АРХИТЕКТУРАЛЫҚ БӨЛІМ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Қазақстандағы қалалық және ауылдық жерлердегі іске асырылып жатқан
ауқымды өнеркәсіптік және тұрғын, қоғамдық үйлер құрылысы біздің
Республикамыздағы қарқынды экономикалық дамумен тікелей астасып жатқан
мәселе екені даусыз. Бұл жердегі негізгі көңіл бөлетін нәрсе құрылыс
қарқынымен қатар олардың архитектуралық келбеті, бөлмелерінің сәнді көз
тартарлық интерьері және тағы басқа сәулеттік мәселелер болып табылады.
Қоғамдық ғылыми техникалық прогресс, өндірістің қарқынды дамуы және
халықтың материалдық әл ауқатының ұдайы көтерілуі, елдегі тұрмыстық мәдени
қызмет көрсету шекарасының ұлғаюына және халықтың демалысын өткізу
формаларының жаңа түрлерінің пайда болуына және елдің (тұтынушылардың) бос
уақытты өткізумекемелеріне оларда көрсетілетін сервистік қызметтеріне деген
талаптарының қатаюына әкеліп соғатын процесс болып табылады. Қоғамдағы
мұндай ахуал елді мекендердегі қоғамдық үйлер мен ғимараттарға деген
сұраныстың олардың архитектуралық жоспарлау құрылымына және сәулеттік
композициясына деген көзқарастың жан жақты болуына және елді мекендердің
архитектуралық келбетінің жақсаруына әкелетін үрдіс болып табылады.
Қоғамдық үйлер мен ғимараттар адамдардың қоғамдық іс әрекетінің әр
түрлі тұстарының материалдық ортасының негізін құрайды. Қоғамдық өмір
формаларының көп түрлілігі (қоғамдық-саяси, мәдени, әкімшілік шаруашылық,
болашақ ұрпақты оқыту және тәрбиелеу, денсаулық сақтау, әртүрлі демалысты
үйымдастыру, спортпен шынықтыру және салауатты өмір салтын дамыту, мүмкін
болатын әртүрлі коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету салалары)
қоғамдық үйлер мен ғимараттардың түрлерінің, салаларының өте үлкен ауқымды
бағыттарда болуына тікелей әсер ететін шепгуші фактор болып табылады.
Сәулет (архитектура) өнерінде негізгі көңіл бөлінетін және міндетті
түрде оң шешімін табатын төмендегідей басты бағыттар:

көлем, кеністік атты композициялык түсініктерді тәжірибе жүзінде ашу;
тектоника басты және қосалқы композицияларды анықтау,
көлеммен кеңістікті бөлшектеу;
архитектуралық масштаб, композициядағы пропорциялық жүйелер,
архитектуралық модульдер;
эвритмия, оптикалық тәуелділіктер, суреткерлік айшықтылық, түстік
шешімдер.
Композиция құралдары арқылы оларды әртүрлі сатыда үйлестіре отырып,
адамдарға эмоционалды әсер беретін үйлер мен ғимараттарға қажетті
архитектуралық әсем келбет беріледі.
Ғимараттардың тектоникасы, оның конструкциялық және материалдық
негізімен тығыз байланысты және архитектуралық ғимараттың құрылымын
жасайтын архитектуралық келбетін келтіретін процесс.
Архитектуралық масштаб жобаланатын ғимараттың архитектуралық сапасын
анықтайтын өте маңызды критерий болып табылады.
Жүйедегі архитектуралық масштаб арқылы және жобада пайдаланылатын
пропорцияларға байланысты үйлер мен ғимараттар көрерменге жеңіл ауқымды
немесе керісінше, ауыр және басыңқы болып қабылданады.
Материалдардың қасиеттерін, әсіресе олардың беттік фактураларын
көркемдік жағынан ыңғайластыра үйлестіре қолдана білу жобаланатын ғимаратқа
қажетті пластика беруге, ал оның сыртқы беттеріне әсем және қонымды
архитектуралық келбет беруге жол ашады.
Жобаланатын объектілердің жоспарларының, бас жоспарларының,
интерьерлерінің және сыртқы келбетінің композициялық шешімдеріне
төмендегідей факторлар әсер етеді: табиғи және жасанды жарықтандыру,
инсоляция, акустика, инженерлік-техникалық жабдықтау (жылу жүйесі, желдету,
ауаны кондиционерлеу т.б.) ерекшеліктері. Архитектуралық композицияның
көркемдік негіздерін жетік білу сәулеттік өнерді жетік меңгеруге,
оның композициялық заңдылықтарын үйлесімді қолдана білуге, көркемдік
талғампаздыққа жетелейтін процесс болып табылады. Тек сәулет өнерінің
теорияларымен қаруланған сәулетші ғана тиімді, берік және әсем туындыны
өмірге алып келеді.
Жоғарыдағы үш ұғымды үйлестіру мәселесі сәулет өнерінің сан ғасырлық
тарихының негізгі діңгегі болып қала береді. Әртүрлі тарихи кезеңдерде бүл
мәселе салыстырмалы түрде әртүрлі маңызға ие болып, сәулеттік іс
әрекеттердің жалпы бағытын анықтап отырды. Дегенмен барлық негізгі
жағдайларда архитектуралық ғимаратты түрғызудағы негізгі көрсеткіш оның
пайдалылығы (тиімділігі) болып табылады. Құрылысты жүргізу кезінде бұл
көрсеткіш ғимараттың беріктігмен, әсемдігімен үйлестіріледі, сөйтіп
ғимараттың сәулеттік келбеті эстетикалық және идеялық түрғыдан толыға
түседі.
Тоқырау жылдарында экономикалық қиындықтардың әсерінен, мәдениет
ошақтарына қаржы бөлуге мүмкіндік болмай, олардың жүмыстары тоқырап қалды.
Бүл үрдіс әсіресе, ауылдық жерлердегі клуб, кинотеатр, мұражай, мәдениет
сарайы сияқты ғимараттарға зор зиянын келтірді. Кейбір елді мекендерде
мұндай мекемелердің жүмысы тоқырап қалғаны былай түрсын, ғимараттардың өз
басы жекешеленіп қолдан-қолға өтіп, ең соңында бөлшектеліп бүзылып сатылып
кеткендері де болды.
Дегенмен, республикамыздағы соңғы жылдардағы экономикалық дамудың
қарқынды өсуі, елдің әл ауқатының жоғарғы деңгейге көтерілуін қамтамасыз
етті.
Бүл жерде Үкіметіміздің соңғы жылдары (2000 жылдардан бастап) ауылдың,
ауыл экономикасын, ауылдық жерлердегі халықтың әл-ауқатын көтеруге
бағытталған экономикалық шаралары оң нәтижесін бере бастады десек өтірік
айтпағанымыз. Әл-ауқаты, әлеуметтік-экономикалық жағдайы жоғары халықтың
рухани мәдени байлығын көтеруге деген сұранысы да жоғары болатыны белгілі.

Осындай үрдіс соңғы жылдары Республикамыздың түпкір түпкірлеріндегі
барлық елді-мекендерде іске асырыла бастады. Мәдени ошақ ғимараттарына
күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, немесе мұндай мекемелер болмаған
жерлерде жаңадан салынып іске қосылуда.
Осы жағдайды талдай отырып, мәселені шешуге өзімнің кішкентай үлесімді
қоссам деген ниетпен дипломдық жүмысымды осы бағытқа арнадым. Дипломдық
жүмысымның тақырыбы Алматы облысы Есік қаласындағы 200 орындық бала –
бақшаны жобалау деп аталады.
Менің таңдаған тақырыбым қазіргі күн талабына сай және актуалды.
Өйткені жобалануға тиісті қоғамдық орталығының ғимараты Есік қаласы Алатау
мөлтек ауданының архитектуралық сәулетін, көркемдік келбетін ашатын және
осы аймақтағы әлеуметтік экономикалық ахуалды көтеруге өзіндік үлесін
қосатын қоғамдық бала – бақша болатынына сенімдімін.

1 АРХИТЕКТУРАЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 ЖОБА АЛДЫНДАҒЫ ТАЛДАУ
1.1.1 Бала бақшаны қала құрылысы жүйесінде орналастыру тәртібі
Бала бақша мекемелерінің жер телімдерін елді мекен жоспарында
орналастыру үшін төмендегідей талаптар қойылады:

- Бала бақша мекемелерінің жер телімінен көшенің қызыл сызығына дейінгі
қашықтық 25 м-ден, ал көршілес тұрғын аудандардың аймағынан 12 м-ден
кем болмауы тиіс;
- бала бақша мекемесінің жер телімінің ауданы, бала бақшадағы әр топқа
650 м ауданнан келетіндей етіп алынады;
- жер телімінде, автомобильдердің жүріп тұруы үшін мүмкіндігінше айналма
жол қарастырылуы қажет;
- бала бақша жер телімінде төмендегідей ойын аймақтары қарастырылуы
керек:
a) топтық алаңшалар, әрбір жеке балалар тобына – 180 м ауданнан;
b) көгеріш алаңы, әрбір жеке балалар тобына – 120 м ауданнан;
c) жалпы дене шынықтыру алаңы – 200 м .
- балалардың ойын аймағында төмендегідей элементтерді қарастыру қажет:
солярий, ірі ойыншықтар паркі, каток, велосипед жолы, жол жүрісі
ережелерін үйрету алаңы және т.б.;
- барлық жеке топтарға арналған ойын алаңшаларында, күннен, желден,
жауын-шашыннан қорғау үшін үш жағы қоршалған бастырмалар қарастырылуы
қажет. Бастырманың едені ағаштан болуы қажет;
- ойын алаңшалары жасыл жабынмен жасалуы керек, кей жағдайларда ойын
алаңшаларынан қатты жабынмен көмкеруге болады (асфальт, топырақ).
Алаңшаларды бетон плиткалармен жасауға да рұқсат беріледі;
- ойынша алаңшаларында жасыл газон, гүлзарлар, жеке ағаштар,
кустарниктер отырғызылуы керек, улы және тікенегі бар өсімдіктерді
отырғызуға рұқсат берілмейді. Ағаштар бала бақша үйінен кем дегенде 10м
қашықтықта орналастырылуы керек;

- көгеріштер алаңына, жеке элементтерге арналған бөлімдердің арасына
қойылатын санитарлық жолақ кіреді. Бұл санитарлық жолақтардың ені
төмендегіше қабылдануы тиіс:
a) жеке топтық алаңшалардың арасында және топтық алаңшамен спорт
алаңшасының арасында бұл қашықтық 3 м тең;
b) топтық алаңшамен, шаруашылық алаңының арасында бұл қашықтық 6 м
тең;
c) жер телімінің қоршауынан, жеке топтық алаңшалар аралығында — 2 м-
ден үлкен болуы тиіс.
- жалпы дене шынықтыру алаңшасы командалық ойындарға арналған (теннис,
бадминтон, пионербол) торлармен жабдықталуы тиіс;
- шаруашылық аймағында көліктердің бұрыып шығуына мүмкіндік беретін, жүкті
түсіру жағдайын ескеретін алаңша болуы керек, бұл алаңшада қоқыс
контейнерлеріне арналған бөлік қарастырылуы тиіс;
- шаруашылық алаңның ауданы құрамында төрт немесе одан да көп балалар тобы
бар бала бақшалар үшін – 100 м кем болмауы тиіс;
- шаруашылық аймағында ауданы 30 м үлкен болмайтын көкөніс сақтау қоймасы
қарастырылуы керек, жеміс-жидек бағы, үй жануарларына арналған алаңшалар
қарастырылуы керек;
- шаруашылық алаңы қатты жабынмен (бетон, асфальт) көмкерілуі тиіс;
- бала бақша мекемесінің жер телімі биіктігі 1,6м кем емес қоршаумен,
қоршалуы қажет;
- жер теліміндегі алаңдардың, жүргін жолдардың биіктік деңгейі 0,15 м- ден
үлкен еңістікте болған жағдайда, ондай тұстарда текпешектер немесе
пандустар ұйымдастырылуы қажет.
1.1.2 Бала бақша мекемелерінің архнтектуралық жоспарлау шешімдеріне
қойылатын талаптар
Бала бақша мекемесінде төмендегідей функционалдық топтарға арналған
бөлмелер болуы тиіс:
- топтық ячейкалар жеке балалар тобына арналған өз алдына оқшауланған
автономды бөлік;
- мамандандырылған бөлмелер әрбір сынып тобының кезек кезегімен немесе
барлығының бір мезгілде пайдалануына арналған бөліктер;
- қосалқы бөлмелер (дәрігерлік, кір жуу және тамақ дайындау бәлмелері);
- қызметтік-тұрмыстық бөлмелер - мекеме әкімшілігіне және
қызметкерлерге арналған бөліктер.
Жоғарыда келтірілген функционалдық топтардың құрамы, саны және
көлемдері Бала бақшатің жалпы сыйымдылығына (балалар саны, топтар саны)
қолданылу орнына байланысты анықталып тағайындалады.
Жобалауға берілген тапсырмаға сәйкес негізгі функционалдық топтардан
бөлек қосымша бөліктер мен бөлімдерді жинақтауға болады.
Бала бақша мекемесінің биіктігі үш қабаттан аспауы қажет және үшінші
қабатта тек үлкен сыныптағы балаларға арналған топтық ячейкалар және арнайы
мамандандырылған бөлмелер орналастырылады.
Мансардты қабаттарды да пайдалануға болады, және оларда тек арнайы
мамандандырылған бөлмелер орналастырылады.
Барлық негізгі бөлмелер тобын тек жер үсті қабаттарында орналастыру
керек.
Жертөле болігінде негізінен кір жуу және қоймалау бөлмелерін
орналастыруға болады.
Бөлмелердің таза биіктігі (еденнен тобеге дейін) 3,0м-ден кем болмауы
тиіс.
Түрғын үйлерде ұйымдастырылатын жанұялық бала бақшалардың биіктігін
пәтер биіктігімен бірдей етіп қабылдауға болады.
Үйдің жоспарлау құрылымында негізінен топтық оқшаулау принципі
қолданылады. Бұл жағдайда топтық ячейка балалардың негізгі уақытын
өткізетін, ойнайтын, сабақ оқитын, ұйықтайтын, демалатын, тамақ ішетін
орыны болып табылады.
Әр топтық ячейканың киім шешетін орнынан (гардероб) үйден сыртқа
шығатын мүмкіндік болуы тиіс. Екінші эвакуациялық шығысты топтық ячейканың
кез келген бөлмесінен қарастыруға болады.
Бала бақша үйінде әрбір төрт топқа бір кіре беріс қарастырылуы тиіс.
Үш жасқа дейінгі балаларга арналған топтарды негізінен бірінші
қабатта орналастыру қажет.
Бала бақша үйіне кіре берісте кәдімгі тамбурдың орнына тамбур- шлюз
қолданылады. Тамбур-шлюздің ені 1,6м-ден ал ұзындығы бм-ден кем болмауы
тиіс және табиғи жарықпен қамтылуы қажет.
Балалар тобына кіре берісте ауданы 12м кем емес шана және арбаларды
қоюға арналған бөлме қарастырылуы керек.
4-7 топтан тұратын бала бақшаларда бір гимнастика, ән-күй сабағына
арналған бір зал болуы қажет және ауданы - 80м - тан кем емес.
Топтар саны төрттен аспайтын шағын бала бақша үйлерінде гимнастика
және ән-күй залдарын қарастырмауға рұқсат беріледі.
Дәрігерлік бөлмелер тобын әдетте үйдің бірінші қабатында, кіре беріс
тысқа жақын орналастыру керек, изолятордан сыртқа өз алдына шыға беріс
жасау керек.
Бала бақшаның кір жуу бөлімін барлық түсетін кір көлемінің 13
бөлігіне есептеп жобалау қажет. Кір жуу бөлімінің технологиялық схемасы
жобалауға берілетін тапсырмаға сәйкес дайындалады.
Үйдің ішінде кір жуу бөлмелерін жалпы рекреациялық кеңістіктен тамбур
арқылы бөлінуі тиіс.
Тамақ дайындау блогының тамақ тарату бөлігі өз алдына бөлме ретінде
қарастырылуы тиіс.

Балаларды топтық ячейкаларына кіре беріс тамақ дайындау және кір жуу
бөлімдерінен оқшаулануы тиіс.
Бөлмелерді жарыққа бағыттау төмендегідей шамаларда қабылданады:
- топтық бөлме 180° және 85°-тан 275° аралығында орналасуына рұқсат
беріледі;
- ұйықтау және дәрігерлік бөлмелер тобы 90° немесе түгел 360°
аралығында орналасуына рұқсат беріледі;
- музыкалық және гимнастикалық залдар, үйірме бөлмелері - 180° немесе
түгел 360° аралығында рұқсат беріледі;
- тамақ дайындау блогы бөлмелері солтүстікке бағытталуы тиіс, немесе
түгелдей 360° аралығында орналасуына рұқсат беріледі.
Төмендегідей бөлмелер тобына табиғи жарықсыз жобалауға рұқсат
беріледі: буфет, изолятордың қабылдау бөлмесі, әртүрлі мақсаттағы қоймалық
бөлмелер.
Топтық және ұйықтау болмелерінің терезелерін, кір жуу және тамақ
дайындау бөлмелерінің үстіне орналастыруға болмайды.
Топтық ячейка бөлмелерінің құрамы ҚНжЕ ҚР 3.02-24-2009 Бала бақшаға
дейінгі мекемелер құжатындағы 7 қосымшадағы талаптарға сәйкес
тағайындалады.
Ясли топтың ячейкалары негізінен бірінші қабатта және бір деңгейде
орналасуы керек, ал қалған топтағылар ячейкаларын әртүрлі қабатта және
әртүрлі деңгейде орналастыруға болады.
Топтық ячейканың негізгі бөлмелерінің аудандарын ҚНжЕ-гі 6
қосымшадағы талаптарға сәйкес қабылдайды.
Топтық ячейканың қосалқы (қосымша) болмелерінің ауданын 9 қосымшадағы
талаптарға сәйкес қабылдайды.
Топтық бөлменің құрамында балаларды емгізуге және оқу процесін
ұйымдастыруға арналған кеңістіктер болуы тиіс.
Терезе ойықтарының астыңғы деңгейі еден бетінен 0,75м-ден аспауы тиіс.
Топтық ячейканың буфет бөлмесі үш камералы ыдыс жуу жабдығымен
қамтылуы тиіс.
Әжетхана бөлмесін қол жуу және әжетті өтеу аймақтарына бөлу керек.
Қол жуу бөлімінде бір бірінен трансформацияланатын қоршалған қол жуғыштар
және іш жағынан кіруге болатын душ поддонға орналастырылуы керек. Әжет өтеу
бөлігінде есігі жабылатын кабиналарда балаларға арналған унитаздар
орналастырылады. Балалар кабинасының өлшемдері 1,0х0,75м, кабина қоршауының
биіктігі 1,20 м.
Егер топ тәрбиешілеріне арналған арнайы бөлме қарастырылмаған
жағдайда, әжетханалық бөлмеде қызметкерлерге арналған санитарлық кабина
қарастырылуы керек.
Арнайы болмелердің құрамы және аудандары ҚНжЕ-гі 10 қосымшадағы
талаптарға сәйкес қабылданады.
Қызметтік-тњрмыстық бөлмелердіћ құрамы және аудандары ҚНжЕ-гі II
қосымшаға сәйкес қабылданады.
Музыкаға және гимнастикаға арналған залдардың әр жағының өлшемдері 9м-
ден кем болмауы тиіс және залдың ұзындығы еніне қарағанда 2 есе үлкен болуы
керек.
Дәрігер бөлмесі изолятордың бір бөлмесіне іргелес орналасуы керек
және еденнен 1,2м биіктікте әйнектелген тереземен жабдықталуы тиіс.
Изолятордың палаталарын бір немесе екі орынды етіп қабылдайды және
аудандары сәйкесінше 4 және 6 м болуы тиіс. Изолятордың қабылдау бөлмесінде
қолжуғыш және ыдыс қоюға арналған жабдықтармен қамтылуы тиіс.
Бала бақша ғимаратының әр қабатында қызметкерлерге әжетхана
қарастырылуы тиіс, әжетхана ауданы бір унитаз және бір қолжуғышқа есептелуі
тиіс.
Тамақ дайындау бөлігінде қоймаларды өтпелі болме түрінде жобалауға рұқсат
берілмейді.

Бала бақша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық аумақтардың қоршалу элемент сызбасын жобалау барокко стилінде
Ерте орта ғасырдағы қазақстан
Ортағасырлық қалалардың деректері
Мавзолейдің қасбеті
Экскурсиялық құжатты жобалау (Алматының архетектуралық көрінісінің ерекшелігі)
Конструктивизм стильдегі жастарға арналған шығармашылық кеңістіктің дизайн жобасын әзірлеу
Қала құрылысы
Қазақстандағы орта ғасыр мәдениеті
Шірік-рабат
Археологиялық Тарихи Сәулет өнері
Пәндер