Агроландшафттық жүйесінің экологиялық жағдайын бағалау


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 106 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .
4
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .:

АНЫҚТАМАЛАР . . .

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .

4:

5

6

:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: КІРІСПЕ . . .
4: 8
: 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЛАНДШАФТТЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ТАБИҒИ-РЕСУРСТЫҚ ӘЛЕУЕТІ
4:
: 1. 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: Қызылорда облысы алқаптарының географиялық жағдайы . . .
4: 13
: 1. 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: Қызылорда облысының ландшафттық-географиялық жағдайы . . .
4: 15
: 1. 3
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: Қызылорда облысының ландшафттық жүйесінің дамуының табиғи-климаттық жағдайы . . .
4: 19
: 1. 4
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: Қызылорда облысының топырақ жамылғысының түзілуінің ландшафттық-географиялық заңдылықтары . . .
4: 22
: 1. 5
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: Сырдария өзенінің төменгі сағасындағы су қорлары . . .
4: 25
: 1. 6
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: Қызылорда облысының ландшафттық жүйесінің өнімділігін ландшафттық-экологиялық тұрғыда бағалау . . .
4: 27
: 1. 6. 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: Қызылорда облысының ландшафттық жүйесінің климаттық өнімділігін бағалау . . .
4: 27
: 1. 6. 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: Қызылорда облысының ландшафттық жүйесінің экологиялық өнімділігін бағалау . . .
4: 29
: 1. 6. 3
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: Қызылорда облысының ландшафттық жүйесінің биологиялық-экологиялық өнімділігін бағалау . . .
4: 33
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: Бірінші бөлімнің қысқаша тұжырымы
4: 36
: 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ АГРОЛАНДШАФТТЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ТАБИҒИ-ТЕХНОГЕНДІК ҚЫСЫМНАН ӨЗГЕРУІН БАҒАЛАУ
4:
: 2. 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: Ландшафттардың құрылымы және шаруашылық пайдалану ерекшеліктері . . .
4: 38
: 2. 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: Су және жер ресурстарын пайдаланылуы . . .
4: 39
: 2. 3
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: Табиғи ресурстарды ауыл шаруашылығына пайдалану нәтижесінде агроландшафттардың топырақтық- мелиоративтік жағдайының өзгерістері . . .
4: 42
: 2. 4
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: Су қорларының гидрохимиялық тәртібі . . .
4: 48
: 2. 5
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: Агроландшафттық жүйесінің өнімділігі . . .
4: 52
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: Екінші бөлімнің қысқаша тұжырымы
4: 57
: 3
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ АГРОЛАНДШАФТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІНЕ ТҮСЕТІН ТЕХНОГЕНДІК ЖҮКТЕМЕНІ БАҒАЛАУ
4:
: 3. 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: Суғармалы жерлердегі табиғи-техникалық жүйенің ерекшеліктері
4: 58
: 3. 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: Табиғи-техникалық жүйесінің (гидроагроландшафттың) қызметін бағалау . . .
4: 60
: 3. 3
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: Гидроагроландшафттық жүйесінің экологиялық-мелиоративтік тұрақтылығын бағалау . . .
4: 64
: 3. 4
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: Агроландшафттық жүйесінің экологиялық жағдайын бағалау . . .
4: 73
: 3. 5
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: Қызылорда облысы аумақтарындағы техногендік жүктемені бағалау . . .
4: 81
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: Үшінші бөлімнің қысқаша тұжырымы
4: 85
: 4
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ АГРОЛАНДШАФТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ
4:
: 4. 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі техногендік-бұзылған агроландшафттарды табиғи жағдайға бейімдеу . . .
4: 87
: 4. 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: Суғармалы агроландшафттық жүйелерінің экологиялық-мелиоративтік каркасының құрылымын оңтайландыру . . .
4: 90
: 4. 3
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: Агроландшафттық жүйедегі ауыл шаруашылық дақылдарының құрылымын экологиялық тұрғыда оңтайландыру . . .
4: 98
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: Төртінші бөлімнің қысқаша тұжырымы
4: 110
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
4: 112
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
4: 116
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: ҚОСЫМША А - Диссертациялық жұмыс нәтижелерін өндіріске енгізу актісі . . .
4: 124

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл диссертациялық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сәйкес анықтамалар қолданылған:

ГОСТ 7. 32-2001 Система стандартов по информации, библиотечному и издательскому делу. Отчет о научно-исследовательской работе. Структура и правила оформления.

ГОСТ 7. 24-2007 Система стандартов по информации, библиотечному и издательскому делу. Тезаурус информационно-поисковый многоязычный. Состав, структура и основные требования к построению.

ГОСТ 7. 36-2006 Система стандартов по информации, библиотечному и издательскому делу. Неопубликованный перевод. Общие требования и правила оформления.

СТ РК 1157 - 2002 «Образование высшее профессиональное. Системы менеджмента качества организаций образования».

ГОСО РК 5. 03. 007 - 2006. ГОСО РК Образовательно-профессиональные программы. Основные положения ГОСО РК 5. 03. 007 - 2006

АНЫҚТАМАЛАР

Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге анықтамалар қолданылған:

Агроландшафттар - аумағының көп бөлігінің биотикалық құрылымына адам жасанды түрде қалыптастырған және табиғи фито, зооқауымдастықтарды алмастырған тірі организмдер қауымдастығы басым болатын антропогендік ландшафт, яғни көп бөлігіңде табиғи өсімдіктерді мәдени дақылдардың егістіктері алмастырған ландшафт.

Ландшафттарды баптау - техногендік ландшафттарды оңтайлаудың жалпы өлшемдік жүйесіндегі бұзылған жеке бөлімшені «ретке келтіруге» арналған жеке шаралармен ғана шектеліп қоймай, бұзылған жерлерді кешенді түрлендіруді қарастыратын жерді баптаудың түрі.

Ландшафтты қорғау - ландшафтың табиғи, шаруашылық және эстетикалық құндылығын сақтауға бағытталған шаралар жүйесі.

Орнықты даму - болашақтағы өзінің тұтынысын қанағаттандыруына зиян келтірмей бүгінгі күнгі ұрпақтың тұтынысын қанағаттандыру.

Табиғи-техногендік ландшафттар - адамның әртүрлі қызметіне байланысты туындайтын және құрылатын ландшафт.

Техногендік ландшафттарды оңтайландыру - қоғамның барлық сұраныстарын ескере отырып техногендік ландшафттарды оңтайлы тегістеу және қайту құру арқылы табиғи-техногендік кешендердің өнімділігін қалпына келтіру және жоғарылату, табиғатты қорғау, шаруашылық және эстетикалық құндылығын қалпына келтіру және жоғарылатуға бағытталған шаралардың жүйесі.

Гидроагроландшафт - суғармалы егістік алқаптарындағы ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге арналған жеке жүйе.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

-климаттық биологиялық белсенді температуралар жиынтығы

- жауын-шашын жиынтығы

- буланғыштық

- фотосинтетикалық белсенді радиация

- гидротермикалық коэффициент

- Н. Н. Ивановтың табиғи ылғалдану коэффициенті

- «құрғақшылық индексі»

- ылғалдану көрсеткіші

- биологиялық-климаттық өнімділік

- табиғи - экологиялық (топырақтың биологиялық) өнімділік

- топырақ түзілуге жұмсалатын энергия

-топырақтағы шірік көлемінің өзгерісі

- топырақ пен ағынды сулар арасындағы ылғал алмасу қарқындылығы

- аумақтың экологиялық жағдайы

- топырақ индексі

- климат қолайлылығының көрсеткіші

- ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі

- оңтайлы жағдай кезінде ауыл шаруашылығы дақылдарының әлеуетті биологиялық қамтамасыз етілетін өнімділігі

- топырақ түзілуге жұмсалатын энергия, ккал/см 2 жыл

- өсімдіктер қоғамдастығы өнімділігін экологиялық бағалауды сипаттайтын коэффициент

- өзен ағыны, км 3 /жыл.

- жер асты суларының қоры, км 3

- сағаға өзен ағынының түсуі, км 3 /жыл

- суғарылатын жерлер ауданы, млн. га

- шаруашылық қажеттілік үшін су жинау, км 3 /жыл

- қайтарымды сулардың көлемі, км 3 /жыл

- аумақтың игерілген ауданы, га

- табиғи немесе жартылай табиғи экожүйелердің ауданы, га

- нақты суғармалау нормасы немесе меншікті су жинау, м 3 /га

- нақты климаттық-табиғи аймақтарда жылу мен ылғалдың оңтайлы арақатынасын қамтамасыз ететін суғарудың топырақтық-экологиялық мүмкін нормасы, м 3 /га.

- өзен алаптарындағы орналасқан су ресурстары, км 3 немесе м 3

- өзен алаптарының төменгі сағасындағы экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ететін санитарлық ағын, км 3 немесе м 3

- өнеркәсіп кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығы ұйымдарының мұқтажы үшін су жинау көлемі, км 3 немесе м 3

- адамның антропогендік қызметіне дейін өзен суларының табиғи минералдылығы, г/л

- адамның антропогендік қызметі үдерісіндегі өзен суларының минералдылығы, г/л

- коллекторлық-кәріз және ақаба сулары, км 3 немесе м 3

ҚР БжҒМ - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

ЖАК - жоғарғы аттестациялық комиссия (Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы)

ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы

ЖШС «ҚазСШҒЗИ» - «Қазақ су шаруашылығы, ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестік (Тараз қаласы)

КІРІСПЕ

Өткен ғасырда ауыл шаруашылығы өндірісі үдерісінде табиғи ландшафтты қоғамның қажеттілігін өтеу үшін пайдалану Сырдария өзені алабындағы оның бөлшектерінің үлкен бөлігінің айтарлықтай өзгеруіне, түрлендіруіне және тозуына алып келді. Сырдария өзенінің барлық аймақтарында ауыл шаруашылығының дамуы мен өнімділікті көтеруге, ландшафттық жүйенің тұрақтылығын және қоршаған ортаның сапасын жақсартуға бағытталған шаралардың арасындағы қайшылық барынша ушыға түсті. Сондықтан, қазіргі таңда ауыл шаруашылығында табиғи қорларды тиімді пайдалану мәселесі экологиялық-мелиоративтік және баланстық-экологиялық негізде шешілуі тиіс. Сонымен аграрлық өндірістің өнімділігін көтеру нысанды түрде қоршаған орта жағдайын жақсарта отырып табиғи және заттық қорлардың өндірісіне жұмсалған шығынды қалпына келтірумен қатар жүруге тиісті.

Сәйкесінше аграрлық саладағы табиғат пайдалануды оңтайландыру, ең алдымен, нысанның жағдайына терең және жүйелі зерттеу жүргізуді, яғни агроландшафттың заманауи құрылымын, экологиялық-шаруашылық және топырақтық-мелиоративтік жағдайын, сондай-ақ оның бөлшектерінің өзара байланысын, уақыт пен кеңістіктегі өзгеру үдерісін, сондай-ақ агроландшафттың жалпы экологиялық теңдігіне әсер ететін дәлелдемелерін оңтайландыру болып табылады.

Қазіргі агроландшафт көп жағдайда шаруашылық қызметтің әсерімен қалыптасқанымен, алайда табиғи ландшафттың негізгі белгілерін сақтайды. Осы қосарлылық оның бөлшектерінің қазіргі құраушыларын анықтайды, яғни бір жағынан - табиғи бөлшектер (топырақ, жер бедері және гидрографиялық желі, су, ауа мен микроклимат, өсімдіктер және жан-жануарлар әлемі), екінші жағынан - егіншілік жүйесі және аумақты ұйымдастыру бөлшектері (ауыл шаруашылық жерлер, ауыспалы егістер, агротехнологиялар, гидротехникалық құрылымдар және басқалар) .

Сөйтіп, қазіргі табиғи - техногендік бұзылысқа тап болған агроландшафтты оңтайландыру үшін ландшафттық - экологиялық тұрғыда ауыл шаруашылығы өндірісінің жүйесін жетілдірумен қатар, қоршаған ортаның жағдайын бақылаудың тиімділігін және сапасын көтерудің де үлкен маңызы бар. Агроландшафттың қазіргі жағдайы мен антропогендік өзгерісін біле отырып, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімді технологиясын әзірлеуге болады.

Тақырыптың көкейтестілігі. Сырдария өзенінің алабы аумағында, оның ішінде әсіресе төменгі сағасында, ауыл шаруашылықтық игеру тарихы антропогендік және техногендік жүктемеге байланысты, ал олардың түрлері, көлемі мен мерзімі қазіргі экологиялық тұрғыда табиғи және аграрлық ландшафттардың тозуына алып келді.

Ауыл шаруашылығының аумағын инженерлік табиғи үйлестірудің ықпалымен Сырдария өзені алабындағы антропогендік қызметтің қарқынды дамуы іс жүзінде оның төменгі сағасындағы барлық табиғи үдерістерді өрескел бұзды: өзен жүйелерінің тұрақты және уақытша ағынды суларының тәртібі өзгерді; бұрыннан табиғат бөлшектерінде «жерленген» орасан зор тұздар салмағының белсенді айналымға тартылу есебінен геохимиялық ағындар айтарлықтай күшейді; агроландшафттар және оған жапсарлас аумақтар шегінде микроклимат, топырақтық, биологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық үдерістер өзгерді, нәтижесінде олардың қызметтік бөлшектерін және құрылымдық жүйесін баптау арқылы қалпына келтіру мен тұрақтандыруды қажет ететін техногенді бұзылған ландшафттар пайда болды.

Солардың нәтижесінде агроландшафттардағы қуаттық және алмасу үдерістері бұзылады, олардың су және жылу тәртіптерінің барлық жерлерде өзгеріске түсуінің нәтижесінде, топырақ жүйесі құнарлылығының төмендеуі жиі байқалады. Соңғы жылдары агроландшафттық жүйенің жеке меншікке көшуіне байланысты егіншілік мәдениетінің төмендеуі өндірістің технологиялық үдерістерінің бұзылуына алып келді және ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің «қарқынды» технологияларының бөлшек ретін қолдану кезінде мәселе одан әрі ушықтануда.

Сонымен, Сырдария өзенінің төменгі сағасына орналасқан Қызылорда облысының агроландшафттық жүйелерінің технологиялық, экономикалық және экологиялық мәселелерінің күрделі кешенін шешу, ауыл шаруашылығының өнімділігін көтеру, ең алдымен, олардың қазіргі жағдайын анықтайтын дәлелдемелерді жан - жақты терең зерттеудің негізінде оның экологиялық теңгермелік жағдайын және шаруашылық ауқымын оңтайландыруды қамтамасыз ете алатын мелиорация саласын қалпына келтіру және қолдау технологиясының әдістерін және тәсілдерін әзірлеу негізінде ғана іске асырылуы мүмкін.

Қазіргі кезде Қызылорда облысының суғармалы алаптарындағы табиғи - техногендік ландшафттарға түсетін техногендік жүктемелердің нәтижесінде барлық суғару алаптарындағы топырақ және жер асты сулары жүйелеріндегі үдерістердің ретсіз қалыптасуының нәтижесінде топырақ және өсімдік жамылғылары дағдарысқа тап болған. Сондықтан, Қызылорда облысының агроландшафттық жүйелерін ұзақ кезеңде мелиорацияның нәтижесі бойынша техногендік бұзылысқа тап болу дәрежесін жан - жақты бағалаудың әдістемелік нұсқасын құру және оны пайдалану арқылы суғару алаптарының антропогендік қызметінің арқасында бұзылысқа түсу дәрежесін бағалау егеменді елдердің арасында алғаш рет жүргізіліп отыр.

Зерттеу нысаны - Сырдария өзенінің төменгі сағасында орналасқан Қызылорда облысының агроландшафттық жүйелерінің бөлшектері.

Зерттеу пәні - техногендік іс - әрекеттің әсерінен Қызылорда облысының агроландшафттық жүйелерінің қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары.

Пайдаланылған мәліметтер . Қазақстан Республикасының және Қызылорда облысының статистикалық ұжымдарының 1930-2015 жылдар аралығындағы су және ауыл шаруашылық саласындағы ақпараттық мәліметтері, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министерлігіне қарасты «Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық - мелиоративтік экспедициясының» және «Қызылорда гидрогеологиялық - мелиоративтік экспедициясының» 1960-2015 жылдар аралығындағы агроландшафттық жүйелердің топырақ - мелиоративтік жағдайы және «Казгидромет» ұжымының көп жылдық ауа - райы тұрғысындағы мәліметтері пайдаланылды.

Диссертациялық жұмыс М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Мелиорация және агрономия» кафедрасында мемлекеттік қаржыландыру есебінен орындалған «Қазақстанның оңтүстік аймағындағы техногендік бұзылысқа тап болған жерлердің экологиялық-мелиоративтік жағдайы» тақырыбы және Мемлекеттік ғылыми ұжым «Бүкіл Ресейлік гидротехника және мелиорация ғылыми - зерттеу институтының» Ресей Федерациясының ғылыми академиясының тапсырысы бойынша 2011 - 2020 жылдар аралығындағы ғылыми академияның іргелі ғылыми - зерттеу бағдарламасының шеңберіндегі «Разработка теоретических основ функционирования и эксплуатации мелиоративными системами нового поколения, информационных технологии их функционирования и управления» тақырыбы негізінде дайындалған.

Зерттеу мақсаты және міндеттері. Зерттеудің мақсаты техногендік жүктеменің ұлғаюына байланысты Қызылорда облысының қазіргі агроландшафттарының бөлшектерінің сапалық өзгерістерін бағалау және олардың экологиялық тепе - теңдігін қалпына келтіру және өнімділігін көтеру, шаруашылықтық сиымдылығын оңтайландыру бойынша кешенді шаралар әзірлеу болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:

- зерттелетін аумақтағы егіншілік, жерге орналастыру және табиғатты пайдалану жүйелерін талдау;

- Қызылорда облысының топырақ, гидрогеологиялық, гидрологиялық-мелиоративтік жағдайларын зерттеу және сапалық өзгерістерін анықтау;

- техногендік қызметтің ұзаққа созылатын әсерінен агроландшафттың құрамдық бөлшектерінің өзгерісінің негізгі сәттерін анықтау;

- Қызылорда облысының агроландшафттық жүйесін экологиялық-мелиоративтік бағалау және экологиялық-мелиоративтік аудандастыру;

- Қызылорда облысының техногендік - бұзылысқа ұшыраған агроландшафттарын қалпына келтіру және оңтайландыруға арналған әдістемелік тұжырымдамаларды құру.

Зерттеу әдістемесі. Қызылорда облысын агроландшафттық жүйесін және олардың антропогендік өзгерісін зерттеу, жүйелік талдау, салыстырмалы-географиялық, су - баланстық, математикалық және статистикалық әдістерді қолдану арқылы жүргізілді.

Жұмыстың теориялық негізі - ландшафттың барлық бөлшектерінің өзара тығыз байланысы және онда өтетін үдерістер туралы қазіргі биологиялық салмақтың пайда болу жағдайы. Көп жылдық мәліметтерді жан-жақты талдау әдісін пайдалану, агроландшафт құрылымының өзгерісін және уақыт аралығындағы жерді пайдалану дәрежесін қадағалауға мүмкіндік береді. Жұмыста мұрағаттық мен аумақтық өндірістік зерттеу туралы ақпараттық мәліметтер: ауыл шаруашылық жерлерді орналастыру мәліметтері, топырақтық және агрохимиялық аңыздар және есептер, егіншілік жүйесінің жобалары, геоботаникалық сипаттамалар пайдаланылды. Осы материалдарды талдау және қорытындылау техногендік қызметтің ықпалын және агроландшафттардың морфологиялық өзгерісін қадағалауға мүмкіндік береді.

Ғылыми жаңалығы.

- Гидрологиялық - климаттық есептемелер және өндірістік ландшафттық зерттеулер негізінде анықталған Қызылорда облысының агроландшафттық жүйесінің антропогендік өзгерістерінің негізгі үдерістері;

- Қызылорда облысының гидроагроландшафттық жүйесінің қазіргі экологиялық - мелиоративтік тұрақтылығын бағалаудың әдістемесін жетілдіру;

- құрамдық бөлшектеріндегі анықталған үдерістердің негізінде Қызылорда облысының аумағын экологиялық-мелиоративтік бағалаудың нәтижелері бойынша экологиялық және экологиялық - техногендік карталары жасалды;

- Қызылорда облысының топырақтардың экологиялық - мелиоративтік жағдайын жақсартудың шаралары анықталып, ауылшаруашылық дақылдарының экологиялық тұрғыда оңтайлы құрылымы ұсынылды.

Қорғауға ұсынылатын негізгі нәтижелер:

- жылу - ылғал ауысуының теңдеуін бірлесіп шешу арқылы бірыңғай генетикалық негізде құрылған агроландшафттардың қазіргі жағдайын экологиялық-мелиоративтік бағалау нәтижелері;

- Қызылорда облысының шаруашылық - техногендік бұзылысқа ұшыраған топырақтарын зерттеу арқылы қазіргі кездегі экологиялық - мелиоративтік тұрақтылығын бағалаудың жетілдірілген әдістемесі;

- мелиорацияның әдістерін, табиғи - агробиологиялық әлеуетті оңтайлаудың қағидаларын пайдалана отырып Қызылорда облысының агроландшафттық жүйесін кешенді экологиялық-техногендік аудандастыру;

- Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өндірісінің қазіргі жағдайларында агроландшафттарды пайдалануды оңтайландырудың экологиялық - мелиоративтік шаралары.

Зерттеу нәтижелерінің практикалық құндылығы: Жүргізілген зерттеулер агроландшафттар өзгерістері заңдылықтарын анықтауға, Қызылорда облысының агроландшафттық жүйесіне экологиялық - мелиоративтік бағалауды жүргізуге мүмкіндік берді. Қызылорда облысының агроландшафттық жүйесінің құрылымын оңтайландыру және пайдалану бойынша кешенді шаралар ұсынылды. Аумақтарды экологиялық - мелиоративтік аудандастыру, қазіргі уақытта қолданылатын егіншілік пен ауыл шаруашылығы жерлерінің мелиорациясы жүйесін түзетуге, агроландшафттың қорларын пайдалануды жақсартуға, оның өнімділігін көтеруге және агроэкожүйелердегі экологиялық тепе-теңдікті сақтауға бағытталған шаралар жүйесін әзірлеуге мүмкіндік береді.

Теориялық зерттеулердің нәтижесі бойынша құрылған агроландшафттардың топырақ-мелиоративтік орнықтылығын, техногендік жүктеменің дәрежесін, табиғи-техникалық жүйенің қызметін бағалау, агроландшафттық жүйедегі ауылшаруашылық дақылдарының құрылымын оңтайландыру және есепті кері шешу әдісі арқылы агроландшафттардың қаңқаларына құрылымдық жүйесін оңтайландыруға арналған әдістемелік нұсқаларды мелиорация саласына қосылған ғылыми үлесі деп бағалауға болады.

Жұмыстың сыннан өтуі. Диссертациялық жұмыстың негізгі қағидалары, тұжырымдары және нәтижелері «II Үркімбаев оқулары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында (Тараз, 2013), «Әуезов оқулары - 13: «Нұрлы жол» - еліміздің индустриалдық - инновациялық және әлеуметтік - экономикалық даму жолындағы стратегиялық қадам» атты халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференциясында (Шымкент, 2015), «Техносферная безопасность: наука и практика» (Бишкек, 2015) тақырыбындағы Халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференциясында, «Жайылымдар мен суармалы жерлердегі су ресурстарын үнемдеу және басқару» тақырыбындағы Қазақ ұлттық аграрлық универстетінің 85 - жылдығы мен ғылым қайраткері Л. Е. Тажибаевтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған Халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференциясында, «Проблемы управления водными и земельными ресурсами» (Москва, 2015) тақырыбындағы Халықаралық су форумында, «Справедливое и разумное использование природных ресурсов - путь в будущее»(«III Уркумбаевские чтения», Тараз, 2015) тақырыбындағы халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференциясында, «Мелиорация и водное хозяйство: проблемы и пути решения» (Костяковские чтения) (Москва, 2016) атты халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференциясында, «Экологические аспекты мелиорации, гидротехники и водного хозяйства АПК» (Костяковские чтения) (Москва, 2017), «Орталық Азиядағы трансшекаралық ынтымақтастық - бүкіл аймақтың тұрақтылығы мен берекелігі» атты халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференциясында «Алматы, 2017), «Технические средства мониторинга гидротехнических сооружений и экологическая безопасность среднеазиатского региона» атты халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференциясында (Бишкек, 2018) баяндалды.

Жұмыстың жариялануы. Диссертация тақырыбы бойынша 19 ғылыми еңбек жарияланды.

Жұмыстың құрамы және көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, 4 тараудан, қорытындыдан және 113 пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен тұрады. Жұмыс 124 беттен құралған және оның құрамында 40 кесте, 9 сурет бар.


1 ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЛАНДШАФТТЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ТАБИҒИ-РЕСУРСТЫҚ ӘЛЕУЕТІ

1. 1 Қызылорда облысы алқаптарының географиялық жағдайы

Қызылорда облысы Сырдария өзенінің төменгі сағасына орналасқан. Сырдария өзені (өзбек тілінде Sirdaryo, тәжік тілінде Сирдарё, қазақ тілінде Сырдария, ежелгі-грек тілінде Яксартес) - Орта Азияда Әмудариядан кейін ең ұзын және сулылығы бойынша екінші өзен (сурет 1) [1] .

Сурет 1 - Сырдария өзенінің су жинау алабы

Сырдария өзені Ферғана жазығының шығыс бөлігінде Нарын мен Қарадарияның қосылысы кезінде пайда болды. Сырдария өзенінің ағыны алаптың таулы бөлігінде қалыптасады. Сырдария өзені негізінен қар, біршама мұздақ пен жаңбыр суларының топырақ қабатына сіңірілген және жер бетінің ағын суымен қоректенеді.

Ферғана жазығынан шыққан кезде өзен Фархад тауларын кесіп өтеді және одан әрі Бетпақ дала арқылы 14, 7 км ендіктегі алқаптың кең батпақтанған жерлерімен ағады.

Орта ағыста (Фархад тауларынан бастап Шардара су қоймасына дейін) Сырдарияға Ангрен (Ахангаран), Шыршық және Келес өзендері құяды. Фархад гидроторабынан Оңтүстік-Бетпақ дала каналы басталады.

Төменгі ағысында Сырдария Қызылқұмның шығыс және солтүстік шектері бойынша ағады; мұндағы өзен арнасы иірімді және тұрақсыз, қысқы-жазғы мерзімде тасқындар жиі болады. Соңғы ағыс - Арыс. Өзен алқабында Түркістан қаласынан бастап Жусалы аудан орталығына дейінгі бөлімшеде ауыл шаруашылығы үшін пайдаланылатын (күріш, бақша, көкөніс шаруашылықтары, бағбандық шаруашылық) көптеген ағыстар өтетін, қамыс қалың өскен тоғайлары ұлан-ғайыр алқаптар бар (ені 10-50 км, ұзындығы 400 км шамасында) . Сырдария сағасында (Қазалы қаласы аумағында) бақша шаруашылығы пайдаланатын көптеген ағыстар, өзендер мен балшықтары бар саға құралады.

Сырдария бұрын Арал теңізіне құятын, қазір оның деңгейінің апатты төмендеуі және теңіздің екі бөлікке ыдырап бөлінуінің салдарынан (1989 жылы) өзен теңіздің солтүстік бөлігіне («Кіші теңіз» деп аталады) құяды. Сырдария сулары айтарлықтай деңгейде шаруашылық мұқтажға алынады, осыған байланысты сағадағы ағынның қазіргі көлемі шартты-табиғи мерзіммен салыстырғанда (1960 жылға дейін) 10 еседен астам төмендеді (400 м/с бастап 30 м/с дейін) .

Сырдария өзені арнасының ұзындығы - 2212 км. Сырдария өзені алабының аумағында Қырғызстанның үш: Нарын, Джалалабад және Ош облысы, Тәжікстанның Соғда облысы, Өзбекстанның алты: Әндижан, Наманған, Ферғана, Ташкент, Жизақ және Сырдария облыстары, Қазақстанның екі: Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары орналасқан. Сырдария алабының ауданы 219 000 кмІ құрайды.

Қызылорда облысы Арал теңізінен шығысқа қарай Сырдария өзенінің төменгі ағысында, негізінен Тұран ойпатының шегінде орналасқан (биіктігі 50-200 м) (сурет 2) [2] .

Сурет 2 - Қызылорда облысының әкімшілік картасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызылорда облысының суармалы егістік жерлерінің орнықтылығы
Ландшафттың экологиялық қасиеттері туралы
Экологиялық нормалау түрлері туралы ақпарат
Агроландшафттық егіншілік жүйесі туралы жалпы түсінік
Биология пәнін оқытуда жүгері өсімдігінің биологиялық және өнімділік ерекшеліктері
Қазақстандағы бейімделген ландшафттық егіншілік жүйесін жобалаудағы жерді агроэкологиялық бағалаудың рөлі
Егіншілік жүйесі туралы жалпы түсінік
Өндіріске енгізу
Жердің агроэкологиялық топтары
ҚР ғылыми мекемелеріндегі тағамдық өндіріс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz