Қазақстан Республикасының сыртқы саяси доктринасыныңкөпвекторлылығының тұжырымдамалық негізін айқындау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
3
Кіріспе:

1

3:

Қазақстан Рспубликасының халықаралық қатынастардағы көпвекторлық бағыты

7
Кіріспе:

1. 1

3: Қазақстан Республикасының көпвекторлық бағытының теориялық және практикалық негізі
7
Кіріспе:

1. 2

3: Қазақстан Республикасының сыртқы саяси доктринасының көпвекторлылығының тұжырымдамалық негізі
15
Кіріспе:

2

3: Қазақстан мен Қытайдың екіжақты қарым-қатынас бағыттары
31
Кіріспе:

2. 1

3: Қазақстан-Қытай стратегиялық әріптестігінің орнауы мен қазіргі жағдайы
31
Кіріспе:

2. 2

3: Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының арасындағы энергетика саласындағы және сауда-экономикалық ынтымақтастық
39
Кіріспе:

2. 3

3: Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының шеңберінде дамып отырған қауіпсіздік саласындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы
52
Кіріспе:

Қортынды

3: 59
Кіріспе:

Әдебиеттер тізімі

3: 65
Кіріспе:

Қосымша А

3:
Кіріспе:

Қосымша Б

3:
Кіріспе:

Қосымша В

3:

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Кеңес Одағының ыдырауы 20 ғасырдың соңғы мезгіліндегі ең ірі уақиғаның бірі болып, жалпы халықаралық саяси жағдайдың өзгеруіне әкеліп соқты. Бұрынғы Кеңес Одағының үлкен шаңырағынан бөлініп жаңа отау көтерген дербес елдердің бірнешеуі Қытай Халық Республикасымен (ары қарай - ҚХР, Қытай) кршілес. Олардың ішінде Қытай үшін ең маңызды көршісі болып отырғаны - қазақ елі.

Қазақсан Республикасы (ары қарай - Қазақстан, ҚР) Еуропа мен Азияның тоғысқан жерінде болып, оның дербес болуы Еуроазия құрлығының геосаяси жағдайының өзгеруін туындатты. Егемен Қазақстанның сыртқы стратегиялық бағыты, Қытаймен қандай қатынас орнату жөніндегі көзқарасы, Қытай үшін өте маңызды болып есепеледі. Сонымен бірге, Қытайдың да аталмыш істерге деген көзқарасы Қазақстан үшін де маңызды. Қытай мен Қазақстан қатынасы екі жақ үшін ғана маңызды болып қалмай, осы аймақтағы елдерге, тіпті бүкіл әлем қауымдастығына да тигізетін әсері өте зор болып отыр.

Қытай мен Қазақстан арасындағы тарихи байланыстар тарихы сонау көне замандар қойнауынан бастау алатыны баршамызға мәлім. Тағдыр екі елдің халықтарының маңдайына қатарласа өмір сүріп, көршілік байланыста болуды жазған.

Қытай мен Қазақстан мемлекеттері арасындағы дипломатиялық қатынас орнағаннан кейінгі, жиырма сегіз жылдан астам уақыттан бері дамып келе жатқан ынтымақтастық байланыстардың тәжірибесі, екі ел үшін, жан-жақты тату көршілік және достық қатынастың орасанзор және ұзақ мерзімдік маңызын айқындап беруде.

Қытай-Қазақстан екі ел халқының ұзақ тарихи достық қатынасы бар. Әлемге әйгілі «Жібек жолы» екі ел халқының қоян-қолтық қатынасын жалғап келді. Реформа жүргізіп экономиканы дамыту -Қытайдың қазіргі алға қойып отырған басты міндеті. Бұл міндетті орындау үшін бейбіт тұрақты халықаралық орта қажет. Сол үшін Қазақстан мен бейбіт және тепе-тең тұру, бес принциптің негізінде қарым-қатынас дамыту Қытай сыртқы саясатының басты бір құралы. Қытай Қазақстанмен қатынасын дамытуға ерекше назар аударып, оны сыртқы қатынастарындағы ең басты орынның біріне қойып отыр. Қазақстан мен достық қатынасты жақсарту Қытайдың батыс, солтүсік аймақарындағы тыныштық пен осы аймақтың экономикасын дамытуға септігін тигізетіні белгілі.

Қытаймен ынтымақтасықты жақсартудың Қазақстан үшін де маңызы зор. Қазақстан ашық теңізге төтелей шыға алмайын құрлықтық ел болғандықтан, Қытай Қазақстанның әлемге шығудағы үлкен бір есігі болып табылады. Сонымен бірге Қытай-Қазақстан мемлекеттерінің өзара экономикалық, мәдени, информациялық ынтымақтастығының орнатудың екі жаққа да қомақты пайдасы бар.

Ежелгі «Жібек жолын» қайталай жаңғыртып оны осы заман жобасына сай етіп қолдану Қытай-Қазақстан халықтарының болашағы мен осы аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылық үшін қосатын үлесі зор болып қала бермек. Қытай елбасшылары Қазақстанмен қарым-қатынасына баса мән беріп келеді.

Тәуелсіздікке қол жеткізген бетте-ақ, әлемдегі алып елдердің бірі көрші жатқан Қытай Халы Республикасымен мемлекетаралық достық қатынастарды орнату егеменді Қазақстанның сыртқы саясатындағы кезек күттірмес міндеттердің бірі болды. ҚХР-мен арадағы шекара мыңдаған шақырымға созылып жатыр. Мемлекеттік шекараны бөлісу процессі де уақытынды әрі сәтті аяқталды.

Бұл елдің миллиардтан астам халқы, үлкен экономикалық мүмкіндігі, оның экономикасының тұрақты дамуы, екі елдің шекаралас аудандарындағы тұрғындардың этникалық жақындығы осының бәрі және басқа көптеген факторлар Қазақсанның сыртқы саясатындағы негізгі басым бағыттардың бірі ретінде Қазақстан-Қытай қатынастарын бөліп крсетуге объективті алғы шарттар жасайды.

ҚХР үкіметінің Қазақсанға берген кепілдіктері республиканың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Қазақстан КСРО құрамында болған тоталитарлық кезеңде, әсіресе, 60-70 жылдары Қытаймен арадағы қатынастар те шиеленісіп кеткен болатын. ҚХР-мен саяси және экономикалық салаларда тең дәрежедегі достық қатынастарды орнату тарихы республика басшылығының мүдделеріне жауап береді, әрі олардың үлкен болашағы бар, сондықтан бұл маңызды мәселені саяси-тарихи тұрғыдан талдау, алғашқы тәжірибелерді қорыту және сол негізінде болашақты бағамдау өте өзекті болып табылады.

Дипломдық жұмыстың зерттелу ахуалы. Осы дипломдық жұмыстың тарихнамалық, тұжырымдық, практикалық негізін әр түрлі зерттеулер менмерзімді басылымдар құрайды. Тарихнамалық мәліметтер негізінен Елбасы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президетінің "Ғасырлар тоғысында", «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» [1] еңбектерін саралау жолымен алынды. Әлеуметтік саясат және соның ішінде елдің көршілес елдермен экономикалық қатынастары жайлы мәліметтерге Елбасының Қазақстан Республикасының халқына 2003, 2005, 2014 жылдардағы жолдауларын және де «Қазақстан - 2050» стратегиясын талдау арқылы қол жеткізілді.

Тәуелсіздік алған соң сыртқы саясат пен дипломатиялық қатынастардың жүргізілуі және Қазақстанның Қытай Халық Республикасы басшылығымен өткізген келіссөздері мен кездесулері жайлы мәлімет тәжірибелі дипломат және қазіргі Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың «Беласу. Дипломатиялық очерктер» және «Нұр мен көлеңке» деген еңбектерінде толықтай сипатталған [2] .

Қазақстанның сыртқы саясатының көпвекторлылығын сипаттау үшін Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2014 - 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы қарастырылды [3] . Сонымен қатар Қытай мен ШЫҰ-ның шеңберңнде қабылданған екі жақты және көпжақты бірнеше келісімдер талданды.

К. Л. Сыроежкин «Китай в Центральной Азии: от торговли стратегическому партнерству» деген мақаласы Қытайдың геосаясатының мәнін экономика, сауда, қауіпсіздік тұрғысынан ашады [3] .

Жұмысты жазуда К. Л. Сыроежкиннің «Проблемы Современного Китая и безопасность в Центральной Азии» атты кітабы өте құнды болды. Бұл зерттеуінде автор қазіргі Қытайдың өзекті мәселерін ашып көрсете алған. Қазіргі кездегі Қытайдың өзінің батыс аймағына аса көңіл аударып жатқаны туралы жазады, бұл аймақ шығысқа қарағанда экономикалық әлеуметтік жағынан өте төмен болғандықтан, Қытай Шыңжаң-Ұйғыр Автономиялық Республикасын (ары қарай - ШҰАР) дамыту туралы үлкен концепция қабылдады. Осы концепцияны дамытуда Қазақстанның рөлін автор өте дұрыс көрсеткен. Қазақстаннан келетін энергоресурстардың көп бөлігі осы аймақты дамыту мақсатында жұмсалынады.

Қытай мен Қазақстанның стратегиялық қатынастары сан қырынан сипатталған және талданған О. Бейсенбаевтың аналитикалық мақалалары екі ел арасындағы қарым-қатынастың бүгінгі таңдағы ахуалы жайлы құнды мағұлмат береді.

Жұмысты жазуда қолданылған мерзімдік басылымдардан Егемен Қазақстангазетін атап өтуге болады. Ең алдымен, Қытай мен Қазақстанның Сыртқы істер министрліктерінің ресми сайттарына екіжақты құжаттар мен келісімдердің мазмұнв мен шарттарына назар аудару керектігін айтуға болады. Ғаламтордағы негізгі қайнар көздерден «Қазақстан - 2050» (strategy2050. kz) және «Қазақстан тарихы» сайттарын да атауға (e-history. kz) болады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының көпветорлы сыртқы саясатындағы Қытай Халық Республикасына берілген орынды анықтап, бүгінгі күн тұрғысынан баға беру.

Осы мақсаттты орындауға байланысты автор өз алдына бірнешеміндеттер қойды:

  1. Қазақстан Республикасының көпвекторлық сыртқы саясатының теориялық және практикалық негізін зерттеу;
  2. Қазақстан Республикасының сыртқы саяси тұжырымдамалық негізін айқындау;
  3. Қазақстан-Қытай стратегиялық әріптестігінің орнауы мен қазіргі жағдайын қарастыру;
  4. Қазақстқатынатан мен Қытай Халық Республикасының арасындағы энергетика саласындағы және сауда-экономикалық ынтымақтастық барысын талдау;
  5. Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы шеңбңрідегі қауіпсіздік саласындағы Қытай-Қазақстан ынтымақтастығын саралау.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы. Дипломдық жұмыстабірінші теориялық бөлімінде Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының көпвекторлық сипатын көрсететін ғалымдар мен саясаткерлер пікірлері талданылады. Сонымен қоса, екінші бөлімде Қытай мен Қазақстан араснындағы стратегиялық ынтымақтастық пен одан туындайтын энергетикалық, экономикалық серіктестік және аймақтық ұйым шеңберіндегі қауіпсіздік бойынша қатынастары бір жүйеге келтіріліп, талданды. Халықаралық қатынастар саласында, осы тақырыпта қазақ тілінде жазылған зерттеулермен салыстырғанда дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы - белгілі мәліметтермен бірге жаңа мәліметтерге және қайнар көздерге негізделуі болып табылады.

Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығы. Диплом жұмысынжазу кезінде пайдаланылған материалдарды және әдебиеттер тізіміндегі оқулықтар мен қатынастар мамандығының студенттері өзіндікжұмыстарына дайындық кездерінде қолдануға болады.

Дипломдық жұмыстың зерттелу объектісі. Диплом жұмысының зерттелу нысаны болып Қазақстанның сыртқы саясатының доктринасы мен сыртқы саясаттағы Қытайдың алатын орны болып табылады.

Дипломдық жұмыстың әдіснамалық негізі. Негізгі әдістеріне әрине екіел болғандықтан олардың саяси және экономикалық салыстыру әдісі жүргізілді. Ондағы кейбір деректердіңҚазақстан Республикасына да тигізген әсерін зерттеу. байланысты әдебиеттердің барлығы дерлік орыс тіліндеболғандықтан автор аударма жұмысымен де айналысты. Ондағыматериалдарды негіздей отыра іріктеу жұмысын жасады. Қытай мен Қазақстан халықаралық қатынастағы байланысы болғандықтан олардың арасындағытарихи дамуында қарастыру қажет болды, соған байланысты талдау жасау керек болғандықтан онда әрине математикалық әдіс тәсілде қолданылды.

1 Қазақстан Рспубликасының халықаралық қатынастардағы көпвекторлық бағыты

1. 1 Қазақстан Республикасының көпвекторлық бағытының теориялық және практикалық негізі

1991 жылы 2 желтоқсандағы президенттік сайлау қорытындыларына байланысты өткізген баспасөз конференциясында Президент Н. Назарбаев Қазақстан Еуропа мен Азияны жалғастыратын көпір болуы керек. Әлемнің барлық мемлекеттерімен экономикалық және саяси байланыстарды қамтамасыз ететін көпвекторлық сыртқы саясатты таңдайды - деп көрсетті. Президент өзінің «Қазақстанның Егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты 1992 жылғы еңбегінде «Қазақстан жаңа халықаралық ортаға тап болды. Оның сыртқы саясатының бағыты ұлттық-мемлекеттік мүдделерге сәйкес өзіндік логикамен дами бастады. Сонымен қатар, Қазақстанның сыртқы саясаты жалпыадамзаттық қуатқа ие. Ол халықтардың әлемдік қауымдастықтан өз орнын таба білгенін жақтайды», - деп ескертті. Осыған орай, Қазақстан Республикасы өзінің сыртқы саясатында көпвекторлық принципін ұстауда. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында әлемдік тартылыс күштерінің орналасуын есептеуге ұмтылды. Қазіргі жаһандық қатынастардағы көпполярлық саланы басшылыққа алды. 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан өзінің сыртқы саясатында Қытайдың, Жапонияның, Ресейдің, Үндістанның, Еуроодақтың күшейе түсуін басшылыққа алды. Қазақстан геосаяси аренада шынайы ойыншыға айналуды мақсат тұтты және осы дәрежеге ол біртіндеп көтеріліп келеді. Ел түрлі алпауыт державалар арасында әртүрлі қарым-қатынастар жүргізіп, өз мақсат-міндеттерін шешуде біршама табыстарға қол жеткізуде [4] .

1992 жылы Қазақстан Солтүстік атлантикалық әріптестік Кеңесіне мүше болды. Бұл ұйым 1997 жылдан бастап Еуроатлантикалық әріптестік ұйымына айналды. НАТО ұйымы бұрынғы Кеңес Одағы құрамынан шыққан тәуелсіз мемлекеттермен және Шығыс Еуропа мемлекеттерімен бірлесіп «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасын жүзеге асырды. Ондағы мақсат, осы ел­дермен бірлесіп, аймақтық әскери қақтығыстардың алдын алу, терроризмге қарсы ортақ іс-қимылдарды үйлестіру болды. Қазақстанның қарулы күштері АҚШ пен НАТО-ның алдыңғы қатарлы әскерилерінен соғыс техникасы мен тактикасын меңгеруді үйренді. Бірлескен жаттығулар өткізу жыл сайынғы дәс­түрге айналды. НАТО-мен әріптестік Қазақстанның қауіпсіздігін нығайтуға өз ықпалын тигізді.

Қазақстан шетелдермен екі жақты қатынастар орнатуда белсенді шаралар жүргізді. Соның нәтижесінде 1993 жылы Қазақстан Республикасын егеменді ел ретінде 111 мемлекет танып, олардың 92-мен дипломатиялық қатынастар орнатылды. 2010 жылы Қазақстанмен 120-дан астам мемлекеттер дипломатиялық қатынастар жасады. Екі жақты және көпжақты сыртқы қатынастар 2009 жылы Президент Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының сыртқы саясат концепциясы» негізінде жүзеге асырылуда. Бұл Концепцияда қазіргі халықаралық қатынастардың негізгі даму бағыттары анықталып, дипломатиялық қызметтің міндеттері көрсетілді. Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі мақсаты елдің ұлттық мүддесін қорғау екендігі ескертілді.

Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы беделі, оның ядролық қарусыз ел ретіндегі статусына байланысты өсе түсті. Әлемде қуаты жағынан 4 орын алатын ядролық қаруларды Қазақстан АҚШ пен Ресейдің көмегімен 1995 жылдың 26 мамырында толық демонтаждап бітті. Қазақстан стратегиялық шабуыл қаруларын қыстарту, ядролық қаруларды таратпау, ядролық сынақтарға тыйым салу туралы жалпыға бірдей келісім-шарттарға қол қойды. Қазақстан нақты шаралары арқылы әлем мемлекеттерін ядролық қауіпті жоюға шақырды.

Қазақстанның әлем мемлекеттері арасында бірінші болып қуатты Семей ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы арқылы өз ұстанымының айқын екенін көрсетті. Ол - ядролық қарусыз әлем құру. Қазақ­станның осындай саясатының үлгісін Ұлыбританияның Стэнфорд университетінің «Ядролық қатерді қысқарту жөніндегі бастама қоры» аса жоғары бағалады. 2011 жылы Лондонда болған Гувер институтының «Тежеу: өткені және келешегі» атты халықаралық конференцияда ядролық қаруы мен қондырғылары бар 13 дамыған мемлекеттің ірі мамандары әлемнің барлық қайраткерлеріне Қазақстанның нақты бейбітшілікті қорғау тәжірибесіне үңілуі керектігін атап көрсетті. Қазақстан күшке емес, қажеттілікке негізделген жаһандық ұсыныстар жасауда. Семей полигонының 1989 жылы 29 тамызда жабылуы күнін БҰҰ Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні деп жариялады. Қазақстан атом қуатын тек қана бейбіт мақсаттарға, қуат көзі ретінде пайдалану туралы ұсыныстар айтты. Соның бірі Ядролық отынның халықаралық банкін жасау. Ондағы мақсат төмен байытылған уранның кепілді қорын жасау арқылы атом электрстанцияларын салатын мемлекеттерге атом реакторлары қондырғыларын құру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР аймақтардың экономикалық қауіпсіздік жағдайын талдау
Қылмыстық саясаттың негізгі бағыттары
Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеялары
Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік
ҚР-ның Конституциялық дамуының кезеңдері
Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау
Туризмді дамытудың теориялық - әдіснамалық негіздері
Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері
Жеке тұлғаның өзін - өзі тәрбиелеуі мен өзін жетілдіру мәселесі
Тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz