Мәліметтер қорын пайдаланушылар категориялары
КІРІСПЕ
Еліміздегі жүріп жатқан қоғамдық қатынастарды бағдарлаудың
өзгерістері, қоғам алдындағы өмірдің өзі тудырып отырған жаңа міндеттерді,
барлық дәрежедегі, оның ішінде жоғары білікті мамандар даярлауға деген
сұранысты арттырып отыр.
Қазіргі кезеңде адам үшін, қажетті мәліметті алу мақсатында
компьютерді қолдана отырып, әр түрлі мәліметтерді өңдеуді көздейтін
компьютрлік білімділік өзекті мәселе болып табылады.
Мен диплом алдындағы өндірістік практиканы №27 жалпы орта білім беру
мектебі -деп аталатын қаламыздағы білім беру кешенінің бірінде өттім. Яғни
бұл жерде мәліметтер базасымен тікелей жұмыс күнделікті істелініп отырады
және тағы басқа инновациялық компьютерлік технологиялармен жұмыс орнына
сәйкесінше тікелей жабдықталған. Сол себепті де мен келешекте дипломдық
жобамның тақырыбын мәліметтер базасын басқару жүйесімен сәйкес алдым.
Себебі бүгінгі таңда ақпараттық-технологияның дамыған заманында адамзат
баласы күнделікті мыңдаған тіпті миллиондаған ақпараттармен жұмыс істеуіне
тура келеді. Бұл ақпараттар ағымын бір жүйеге келтіру, оны дер кезінде әрі
оңай қол жетерліктей дәрежеге жеткізу басты проблемалардың бірі. Бұл
алдыңғы айтылған мәселлерге тікелей байланысты, яғни кез келген маман, қай
салада болмасын, компьютерді қолдана алуы тиіс және бұл қазіргі кезде әрбір
мекемеде, кәсіпорында міндетті болып табылады.
Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың қарқынмен дамып,
күнделікті тұрмысқа енуіне байланысты соңғы кездері программалауға деген
қызығушылықтың арта түскені белгілі. Қазіргі уақытта компьютерсіз қандай да
бір жұмыс орындауды көз алдымызға елестету қиын. Бұл компьютермен жұмыс
істейтін адамға қандай да бір ұмтылысты тудыруы мүмкін.
Егер құрылатын мәліметтер қорын локальды, жеке қолдану керек болса,
негізгі талап қолданушыға қойылады, ал көпшілік қолданатын болса
мәліметтерді дұрыс жинақтау талабы администраторға жүктеледі. Ол өз
кезегінде жаңа мәліметтердің дұрыс енгізілуін бақылайды. Мәліметтер қоры
негізінде автоматтандырылған фактографиялық және құжаттық ақпаратты жүйелер
болып бөлінеді. Фактографиялық жүйелер форматталған жазуларды қолданады.
Мысалы: кадрлардың есебін жүргізу беті. Құжаттық жүйелер құжаттың мазмұнына
сәйкес іздеу мүмкіндігін береді.
Мәліметтер қорының жалпы түсінігі - айрықша іріктеліп, ұйымдастырылған
жазулар мен файлдардың жиынтығы. Мәліметтер қорының бір типі - документтер
(құжаттар), олар тақырыптары бойынша іріктеліп, біріктіріліп мәтін
редакторы көмегімен теріледі. Мысалы: финанстық мәліметтер, жеке бас
қағаздары, басқарма жұмысының іс-қағаздары. Құжаттарды электрондық кестелер
көмегімен өңдеуге, сақтауға, жұмыс істеуге, яғни диспетчері болуға болады.
Бірақ, электрондық кестелер арқылы өңдеуге келмейтін мәліметтер жинағы
болуы мүмкін. әр файлда жазылған үлкен информациядан ең қажеттісін іздеп
табу, бір информацияны бірнеше қайтара қолдану қажет болса, электрондық
кестеден гөрі Мәліметтер қорын басқару жүйелерін (МҚБЖ) – ін қолданған
тиімді.
І-БӨЛІМ. ПӘНДІК АЙМАҚТЫ СИПАТТАУ
1. Мәліметтер қоры туралы жалпы мәлімет құрылымы
Мәліметтер қоры бұл ақпараттарды сақтау үшін арналған ұйымдастырылған
құрылым. Алғашқы кезде, яғни, мәліметтер қоры түсінігі қалыптаса бастаған
жылдары, бұл қорларда тек қана мәліметтер сақталып жүрді. Бірақ бүгінгі
күнгі мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) өз құрылымында тек қана
мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар тұтынушылармен немесе басқа да
программалық-ақпараттық кешендермен қарым-қатынас жүзеге асырылатын
әдістерді (яғни, бағдарламалық код) де орналастыруға мүмкіндік береді.
Осылайша біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек қана мәліметтер ғана
емес, сонымен бірге ақпарат та сақталатындығын айта аламыз.
Егер, мысалы, ірі банктің мәліметтер қорын қарастыратын болсақ, бұл
анықтаманы оңай түсіндіруге болады. Бұнда клиенттер туралы, олардың мекен-
жайлары, кредиттік тарихы, есеп шоттарының жағдайы, қаржылық операциялары
және т.б. туралы мәліметтер сақталады. Бұл қорға банктің көптеген
қызметкерлері кіре алады. Бірақ олардың ішінде бұл қорға толықтай ие
болып, оған өзі жеке өзгерістер енгізе алатын адам жоқ.
Мәліметттерден басқа қорда әр түрлі әдістер мен жабдықтар бар, ол
әрбір қызметкерге оның компетенциясына кіретін мәліметтермен ғана жұмыс
жасауға мүмкіндік береді. Қордағы мәліметтердің нақты қызметкерлерге тиісті
әдістермен өзара байланысы нәтижесінде қызметкерлер пайдаланатын және өз
компетенциясы шеңберінде мәліметтерді енгізу мен өзгертуді жүргізетін
ақпарат қалыптасады.
Мәліметтер қоры түсінігімен мәліметтер қорын басқару жүйесі түсінігі
тығыз байланысты. Бұл жаңа қордың құрылымын құру, оны мәліметтермен
толтыру, мәліметтерді өзгерту мен ақпараттарды визуалдау үшін арналған
бағдарламалық жабдықтар кешені. Қордың ақпаратын визуаладау деп берілген
критерилерге байланысты көріністегі мәліметтерді іріктеуді, оларды
тәртіптеуді, толықтыру және шығару құрылғысына беру немесе байланыс
каналдары бойынша жіберуді түсінуге болады.
Әлемде көптеген мәліметтер қорын басқару жүйелері бар. Олардың әр
түрлі объектілермен әр түрлі жұмыс істеу мүмкіндігі мен пайдаланушыларға әр
түрлі функциялар мен жабдықтар ұсынатындағына қарамастан мәліметтер қорын
басқару жүйесінің көбі ортақ негізгі түсініктердің тұрақты кешеніне
негізделеді. Бұл бізге бір жүйені қарастырып, оның түсініктерін, әдістерін
және тәсілдерін мәліметтер қорын басқару жүйесінің барлық классына
жалпылауға мүмкіндік береді.
1.2. Мәліметтер қорының кең түрде қолданылуының алғы шарттары
Мәліметтер қорының айқын басымдылықтары мен объективті алғышарттары
оның кең түрдегі қолданысына әкелді. Оны қолданудың алғы шарттарына
келесілер жатады:
• нақты өмірдің объектілері өзара күрделі қарым-қатынаста болады.
Бұның бәрі олардың ақпараттық көрінісі өзара байланысқан бір
бүтінді қалыптастыруды талап етеді;
• әртүрлі пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктері өзара
қиылысады, ал бұл бір мәліметтер базасын қолдануды және әртүрлі
пайдаланушылардың оған кіру мүмкіндігін бір мақсатты қылады;
• ақпараттық қорды құру мен жүргізу функциялары мен қажетті
мәліметтерді ұсыну әртүрлі тапсырмаларды шешуде универсалды және
жалпы болып табылады. Мәліметтерді басқару үшін мамандандырылған
программалық жабдықтарды құру бұл функциялардың орындалу
деңгейінің өсуі мен ақпараттық жүйелерді құрудың еңбек
сыйымдылығының қысқаруына әкеледі;
• техникалық және программалық қамтамасыз етудің дамуының қазіргі
заманғы деңгейі, ақпараттық жүйелерді құру теориялары мен
практикасы тиімді мәліметтер қорын құруға мүмкіндік береді.
1.3. Мәліметтер қорын пайдаланушылар категориялары
Мәліметтер қормен оның құру мен функционалдау процесінде әр түрлі
категориядағы пайдаланушылар бірге іс-әрекет жасайды.
Пайдаланушылардың негізгі категориясы болып түпкілікті
пайдаланушылар, яғни, олардың қажеттіліктері үшін мәліметтер базасы
құрылатын пайдаланушылар табылады. Құрылушы мәліметтер базасының
ерекшеліктеріне байланысты оның түпкілікті пайдаланушылар әр түрлі бола
алады. Бұл мәліметтер қорына мезгіл өткен сайын көңіл аударатын кездейсоқ
пайдаланушылар болуы мүмкін немесе тұрақты, яғни, әрдайым пайдаланатын
пайдаланушылар болуы мүмкін. Түпкілікті пайдаланушылар бір-бірінен
есептеуіш техниканы меңгеру дәрежесімен де ерекшеленуі мүмкін. Түпкілікті
пайдаланушылардан есептеуіш техника мен тіл жабдықтары саласында арнайы
білім талап етілмеуі керек.
Мәліметтер қорын функционалдау мәліметтер қорын құруды,
функционалдауды және дамытуды қамтамасыз етуші мамандардың қатысуынсыз
мүмкін емес. Мамандардың бұндай тобы мәліметтер қорының администраторлары
(МҚА) деп аталады. Мамандардың бұл тобы мәліметтер қорының құраушы бөлігі
болып есептелінеді.
1.4. Мәліметтер қоры администраторының байланыстары
Мәліметтер қорының администраторы өз қызметінің барысында мәліметтер
қорының басқа пайдаланушыларымен, сонымен қатар Мәліметтер қорының
пайдаланушылары болып табылмайтын "сыртқы" мамандармен де қарым-қатынасқа
түседі.
Ең алдымен егер мәліметтер қоры қандай да бір кәсіпорынды немесе
ұйымды ақпараттық қамтамасыз ету үшін құрылса, онда осы ұйымның
әкімшілігімен қарым-қатынас қажет. Жоғарыда көрсетілгендей мәліметтер қорын
енгізу ақпаратты өңдеу жүйесінде ғана емес, сонымен бірге ұйымды басқарудың
бүтіндей жүйесіне де өзгеріс енгізеді. Бұндай үлкен жобалардың ұйым
басшылығының белсенді түрде араласуынсыз және қолдауынсыз орындалмайтыны
анық. Ұйым басшылығы мәліметтер қоры мен ұсынылатын мүмкіндіктермен танысуы
керек, оның басымдылықтары мен жеткіліксіздіктері туралы хабарлануы тиіс,
сонымен қатар мәліметтер қорының құрылуы мен функционалдануы барысында
пайда болатын мәселелер жайлы ақпарат алуы тиіс.
Мәліметтер қоры пәндік облыстың динамикалық ақпараттық көрінісі болып
табылатындықтан мәліметтер қорының администраторлары өз кезегінде
ақпараттық жүйе құрылатын объектінің даму переспективасы туралы уақытында
хабарлануы тиіс.
Ұйым басшылығы мен мәліметтер қорының администраторы мәліметтер қорын
құрудың негізгі бағыттары мен уақыты және оның дамуы, пайдаланушыларды қосу
кезектілігі туралы келісуі қажет.
Мәліметтер қорының администраторларының мәліметтер қорының бүкіл
өмірлік циклінің кезеңдеріндегі өте тығыз байланыс түпкілікті
пайдаланушылармен байқалады. Бұл қарым-қатынас пайдаланушылардың
қажеттіліктері зерттелген кездегі, пәндік облыстың ерекшеліктері анықталған
кездегі жүйені жобалаудың алғашқы кезеңдерінде басталады және жобалау
процессі мен жүйенің функционалдануы кезінде де қолдау табады.
Соңғы уақыттарда мәліметтер базасының түпкілікті пайдаланушылары мен
администраторлары арасында функцияларды қайта бөлу жүріп жатқандығын айта
кеткен жөн. Бұл ең алдымен түпкілікті пайдаланушыларға бағытталған тілдік
және бағдарламалық жабдықтардың дамуымен байланысты. Бұған қарапайым және
соған қоса күшті сұрау салу тілдері, сонымен қатар жобалауды автоматтандыру
жабдықтары жатады.
Егер мәліметтер базасы қандай-да бір оны қосушы автоматтандырылған
ақпараттық жүйенің (мысалы, АҚЖ-да) құрамында функционалданса, онда
мәліметтер қорының администраторына бұл жүйеде мәліметтерді өңдеу бойынша
мамандармен қарым-қатынаста жұмыс істеуі қажет.
Мәліметтер қорының администраторлары оған қатысты мамандардың сыртқы
топтарымен де және ең алдымен мәліметтер қорын басқару жүйесі және ҚПП
жеткізушілерімен, басқа мәліметтер қорының администраторларымен қарым-
қатынасқа түседі.
Мәліметтер қорының мамандандырылған жобалық ұжымдармен бүтіндей
немесе мәліметтер қорын жобалаудың өзіндік нысаны ретінде жиі құрылады. Бұл
жағдайда мәліметтер қорының әкімшілік қызметі ұйымдық-өндіруші ретінде де,
ұйымдық-тапсырыс беруші ретінде де құрылуы керек.
1.5. Компьютер құрылғылары
Компьютер – бұл бір ғана аспап емес, сыртқы және ішкі, негізгі және
қосымша түрлі құрылғылардың жиынтығы.
IBM PC – негізгі құрылғыларына жүйелік қорап, монитор, пернетақта,
тінтуір жатады.
Қосымша немесе шеткері құрылғыларды бірнеше топқа бөліп қарастыруға
болады:
← Ақпаратты енгізу құрылғылары (мәтіналғы (сканер), дигитайзер,
сандық фотокамера, сызбалық планшет);
← Ақпаратты шығару құрылғылары (басып шығарғыш (принтер), плоттер);
← Енгізу және шығару қызметтерін бірге атқаратын құрылғылар (модем,
дыбыстық бейімдеуіш, желілік бейімдеуіш).
Жүйелік қорап компьютердің негізгі тораптарын қамтиды.
- жүйелік тақша
- процессор
- оперативті жады
- тұрғылықты диск
- алмалы дисклермен жұмыс істеуге арналған диск жетегі.
- CD және DVD диск жетектері
- бейнесызбалық бейімдеуіш
- дыбыстауыш (дыбыстық бейімдеуіш)
- желілік тақша
- енгізу – шығару порттары
- қоректендіру блогы
Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік
тақша арқылы өңделеді. Аналық тақша бұл компьютердің барлық құрамдас
бөліктері қосылатын күрделі көп қабатты мөрлік тақша. Аналық тақша мыс
өткізгіш жолшықтар желісімен қапталған, олардың бойымен мәліметтер тақшада
құрастырылған микросхемалар мен компьютердің басқа да құрылғылары қосылатын
слоттарға жеткізіледі. Әрбір құрылғы белгілі бір слотқа қосыла алады.
Компьютер сипаттамасының басында, орталық процессордың (central
processing unit, CPU) типі мен жиілігі, оперативті жады (random, access
memory, RAM) сипаттамасы беріледі. Компьютердің бұл құрамдас бөліктері – ең
бастылары, бұлар компьютер жұмысының шапшаңдығын анықтайды.
Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу
құрылғысы болып табылады. Процессор микросхема ретінде ұсынылған және
оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессордың жылдамдығы
мегагерцпен немесе гигагерцпен өлшенетін оның ырғақтық жиілігімен
анықталады.
Процессордың үстіне радиатор, радиаторға процессорды салқындатуға
арналған желдеткіш (кулер) орнатылады.
Компьютердің оперативті жадысы (ОЗУ) немесе Random Access Memory
мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді.
Оперативті жадының көлемі мегабайтпен өлшенеді. Қазіргі заманғы
қосымша бағдарламалардың көпшілігі жұмыс істеу үшін 64 Мб оперативті жады
көлемі қажет және іске қосылған бағдарламаның әрбірі талап етеді. Қазір
компьютерлерге ең аз дегенде 256 Мб оперативті жады орнатылады.
Диск жетектері – бұл алуан түрлі тасымалдаушылардың мәліметтерді
шығарып оқуға және жазуға арналған физикалық құрылғылар. Диск жетектері
ішкі немесе сыртқы болады және кабель не өткізгішсіз жалғастыру арқылы
компьютерге қосылады. Ішкі диск жетектерінің әр қайсысына екі кабель
жалғанады: мәліметтер кабелі және қоректену кабелі. Мәліметтер кабелі диск
жетегін аналық тақшаға, қоректену кабелі – қоректену қорабына қосады. Дәл
осындай кабельдер сыртқы диск жетектерінде де бар: мәліметтер кабелі –
компьютер порттарының біріне, қоректену кабелі – қорек көзіне қосылады.
CD және DVD диск жетектері мәліметтерді ықшам дискілерге жазуға және
оқуға мүмкіндік береді.
CD және DVD дискілер – ауыспалы тасымалдаушылар. CD дискіге 400 Мб,
DVD дискіге 4,7 Гб ақпарат сыяды. Кез келген диск жетектері мәліметтерді
оқи алады, көбісі – жазуға да қабілетті, бірақ мәліметтерді сақтауға және
алмастыруға арналған арнайы құрылғылар да бар. Әдетте бұлар сыртқы
құрылғылар, оларға компьютердің USB – портына тікелей қосылатын USB диск
немесе флэш - карта жатады. Флэш карталар өте ықшам, қазіргі таңда оларға
128 Мбайттан 4 Гбайтқа дейін ақпарат сыяды.
Желілік тақша – компьютерді компьютерлер желісіне мүмкіндік береді.
Желілік тақшалардың бірнеше түрі бар: Ethernet, token ring және сымсыз
желілерге қатынас құруға арналған тақша. Ең танымалдары – Ethernet және
сымсыз желілер.
Монитор – мәтіндік және сызбалық ақпаратты бейнелеуге, пайдаланушы мен
компьютер арасындағы ақпараттық байланысты қамтамасыз етуге арналады.
Мониторлар электронды сәулелі түтікшелі және сұйық кристалды дисплейлі,
түрлі түсті және монохромды болады, бір бірінен көлемі жағынан ерекшеленеді
(кинескоп немесе матрица диагоналі – 9-42 дюйм немесе 23 – 106 см болады).
Мониторлар міндетіне байланысты реттеудің, түр түсті түзетудің және
құралдарымен жабдықталады. Түрлі мониторлардың ажыратымдылығы да әр түрлі,
яғни енгізілетін кескіндердің нүктелер саны көлденеңі мен тігінен – ең
үлкен кәсіби мониторларда 640*480 нүктеден 1600*1280 нүктеге дейін барады.
Ажыратымдылық неғұрлым жоғары болса, бейнебеттегі кескін соғұрлым айқын
болады.
Модем – компьютерлерге телефон желілері немесе байланыс желілері
арқылы өзара мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. Модемнің негізгі
сипаттамасы – мәліметтерді жеткізу жылдамдығы (битсекунд). Кең тарағаны –
стандартты dial – up модемдер (56 кбитсек дейін), DSL модемдер (128
Кбитсек дейін) және кабельдік жолдарға арналған модемдер (30 мың Кбитсек
дейін). Модемдер ішкі және сыртқы болады.
Басып шығарғыш – сызбалық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.
Мәтіналғы – мәтіндік және сызбалық ақпараттың сандық көшірмесін
жасайтын құрылғы.
Колонка, құлаққап – дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.
Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізу және оның жұмысын басқару үшін
пайдаланылады. Қазіргі кезде кеңінен тараған Windows – қа лайықталған
пернетақта 104 пернеден тұрады. Оның екеуі - Windows терезелері бейнеленген
пернелер. Пернетақтаның әрбір пернесі оймақты ажыратын – қосқышқа арналған
қақпақ болап табылады. Пернетақта 4 бөлікке бөлінген:
- әріптік – сандық бөлік
- жүгіргіні басқару және мәтінді түзету пернелері
- жетелкі пернелер
- сандық бөлік
Тышқан - өзін тегіс бетте қозғалтқанда бейне беттегі жүгіргіні
жылжытатын шағын монипулятор.
Тышқан – компьютермен әдетте сым арқылы жалғанатын және тұрпаты
кәдімгі тышқанға ұқсайтын, 2-3 батырмасы бар қорапша. Оны басында қалжындап
mouse - тышқан деп атағанмен, кейіннен осы сөз ресми атауына айналып
кетті. Тышқанды үстел бетінде немесе басқа да жазықтық бетінде қозғалтқан
кезде компьютер бейне бетінде тышқан көрсеткіші – жүгіргі сол ретпен
қозғалады. Жүгіргі орындалып отырған амалға қарай өз түрін өзгерте алады.
Қандай да бір әрекетті орындау қажет болғанда пайдаланушы тышқан
пернелерінің бірін басады.
Тышқандің сол жақ пернесін бір рет шерту – нысандарды ерекшелеу үшін
қолданылады.
Тышқандің оң жақ пернесі – мәтін мәндік мәзірді шақыру үшін
қолданылады.
IІ-БӨЛІМ. БАҒДАРЛАМАЛАУ ОРТАСЫНА СИПАТТАМА
2.1. Объектілі – бағытталған бағдарламалау негізі
Жоғары деңгейлі программалау процедуралық, логикалық және объектілі –
бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа
шыққан және объектілі – бағдарлы бағдарламалау (ОББ) негізінде құрылған
бағдарламалау тілдері – Object Pascal, Microsoft Visual Basic, Borland
Delphi, Borland C++ for Windows.
ОББ тілінде бағдарламаның жұмысы оқиғалар тізбегінен және әртүрлі
объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері
-Visual Basic тілі – Qbasic бағдарламалау тілі негізіңде, Delphi тілі –
Объектілі Паскалъ (Object Pascal) тілі негізінде. Windows операциялық
жүйесін басшылыққа алып құрылған (visual – көзбен көру, экрандық). Олар
әсіресе, Delphi бағдарламалау тілі – кез келген қосымшаны дайындауға
болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.
Delphi–дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары
оның бірте-бірте кеңейтілген 2,3,4,5,6 -нұсқалары жарық көрді. 5,6-
нұсқалардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows 32
операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Delphi 6-да иитернет үшін
қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және берілгендер қорымен жұмыс
істеуде өзгешеліктер енгізілген.
Delphi-дің негізгі ерекшелігі – онда қосымша құруда компоненттік және
объектілік тәсілдер пайдаланылады. Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: ол
қосымша арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттерден жинақталады. Ол
жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме бағдарлама құрылады.
Компоненттер визуальды компоненттер кітапханасында (VCL -Visual Component
Library) жинақталған. Компоненттер панелінде түрлі кластарға тиісті
стандартты компоненттер өте көп. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны
осы панельге қосуына да болады.
Delphi-де бағдарлама дайындауға, бағдарлама мәзірін құруға, анимация,
мультимедиа процестерін ұйымдастыруға, OLE технологиясын пайдаланып, басқа
офистік косымшаларды шақыруға, сондай-ақ олармсн жұмыс істеуге және тағы
басқа іс-әрекеттерді орындауға болады. Көптеген операторлардың жазылуы
Турбо Паскальдағы сияқты. Бірақ мұнда бағдарламалауды үйрену үшін объект,
оқиға, касиет, әдіс, класс ұғымдарымен еркін танысып, компоненттерді
пайдалану және әртүрлі командалардың жазылу түрлерін білу қажет.
2.2. Borland Delphi – туралы мәліметтер жинағы
Delphi – бұл Object Pascal сияқты керемет программалау тілі . Pascal
тілі 1990 жылы шықты, ол сол кезде жетінші сериясын шығаруда болды. Сол
кезде визуалды программалау және программа құру, сонымен бірге тез Windows
жүйесі тарады. Сондықтан жетінші сериядан соң программистерге Pascal-дың
сегізінші сериясын шығарған жоқ, бірақ Delphi дікі бірінші шығарды. Проект
осы атпен 1993 жылы шықты, ал 1995 жылы сатуға Borland Delphi-дің бірінші
версиясы шығарылды.
Неге осы атпен проект шыққан екен. Бәрі жай Егер сіз Оракулмен
сөйлескіңіз келсе, онда Делфиге барыныз Бұл, әрине, мәліметтер базасына
баруға көмек, ол Oracle, және Грецияда Дельфи деген қала бар, онда
мифологиялық Оракул болған.
Неге Delphi де программа құру өте қолайлы? Delphi-ді басқа
программалау жүйелерімен салыстырайық – Visual Basic және C++.
Егер Delphi-ді, мысалы C++ салыстырсақ, онда біздің көретініміз Delphi-да
программа жазу тез және ыңғайлы.
Delphi-ді Visual Basic-пен салыстырсақ, онда көретініміз Visual Basic-
та жазылған программалар аз орын алады, бірақ оның жұмыс істеуіне қосымша
файлдар (DLL кітапханасы) қажет. Сол үшін жай программаның өзі 2 Мбайт орын
алады.
1995 жылы шыққан Borland Delphi 1.0 революция болды, Pascal-дың
жетінші версиясынан кейін шықты. Егер оны Delphi-дің алдынғы версияларымен
салыстырсақ, онда Delphi 1 мүмкіндіктері бүгінгі күнде өте ыңғайсыз.
Borland компаниясы жылдан жылға Delphi-дің жаңа версиясын шығаруда.
Windows 95 жаңа операциялық жүйесінің пайда болуында Delphi 2 шығарылды,
онда оның мүмкіндіктері және стандартты жаңа операциялық жүйесі ескерілді.
Delphi-дің бірінші версиясы екінші версиядан айырмашылығы 32 разрядты
және жаңа компонеттерді қолдайды, олар Windows 95 стилінде орындалады. Егер
программист барлық қазіргі заманғы технологияларды және жаңа компоненттерді
қолданғысы келсе, Delphi дің соңғы версияларын пайдалана білуі керек.
1997 жылы Delphi-дің үшінші версиясы шығарылды. Delphi 3 бағдарламасы
сол кезде кең дамып келе жатқан Интертнет желісіне және клиент – серверлік
технологиясына бағытталған. Delphi 3 – те мәліметтер базасында жаңа
драйверлер және SQL шығарылды.
Delphi 4 те динамикалық массивтер енгізілді, ол өте ыңғайлы ,
жақсартылған программа отладкасын, жаңа компонеттер және CORBA қолдайды.
Delphi 5 2000 жылы шығарылды, мәліметтер базасын және көптілді
қолдады. HTML беттерін құру үшін Internet Express жүйесі құрылды.
Delphi 6 2001 жылы жарыққа шықты, өзімен бірге көптеген жаңа
компонеттер алып келді, ол Интернетпен өте тығыз интегралданды.
Delphi 7 өзін бағдарламаны қамтамасыздандырумен ортасымен әзірлейді.
Delphi жетінші версиясында Windows XP толығымен шықты. Delphi 2 сияқты жаңа
компонеттер Windows 95 стилінде қосылды, алты жыл өткеннен кейін жаңа
компонеттер жаңа операциялық жүйе стилінде құруға рұқсат береді.
Қазіргі кезде Delphi соңғы версиясы – сегізінші. Borland Delphi 8 NET
Framework формасында құруға қолданылады.
2.3. Borland Delphi бағдарламалаудың негізгі терезелері
Жалпы Delphi бағдарламасын Windows арқылы іске қосу үшін келесі
командалар орындалады: Іске қосу – Бағдарламалар – Borland Delphi 6 –
Delphi 6. Төменде Delphi ортасының терезесі көрсетілген.
2.3.1-сурет. Delphi ортасының жалпы терезесі
Delpli-дің негізгі терезесінің құрамына негізгі мәзір, аспаптар панелі
және компонеттер палитрасы. Негізгі мәзір пункттеріне Dеlрһі-де жұмыс істеу
командалары, аспаптар панеліне, мәзір пункттеріне енгізілген негізгі
командаларды орындайтын түймелер орналастырылған.
Ортада бағдарлама құруға арналған модуль терезесі (бағдарламалық код
терезесі) дс іске қосылады. Ол форма терезесінің астында орналасқандықтан,
дұрыстап көрінбейді.
2.4. Жоба. Форма. Қасиеттер. Объект инспекторы терезесі
Delphi-де дайындалатын бағдарлама жоба (проект) деп аталады. Форма –
бағдарламаны дайындау алдында ашылатын, бағдарламаның сұхбаттық терезесі.
Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен (тақырыбымен)
көрінеді. Бағдарлама құру үшін формаға компоненттер палитрасында орналасқан
түрлі компоненттер орнатылады. Кей жағдайларда экранда форма көрінбеуі
мүмкін. Оны экранға шығару үшін View – Forms командасын беру жеткілікті.
Форманың және формаға енгізілетін компоненттердің әртүрлі қасиеттері
бар. Қасиет (Сипаттама, параметр) – айнымалылардың ерекше бір түрі. Олар
объектінің әртүрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін анықтайды.
Мысалы, форма қасиеттерінің мәндері – форма тақырыбының мәтіні, өлшемі,
экранда орналасуы, түсі. Delphi іске қосылған кезде форма қасиеттеріне
алғашқы сәйкес мәндер меншіктеліп қойылады.
Бағдарлама құру – форманы не онда орнатылған компоненттің кейбір
қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Объект инспекторы (Object
Inspector) терезесіне енгізілген қасиеттер тізімін шығару үшін объектіні
таңдап алу керек. Инспектор терезесінің жоғары қатарына таңдалған объект
(нысан) атауы да жазылып қойылады. Мысалы, Delphi іске қосылған кезде
форманың ашылған қасиеттер терезесі 1-суретте көрсетілген. Терезенің екі
қосымша беті бар: Properties (Қасиеттер) және Events (Оқиғалар). Терезе
ашылғанда екі бағанға енгізілген жазулардан құралады, оның Properties
бөлімі ашылулы тұрады (1-сурет). Біршші бағанда көрінетіндер – қасиет
атаулары, екінші бағанға сәйкес жазылғандар – олардың мәндері.
Форманың кейбір қасиеттері:
Name (Атау) – формаға берілген атау. Ол Delphi объектілерінің негізгі
қасиеттерінің бірі. Бағдарламаның жұмыс істеуі барысында Delphi объектіні
осы атау бойынша ажыратып таниды. Delphi-дің формаға автоматты түрде
алғашқы рет меншіктеген атауын (Form1) өзгертіп, басқа атау беруге де
болады. Ол үшін қасиеттер терезесінен Name касиеті таңдалып, жаңа атау
перне тақтадан теріледі.
Font (Шрифт) – формаға шығарылатын мәтін шрифтінің қасиеті. Оны
таңдап, оң жағында көрінген көп нүкте (...) түймесін шерткен кезде Windows-
тің сұхбаттық Шрифті тандау терезесі көрінеді. Терезеден, әдеттегідей
қажетті шрифт типін, өлшемін таңдап (мысалы, Times New Roman, 10), OK
батырмасын шерту керек.
Caption (Тақырып) – форма терезесінің тақырыбына енгізілетін мәтін.
Алғашқы кезде касиеттер терезесінің Caption қасиетіне Ғоrm1 сөзі енгізіліп
қойылады. Оның мәнін өзгерту Name қасиетіне мән меншіктеу сияқты.
Color (Түс) – форманың түсін орнату қасиеті. Ол таңдалған кезде оң
жағында тілсызық түймесі көрінеді. Тілсызық түймесі – қасиет мәнінің
бірнешеу екенінің белгісі. Тілсызық белгісін шерткен кезде мәндер (түстер)
терезесі ашылады. Тізімде көрінген қалаған түс таңдалып сол форма сәйкес
түске боялып қойылады.
Width (Ені), Height (Биіктігі) – пиксель өлшем бірлігімен берілген
форманың ені мен биіктігін орнату қасиеттері (бұл мәндер форманы қолдан
кеңейту не сығу кезінде де автоматты түрде орнатылып койылады).
Экранда қасиеттер терезесі көрінбесе, оны шығару үшін View – Object
Inspector командасын беру жеткілікті. Ол F11 батырмасымен басылған ксздс де
көрінеді.
2.5. Оқиғалар. Бағдарламалық код терезесі
Delphi-де бағдарламалар әртүрлі оқиғалар арқылы басқарылады. Оқиға –
бағдарламаның жұмыс істеуі барысында объект жағдайының белгілі бір
әрекетке жауабы ретінде өзгерілуі. Мысалы, пайдаланушы бағдарлама құру үшін
алдымен формаға компонент орнатуы, форманы не формада орналастырылған
компонентті тышқан арқылы шертуі мүмкін. Оның әр іс-әрекеті оқиға шақырады.
Delphi-де әр оқиғаға атау беріліп қойылған. Мысалы, компоненттер
палитрасының Button түймесі арқылы формада орнатылған Button1 компонентін
шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады.
Әр объектіге байланысты окиғалар көп. Мысалы, формаға байланысты
оқиғалар саны – 35 (3.5.1-сурет). Олар қасиеттер терезесінің Events қосымша
бетіне енгізілген. Терезеде оқиға атауларының алдында On префиксі
(қосымшасы) тіркестіріліп жазылған. Ол – атаудың оқиға екендігін білдіретін
белгі.
2.5.1-сурет.Форма оқиғалары
Delphi ортасында жиі кездесетін оқиғалар:
OnClick – тышқанды бір рет басу;
OnKeyDown – перне тақта батырмасын басу;
OnCreate – форманы екі рет шерту және т.б.
Проект екі бөлімнен тұрады: автоматты түрде project1 атауы берілген
проект файлы (негізгі модуль) және unit1,pas атауы берілген модуль. Олар
жеке терезелерде орналасқан. Модульге оқиғаларға сәйкес іс-әрекеттерді
орындайтын бағдарлама мәтіні (процедуралар) енгізіледі. Бағдарлама мәтінің
бағдарламалық код деп, ол енгізілетін терезені бағдарламалық код терезесі
деп атайды. Формадан код терезесіне өту және код терезесінен формаға өту
үшін F12 батырмасын басу қажет.
Төмендегі суретте форманы екі рет шерткен кезде код терезесіне
енгізілген процедура дайындамасы көрсетілген.
2.5.2-сурет. Бағдарламалық код терезесі
Процедура дайындамасының жазылу түрі:
Procedure атау (Sender:TObject);
сипаттау бөлімі
begin
процедура денесі
end;
мұндағы Sender – құрылатын процедураның қай класқа тиістілігін
анықтайтын параметр.
Терезенің сол бөлігіндегі – браузер терезесі. Онда код терезесінде
барлық жарияланулардың құрылымын көріп шығуға болады.
2.6. Borland Delphi ортасында қолданылатын компоненттері
Delphi ортасының компоненттері бағдарлама орындалғандағы көріністің
пішімін анықтайтын бөлек элементтері ретінде қолданылады. Сонымен қатар,
Delphi ортасының көрінісіпен жұмыс атқармайтын, яғни визуальды емес
көптеген маңызды компоненттері бар. Дәлірек айтсақ, компонент алдын-ала
даярланған бағдарламаның үзіндісі, оны қажет болғанда құрылып жатқан
бағдарламаға ендіруге болады деп түсіну керек.
Delphi ортасының құрамына бірнеше компоненттер кіреді. Соларды кейбір
маңыздыларын қарастырайық.
3.6.1-сурет. STANDARD парағы
STANDARD парағының кұрамына келесі компоненттер кіреді:
Frame – жиектері бар форма тәрізді аумақ, басқа компоненттердің
контейнері ретінде қолданылады.
MainMenu – бағдарламаның негізгі меню жүесі. Компонент арқылы күрделі
меню құрып, жұмыс атқаруға болады.
PopupMenu – көмекші меню. Әдетте бұл меню тышқаннаң оң жақ батырмасын
басқан кезде пайда болады (контекстік меню).
Label – белгі. Компонентке шағын жазуды орналастыру мақсатында
қолданылады.
Edit – енгізу қатары. Бір мәтіндік жолды енгізуге және түзету
амалдарын орындауға қолданылады.
Memo – көпжолдық мәтін редакторы. Енгізу және шығару амалдарын
орындауға қолданылады.
Button – нұсқаулық батырма. OnClick оқиғасын өңдеуші үзінді кейбір
нұсқауларды орындайды.
CheckBox – тәуелсіз ауыстырғыш. Бағдарламаның орындалу бары-сында
тышқанды басқанда ауыстырғыштың Checkеd мәні өзгертіледі.
RadioButton – тәуелді ауыстырғыш. Әдетте ол осындай тағы да бір
компонентпен бір топқа біріктіріледі. Тышқанды басқанда, алдыңғы таңдалған
компоненттің босатылуына себеп болады.
ListBox – таңдау тізімі. Опциялар варианттарының тізімін ұсынады және
таңдалған бір опцияны бақылауға мүмкіндік тұғызады.
ComboBox – қиыстырылған таңдау тізімі. Таңдау тізімінен және мәтін
редакторынан тұрады.
ScrollBar – басқару белдеулері. Windows – терезелері сияқты тік және
көлденең белдеулерін ұсынады.
GroupBox – элементтер тобы. Бір мағыналық компоненттерді біріктіру.
RadioGroup – тәуелді ауыстырғыштар тобы. Бір-бірімен байланысқан
бірнеше ауыстырғыштармен жұмыс атқаруға мүмкіндік тұғызады.
Panel – тақташа. Бірнеше компоненттерді біріктіру үшін қолданылады.
Ішкі және сыртқы жиектері бар, жаңшылған және дөңесті эфектілерді көрсетуге
болады.
ActionList – әрекеттер тізімі. Пайдаланушының біртектес элементтер
тобындағы басқару элементін таңдау әрекетіне бағдарламаны сезіндіру
амалдарын орындатуға арналған.
Additional парағы. Additional парағының құрамына сұхбаттасу
терезелерін орнату үшін қолданылатын келесі компоненттер кіреді (5-сурет).
3.6.2-сурет. Additional парағы
BitBtn – бетінде суреті және жазуы бар нұсқаулық батырма.
SpeedButton – Пиктограммалық батырма. Әдетте негізгі менюдің
опцияларына қол жеткізу үшін қолданылады.
StringGrid – жолдар кестесі. Осы компонент мәтіндік мәліметті кесте
түрінде көрсетуге мүмкіндік туғызады.
Image – сурет. Осы компоненттің көмегімен суреттерді, пиктограм-малар
мен метафайлдарды шығаруға болады.
Shape – фигура. Осы компоненттің көмегімен әр түрлі фигураларды
(төртбұрыш, эллипс, шеңбер т.с.с.) формаға орналастыруға болады.
Bevel – жиектеу. Бір аумағын үш өлшемді жиекпен немесе белдеулер-мен
жиектеу.
ScrollBox – қарап шығу белдеулерімен қамтылған тақташа. Егер
тақташадағы орналастырылған компоненттер ашылған терезеде толығымен
көрсетілмесе, онда белдеулер автоматты түрде орнатылады.
CheckListBox – ұсынылған тізімнен бірнеше опцияларды таңдауға
мүмкіндік туғызады (әр опция CheckBox ауыстырғышымен қамтылған).
StaticText – статистикалық мәтін, Label-ден айырмашылығы - өзіндік
Windows терезесімен қамтылған. Сондықтан бұл терезедегі мәтінді жиектеуге
болады.
ControlBar – басқару белдеулері. Drag$Dock технологиясындағы компо-
ненттерді “айлақтату” жабдығы-контейнері.
Chart – диаграмма. Берілгендерді графикалық көрінісін шығаратын арнайы
тақташаларды құруды жеңілдетеді.
Dialogs парағы. Dialogs парағында Windows ортасының стандартты
сұхбаттасу элементтерін ұйымдастыру үшін қолданылатын компоненттері
орналасқан (6-сурет). Осы парақтың объектілері орындалғанда көрінбейді және
сұхбаттасу жұмыстары бағдарламалы орындалады.
3.6.3-сурет. Dialogs парағы
Мысалы,
if OpenDialogl.Execute then Imagel.Picture.LoadFromFile(OpenDia logl.
FileName);
Windows-тің сұхбаттасу терезелерінің Dialogs парағында пайда
болуларының реті:
OpenDialog – сұхбаттасуды тандау;
SaveDialog – файлды сақтау;
FontDialog – қәріпін орнату;
ColorDialog – түсті тандау;
PrintDialog – баспаға шығару;
PrinterSetupDialog ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz