Мемлекеттік шекарадағы ветеринарлық - санитарлық бақылауды ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
ВЕТЕРИНАРИЯФАКУЛЬТЕТІ
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ ЖӘНЕ ГИГИЕНА
КАФЕДРАСЫ
Реферат жұмысы

Тақырыбы: Қазақстан Республикасында биологиялық препараттарды импорттау және тасымалдау кезіндегі қойылатын ветеринариялық санитариялық талаптар және оларды жақсарту шаралары талаптар



Орындаған:6В09102-Ветеринарлық санитария мамандығының 3 курс ВС-315 топ студенті Сабыр Аружан Маратқызы
Тексерген: Алимов Айтбай Айткенұлы в.ғ.к.,доцент

Алматы 2021

Жоспар
І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4- 19
2.1.Мемлекеттік шекара мен көліктегі ветеринариялық-санитарлық қадағалаудың маңызы мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .4- 7
2.2.Қазақстан Республикасында биологиялық препараттарды импорттау және тасымалдау кезіндегі қойылатын ветеринариялық санитариялық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8-19
ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 1

І.Кіріспе
Ветеринариялық-санитариялық сараптама-жануарлардан алынатын өнімдерді зерттеу және ветеринариялық-санитариялық бағалау әдістерін зерттейтін ғылым. Ветсансараптаудың негізгі мәні -- адамдар мен жануарлар арасында жануарлардан алынатын тамақ, жемшөп және техникалық өнімдер арқылы таралатын инфекциялық және инвазиялық аурулардың алдын алу. Ветсансараптау ғылым ретінде эпизоотологиямен, паразитологиямен, микробиологиямен, патологиялық анатомиямен, гистологиямен, ветеринариялық санитариямен тығыз байланысты. Ветсансараптаудың негізгі бөлімдері: жануарларды сою және олардан өнімдерді өңдеу гигиенасы; ұшалар мен мүшелерді союдан кейінгі сараптау әдістемесі; жануарлардан алынатын өнімдерді зертханалық зерттеу әдістемесі; етті, сүтті, балықты және олардың өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау;
Ветеринариялық-санитариялық талаптар - бұл барлық тиісті заңдарды, бұйрықтарды, қаулыларды, кодекстерді, талаптар мен рәсімдерді, атап айтқанда эпизоотияға қарсы іс-шараларды, түпкілікті өнімнің қауіпсіздік өлшемдерін, өңдеу және өндіру әдістерін, тестілеу, инспекциялау, сертификаттау және қабылдау рәсімдерін, карантиндік іс-шараларды, тиісті статистикалық әдістерге, үлгілерді іріктеу рәсімдеріне және қатерді бағалау әдістеріне қатысты ережелерді қоса алғанда, жануарлардың өмірі мен денсаулығын жануарларға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған кез келген шаралар, ветеринариялық қызметтің бақылауындағы тамақ өнімдерінің өндірісі мен айналымына байланысты іс-әрекеттер.

ІІ.Негізгі бөлім
2.1. МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРА МЕН КӨЛІКТЕГІ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Шекарадағы және көліктегі ветеринарлық-санитарлық қадағалау бұл мемлекеттік мал дәрігерлігінің мекемелері мен ұйымдары жүзеге асыратын ветеринарлық-санитарлық шаралардың кешені. Көліктегі ветеринарлық қадағалау нысандары болып жануарлар, соның ішінде құстар, балықтар, сонымен қатар тасымалдауға ұсынылған ет, ет өнімдері және жануар тектес шикізаттар, тасымалдауға қолданылатын көлік жарақтары (вагондар,кемелер,ұшақтар,баржалар, автокөліктер) және де жүк тиеу-түсіру алаңдары,құрал-жабдықтар,суару құбыры және жануарлар мен жануар тектес шикізаттарды қысқа мерзімді ұстау орындарысаналады.
Көліктегі қызмет атқаратын мал дәрігер мамандарының міндеті-жануарларды ауырудан сәтсіз шаруашылықтардан шығаруға рұқсат етпеу (ерекше жағдайлардан басқа), тасымалдау кезінде жануарлар арасында жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуын ескерту, сонымен бірге ет, ет өнімдері және жануар тектес шикізаттарының жолшыбай бұзылыуын болдыртпау, тұрғындарды адамдармен жануарларға ортақ жұқпалы ауырулардан қорғау,тасымалдау кезінде Ветеринария туралы заңының талаптарының әрбір бұзу әрекеттерінің алдын алу, мал шаруашылығы жүктерін тасымалдау үшін пайдалынатын вагон, кеме, автокөлік және ұшақтарды дизенфекциялау жұмыстарын қадағалауды қамтамасыз етуден тұрады. Көліктегі ветеринарлық-санитарлық бақылаудың нәтижесі бойынша мынадай, мал дәрігерлік және әкімшілік, шаралар жүргізіледі кейбір жануарларды, мал шаруашылық өнімдерін тасымалдауға тыйым салынады; жолшыбай ауырған жануарларды аластайды; көлік құралдарын тазартып, бұқырлайды; бекеттерді және порттарды уақытша жауып, жүк тиеуге және түсіруге тыйым салынады, және ақырында, жануарларды тасымалдау үшін айналып өтетін жолдарды белгілейді. Шекарадағы бақылау пункттерінде ауру немесе ауыруға күдікті жануарларды оқшаулайды, мал шаруашылығының ішкі өнімдерін тәркілейді; импорттық-экспорттық қарым-қатынастарды тоқтатады(шекараныжабады).
Республиканың көлік жүйесінде халық шаруашылық жүктерінің, соның ішінде үй, жабайы, зертханалық, зоопарктік жануарлар, ет, ет өнімдерін және шикізаттарды, биологиялық препараттарды, консервіленген қанды, араларды және тағыда басқа жүктерді жедел тасымалдауда су жол көліктермен тасымалдаудың алатын орны ерекше жоғарыда аталған жүктердің бәрі де тасымалдауды, сонымен қатар тиеу, тасымалдау, түсіру, портта уақытша сақтау кезеңінде тиісті жағдайларды сақтауды қажет етеді.
Мал және мал текті өнімдер мен шикізаттарын тасымалдауды бақылау жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу үшін жасалады. Сондай-ақ, ол жол үстінде малдың денсаулығын сақтау үшін де қажет. Ветеринариялық бақылаудың тасымалдауға қоятын негізгі талабы - мал және мал өнімдері шыққан шаруашылықтың жұқпалы аурулардан таза және мал саулығының жақсы болуы.
Жұқпалы ауруға шалдыққан малды тасымалдауға, айдауға ветеринарлық ережелер бойынша тыйым салынған. Ауру малды ветеринария органдарының арнайы ресми рұқсаты бойынша ет комбинатына тасиды. Бұл кезде, аурудың тегіне байланысты, тиісті ереже қағидаларын орындауды бақылайды.
Аусыл, шошқа обасы және т.б. Тез таралатын аурулар туғанда, (мұндай аурулардың тізімін Ветеринария комитеті бекітеді) осы ауданнан облыс көлемінде, мал өнімдерін тасымалдау облыстық органның, ал басқа облысқа - республикалық ветеринарияның басқарушы органының рұқсаты бойынша ғана жүргізіледі.
Көлік және шекарадағы бақылау - арнаулы мемлекеттік органдар мен мекемелердің міндеті. Бұл жұмысты басқару үшін көлік және мемлекеттік шекарадағы ветеринария бас басқармасы құрылған. Бірақ, бұл бақылауды жергілікті ведомстволық ветеринарияның мамандары да өз міндетін атқаратын аймақта жүргізеді. Бақылау кезінде олар тиісті ветеринарлық ережелердің, нұсқаулардың орындалуын қадағалайды. Мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау ережелерін, нормативтік құжаттарды республика үкіметі бекітеді.
Шаруашылықтан жөнелтілетін малды күні бұрын байқаудан, тиісті алдын алу шаралардан өткізеді (диагностикалық зерттеулер, егулер, паразитоздарға қарсы шаралар). Мал, өнімдері мен шикізаттарына тасымалдау (айдау) үшін міндетті түрде ветеринарлық куәлік (сертификат) немесе анықтама беріледі. Бұл құжаттар ресми ветеринарлық-санитарлық жолдама құжаттар деп аталады. Олар мал, өнімдерінің, сонымен қатар шыққан жерінің жұқпалы аурулардан тазалығын (ауру барын) көрсетеді. Куәлік ауданнан тыс жерде және ет комбинатына жазылады, ал одан басқа жағдайларда аудан ішінде анықтама беріледі.
Куәлік беру мемлекеттік ветеринарияны басқару органдары мен мекемелерінің, сондай-ақ ведомстволық, жекеменшік кәсіптік ветеринарлық қызметтің жекелеген мамандарына ресми тапсырылған. Куәліктің №1 үлгісі бойынша малға, құсқа, тірі балыққа, шаянға, бал арасына, ұрықтандырылған уылдырық пен жұмыртқаға беріледі. Ал №2 үлгідегі куәлік ет және ет өнімдеріне, басқа да мал текті өнімдерге, шикізаттарға, кейбір мал азықтарына беріледі.
Ветеринарлық - санитарлық бақылауды автокөлік жолдарында, теміржол, су және әуе жолы көлігінде ұйымдастыру
Автокөлік жолдарында бақылауды мемлекеттік ветеринарияны басқарушы жергілікті органдар жүргізеді. Тасымалдаушы жақтың ветеринария органдары жол үстіндегі жергілікті ветеринария органдарына хабар беруге міндетті. Жол бойынша тасымалдау (айдау) үстіндегі малға клиникалық байқаулар өткізіледі, тиісті ветеринарлық құжаттар тексеріледі. Айдаумен жеткізілетін мал табындарына бақылау жасауға жауапты дәрігер тағайындалады.
Темір жол, су және әуе көліктерінде бақылауды арнаулы көліктік ветеринарлық-санитарлық бөлімшелер жүргізеді. бұлар ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің көлік және мемлекеттік шекарадағы ветеринария бас басқармасына бағынады. Басқарма темір жол, су және әуе жолдары әкімшілігіне тәуелді емес, ол тікелей республикалық Ветеринария комитетіне бағынады.
Басқармаға қарасты бөлімшелер ірі станцияларда, теңіз-өзен, әуе жол айлақтарында орналасады. Ол басқамаға вагондарды жуушы-дезинфекциялаушы станциядағы ветеринарлық-санитарлық бөлімшелер де кіреді. Олар вагондар мен кемелерді тазалау, жуу, дезинфекциялауды бақылауға арналған мекемелер.
Көлік және мемлекеттік шекарадағы ветеринария басқармасының штаттық кестесін, бастығын мемлекеттік ветеринарияны басқарушы орган тағайындайды немесе ауыстырады. Басқарма бастығы көліктегі және шекарадағы ветеринарияның мемлекеттік бас инспекторы міндетін қоса атқарады.
Көліктегі ветеринария мекемелері өз жұмысын ҚР Ветеринария туралы заңы, көліктегі ветеринария басқармасы туралы ережелер, басқа да ҚР Министрлер Кабинеті бекіткен ветеринарияға қатысты құжаттар, ереже көрсеткіш негізінде атқарады.
Көліктегі ветеринарлық-санитарлық бөлімшелер малға, өнімдері мен шикізаттарына тиеу-түсіру кезінде, жол бойы өтіп бара жатқанда (транзит) дәрігерлік байқау өткізеді, ветеринарлық-санитарлық ережелер мен тасымалдау шарттарының орындалуын қадағадайды. Бұл мекеме мамандары транспорт түйіндеріндегі азық-жем қоймаларын, мал суаратын орындарды, азық пен су сапасын тексереді.
Сондай-ақ, вагондарды және мал мен өнімдерін тасымалдауға керекті басқа да жарақтарды тазалаудың, дезинфекциялаудың ветеринарлық талапқа сай болуын қадағалау міндеті де жатады. Осындай жұмыстардың ауқымына байланысты көліктегі ветеринарлық бөлімшелердегі дәрігер, фельдшер, санитар, дезинфекторлар саны әр түрлі болады. Мамандар санын ветеринарияның көлік және мемлекеттік шекарадағы бас басқармасының бастығы бекітеді.
Мемлекеттік шекарадағы ветеринарлық - санитарлық бақылауды ұйымдастыру
Шет елдермен экспорттық-импорттық алмасу кезінде малға, өнімдеріне, шикізаттарына ветеринарлық-санитарлық бақылау жүргізу үшін мемлекеттік шекаралық ветеринарлық бақылау нүктелері ашылған. Олар көбінесе кешендермен қатар орналасады. Шекаралық ветеринарлық бақылау нүктесінің бастығы ветеринария дәрігері, оны және оның қол астындағы мамандар санын көліктегі ветеринарияның бас басқармасы тағайындайды. Мекеме өз жұмысын ветеринарияның республикалық басқарушы органы бекіткен ережелерге сәйкес атқарады.
Шекаралық бақылау нүктесі Қазақстан аумағына шет елдерден жұқпалы аурулардың қоздырушыларын өткізбеу, республикадан тысқа шығатын малдар мен өнімдерінің ветеринарлық тазалығын қамтамасыз ету міндеттері жүктелеген. Шекарадан Қазақстан жеріне өткізуге дені сау мал, өнімдері мен шикізаттары дені сау малдан алынған, шыққан тегі малдың жұқпалы аурулардан таза жерден болу шарттары сақталғанда ғана рұқсат беріледі.
Шекарадан өтетін малдардың, өнімдерінің тиісті ветеринариялық сертификаттары болуын тексереді. Онда ынталы жақтың ветеринария қызметі өз мемлекеті тарапынан, малдың, өнімдерінің және олардың шыққан жерінің жұқпалы аурулардан тазалығына кепілдік береді.
Шекара арқылы кірген малдар тиісті байқаудан, шаралардан өткен соң, алдын алу карантитіне қойылады. Малдарға шетелдік сертификат орнына ветеринарлық куәлік жазылып, баратын жеріне карантин мерзімі біткен соң жөнелтіледі.
Шекарадан тысқа шығатын малдар, мал текті өнім де тиісті ветеринарлық-санитарлық байқаудан өткізіледі. Бақылау пункті мамандары оларға ветеринарлық куәлік орнына сертификат жазады. Ауырған мал болса, оқшаулап емдейді, қажет болса, тиісті алдын алу шаралары жүргізіледі.
Қазақстанға шетелдерден мал, өнімдері мен шикізаттары сатып әкелуге рұқсат мемлекеттік ветеринарияны басқарушы республикалық органның ғана билігінде болады.

2.2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БИОЛОГИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРДЫ ИМПОРТТАУ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ КЕЗІНДЕГІ ҚОЙЫЛАТЫН ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР.
Ветеринариялық препараттар (препарат)-жануарларды емдеу, аурулардың профилактикасы және олардың өнімділігін арттыру үшін пайдаланылатын дәрілік заттар, вакциналар, анатоксиндер, диагностикумдар, емдеу - профилактикалық сарысулар, гамма-глобулиндер, пробиотиктер, микроорганизмдерден бөлінген және организмнің иммундық мәртебесіне әсер ететін заттар, микроорганизмдердің жиналуына арналған сезімтал жүйелер, сондай-ақ жануарларды жасанды ұрықтандыру және эмбриондарды трансплантациялау кезінде қолданылатын құралдар, антисептиктер, дезинфектанттар, жуу құралдары, дератизацидтер, жемшөп, жемшөп қоспалары және жануарларға күтім жасау құралдары.
Импорт- (латынша: іmportare - әкелу) - ішкі рынокта өткізу үшін елге шет елдерден тауарлар, технологиялар әкелу.
Импорт құрылымы белгілі бір елдің табиғат жағдайларының ерекшеліктерімен‚ оның экономикасының дамуымен және оның халықаралық еңбек бөлінісіндегі рөлімен айқындалады. Экономиканы индустрияландыру‚ технологияларды жаңарту үшін шетелден машиналар мен жабдықтарды әкелудің маңызы зор.
Импортқа ерекше кеден тәртіптемесі‚ салық төлемдері‚ лицензиялар‚ т.б. белгіленеді. Бір елдің импорты екінші елдің экспортына тең болады.
Реимпорт -- бұрын шет жерге шығарылған және ұқсатуға ұшырамаған (сатылмаған, жарамсыз деп табылған және т.б.) отандық тауарларды елге қайта әкелу жиынтығы. Олардың болмауы реквизиттің заңды күшін жояды.
Экспорт (лат. exportare - шығару‚ әкету) - тауарды‚ капиталды‚ жұмыстарды‚ қызметтерді‚ зияткерлік қызмет нәтижелерін‚ соның ішінде оларға айрықша құқықтарды сыртқы нарықтарға өткізу үшін шетелге әкету. Түрлері: тауарлар‚ бұйымдар‚ материалдық‚ заттай игіліктер экспорты; шетелдік серіктеске өндірістік сипаттағы және тұтыну мақсатындағы қызметттерді көрсету; капитал экспорты - капиталды шет елге ақшалай немесе тауарлы нысанда‚ қызмет көрсету саласы арқылы (соның ішінде патенттер‚ лицензиялар‚ "ноу-хау" нысанында) орналастыру. Экспорт ақиқаты елдің кеден шекарасынан тауардың өтуі‚ қызметтер көрсету және зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтарды табыстау сәтінде тіркеледі. Тауарларды елдің кеден аумағынан әкетпей жасалған‚ атап айтқанда‚ шетелдік тұлғаның елдегі тұлғадан сатып алуы, қайта өңдеу және қайта өңделген тауарды кейіннен шетелге әкету үшін оны елдегі тұлғаға табыстау кезінде жасалған жекелеген коммерц. операциялары тауар экспортына теңестіріледі. Дамыған нарықтық қатынастар жағдайында экспорт халықар. экон. ынтымақтастық пен еңбек бөлінісінің негізгі нысаны болып табылады. Сондай-ақ экспорт импорттың материалдық алғы шарты‚ өйткені ол импортқа төлеудің және сыртқы қарыз бойынша есеп айырысудың негізгі көзі.
Биопрепараттар-инфекциялық, паразиттік ауруларды және аллергиялық жағдайларды емдеуге, ерекше профилактикаға арналған, сондай-ақ микроорганизмдер штаммдары мен эукариот жасушаларын культивациялау, жануарлар мен өсімдіктердің биологиялық тіндерінен заттарды экстракциялау (аллергендер), нуклеин қышқылының рекомбинантты дезоксирибо технологиясын енгізу, гибридомдық технология, эмбриондарда немесе жануарларда тірі агенттерді репродукциялау арқылы алынатын дәрілік препараттар. Оларға аллергендер, антигендер, вакциналар (анатоксиндер), бактериалды иммуномодуляторлар және органдар мен тіндердің негізінде алынған препараттар, қан мен плазмадан алынған препараттар, сарысулар, иммуноглобулиндер, пробиотиктер, интерферондар жатады;
Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын
ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту
8-бөлім.Ветеринарияда қолданылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттарға сақтау және тасымалдау қауіпсіздігіне қойылатын талаптар:
24. Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттар олардың қауіпсіздігін және сапалық көрсеткіштердің сақталуын қамтамасыз ететін техникалық регламенттерде көзделген жағдайларда мамандандырылған қойма үй-жайларында сақталуға тиіс.
Жануарларға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды сақтау, босату (өткізу) және тасымалдау физикалық-химиялық, биологиялық, фармакологиялық, токсикологиялық қасиеттерін ескере отырып, олардың сақталуын қамтамасыз етуге тиіс, жануарларға арналған дәрілік заттың белгіленген жарамдылық мерзімі ішінде препаратқа арналған нормативтік құжаттама талаптарына сәйкес, сондай-ақ тасымалдау кезіндегі талаптарды ескере отырып орындалуға тиіс.
25. Дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды өндіруді жүзеге асыратын кәсіпорындарда оларды сақтау және босату кезінде жануарларға арналған дәрілік заттардың, биологиялық препараттардың қауіпсіздігі мен қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін Үй-жайлар, жабдықтар мен мүкәммал болуға тиіс.
26. Жануарлар, дәрілік заттарды қолданған адамдар және қоршаған орта үшін қауіптің туындау мүмкіндігін айқындайтын негізгі факторлар мыналар болуы мүмкін:
1) дәрілік заттарды сақтаудың температуралық режимдерін сақтамау;
2) Өнімді иесіздендіру;
3) тасымалдау кезінде өнімнің зақымдануы;
4) препараттарды дайындау, қолдану ережелерін бұзу;
5) дәрілік заттарды жою кезінде қауіпсіздікке қойылатын талаптардың бұзылуы болып табылады.
27. Дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды өндіруді жүзеге асыратын кәсіпорындардың ғимараттарында қауіп факторларын болдырмау үшін бір құрылыста біріктірілген немесе белгіленген талаптар мен нормаларға жауап беретін бірнеше ғимаратта орналасқан қойма, сауда және әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар көзделуге тиіс.
Қойма үй-жайлары мынадай учаскелерге бөлінуі тиіс:
1) өнімді қабылдау және босату аймағы;
2) жануарларға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды негізгі сақтауға арналған аймақ;
3) сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететін жануарларға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды сақтауға арналған аймақ; карантиндік аймақ.
Есірткі құралдарын, психотроптық және күшті әсер ететін заттарды сақтау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады .
Жарылыс қаупі бар және тез тұтанатын заттар өртке қарсы қауіпсіздіктің белгіленген талаптарына сәйкес жеке үй-жайда сақталуы тиіс.
Жануарларға арналған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы минстрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің құрылымы, қызметі, міндеттері
Базарлардағы ветеринариялық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру
Жануарларды тасымалдау шарттары
Қазақстандағы ветеринариялық қызметтің құрлымы
Европалық конвенция жануарды халықаралық тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік
Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу
Ветеринария жүйесін ұйымдастыру
Шекарадағы және кедендік пунктегі ветеринарлық-санитарлық қадағалауды ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңы және жалпы ережелері
Малдәрігерлік қадағалау нысандарындағы малдәрігерлік санитарлық зерттеулер
Пәндер