Сезу органдары
Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Ветеринария факультеті
Клиникалық ветеринариялық медцина кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Иттердің қарнының жіті кеңеюін клиникалық-рентгенологиялық зерттеу
Орындаған:ВС-315Жұмалиев Д.
Тексерген:Сиябеков С.
Алматы 2020
Жоспар
1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
2.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 -15
2.1.Ит,құрылысы,түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4-10
2.2.Иттегі асқазанның жіті кеңеюі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..11-13
2.3.Асқазанның кеңеюінің белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..13-15
2.4.Профилактикалық шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
3.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17-18
4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
Кіріспе
Ит (лат. Canis lupus familiaris) -- үй жануары. Биологиялық жіктеу бойынша, ит - Сүтқоректілер класының Төбеттер тұқымдасының қасқырлар тегіне жататын жыртқыш. Иттер шамамен б.з.б. 15 - 10 мың жыл бұрын қолға үйретілген деп есептеледі. Қазір дүние жүзінде иттердің 400 тұқымы белгілі. Қазіргі кезде Ит тұқымына қарай бірнеше топтарға бөлінеді: шпицетәрізділер бұған терьерлер мен доберманпинчерлер жатады; тазы иттермен овчаркалар; Азия, Америка, Австралия құрлығына тән иттер; Оңтүстік жарты шар иттері. Иттерді күнделікті тұрмыста пайдалануына қарай 3 топқа біріктіреді: аңшы иттер, күзет иті және үйде ұсталатын декоративті (сән үшін) иттер. Қолға үйретілген иттерде болатын әр түрлі жұқпалы аурулар (құтыру, саркоптоза, трихофития, т.б.) адамдарға жұғады. Сондықтан оларды үнемі ветеринарға көрсетіп, жыл сайын үйде ұсталатын иттерді құтыруға карсы, ал күшіктерді обаға қарсы ектіріп отыру қажет.
Негізгі бөлім
2.1. Ит,құрылысы,түрлері
Ит денесі өздеріне тән қызмет атқаратын түрлі органдар жүйесінен тұрады. Оның тек өзіне ғана тән белгілер құрайтын жүйелері бар. Сол белгілеріне қарай олардың тұқымын ғана ажыратып қоймай, жекелеген иттердің стандарттар негізінде ерекшеліктерін де, яғни әрбір тұқым нормасына дәл келетін-келмейтінін де айыруға болады.
Ит қаңқасы. Ит денесінің бүкіл сүйегі қаңқа құрайды. Ол бас, кеуде және аяқ қаңқасы деп ұшке бөлінеді.
Бас қаңқасы бет сүйек пен бас сүйектен тұрады. Бас сүйек қуысында ми жатады. Бас сүйектің жекелеген тұқымдарға тән формасы да, ұзындығы да әр түрлі болып келеді.
Бас сүйекке мықты шайнау бұлшың еттері арқылы қимылдайтын астыңғы жақ буын арқылы қосылады.
Тіс. Үстіңгі жаққа да, астыңғы жаққа да тіс шығады. Сақа иттің 42 тісі, күшіктің 25 сүт тісі болады.
Сақа ит тісінің формуласы мынадай: (3*1*4*2)(3*1*4*3). Бұлекі жақтың әрбір жартысында үш күрек тіс, бір азу және төрт жалған азу тіс (премоляр) бар дегенді білдіреді. Сонымен бірге астыңғы жақтың әрбір жартысында үш-ұштен тұрақты азу тіс (моляр), ал үстіңгі жақта екі-екіден моляр болады.
Астыңғы жақтың бірінші азу тісі және үстіңгі жақтың жыртқыш азу тісімен аралас өскен, премолярлары өте мықты жетілген. Сондықтан да жыртқыш тістер деп аталынады.
Кейде тіс әлгінде айтқан қырық екіден аз болады, оны ақ тіс, яғни олигодонтия, ал кейбір кезде тіс қырық екіден көп болады, оны полиодонтия, гикердонтия деп атаймыз.
Иттің тісі толық болуға тиіс. Тістердің қатар түзеу формасы тістесу деп аталынады. Әрбір тұқым иті тісінің дұрыс тістесуі белгілі бір стандартпен ажыратылады. Егер үстіңгі күрек тістер қатары төменгі күрек тістерге дәл келсе, төменгі күрек тістер үстіңгі күрек тістердің ішкі жағына еніп тұрса мұндай тістесу қайшы тәрізді тістесу, ал енді екі жақтың да күрек тістері бір-біріне дәл келсе тістеуік тәрізді немесе түзу тістесу деп аталынады.
Сондай-ақ астыңғы күрек тістер бір-біріне жақындамаса немесе, керісінше, яғни астыңғы жақ үстіңгі жақтан ұзын болса, сол ұзын-қысқалық дәрежесіне қарай мұның өзі қатты не болмаса бульдог тәрізді тістесу деп аталады.
Кеуде қаңқасы омыртқа жотасынан, қабырғадан және төс сүйектен тұрады.
Омыртқа жотасы омыртқадан, дәлірек айтқанда 7 мойын омыртқадан, 13 омыртқадан, 7 бел омыртқадан, 3 құйымшақ омыртқадан (ол құйымшақ деп те аталынады) және 20-23 құйрық омыртқадан тұрады.
Бірінші мойын омыртқа атлант деп аталынады. Ол бас сүйекке барып жалғасады. Оның басқа омыртқалардан айырмашылығы жазың та тегіс болады. Екінші мойын омыртқа эпистрофия деп аталынады. Эпистрофияның алға қарай өсіңкі жалшасы болады. Осы екі омыртқа басты қозғалысқа келтіреді.
Омыртқаларға буындар арқылы қабырғалар жалғасып, кеуде қуысын жасайды. Иттің 13 жұп қабырғасы, соның ішінде 9 нағыз және 4 жалған қабырғасы бар. Жалған қабырғалары төс сүйекке қосылмайды. Кеуде қуысы маңызды органдар - жүрек пен өкпені қорғайды.
Бірінші омыртқадан бастап, он бірінші омыртқаға (диафрагмалы) дейін омыртқа қанаттары артқа қарай бейімделген, ал он екінші, он үшінші омыртқалардың қанаттары жоғары қарай бағытталған. 7-бел омыртқаның қанаттары алға қарай бейімделген. Үш құйымшақ омыртқа қосылып, бір сүйек құрайды. Құйрық омыртқалары құйрың осін жасайды. Ол қозғалуға бейім тұрады. Құйрық омыртқаларында жұлын жататын ойық болмайды. Иттің кейбір тұқымдарының құйрығы стандартңа сай кесіледі.
Алдыңғы және артқы аяқтар. Ит кеудесіне мықты бұлшық еттер арқылы алдыңғы аяқтар қосылады. Олар жауырыннан, тоқпан жіліктен, екі жіліншіктен, екі қатар болып орналасқан білезік сүйектен, сондай-ақ иттің табанын құрайтын табан сүйек пен башпайлардан тұрды.
Иттің артқы аяқтары жамбасқа қосылған. Жамбастың өзі қасаға сүйектен, шат сүйектен, шонданай сүйектен тұрады. Осы үш сүйек тұтаса бітіп, мықты тарамыспен құйымшаққа қосылады.
Қасаға сүйектің үстіңгі жағындағы шеткі қыры дөңестеу болады. Оны сербек деп атайды. Шонданай сүйектің шығыңқы тұсы шонданай басы деп аталынады.
Жамбастың буын ойығына ортан жіліктің басы түседі. Бұл буында шағын ғана тобық сүйек болады. Тілерсек кішкентай және үлкен асың жіліктен, яғни асық жілік пен шотаяқтан тұрады. Сөйтіп күрделі тірсек буыны сүйектеріне қосылады. Оның ең үлкен сүйегі - толарсақ. Толарсақ сүйектің артқа қарай бағытталған қанаты бар. Ол кезеген басы деп аталынады.
Артқы жіліншік бірдей төрт сүйектен тұрады. Иттің табанын құрайтын олар башпайларға ұласады.
Иттің ең активті органы - бұлшық ет аппараты. Ол орталық нерв жүйесінің сигналымен жиырылып, созылады және бастапқы қалпына түседі. Бұлшық еттердің жиырылып, созылуы, кеуде қуысын ұлғайтып, тыныс алуына мүмкіндік береді.
Иттің нерв жүйесі - орталық және шеткері (ми және жұлын) жүйкелерден тұрады. Шеткі жүйкелердің көптеген нерв талшықтары иттің бүкіл денесінде орналасады. Оның кейбіреулері шеткері нерв жүйесінен нервтік тітіркенулерді орталық нерв жүйесіне (сезгіш нервтер), енді біреулері - орталық нерв жүйесіндегі тітіркенуден пайда болған қозу жағдайын шеткері нерв жүйесіне (қозғалу, бағыт-бағдар беру) жеткізіп отырады.
Иттің миы - ми сыңарынан, мишықтан және сопақша мидан тұрады. Сыртқы сұрғылт зат ми сыңарын қоршап, қабық қызметін атқарады, ал ми сыңарының ішінде аң зат болады. Ми сыңарыныңқабығы нерв клеткаларының үлкен қабатынан тұрады және құрылымы күрделі, оның үстіне әр учаскеде әр түрлі болады. Сондай-ақ ми сыңарының қабығы жоғары нерв қызметінің ит организмінің барлық бағытын ретке келтіруде және оны сыртқы ортаға бейімдеуде басты роль атқарады.
Мишық домалақ болады. Ол сопақша мидың үстінде жатады. Мишықтың қызметі - қозғалысты үйлестіру, олардың күннін, ретін, ұзақтығын реттестіру, организмнің тепе-теңдігін қамтамасыз ету.
Сопақша ми тканінің сыртқы ақ заттан, ішкі жағы сұрғылт заттан тұрады. Бұл мидың қызметі - зат алмасу, жүрек пен өкпе жұмысын, ас ішуді басқару сияқты күрделі шартсыз рефлекстерді орындау.
Ит жұлыны омыртқа қуысында (каналында) орналасқан. Жұлынның сұрғылт затының формасы Н әрпіндей болады. Оның үстіңгі бөлігінде дененің шеткі бөліктерінен тітіркенуді қабылдап, оларды төменгі бөлікті қозғалысқа келтіретін немесе жасырын клеткаларға өткізеді. Сөйтіп шеткі бөліктерді қоздырады.
Жұлынның қызметі - қозу күшін шеткі бөліктерден миға және одан кері өткізу, сондай-ақ қозғалыс (жүріп-тұру), зәр бөлу, нәжіс бөлу сияқты қарапайым (шартсыз) рефлективтік әрекеттерді орындау.
Сезу органдары. Бұл органдар өздерінің нерв ұштарымен сыртқы ортаның әсерінен болатын тітіркенулерді, жарықты (көру), дыбысты (есту), иісті (иіскеу) тағы басқаларды байқауға, қабылдауға арналған.
Көру органы. Ит көзінің анатомиялық құрылысы мен қызметі өзге мал көзімен бірдей. Әсіресе ит қозғалғап нәрсені тез байқап, заттың түрін тез айырады. Бірақ ол жалпы фонын ғана танығаны болмаса, түсін айыра бермейді. Сондай-ақ оның екі көзі бірдей кез-келген затты бір мезгілде көре алмайды. Себебі иттің әр көзінің өз аясы болады. Жүріп келе жатқан жанды денепі ит 500-700 метр қашықтықтан көре алады.
Есту органы. Ит организмінде есту органы ерекше орын алады. Оның ішкі құрылысы малдың есту органының құрылысындай. Иттің құлағы, яғни дыбыс ұстағыш мүшесі формасы, орналасуы және мөлшері жағынан әр түрлі. Олар құлағын тез қозғайды және дыбыс шыққан жаңқа ңарай түре алады. Иттің есту органы секундына 80 мың ауытқуға дейінгі жиілікте дыбыс (адам 60 мыңға дейін ғана) қабылдай береді. Сондай-ақ ит бір-бірінен 116 тон айырмашылығы бар екі дыбысты айыруға қабілетті. Естілер-естілмес шуылды ит 24 метр қашықтықтан (адам 3-4 метрденғана) естиді.
Иттің тез есту қабілеті оған тітіркендіргіштерді жылдам да анық айыруға мүмкіндік береді. Олар өзіне берілген бұйрықты дыбысты өте айқын ажырату қабілетінің арқасында ғана орындайды. Әйтпесе ит сөз мәнін түсінбейді. Түсінуі мүмкін де емес. Сондықтан да ит үйрету кезінде өте қысқа, анық сөздер ғана қолданған дұрыс.
Иіс сезу органы - мұрын қуысындағы мұрын жолының үстінен және мұрын желбезегінің артқы бөлігінен орын алады. Осы орынның кілегей қабығында ұршық сияқты болып иіс сезу клеткалары жатады. Иіс сезу органдарының өсінділері кілегей қабықтың бетіпе шығып, бірнеше иіс сезу қылшықтары бар иіс сезу қапшықтарына барып жалғасады. Нерв клеткаларының осы сезгіш (нәзік) ұштары тым қашықтан және ауадағы болар болмас иістің өзін өте тез сезеді. Мысалы кейбір аңшы иттері жел жақта келе жатқан аңның исін 800-1000 метр жерден біледі.
Мұрын қуысы ұзына бойы мұрын желбезегімен бөлінген. Оның алдыңғы бөлігі шеміршек те, артқы бөлігі сүйекке айналады. Осы мұрын қуысының бүйірінде кеуілжір болады.
Кеуілжір мұрын қуысын үшке бөледі. Олар төменгі, ортаңғы, үстіңгі мұрын жолы деп аталады. Төменгі мұрын жолы бірте-бірте кеңейіп, ортаңғы жолға жалғасып кетеді. Ал үстіңгі мұрын жолы жіңішке де тайыз.
Жайбарақат тұрғанда және қалыпты тыныс алғанда иттің жұтқан ауасы төменгі және ортаңғы мұрын жолы арқылы өтеді. Ал үстіңгі мұрын жолына ауа ит жиі және терең тыныс алғанда (иіскегенде) ғана өтеді.
Итті түрлі қызметке пайдаланғанда белгілі бір дәрежеде оның сезімталдығының орны ерекше. Олардың иіскеп білу қабілеті қазіргі кезде техникалық анализаторлардың өзінен артық. Ит едәуір қашықтықтың өзінен аңды, құсты, адамды, не бөтен итті пісінен-ақ айыра біледі.
Дәм сезу және түйсіну органы. Дәм сезу органының ең басты бөлігі дәм сезу клеткалары болып табылады. Олар тілдің үсті мен бүйірінде орналасады. Солардың көмегімен ит берілген астың ішуге жарамдылығын немесе жарамсыздығын біледі.
Дәм сезу дегеннің өзі терінің ең басты қызметі. Тері сезгіш нерв ұштарына толы болады. Сөйтіп бір нәрсеге жанасқанда жылудың не суықтың әсерінен болатын тітіркенулерді қабылдайды. Солардың әсерінен ауырсынады.
Қан айналу жүйесі. Ит жүрегінің, күре тамырының, капилляр тамырларының, көк тамырының құрылысы басқа да жан-жануарлардағыдай. Қан олардың жүрегі арқылы орта есеппен минутына 3-5 рет, яғни әрбір 17 секунд сайын өтеді. Организміндегі қан мөлшері иттің тірілей массасының 113 бөлігіндей. Жүрек соғу жиілігі саңа итте минутына 60-80 рет, ал күшікте 100-120 рет. Сақа ит денесінің қалыпты қызуы 37,5-39, ал күшікте бұл көрсеткіш 38,5-39,5 градус.
Тыныс алу органы. Тыныс алу органының ең негізгі мүшесі - өкпе. Оған түсетін ауа иттің мұрын қуысынан өтеді. Сөйтіп жылиды, ылғалданып, шаңнан тазарады. Содан соң өңеш пен көмекей арқылы өкпеге өтеді.
Жайшылықта ит әрбір тыныс алған сайын 0,5 л ауа жұтады. Ал үлкендігі орташа ит жүгіргенде оған минутына 30 л ауа қажет.
Ас қорыту органы. Ит - ет қоректі. Оның ішектерінің біршама қысқа болатындығы да сондықтан. Ішектерінің жалпы ұзындығы 3-6 м шамасында болады. Иттің ауыз қуысына түскен ас, шайналып, сілекеймен жұмбаздалады. Содан соң тілдің көмегімен көмекейге түседі, одан қарынға барады.
Орташа ит қарынының сыйымдылығы - 2-2,5 л. Ішек-қарын омыртқаға шажырқай арқылы ілініп тұрады.
Иттің ащы ішегі мен тоқ ішегінің анатомиялық құрылысы және олардың қызметі басқа да жан-жануарлардікіне ұқсас.
Көбею органы. Қаншықтың жыныс аппараты жатыннан, аналық безден, аналық клеткадан және қынаптан, ал жатынның өзі денеден, айдардап тұрады. Күшіктер сонда жатады. Қаншықтың жыныс органының сыртқы бөлігі ілгек деп аталады. Ішкі бөлігі жатын мойнымен ұштасатын осы ілгек қынаптың кіре берісі де болып табылады.
Әбден жетілген аналың клетка (қаншықтарда бір мезгілде бірнеше аналық клетка жетіледі) аналық безден тұңым жолына түседі де сонда ұрыңтанады. Ұрықтанған аналық клетка жылжып жатын айдарына жетеді. Сөйтіп күшік сұлбасы сол жерде толық құрылғанша жетіле береді.
Төбеттің көбею органына шәует жолы, ен, жыныс мүшесі және қосымша жыныс безі жатады.
Шәует жолы сопақша болады. Ол төбеттің клеткасы - шәует жетілетін органы болып табылады. Шәует жолы ұмада орналасады.
Қуыс камералы жыныс мүшесі шағылысар алдында қан тасқынынан ісініп, қатаяды. Қуыс камераларда буылтықтар пайда болады. Ұрық шығарар сәтте сол буылтықтардың көлемі мүлде ұлғайып, төбет пен қаншық ілінісіп қалады. Бұл жағдай 15-20 минутқа, кейде тіпті 40-50 минутқа созылады.
Иттің зәр шығару органы бүйрек, несеп ағар, қуың, несеп шығару каналы болып табылады. Осы мүшелер организмнен пайдаланылған өнімдерді сыртқа шығарады. Бүйректен әрбір 5 минут сайын зәрге айналған зиянды заттардан арылған барлық қан өтіп болады. Ит тәулігіне 1-2 литрге дейін зәр шығарады.
Тері - итті ыстықтан, суықтан, физикалың және химиялық әсерлерден сақтайды. Сонымен бірге ол сезу кейде зәр бөлу органы болып та табылады. Теріде сезгіш нерв ұштары, май бездері мен жүн түбірлері болады. Жақсылап тамақтандырған ит терісінің астында жұқа май қабаты құралады. Ит жүні бүркеме жүннен, негізгі және жұмсақ жүннен, түбіттен тұрады. Осы түбіт ит организмін сыртқы температураның әсерінен қорғайды. Иттің сезу қылшық үстіңгі және астыңғы еріндерінде, бұгағында және кірпігінің маңында өседі. Тері бездері тек қана табанының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz