Республикасының қылмыстық саясатын ізгілендіру бағыттары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Азаматтық қоғамды дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының қылмыстық саясатын ізгілендіру»

Алматы, 2020

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

1 Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының мәні 6

  1. Қазақстан Республикасының қылмыстық

заңнамасының даму тарихы

  1. Қазақстан Республикасының қазіргі қылмыстық

заңнамасының түсінігі және оның негізгі қағидаттары 6

  1. Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы

қылмыстық саясатының ерекшеліктері 13

2 Қазақстан Республикасы мен шетелдердегі қылмыстық

саясаттың жүзеге асырылу барысына салыстырмалы талдау 18

2. 1 Ресей Федерациясының қылмыстық саясатын

жүзеге асыру қағидаттары 18

2. 2 Францияда қылмыстық саясатты жүзеге асыру 23

2. 3 АҚШ-да қылмыстық саясатын жүзеге асыру 29

3 Азаматтық қоғамды дамыту жағдайында Қазақстан

Республикасының қылмыстық саясатын ізгілендіру бағыттары 34

3. 1 Қазақстан Республикасында жүзеге асырылған

ізгілендіру шараларының қылмыстық заңнаманы

жетілдіруге ықпалы 34

3. 2 Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі қылмыстық

заңнаманы жетілдірудегі құқық қорғау органдарының рөлі 41

3. 3 Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын

жетілдіру аясында туындайтын өзекті мәселелер және

оларды шешу жолдары 50

Қорытынды 58

Қолданылған қайнар көздер тізімі 64

КІРІСПЕ

Диплом жұмысы тақырыбын таңдауда өзектілігі мен зерттелу дәрежесі мәселелерінің негізделуі. Қазақстан мемлекетінің алдында тұрған маңызды мәселенің бірі - мемлекеттің саяси бағытын қылмысқа қарсы күресте нақты анықтап, жеткілікті нәтижеге қол жеткізу болып отырғандығы белгілі. Егемендік алғаннан соң, тәуелсіз мемлекет талаптарына сай қылмыс тық саясаттың басқа түрдегі ұтымды бағыттарын анықтау мемлекеттік дәре жедегі қажеттілік екендігі байқалды. Мемлекет басшысының жыл сайынғы халыққа Жолдаулары, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң актілері Қазақстан Республикасын шын мәніндегі адам мен азамат құқық тары мен бостандықтарының қорғалуы мен бүтіндігін қамтамасыз ететін мемлекетке айналдырары сөзсіз.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Ата Заңымыздың 1-ші бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілген [79, 1] . Осы бап талаптарын көздей жүргізілген саясат мемлекет басшылығының қылмыстық саясатқа қатысты ұстанып отырған бағытын көрсетеді.

Жалпы саясат - мемлекет тағдырын шешуге қатысты саяси сипаттағы әрекеттердің жиынтығы десек, қылмыстық саясат - мемлекеттің азаматтар мен қоғамды қылмысты қол сұғу мен жалпы қылмыстардан қорғау жөніндегі қызметі. Қылмыстық саясаттың мәні мақсаттар мен міндетерді, қылмысты лықпен күрес жөніндегі құралдар мен әдістерді әзірлеу болып табылады. Осы себепті де қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселесіне қатысты ғылыми зерттеулердің өзектілігі - байыпты көзқарас пен терең зерттеуді қажет етеді. Қазіргі таңда қылмыстық заңнаманың қазіргі жағдайы мен оны жетілдіру жолдарына арналған келесі мәселелерге қатысты бірқатар ғылыми зерттеулер жүргізілген. Жалпы алғанда қылмыстың алдын - алу мен сақтандыруға, қылмыстық саясаттың өзекті мәселелеріне қатысты жалпы құқықтық және жалпы теориялық методологиялық, танымдық негіздерін көрсететін көптеген маңызды ғылыми жұмыстар жазылған.

Қылмыстық саясаттың жалпы құқықтық және қылмыстан сақтандырудың жеке мәселелерін дамытудағы отандық ғалымдардан осы саладағы құнды еңбектердің авторлары: Т. Е. Сарсенбаев, И. И. Рогов, И. Ш. Борчашвили, М. А. Жұманиязов, Р. Е. Джансараева, А. Н. Ағыбаев, Е. І. Қайыржанов, Ғ. Ы. Баймурзин, Ү. С. Жекебаев, И. И. Рогов, Қ. Ә. Бегалиев, Е. О. Алауханов, Ә. Х. Миндағұлов, Б. Ж. Жүнісов, Ә. А. Темірбеков, Д. С. Чукмаитов, С. С. Молдабаев, З. О. Ашитов, Н. М. Әбдіров, Г. Р. Рүстемова, О. Н. Тлепбергенов сынды ғалымдардың сүбелі көзқарастары қылмыстық саясатты зерттеп, оны жетілдіру саласындағы маңызды зор еңбектер деуге болады. Алайда, қылмыстық саясатты жүзеге асыру әлі де жетілдіруді, түбе гейлі зерттеулерді жасауды талап ететін сала. Өйткені, қазіргі кезде орын алған өтпелі кезеңде экономикалық құрылымдар дың ауысыуына байланысты елде тұрақсыздық көріністері орын алып, жаппай қылмыс жасаушылық деңгейі арта түскен. Осы орайда, осыған дейінгі қылмыстық саясатты жүзеге асыруда қолданылып жүрген іс-шаралар өзінің дәрменсіздігін білдіріп, заман талабына сай келетін ауқымды іс - шараларды қолдану, қылмыстық саясатты жүзеге асыруда тиімді жолдарды іздестіру қажеттілігі туындады. Ол қазіргі кезде мемлекеттік маңызы бар ауқымды да, көкейкесті де мәселе.

Диплом жұмысының зерттеу пәні мен нысаны. Қылмыстық заңнама түсінігі, оның ролі, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының даму тарихы, түрлері, қылмыстан сақтандырудың әлеуметтік рөлі және қылмыстан сақтандырудағы стратегиялық мақсатты қоғамдық қатынастар. Зерттеу нысаны - тәуелсіз Қазақстанның қылмыстық саясатындағы қылмыстан сақтандыру шараларын жүзеге асыру саласында туындаған құқықтық, әлеуметтік қатынастар.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі қылмыстық заңнаманы кешенді түрде зерттеу, қылмыстан сақтандыру шараларының түрлерін жүйелеу және олардың құқықтық табиғатын анықтау, сондай-ақ, қылмыстық саясатты жүзеге асыру саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру үшін қолайлы ұсыныстар жасау.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу керек:

- Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының құқықтық сипаты мен ерекшеліктерін көрсету;

- қылмыстық саясаттың объективті және субъективті факторларының мәнін ашу;

- Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының даму тарихы зерттеу;

- Қазақстан Республикасының қазіргі қылмыстық заңнамасының түсінігі және оның негізгі қағидаттарына талдау жасау;

- еліміздің қазіргі заманғы қылмыстық саясатының ерекшеліктерін анықтау;

- Қазақстан Республикасы мен шетелдердегі қылмыстық саясаттың жүзеге асырылу барысына салыстырмалы талдау жасау;

- Қазақстан Республикасының қылмыстық саясатын жүзеге асыру және еліміздің қылмыстық заңнамасын жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтау;

- Қазақстан Республикасында жүзеге асырылған ізгілендіру шараларының қылмыстық заңнаманы жетілдіруге ықпалын талдау;

- Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын жетілдіру аясында туындайтын өзекті мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын ұсыну.

Теориялық және әдістемелік негізінде зерттеу - диалектикалық әдіс, жалпы ғылыми, сондай - ақ жеке қолданбалы әдістерді қолдана отырып құқықтық құбылыстарды ғылыми зерттеу жатады. Диплом жұмысын жазуда сонымен қатар тақырыптың зерттеу деңгейіне байланысты қағидаларына, тарихи, логикалық - салыстырмалы құқықтық, жүйелік тәсілге, сараптамалық бағалауға, эмпирикалық - статисти калық талдауға зор көңіл бөледі.

Зерттеудің нормативтік базасы ретінде Отандық және шетелдік заңи - нормативті қайнар көздер, құқық қорғау органдарының архивтік құжаттары, статистикалық деректемелер, анықтамалар, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған құқық қорғау органдарының жұмыс қорытындысын көрсететін деректер, Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының 2002-2016 жылдардағы еліміздің әр түрлі аймақтарында қаралған қылмыстық істер бойынша жарияланған материалдары мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен оның аумақтық органдарының мәліметтері және Қазақстан Республика сының Ішкі істер министрлігінің шолулары мен хабарламалары.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысы Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын жетілдірудің негізгі мәселелерін ашып көрсетуге бағытталған. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын жетілдірудің негізгі бағыттарын зерттеу - құқықтық мемлекет болып табылатын еліміздің басты міндеттерінің бірі, еліміздің құқықтық саласын халықаралық талапқа сай гуманизациялау. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығын ізгіліктендіруге ҚР Тұңғыш Президентіміздің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауындағы стратегиялық жоспарға сай әзірленген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдары орындалды. Себебі, Н. А. Назарбаев халыққа жолдауында, келесі онжылдықтағы стратегиялық жоспарда, құқық қорғау органдарының рөлін айта келіп, «Біз құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша байыпты жұмыс жүргізуге тиіспіз» - деп атап көрсеткен. Президент 2011 жылы 18 қаңтарда «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қылмыстық заңнаманы одан әрi iзгiлендiру және қылмыстық процестегi заңдылықтың кепiлдiктерiн күшейту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» № 393-IV ҚР Заңына қол қойды.

Теориялық және тәжірибелік зерттеу маңызы: зерттеу пәніне тікелей қатысты жоғарыда аталған ғалымдардың ғылыми еңбектері. Жұмыстың нәтижесі бойынша берілген ұсыныстар мен тұжырымдар құқық қорғау органдарына қылмысқа қарсы күрес жүргізу барысында және олардың алдын алу мәселелерін шешуде елеулі көмек көрсетеді. Бұл зерттеудің нәтижесі қылмыстық заңнамасының ары қарай жетілдіру, қылмыстық заңнамада жаңа институттарының сот төрелігін жүзеге асырудың тиімді құралы ретінде дамыту, қолдану механизмін жетілдіру үшін маңызды.

Жұмыс көлемі және құрылымында қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселесі бойынша зерттелген oтaндық жәнe шeтeлдік aвтopлapдың eңбeктepі, нopмaтивтік-құқықтық актілер, мepзімді бacылымдap қoлдaнылғaн. Зepттeу кіpіcпeдeн, мәні бoйыншa тиіcті үш бөлікшeлepгe бөлінгeн үш бөлімнeн, қopытындыдaн, пaйдaлaнылғaн әдeбиeттер тізімінeн жәнe қocымшaлapдaн тұpaды. Зеpттeу жұмыcының көлемі - 76 бeт.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ МӘНІ

1. 1 Қазақстан Республикасының қазіргі қылмыстық заңнамасының түсінігі және оның негізгі қағидаттары

Бәрімізге мәлім, 2014 жылы жаңа Қылмыстық құқықтық, Қылмыстық прцестік, Қылмыстық-атқару кодекстерінің қабылдануымен мемлекеттегі қылмыстық заңнама ізгілендірілді. Осындай саясат келесі қағидаттарға негізделеді. Қазақстан Республикасы өз Конституциясына сәйкес адам құқықтары мен бостандық тарын, олардың заңды мүдделерін басқа да игіліктерін жоғары дәрежеде қорғайтын мемлекет болып табылады.

Қылмыстық саясатты зерттеу кезінде қылмыс ұғымына анықтама беру, сонымен қатар бұл құбылыстың мәнін ашып көрсетудің маңызы зор. Негізінде қылмысқа анықтама берудің екі жолы бар: формальді және мате риалдық. Бұл екі түрлі қылмыс ұғымының мәнін ашуға көмектеседі. Бұл жерде материалдық жол арқылы қылмыстың түсінігіне анықтама беру өте тиімді жол болып табылады. Қылмыстың белгілері: қоғамға қауіптілік, заңға қайшылық, айыптылық, жазаланатындық. Кейбір авторлар қылмыстың белгі леріне моральға қарсылықты да жатқызады.

Ұйымдасқан қылмыс мемлекеттің экономикалық дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, мерзімдік дағдарыстың негізгі себебі болуда. Сонымен қатар, нарық реформасының басталуы мен оған халықтың «бой үйрету» үдерісінің ұзаққа созылуы, заңсыз баюды, рейдерлік әрекеттер мен басқа да жаңа заман қылмыстарын туындатты. Алайда, «нарыққа өту халықтың әлеуметтік таңдауына қайшы келмейді. Нарық бүкіл қоғамның ізгілік жағдайымен біріккен кезде ғана адамдар қажеттілігін қанағаттандыру мен олардың игіліктерінің әділетті бөлінуінің, құқықтардың сақталуы мен демократияның нығаюын қамтамасыз ете алады» деп көрсетті ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев [52, 31 б. ] .

1991 - 95 жылдар аралығындағы рэкет проблемасы, одан кейінгі сыбайлас жемқорлық, басқа да түрлі қылмыстар елдің еңсесін түсіріп қана қоймай, бюджеттің қазынасына қанша қаржының түспей қалуына әкеліп соқты. Бұл мем лекет дамуына кедергі келтірген жағдайдың бір жағы болса, екінші кезекте орталықтандырылған жоспарлау жүйесінен құтылу мен экономикалық прогрес стерге жаңа бағыт сілтеу мәселелерін шешу Президентке жүктелгендігі белгілі. Мемлекеттің басқа мемлекеттер арасында абырой жинап, бекемді беделге ие болуы үшін ішкі саясат проблемаларымен қоса сыртқы саясатты жүргізу, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, қоғамдағы қалыптасқан қылмыстық ахуалды төмендету мәселелері кезек күттірмейтін өзекті мәселелер. Бүгінгі қалыптасып отырған жағдай деңгейі - күшті Президенттік биліктің арқасында орын алғандығын ашық айту керек. Президенттің қылмыстық саясат саласын дағы реформаны қолға алмастан бұрын сот жүйесіне назар аударып, баса көңіл бөлгенін дамыған құқықтық мемлекеттердегі сот жүйесінің орнын көре білгенімен түсіндіруге болады. Осы жерде ҚР Конституциясының 76 -бабын келтіре кетейік:

1. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және оның мақсат - міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостан дықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясы ның, заңдарының, өзге де нормативті құқықтық актілерінің, халық аралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды.

2. Сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады.

3. Соттар шешімдері мен үкімдері өзге де қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады.

Бұл жерде бұл бапты келтіре кетуіміздің өзіндік себебі бар. Құқықтық мемлекет құруға бағыт алған біздің қоғамымызда шағым мен талап -арыз дарды сотқа емес, Президентке жазу сияқты теріс үрдіс қалыптасқан. Осы ірі сипаттағы құқықтық білместіктен туындайтын кемшіліктерді жою үшін шұғыл түрде республикадағы сот билігінің беделін көтеру керек болды. Бұл бағыттағы істердің бірі - соңғы кездегі сот жүйесіндегі ірі реформалардың жүзеге асырылуы. Ал, Президент лауазымының мәні - күнделікті тұрмыстық сипаттағы дауларды шешуден емес, Республика көлеміндегі, халықаралық аренадағы саяси мәні бар құбылыстарда маңызды рольді иеленуімен ерекше ленеді. Жалпы құқықтық мемлекет ұғымы өте кең түсінік. Заң ғылымында құқықтық мемлекеттің нақты қалыптасқан түсінігі жоқ. Бұл бір жағынан дұрыс та, өйткені ғылымның шексіз екендігі мәлім. Құқықтық мемлекеттің идеясы мен мұраттарын жаппай тарату қазіргі уақыттың құбылысы болды, адамдар бұл құбылыспен мемлекеттік және қоғамдық өмірдің демократиялан дыру келешегін, әділдік пен адамгершіліктің жетістіктерін байланыстыруда. Бұл ойдан түйеріміз - құқықтық мемлекетттің құрылуы мен қызмет етуі - адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды басты мақсат ретінде қойған мем лекет үшін қалыпты құбылыс. Мемлекетіміздегі қылмыстық саясат “бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды” деген ережесімен ерекшеленеді. Жауапкершілікті белгі лейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелерді жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайтын жағдайды қылмыстық топтар мен қандай да бір қылмыс жасаған адамдарға берілген жеңілдік немесе жауапкершіліктен құтылып кетудің жағдайы деп қарастырмай, қайта біздің қылмыстық саясаттың ізгілендіру қағидасына бағытталғандығының дәлелі деп білуге болады. ҚР Конституциясының 1- бабында көрсетілген Республика қызметінің түбегейлі қағидаларын Республика қызметінің қылмыстық саясат саласындағы да қағидалары ретінде қарастыруға болады. Себебі аталмыш қағидалардың көздеген мақсат тары мен мүдделері арасында үлкен көлемдегі айырмашылық жоқ.

«Қылмыстық саясат - мемлекеттің саяси - әлеуметтік, экономикалық саладағы саясатымен қатар тұратын, мемлекеттің жалпы саясатының бір бөлігі, сонымен қатар қоғам мен мемлекеттік органдардың қылмыспен және қоғамға қауіпті басқа да әрекеттерге қарсы жүргізілетін жұмысының бағытына жетекші бағыт беретін, заңдардың дәл орындалуына негізделген, өз маңызында әртүрлі қылмыспен күрестің бірыңғай тапсырмасын атқаратын органдардың дифферен циалды қызметінің бағытын белгілейтін әрекеттердің жиынтығы» [50, 53 б. ] . Жоғарыда көрсетілген пікір қылмыстық саясаттың толық түрдегі түсінігін беруге тырысқан. Бірақ, қылмыстық саясатты мемле кеттің басқа саясаттарымен қатар қоюға болмайтындығын, мемлекеттің қыл мыстық саясатының әрқашанда басым рольге ие болу керектігін, қылмыстық саясаттың мықты болуы басқа саясаттың түрлерінің дұрыс жүргізілуіне кепіл болады деген ойымды ұсынамын.

Алғаш рет «қылмыстық саясат» ұғымын Франц Фон Лист өзінің «Қылмыстық саясат міндеттері» атты еңбегінде 1888 жылы әзірлеген.

Қылмыстық саясат үш мағынада қарастырылады:

  • қылмыстылықпен күрестің мақсатын, міндеттері мен қағидатта рын белгілейтін нормативтік актілермен реттелетін мемлекеттік қызмет;
  • мақсаттарды, міндеттер мен қылмыстылықпен күрес қағидаттарын жүзеге асыруға бағытталған тәжірибелік мемлекеттік қызметтің ерекше түрі;
  • қылмыстылықпен күрестің стратегиясы мен тактикасы туралы ғылыми теория.

Құқық саласына байланысты қылмыстық заңнама келесі бағыттарға бөлінеді:

  • қылмыстық - құқықтық заңнама;
  • қылмыстық - процессуалдық заңнама;
  • қылмыстық - атқару заңнама;
  • жедел - іздестіру саласын реттейтін заңнама;
  • әкімшілік - құқықтық заңнама.

Қылмыстық заңнаманың екі негізгі мақсаттарын атауға болады:

стратегиялық мақсаттар - қоғамның нақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

тактикалық мақсаттар - қылмыстылықты тежеу және оны әлеуметтік тұрғыдан құптауға тұрарлық деңгейде болуын қамтамасыз ету.

Мемлекеттің қылмыстық заңнамасы тек қылмыспен күресуге бағытталмауы керек, сонымен қатар болашақта жасалынуы мүмкін қылмысты әрекеттерге тосқауыл қою үшін тиімді бағыттарды белгілеуі керек.

Саяси үрдістерге бір партия басшылық жасап, бағытын анықтаса, оның немен аяқталатынын тарихтан білеміз. Жалпы алғанда аталған авторлардың пікірін есепке ала отырып, қылмыстық саясатқа мынадай анықтама берейік.

Қазіргі Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы дегеніміз - мемлекеттің саяси, құқықтық, экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттегі қылмыстық қатынастар деңгейін төмендету, жолын кесуге, жаңа қылмыстарды алдын алуға бағытталған саяси мәні бар нормативтік-құқықтық актілер жүйесі болып табылады. Отандық мамандар қылмыстық саясат мәселесіне жеткілікті зерттеу жасамағандықтан Ресей мемлекетінің ғалымдарының көзқарасына сүйенуге тура келеді. Н. И. Загородников қылмыстық саясатқа келесідей түсінік берген: «қылмыстық саясат - бұл әлеуметтік топтар, ұлттар, таптар арасындағы және де қоғам мен жеке тұлға арасындағы қатынастар, бұл қатынастар өз мазмұнын совет азаматтарының қылмыспен күресетін орган дар қызметіне қатысуымен толықтырады; сонымен қатар бұл анықтаманың мазмұнына мемлекет пен органдардың қызметі мен міндеттері, және де қоғам дық ұйымдардың халықпен жасалған мемлекет пен жеке адамдардың мүдде сін қорғауға бағытталған ұмтылысы жатады» [32, 25 б. ] деп көрсеткен. Қылмыс тық саясаттың осы анықтамасымен келісуге болады, бірақ анықтамада жаза мәселесі, жазамен қорқыту, жаза орнына қылмыскерге қолданылатын әкімшілік және қоғамдық әсер ету шаралары қылмыстық саясатты жүзеге асырудың бір ден-бір құралы екендігі көрсетілмегендігі қылмыстық саясаттың мәні жөнінде сенімсіз қорытынды жасауға ықпал етеді.

Қылмыстық заңнаманың анықтамасында жаза мәселесі көрсетілуі тиіс деген пікірмен келісуге болмайды. Өйткені жаза, жазамен қорқыту мәселесі қылмыстық құқықтың проблемасы екені рас. Ал қылмыстық заңнама тек жазаны тағайындау мәселесін қарастырумен шектелмейді және қылмыстық саясат өз маңызында жаза тағайындаумен қоса, қылмыстық құқықтық нормаларды жасау, қылмыстық нормативтік актілер мен қылмыстық іс жүргізу заңнамаларын жетілдіру жасау сияқты әрекеттерді қамтиды. Ал осы жағдайларды көрсете отырып, қылмыстық заңнаманың анықтамасын ықшам, түсінікті жасау мүмкін емес. Ал, қылмыспен күрес саласындағы қызметтің бағытын жаза тағайындау арқылы айқындау қылмыстық заңнаманың мәнін ашып көрсетеді.

Қылмыстық заңнаманың мәні тек жаза тағайындаумен шектелмейді, оның мәні - қоғамдағы қалыптасқан қылмыстық ахуалдың жай - күйін зерттеуге бағытталған саяси сипаттағы әрекеттер.

Қылмыстық заңнама өз маңыздылығы бойынша қылмыстық құқық cаласына қарағанда кең ауқымды, өйткені қылмыстық заңнамат қылмыспен күрестің қылмыстық құқықтық әдістері мен құралдарын белгілеп қана қоймай, сонымен қатар құқық бұзушылықты жою жөніндегі шараларға қатысты мәселелерді, және де өз маңызында әлеуметтік, ұйымдық, идеоло гиялық сипаттағы әрекеттерді қамтиды.

Қылмыстық саясат тиісті органдар мен ұйымдардың жаза қолданудың үш саласы бойынша жүзеге асыратын қызметінің негізгі бағыттарын айқындайды. Бұл әрекеттер келесідей сипатта: қылмысты тез және толық түрде ашу, айыптыларды залалсыздандыра отырып, заңды дұрыс қолдануды қамта масыз ету; жасалған қылмыстарды дұрыс саралау және мақсатты, әділ түрдегі жазаларды тағайындау; сотпен тағайындалған жазалардың орындалуы және жаза арқылы әсер етудің қалыпты қорытындыларын бекіту.

Қылмыстық саясаттың мәнін осылай түсіну қылмыстық құқықтық саясат, қылмыстық процесуалдық саясат, соттық саясат, еңбекпен түзеу саясаты терминдерін қолдануда құқыққа қайшылық тудырмайды. Менің ойымша бұлар қылмыстық саясаттың құрамдас бөліктері болып табылады, сонымен қатар, бұлардың әрқайсының пәні қылмыстық саясат пәнінің ажыра мас бөлігі болып табылады.

Жоғарыдағы көрсеткен қылмыстық саясаттың бөлігі болып табылатын соттық саясатты қылмыстық - процессуалдық саясатқа жатқыз атын авторлар бар. Қылмыстық процесуалдық саясат ретінде мемлекеттің құқық шығармашылық қызметінің негізгі бағыттары мен уәкілетті органдар дың қылмыстың себептері мен қылмысқа жол берген жағдайларды жоя отырып, социалистік заңдылықты қатаң сақтай отырып, жасайтын құқық қолданушылық қызметін түсіну керек. Бірақ, біздің мемлекетіміздің дербес тік құрылымын ескере отырып, бұл анықтаманың біздің қылмыстық саясат тың толық сипаттамасын бере алмайтындығын айта кету керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық саясат
Қылмыстық саясаттың негізгі бағыттары
Қылмыстық құқық бұзушылықтан сақтандыру - қылмыстық саясаттың құрамдас бөлігі
Қазақстан Республикасынның қылмыстық саясаттың түсінігі және сипаттамасы
Қазақстанда және шетелдерде өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолдануды талдау
Іргелі елге – ізгі заңнама
Өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның түсінігі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ЖҮЙЕСІНДЕ ОРЫН АЛҒАН РЕФОРМАЛАР
Құқықтық мемлекетті нығайтудағы президент жолдауларының маңызы және тиімділігі
Жазаны өтеуден босату
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz