Қабат жағдайындағы мұнайдың тығыздығын есептеу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ

1. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1. 1 Кен орын туралы мәлімет

1. 2 Кен орынның геологиялық құрылымы

1. 3 Мұнай, газ және су қорлары

1. 4 Кенорынның мұнай, газ және су қорлары

2. ТЕХНИКАЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

2. 1 Кенорынды игреудің ағымдағы жағдайын талдау

2. 2 Мұнай өндіріп тұрған скважинаның дебитін есептеу

2. 3 Өнім беріп тұрған скважинаның қабат қысымын есептеу

2. 4 Қабат қысымын түсірмеу үшін қабатқа айдалатын судың

көлемін есептеу

2. 5 Қабат жағдайындағы мұнайдың тығыздығын есептеу

2. 6 Скважина өнімдерін жинау, дайындау жүйелерін автоматтандыру

3. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ, ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ

3. 1 Кен орынның пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы

3. 2 Қоршаған ортаны қорғау

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ГРАФИКАЛЫҚ БӨЛІМ

1 Кен орынның структуралық картасы

2 Кен орынның геологиялық қимасы

3 Арнайы тақырып бойынша сызба

КІРІСПЕ

Қазіргі заманғы дүниежүзілік экономикада мұнай мен газдың алатын орны ерекше. Сазанқұрақ кер орнының мұнай мен газды өндірумен және тасмалдаумен айналысуда жоғарғы орында тұр.

Мемлекетіміздің ұзақ мерзімдік Қазақстан-2030 даму стратегиясында энергетикалық ресурстарға үлкен көңіл бөлінуде. Оның ішінде энергетикалық ресурстарды халықаралық рынокқа экспорттау мақсатындағы мұнай өндіру, тасымалдау және өңдеу жүйесін дамыту болып табылады.

Әлемнің ірі кен орындарында бүгінгі таңда мың және бес мың метр тереңдікке дейін мыңдаған, он мыңдаған мұнайдың скважиналары бұрғыланған. Миллиондаған бұрғылаушы және компрессорлық станциялар жер қыртысындағы мұнай мен газды жер астынан тартып, сорып, мұнай өнімдерінің құбырлары мен газ құбырлары дамыған елдер территориясына еніп тірі организмдегі қан тамырлары сияқты әр түрлі мемлекеттер мен континенттерді біріктіре байланыстыруда.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстан мұнай өндіру бойынша Ресейден кейін екінші орында тұрғаны көбімізге мәлім. Дүниежүзілік қауымдастықтағы 90 елдің алғашқы отыздығына Қазақстанда кіреді. Қазақстан территориясында 202 мұнай және газ кен орындары бар. Қазір мұнай 55 кен орындарында өндіріліп отыр. Ірі кен орындар қатарына «Сазанқұрақ» - та кіреді.

«Сазанқұрақ» кенорнының пайдаланып отырған жер көлемі 450 га. асады, онда ұңғымалар, мұнай дайындау қондырғысы, газ электр стансасы, жер астына су айдау сорап стансасы, мұнай-су сақтайтың резервуарлар, вагондарға мұнай тиейтін темір жол терминалы және топтық өлшеу қондырғылары орналасқан.

Мұнай және газ өндіру процестерін өнеркәсіптерде автоматтандыру деп мұнай мен газды промыслдан тұтынушыға адамның тікелей қатысуынсыз іске асыратын аспаптар, қондырғылар және машиналарды пайдаланып жеткізу. Өнеркәсіп процестерін автоматтандыру мұнай мен газды өндіру техникаларының өте жоғары деңгейде дамуы алдыңғы қатарлы технологияларды, жоғарыөнімді және сенімді жабдықтар қолданылуын талап етеді.

1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1. 1. Кен орын туралы жалпы мәлімет

«Сазанқұрақ» ЖШС- і 1997 жылы Қазақстан Республикасына тіркелген. Оның кеңсесі Атырау қаласы Құлманов 111 көшесінде орналасқан. Қоғам әріптестері мен ұйымдастырушылары Пекиндегі бас кеңсе Синопек компаниясы болып табылады.

«Сазанқұрақ» кен орны Атырау облысы Исатай ауданында орналасқан. «Сазанқұрақ» мұнай кенішіндегі көмірсутек шикізатын өндіру және барлау үшін өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен берілген Лицензияға сәйкес жүргізуде.

«Сазанқұрақ» ЖШС-і лицензиялар және шарт талаптарына сай «Сазақұрақ» мұнай кенішінде көмірсутек шикізатын барлау, мұнай өндіру, дайындау, сақтау істерін жүзеге асырады, тасымалдау, маркетинг және өндірілген мұнайды сатуды қамтиды.

«Сазанқұрақ» мұнай кеніші Атырау қаласының облыс орталығынан батысқа қарай 150 км де және Ресей Федерациясының Астрахань қаласынан солтүстік шығысына қарай 180 км де орналасқан.

«Сазанқұрақ» ЖШС-і мұнай кенішін игеруді елсіз далада, қажетті инфрақұрылымдары болмаған, мұнай қоры толықтай зерттелмеген алаңда жаңадан жұмысын бастаған алғашқы бірлескен мекеменің бірі.

«Сазанқұрақ» мұнай кеніші 1992 жылы ашылған. Оның геологиялық қоры есептеліп, ҚР пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссиясымен 1996 жылы бекітіліп бітті.

«Сазанқұрақ» мұнай кенішін игеруге ФИОК компаниясымен жіберілген үлкен көлемді инвестиция қысқа мерзімде кәсіпорынды тұрғызуға және өнеркәсіптік мұнай өндіруді бастады.

«Сазанқұрақ мұнай кенішін игеру технологиялық сызбанұсқасы» бойынша 2003 жылы кәсіпорын жобалық өнім деңгейіне шығуы қажет болды.

Тұтынушыларға мұнайды тиеу және жіберу теміржол цистерналарымен мұнай кенішдегі терминалдан өз теміржол тармақтарымен жүзеге асырылады.

Мекемені басқару орталықтандырылған басқару жүйесі арқылы тікелей Алматы қаласының ФИОК бөлімшелерімен байланысты жүргізеді.

Мекеменің жалпы басшылық қызметін бас директор және директордың өндіріс жөніндегі орынбасары басқарады. Геологиялық, бұрғылау, есеп және жабдықтау жұмыстары бойынша Алматы қаласындағы ФИОК кеңсесімен Атырау қаласындағы бөлімдері тығыз байланыста. Өндіру процестерін басқару орталықтандырылған жүйе бойынша барлық кәсіпорындарды, техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігін өндіріс менеджері басқарады.

«Сазанқұрақ» кен орнында қызметкерлердің денсаулықтарына кері әсер ететін қауіпті өндірістік факторлар болдырмау шаралары Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» заңы нормативтік актілеріне сай орындалады.

«Сазанқұрақ» ЖШС-і Атырау облысының инфрақұрылымдары мен әлеуметтік саласының дамуына аса көңіл аударып келеді. Мекеме Исатай ауданының мектептеріне, мешіт салуға, «Жас ұрпақ» қайырымдылық қорына, соғыс ардагерлеріне және тағы басқаларға демеушілік көмек көрсетеді.

«Сазанқұрақ» мұнайы өндіруге қиын және қою, тұтқырлығы жоғары осыған байланысты, өндіру және өңдеу кезінде мұнай кенішінде жаңа технология және шетелдік озық технологиялық жабдықтар қолданылады, соның ішінде:

- барлық ұңғыларда өнімділіктері әртүрлі өнім қабаттары қойнауына бірқалыпты қысыммен гидравликалық соққысыз әсер етуге мүмкіншіліктер туғызатын Канадалық «Мойна», «Протекс» фирмаларының бұрандалы сораптары орнатылған;

- мұнайды жылыту мен дайындау кезінде қатпарлы жылу алмастыру «Aльфа-Лаваль» мен ИГАЗС фирмаларының бу генераторын қолданумен жүргізіледі;

- мұнай құятын эстакада голландиялық фирма «WLT» экологиялық таза мұнай құю жөндерімен жабдықталған.

Американдық ‘First International Oil Corporation’’LTD (Ферст Интернейшл Ойл Корпорейшн ФИОК) компаниясы 1997 жылдың ел үкіметімен жасалған келісім - шарт, негізінде жалпы көлемі 4262 шаршы шақырым жерде геологиялық іздестіру жұмыстарын жүргізуге мемлекеттен рұқсат қағазын алады.

Бүгінгі таңда бұл жерде «Прикаспиан Петролеум Компани» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі басшылық етуімен мұнай көздерін өндіру жұмыстары жүріп жатыр.

1998-2000ж. ж. - «Прикаспиан Петролеум Компани» ЖШС-нің негізгі міндеті - кенорнындағы мұнайды барлау мен өндіру. Конкурста лицензияланған аймақ шеңберінде мұнайды барлау мен өндіруге алғашқы лицензия алынды. Кәсіпорын толық құқықты жер асты кенін пайдаланушы болып табылады. «Мыңтеке Оңтүстік» кенорнын игеру құқығына ие болды. Әкімшілік тұрғыдан, «Мыңтеке Оңтүстік» кенорнының жалпы көлемі 314, 0 га аумағы бар мұнай нысандары Қазақстан Республикасы Атырау облысы Исатай ауданында орналасқан. Аудан орталығы Аққыстау селосы 70 км қашықтықта, онымен қатынас атырау қ. (ҚР) - Астрахань қ. (РФ) асфальтті тас жолы мен темір жол арқылы жүзеге асырылады.

2001-2002 ж. ж. - Компания №1, «Соңғы екі жылда барлау мерзімін ұзарту» шартына қосымша алды.

2003 жылы - Құзырлы органдардан №2 «Барлау мерзімін 2006 жылдың 12 маусымына дейін ұзарту туралы» қосымша келісім алынды.

2003 жылдың майында Мыңтеке Оңтүстік құрылымы бойынша, 2 D сейсмикалық - барлау жұмыстары негізінде, 1998, 2000, 2003 ж. ж., төменгі бор, юра, триас шөгінділерінен мұнай мен газ кенін табу мақсатында барлау бұрғылау жұмыстары басталды.

M-1A ұңғысынан алғашқы мұнай 624, 6-631, 7 м интервалды (валанжин горизонты) сынау кезінде, мұнайдың 6, 5 мм штуцерде 12, 2 м³ күніне фонтанды құйылуы арқылы алынды.

01. 09. 2005ж. хал - ахуалына сай, «Мыңтеке Оңтүстік» құрылымындағы 650-1175 м тереңдігі бар бұрғыланған, барланған ұңғылар қоры 12 дананы құрайды.

2005 жылы «Каспиймұнайгаз» АҚ-ы алғаш «Мыңтеке Оңтүстік» кенорнының мұнай және газ қорын Оперативті санағын» орындады. Қорды Қазақстан Республикасының МҚК қабылдады (№429-05-П Хаттама, 08 шілде 2005ж. ) келесі данада: геологиялық 2237 мың т, шығарылатын - 826 мың тонна С1 және С2 категориясы бойынша, 01. 05. 2005ж. зерттелгендік жағдайы бойынша.

2005ж. «Каспиан Энерджи Ресерч» ЖШС «Мыңтеке Оңтүстік кенорнын байқау эксплуатациясы жобасын» жасады, ол ҚР Орталық Зерттеу Комитетінде бекітілді.

(№36 Хаттама, 9. 12. 2005 жылдан) . «Сазанқұрақ» кенорнында мұнай дайындау қамтамасыз етілді, кейіннен мұнай тасымалдау «КазТрансОйл» Атырау мұнай тасымалдау басқармасында жүзеге асырылды.

2006 жылы «Мыңтеке Оңтүстік» кенорнында мұнайды жинау, тасымалдау және дайындау бірқұбырлы герметизацияланған мұнай және газ жинау және тасымалдау жүйесінде орындалады. Сондай-ақ, әрдайым кенорнында өндірілген ілеспе газды өлшеу, айыру және газ дебитін өлшеу Мұнай дайындау учаскесінде (МДУ) жүзеге асады.

2006 жылы «Мыңтеке Оңтүстік» кенорнынан алынған мұнай ілеспе газын пайдаған асыру бағдарламасы жасалып, ҚР Энергетика және Минералды Ресурстар Министрлігінде №3/6 25. 05. 2006 жылғы Хаттамада келісілді.

2007 жылы қысқа уақыттың ішінде 42 адамға лайықталған Вахта қалашығы салынып, пайдалануға берілді, оның құрамына: 42 адамға лайықталған асхана, жатақхана, көлемі 50м³ 3-2 дана өртке қарсы су жинау қоймасы, өртке қарсы сорап сарайы, су тазарту блогы, тексеріп өткізу пункті, қазан сарайы, дизельді электрстанция, кешенді трансформатор қосалқы станциясы, құбырлар қоймасы, жанар май құю станциясы, спорт алаңы, жабық шағын спорт зал, қызмет көлігіне арналған ашық тұрақ кіреді.

Мұнайды алдын - ала дайындау қондырғысы, топталған өлшеу қондырғысы нысаны, диаметрі 65/8 мм, ұзындығы 2200 м шыны талшық құбырынан жасалған, ТӨҚ - МДУ - мұнайын айдайтын мұнай коллекторы нысаны, «Мыңтеке Оңтүстік» - «Сазанқұрақ» кенорны мұнайын айдайтын диаметрі 42 мм, ұзындығы 17200 м шыны талшық мұнай құбыры нысаны салынып, пайдалануға берілді.

2007 жылдың 27 қыркүйегі вахта қалашығын сумен жабдықтау және кенорны нысандарын ұзындығы 500 м, диаметрі 89 мм «Астрахань - Маңғышлақ» су құбырына қосу мақсатында тахникалық су құбыры енгізілді, іске қосылды. 10 кВ, ұзындығы 9503 км және 0, 4 кВ, ұзындығы 6446 км электр қуатын беру желілері іске қосылды.

2007 жылы алынған жаңа мәліметтер негізінде байқау эксплуатациясы мерзімі ішінде, 01. 05. 2007 жылы хал - ахуалы бойынша «Мыңтеке Оңтүстік» кенорнының мұнай, газ және басқа да ілеспелі қазба байлықтары қоры санағын жасады. Қор ҚР МҚК (№678-8-У Хаттама 21. 03. 2008 жылдан) бекітілді.

Мұнай:

  • С1 категориясы: геологиялық - 2163, 0 мың т; шығарылатын - 719, 5 мың т;
  • С2 категориясы: геологиялық - 148, 0 мың т; шығарылатын - 24, 3 мың т;

Еріген газ:

  • С1 категориясы: геологиялық - 75, 23 млн. м³; шығарылатын - 25, 83 млн. м³;
  • С2 категориясы: геологиялық - 4, 62 млн. м³; шығарылатын - 1, 07 млн. м³;

Бос газ:

  • С1 категориясы: геологиялық - 34, 8 млн. м³; шығарылатын - 31, 3 млн. м³;
  • С2 категориясы: геологиялық - 12, 1млн. м³; шығарылатын - 10, 9 млн. м³;

2007 жылы «Каспиан Энерджи Ресерч» ЖШС «Мыңтеке Оңтүстік кенорнын байқау эксплуатациясы жобасын» жүзеге асыруды авторлық қадағалауды жасады.

27. 08. 2008 жылы «Мыңтеке Оңтүстік» кенорнының ілеспе газын пайдаға жарату бағдарламасын орындау үлгілерін өндіріске енгізді. Аталған бағдарламаға сай кенорнында газ жүргізу желісі салынды, газды өртеуге қазан сарайы орнатылды, кенорны мен кенішінде электр қуатын өндіріп шығару үшін салынған газ - поршень генератор қондырғылар құрылысы аяқталды, 2008 жылдың маусым айында пайдалануға берілді. Газ - поршень генераторларын пайдалана бастағаннан бастап барлық өндірілген ілеспелі газ кенорнының өз технологиялық мұқтаждығына электр қуатын өндіруге, жылыту пештеріне ғимараттарды жылытуға және т. б. пайдаланылады.

2009-2010 ж. ж. - Компанияның инфрақұрылы алға дамыды.

2009 жылдың екінші тоқсанында «Прикаспиан Петролеум Компани» ЖШС кенорнының оң жақ қанатында қабаттық қысымды сақтау мақсатында су айдау жүйесі нысанының құрылысын бастады және 2010 жылдың бірінші тоқсанында қолданысқа берілді.

2010 жылдан бастап сату жағдайына дейінгі барлық өндірілген мұнай «Мыңтеке Оңтүстік» кенорнында дайындалды. 31. 12. 2010 жылғы хал - ахуалға қарасақ - пайдалануға берілгеннен бастап кенорнында 238 964 тонна мұнай өндірілген.

Ұңғы қоры: 31. 12. 2010 жылғы хал - ахуалға сүйенсек, жалпы бұрғыланған ұңғылар қоры 43 ұңғыны құрайды, қазіргі таңда пайдалану ұңғылар саны 72.

1. 2. Кен орынның геологиялық құрылымы

Сазанқұрақ структурасының бұрғыланған геологиялық қималарында төменгі перьмдік шөгінділерден бастап төрттік шөгінділерге дейін кездеседі. Олардың жіктелуі литологиялық, микрофауналық полинологиялық зерттеулер нәтижесінде анықталды. Бұрғыланған ұңғылардың каратаждық диаграммаларын өзара салыстыру нәтижесінде стратигарафиялық қабаттардың корреляциясы орындалады.

Кен орынының микрофауналық және полинологиялық қималарын анықтау, шламнан алынған үлгілер негізінде жасалады Ғ - 10; Ғ - 20 ұңғыларынан неогендік кезеңнен апшерондық остракодалар жиынтығы, Ғ - 2; Ғ - 3; Ғ - 4; Ғ - 5; Ғ - 10; Ғ - 11; Ғ - 20; Ғ - 24; SKE - 4 ұңғыларынан триас кезеңіне жататын альптық, валанжиндік фораминферлер жиынтығы зерттеледі, полинологиялық зерттеулер юралық шөгінділер бойынша жүргізіледі. Мезазой микрофаунасы бойынша кезеңдерді анықтау АОМЭ КазНИГРИ - де, полинологиялық зерттеулер АО АктюбНИГРИ - де, ОАО « » жүргізіледі.

Пермь жүйесі - Р

Сазанқұрақ структурасындағы ең көне шөгінділерден кунгур ярусының жыныстары қазылды. Литологиялық жағынан кунгур ярусы екі қабатшадан тұрады: галогенді және жоғарғы сульфатты ( кепрок ) .

Галогендік қабатша негізінен мөлдір ақ, бозғылт-ақ, кристалдығы орташа, берік ас тұзынан тұрады. Тұзда аз мөлшерде терригендік қабыршақтар және ангидрит қабаттары кездеседі.

Жоғарғы жиынтық - кепрок - литологиялық жағынан саз қабыршақтары бар ангидриттан тұрады, қалыңдығы 5 метрден 15 метрге дейін болып келеді.

Ең көп бұрғыланған қабаттың қалыңдығы 111 м ( Ғ - 11 ұңғысы ) .

Триас жүйесі - Т

Триас шөгінділері кунгур ярусындағы жыныстарда біркелкі жатпағандықтан және триас қимасы жеткілікті зерттелмегендіктен жіктелген жоқ деп саналады.

Триас шөгінделер қалыңдығы төменгі пермнің шайынды беті шөгу тереңдігіне байланысты және үлкен шекте-330 метрден 460 метрге дейін өзгереді. Триас кешені байос және мүшеленбеген пилловей - бат ярустарының жыныстарынан тұратын орташа юра шөгінделерімен келіспей жабылады.

Триас шөгінділерінде екі жиынтықты бөліп алуға болады, жоғарғысы құмды - сазды және төменгі әкті - сазды.

Триас жоғарғы жиынтықты саздар, құмдар, аргиллиттар және алевролиттер кездеседі. Төменгі бөлігі негізінен мергель, саз, құмтастар қабыршықтар бар әктастардан тұрады. Жыныстардың түстері боз, қара боз, қоңырқай, жасыл - қоңырқай, жасыл болып келеді.

Әктастар қатты, кристалды, жарықшақты.

Құмтастар орташа және ұсақ түйіршікті, кварцты, далалық шпатты, берік цементтелген (саздық цементтер, әктік цементтер) .

Саздар өте тығыз, аргилит тәріздес, кейде аздап әгі бар кристалды пирит қоспалы, өсімдік қалдықтары кездеседі.

G - 6 ұңғысында 739 - 746 м аралықтарында триас кезеңіндегі споралы - тозаңды комплекстер анықталған. Анықталған триас шөгінділері қалыңдықтары 24 метрден ( SK - 3 ұңғысы ) 364 метрге ( G - 2 ұңғысы ) дейін болып келеді.

Юра жүйесі - J

Юра шөгінділері триас шөгінділерінің үстінде жатыр және екі бөлімнен тұрады: төменгі және ортаңғы.

Төменгі бөлім - J 1

Төменгі юралық шөгінділерде әлсіз цементтелген құмтастардан, құмдардан, қатты құмтастардан алевролиттерден құралған жұқа қабаттары бар саздардан тұрады, өсімдік қалдықтары бар қабыршақтар кездеседі. Құмды жыныстардың құрамы әр түрлі мөлшердегі түйіршіктерден тұрады, олардың түстері боз және ақшыл боз, алевролиттен және сазды материалдарда бар, өсімдік қалдықтары кездеседі.

Оның қалыңдықтары 11 метрден 150 метрге дейін болып келеді.

Орта юра - J 2

Орта юраның шөгінділері үзілістермен төменгі юра және триас шөгінділерінде кездеседі және құмды - сазды жыныстардан тұрады. Оның құрамында өзара ажыратылмайтын байостық және баттық ярустардың шөгінділері кездеседі. Литологиялық жағынан алғанда ол кезектесіп келетін құмды және сазды қабаттардан тұрады, олар қимада бірқалыпты тараған жыныстардың бояуында онша ерекшелік жоқ. Көбінесе әр түрлі реңдегі боз, қара боз және қара түстер кездеседі. Сонымен қатар қоңырқай, қоңыр боз саз қабатшалары және жасылдау - боздан құмтастар, құмдар бар.

Орта юра қимасында көмірге айналған өсімдік қалдықтары бар және жалпақ емес қабатшаларда не алевролитті құм қалдықтары не өсімдіктік детриттің қабыршақтары және көмір қабатшалары кездеседі.

Полинологтар G - 6 және G - 8 ұңғысынан споралы - тозаңды комплексті анықтады, бұл орта юраға тән, бұнда споралардың (70%) тозаңдарға (30%) үлесі көп.

Қалыңдығы 6 метрден ( SК - 7 ұңғысы ) 322, 0 метрге ( G - 6 ұңғысы ) дейін болып келеді.

Бор жүйесі - К

Бор жүйесінің шөгінділері біршама кең тараған және әр түрлі үзілістермен орта юраның бетінде орналасқан.

Литологиялық ерекшеліктеріне қарай олар екі комплекске бөлінеді: төменгі бөлімді құрайтын терригендік жиынтық және жоғарғы бөлімді құрайтын карбонатты жиынтық.

Төменгі бөлім - К 1

Төменгі бөлімдік шөгінділер бұрғыланған ұңғылардың барлығында дерлік кездеседі. Қима валанжиндік, готеривтік, аптылық, альбтық ярустармен бейнеленеді. Алаңда баррелдік шөгінділер кездеседі.

Төменгі пермь шөгінділері үш ярусқа бөлінеді: ассель, сакмар, және артин ярустары, олар толқын және Сазтөбе көмірсутек жиыны ашылуына байланысты ерекше қызығушылық туғызады. Ассель ярусы терриген - карбонат кремний жыныстар қабатынан тұрады. Әк қыртыстары қара түсті зерлін, өте сазды, доломитті, фузулинді, губкалар спикуласы, сирек радиолярний реликті кальцитпен жалғасқан.

Әк түйірлерінен тұратын және фораминифер қалтыршағымен қапталған және тас көмір жасындағы балдырмен оралған гравелит қыртыстары байқалады.

Валанжиндік ярус - К 1

Валанжиндік ярус бұрғыланған барлық ұңғыларда бар және өнімі бар қабатқа жатады.

Литологиялық жағынан онда құмдар және алевролитті сазды қабатшалары бар құмтастар кездеседі.

Құмдар қоңыр - сары, кейде жасыл реңді, мұнай сіңгендіктен қоңыр түсті, ұсақ түйіршікті борпылдақтау болып келеді.

Құмтастар боз өте ұсақ түйіршікті, сазды - әкті цементтелген дала шпатты тығыз және мұнай сіңген болады.

Саздар боз, қара боз, тығыз, құмды - алевролитті, әкті болады, қабыршақтардың сынықтары мен пириттік ойықшылар кездеседі.

438 - 443 метрлік, 458 - 463 метрлік интервалдан G - 5 ұңғысынан валанжиндік кезеңдегі фораминиферлер комплексті табылды.

Олардың қалыңдығы 26 метрден ( Ғ - 24 ұңғысы ) 79 метр ( G - 7 ұңғысы ) дейін өзгеріп отырады.

Готеривтік ярус - К 1 Һ

Готеривтік ярустың шөгінділері сазды және құмды қабаттардан тұрады. Қиманың төменгі жағын сазды қабат құрайды, онда сазбен қатар құмтасты қабатшаларда кездеседі. Құмды - сазды қабат қиманың жоғарғы жағында жатыр, онда құмтасты шөгінділер және сазды шөгінділер араласып келеді.

Бірқатар зерттеушілер пікірінше бұл ұңғыларда төменгі карбондың визей ярусының терриген қабатының шөгінділері ашылды, ол жұқа корбонат - терриген шөгінділері көбінесе сазды жыныстармен туар және туффит алеврит, біркелкі бірғақты түрде қабаттары аралас кездесіп қоңыр битуминозды мергиль мен кремний сазды жыныстардың жұқа қабаттарымен араласқан.

Саздар боз және қара боз, кей жерлерінде жасыл реңді, тығыз әкті қауашақтардың сирек кездесетін сынықтары бар құмды.

Әктастар қара боз, жұқа және ұсақ түйіршікті, қатты, әкті цементті, жарықшақты, жарықшақтар бойында аз мөлшерде кальцит кездеседі.

Мергельдер жасыл, боз алевриттік құм кей жерлерінде тығыз байқалады.

Қабаттың төменгі жағында түгелдей құмдар шоғырланған.

G - 6 ( 701 - 709 интервалы ) ұңғысында готеривтік жастағы фораминиферлер жиынтығы анықталған.

Аптық ярус - К 1 а

Аптық шөгінділер готерив жыныстарында біркелкі орналасқан және барлық ұңғыларда дерлік кездеседі. Аптық шөгінділер негізінен теңіздік саздық құралымдардан тұрады. Апт табанында базальтты горизонт жатыр, онда құмтастар мен құмдар бар.

Литологиялық жағынан апт шөгінділері сирек кездесетін құмтастары мен мергельдері бар саздармен бейнеленеді. Жыныстардың түсі қара боздан қараға дейін.

Саздар тығыз, әк кездеспейді, аздап құм араласқан, слюдалы. Саздарда аз мөлшерде пирит кездеседі, қауақшақтардың сынықтары бар.

Полинологтар S - 58 ұңғысында (552 - 560), G - 5 ұңғысында (549 - 554) аптық жастағы фораминферлер жиынтығы анықталды. Қалыңдығы 26 метрден ( SК - 7 ) 85 метрге ( Ғ - 2 ) дейін өзгеріп отырады.

Альбілік ярус - К 1 аl

Альбілік шөгінділер аптық ярусының жыныстарында ретсіз жатыр, литологиялық жағынан құмды - сазды құмдардан тұрады. Құмның қалыңдықтарының ең көп мөлшері альб қабатының орталық бөлігіне келеді.

Альб ярусы - қыртыстың төменгі жағында глаукоипт - кварц құм қабаты аралас жұқа қыртысы саз қабатынан тұрады және осы құрамдағы жер қыртысы табанында да кездеседі.

Саздар қара боз, тығыз, құмаралас, слюдалы, әксіз. Саздарда пириттің кристалдары, сиректеу қауақшақтардың сынықтары және көмірленіп кеткен өсімдік қалдықтары кездеседі.

Құмтастар боз, ұсақ түйіршікті, дала шпаты кездеседі, берік слюдалы. Кей жерінде құмтастар жарықшақты, жарықшақшаларда кальциттер кездеседі.

Құмдар боз және қара боз ұсақ түйіршікті, тығыздығы нашарлау, слюдалы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай мен газдың физика - химиялық қасиеттері
Қисымбай κенορнында су айдау әдісін қοлдануды есептеу
Беκтұρлы κенορнында мұнай κенορындаρын игеρудің жаңа технοлοгиясын анықтау
Қисымбай кенορнында қабаттағы қысымды ұстау шаρалаρы
Батыс қанатының оңтүстік өрісі
Балғымбаев κенορынын игеρудің технοлοгиялық κөρсетκіштеρін анықтау
Қабат пен ұңғыны зерттеу
Қызылқия кен орнында ұңғымаларды механикалық пайдалану әдісімен игеру
Арысқұм кен орнының м-іі кешенін механикалық әдіспен игеру және жабдықтарды таңдау
Жаңажол мұнай газ кешенінің 1300-сексиясындағы мұнайды тұрақтандыру процесінің автоматтандырылуын жобалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz