Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалардың түрлері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Кәмелетке томағандарға қолданылатын қылмыстық жазалардың ерекшеліктері


МАЗМҰНЫ

Кіріспе
7
: 1
Кіріспе: Қылмыстық құқық теориясындағы жазалар және олардың түрлері
7: 23
: 1. 1
Кіріспе: Қылмыстық құқықтағы жазаның түсінігі мен мақсаты
7: 23
: 1. 2
Кіріспе: Қылмыстық жазалар жүйесі және олардың түрлері
7:
: 2
Кіріспе: Kәмелетке толмағандарды жазалаудың ерекшеліктері
7: 50
: 2. 1
Кіріспе: Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартудың тарихы
7: 50
: 2. 2
Кіріспе: Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
7: 56
: 2. 3
Кіріспе: Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалардың түрлері
7: 60
:
Кіріспе: Қорытынды
7: 78
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
7: 81

Реферат

Диплом жұмыс тақырыбы : Кәмелетке томағандарға қолданылатын қылмыстық жазалардың ерекшеліктері. Құрылым 2 тараудан, 5 тараушадан және қорытындадан, пайдаланылған эдебиеттерден тұрады.

Тақырыптың өзектілігі . Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы мәселесі әрқашанда, қандай қиын қыстау заман болмасын кез келген халықты алаңдататын мәселе. Оның себебі бүгінгі жасөспірімдер елдің, ұлттың ертеңгі болашағы болып табылатындығында. Бірақ бұл проблема қандай маңызды болмасын, ол әлі де жеткілікті деңгейде зерттелген жоқ. Әрине, біздің елімізде осы бағытта арнаулы зерттеулер жүргізілмеген десек, ол шындыққа сыймас. Зерттеудiң пәні: кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының түсінігі, оның жалпы сипаттамасы, кәмелетке толмаған қылмыскерлердің жеке тұлғалық ерекшеліктері, кәмелетке толмағандар қылмысының жағдайы мен деңгейі кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартудың тарихы, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы, кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалардың түрлері құрайды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен мiндеттерi:

Жұмыста кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мәселелерінің қазiргi жағдайын тиянақты талдауды, яғни, кәмелетке толмағандардың қылмыстылығына қатысты қылмыстық заңдарды, сондай-ақ, ғылыми еңбектерді зерттей отырып, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мәселелерін криминологиялық аспектiде талдауды және оны шешуге қатысты теориялық қорытындылар жасауды мақсат етiп қояды.

Жоғарыдағыларды ескере отырып дипломдық жұмысын жазуда мен алдыма бірнеше міндеттер қойдым, олар төмендегідей:

- Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмаған қылмыскерлердің қылмыстылығының деңгейін анықтау.

- кәмелетке толмаған қылмыскерлердің жауапкершілігінің, оларға жаза тағайындаудың ерекшеліктерін анықтау және осы мәселенің даулы жақтарын көрсету.

- еліміздегі кәмелетке толмаған қылмыскерлердің қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасын беру.

- Кәмелетке толмаған қылмыскерлердің қылмыстылығының себептері мен онымен күресу шараларын анықтау.

Реферат

Тема дипломной работы : особенности уголовных наказаний, применяемых k несовершеннолетни. Структура состоит из 2 глав, 5 глав и заключения, использованных литературы.

Актуальность темы . Проблема преступности несовершеннолетних-это проблема, которая всегда волнует любой народ, независимо от того, в какие тяжелые времена. Причина в том, что сегодняшние подростки являются завтрашним будущим страны, нации. Но какой бы важной ни была эта проблема, она еще недостаточно изучена. Конечно, если говорить о том, что в нашей стране специальных исследований в этом направлении не проводилось, то это не соответствует действительности.

Предмет исследования : понятие преступности несовершеннолетних, ее общая характеристика, особенности личности несовершеннолетних преступников, состояние и уровень преступности несовершеннолетних история привлечения несовершеннолетних к уголовной ответственности, уголовная ответственность несовершеннолетних, виды наказаний, назначаемых несовершеннолетним.

Цель и Задачи дипломной работы: В работе преследуется цель тщательного анализа современного состояния проблем уголовной ответственности несовершеннолетних, т. е. анализа уголовного законодательства, касающегося преступности несовершеннолетних, а также научных трудов, анализа проблем уголовной ответственности несовершеннолетних в криминологическом аспекте и выработки теоретических выводов, касающихся ее решения.

Учитывая вышеизложенное, при написании дипломной работы я поставил перед собой несколько задач, которые заключаются в следующем:

- Определение уровня преступности несовершеннолетних преступников в Республике Казахстан.

- выявить особенности ответственности несовершеннолетних преступников, назначения им наказания и указать на спорные стороны данного вопроса.

- дать криминологическую характеристику преступности несовершеннолетних преступников в стране.

Report

The topic of the thesis : features of criminal penalties imposed on minors. The structure consists of 2 chapters, 5 chapters and the conclusion of the literature used.

Relevance of the topic . The problem of juvenile delinquency is a problem that always worries any nation, no matter what difficult times. The reason is that today's teenagers are tomorrow's future of the country, the nation. But as important as this problem is, it is still not well understood. Of course, if we say that no special research has been conducted in this direction in our country, then this does not correspond to reality.

The subject of the study: the concept of juvenile delinquency, its general characteristics, the personality characteristics of juvenile delinquents, the state and level of juvenile delinquency, the history of bringing minors to criminal responsibility, the criminal responsibility of minors, the types of punishments imposed on minors.

The purpose and Objectives of the thesis : The aim of the work is a thorough analysis of the current state of the problems of criminal responsibility of minors, i. e. the analysis of criminal legislation concerning juvenile delinquency, as well as scientific works, the analysis of the problems of criminal responsibility of minors in the criminological aspect and the development of theoretical conclusions concerning its solution.

Considering the above, when writing my thesis, I set myself several tasks, which are as follows:

- Determination of the crime rate of juvenile delinquents in the Republic of Kazakhstan.

- to identify the features of the responsibility of juvenile offenders, the appointment of their punishment and to point out the controversial aspects of this issue.

- to give a criminological description of the crime of juvenile delinquents in the country.

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан даму, өркендеу процесі берік орын алды. Елімізде жылма-жыл алға өрлеушілік, дүниежүзілік деңгейге көтерілуге қадам басқандық айқын көрініс беруде. Тәуелсіздік алғаннан бері көптеген реформалар жүзеге асты.

Мемлекетіміздің құқықтық негізі берік орнады. Осы аз уақыт ішінде Қазақстан Республикасында көптеген кодекстер - қылмыстық, қылмыстық атқару, азаматтық, азаматтық іс жүргізу, әкімшілік және т. б. қабылданды. Осындай заңдылық нормалардың қабылдануы құқық бұзушылықтың алдын алуға және қылмысты құбылыстармен пәрменді күрес жүргізуге құқықтық негіз жасап берді.

Мемлекетімізде орын алып жатқан осындай оңды жетістіктерімізбен бірге қоғамның одан әрі серпінді дамуына кедергі келтіріп жатқан теріс құбылыстар да бар. Сондай қоғамға жат құбылыстардың бірі - қылмыстылық болып табылады. Қылмыстық көрсеткіші де жылма-жыл өсуде.

Қылмыстылықпен күресуде мемлекет көптеген ұйымдастырушылық шараларын іске қосуда. Қазақстан Республикасының Президенті 2003 жылы 10-шы қыркүйекте қылмыспен қарсы күрес мәселелері бойынша Республикалық кеңесте сөйлеген сөзінде қылмыспен күрес ортақ іске үлес қосқандық деп атап көрсетіп, осы істі жүзеге асырудың нақты он түрлі жолын қадап айтты.

Бұл міндеттерді жүзеге асыруда мемлекеттік өкімет және басқару органдарының қызметін одан әрі жетілдіруді, елімізде құқықтық мемлекет құру ісінде сапалы заңдарды қабылдауды өрістету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда мемлекеттік билік органдарын әділеттілік, заңдылық, жариялылық, ізгілік принциптерін басшылыққа алған мінсіз қызметі өте қажет.

«Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын: әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындадағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз.

Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді?

Олар әл-ауқатты өмір сүре ме, тоғайған, дендері сау әрі білімді білікті бола ма? Олар жақсы әрі азат қоғамда өмір сүре ме? Олар өз қауіпсіздігі мен балаларының қауіпсіздігі үшін алаңсыз бола алар ма, көшелермен емін еркін жүріп, өз дүние-мүлкі үшін қауіптенбес болар ма?

Біз оларға қуатты мемлекет пен өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым қатынасымызды мұра етіп қалдыра аламыз ба?

Біз осынау қарапайым, бірақ маңызды сұрақтарға бүгіннің өзінде жауап беруге тиіспіз» . Ал, Еліміздегі қылмыстардың жалпы санының өсуі жағдайында кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы да көбейіп бара жатыр. 2000-2008 жылдар арасында ол мынадай көрсеткіштерді аңғартады: 7535 (2000ж. ), 11617 (2001ж. ), 11204 (2002ж. ), 12747 (2003ж. ), 13326 (2004ж. ), 13115 (2005ж. ), 15656 (2006ж. ), 13724 (2007ж. ), 9027 (2008ж. ) .

Республика бойынша жалпы алғанда кәмелетке жасы толмағандардың қылмыстарының үлес салмағы 1981-1991 жылдар аралығында, яғни 20 жылда шамамен 9 % құраған болса, ол көрсеткіш соңғы 11 жыл ішінде (1998 -2008) 14 % жақындап отыр. Жасы 18 ге толмаған адамдардың саны еліміздегі жалпы адам санының 33 % құрайтын болса, аталған көрсеткіш деңгейінің қаншалықты зор екендігін байқау қиын емес.

Кәмелетке толмаған қылмыскерлердің жасаған қылмыстары арасында тонау, қарақшылық, қасақана кісі өлтіру, денсаулыққа зиян келтіру, зорлау секілді қылмыстар кең тараған, ұрлық және бұзақылық қылмыстарының 75-80 % кәмелетке толмағандардың үлесінде.

Криминологтардың көптеген зерттеулері кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы бұл негізінен топтық қылмыс екендігін дәлелдеп отыр. Еліміздегі кәмелетке толмағандардың топтасып қылмыс жасау деңгейі алаңдатарлық деңгейде екендігі статистикалық мәліметтер көрсетуде.

Көріп отырғанымыздай кәмелетке толмағандардың топтасып қылмыс жасауынының деңгейі 11 жыл ішінде екі есе өскен.

Жасөсіпірімдердің арасында рецидивист қылмыскерлердің саны соңғы бес жылда 42. 7 % өскен.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы мәселесі әрқашанда, қандай қиын қыстау заман болмасын кез келген халықты алаңдататын мәселе. Оның себебі бүгінгі жасөспірімдер елдің, ұлттың ертеңгі болашағы болып табылатындығында.

Бірақ бұл проблема қандай маңызды болмасын, ол әлі де жеткілікті деңгейде зерттелген жоқ. Әрине, біздің елімізде осы бағытта арнаулы зерттеулер жүргізілмеген десек, ол шындыққа сыймас. Бұл саладағы аз да болса монографиялар мен ғылыми еңбектерден құр алақан емеспіз.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстандық заңгер-ғалымдардың Н. М. Әбдіровтың, Н. А. Әлімовтың, Т. К. Әкімжановтың, К. А. Бегалиевтің, С. Х. Жадыбаевтың, Е. Ғ. Жәкішевтың, Е. І. Қайыржановтың, К. К. Кусниденовтың, Ғ. С. Мауленовтың, М. С. Нарикбаевтың, Г. Р. Рустемованың, Ш. Т. Тайбакованың, И. А. Умановтың, С. Ш. Шапинованың, Ж. Б. Шаяхметованың, А. С. Чокмурованың, Ж. Т. Өтеновтың, Н. Дулатбековтың, Р. М. Шаймерденұлының, Д. Бұғыбайқызының еңбектерін жұмысты жазу барысында басшылыққа алдық.

Жұмыста ресей ғалымдары: З. А. Астемировтың, Е. В. Болдыревтың, М. И. Блумның, К. Е. Игошевтың, А. Н. Игнатовтың, Е. Л. Коневскийдің, Н. А. Ключинскаяның, Г. М. Миньковскийдің, Н. И. Трофимовтың, А. К. Шедринаның, Е. А. Харшактың еңбектерін кеңінен қолданды.

Осы жұмыстың нысаны кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мәселелері болып табылады.

Зерттеудiң пәні: кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының түсінігі, оның жалпы сипаттамасы, кәмелетке толмаған қылмыскерлердің жеке тұлғалық ерекшеліктері, кәмелетке толмағандар қылмысының жағдайы мен деңгейі кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартудың тарихы, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы, кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалардың түрлері құрайды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен мiндеттерi:

Жұмыста кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мәселелерінің қазiргi жағдайын тиянақты талдауды, яғни, кәмелетке толмағандардың қылмыстылығына қатысты қылмыстық заңдарды, сондай-ақ, ғылыми еңбектерді зерттей отырып, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мәселелерін криминологиялық аспектiде талдауды және оны шешуге қатысты теориялық қорытындылар жасауды мақсат етiп қояды.

Жоғарыдағыларды ескере отырып дипломдық жұмысын жазуда мен алдыма бірнеше міндеттер қойдым, олар төмендегідей:

- Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмаған қылмыскерлердің қылмыстылығының деңгейін анықтау.

- кәмелетке толмаған қылмыскерлердің жауапкершілігінің, оларға жаза тағайындаудың ерекшеліктерін анықтау және осы мәселенің даулы жақтарын көрсету.

- еліміздегі кәмелетке толмаған қылмыскерлердің қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасын беру.

- Кәмелетке толмаған қылмыскерлердің қылмыстылығының себептері мен онымен күресу шараларын анықтау.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы:

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мәселелерін криминологиялық аспектiде талдау негізінде Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарын, кәмелетке толмаған қылмыскерлердің қылмыстылығына қатысты тергеу тәжiрибесiн, қылмыстық құқық және қылмыстық-атқару құқығы қалыптары мен ғылыми еңбектерді зерделей отырып, кешендi түрде еліміздегі кәмелетке толмаған қылмыскерлердің қылмыстылығы теориялық және тәжiрибелiк тұрғыда зерттелiндi.

Дипломдық жұмыс нәтижелерінің тәжiрибелiк құндылығы және теориялық маңыздылығы:

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мәселелері әрдайым жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығына қатысты теориялық мәселелерді шешуде тергеу тәжірибені қолдану Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мәселелерін криминологиялық аспектiде талдауға көмектеседі.

Сондықтан, Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының қылмыстық-құқықтық реттелуін кешенді зерттеу қазіргі таңдағы кәмелетке толмаған қылмыскерлердің қылмыстылығын анықтауды дұрыс бағалауға негіз болады.

Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік құндылығы: жұмыстың нәтижесi мен қорытындысы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мәселелеріне қатысты заң актiлерiнiң жобасын жасауда, қабылдауда және жүзеге асыруда қолдануға болады. Және де, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мәселелері теориялық тұрғыда зерттелінген, сондықтан республикамыздың жоғарғы оқу орындарында қылмыстық құқық пәні бойынша дәріс және семинар сабақтарын жүргізуде оқытушы құрам теориялық негіз ретінде әдістемелік материалдар ретінде қолдана алады. Жұмыстың негiзгi ережелерi “Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы”, «Криминология», «Қылмыстық-атқару құқығы» оқу пәнiнен дәрiс және семинар сабақтарын жүргiзуде пайдаланылуы мүмкін.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері.

Зерттеу ғылыми танымдық теория мен тәжірибенің өзара байланысын анықтайтын диалектикалық әдіске негізделген. Дипломдық жұмысты жазу барысында зерттеулердің жеке-ғылыми әдістерін: талдау мен синтез әдістерін, тарихи, формалды-логикалық, жүйелі-құрылымдық және жүйелі-функционалдық әдістерді, статистика мен жинақтау әдістері пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың теориялық негізін қазақстандық, ресейлік заңгерлердің еңбегі құрады. Жұмыс тақырыбының кешендік сипаты отандық және шетелдік заңи әдебиеттерге негізделген. кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығын зерттеуде, оны ұлттық-құқықтық құралмен қамтамасыз етуде автор ішкі мемлекеттік заңдарға, ғылыми еңбектерге сүйенді. Осы материалдар, сондай-ақ, оқулықтар, монографиялар, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының мәселесі бойынша зерттеулер, белгілі бір ғылыми тәжірибелер авторға дипломдық жұмыс бойынша мәселені терең ұғынуға мүмкіндік берді.

1 Қылмыстық құқық теориясындағы жазалар және олардың түрлері

  1. Қылмыстық құқықтағы жазаның түсінігі мен мақсаты.

Елдегі орын алып отырған саяси-әлеуметтік, экономикалық және құқықтық өзгерістер, жарияландыру және ізгілендірілу процесстері жазаға, жазаның мақсаттарына байланысты қалыптасқан көзқарастарды жаңарту және қайта талдау қажеттілігін талап етті. Осыған байланысты, қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі жазаның жүйесі қылмыстық-құқықтық репрессиялауды күшейтуге емес, керісінше қылмыстылықтан сақтандыруға бағытталған.

Жазаның тиімділігі бірнеше факторларға тікелей тәуелді. Ол біріншіден, дұрыс тағайындалуы және заңдылық, азаматтардың заң алдындағы теңдігі, ізгілік, жариялылық, жазаның дараландырылуы қағидаларын сақтай отырып атқарылуы қажет. Сонымен қатар, қылмыскерге әсер ететін жағымды құрал бола отырып, жаза құқық қорғау органдарынан тәуелсіз белгілі бір жағымсыз нәтижелерді туындатады. Жағымсыз нәтижелер әлеуметтік сипатта болғандықтан, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, демографиялық, әлеуметтік-құқықтық, психолого-педагогикалық, криминологиялық шектеулердің жиынтығын білдіреді.

Жаза қоғамның өмір сүру шарттарын бұзатын іс - қимылдарға қарсы, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, қылмыстан сақтандыру үшін қажетті құрал болып табылады. Сондықтан да, жаза келесі талаптарға сай болуы қажет: жаза қылмыс жасаған адамдарды түзеу, жаңа қылмыстан сақтандыру үшін қажетті, жеткілікті, тиімді болуы керек; жаза әділ, яғни жасалынған қылмысқа сәйкес болуы шарт; жазаның мақсаты адамдарға жан-тән азабын шектіру, ар- намысын қорлау емес. Мемлекет және қоғам тарапынан қылмыс жасауда кінәлі деп танылған адамдарға, әсер ету шараларының қолданылуына қатысты әртүрлі философиялық көзқарастардың, ғылыми еңбектердің көп болуына қарамастан, жаза ұғымын, оның мақсаттарын зерттеу күрделі теориялық мәселе болып табылады. Жаза қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың нысаны болып табылатындықтан, мемлекетпен жеке адамның арасындағы туындаған шиеленісті жоятын, құқықтық тәртіптің қалыпты жағдайын қалпына келтіретін, тұлғаны әлеуметке қауіпсіз ететін, бірден бір тиімді құрал ретінде қарастырылады. Бәрімізге белгілі, жауаптылықты дифференциациялау құқықтық мемлекеттің терең, мәнді сипаттамасы болып табылатын негізгі қағида әлеуметтік әділеттілікке негізделген жалпы құқықтық қағида ретінде қарастырылады. Дегенмен де, қылмыстық құқықта - жауаптылық көп жағдайда жаза арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да, жазаны кең әлеуметтік құқықтық категория - қылмыстық жауаптылықты дифференциациялаудан ажырату туралы сөз қозғағанымыз жөн.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаларға қылмыстық құқықтық сипаттама
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары жөніндегі сот қаруының қылмыстан сақтандыру
Кәмелетке толмағандардын - қылмыстық жауаптылығының негіздері
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері мен шектері
Кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстарына тағайындалатын жазалардың түрлері
Кәмелетке толмағандарды жазалаудың тиімділігі
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы және тағайындалатын жазалар
Кәмелетке толмаған қылмыскерлердің қылмыстық жауаптылығы
Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден мерзімінен бұрын- шартты түрде босату
Әкімшілік айыппұлдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz