзгерістер енгізіле отырып 1997 жылы 12 қарашада ҚР-ң «Сот сараптамасы» туралы заңы қабалданды. Бұл заңда сот сараптамасының принциптері (қағидалары), сараптамалық қызмет және оны жүргізу, тағайындау нысандары анықталды.
ҚР-ның ҚПК-де 80 баптың 1-бөлігінде маманға былайша түсінік беріледі: «Тергеуге және сот әрекеттеріне маман ретінде қатысу үшін іске мүдделі емес дәлелдерді жинауда, зерттеуде және бағалауда, сондай-ақ техникалық құралдарды қолдануда жәрдем көрсету үшін қажетті арнаулы білімі бар адам шақырылуы мүмкін.
Кәмелетке толмағандар қатысатын тергеуге және өзге де іс жүргізу әрекеттеріне қатысушы педагог те, сондай-ақ оны сарапшы етіп тағайындаған жағдайларды қоспағанда, тергеу және өзге де іс жүргізу процестеріне қатысушы дәрігер де мамандар болып табылады.
Маман: қылмыстық істі жүргізуші органның шақыртуы бойынша келуге; дәлелдерді табу, бекіту және алу үшін арнаулы білімін, дағдысын және ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып тергеу іс-әрекеттерін жүргізу мен сот талқылауына қатысуға; өзі орындаған іс-әрекеттер жөнінде түсініктеме беруге; өзіне іске қатысуына байланысты белгілі болған істің мән-жайлары туралы мәліметтерді жарияламауға; тергеу әректтерін жүргізу кезінде және сот отырысы уақтында тәртіп сақтауға міндетті».
Заңды және жеке тұлғалардың жазбаша өтініші бойынша сот сараптамасының ғылыми құралдары мен әдістерін пайдаланумен Орталықтың мамандары орындайтын Орталықта ақылы негізде мамандандырылған зерттеулер-процессуалды емес зерттеулер жүргізіледі.
Орталықтағы мамандандарылған зерттеулерді тікелей жүргізудің процесі мамандардың объектілерді, ілестірме құжаттарды (хаттар, өтініштер) және аумақтық бөлімше басшысының (оның орынбасарының) жазбаша өкімін алған кезден басталады.
Маман барлық келіп түскен материалдарды Орталықтың аумақтық бөлімшесінде сараптамаларды тіркеу журналына қол қойып алады.
Бұл жағдайда маман ретінде Орталық қызметкерінің сот сараптамасының ғылыми құралдары мен әдістерін пайдалана отырып жүргізген мамандандаралған зерттеулерінің нәтижелері жазбаша түрде баяндалады және мынадай нысанда рәсімделеді: жазбаша консультация, маманның қорытындысы, бағалаушының есебі.
Маманның қорытындысы маманның атынан жасалады және мекеме мөрімен куәландырылады.
Маманнның қорытындысында сарапшы «маман» деп қол қояды. Ілестірме хатқа аумақтық бөлімше басшысы (оның орынбасары) қол қояды.
Маманның қорытындысы сарапшының қорытындысы сияқты кіріспе, зерттеу, синтездеу бөлімдері мен тұжырымдамадан құрылады.
Маманның қорытындысы екі данадан тұрады. Бірінші данасы мамандандаралған зерттеулер тағайындаған адамға жіберіледі, екіншісі - Орталық мұрағатының бақылау өндірісінде сақталады.
Маманның қорытындысы мәтіндік қосымшалармен немесе зерттеу барысы мен алынған нәтижелерді безендіретін фотокестелер, ксерокөшірмелер, сұлбалар, сызбалар, графиктер түрінде безендірілген материалдармен қоса берілуі мүмкін.
Безендірілулерге маман қол қояды және мекеме мөрімен куәландырылады.
Маманның қорытындысы кіріспе бөлімінде мыналар көрсетіледі:
- зерттеуді тағайындаған адам (ұйым) ;
- зерттеуді жүргізуге негіздеме (өтініш, хат) ;
- зерттеу объектілерінің тізбесі;
- сарапшылық зерттеумен шешуді керек ететін сұрақтар;
- кейбір сәттерді нақтылайтын, зерттеу процесінің өзін түсіндіруді талап ететін ескертпелер.
Маман қорытындысының зертеу бөлімінде зерттеу процесі және оның нәтижелері баяндалады, анықталған фактілерге негіздеме беріледі.
Сарапшы қорытындысындағы баяндаумен салыстырғанда, зерттеу процесін қысқаша баяндауға рұқсат етіледі.
Тақырыптың методологиялық негіздері: Дипломдық жұмыс диалектикалық танымдық арнайы нақты, таихи салыстырмалы, әлеуметтік, ғылыми әдістерді құрайды.
Жұмыстың теориялық негізінен заңгер ғалымдардың құқық нормасы мен элементтері және құқық нормасы арқылы құқықтық қатынастарды реттеу мәселесі бойынша ғылыми тұжырымдамаларды ұсыну.
Диплом жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспе, 3 бөлім, пайдалынылған әдебиеттер тізімінен, 58 беттен тұрады.
1 СОТ САРАПТАМАСЫ: ҰҒЫМЫ, ПӘНІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
1. 1 Сот сараптама түсінігі
«Сот сараптама туралы» ҚР заңының (1997ж. 12 қараша) 1-бабында: «сот сараптамасы шешілуі үшін маңызы бар жағдайларды белгілеу мақсатында, арнайы ғылыми білімділік негізінде жүргізілетін қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істердің материалдарын зерттеу» - деп көрсетілген. Сараптама сарапшы арнайы ғылыми білімдер негізінде жүргізетін іс материалдарын зерттеу нәтижесінде іс үшін маңызы бар мән-жайлар алынуы мүмкін жағдайда тағайындалады. Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушы өзге адамдардың мұндай білімнің болуы қылмыстық істі жүргізуші адамды тиісті жағдайларда сарапшы тағайындау қажеттілігінен босатпайды.
Сарапшы алдына қойылған мәселелерді шешу кезінде керекті зерттеу әдістерін пайдаланады. Бұл зерттеу әдістері сот экспертология ғылымының негіздерінде жатады [1, 10б] .
Сараптама деген (экспертиза) сөз латынның «expertus» деген сөзінен шыққан, яғни “тәжірибелі, білікті” деген мағынаны көрсетеді. Бұл жерден біз сараптаманы білікті, арнайы бір ғылымды меңгерген сарапшының ғана жүргізе алатынын анықтадық. Сот сараптамасы арнайы ғылым негіздерін мамандандырылған негізде жүргізіліп, алдын-ала тергеу мен сотқа заңды, негізді дұрыс шешім қабылдауларына көмек тигізеді.
Төмендегідей жағдайларда сот сараптамасы міндетті түрде тағайындалады:
- Өліктің себептерін, денсаулыққа келтірілген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесін анықтау үшін.
- Іс үшін маңызды болып, бірақ жасы туралы құжаттар болмағанда, немесе күмән туғызғанда сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің жасын анықтау үшін.
- Ақыл-есінің дұрыстығы немесе қылмыстық іс жүзінде өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау қабілеті жөнінде күмән туғанда сезіктінің, айыпталушының психикалық немесе тәнінің жай-күйін анықтау үшін.
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде өлім жазасы түріндегі жаза көзделген қылмыс жасаған айыпталушының психикалық жай-күйін анықтау үшін.
- Іс үшін маңызы бар жағдайларды дұрыс қабылдау және олар бойынша айғақтар беру қабілетіне күмән туған жағдайда жәбірленушінің, куәнің психикалық немесе тәнінің жай-күйін анықтау қажет болғанда.
- Істің өзге мән-жайы басқа дәлелдермен дәл анықталмайтын болса.
Сот экспертологиясы - заң ғылымдарының жүйелерінің бірі болып саналады.
Сот экспертология пәні дегеніміз:
Сот экспертиза ғылымы негіздерінің қалыптасу заңдылықтары мен әдістемелері методологиясы.
Сот экспертиза ғылымы негіздерін практикада пайдаланудың заңдылықтары мен әдістемелерінен тұрады.
Сот экспертологиясы 4 түрлі дәрежелер жүйесінен тұрады.
Бірінші дәрежедегі жүйе әділ сотқа ең керекті негізгі ғылымдардан тұрады. Бұл бірінші дәрежедегі жүйені фундаменталдық базалық /аналық/ ғылым деп те атайды. Оларға: психология, құқық, экономика, статистика, математика, физика, химия, биология, физиология, медицина, машина жасау және т. б.
Екінші дәрежедегі жүйеге /пәндік сот ғылымдары/ сот ғылымдары немесе соттың ғылыми пәндері жатады. Мысалы: криминалистикалық техника - тергеу әрекеттерін жүргізетін тактика мен методика /әдістер/ жасаумен, және қылмыстарды тергеу методикасымен шұғылданады.
Үшінші дәрежедегі жүйе 7 элементтерден тұрады.
Криминалистік техника, сот психологиясы, сот физикасы, сот химиясы, сот биологиясы, сот медицинасы, сот психиатриясы.
Төртінші дәрежедегі жүйеге сот экспертизаларының 10 класы жатады.
1-класс-криминалистикалық экс-заттар
2-класс-сот инженерлік-көліктік экспертизалар
3-класс-сот экономикалық экспертизалар
4-класс-сот биологиялық экспертизалар
5-класс- сот инженерлік-техникалық экспертизалар
6-класс-сот инженерлі-технологиялық экспертизалар
7-класс-сот ауыл шаруашылық экспертизалар
8-класс-сот экологиялық экспертизалар
9-класс-сот медициналық және психо-физиологиялық экспертизалар
10-класс-материалдар, заттар, бұйымдардың сот экспертизалар
Әр класс пәндік сот ғылымдарының ұқсастығына, әрі зерттеу әдістеріне қарай бірнеше экспертизаларды біріктіреді.
Сот экспертизалары бөлінеді:
- Криминалистакалық экспертизалар:
- Қолтанба тану экспретизасы /почерк/
- Авторды тану экспертизасы /автороведение/
- Сот техникалы құжат экспертизасы
- Баллистикалық экспертиза
- Трассологиялық экспертиза
- Одорологиялық экспертиза
- Фонетикалық экспертиза
- Ақша белгілерін зерттеу экспертизасы
- Портреттік экспертиза
- Фототехникалық экспертиза
- Номерлерді зерттеу
- Материалдар, заттар, бұйымдардың сот экспертизалары:
- Лак бояулы материалдар мен жабуларды /покрытие/ зерттеу экспертизасы
- Жанар-жағармай материалдары мен мұнай өнімдерін зерттеу экспертизасы
- Талшықтарды /волокно/ зерттеу экспертизасы.
- Керамика мен шыныларды зерттеу экспертизасы.
- Металл балқыламаларын зерттеу экспертизасы.
- Полимерлер мен пластмасса бұйымдарын зерттеу экспертизасы.
- Есірткілерді зерттеу экспертизасы.
- Темекі /табак/ зерттеу экспертизасы.
- Экономикалық сот экспертизасы.
- Бухгалтерлік экспертиза.
- Жоспарлы қаржы-экономикалық экспертизасы.
- Экономика-технологиялық экспертизасы.
- Экономикалық экспертиза /шаруашылық қызмет/.
- Тауарды бағалау экспертизасы.
- Биологиялық сот экспертизасы.
- Топырақ тану экспертизасы.
- Зоологиялық экспертизасы.
- Жануарлардан алынған өнімдер экспертизасы.
- Ботаникалық экспертиза.
- Ихтиологиялық экспертизасы /су жануарлары/.
- Орнитологиялық /құстар/ экспертизасы.
- Ауылшаруашылық экспертизасы.
- Агротехникалық экспертиза.
- Агробиологиялық экспертизасы.
- Ветеринарлық /малдәрігерлік/ токсикологиялық экспертиза.
- Экологиялық экспертиза.
- Қоршаған орта экспертизасы.
- Биоценозалық экспертиза.
- Жануарлар мен өсімдіктердің тиімділігі экспертизасы.
- Табиғи ресурстарын қорғау тиімділігі экспертизасы.
- Инженерлі-көліктік экспертиза.
- Автотехникалық экспертиза.
- Су-көліктік экспертиза.
- Авиация-техникалық экспертиза.
- Теміржол- техникалық экспертиза.
- Басқа инженерлі-техникалық экспертиза.
- Инженерлі-техникалық экспертиза.
- Қауіпсіздік техника экспертизасы.
- Сот құрылыс техникалық экспертизасы.
- Өрт - техникалық экспертизасы.
- Жарылыс технологиясы экспертизасы.
- Инженерлі-технологиялық экспертиза.
- Товарлық экспертиза.
- Технологиялық процестер мен материалдар экспертизасы
- Медициналық және психо-физиологиялық экспертиза.
- Медициналық экспертиза.
- Психиатриялық экспертиза.
- Психологиялық экспертиза.
Сараптама тағайындау қажет деп таныған тергеуші бұл туралы қаулы шығарады, онда сараптама тағайындаудың негіздері, сараптамаға жіберілетін объектілер, олардың қай жерде және қашан, қандай жағдайда табылғаны және алынғаны, сарапшының қарауына ұсынылған өзге материалдар, істе қамтылған, сарапшының қорытындысы негізделуі мүмкін мәліметтер, сарапшының алдына қойылған мәселелер: сот сараптамасы органының атауы немесе сараптама тапсырылған адамның тегі көрсетілуі тиіс. Тергеушінің сараптама тағайындау туралы қаулысы ол жіберілген және өз құзіретіне жататын органдардың немесе адамдардың орындауы үшін міндетті болып табылады. Қылмыстық істі қозғау туралы шешімді сараптама жүргізбейінше қабылдау мүмкін болмайтын жағдайда ол қылмыстық іс қозғалғанға дейін тағайындалуы мүмкін [2, 11б] .
Сот сараптамасын жүргізу төмендегідей адамдарға тапсырылуы мүмкін:
- Сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне,
- Лицензия негізінде сот сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдарға,
- Заң талаптарына сәйкес бір жолғы тәртіппен өзге де адамдарға.
Сараптама жүргізу іс жүргізуге қатысушылар ұсынған адамдардың біріне тапсырылуы мүмкін.
Сараптама жүргізу тапсырылған адамды шақыру туралы тергеушінің талабы аталған адам жұмыс істейтін ұйымның басшысы үшін міндетті.
Сараптама объектілері:
- Заттай дәлелдер,
- Құжаттар,
- Адамның денесі мен психикалық ақуалы,
- Мәйіттер,
- Жануарлар,
- Сараптамалық зерттеу үшін алынған үлгілер,
- Қылмыстық іс материалдарындағы сараптама нысанына жататын мәліметтер
Сараптамалық зерттеу объектілерінің дәлдігі мен оларға жол берілетініне сараптаманы тағайындайтын орган кепілдік береді.
Сараптамалық зерттеу объектілері егер олардың көлемі мен қасиеттері мүмкіндік берсе, сарапшыға буып-түйілген және мөрмен бекітілген күйінде беріледі.
Басқа жағдайларда, сараптаманы тағайындаған адам сарапшыны зерттеу объектілері орналасқан мекенге жеткізуді, оларға бөгетсіз қол жеткізуді және зерттеу үшін қажетті шарттарды қамтамасыз етуі тиіс.
Сараптамалық зерттеу объектілерін пайдалану заттай дәлелдерді алудың, іске қоса тігудің, сақтау мен жоюдың тәртібі 2015 жылғы жаңа ҚР ҚПК-нің ережелерінде нақтылы көрсетілген.
Сараптама зерттеуі өте күрделі құбылыс. Бұл жерде үлкен шығармашылық тұрғыдан келу керек.
Бұл жерде ғылым мен техниканың жетісіктерін дұрыс пайдалануы сарапшының қандай ғылыми деңгейде екендігі дәрежесінен көрінеді.
Сараптамалық зерттеу әдістері әдіс-тәсілдерінің жүйесін құрайды.
Сараптамалық зерттеу, нақтылы объективті факторларды /жағдайларды/ анықтауға бағытталған.
Сараптамалық зерттеу кезінде Ғылыми-техникалық құралдар қолданылады, бірақ олар белгілі бір ережеге сәйкес болуға тиіс.
- Ғылыми-техникалық құралдар тікелей көзделсе немесе оның нормалары мен принциптеріне қайшы келмесе.
- Ғылыми жағынан маңызды болса.
- Қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің тиімділігін қамтамасыз ететін болса.
- Қауіпсіз болып, жол беруге болады деп танылса.
Қылмыстық процесті жүргізуші органнның Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануы Ғылыми-техникалық құралдардың деректері, оларды
пайдаланудың шарттары мен тәртібі, бұл құралдар қолданылған объектілер және оларды пайдаланудың нәтижелері көрсетіле отырып тиісті іс жүргізу іс әрекеттерінің хаттамаларында көрсетіледі. Сот сараптамасының әдістері жетілдіріліп, дамып отырады. Заттай дәлелдемелерді криминалистік зерттеуге арнайы арналған әдістер кездеседі. Кейінірек бұл әдістерді басқа ғылым жүйелері қолданады. Мысалы: академик Б. А. Рыбаков 1948 жылы археологиялық зертеуде трасологиялық салыстырмалы зерттеу әдісін қолданған. Криминалистік экспертиза әдістері медицина, археология және басқа да ғылыми білімдер аясында қолданылады.
«Сот сараптамасы туралы заңның қабылдану себебі және оның негізгі жағдайлары.
Сот сараптамасының түсінігі мен оның қызметінің қағидалары ҚР-ның «Сот сараптамасы туралы заңында көрсетілген».
ҚР-ның «Сот сараптамасы туралы заңы» 12 қараша 1997 жылы қабылданды.
Сот сараптамасының қағидаларына жататындар:
- Заңдылық.
- Сот сарапшысының процесуалды тәуелсіздігі.
- Сараптама жүргізудің ғылыми негізділігі.
- Сараптаманы жүргізуде сарапшының жан-жақты, толық, объективтілігі және өкілеттілігі.
- Кәсіптік этиканың сақталуы.
Сот сараптамасы ҚР-да төмендегідей түрде жүргізіледі:
- Сот сараптама органдары.
- Сараптаманы жүргізуге арнаулы лицензиясы бар адам құқылы.
- Заң талаптарына сәйкес бір жолғы тәртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін.
ҚР-да сот сараптамасы төмендегідей жүйеден тұрады.
- ҚР-ның әділет министрлігіне қарасты сот сараптама орталығы.
- ҚР-ның денсаулық, білім беру және спорт министрлігіне қарасты сот медицина сараптамасының орталығы.
- Арнаулы ведомствалық қызметі сараптамасы. Заңға сәйкес сараптама жүргізуге рұқсат берілген.
Сот сараптама орталығы мен сот медицина орталығы төмендегідей мәселелерді шешу үшін ашылған:
- Мемлекеттік сот-сараптама қызметінің статусын /өкілеттігін/ көрсету үшін.
- Қылмыстық іс бойынша сот сараптамасының тиімділігін көтеру.
- Сот сараптамасын азаматтық іс жүргізу кезінде де пайдалану шеңбері.
- Сот сараптамасында Ғылыми әдістер мен материалды-техникалық құралдармен қамтамасыз ету.
- Сот сарапшыларының дайындалуы мен кәсіптілігін көтеруді мемлекеттік жүйеде ұйымдастыру.
Бұл жүйеге сәйкес сот сараптамаларын жүргізу барлық облыс орталықтарында орналастырылған.
Сонымен қатар сарапшылар топтары үлкен қалаларда орналастырылған.
ҚР-ның сот-сараптама қызметі ҚР-ның Конституциясына және “Сот сараптамасы туралы заңға» сәйкестендірілген.
Сонымен қатар халықаралық шарттарға сәйкес те сараптама жүргізіледі.
Сот өндірісін тәуелсіз, кәсіпті және сот сараптамасының объективті, жан-жақты, толық жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында жоғарыда көрсетілген “Сот сараптама туралы» заң елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 12 қараша 1997 жылы қабылданып, заңды күшіне 19 қараша 1997 жылы енді [3, 4б] .
1. 2 Сот сараптамасы сот өндірісіндегі арнаулы ғылыми білімді қолданудың нысаны ретінде
Сот өндірісінде арнаулы ғылыми білімдердің қолданылуы негізінен дұрыс және біртекті түсіндірілуінен тұрады. Қылмыстық процесс практикалық юриспруденцияның саласы болып табылады. Таным теориясында арнаулы білім-гносеологиялық категория ретінде орын қарастырылмаған; соңғы кезге дейін бұл анықтама қылмыстық іс жүргізу заңында орын алмаған. Заңтану әдебиеттерінде осы «арнаулы білім» деген анықтаманы айқындап, мағынасын ашып көрсетуге көптеген қадамдар жасалды. Арнаулы білімнің мазмұнын, қолданатын субъекттерін, нысандарының мазмұнын да айқындау керек. Г. М. Надгорный арнаулы білім мен кәсіптік дайындық және қызметтер арасындағы байланысқа назар аударады: «Арнаулы білім ғылыми және инженерлі техникплық негіздерді құраушы ғылыми және техникалық білімдер. Қылмыстық сот өндірісінде арнаулы білімдер дәлелдемелерді табу бекіту, алу және бағалау зерттеу үшін қолданалыды. Дәлелдемелерді табу, бекіту, зерттеуге байланысты арнаулы заң ғылымдарынан басқа заң ғылымдары арнаулы білім болып табылмайды». ҚР ҚПК-ң 7-бабы 41 тармақшасында арнаулы білім жайлы былай түсінік берілген: «арнаулы білім - адам кәсіби оқудың не белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеуінің нәтижесінде алған, қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін шешу үшін пайдаланылатын қылмыстық сот ісін жүргізудегі жалпы жұртқа белгілі емес білім».
Криминалистік экспертизаның тууы және дамуы жайлы фундаменталды анализ А. В. Дулов және И. Ф. Крылвтың еңбектерінде қарастырылады. Экспертизаның тарихы және табиғаты жайлы жекелеген түсініктер ХІХ және ХХ ғ. басында орыс юристері К. К. Арсеньев, И. Я. Бариев, Е. Ф. Буринский, С. И. Викторский, Л. Е. Владимиров, С. Годлевский, М. М. Гродзинский, Д. А. Дриль, Б. Д. Спернаский, Д. Г. Тальберг және т. б. еңбектерінде көрсетілген.
Ерте кездері мүліктік талас, түрлі құжаттардың түпнұсқаларын табу істері бойынша арнаулы білімдерді қолдану қажеттілігі туындайды. Ертедегі Римде қолтаңба тану бойынша мамандардың ерекше колллегиясы болған, олар сотта эксперттер ретінде қарастырылған. Сыма Цяннің «Тарихи жазбаларында /Ежелгі Қытай, б. э. д. 221ж. / император Цинь Шихуанның нұсқаулығынан өзін-өзі өлтіру істерін терегушілердің сот-медицинасынан білім дәрежелерінің жоғары екендігі көрінеді».
Саусақ іздері бойынша адамды идентификациялау Қытайда Таң династиясы кезінде /900-1278ж. ж. / қылмыстық процесте жүзеге асырылады. 1247 жылғы Қытай сот медицинасының «Си-юань-лу» есткерткіші өте кеңінен танымал. И. Ф. Крыловтың Қытай-Сот экспертизасының бастау алу тарихы деп көрсетеді.
1644 жылғы Россияда медицина тарихының құжаттарында «доктурлар» өліктегі оқты табу үшін арнаулы құралдар пайдаланған деп көрсетіледі.
Экспертиза Петр 1-ң шығарған әскери Артикулынан кейін өте танымал болды, бірақ ол тек сот-медициналық экспертизаға қатысты еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz