Жалпы экологиялық объектіге - табиғи немесе қоршаған ортаны қорғау туралы қатынастар


Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды жетілдірудің кейбір мәселелері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мазмұны
Кіріспе . . . 5
1 Қоршаған ортаны қорғаудағы экологиялық құқықтық мәселелері экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік
1. 1 Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жаупкершіліктің түсінігі
және оныңтүрлері . . . 7
1. 2 Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін материалдық жауапкершілік және оныңқұрамы . . .
2 Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу салдарынан келтірілген материалдық зиянды өтеудің құқықтық негіздері
2. 1 Азаматтық құқықтарды қорғау және залалдарды өтеу . . . 26
2. 2 Экологиялық зиянды өтеуді құқықтық реттеу тәсілдері мен олардың тиімділігін арттыру мәселелері . . . 42
3 Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік реттеуді жетілдіру мәселелері
3. 1 Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды жетілдірудің кейбір мәселелері . . . 47
3. 2 Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік реттеудің Маңызы . . . 51
Қорытынды . . . 59
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 62
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. XX ғасырдағы ғылымның ұлы жетістіктерінің бірі - технология жетістіктерін пайдалануға қол жеткізу болса, бұл бір жағынан адамзат баласының алдындағы көптеген күрделі бетбұрыс алуына мүмкіндік жасаса, екінші жағынан ол өзінің кері әсерін де тигізіп отыр.
Экологиялық тұрғыдан алғанда Қазақстан аумағы жағынан да, тұрғындардың жан басына шыққанда да әлемдегі ең лас аймақ болып табылады. Демек, ел аумағының экологиялық ластануы адамзаттың өмір сүруін тоқтататындай жағдайға таяуда. Мемлекет басшысы Нұрсултан Назарбаевтың төрағалық етуімен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысында күн тәртібінде республикадағы экологиялық ахуалдың арнайы қаралуы осының айғағы[13] .
Елбасымыз 2008 жылғы өз жолдауында мемлекетімізде жүргізіліп отырған саясаттың бірқатар елеулі тұстарын нақтылап айтып, экологиялық порблемаларды шешуде ешқашан да халықаралық ынтымақтастықтың толастамауына басып тоқталды. Осы жағдайда тұрақты даму-адамзаттың өмір сүруінің басты кепілі ретінде танылды[2] . Ұстанған бағытымыздың дұрыс екендігіне және оны жүзеге асыру механизмдерін қалыптастырып жетілдіру мақсатында көптеген нормативтік актілер күшіне еніп, кейбіреулеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатыр, ал елеулі іс-шаралардың бірі 2004-2015 жылдарға арналған Президенттің Жарлығымен мақұлданған «Экологиялық қауіпсіздік тркырымдамасы». Бұл тұжырымдамада экологиялық қауіпсіздік мәселелері және оларды шешу жолдары, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бағыттары мен негізгі тетіктері, экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасынан күтілетін нәтижелері мәселелеріне арналып отыр.
Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында баршаға мәлім болған деректердің негізінің өзінде, экологиялық мәселенің ең күрделі, әрі көкейтесті екендігіне көз жеткіземіз.
Мұндай экологиялық ахуал тек қана Қазақстанда ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде қалыптасқан жағдай. Мұндай экологиялық тығырыққа келудің себебі не? Бүған берілетін түсініктер аз емес: ведомстволық бюрократизм, жетілдірілмеген заңдылық, нашар ғылыми техникалық база. Бірақ мұның барлығы тығырықтың пайда болуының негізгі себебі емес, салдары болып табылады. Яғни басты себеп емес.
Бүгінгі таңда ғылымның бір ағымы, қоғам талабы, адамзаттың күн көрісі үшін табиғат байлығын пайдалануды кеңейтуді қажет деп тапса, келесі бір ағым қоғам талабына, адамзат қажеттілігіне қарама - қарсы, яғни табиғат пен адам арасындпғы тепе - теңдіктің сақталуы қажеттігін айтады. Демек өндірістік дамудың зиянды жерін азайта отырып, табиғатқа ешбір залал келтірмей, оның өзін - өзі реттеп отыру белсенділігін сақтау деген сөз[13] .
Зерттеу жұмысында анықталғандай Қазақстанның бүкіл аумағының экологиялық жағдайы өте нашар. Бұл өз кезегінде азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне нұсқау келтіреді. Сондықтан да бүгін қоршаған ортаны, ондағы тіршілік иелері оның залалынан қорғаудың мәселесі өткір тұр. Соған орай экология саласында құқықтық зерттеулерді жан - жақты жүргізу қажет.
Ата заңымыз негізінде азаматтардың қолайлы қоршаған ортада өмір сүру құқығы танылған. Қоршаған ортаның қолайсыздығынан келтірілген залалдың орнын толтыру құқығы да негізделген. Бірақ бұл өте күрделі теориялық та практикалық та маңызы зор мәселе.
Тақырыптың Зерттелу деңгейі. Осы күрделі мәселені шешуде көптеген ғылымдардың атсалысуы қажет етеді. Соның ішінде құқық ғылымының рөлі зор. Құқық - бұл саладағы туындаған қоғамдық қатынастарды реттеп, олардың дамуын қамтамасыз етеді.
Автор Қазақстандағы экологиялық мәселелерді шешу үшін қолданылатын заңдарға талдау жасап, қоршаған ортаны экологиялық ластанудан қорғауға байланысты, қүзіретті органдар қабылданған нормативтік актілерді қарастырады. Дипломдық жұмыста қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық мәселелерінің ұғымы және оның түрлері, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу салдарынан келтірілген зиян, экологиялық зиянды өтеуді құқықтық реттеу тәсілдері мен олардың тиімділігін артыру мәселелері кеңінен ашылып, оның негізгі айырымдылық белгілері көрсетіледі. Нормативтік актілердің мазмұндарына, құрылымы мен мәніне, жүйесіне талдау жасалып, олардың тиімділігін арттырудың бағыттарын айқындаған.
Егер Конституциялық принципті, яғни азаматтардың денсаулығын сақтауға құқылы екендігін (29 бап. 1 б), мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаның қорғауды мақсат етіп қоятындығын (31бап. 1б), мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары (1бап. 1б) екендігін, және басқа да заңдық принциптерді, соның ішінде мәселен, «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңда көрсетілгендей, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтіру екендігін ескерсек, мұндағы барлық нормалардан нақты азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға ие болу құқықтарының танылуын және оның сақталуын мемлекеттік кепілдігі берілетіндігін көре алмаймыз. Сондықтан қолайлы қоршаған ортаға ие болу және экологиялық залалдарды өтеу құқығы конституциялық сипатта болуы қажет.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы сонда, жұмыстағы идеялар, қорытынды мен ұсыныстар қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық мәселелерінің құқықтық негіздерін одан әрі ғылыми зерттеуге негіз болады, оның теориялық қорын кеңейтеді. Бұл қоршаған ортаны ластанудан қорғауға, одан келген материалдық залалды өтеуге, сауықтыруға байланысты мәселелерді шешу барысында негізгі материалдар бола алады. Алынған нәтижелер ұйымдастырушылық құрылымдар мен нормативтік қорды жетілдіру мәселесін шешу барысында тиісті органдардың пайдалануына болады.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Бұл дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімін құрайтын 73 беттен тұрады.
1 Қоршаған ортаны қорғаудағы экологиялық құқықтық мәселелері
экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік
1. 1 Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жаупкершіліктің түсінігі және
оның түрлері
Экологиялық зиян ұғымын белгілеу, оның жалпы сипаты мен ерекшеліктерін айқындау проблемасы бүгінгі таңда әлеуметтік және құқықтық зор мағынаға ие болып отыр. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда ол қоршаған ортаның ауыр күйімен байланысты. Соңғы кездері қоғамдақ экологиялық қатынастарға қол сұғудың әлеуметтік заңдылығының елеулі түрде өзгергені күмән тудырмайды, қайта ол келтірілген зиянның сипаты күрделене түсіп, іс жүзінде әр қырынан танылып отыр. Кей жағдайларда оның жағымсыз салдары ұзақ уақыттан кейін және мүлден өзге аумақта пайда болуы ықтимал. Бұл оның шекарамен теңдесетін табиғатын танытады.
Сонымен бірге, экологиялық құқық теориясында экологиялық зиян ұғымын зерттеуге көп мән берілмеуде.
«Экологиялық құқық бұзушылық» және «экологиялық зиян» ұғымдарын теориялық тұрғыдан терең зерттеу қажеттілігіне 80 - ші жылдардың басында белгілі ғылым С. Б. Байсалов назар аударған. Қазақстандық құқықтық әдебиетте экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік мәселелері бойынша жекелеген зерттеулер шығып, онда қаралып отырған мәселенің кейбір аспектілері өз шешімін тапты. Сонымен бірге, экологиялық зиян ұғымының жалпы жұршылыққа танылған бірыңғай анықтамасы әзірше жоқ.
Экологиялық заңнаманы бұзу салдарынан келтірілген зиянның ұғымы туралы мәселе тиісті құқық бұзушылық объектісі ұғымымен тығыз байланыста қарастырылады, себебі заңсыз әрекеттердің салдарынан нақ осы экологиялық ортаның өзіне зиян келтіргендіктен ол жалпы құқық бұзушылық объектісіне айналады.
Заң әдебиетінде заңсыз құқық бұзушылық болмайды деп әділ айтылып жүр, қандай да болмасын құқық бұзушылық зиян әкеледі, себебі қоғамдық қатынастар қол сұғу объектісі болып табылады.
Осыған орай, экологиялық құқық бұзушылық объектісі ұғымы жөніндегі ғалымдардың көзқарасы қысқаша қарастырып, зерделеген жөн. Кейбіреу экологиялық құқық бұзушылық объектісі ретінде материалдық және материалдық емес игіліктерді, атап айтқанда, заң бойынша ластаудан, тозу және күйреуден қорғалатын табиғи объектілер мен кешендерді, сондай - ақ жалпы қоршаған ортаны, табиғи ортаның сапасына байланысты адамның денсаулығы мен материалдық құндылықтарды не қоршаған ортаның сапасын, басқалары - құқық қорғау мүддесін алып жүр. Кейбір ғалымдар заң тұрғысынан маңызды әлеуметтік қатынастар мен оларды реттейтін құқықтық нормалардың ажырамас байланысы туралы тұжырымға негіздеп, құқық бұзушылық объектісінің құрамына табиғатты қорғау және табиғи ресурстар саласындағы нормаларын және олар реттейтін қоғамдық қатынастарды енгізіп отыр[5] .
Міне, осы айтылғандар экологиялық құқық ғалымындағы осы құқықтық санат бойынша біркелкі түсініктің жоқтығын білдіреді.
Бізге экологиялық құқық бұзушылық объектісі ұғымын экологиялық сипаттағы қоғамдық қатынастардың күрделі тұтас кешені ретінде қарастырып отырған ғалымдардың көзқарасы жақын.
Мысалы, Қазақстандық ғалымдардың «Правовое обеспечение рационального природоползования» атты еңбегінде экологиялық құқық бұзушылық объектісі адамның қызметі мен қоршаған ортаның арасындағы тиімді қарым - қатынасты қолдауға, табиғи байлықты сақтап, қалпына келтіруге, оларды тиімді пайдалануға бағытталған, қоғам қызметінің нәтижелерінің тікелей немесе жанама түрде табиғатқа және адам денсаулығына зиянды ықпалының алдын алатын шаралар жүйесін жүзеге асыру барысында қалыптасқан қоғамдық қатынастар, сондай - ақ мемлекеттің табиғи объектілеріне жеке меншікті қорғау жөнінде қалыптасқан қатынастар ретінде берілген. Осы соңғы көзқарасты қолдай отырып, қазіргі өзгерген экономикалық және саяси - әлеуметтік жағдайлар бұл ұғымды кеңейтіп, оған субъективтік экологиялық құқықтарды (оның ішінде табиғи ресурстарға мүліктік құқықтарды) қорғау бойынша қалыптасқан қоғамдақ қатынастарды қосуды талап етеді.
Сонымен, құқық нормалары арқылы реттелетін және қорғалатын, табиғи ресурстарға меншік және өзге мүліктік құқық қатынастардан, табиғатты пайдалану саласындағы басқарушылық қатынастарынан, қоршаған ортанға зиянды әсерден қорғау жөніндегі қатынастардан, субъективтік экологиялық құқықтарды және адам мен азаматтың заңды құқықтарын қорғау жөніндегі қатынастардан тұратын, жалпы қоршаған орта мен оның жеке құрамындағы бойынша қоғамдық қатынастардың жиынтығы экологиялық құқық бұзушылық объектісі болып табылады.
Мұндай түсінік экологиялық заңсыз әрекет нәтижесінде жағымсыз әсер алуы мүмкін алуан түрлі әлеуметтік қатынастардың тұтастай кешенін қамтиды.
Экологиялық құқық саласындағы мамандар экологиялық құқық нормалармен тыйым салынған әрекеттер жасалған кеде экологиялық қатынастарға зиян, әдеттегідей, сол қатынастардың нысанына әсер ету арқылы жүзеге асырылады деп есептеледі. Осыған байланысты эколоиялық құқық бұзушылықтың объектісі мен нысанасының арақатынасын анықтау қажеттілігі туады.
Қоғамдық қатынастарға себеп болған құбылыстар сол қатынастардың нысанасы болып табылады және оның субъектілерінің танымдық және практикалық қызметі жүзеге асырылады. Экологиялық қатынастар нысанасы әрқашанда материалдық нысанан екені белгілі, себебі қоршаған орта мен оның құрамы материалдық қабаттан тұрады[14] .
Экологиялық құқық бұзушылық объектісі мен нысанасының айырмашылығы мынада: заң материалдық дүниенің заттарын емес, қоғамдық қатынастардың әлементтері ретінде заттарды (мүлікті) қорғайды, және оларға қол сұғу тиісті қоғамдық қатынастарға қол сұғу болып табылады. Сондықтан біз қоршаған ортаны және оның құрамын экологиялық құқық бұзушылық объектісі ретінде қарастыратын авторлармен келісе алмаймыз.
Демек, жалпы табиғат объектілері мен қоршаған орта материалдық, басқаша айтқанда, заттай объектілері болып табылады. Олар арқылы экологиялық құқық қатынастары қарым қатынастарын белгілі бір қырлары мен қасиеттері танылады.
Құқықтық қорғауға алынған табиғи объектілердің шеңбері «Қоршаған ортаны қорғау туралы» ҚР Заңның 1-бабында белгіленген. Оларға: атмосфералық ауа, су, жер, оның қойнауы, жануарлар мен өсімдіктер, сондай -ақ климат жатады.
Табиғи объектілердің қоршаған ортаның ажырамас құрамы ретінде міндетті түрде мынадай белгілері:
1) табиғи жаратылысы
2) экологиялық жүйелермен өзара байланысы болуы тиіс.
Бұл белгілерінің екіншісінің анықтаушы маңызы бар, себебі заңсыз әрекетті экологиялық құқыққа қарсы әрекетер қатарына жатқызу үшін ол жасаған кезде құқыққа қарсы әрекеттің заты қоршаған ортамен өзара табиғи байланыста болуы тиіс. Бұл белгі бойынша үй жануарларын ұрлауды, зоопарктегі жабайы аңдарды жоюды және т. б. экологиялық құқық бұзушылықтарға жатқызуға болмайды[6] .
Жоғарыда айтылғандардың маңыздылығына қарамастан, осы санатпен байланысты мәселелер салдарынан келтірілген зиян және экологиялық зиян ұғымдарының ара қатынасын ашып көрсету қажет.
Бұл үшін кейбір бастапқы ережелерді анықтап алайық. Біріншіден, заңмен қорғалатын кез келген қоғамдық қатынастарға қол сұғудың негізгі құқықтық тәртіпке келтірілген зиян. Демек, экологиялық құқық бұзушылық жасау барлық жағдайда жалпы экологиялық құқықтық тәртіпке зиян келтіреді, ал оны біз экологиялық құқық нормаларымен бекітілетін және реттелетін қоғамдық қатынастардың ұйымдастырылуы деп түсінеміз.
Сонымен бірге, жекелеген жағдайларда құқықтық бұзылып, құқық бұзушылықтың нысаны - нақты мүліктік және мүліктік емес игіліктердің маңызы төмендетіліп жатады.
Сондықтан, заң әдебиетінде зиянның екі тұрі көрсетілген - заң - әлеуметтік және нақты зиян. Бұл орайда, нақты (субъективтік құқықты бұзу мүліктік немесе мүліктік емес игіліктердің маңызын төмендету) болмаса да, заң -әлеуметтік маңызы бар зиянның туындауы мүмкін екендігіне назар аударылады.
Сонымен, заңға қарсы әрекет салдары ретінде экологиялық - құқықтық нормалармен қорғалатын қоғамдақ қатынастарды бұзушылық экологиялық құқық бұзушылық объектісіне келтірілген зиянның әлеуметтік сиаптын ашып көрсетеді. Сондықтан - ақ, экологиялық құқық бұзушылық нысанасына тікелей жағымсыз әсер еткен жағдайда, мұндай әрекеттер өзінің физикалық сипаты бойынша материалдық болып, заттай объектілерді бұзу немесе жою арқылы танылады.
Осы зерттеулерге сүйене отырып, мынадай тұжырым жасауға болады: кез келген құқықтық экологиялық талаптарды бұзушылық қоршаған ортаға оның сапасын нашарлату немесе санын азайту арқылы нақты зиян келтіре бермейді.
Жоғарыдағы айтылғандардың негізінде экологиялық құқық бұзушылық арқылы келтілген зиянды былай топтастыруға болады;
1) жалпы экологиялық құқықтық тәртіпке келтірілген зиян (заң -әлеуметтік мағынадағы зиян)
2) қоршаған ортаның сапасын нашарлату немесе сандық көрсеткіштерін азайту арқылы келтірілген нақты зиян.
Экологиялық құқық бұзушылықтар арқылы келтірілген нақты зиян да өзінің құрылымы бойынша біркелкі емес. Біздіңше, кейбір экологиялық заңдарды бұзушылық, мысалы, заңсыз аң, құс, балық аулау, заңсыз ормандағы ағаштарды кесу және т. б. қоршаған ортаның сапасы және экологиялық тепе - теңдікті сақтау тұрғысынан жағымсыз экологиялық салдарға соқтырмайды, бірақ табиғи ресурстардың меншік иесі - мемлекеттек немесе жекеклеген табиғи пайдаланушыға мүліктік зиян келтіреді.
Сондықтан, мұндай зиянды топтастыру үшін қоршаған ортанға келтірілген жағымсыз әсерлердің экологиялық тұрғыдан неғұрлым маңыздыларын егжей -тегжейлі қарастырған жөн.
Экологиялық зиян, біріншіден, қоршаған орта күйінің сапасына келтірілген болғандықтан, оның сипаттамасын берер алдында құқықтық қорғау нысанасының дұрыс, бұзылмаған қалпының сипаттамасын беру керек. Бір сөзбен айтқанда, қоршаған ортаның сапасы түсінігін беру керек. Заң әдебиеттерінде қоршаған ортаның сапасы мәселесі туралы біраз айтылып жүр. Кейде қоршаған ортаның сапасы деп адам мекендеген орта ішіндегі, адам мен оның мекендеген ортасы арасындағы заттар мен қуаттардың үнемі және тұрақты түрде алмасуы қабілетін сақтаған, шаруашылық қызмет барысында жетілдірілген және өзгерген табиғи экологиялық жүйелердің күйі деп түсіндеріледі. Кейбір авторлар қоршаған ортаның сапасы биологиялық, химиялық және өзге де қасиеттермен белгіленеді деп көрсетеді, үшіншілері оны - табиғи ортаның нормативтік жағынан бекітілген, мемлекет тарапынан қамтамасыз етілген, адам мен қоғамның дамуының осы кезеңінде олардың биологиялық, экономикалық және әлеуметтік - мэдени талаптарын қанағаттандырылатын жиынтығы деп нақтылай түседі[9] .
Біздің ойымызша, қоршаған ортаның сапасы төмендегі өлшемдердің жиынтығымен сипатталады.
1. Биологиялық тұрғыда алып қарағанда, қоршаған ортаның адамның өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы күйі оның сапасының өлшемі болып табылады. Табиғаттағы құбылыстар мен процестердің өзара байланысы мен өзара шарттасуын ескерсек, адам өзінің мекендеген табиғи ортасымен өзара әрекеттеседі. Адамның табиғи физиологиялық - демалу, шөл басу, тамақтану сияқты қажеттіліктерін табиғаттың жеке әлементтері тікелей қанағаттандырады. Ал, бұл қоршаған ортаның биологиялық тұрғыдан тазалық (ластанбаған) өлшеміне сәйкес келу қажет екенін білдіреді.
2. Табиғи байлықтар өздерінің экономикалық қасиеттеріне және белгілі экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты адамдардың әртүрлі материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру көзі болып табылады. Осының салдарынан адамның минералды ресурстарды, өсімдіктер мен жануарлар өнімдердің пайдаланбауы мүмкін емес, ал бұл қоршаған ортаның кейбір құрамының санының азаюына әкеп соқтырады. Нәтижесінде сапалық өзгерістер (экологиялық тепе - теңдіктің, табиғи экологиялық жүйелердің бұзылуы, т. с. с. ) туындауы мүмкін. Алайда жаңартылатын табиғи ресурстарды олардың өзінен өзі қалпына келуінің табиғи жолдарын ескере отырып, оларды ақылмен және ғылыми негізде пайдалану немесе жаңартылмайтын табиғи ресурстарды түғынудың әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан негізделген режимі қоршаған ортадағы тепе - теңдіктің бұзылуына шектеу болар еді.
Сонымен, экономикалық тұрғыдан қоршаған ортаның сапасы адамзаттың даму барысында көбейе түсетін материалдық қажеттіліктерін өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, энергетика, өлік т. б. қанағаттандыруды қамтамасыз етуге тиіс. Сондықтан, қоршаған ортаның қолайлы күйінің экономикалық көрсеткіштері оның ресурстарының сыйымдылығы (бітпеушілігі) және табиғи ресрстарының өндірушілік қабілеті.
3. Әлеуметтік тұрғыда алып қарағанда қоршаған ортаның сапасы дамуның эстетикалық, рекреациялық, ғылыми, мәдени қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс, себебі табиғатпен қарым - қатынас барысында адам өзінің физиологиялық және материалдық қана емес, сонымен бірге аухани қажеттіліктерін қанағаттандырады. Бұдан орайда қоршаған ортаның сапасы алуан - түрлілік және эстетикалық байлық сиақты өлшемдерге жауап беруі қажет.
4. Құрылымдық функционалдық тұрғыдан алып қарағанда қоршаған орта экологиялық орнықтылық (экологиялық құрамдастардың балансы), табиғи экологиялық байланыстардың сақтауы сияқты өлшемдерге сәйкес келуге тиіс. Сонымен, қоршаған орта сапасының өлшемдеріне:
1) қоршаған ортаның тазалығы (ластанбағандығы) ;
2) табиғи ресурстардың сыйымдылығы (бітпеушілігі) және табиғи ресурстардың өндірушілік қабілеті;
3) экологиялық орталық және табиғи экологиялық байланыстардың сақталуы жатады.
4) Бұл қоршаған орта келтірілген зиянның құрылымына не әлеуметтік -мәдени, не экономикалық, не биологиялық аспектілердің барын білдіреді. Сондай - ақ олардың жалғаса пайда болуы мүмкін. Экологиялық тепе -тендіктің жоғалуына әкеп соқтыратын, табиғи экологиялық байланыстардың құрылымдылық - функционалдық бұзылуы экономикалық және (немесе) биологиялық аспектілердің деңгейіне байланысты.
Бұл орайда, жоғарыда аталған аспектірлердің кез келгені жалпы қоғам үшін және жекелеген табиғат пайдаланушы үшін міндетті түрде жағымсыз материалдық салдарға әкеп соқтыратынын атап көрсеткен жөн, ал ол табиғи объектілерді қайта өңдеуге және жақсартуға бұрын жұмсалған қаражаттарды, көзделген табысты жоғалтуға, оны қалпына келтіру үшін шығындануғат мәжбүр етеді. Сондықтан біз А. Хаджиевтің экологиялық зиян келтірген кезде оның міндетті түрде жағымсыз экономикалық салдардың ере жүретіні туралы пікірін толық қуаттаймыз. Алайда, біз оның табиғатқа келтірілген экономикалық зиянның экологиялық зардаптар келтіре алмайтыны туралы тұжырымына келісе алмаймыз[10] .
Мысалы, аулауға рұхсат етілген жануарлар, құхтар, балықтардың табиғи ортасында оларды заңсыз аулаудың салдарынан келтірелген зиянның экологиялық өлшемдері жоқ. Мұндай әрекеттердің заңсыздығы тиісті рұхсат қағаздарының болмауында, сондықтан бұл жерде жағымсыз экологиялық салдардың пайда болуы туралы айтуға ешқандай негіз жоқ. Б. Г. Розовский айтқандай, ірі аталған броконьерлік оқ болашақта биосферанаң өзгеруіне әкеп соғалды десек, шындыққа қарсы шығамыз.
Сондықтан табиғи ресурстар санының азаюына әкеп соқтырған (отауға және сатуға арналған орман алқаптарының жойылуы, т. с. с. ) нақты зиян олардың жүдеуіне немесе өзге жағымсыз экологиялық салдарға әкеледі деуге болмайды. Мұндайда мемлекетке немесе табиғат пайдаланушыға келтірілген мүліктік зиян туралы айтқан жөн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz