Химияны оқыту әдістемесі құрылымы
МАЗМҰНЫ
Алғы 5
сөз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..
I Химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
1.1 Химияны оқыту әдістемесі ғылым және оқу пәні 6
ретінде ... ... ... ... ... ...
1.2 Химия мазмұны мен химиялық пәндерге қойылатын дидактикалық 15
талаптар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
1.3 Химияны оқытудың қазіргі заманғы технологиялары. Жалпы сипаттамасы және 17
іске асыру мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.4 Химияны оқытуды ұйымдастыру 37
формалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
1.5 Химиядан өткізілетін сыныптан тыс 42
жұмыстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
1.6 Химияның тілі-оқыту 58
құралы ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.6.1 Химиялық тілді қалыптастырудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... . 63
1.6.2 Химиялық тілді саналы меңгеру және пайдалана білу жағдайлары... 67
1.6.3 Химиядан қазақша терминдердің қалыптасуы және оқытылуы ... ... . 68
1.7 Химиядан білім мен икемділік дағдыны бақылау мен бағалау ... ... ... ... . 71
II Химияны оқыту әдістемесінің жеке мәселелері
2.1 Атом молекулалық ілімді оқыту 75
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Заттар және олардың жіктелуі жайлы түсініктерді қалыптастыру ... ... ... 78
2.3 Атом құрылысы мен Д.И.Менделеевтің периодтық заңы мен периодтық жүйесін 85
оқыту
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...
2.3.1 Оксидтер, негіздер, қышқылдар, тұздар тақырыптарын оқытудың әр түрлі 88
әдістемелік тәсілдерінің
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.4 Химияның жүйелеу курсында химиялық элементтерді оқыту 98
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..
Химиялық алғашқы түсініктерді оқыту 107
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.6 Химиялық өндірістерді оқыту 121
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.7 Мектепте органикалық химияны және қазіргі кезеңдегі 123
органикалық қосылыстар құрылыс теориясын оқыту
әдістемесі ... ... ... ... ... ...
2.8 Химияны оқытуда сандық есептердің маңызы және 136
жіктелуі ... ... ... ... ... ..
III Химияны оқыту әдістемесі пәні бойынша жүргізілетін зертханалық жұмыстар
3.1 Зертханада жұмыс істеудің қауіпсіздік ережелері және химиялық құралдар 146
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
3.2 Қарапайым аспаптарды құрастыру 156
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.3 Алғашқы химиялық түсініктер 159
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.4 Оттегі және оның 161
қасиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .
3.5Сутегі және оның қасиеті 161
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .
3.6 Химиялық реакция жайлы түсініктерді қалыптастыру және дамыту ... ... 162
3.7 Галогендер 163
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...
3.8 Азот және оның 164
қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..
3.9 Су. 165
Ерітінді ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.10 Электролиттік диссоциация 166
теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.11 Органикалық химиядан демонстрациялық экспериментті жүргізу 166
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
Қосымшалар
1 Сабақтың 176
план-конспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .
2 Химияны оқыту әдістемесі пәні бойынша тест 182
тапсырмалары ... ... ... ... ... ..
3 Жұмыс 201
бағдарламасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .
4 Студенттерге арналған 216
силлабус ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.
Алғы сөз
Қазіргі кезеңде еліміздегі білім берудің мазмұнын жаңарту мәселесіне
көңіл бөлініп, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастыруға бастау алатын жаңа
мазмұндағы тұжырымдамалар мен заңдар, халықтың рухани, әлеуметтік дамуына,
тілі мен тарихы, мәдениетінің өркендеуіне қолайлы мүмкіндіктер туындап
отырғаны белгілі. қоюда.
Қоғамның ақпарат көлемінің барған сайын өсуі білім беру мазмұнын
жаңартуды, оқытудың оңтайлы тәсілдері мен жаңаша оқыту технологиясын
енгізуді, дәстүрлі оқыту үрдісін жаңа жағдайға бейімдеп, жинақталған
тәжірибенің негізінде білім беру сапасын көтеруді талап етеді. Мұндай
маңызды міндетті шешу оқу үрдісіндегі оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін
жетілдіруге, оқытуды тиімді ұйымдастыруға, шығармашылықпен жұмыс істеу
бағытына, жаңашылдыққа т.б. байланысты. Демек, қазіргі қоғамға жан-жақты
білімді, жоғары мәдениетті, өзгермелі жағдайда өз іс-әрекетін
шығармашылықпен ұйымдастыра алатын жеке тұлға дайындау қажет.
Сондықтан ұсынылып отырған Химияны оқыту әдістемесі оқулығында
мектептегі оқу жұмысын біліктілікпен, шығармашылықпен, ұйымдастыру және
басқару мәселелері қарастырылған. Оқулық міндеті- педагогикалық мамандық
студенттерін жаңашыл әдістемелік білімдер негізімен қаруландырып,
білімдерін әдебиеттермен, ақпарат көздерімен өздігінен толықтыра білуге,
оны шығармашылықпен белгілі педагогикалық жағдаяттарда қолдана білуге
дағыдландыру.
Оқу бағдарламасына сай оқу әдістемесінің жалпы және жеке мәселелерінің
теориялары мен студенттердің білімін бекітетін тәжірибелік жұмыстар, тест
тапсырмалары берілген, бұл студенттердің ой өрісін кеңейтіп,
жауапкершілігін арттырады деген ойдамыз.
Берілген оқу құралының жақсаруына бағытталған барлық ескертулерді
авторлар үлкен алғыспен қабыл алады.
Авторлар
ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. Химияны оқыту әдістемесі ғылым және оқу пәні ретінде
Химияны оқыту әдістемесі - мектептегі химия курсының мазмұны мен оны
оқушылардың меңгеру заңдылығын зерттейтін педагогикалық ілім. Химияны
оқыту әдістемесінің мәні химияны оқыту процесінің заңдылықтарын анықтауда
жатыр. Бұл процестің негізгі құраушылары: оқыту мақсаты, мазмұны, әдістері,
формасы мен құралдары, оқытушы мен оқушы әрекеті. Химияны оқыту
әдістемесінің зерттеу нысаны – осы пәнді оқыту әрекеті. Оқыту педагогика,
дидактика және әдістеме тұрғысынан түсінуге болатын күрделі әрекет болып
табылады. Химияны оқыту әдістемесінің негізгі функциясы оқушылардың
негізгі факті, түсінік, заңдылық пен теорияны мектептегі химия курсында
меңгеріп, химиялық терминологияның ерекшелігіне сай қабылдауы үшін қолайлы
жолдарды анықтау.
Педагогикалық тұрғыдан алғанда оқыту дегеніміз жас жеткіншектер
бойында ұжымдық тәрбиені сіңіру.
Дидактика тұрғысынан, оқыту – білім берудің мазмұнын жасөспірімге
жеткізу ісіндегі сабақ беруде мұғалім қызметі мен оқушының танымдық
әрекетінің бірлігі.
Әдістемелік тұрғыдан алғанда оқыту – нақтылы оқу пәнінің материалын
жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру мен оқудың бірлігі.
Дидактика принциптері мен заңдылықтарына, негізгі тұжырымдарына сүйене
отырып химияны оқыту әдістемесі дамыту мен тәжірбие мәселесін шешіп,
политехникалық, көп салалы білім беруге, кәсіби бағдарға, тереңдетілген
білім беру мәселесіне, проблемалық білім беруге көп көңіл аударады.
Дидактикадан өзгешелігі химияны оқыту әдістемесінің химия ғылымы
құрылымы мен мазмұны арқылы айқындалатын, оқу пәнінің ерекшелігіне орай
және химияны мектепте оқыту мен таным процесінің ерекшелігіне сай, өзіне
тән ерекше арнайы заңдылықтары бар. Осындай заңдылықтардың бірі негізгі
химиялық теориялық білім негізін оқушылардың ғылыми ақпараттарды тез
қабылдап, талдап, өңдеу қабілетінің жоғары болуына байланысты төменгі
сыныптарда қалау болып табылады. Периодтық заң мен периодтық жүйе, Атом
құрылысы, Химиялық байланыс тақырыптары 1960-1970 жылдары 9-сыныпта
оқытылатын, ал қазір 8-сыныпта өтіледі.
Оқыту әрекетін дидактика зерттейтіні бізге мәлім, ал химияны оқыту
әдістемесі оқыту әрекетін әдістемелік деңгейде зерттейді.
Химияны оқыту әдістемесі орта мектепте, гимназия, лицейлер мен
колледждерде химияның мақсаты мен міндеттерін анықтап, химия курсының
мазмұнын таңдайды. Химия курсының мазмұны бағдарлама, оқулық, оқу
құралдарында баяндалады.
1-сурет Химия курсының мазмұнын анықтаушы сызбанұсқа
Егеменді еліміздің қоғамды қайта құру саясатына орай мектеп реформасы,
оқыту тұжырымдамасы халыққа білім беру саласын кеңінен қамтып отыр. Осыған
байланысты химия пәнінің мазмұны қайта қаралып, жетілдірілді. Химиядан
базалық білім беретін, тереңдетіп білім беретін мектептер, орта білім
беретін мектептер, оларға арналған бағдарламалар жарық көрді. Орта мектепте
химияны оқытуда экологиялық, ізгілік, ұлттық, аймақтық сипат беру, оқу
мазмұнын түрлендіру, демократияландыру қазіргі кезде жалғасын тауып отыр.
Осы мәселенің бәрін жіктеп, талдап, саралау химияны оқыту әдістемесінің
үлесіне тиеді.
Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін тағы бір мәселесі оқыту
процесін ұйымдастыру формаларын, құралдарын және әдістерін дамытып,
жетілдіру, мектептің алдында тұрған талаптарға сәйкестендіру. Оқушы мен
мұғалім арасындағы қатынасты, ынтымақтастықты, оқушының еріктілігін,
белсенділігін, танымдық қызығушылығын, дәйектілігін арттыруға бағыттау.
Химияны оқыту әдістемесі химияны оқыту нәтижесін оқушылардың білім
сапасына, білімділік деңгейіне, тәрбиелігі мен адамның дара тұлға
ерекшелігіне әсерін қарастырады.
Оқушылардың химиялық білімді игерудегі танымдық әрекетінің
ерекшелектерін оны іске жұмылдыру жолын іздестіреді.
Нұғыманов И.Н оқулығында: Химияны оқыту әдістемесі – химиядан білім
берудің мазмұнын және химияны оқыту барысының заңдылықтарын зерттейтін
педагогика ғылымының дербес бір саласы -деген анықтама берілген.
Г.М.Чернобельская оқулығында берілген анықтама: Химияны орта мектепте
оқыту –химияны оқыту процесінде оқушыларға білім беру, тәрбиелеу және
дамыту туралы педагогикалық ілім.
Яғни химияны оқыту әдістемесі төрт жүйенің қиылысуынан түзіледі, олар:
білім беру, тәрбие, дамыту және химия ғылымы. Осы түсініктердің әр қайсысын
зерттейтін салалары білім беру – дидактика, тәрбие мәселесін - тәрбие
теориясы, дамыту – психология және түсініктердің күрделі жүйесі ретінде
химия есептеледі. Осы жүйелердің әсерлесуі өте терең болғандықтан өзара
интеграцияланып жаңа білім жүйесі түзіледі. Ол төрт жүйенің түсініктерін
біраз өзгерген түрде қолданады. Осы жүйе химияны оқыту әдістемесі деп
аталады.
2-сурет Химияны оқыту әдістемесі құрылымы
Кез келген басқа ғылым сияқты химияны оқыту әдістемесінің алдында
белгілі мәселелер тұрады:
1. Оқушыға білім бергенде оқытушы пәнді оқытудың мақсатын, міндетін
анықтайды. Әдістеме алдымен не үшін оқыту керек деген сұраққа жауап
береді.
2. Химияның оқу пәнінің қойылған мақсат пен дидактикалық талаптарға
байланысты мазмұнын анықтау. Бұл мәселені шешу қалай оқыту керек
деген сұраққа жауап береді.
3. Мазмұнға сай әдіс, тәсіл оқыту формаларын құру. Аталған мәселені шешу
қалай оқыту керек деген сұраққа жауап береді.
4. Оқушылардың пәнді қаншалықты меңгергенін зерттеу. Бұл мәселе оқушылар
қалай оқиды деген сұраққа жауап беруді талап етеді.
Химияны оқыту әдістемесі психологиялық – педагогикалық, химиялық,
әлеуметтік, экологиялық, биологиялық, географиялық, физико-математикалық
ілімдер қиылысында орналасқан. Аталған ғылымдар өзара пән арарлық байланыс
арқылы қабысады.
3-сурет Химияны оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы
Егер барлық оқу пәндерін кешенді түрде қарастырсақ ол кең жүйе құрайды
ал химияны оқыту әдістемесі жүйенің бір элементі болып табылады. Химияны
оқыту әдістемесі пәнінде философия, әлеуметтану, қоғамтану, диалектика
түсініктері кең қолданылады да, педагогика-психологияда қалыптасқан
түсініктер де орны тебеді. Оқыту процесі мен меңгеру психологиясының
заңдылықтарын, материалистік диалектикалық ілім негізін білмей көзқарасты
қалыптастырып, тәрбие жұмысын жүргізу мүмкін емес.
Химиялық пәндер мектептегі химия пәнін құруға базалық қондырғы болады.
Химиядан қауіпсіздік техникасы қоршаған ортаны қорғау мәселелері болашақ
химия мұғалімдері үшін үлкен тәрбиелік мазмұны бар.
Химияны оқыту әдістемесінің басты мақсаты болашақ химия мұғалімін орта
мектепте жұмыс істеуге қажетті білім, білік, іскерлік дағдымен қаруландыру.
Химияны оқыту әдістемесінде төмендегідей жалпы педагогикалық зерттеу
әдістері қолданылады: бақылау, жорамал, болжау жасау, педагогикалық
эксперимент, оқу – тәрбие құжаттарын құру, оқушылардың жазбаша, графикалық,
техникалық т.б жұмыстарын талдау, мұғаліммен және оқушымен әңгімелесу,
анкета, сауалнама жүргізу, үлгілеу т.б.
Педагогикалық бақылау. Химия кабинетінде сабақ үстінде, зертханалық
жұмыс немесе сарамандық сабақ кезінде, үйірме, факультатив басқа сыныптан
тыс жұмыстар кезінде оқушылар әрекетін бақылау олардың білім деңгейін
анықтап, білім сапасын белгілеуге мүмкіндік беріп, оқу танымдық әрекетінің
сипатын анықтауға, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын белгілеуге жағдай
туғызады.
Әңгімелесу (интервью) және сауалнама. Сұрақтың күйін сипаттауға
мүмкіндік беріп, зерттеу барысында ұсынылған мәселелерге оқушылардың
қатынасын білім мен икемділіктің меңгеру деңгейін, дағдының беріктігін
анықтауға жағдай туғызады.
Химияны оқытуда жалпы педагогикалық негізгі әдіс болып педагогикалық
эксперимент есептеледі.
Ол зертханалық және табиғи болып жіктеледі. Зертханалық экспериментті
оқушылардың біраз тобымен өткізеді. Оның міндеті зерттелетін сұрақты алдын
ала талдап анықтауға негізделеді.
Табиғи педагогикалық эксперимент кәдімгі мектеп жағдайында өтеді.
Мұнда химияны оқыту мазмұнын әдісін құралын өзгертуге болады.
Химияны оқыту әдістемесі негізгі 3 міндетті шешеді: неге оқыту, қалай
оқыту және қалай оқу.
Бірінші міндет мектеп химия курсына қажетті материал іріктеумен
анықталады. Мұнда химия ілімінің даму логикасы, тарихы, психологиялық,
педагогикалық жағдайы және теориялық пен нақты материал қатынасы
ескеріледі.
Екінші міндет химияны оқытумен байланысты. Оқыту дегеніміз –
оқушыларға химиялық ақпаратты беруге, оқу процесін ұйымдастыруға, олардың
танымдық әрекетін басқаруға, сарамандық икемділікті қалыптастыруға,
шығармашылық қабілетін дамытуға ғылыми көзқарас негізін қалауға бағытталған
оқытушы әрекеті.
Үшінші міндет оқуға үйрету принципінен келіп шығады, яғни қалай
оқушыға оқуға дайындалуға көмектесуге болады. Ол оқушының ойлауын дамытуға
негізделеді. Дегенмен де оқытушыдан немесе басқа жақтан түскен ақпаратты
тиімді өңдеуге үйретуге келіп тіреледі.
Оқушының танымдық әрекетін меңгеру күрделі процесс, ол химия
мұғалімінен оқушыға әсер ететін барлық құралды талап етеді.
Басқа ғылым салалары тәрізді химияны оқыту әдістемесінің де өзіндік
даму тарихы бар. Химияны оқыту әдістемесінің дамуы химия ғылымының
деңгейімен тығыз байланысты. Әр заманның химиктерінің өздері ұсынған
теориялық тұжырымдар тұрғысында оқытушылық қызметпен де айналысқаны
бәрімізге мәлім. Сондықтан да химияны оқыту әдістемесі ғылым ретінде тек
химия ғылымы орныққаннан кейін ғана қалыптасты.
Ғылым дамуының ертедегі кезеңінде білім негізі қолжазбаларда берілген,
олардың тек шамалы бөлігі ғана осы кезге дейін сақталған. Оларға келесідей
алхимиктер мен ятрохимиктердің еңбектері жатады: Джабира ибн Гайян
(721–815); Ибн Сина (Авиценна) (980-1037); Альберт фон Больштедт (Ұлы
Альберт) (1193-1280); Роджер Бэкон (1214-1294); Георг Риплей (1415-1490);
Василий Валентин (XVI ғ.); Ауреола Теофраст Бомбаста фон Гогенгейм
(Парацельс) (1493-1541); Андреас Либавий (1550-1616 жылдар шамасында).
Роджер Бэкон (1214-1294) алхимия мен астрология және оптикамен
белсенді түрде айналысқан, алхимияға ғылым элементтерін енгізуге талпынған.
Алхимияны теориялық және практикалық салаларға жіктеді. Теориялық сала
металдар мен минералдардың шығу тегін ал практикалық алхимия металдарды
тазалау мен алу жолы жайлы сұрақтарды, бояуларды алуды т.б. қарастырады деп
пайымдаған. Парацельс идеяларының кейбір жақтарына сүйеніп, алхимия
медицина дамуына үлкен пайда әкеледі деп есептеді. Р.Бэкон қара бытыра
жайлы пікір білдіргендердің бірі болғандықтан көп уақытқа дейін оны ойлап
табушы болды деп есептеген. 1260 жылы ол жабық ыдыстағы жану ауа
болмағандықтан жануын тоқтатады деген байламға келді.
Василий Валентин (лат. Basilius Valentinus) XIV немесе XV ғасырлардың
бірінде өмір сүрген — алхимик, оның еңбектері XVII ғасырда танымал болған.
Парацельс (лат. Paracelsus) (дұрыс есімі Филипп Ауреол Теофраст
Бомбаст фон Гогенхайм) 1493-1541 жылдары өмір сүрген, атақты алхимик,
дәрігер әрі оккультист. Цинк деген атты Парацельс берген деген сөз бар.
Либавий (Libavius) Андреас 1550 жылдар шамасында өмір сүрген неміс
химигі әрі дәрігері. Алхимия деген кітапта химиялық мәліметтерді беріп,
күкірт қышқылын селитра қатысында күкіртті жағу арқылы алу жолын, қалайыны
алмаспен қосып жағып хлорлы қалайы алуды сипаттап жазған. Парацельстің ізін
басушылардың бірі болды, дегенмен оның кейбір көзқарастарын жақтамады. Өз
заманындағы толық оқулықтардың бірі Либавийдің Алхимия оқулығы болды.
Курс екі үлкен бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде химиялық ыдыстар мен
аспаптар, химиялық операциялар жайлы сипатталды. Идеал химиялық зертхана
жобасы сызылып, көрсетілді. Либавийдің пікірі бойынша химиялық зертхана
жеке химиялық жұмыстарға бейімделген ғимаратта орналасуы керек. Жобада
лаборанттарға арналған кең бөлмелер, жұмыс жетекшілеріне арналған
кабинеттер, пештер мен қыздырғыш аспаптарға арналған арнайы орындар,
дистилляция кабинеттері және т.б. жобаланған. Кітаптың екінші бөлімі
Химия деп аталып, әр түрлі заттар, олардың алу жолдары сипатталады. Кітап
соңында әр түрлі дәрілік заттарды химиялық жолмен әзірлеу әдістері
берілген.
Технохимиктер Ванноччо Бирингуччо(1480-1539); Георгий (Бауэр) Агрикола
(1494-1555)), оқулықтары химия саласына тікелей байланысты болмаса да,
химиялық көп мәліметтерге бай болғандықтан металлург, дәрігер, сол заман
химиктері үшін аса маңызды болды.
Химияның ғылым ретінде қалыптасуына ағылшын химигі әрі физигі Роберт
Бойл (1627-1691) үлкен үлес қосты. Ол химиялық элементке алғаш рет ғылыми
анықтама беріп, химияға эксперименттік әдісті енгізді, химиялық талдаудың
негізін салды. Р. Бойл Химик скептик деген кітабымен танымал.
Химия мен оның оқыту әдістемесінің дамуына елеулі үлес қосқандардың
қатарына Антуан Лоран Лавуазье (1743-1794); Клод Луи Бертолле (1748-1822);
Джон Дальтон (1766-1844); Амедео Авогадро (1776-1836); Йенс Якоб Берцелиус
(1779-1848) сынды ғалымдарды да жатқызуға болады.
Антуан Лавуазье химияға осыған дейін математика, механика, физика
тәрізді ғылымдарда жемісті болған нақты ғылыми әдісті енгізумен танылды.
Басқа да өзінің қатарластары сияқты Клод Луи Бертолле өзінің ғылыми
еңбегін флагистон теориясына сүйеніп бастаған, тек 1785 жылдан кейін
оттектік теорияға көшті. ОЛ 1786—1787 жылдары А.Л.Лавуазье сынды
ғалымдармен бірге жаңа химиялық номенклатура мен заттарды жіктеуді енгізіп,
Annales de chimie (1789) атты журналдың негізін қалады.
1814 жылы Йенс Якоб Берцелиус 41 жай заттың атомдық
массаларының кестесін ұсынды, масса бірлігі ретінде оттектің массасын 100-
ге тең деп алды.
Ресейде химияны оқыту әдістемесі ғылым ретінде ХVШ ғасырда дамыды.
Оның негізін салушы Михаил Васильевич Ломоносов болды.
Химияны оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы М.В.Ломоносов,
Д.И.Менделеев, А.М.Бутлеров сынды химиктердің еңбегімен тікелей байланысты.
М. В. Ломоносов (1711-1765). Бұл ХVIII ғасырдың ортасында Ресейде
химиядан алғашқы профессор болды. 1748 жылы бірінші ғылыми зертханасын
құрды. Ал 1752 жылы мұнда алғашқы Физикалық химияға кіріспе атты
лекциясын оқыды. Химияны оқып үйренуде эксперименттің мәнін жоғары бағалады
және химияның қоғамдағы маңызы мен пайдасын насихаттады. Химиялық
құбылыстарды түсіндіру үшін корпускулярлық (бөлшектік) түсінікті пайдалану
керектігін ең алғаш ұсынды.
М.В.Ломоносовтың ғылымға енгізген еңбегі химияны заттардың құрамы,
қасиеті және өзара айналулары ретінде қарастыруға негізделген.
Атомистикалық ілімге сүйеніп Физикалық химияға кіріспедеген курсты құрды.
Ломоносов химия тарихында белгілі жаңашылдардың бірі болды. Химияның басқа
ғылымдар арасындағы маңызы мен рөлін ескере отырып алғаш рет химияны ғылым
ретінде атады. Ломоносов 1745 жылдың өзінде химия зертханасының нақты
жоспарын құрып, химиялық зерттеулерді жүргізудегі маңызын көрсеткен.
М.В.Ломоносовтың педагогтың әрекетінде бірнеше кезеңді бөліп
көрсетуге болады. Бірінші кезең (1742—1745 жж.) ғалымның оқытушылық
жұмысымен тікелей байланысты, ол ғылым Академиясының барлық мүшелері
педагогикалық әрекетпен айналысу керек деген пікір айтқан. М.В.Ломоносов
сол кезде көпшілікке арналған дәрістерді құрды, ол дәрістер 1742 жылдың 1
қыркүйегінен бастап оқыла бастады. Сонымен қатар оқу құралдарын жазумен
айналысты.
Екінші кезең негізінен (1745-1749 жж.) ғылымның әдістемелік еңбегімен
тығыз байланысты. 1745 жылы Ломоносов профессор атағын алды.
М.В.Ломоносовтың педагогикалық әрекетінің үшінші кезеңі (1750- 1755
жж.) ғалымның орта және жоғары мектеп жайлы құжаттармен жұмыс істеген
кезеңіне сәйкес келді. Кейіннен оны Ресейдегі білім беруді ұйымдастырудың
Ломоносовтық бағдарламасы деп атаған. Бұл М.В.Ломоносовтың кемеліне келіп,
өзінің уақытының көпшілік бөлігін жас мамандарды дайындауға жұмсап, Москва
университетін ашу жайлы идея ұсынған кезі болатын. Ломоносовтың
педагогикалық әрекетінің төртінші кезеңі (1756-1765 жж.) Ресейде орта және
жоғары мектеп бағдарламасын құру жұмысын аяқтау кезеңіне сәйкес келді.
Мұнда жоғары білім беру бағдарламасына көп көңіл бөлінді. Ғалымның пікірі
бойынша университеттер ғылым мен білімнің дамуына әсер ететін оқу-ғылыми
орталықтар болуы керек.
ХІХ ғасырдың ортасында химияны оқыту әдістемесінде көптеген алдыңғы
қатарлы педагогикалық ұсыныстар енгізген Д. И. Менделеев болатын (1834-
1907). Ол кезең алғаш химиядан дәріс оқи бастағанда-ақ химиялық элементтер
және қосылыстар туралы жеке фактілерді біріктіріп белгілі бір жүйеге
келтіруге тырысты. Міне осыдан барып периодтық заң және периодтық жүйе
ашылды.
Д.И.Менделеев жастарға химиялық білім берудің қажеттігін, мақсаттарын,
мазмұнын талдаған еңбегі мен оқулықтар жазды. Химияның өнеркәсіпте, ауыл
шаруашылығында қолданылуын көрсету арқылы оқушыларды еңбекке дайындау керек
деген пікірлер айтты. Химиялық экспериментті кеңінен пайдалану керектігін
уағыздады.
Д.И.Менделеевтің Химия негізі деген оқулығы (1869ж) мәні осы күнге
дейін жойылған жоқ. Менделеев химияны оқыту процесінде төмендегі қажетті
шараларды атап өтті: 1) химия ілімінің негізгі фактілері мен тұжырымдарымен
таныстыру; 2) химияның негізгі тұжырымдарын заттар мен процестер табиғатын
түсіндіруде қолдану; 3) химияның халық шаруашылығындағы және өндірістегі
рөлін ашу; 4) химия теорияларын философиялық талдау негізінде көзқарасты
қалыптастыру; 5) химиялық экспериментті тиімді қолдана білу икемділігі; 6)
химиялық білімді еңбекте қолдану.
А.М. Бутлеров (1828-1886) Қазан университетін бітіре салысымен
оқытушылық қызмет атқарды. Методикалық көзқарастары Химиялық негізігі
ұғымдар атты кітабында енгізілді. Ол кісі химияны оқытуды оқушылардың
білетін қосылыстарды, заттарды оқытудан бастау керек (Мысалы, кант, сірке
қышқылы) және заттың құрылысын оқудан бастау керек дейді. Оның құрылыс
теориясы алғашқы еңбектерінде жарияланып, жақсы оқулықтары жарық көрді.
С.И. Сазонов (1866-1931) химияны орта мектептерде пән ретінде кіргізу
үшін көптеген еңбек сіңірді. Ол Менделеевтің оқушысы болатын, сондай-ақ
заттарды және химиялық құбылыстарды оқыған кезде химиялық экспериментті
кеңінен қолдану керек деп, алғаш химиялық зертханалар ашты. Мектепте
сарамандық сабақтар өткізуге себепші болды. Тенишев училищесінде
В.Н.Верховскиймен бірігіп алғашқы оқу зертханасын ұйымдастырды. 1911ж
С.И.Сазонов пен В.Н.Верховский ұсынған Химияның элементарлы курсы - ең
жақсы оқу құралы болды.
1930 жылдан химияны оқыту әдістемесі - дамуының жаңа кезеңі.
С. Г. Крапивин (1863-1926) Химияны оқыту әдістемесі бойынша жазбалар
бұл алғаш рет мұғалімдерге арналған химияны оқыту әдісі туралы жазылған
үлкен еңбек болды. Онда мектепте химиялық экспериментті қою, химиялық тіл
туралы пікірлер берілді.
В.И. Верховский химия оқулығының мазмұны мен құрылымын құрды.
Мемлекеттік бағдарлама, мектеп оқулығын, мұғалімдерге арналған кітаптар
жазды. Ең маңызды еңбегі Орта мектептегі химиялық эксперимент техникасы
мен әдістемесі.
Л.М. Сморогонский, С.Г. Шаповаленко, Я.Л. Гольдфарб,
Л.А. Цветков, Ю.В. Ходаков сияқты ғалымдар химия курсының мазмұны мен
құрылымын ғылыми негіздеді.
Д.И. Кирюшкин, Н.Е. Кузнецова, Д.А. Эпштейн мектептегі химияны
оқытудың мәселелерін жан-жақты зерттеген ғалымдар. Сондай-ақ Чертков И.Н.,
Глориозов П.А., Цветков Л.А., Иванова Р.Г., Зуева М.Д., Смирнова Т.В. т.б.
1940 жылдардан бастап Қазақстанда химияны оқыту әдістемесін құру және
жетілдіру басталды.
Химияны оқыту әдістемесінен зерттеу жұмыстары 50-ші жылдары қазақтың
Абай атындағы педагогика институттарының химия кафедрасы, республикалық
Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институты жанынан аспирантура
ұйымдастырылғаннан кейін жандана түсті.
Л.П. Калашникова химияны оқытудың жер туралы ғылымдармен байланысы,
Л.З. Дюсюпова – органикалық химияны оқытудың физикамен байланысы, К.А.
Сарманова химияны оқытуда оқушылардың ІV-VI кластарда жаратылыстану,
метематикадан алған білімін пайдалану мәселелерін зерттеді.
С.Мұсабеков химияны оқытудың биология мен ауылшаруашылық өндірісімен
байланысын зерттеді.
И.Нұғманов Химияны оқыту методикасы, оқыту әдістемелері - деген
кітаптарды орысшадан аударды.
2. Химия мазмұны мен химиялық пәндерге қойылатын дидактикалық талаптар
Бұрынғы кеңес үкіметінде мектептің химия курсы бірден анықталынбады.
Оның тұрақтануын оқу бағдарламалары бойынша қадағалауға болады. Қазан
төңкерісінен кейін ешқандай бағдарлама мемлекет деңгейінде құрылмай
жергілікті жерлерде құрылды.
1920 жылы химияның шамамен алынған екі бағдарламасының жобасы
жарияланды. Оның бірі Москвалық проф. П.П.Лебедевтің басшылығымен екіншісі
Петербургтік проф. В.Н.Верховскийдің басшылығымен құрылды. Шамамен алынған
бағдарлама мектептің химия курсының жүйесін анықтамайды, ол тек тақырыптар
тізбесін береді.
Петербургтік нұсқа оқу курсын қандай бағытта құру керектігін
көрсетеді. Бұл нұсқада бағдарламаның әдістемелік нұсқауы мысал ретінде
берілген. Москвалық нұсқа химия курсының жүйелі түрде берілуін қажет деп
есептемеді. Тіпті бағдарламаға периодтық жүйені де енгізбеген.
Петербургтік нұсқаның артықшылығы: химияны оқытуда бақылау мен
тәжірбиеге көп көңіл аударады. Және оның оқу материалын теориялық ой
елегінен өткізуі қажет деп санайды да, зертханалық сабақтар мен сарамандық
сабақтарды ұсынады. Химия курсын өмірден үзбейді. Химиялық өндірістің жеке
бөліктеріне емес мәніне көп көңіл бөлінді. Химиялық символиканы заттар мен
оларда өтетін құбылыстарды зерттеуде маңызды құралдың бірі ретінде
қарастырады. Жеткіліксіз жағы: химияның сандық жағына көп көңіл бөліп, ал
химиялық процестердің зат құрылысы тұрғысынан түсіндірілуін, сапалық химия
жағын бағаламады. Атом-молекулалық ілімді тек болжам ретінде ғана атап
өтті.
Москвалық нұсқаның кейбір артықшылығы оқытушы зейінін химия курсын
оқыту әдісін белсендіруге бағыттайды. Яғни мұғалім тек нақты материалды
беріп қана қоймай, қолдануды оқушыға үйретуі керек дейді. Кемшілігі:
көптеген дөрекі қателіктері бар. Химия курсының жүйесін қажет етпейді.
Зертеу әдісін асыра бағалайды. Негізінен барлық оқу процесі зертханада
өту керек, ал сыныптағы сабақтар тек кіріспе немесе түсіндірме ретінде болу
керек делінеді. Москвалық нұсқа асыра сілтеушілікке жол берді (оқушыларды
зауытқа топ серуенге емес, жұмыс істеуге баруы керек т.б).
1921 жылы Москвалық және Петербургтік нұсқадан басқа Ұжымдық мектепке
арналған жаңа бағдарлама жарық көрді. Бұл минимум бағдарлама да шамалық,
бағдарламалаушылық сипатты болды. Оқу материалын бөлу, сабақ беру әдістерін
белсендіру жайлы көп нұсқаулар беріліп негізгі мәнді ештеңе берілмеді.
1923жылы қабылданған жинақта бағдарламада жаңа қалыптаса бастаған
химияның жүйелі курсы жойылып оның орнына барлық пәндерді біріктіретін
кешенді тақырыптар схемасы берілді. Олар: 1) табиғат; 2) еңбек; 3) қоғам.
Осы тізбеге орай кешен бойынша мыналар оқытылды:
-табиғат байлығы мен күші;
- осы табиғи байлықтарды адамның қолдануы.
- қоғамдық өмір.
Осы кешендерді оқыту кезінде оқушыларға қоғам тану, тіл, физика т.б
білім бөлімдерінен ғылыми мәліметтер берілді. Тек химия ғана қамтылмады.
1925-27ж басқа кеңейтілген кешендер ауыл шаруашылығы, өңдеу
өндірісі формалары т.б. кешендер енгізілді. Екі нұсқада жеңілдетілген
бірақ минималды міндетті және қалыпты түрде берілді. Мемлекеттік
бағдарламаны өлкетану материалдарымен толықтыруға рұқсат берілді.
Осыдан кейін кешенді оқыту тіпті өрескел формаға айналды. 1929 жылдан
бастап фабрика, завод, колхоз, совхоздардың өндірістік өмірі оқытыла
бастад. ФЗС бағдарламасына да осындай сипат берілді. ФЗС-те химияны оқытуда
химиялық процестерді оқытуға көп көңіл бөлді.
1931 жылы V-VII оқу жылы үшін жасалған оқу бағдарламасы мектеп
өндіріс цехы идеясын дамытты және оқушыларға жұмыс істеуді ұсынды.
1932 жылы химиядан тұрақты бағдарлама ұсынылды. Об учебных программах
и режиме в начальной и средней школе (от 25.08.1932).
Тұрақты бағдарлама білім беру мен тәрбие мәселесін және химия курсының
нақты мазмұнының міндеттерін қарастырды.
1921-1949 жылдары мектептегі химия курсы біркелкі болды. VII сыныпта
басталып X сыныпта аяқталды.
1949-1950 жылдары оқу жылында біртекті химия курсы 2-ге бөлінді: 1)
кіріспе және 2) негізгі. 1) 7сынып; 2) 8-10сыныптар. Кіріспе курс 1 жылдық
онда тек химиялық алғашқы түсініктер мен заңдылықтар және іс жүзінде
маңызды нақты материалдар оттек, сутек,, ауа, көміртек және оның
қосылыстары, темір, алюминий, мыс, қышқыл, негіз, тұздар берілді. Қышқыл,
тұз, негіздің алынуы, жіктелуі, генетикалық байланысы қарастрылмады.
Құрылыстың электрондық теориясы да берілмеді. Кіріспе курс оқушыларды тек
білім негізімен ғана қаруландырмай кейбір іс-тәжірбие икемділіктерімен де
қаруландырды.
Химияның негізгі курсы кіріспе курстың жалғасы болды. Ол кіріспе
курстың қысқаша қайталануымен басталды. Онда атом-моллекулалық ілім,
бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары кеңейтіліп берілді. Оттек,
Көміртек және Металдар тақырыптары қайталанып кеңейтілді. Химияның
негізгі курсы 3 жылға есептеліп берілді. Бейорганикалық химия және
органикалық химия енді.
1954-1955 оқу жылы біртіндеп химияны оқытудың жаңа бағдарламасы
енгізілді.
1955. – VII сынып, 1955-1956 - VIII-IX,1956-1957 – X сыныптар.
1.3 Химияны оқытудың қазіргі заманғы технологиялары.
Жалпы сипаттамасы және іске асыру мүмкіндіктері
Негізгі түсініктер: технология, оқыту технологиясы, оқытудағы
технологиялық тәсіл, оқыту технологиясының белгілері, жалпыланған
педагогикалық технологиялар, оқыту технологиясының мәні, механизмі,
мақсаты, белгілері. Модульді оқыту технологиясы, модуль, модульді
бағдарлама, технологиялық карта. Жобалық оқыту, жобалық оқытудың
шектеулері. Дебаттар тәсілімен оқыту. Кейс әдісімен оқыту.
Оқыту аумағы, оқушы бойындағы құзыреттілік жаңа технологияларға
сәйкес, білім беру мазмұнына орай білім беру мекемесінің ерекшелігіне сай
оқытушы мен білім алушының арасындағы ынтымақтастық типтеріне сай
қалыптасады. Технологиялық тәсілде алдымен білім беру процесінде бағытталу
мен меңгеруді жүзеге асыру керек. Осының өзі алға қойған мақсатқа жетуге
мүмкіндік беріп, белгілі мөлшерде нәтижелі жұмыс атқарғанға жағдай жасайды.
Оқытудың технологиялық белгілері:
1. Оқытушы әрекеті мен оқушы әрекетіндегі тікелей байланысты әрекеттік
сипат. Ынтымақтастық.
2. Оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдердің жиынтығы. Оқыту процесін
ұйымдастыру және жобалау.
3. Оқушының жеке - дара дамуын мүмкін ететін білім алу потенциалын ашып
көрсететін ыңғайлы шарттардың болуы.
Кез- келген оқыту технологиясы мақсатқа бағыныңқылықтан, ғылыми
идеялардан, оқытушы мен оқушы әрекеттер жүйесінен, білім нәтижесін бағалау
критерийлерінен құралады.
Оқытудың қазіргі кезеңгі технологиясы келесі позицияларды
сипаттайды:
1. Оқыту технологиясы белгілі бір педагогикалық ой- толғау негізінде
құралады. Оның негізі автордың әдіснамалық, философиялық
көзқарастарына сүйенеді.
Қалай оқытамын? Қалай дамытамын? Қалай бағаланды?
2. Технологиялық әрекеттер тізбегі ондағы орындалатын операциялар,
коммуникациялар алға қойған мақсатқа орай күтілетін нәтижеге
байланысты қатаң құрылады.
Технологияның қызмет етуі оқытушы мен оқушының өзара байланысты
әрекетін даралап, саралап оқыту принциптеріне орай адам факторы мен
технологиялық мүмкіндіктерді мейлінше тиімді қолдануға негізделіп құрылады.
Педагогикалық технологияның кезең - кезеңімен жоспарлануы, рет-
ретімен жүзеге асырылуы кез - келген басқа оқытушының ұйымдастырыуына
мүмкіндік беріп, оқушының білімінің нәтижесін мейлінше мүмкін ету керек.
Педагогикалық технологияның ең басты құрам бөлігі болып диагностикалық
шаралар есептеледі. Олар өлшем бірліктерден, критерийлерден,
көрсеткіштерден және іс- әрекет нәтижесін өлшеу құралдарынан тұрады.
Қазіргі кезеңдегі технологиялар:
1. Проблемалық оқыту.
Мақсаты: білім алушының танымдық белсенділігін, шығармашылық
дербестігін дамытады.
Мәні: оқушылар алдында біртіндеп мақсатқа бағытталған танымдық
міндеттерді қою. Оқушылар сол мәселені шешу барысында белсенді түрде білім
негізін қабылдайды.
Концентрленген оқыту
Мақсаты: дидактикалық бірліктерді ірілендіріп беру. Адамның табиғи
психологиялық қабылдау құрылымына жақындатып құру. Пәндерді сабақтарды
блоктарға біріктіру арқылы тереңдетіп оқытуға негізделеді.
Механизмі: оқушыларды жұмыс істеу қабілетінің динамикасын ескере
отырып оқыту.
Модульді оқыту
Мақсаты: оқытуды оқушының жеке қабілетіне базалық деңгейіне
сәйкестендіріп иілімді етіп беруді қамтамасыз етеді.
Мәні: оқушының жеке жұмыс бағдарламасымен өз бетімен жұмысы,
механизмі, проблемалық тәсіл, даралай оқыту.
Дамыта оқыту
Мақсаты: жеке тұлғаны дамыту оның қабілетін жетілдіру.
Мәні: оқу процесін адамның потенциялдық мүмкіндіктеріне бағыттап оны
жүзеге асыруға мүмкіндік беру. Оқушыларды әрекеттің әр түріне қызықтыра
отырып бағыттау.
Дифференциялданған оқыту
Мақсаты: білім бастамасын анықтауға қызығушылығымен қабілетін дамытуға
тиімді жағдай құру.
Мәні: бағдарлық материалды әр түрлі деңгейде меңгеру, бірақ міндетті
стандарттан төмен болмауы керек.
Механизмі: даралап оқыту әдісі.
Белсенді контексті оқыту
Мақсаты: білім алушылардың белсенділігін ұйымдастыру, кәсіби бейімді
әрекетті оқыту, мазмұнының ішінде үлгілеу.
Үлгілеудің 2 түрі бар: олар пәндік, әлеуметтік болуы мүмкін.
Механизмі: белсенді оқыту әдістері.
Ойын түрінде оқыту
Механизімі икемділік дағдыны жеке әрекеттік сипатта қабылдауды
қамтамасыз ету. Оқу ақпаратын іздеуге, өңдеуге, меңгеруге бағытталған
дербес танымалдылық әрекет. Оқушыларды шығармашылық әрекетке ойын арқылы
кіріктіру. Соңғы шыққан сын-тұрғысынан оқу. Оқушылардың сын-тұрғысынан
ойлауын интерактивті тәсілдерді білім беру процесіне енгізу арқылы
қамтамасыз ету. Ол оқушылардың тың сұрақтар қою, әр түрлі баламалы ойлар
туындату бір-бірінен тәуелсіз шешім қабылдау қабілетіне негізделген.
Механизімі: оқыту инерактивті негіздерді әр түрлі әрекет түріне
оқушыларды енгізу механикасын жүзеге асырудың негізгі 3 кезеңін сақтау.
1. Дабыл беру, ой тастау.
2. Ой елегінен өткізу.
3. Рефлекция жауап беру.
Осы механиканы қолдану негізі білім беруді гуманизациялауға оқушының
жеке басының нәтижелерін анықтауға негізделеді. Оқушының жеке басының алға
өрлеуі алдындағы көрсеткіштерге тікелей тәуелді. Нәтижеге жету
баспалдағымен көтерілгенде білім, білік жеке бас көрсеткіштері қаншалықты
деңгейде қалыптасқаны көрінеді. Ал оқушылардың жеке бас көрсеткіші олардың
құзыреттілігіне байланысты.
Құзреттілік баспалдақ неден тұрады? Ол негізгі құзыреттілік білім
берудің пәндік мазмұнына байланысты. Жалпы пәндік құзыреттілік, пәндердің
белгілі бір тобына сай жүргізіледі. Олардың білім беру аумағына байланысты.
Пәндік құзыреттілік алғашқы құзыреттілікке қарағанда жекеше болады,
пәннің аумағында біліп шығу керек.
Негізгі композиция:
Мақсатық мәндік құзыреттілік әлемге деген көзқарас, оқушының мақсаттық
бағдарлануы, әр түрлі жағдайларда шешім таба білу механизмі.
1. Өзінің мақсаттық бағдарлануын қалыптастырып, өзі оқитын пәнге және
әрекет сферасына сәйкестендіру. Өзінің көзқарасын әртүрлі жағдайда
қорғай білу, шешім қабылдай білу, алған шешімге жауап бере білу. Жалпы
талаптарға сәйкес өзінің жеке білім алу бағытын қалыптастыру.
2. Оқу танымдылық құзыреттілік. Логикалық, әдіснамалық жалпы оқу
әдістерінің негіздері, жоспарлау, талдау рефлексия, өзін өзі бағалау,
оқу танымдылық мәселелерді шеше білу, барлығын сауатты түрде жүзеге
асыру.
• Мақсат қоя білу, оған жету жолын ұйымдастыру, өзінің алдындағы
мақсатын түсіндіре білу.
• Өзінің оқу танымдылық әрекетін бағалай білу, ол әрекетті
ұйымдастырып талдай білу керек.
Бақылаушы факторларды түсіндіріп, әр түрлі құбылыстардың себебін
түсіндіріп зерттеп отырған мәселеге сай өз ойын айта білу.
3. Танымдық мәселелер қойып, болжамдар құра білу.
Бақылау, тәжірибе, қажетті құжат таңдай білу. Өлшеу икемділіктері, әр
түрлі бағдарлама, нұсқамен жұмыс істей білу.
Ықтималдық және таным әдістерді сипаттап қортынды шығару. Зерттеу
нәтижесін ауызша немесе жазбаша беру керек. Компьютерлік құрал жабдықтарды
қолдана білу. Тұтасымен алғанда әлемнің ғылыми бейнесін көре білу.
Мәдени әлеуметтік құзыреттілік ұлттық адамзаттық мәдениет аймағындағы
таныммен әрекет тәжірибесі күнделікті тұрмыста ұлттың арасында өзін-өзі
ұстай білу.
1. Әлеуметтік рөлін білу керек.
2. Мемлекеттің мүшесі ретінде, қоғамда өз орнын табатындай білім деңгейін
анықтау.
3. Қоршаған ортадағы орынын таба білу.
4. Өзі мекен ететін жеріндегі әр түрлі әлеуметтік нормалармен
бағалылықтарды анықтай білу керек.
5. Көп ұлтты көп мәдениетті қоғамда өмір сүру орнын білу керек.
Комуникативтік құзыреттілік әр түрлі тілдер білу, айналасындағылармен
тіл табыса білу, өзін-өзі ұстай білу. Оқу диалогын жеткілікті деңгейде
жүргізе білу. Шешендік әрекеттердің әр түрлерін меңгеру монолог, диалог,
сауатты сөйлей білу. Топта бірлесе әрекет жасай білуге дағдылану. Елмен
қарым қатынас жасаған кезде тіл табыса білу. Дағдарыстан шығу жолдарын таба
білу. Көп мәдениетті, көп этикалық қоғамда өзіңнін тарихи шығу тегің және
басқа ұлттардың дәстүрлерін сақтай отырып, халықпен тіл табыса білу.
Ақпараттылық құзыреттілік
Қажетті ақпаратты талдау оны өзгерте білу, сақтап екінші біреуге бере
білу. Жаңа ақпараттық технологияны меңгере білу.
1. Әр түрлі ақпарат көзімен жұмыс істеу (оқулық, анықтамалар,
энциклопедия, католог, сөздік, интернет).
2. Өздігінен ақпаратты іздеп алып, жүйелеп, талдап, өзіне қажеттісін
іріктеу. Алынған ақпараттарды өзгертіп, сақтап, қажет болғанда
басқаларға бере білу.
3. Ақпарат ағынында бағдарлана білу. Ішінен негізгісін бөліп алып,
қажетті ақпаратты саналы түрде тексеру.
4. Ақпараттық құралдарды телефон, компьютер, көбейткіштер т.б. қолдана
білу.
5. Оқу міндеттерін шешуде ақпараттық және телокомуникацияларды қолдана
білу (видео, электронды почта т.б.).
Денсаулықты сақтауға бағытталған құзыреттілік
Дене мен жандүниенің зияткерлік дамуы көңіл күйді реттей білу, жеке
бас тазалығы. Денсаулығыңды сақтау, экологиялық мәдениеттілік қауіпсіздік
тіршілік. Табиғат аясында бағдарлана білу. Экологиялық табиғатты қорғау
әрекетінен хабардар болу. Қауіпті жағдайда өзіңді қалай ұстап, қалай
қорғану керектігін білу. Өзіңнің денсаулығыңа дұрыс қарай білу. Дене
тәрбиесін іске асырып, кезкелген жағдайда өзіңе-өзің ие бола білу. Өзіндік
бақылаудың жоғары болуы.
Жеке бас гигиенасын дұрыс қолдана білу, өз денсаулығыңды сақтауға
икемді болып, алғашқы медициналық көмек беру шараларын білу.
Психологиялық сауаттылық элементін меңгеріп, мінез құлықтың жиынтық
тәрбиесін меңгеру. Демалыс пен көңіл көтеру шараларын игілікті іске
бағыттау, әр түрлі спорттық ойын түрлерін меңгеру. Өзіңнің дене тәрбиесін
жетілдірудің әдіс тәсілдерін талдай білу.
Модульды оқыту технологиясы
Пән модульдерге бөлінеді. Модульды оқыту технологиясы – оқушыларды өз
бетімен (толық, жартылай) мақсатқа бағытталған жекешелендірілген бағдарлама
бойынша ерекшеленеді. Оқу модульдерінен тұрады. Ақпараттың аяқталғаны оқушы
әрекетінің мақсаттарын ұсынады. Сол ұсыныстар бойынша оқушы жүйелі түрде
жүзеге асырады.
Модульды оқытуды жекешелендіреді. Ол оқыту мазмұны бойынша меңгеру
жылдамдығына сай оқыту. Әдіс тәсілдерін бақылау, өзіндік бақылау сәйкес
жүргізіледі. Модульды оқыту технологиясы басқа жүйелерден айырмашылығы
келесідей.
1. Оқу мазмұны аяқталған дербес кешендерден тұрады, ол кешендерді
меңгеру алға қойылған мақсаттарға орай жүргізіледі. Оқыту
мақсаты тек оқытылатын материалдың мазмұнын көрсетіп қоймай
меңгеру деңгейінде көрсетеді, сонымен қатар оқушы оқытушыдан
қандай тиімді кеңес алады.
2. Оқушының оқытушымен тіл табысу формасы өзгереді, ол модульдер
арқылы жүргізіледі, яғни жекеше тіл табысу бағыттаушы мен
бағытталушының әсерлесу негізінде жүзеге асады.
3. Оқушы оқу жұмысының көп уақытында өздігінен жұмыс істейді,
өзіндік жоспарлармен, өзіндік ұйымдасуды жүзеге асырып,
бақылауға үйренеді.
4. Оқушыға жеке кеңес беру жоғалады.
Модульді оқытудың мақсаты: оқушылардың дербестігін дамытып, оқу
материалын өңдеудің дара тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың
дербестілігін дамытады.
Негізгі идеиялары:
1. Модульді оқыту әрекеттік принципке негізделеді, оқу мазмұны
саналы түрде меңгерілгенде ғана белсенді әрекетті негізі
болып, табылады. Жүйелі түрде енгізіледі, жүргізіледі.
Сондықтан мұғалім тапсырмаларды әзірлеу кезінде оқыту
құрамына сүйене отырып оқушыларды оқу әрекетіне бағыттайды.
Оқушылардың өзіндік бақылау, оқыту процесін өздігінен
басқаратын рефлекципті түрге ауысады.
2. Модульді технология дамыта отырып оқыту идеяларына
негізделген, егер оқушы оқытушының белгілі бір көмегімен
тапсырма орындайтын болса, жеке бас дамуының аумағындағы
орналасқан деуге болады. Осындай тәсіл оқушының психикасы
жетіліп, ол бүгін басқа біреудің істеген әрекеттен ертең өз
бетімен істей алады, оқушы өзекті аймаққа кіреді, жұмыс
істеуі бір саты жоғарлайды. Ол мазмұнның сараланып берілуін,
оқушыға көмектің шектеулілігімен және оқу әрекетінің
ұйымдастыруынан көрінеді. Жекеше формада, топтық формамен
және жұппен жұмыс істей алу керек.
3. Модульді оқыту технологиясы негізінен бағдарланған оқытуға
негізделген ондағы нақтылық әрекеттердің жүйелілігі оқушының
дербестігі жұмыстың жекеше екпіні, нәтижелерді үнемі тексеріп
отыру, өзіндік бақылау програмаланған тәсілге және модульді
оқытуға сай келеді.
4. Технологияның белсенді сипаты оқыту процесін тиімді етуді
қажет етеді. Мақсаты жақсы нәтижеге аз күш, аз құрал жұмсап
жету. Оқушымен оқытушының әрекеттер жүйесінің реттілігімен
көрінеді.
Модульді құру кезіндегі әрекеттер негізі: модульді құрғанда бұрыннан
белгілі қағидаларға сүйену керек. Жеке дидактикалық мақсаттар жинақтала
келіп, модульдің интеграцияланған мақсатына жетуді көрсетеді. Осындай
нәтиже модульді бағаның кешенді дидактикалық мақсатына әкеледі. Модульді
құру кезінде кері байланысты жүзеге асыру білім меңгеру процесін бақылауға
және меңгеруге негіз болады. Мұғалімнің жүргізетін кіру және қортынды
бақылауы қатаң, ал аралық және күнделікті бақылау аса қатаң болмау керек.
Оқу және дидактикалық материал нақты жеткілікті түрде диалогты формада
жақсы мақаммен берілгені жөн.
Модульдарды құру кезінде оқушылардың білімді меңгеру логикасын қалау
қажет. Логиканы қолдана отырып, қортып жүйелеу керек. Модульдің құрылымы
оқу сабағына, оның логикасына сәйкес келеді. Оқушының әрекеті өзінің
дамуының жақын аймағында өтетін болса өзіндік меңгерумен өзара меңгеруге
бағытталған болады. Бір – бірімен тіл табысу қалыптасады. Рефлексті қалпын
жүзеге асыруға жағдай жасайды. Оқытушының әрекеті толығымен өзгереді.
Модульдік бағдарлама құру ол модульді сабақтың үстінде мотивациялайды,
ұйымдастырып кеңес береді. Модульді оқытудың мүмкіндігін қолданады.
Модульді оқытудағы шектеулер:
1. оқушылардың дайындық деңгейі өз бетімен жұмыс істеуге
жеткіліксіз болуы мүмкін.
2. білім беру мекемесінің материалдық деңгейі төмен болуы
мүмкін.
3. модульге енгізген материал көлемі үлкен, нәтижесінде
уақыттың жетіспеуі мүмкін.
Жобалар әдісі
Мақсаты: оқушылардың өздігінен әр түрлі білім көздерінен жетіспеген
білім негізін алуға жағдай туғызуы. Бұл әдіс негізінде оқушылар танымдық
және сарамандық міндеттерді шешуге алған білімдерін қолдануға үйренеді,
құзыреттілік икемділіктерді қабылдап, әр түрлі топта жұмыс істеуге
зерттеушілік іскерліліктерін дамытады. Мәселені көре білуге, ақпарат
жасауға, бақылау жүргізіп эксперимент жасауға, талдау жүргізіп, тұжырым
жасауға үйренеді. Жүйелі ойлау қабілетін дамытады.
Жобалық оқытудың теориялық алғы шарттары:
1. Ең басты назарда оқушылар тұрады. Олардың әр түрлі
шығармашылық қабілетін дамыту көзделеді.
2. Білім беру процесі оқу пән логикасына негізделмейді
керісінше оқушының өзіне тән әрекетінің логикасына
негізделеді. Осының өзі оқушының оқуға деген
мотивациясын дамытады.
3. Жоба негізінде жекеше жұмыс істеу әр оқушының өзіндік
дамуының деңгейіне көтерілуге мүмкіндік береді.
4. Оқу жобаларын құруға кешенді түрде келу оқушылардың
физиологиялық, психикалық дамуын қалыптастыруға
мүмкіндік береді.
5. Базалық білім деңгейін терең және саналы меңгеру әр
түрлі жағдайда оларды әмбебап қолдануға байланысты.
Мұғалім мен оқушының әрекеттесу жүйесі оқушы мен мұғалімнің әрекет
жүйесін анықтау мақсатында алдымен жобаның кезеңдерін анықтап алу керек.
Қазіргі кезде жобаны құрудың келесі кезеңдері қолданыс тауып отыр.
Жоба тақырыбының көлемі әр алуан, негізінде оқу жобаларының үш түрін
бөліп көрсетуге болады. 2-6 сағат қысқа мерзімді, орта мерзімді 12-15
сағат, сонымен қатар ұзақ мерзімді жоба болады. Негізінен оқу мекемелеріне
әр түрлі жобалар болуы мүмкін, негізінен бір жобаны кешенді етіп ұсынған
дұрыс. Жас шамалары әр түрлі ұжымда бір оқу жылында 2-3 жоба істеуге
болады. Ал оқу пәндері бойынша жобалар құру көбірек болуы мүмкін. Білімді
бағалау өлшемі жобаның мақсатына қашалықты деңгейде жеткенімен анықталады.
Осындай жобалық оқытуды жүзеге асырады, анықталады. Жобаның нәтижесі егер
жоба мақсатты іске асырылса онда жаңа нәтиже алуға тырысуымызға болады. Ол
нәтиже оқушылардың оқу таным қабілеттілігі мен дербестілігінің қаншалықты
деңгейде дамығандығын ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz