ЖҮК ТАСЫМАЛДАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тасымалдау шартының құқықтық реттелуі
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7
1 ТАСЫМАЛДАУ ШАРТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ ... ... ... ... ... 10

1.1 Қазақстан Республикасындағы тасымалдауды ұйымдастырудың мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.2 Тасымалдау шартының құқықтық реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

2 ЖҮК ТАСЫМАЛДАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ ... ... ... ... ... ... ... 27
2.1 Темір жол көлігімен жүк тасымалдаудың сипаттамасы, оның қауіпті жүктерді тасымалдаудағы ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
2.2 Әуе көлігімен жүктерді тасымалдау ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... 38
2.3 Жүктерді және почтаны автомобильмен тасымалдау ... ... ... ... ... ... . ..42

3 ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47
3.1 Темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдаудың жалпы ережелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
3.2 Жолаушыларды автокөлікпен тасымалдаудың жалпы ережелері ... ...53
3.3 Әуе көлігімен жолаушыларды тасымалдаудың ерекшеліктері ... ... ...60

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 69

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...73

9

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан үлкен аумағы бар және дамыған көлік жүйесі бар мемлекет, сондықтан, тасымалдау қызметі саласындағы қолданылатын шарттық міндеттемелердің құқықтық реттелуін қарастыру заманауи нарықтық қатынастар кезінде аса манызды өзектілікке ие.
Жалпы алғанда, қазіргі таңда көлік логистикасының мәні өте зор. Себебі, шикі затты, дайын өнімді, оның компоненттерін тасымалдауына өндірісте болсын, сауда да болсын жұмыс істейтін кез келген бизнесмендер жүгінеді. Тасымалдауды ұйымдастыру кәсіпкерлік қызметтің негізгі жайларының бірі, өйткені, сауатты көз қарастың өзі өндірістің қалыпты жұмыс істеуі мен уақытты үнемдеуге ықпал етеді.
Тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және оны басқа тұрғыдан да қамтамасыз етумен байланысты шарттық мiндеттемелер Қазақстан Республикасының, сондай-ақ басқа да мемлекеттердiң шарттық құқығының жеке бiр саласын құрайды.
Көлік кез келген мемлекеттің экономикасындағы байланыстыратын звено және өндірістің, айырбастың, бөліністің дамуының бірегей кешені болып табылады. Көлiк - бұл жоғары дәрежелi техногендiкпен, техникалық жабдықталумен, қоғам мен мемлекеттiң тiршiлiк әрекетiн қамтамасыз ету үшiн стратегиялық маңызбен сипатталатын салалардың бiрi. Сол себептi тасымалдау қатынастары дәстүрлi түрде көлiк құқығы аясында қарастырылады және ол техникалық сипаттағы нормалардың көптiгiмен сипатталады.
Сонымен, көлік экономикалық қызметтің бір бөлігі және адамдар мен кәсіпкерлердің қажеттілігін қанағаттандыратын құрал болып есептеледі. Көлік пайдалы кеңістікті құрайды. Көлік - жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қажеттіліктерін қанағаттандыратын құрал.
Көлiк экономиканың ерекше саласы және жоғары қауiп бар техникалық жағынан күрделi және тәртiпке салынған жүйе болып табылады. Сол себептi тасымалдаудың шарттық мiндеттемелерi көлiк түсiнiгiнiң өзiн анықтайтын, оның қызметiнiң стандарттары мен ұйымдастырушылық алғы шарттарын (мысалы, көлiктi мемлекеттiк реттеуге қатысты) белгiлейтiн нормалар арқылы қарастырылады.
Мемлекеттiң әртүрлi аймақтарына, елдi мекендердiң iшiнде, мемлекет аумағынан тыс жерлерге жүктер мен адамдарды үздiксiз жеткiзудi қамтамасыз ету болып табылатын көлiктiң қызмет етуiнiң тiкелей мақсаттарына тасымалдау шартының көмегiмен жетуге болады, оның өз кезегiнде тасымалдау процесiн қамтамасыз ететiн өзiмен тығыз байланысты бiрқатар түрлерi бар. Осыған байланысты шарт тасымалдау қатынастарының пайда болуы мен жүзеге асуын, олардың қатысушыларының тиiстi тәртiбiн және т.б. қамтамасыз ететiн құқықтық құралдардың бiрi болып табылады.
Әрекет етушi заңнамамен көлiк шарттарының төмендегiдей түрлерi белгiленген: а) жүктi тасымалдау шарты; б) жолаушыны (және қол жүгiн) тасымалдау шарты; в) кеме жалдау (чартер) шарты; г) тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттар; д) көлiк ұйымдары арасындағы шарттар; е) жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау шарты; ж) көлiк экспедициясы шарты. Сонымен қатар, аталған шарттардың кейбiреулерi тасымалдау қандай көлiкпен жүзеге асырылатынына қарай түрленетiнiн ескерсек, онда көлiк шарттарының құрылымы өте үлкен болып көрiнедi. Жүктердi, жолаушы мен теңдеме жүктi тасымалдау шартының негiзiнде жүзеге асырылады.
Тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жүктi немесе жолаушыны (теңдеме жүктi) белгiленген мекенге жеткiзуге мiндеттенедi, ал жүк жөнелтушi немесе шартта көзделген басқа да тұлға, жолаушы көрсетiлген көлiк қызметi үшiн ақы төлеуге мiндеттенедi.
Көлiктiң түрлерiне темiржол, автомобиль, теңiз, iшкi су, әуе, қалалық электрлiк көлiктер. Оның бiр түрiне магистральды құбыр көлiгi де жатқызылады.
Тасымалдау мен өзге де көлiк шарттарының жалпы ережелерi тiкелей Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiмен, 21 қыркүйек 1994 жылы қабылданған Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы Қазақстан Республикасының Заңымен және тағы басқа салалық заңдармен анықталады.
Жалпы айтқанда, көлік саласын құқықтық реттеу заманауи кезенінде Қазақстан заңнамасының жүйесін жетілдіруіндегі басымдық бағыттың бірі болып табылады. Оның сапасына елдің жалпы дамуының динамикасы және халықаралық экономикалық әріптестік байланысты болады.
Диплом жұмысының объектісі - жүк және жолаушыларды тасымалдауға байланысты қоғамдық қатынастарды аңықтау болып табылады.
Зерттеу жұмысының пәні - жүк және жолаушылардың құқықтары мен міндеттерін, оның ішінде әр түрлі көлік құралдарымен тасымалдаудың құқықтық сипатын аңықтау, осы проблеманы реттейтін нормаларды жетілдіру, ұсыныстар беру.
Диплом жұмысының мақсаты - Қазақстан Республикасында жүк және жолаушыларды тасымалдау мәселелерін кешенді түрде зерттеу, қолданыстағы заңнамаға ұсыныс беру.
Зерттеу тақырыбының міндеттері:
жүк және жолаушыларды тасымалдауға байланысты нормативті құқықтық актілерді талдау;
- жүк және жолаушылардың тасымалдауының құқықтық негізін қарастыру нәтижесінде мәнің ашу;
- жүк және жолаушыларды тасымалдауға байланысты ғалымдардың ой-пікірлерін сараптау,
- тасымалдыуды құқықтық реттеуге байланысты қолданыстағы өаңнамаға ұсыныстар беру.
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негіздерін Қазақстан және Ресей ғалымдарының еңбектері құрайды. Олар: Ғ.А.Жайлин, Ю.Г.Басин, М.К.Сулейменов, Е.А.Суханов т.б. Әдістемелік негізін зертеу пәнін жан жақты қарастырумен айқындалатын, танудың жалпы философиялық, диалектикалық әдіспен базалық ерекшіліктері құрайды. Зерттеу жұмысының практикалық негізін осы тақырып бойынша жасалған қорытындылар мен ұсыныстар Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығы пәні бойынша қолданылуы мүмкін.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТАСЫМАЛДАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ

1.1 Қазақстан республикасындағы тасымалдауды ұйымдастырудың мәселелері

Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан мен Қытай арасындағы көлік логистикасын мысалға ала отыра, оны әріптестіктін бірінші кезектегі саласы деп белгілеген. Себебі, көлік логистика тасымалдаудың барлық түрлерін қамтыйды және гиганттік мультикөліктік көпір қалыптастырады деп айтқан [1]. Осыған орай, тасымалдау - жолаушыларды, багажды, жүктердi, жүк-багажды (қол жүгін) жөнелту пунктiнен межелi пунктiне апару мақсатында орындалатын тасымалдаушының, магистральдық темiр жол желiсi операторының, локомотивтiк тартқыш операторының өзара байланысты iс-қимылдарының жиынтығы.
Тарихқа көз жүгіртер болсақ, Кеңес Одағы көзінде Қазақстан жалпы одақтық көлік заңнамасын қолданып келді. Барлық өзара қатынастарды темір жол көлігінде - КСРО темір жолдар Жарғысы (1964 ж.), ішкі су қатынасы көлігінде - КСРО ішкі су қатынасы көлігінің Жарғысы (1955 ж.), теңіз қатынасы көлігінде - КСРО сауда мақсатында теңізде жүзу кодексі (1968 ж.), әуә қатынасы көлігінде - КСРО Әуе қатынасы кодексі (1983 ж.) сияқты нормативтік құқықтық актілермен реттеліп отырды. Тек автокөлік саласында ғана Қазақ КСР автомобиль көлігінің Жарғысы қолданылды.
КСРО ыдырағаннан соң бірыңғай көлік жүйесі жойылды. Лайықты құқықтық қамтамасыздандырудың болмауынан ұлттық көлік кешендерінің экономиканың өзге секторлармен және бір-бірімен өзара қатынастарын реттеу механизмдері әлсіреді. Бұрынғы КСРО-ның көлік заңнамасы ережелерін ТМД қайсібір мемлекеті жарамды деп таныған жағдайларда, оның құқықтық нормалары ұлттық заңнама режимінде қолданылды. Қалыптасқан ахуал (жағдай) саяси және экономикалық сипаттағы себептермен бірге мемлекетаралық байланыстардың, соның ішінде көліқ қатынастарының әлсіреуіне, тасымалдар жөніндегі шарттар мен соларға қатысты міндеттемелерді орындау жауапкершілігінің төмендеуіне ұшыратты.
Тасымалдау саласындағы проблемалардан арылу үшін саланың құқықтық қамсыздандырылуындағы ағымдағы жағдайды бағалау аса маңызды және салааралық, халықаралық деңгейлерде оны жетілдіру жолдарын шоғырландыруды белгілеген жөн. Осындай құрылымды ескергенде көлік саласының құқықтық қамтамасыз етілуін дамыту мен жетілдіруді мынадай қағидатты мезеттермен санасу арқылы жүзеге асыру қажеттілігі көпе-көрінеу айқын болып көрінеді. Қазіргі кезде көліктегі өзара қатынастарды реттеу үшін құқықтық реттеудің тұжырымдамалық проблемаларын белгілейтін жалпы заңнама нормалары да, сондай-ақ арнайы көлік заңнамасының нормалары да бірге қолданылады.
Қазақстан Республикасының арнайы көлік заңнамасының жүйесін құрайтындар:
- Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйекте қабылданған №156-XIII Қазақстан Республикасындағы көлік туралы Заңы - бұл негізгі арнайы заң болып табылады және Қазақстан Республикасы аумағында тіпкелген темір жол, автомобильді, теңіз, ауе, қала электр, оның ішінде метрополитен, сонымен бірге, Қазақстан Республикасының аумағындағы магистральдік құбырлық көліктің қызметін ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық негіздерін белгілейді;
- көліктің жекелеген түрлеріне арналған арнайы көлік заңдары: Теміржол көлігі туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы № 266-ІІ Заңы, Қазақстан Республикасының ауе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылдың 15 мамырында №339-ІV қабылданған Заңы, Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қантарында №284-ІІ қабылданған Заңы, Автомобиль көлiгi туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476-ІІ Заңы, Iшкi су көлiгi туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі № 574-II Қазақстан Республикасының Заңы.
Көлік заңнамалары арасында ерекше орын халықаралық конвенциялар алады. Қазақстан Республикасының Көлік туралы Заңының 2 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының көлік заңнамасы ұлттық заңнамалар нормаларына қарағанда халықаралық шарттардың номаларына басымдық беру қағидасына негізделген. Қазіргі таңда Қазақстанмен көлік саласында барлығы 100 әр түрлі халықаралық келісімдерге қол қойылған [2].
Қолданыстағы заңнаманың кемшіліктері мен дамуды тежейтін факторлар мыналардан аңғарылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі мен Қазақстан Республикасындағы көлік туралы заңы рынок жағдайларындағы шаруашылық қызметтің негізгі қағидаттарын реттейді және көлік процесіне қатысушылардың бәрінің өзара қатынастарындағы негіздерді белгілейді. Бірақ осы базалық заңдардың рынок субъектілері араларында туындайтын қатынастардың бүкіл қырларын қамтымайтыны көпе-көрінеу. Сондықтан құқықтағы кемістіктерді толтыру үшін қос заңнамалық актілер арқылы көлік қызметінің одан арғы реттелуі көзделді. Көліктің автомобиль, темір жол, су қатынасы (теңіз), әуе және құбырлық түрлерімен тасымалдаудың шүбәсіз артықшалығын ескергенде, осындай реттелудің (регламенттеудің) көлік түрлері жөніндегі заңнамалық актілерінен өз көрінісін табатыны ұйғарылды.
Бұл орайда модель аралық өзара іс-қимылдардың үлкен спекторының болуын атап көрсету керек, олар қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерден өз кескіндерін тапқан жоқ және жеке модельды заңдарда толық қанды реттеліне алмайды. Осыған байланысты жалпы көліктік заңнаманы одан әрі жетілдіру айқын ғана емес, сонымен бірге аса қажет екені даусыз.
Бастапқыда көлік қызметінің арнайы құқықтық реттелуі өзінің (түгенделуін) көлік кодекстерінен алатын болып жобаланған еді. Оларды жасау жөніндегі жұмыс сонау 1995 жылы басталғанына қарамастан, тиісті нысандағы нормативтік құқықтық актілердің бірде-біреуі сол күйі қабылданған жоқ. Ол ол ма, көліктің жеке түрлері жөніндегі құқықтық нормаларды кодификациялау (кодтандыру) мезгілсіз болып шықты және кодекстердің орнына тиісті заңдар қабылдау анағұрлым орынды екендігін көрсетті.
Заң деңгейіндегі нормативтік құқықтық акт үшін заңнама нақты талаптар белгіледі. Мәселен, модельды заңдар базалық заңнамаға сәйкес, қатаң түрде нақтыланған салмақ көтеретін және бүкіл ықтимал түгендеу деңгейіне дейін төмендемейтін нақты құқықтық нормаларды мазмұндауы тиіс. Заңды қолданысқа енгізу заңнан туындайтын актілердің тұтас кешенін одан әрі қабылдау мүмкіндігін ұйғаруы тиіс, олар: ережелер, нұсқаулар және де нақты секторлардың құқықтық өрісін жасауы тиіс өзге де құжаттар. Осындай нормативтік құқықтық құжаттардың міндеті жолаушыларды, жүктер мен қол жүгін тасымалдау процестеріне толық реттеу берумен тұжырымдалады. Мәселен, тауар-көлік жүк құжатына, оны түзу тәртібіне, тасымал шарттарына, тасымал шарттарын өзгерту тәртібіне, жүк тиеу және түсіру тәртібі мен мерзімдеріне қатысты қағидалар, жүк тиеу орындарына қойылатын талаптар мен өзге де көптеген мәселелер тиісті тасымал Ережелерінен өз орындарын табулары керек. Көлік құралдарының техникалық жай-күйлері мен оларға қызмет көрсетулерге, оларды сақтауға, есептен шығару тәртібіне, сондай-ак техникалық жай-күйлерін бақылауға қойылатын талаптар тиісті көлік құралдарын техникалық пайдалану Ережелерінде, ал тарифтер жасаудың тәртібі тарифтерді әзірлеу және қолдану Ережелерінде мазмұндалуы тиіс.
Зңнамамен қазір әуе, темір жол және теңіз көлігі қамтамасыз етілді. Бірақ автомобиль және ішкі су қатынасы көлігіне қатысты құқықтық өріс бұрынғысынша бос күйінде қалып отыр. Тиісті заң жобалары даярлықтың әр түрлі дәрежелерде жасалуда, ал олардың болмауы заңға тәуелді актілердің тұтас қатарын қабылдауды қиындатып отыр.
Көлік заңнамасын жүйелендірудегі оң мысал ретінде Еуроодақ тәжірибесін келтіруге болады, онда көлік қызметіне әйтеуір қатысы бар бүкіл нормативтік құқықтық актілер Transport Acquis құжатына жинақталған. Бұл ретте ережелердің, директивалардың немесе шешімдердің қандай құрылымдар - Көлік кеңесі, Еуропалық комиссия немесе қайсыбір өзге орган арқылы шығарылғанына мән берілмейді [3].
Қазақстан Республикасындағы заң шығару процесі дәстүрлі түрде баяу болып табылады. Осы құбылыс Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі емес, мұндай жағдай бүкіл әлем үшін тән. Қазақстанның ерекшелігі, айтпақшы, ТМД барлық елдеріндегі сияқты, мына жағдаймен тұжырымдалады, республикамыз маңызды заңдардың тұтас кешені мен соларға заңға тәуелді нормативтік актілердің орасан қалың пакетін бір мезгілде қатар әзірлеуі тиіс. Әрбір құжатты жасаудағы тәсілдің безбенделген және пайымдалған болуы даусыз. Бірақ мынаны ескеру керек, модальды заңдар да барлық көлік түрлеріне тән жалпы нормалармен қатар көлік түрлерінің өзіндік ерекшеліктерін көрсететін нормаларды мазмұндаулары тиіс. Осыған байланысты автомобиль көлігі мен ішкі су қатынасы көлігі туралы заңдар қабылдау үрдісін жеделдеткен жөн.
Кеңес дәуіріндегі құжаттарда белгіленген нормалар ескірді және олар жаңа экономикалық жағдайларда шаруашылық жүргізуші субъектілердің қатынастарын баламалы түрде реттеуге шамалары келмейді. Сондықтан бүгінгі таңда аралас тасымалдар қатысушыларының құқықтық қатынастарындағы негізгі қағидаттар Азаматтық кодекс ережелеріне құрылады. Атап айтқанда, кодекстің нормалары бойынша тасымалдаушылар жүк жөнелтушінің алдында жүктердің кем шығуына, бұзылуына, зақымдануына немесе жоғалуына ірі жауапкершілік арқалайды. Бұл мәселе, жүк жөнелтушіге материалдық залал келтірілген жағдайда, осындай залалдың қандай сатыдағы тасымал көзінде келтірілгеніне қатыссыз кез-келген тасымалдаушыға талап бере алатынын білдіреді. Сонымен қатар, егер кідіріс өзінің кінәсінен болмағанын дәлелдей алмаса, онда тасымалдың бөгелгені үшін жауапкершілікті соңғы тасымалдаушы көтереді.
Шекаралардан өту көзіндегі және жүктерді жөнелту, жеткізу орындарындағы кедендік рәсімдер жеткізу уақытына, қаржы шығындары мен маршруттардың тартымдылығына ықпал жасайтын халықаралық тасымалдардың маңызды элементі болып табылады [4, 109 б.].
Қазақстан Республикасындағы Кеден кодексінің халықаралық келісімдердің қазіргі заманғы талаптары мен халықаралық озық тәжірибеге сай екендігіне қарамастан, кеден халықаралық тасымалдар, соның ішінде Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзит үшін негізгі кедергілердің (тосқауылдардың) бірі ретінде қаралады [5, 44 б.].
Қолданыстағы заннаманың талдауы әрекеттегі жүйенің мынадай кемшіліктерін көрсетеді:
- Қазақстан Республикасындағы жаңа Кеден кодексіне сәйкессіздігі себебінен тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізуді талап ететін заңға тәуелді актілердің қалың саны;
- тауарлардың транзитіне кедергі жасайтын әкімшілік рәсімдер;
- көп уақыт жұмсауды талап ететін кеден бақылауының еңбекті көп қажетсінетін рәсімдері;
- кедендік шығарып салудың кеден рәсімдерін үйлестіру мен күшейту жөніндегі Халықаралық конвенция талаптарына сәйкессіздігі.
Кеден рәсімдерінің проблемалары көп дәрежеде тасымалға қатысты болғандықтан, Қазақстан Республикасының ұлттық экспедиторлары Қауымдастығы (ҚҰЭҚ - АНЭК) Қазақстан Республикасының кеден бақылауы Агенттігімен ынтымақтастықта пұрсаттылықты кеден жүйесін қолдану арқылы халықаралық жүк тасымалы туралы уақытша ереже даярлады. Құжаттың негізгі қызметі - халықаралық тәжирибені, соның ішінде көлік транзитінің дамуына жәрдемөсу. Қазір кеден өкілдері тасымалдаушылар мен сақтандырушылар арасында, тараптар осы мәселе бойынша өздерінің жұмыс ұстанымдарын бейімдеген бойда, жаңа транзит ережелерінің пайдалануға қабылданатыны туралы уағдаластық бар. Ережелерді ендіру Орталық кеден басқармасының қадағалауымен бірнеше кеден күзет орындарында (посттарында) тәжірибе (эксперимент) жүргізуден басталады. Сонымен, Қазақстан Кеден одағы қатысушыларының арасында (Ресей, Қазақстан, Беларусь және Украина) бірінші болып халықаралық стандаттарға сәйкес кеден транзитінің ережелерін енгізе бастады [6, 10 б.]. Соларды енгізу жөніндегі тәжірибені пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы Кеден одағы елдерінде транзитінің бірыңғай ережелерін жасау мен таратуда жетекші роль атқаруы мүмкін.
Тасымалдау қатынастарында қолдануға жарамды қолданыстағы заңнаманың талдауы Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына жаңа әлеуметтік - экономикалық жағдайлардағы тасымалға қатысушылардың қатынастарын жүйелі реттейтін құқықтық актінің әлі де жасалмағанын көрсетеді. Айталық, автотасымалдау саласында тасымалдаушылар мен олардың клиенттері арасындағы өзара қарым - қатынастар ұзақ уақыт бойы автомобиль көлігінің Жарғысы негізінде құралып келеді, Жарғыны Қазақ КСР-нің Министрлер кеңесі сонау 1970 жылы бекітті. Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты осы құжат әбден ескірді, өйткені оның нормалары шаруашылық жүргізуші субьектілерге әкімшілік-әміршіл басқару жүйесінен туындаған еді. Жолаушы және жүк тасымалдарын орындауға қойылатын талаптардың ұлаңғайыр санын мазмұндайтын тасымал ережелері де сондай - ақ социализм орнату заманында әзірленген еді және олар ірі автокөлік кәсіпорындарына арналды. Соларда жүргізілген құрылымдық елеулі өзгерістер қазір оларды толық көлемде қолдануға мүмкіндік бермесе, ал бақылау - қадағалау қызметтерінің қысқаруы тасымалдаушылардың осы ережелерді жаппай елемеулерін туындатады.
Азаматтық кодекс пен Қазақстан Республикасындағы көлік туралы Заңының талаптары бойынша тасымалдау қызметін реттейтін заңнамалық акт, тасымалдау қызметіндегі субьектілердің мәртебесін, соларды мемлекеттік реттеудің қағидаларын, механизмдері мен жеткілікті деңгейлерін белгілеуі тиіс. Заңда сондай-ақ, тасымалдар жасаудың жеке түрлерін орындаудың негізгі жағдайлары, шарттық міндеттемелер, көлік үрдісіне қатысушылардың құқықтары мен жауапкершілігі, дауларды шешу тәртібі және т.б. қамтылуы тиіс.
Күнделікті практика көлік операторлары мен тасымалдаушылардың қадағалау органдарымен өзара қатынастарына байланысты мәселелер блогы заң жобасынан міндетті реттеу алуы тиіс екендігі көрінеді, олар: кедендік, шекаралық, жол, мал дәрігерлік, фитосанитарлық қызметтер [7, 19 б.]. Уақытша шығындарды барынша азайту және сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін шектеу көзінде қажетті деңгеймен қамтамасыз ететін осы қызметтердің өкілеттіліктерін көлігінің тартымдылығына, бәсекеге жарамдылығына ғана емес, Қазақстан Республикасының транзиттік тартымдылығына да, сондай - ақ әлемдік көлік жүйесіне интеграция жасау қарқындарына да елеулі ықпал жасайды.
Тасымалдау рыногына жұмыс істейтін түрлі одақтар мен қауымдастықтардың да күн санап өсіп келе жатқан ролін де шығармау керек секілді. Осы қоғамдық және кәсіби ұйымдар тасымалдау қызметін нығайтуға ықыласты, солар арқылы тасымалдаушылардың жалпыланған мүдделері көрсетілуі және жеке бизнес пен мемлекет қызметтері өзара үйлестірілулері тиіс. Осындай бірлестіктерді нысандандыру мен оларға белгілі бір реттеу қызметтерін бөлу (тасымалдау рыногының жай - күйі туралы ақпараттар жинау және талдау, көлік заңнамасын бұзу әрекеттерін тіркеу және есепке алу, лицензиялар алу үшін мемлекеттік органдарға ұсынылатын құжаттарға алдын ала сараптама жүргізу) модальды заңнан өз көрінісін табуы тиіс.
Алайда, Азаматтық кодекстің 695-бабында мынадай құқықтық негіз сақталған, ол бойынша жалпы пайдаланыстағы қызмет көрсетулерді ұсынатын рынок субъектісі белгіленеді [8]. Егер заңнан, өзге құқықтық актілерден немесе тасымалдаушыға берілген лицензиядан (патенттен) оның кез-келген азаматтық не заңды тұлғаның сұрауы бойынша тасымал жүргізу міндеттемесі туындайтын болса, онда тасымалдаушының мұндай жағдайдағы қызметі де жалпы пайдаланыстағы тасымалдарға жатады. Яғни, жалпы пайдаланыстағы көліктің айрықшалықты белгісі ретінде қазір көлік рыногындағы барлық клиенттерге тасымалдаушының қызмет көрсетулерді ұсыну міндеті пайдаланылады.
Сонымен қатар міндетті тәртіпті емес, ал көбінесе тасымалдаушының ықтияры бойынша коммерциялық негізде орындалатын тасымалдардың бар екендігі баршаға аян (мәселен, патент бойынша немесе тасымалдаушы мен клиент арасындағы тікелей келісім арқылы).
Патент рыногта заңды тұлға құрмастан әрекет жасайтын жеке кәсіпкер үшін жеңілдетілген салық режимін белгілейтін құжат болып табылады. Патент бойынша жұмыс істеу біріншіден тасымалдаушыны кез келген өтініш бойынша тасымал жасауға міндетті етеді, екіншіден, ол тасымалдаушының рыногтағы қызметін ешбір реттемейді, тәртіптемейді де. Осыған байланысты Қазақстандағы тасымалдау жұмысының ауқымы көлемді. Жалпы пайдаланыстағы тасымалға жатқызылмайды, істің шын мәнінде құқықтық өріс аясынан тыс орындалады.
Қазір такси ретінде: айырым белгісінсіз, таксиометрсіз тасымалдаушының реквизиттерін көрсетусіз, байланыс құралдарынсыз және т.с.с кез келген жеңіл автомобиль пайдаланыла берілуі мүмкін. Тамақ өнімдерін тасымалдау үшін, ол үшін бейімделген антисанитариялық күйдегі жылжымалы құрамның тартылатыны сирек құбылыс емес. Клиентке ешқандай залал келтірмей, тасымалдың мерзімінде орындалатынына, егер осындай залал туындағанда, оны өтеуге байланысты ешқандай көпілдік берілмейді. Қызметтердің сапасын қамтамасыз ету ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Сертификаттау туралы Жеке кәсіпкерлік туралы заңдарында белгіленген осы заңдарда жеке кәсіпкерлердің жүргізетін қызметтердің сапасына жауапкершілігі ескеріледі. Бірақ тасымалдау қызметтерінің түрлеріне қойылатын талаптар, көлік үдерісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері ешқайда тұжырымдалмаған және нормативтік белгіленбеген.
Тасымалдаудауды құқықтық реттеудің осындай жеткіліксіздігімен қатар, жалпы пайдаланыстағы тасымалдардың өздеріне қойылатын талаптар, көлікпен сабақтас өзге де қызметтер нормативтік құқықтық актілер арқылы реттелмеген күйде қалып отыр. Республика ішіндегі жүк тасымалдары, көлік экспедиторлық және өзге де агенттік қызмет көрсетулер автостанциялар мен автовокзалдардың мемлекеттік бақылау мен қадағалаудан тысқары қалған.
Әсіресе тұрақты жолаушы тасымалдарды заңнамалық қамсыздандырудың жоқтығына ерекше тоқтап өткен жөн. Қазір оларды қалалар мен қала маңдарында ұйымдастыру жергілікті атқару органдарының құзырында. Осы саладағы көлік қызметін реттеу тасымалдаушыларды конкурс арқылы реттеу мен олардың жасасқан келісім шарт, олардың талаптарының сақталуын, бақылау жүргізуге саяды. Қала аралық жолаушы тасымалдарына байланысты бірде бір арнайы тәртіптеме жоқ. Тұрақты жолаушы тасымалдарында жеке кәсіпкерлерге қойылатын нақты талаптар мен рұқсаттама механизмдерінің олардың жергілікті өкілеттіктері мен өзара іс қимыл жасау тәртібінің рыногқа субъективті ықпал етудің элементтерін кіргізді. Соның нәтижесінде халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасы төмен деңгейден аспайды. Жол көлік оқиғаларының саны азаймайды, олардың салдарынан ауыртпалық деңгейі ұлғайады, қалалардағы көлік және экологиялық проблемалар шиеленіседі. Тұрақты жолаушы тасымалдары саласындағы автокөлік заңнамасы міндетті түрде, сондай-ақ нарық жағдайларында әлеуметтік мәндегі тасымалдарға қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін нормаларды да мазмұндауы тиіс, соның ішінде осы тасымалдар оқушыларды, ауылдық жерлердің тұрғындарын тасымалдаудың ерекшеліктерін қамтуы керек. Бұл ретте әлемдегі өзге елдердің тәжірибелерін ескеру керек, оларда осындай түрдегі тасымалдар мемлекеттің мүдделі муниципалды органдардың заңды немесе жеке тұлғалардың есебінен жүзеге асырылады.
Тасымалдау саласында, автомобиль көлігі арқылы тасымалдау азаматтардың денсаулықтары мен өмірлері үшін ең үлкен қауіп төндіреді, ал автомобиль тасымалдары мемлекеттің елеулі материалдық қаражаттарының сақталу мәселелерін қозғайды. Осыған байланысты автомобиль көлігі туралы заңда автомобиль көлігіндегі лицензиялау және сертификаттау объектілерінің нақтылануы және түгелденуі тиіс. Тұрғын халықтың мүдделерін мемлекеттік қорғау қажеттілігіне сүйене отырып, тасымалдау қызметі түрлерінің тізбесін, сондай ақ лицензиялауға жататын сабақтас қызметті ұлғайтуы қажет. Автокөлік техникасын оның қосалқы бөлшектері мен пайдалану материалдарын, сондай ақ АКҚ техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын сертификаттау жүйелерінің құқықтық негізін заң бектуі тиіс [9]. Осы мәселелер бойынша мемлекеттің реттеуші қызметтерін күшейту, автокөлік рыногының біліксіз қатысушылардан арылу, көлік қызмет көрсетуінің сапасын арттыруға және жол көлік оқиғалары мен қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде туындайтын залалды азайтуға нысалануы тиіс бұл ретте әр түрлі сыбайлас жемқорлық жасырын ниеттерінен тысқары болуы үшін рұқсаттама беру түріндегі қызмет еркін кәсіпкерліктің артықшылықтарын барынша пайдалануы тиіс және ол барлық қатысушылары үшін анық болуы керек. Қолданыстағы заңнама бойынша ҚР аумағында халықаралық үлгідегі жүргізушілер куәлігі жарамды болып табылады. Шетелдік азаматтардың 1968 жылғы 8 қарашадағы жол қозғалысы туралы халықаралық Вена конвенциясының талаптарына сәйкес келетін ұлттық жүргізушілік болған жағдайда танылады. Алайда ҚР жүргізушілер куәлігін әлемнің өзге елдерінде тану, егер оларды берудің ресми емесігі тиісті үлгімен расталмаса, онда проблемалар туғызуы мүмкін. Әсіресе осы жайт ауыр көлік құралдарын - жүк автомобильдері мен алыс қатынастар автобустарын жүргізу құқына берілетін жүргізуші куәліктеріне қатысты.
Жүргізуші куәліктері жөніндегі ЕО бірінші директивасы 1983 жылы қолданысқа енгізілді және олардың форматтарын стандарттады міндетті алты бөлім және сары түс [3]. Директива ережелері, директива күшіне енгеннен кейін берілген куәліктерге ғана қолданылады, және ол осыған дейін алынған куәліктерді міндетті түрде алмастыруды көздеген жоқ. Бұл жағдай қазірге дейін ЕО қолданылатын әркелкі форматтағы және түстегі 87 түрлі жүргізуші куәліктерінің бар екенін ұқтырады. Әрине, бұл сан уақыт барысында қарқынды түрде кеми түседі. Қазір АКҚ барлық санақтары үшін (А санатындағы - мотоциклдер, В, Е - жеңіл автокөліктер; С және СЕ - жүк автомобильдері Д және ДЕ- автобустар және тіркемелер) жүргізуші куәліктері ЕО бүкіл қатысушы елдерінде міндетті тануды көздейтін бастапқы заңнамалық акт. Директива белгілі бір жылдар аралығында жұмыс істеген уақыттан кейін ауыр көлік құралдары жүргізушілеріне мерзімдік, медициналық тексерулер жүргізуді міндеттейді. Осындай медициналық тексерулер міндетті болатын жасты ЕО қатысушы елдері әзірше белгілеген жоқ, сондай-ақ медициналық тексерулердің мерзімділігін де қозғамады. Алайда, Еуропалық комиссия қазіргі шек қойылмаған мерзімінің орнына жүргізушілер куәліктерінің қолдану мерзімін он жылмен шектеуді жоспарлап отыр. Қазір бастапқы шама 45 жаста, ал мерзімділік он жылды құрайды. Жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімі біткеннен кейін біліктілік комиссиясы жүргізушінің денсаулық жағдайына тексеру жүргізеді, бұл орайда оның жасына, көру қабілетіне, реактивтік мүмкіндіктеріне және өзге де факторларға назар аударылады. Мұндай шешімнің туындау себебі Еуропалық жолдардағы ондаған мың адамдар, рульде не қарт адамдар немесе көздері нашар көретіндер, тәжірибесі жоқ адамдар отыру салдарынан опат болады. Жеңіл автомобильдер жүргізушілердің әр он жыл сайын денсаулықтары жөнінде тексеруден өтеді, ал ауыр көлік құралдарының жүргізушілері әр 5 жыл сайын медициналық тексеруге түсетіні жобалануда. Аталған үрдістер автомобиль көлігі қвзметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерде міндетті түрде ескертулері тиіс. Мұндай іс шара жүргізушілер қауымының осыдан туындайтын оң салдары мен бірге кәсіби деңгейін арттыру мен ғана шектелмеген, сонымен қатар әлемдік көлік жүйесіне интеграция жасауды да жеңілдетеді.
Сонымен, тасымалдау - экономиканың бір саласы болып есептеледі. Тасымалдау заманауи өмірдің керекті қызметтерінің бірі. Өйткені қарапайым өмірде тасымалдаусыз өмір сүру қиын, кез келген адам бір жерден бір жерге жету үшін, жүкті белгіленген жерге жеткізу үшін тасымалдау қызметіне жүгінеді. Тасымалдау те мемлекет ішіндегі сауда, өндіріс мәселелрін шешпейді, сонымен қатар, халықаралық деңгейдеде өзекті болып табылады.
Көліктік логистика - тасымалдың (тасымалдаудың) әрбір кезеңінде жүктер қозғалысының мониторингін қамтитын, әртүрлі көлік түрлерін (теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе) пайдалана отырып, оңтайлы маршрут бойынша жүк жөнелтушіден (өндірушіден) жүк алушыға дейінгі тасымалды (тасымалдауды) жоспарлау және басқару жөніндегі тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара байланысты іс-қимылдарының жиынтығы [2].
Қазақстан Республикасының көлігі - Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе көлігі, қалалық рельстік көлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы магистральдық құбыр көлігі.

1.2 Тасымалдау шартының құқықтық реттелуі

Тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және оны басқа тұрғыдан да қамтамасыз етумен байланысты шарттық міндеттемелер Қазақстан Республикасының, сондай-ақ басқа да мемлекеттердің шарттық құқығының жеке бір саласын құрайды.
Жалпы, көлік ұғымына тоқталатын болсақ, көлік - экономиканың қан жүргізетін жүйесі. Көліктің негізгі міндеті - жүк пен жолаушы тасымалдау.
Көлік - экономиканың қалыпты жұмыс істеуінің негізі. Ол өндіріс процесін қамтамасыз етіп, кәсіпорындарды, салалар мен аймақтарды байланыстырады, сыртқы сауда жүктерін тасымалдап, халыққа қызмет керсетеді. Көлікті онсыз өмір сүре алмайтын шаруашылық ағзасының кан тамыр жүйесі деп те атайды. Сондықтан жоғары дамыған, тұрақты жұмыс істейтін көлік жүйесін қалыптастыру - елдің өсіп-өркендеуінің негізгі жағдайларының бірі.
Көлік төрт құрамдас бөліктен тұрады. Ол - көлік құралдары (автомобильдер, кемелер, ұшактар), жолдар (темір, автомобиль жолдары, құбырлар, әуе, теңіз), ірі ұйымдар (авиациялық теңіздік, темір жол компаниялары) және тиеу-түсіру пункттері (теңіз және әуе порттары, темір жол стансалары. Сол себепті ол күрделі кешен болып есептеледі. Біздің оны кешен деп атауымыз - адамдардың әр түрлі көлік құралдары мен жолдарын (құрлық, су, әуе) пайдалануына байланысты. Осыған байланысты жеке салаларға немесе көлік түрлеріне бөлінеді.
Көлік материалдық игілік өндірмейді. Бірақ көсіпорындар мен ұйымдардың өнімдерінің өзіндік құнына тасымалдау құны кіреді. Сондықтан кейде оны материалдық өндіріске жатқызады. Көліктің өзінің жұмысын екі көрсеткішпен елшейді. Бірінші көрсеткіш - тасымалданған жүктер және жолаушы. Ол тоннамен немесе адам санымен өлшенеді. Бұл көрсеткіш істелген жұмысты толық керсетпейді. Оны түсіну үшін есеп шығару керек.
Сендердің жауаптарыңның әр түрлі болмауы да мүмкін. Екінші автомобиль жүкпен үлкен жол жүріп өткендіктен, көп мөлшерде жанар-жағармай жұмсады, оның ақшамен есептегендегі жұмысы да, жүкпен жүрген жолы да көп. Сондықтан көлік жұмысының екінші керсеткіші - жүк айналымы, ал жолаушы тасымалдауда - жолаушы айналымы. Жүк айналымы - уақыт бірлігі ішінде (күн, ай, жыл) белгілі бір қашықтыққа тасымалданған жүк мөлшері. Біздегі мысал бойынша, бірінші автомобиль 50 тонна-километр (т км), ал екіншісі - 500 т - км жүк тасымалдады.
Қазақстанның ірі көлік кешені бар. Бірақ онын, шешілмеген мәселелері де көп. Қатынас жолдары жеткіліксіз. Олардың сапасы да жоғарғы дәрежеде емес (әсіресе, автомобиль жолдары). Бұнымен қозғалыс жылдамдығының төмен болуы, яғни көлік артерияларының өткізу қабілетіне де байланысты. Ескірген көлік құралдары әлі қолданылады. Осыған байланысты жылдам дамып келе жатқан экономика мен оған үлгіре алмай келе жатқан көлік кешенінің арасында диспропорция (сәйкессіздік) пайда болды.
Оның жұмысын жақсарту үшін, жасалған қатынас жолдарын жақсартып, жаңаларын салу, жүк көтергіштік пен жүктерді жеткізу жылдамдығын арттыру қажет. Бұған контейнерлік тасымалдаудың ықпалы бар. Ол артық тиеу-түсіру жұмыстарын қысқартып, тауар жеткізуді жылдамдатады.
Көлікте өзіндік еңбек бөлінісі қалыптасқан. Мысалы, авиация толығымен халыққа, ал құбыр желілері - тұтастай өндіріске жұмыс істейді. Кешеннің әр саласының еңбек көрсеткіштерінде де айырмашылық бар.
Құрлық көлігі - біздің елімізде негізгі көлік түрі болып саналады. Онда темір жол маңызды орын алады. Темір жолдар - Қазақстанның бүкіл жол жүйесінің қаңқасы іспеттес. Олар еліміздің аймақтарын біртұтас жүйеге біріктіріп, климат пен жыл маусымдарына қарамастан тұрақты түрде жұмыс істейді. Қозғалыс жылдамдықтары да едәуір, сонымен бірге тасымалдау құны да көп емес. Темір жолдар - алыс қашықтықтардың ең қолайлы, әмбебап көлігі. Ол барлық жүк түрлерін тасымалдауға жарамды, ал болат артерияларды кез келген бағытта жүргізуге болады.
Темір жолдар Қазақстанда XIX ғасыр аяғында пайда болды. Оның аумағынан тұңғыш ірі жол - Орынбор-Ташкент жолы өтті. Ал негізгі жол желісі кеңес кезеңінде қалыптасты. Оның негізін елдің бірнеше бөліктерін қосатын ірі магистральдар құрайды. Қазақстан темір жолының келбетін меридиан бойымен бағытталған 3 магистраль: Орынбор-Ташкент, Түркістан-Сібір, Трансқазақстан және ендік бойымен өтетін 2 магистраль: Орта Сібір мен Оңтүстік Сібір бейнелейді. Олар қосылып, Қазақстанның үлкен темір жол сақинасын құрайды. Оған басқа да болат артериялар келіп тоғысады.
Темір жол көлігі тасымалдайтын жүктің 34 бөлігін көмір, кен, мұнай және құрылыс материалдары құрайды. Бұл жүк ағынының географиясында көрінеді. Бәрінен де Оңтүстік Сібір және Трансқазақстан магистральдарының жұмыстары өте қауырт. Жолаушы тасымалының жартысынан астамы салалардың үлесіне тиеді. Темір жол көлігінің дамуы:
1) жаңа жолдар салуды;
2) өткізу қабілетін екі есе арттыру үшін оларды электрлендіруді;
3) жоғары жылдамдықты магистральдар салуды;
4) контейнерлік жүк тасымалын қалыптастыруды қарастырады.
Егер темір жол көлігі - көлік жүйесінің қаңқасы тәрізді болса, автомобиль жолдары оларды байланыстыратын негізгі буын болып табылады. Автомобильдер аралық кідіріссіз тауарды есіктен есікке дейін жеткізеді. Олардың, әсіресе, қалаларда, қала маңы мен таулы аудандарда рөлі зор. Алыс магистральдік жүк тасымалын қуатты, жылдамдығы жоғары жүк машиналары атқарады. Бірак автокөлік қымбат әрі экологиялық жағынан лас көлік түрі.
Автомобиль көлігінің жұмыс тиімділігі жолдардың жиілігі мен сапасына байланысты. Авто магистральдардың жалпы ұзындығы 93 мың километрдей. Елдегі жол желісі әр түрлі. Ол негізінен темір жолдар географиясын қайталайды. Автомобиль жолдары өте жиі болып келетін аймақ - Солтүстік Қазақстан. Батыс пен Орталықта жолдар саны одан екі еседей аз.
Біздің елімізде автомобиль бұрыннан бері ең жаппай қолданылатын көлік құралына айналды (2008 ж. - 3,2 млн астам бірлік) ал автокөлік жүк (34) және жолаушы (99%) тасымалының талассыз кешбасшысы болып табылады.
Өндірістік көліктің ролі басым болып саналатын тау-кен және металлургиялық облыстар (Қарағанды, Шығыс Қазақстан жәнө Қостанай) тасымалданатын жүк массасы жөнінен ерекшеленеді.
Құрлық жолдары көлігінің арнайы маманданған түрлері - құбыр және электрондық көліктер. Құбыр жүйелері мұнай мен газ айдап, мұнай-газ және мұнай өңдеу өнеркәсіптерімен бірлесіп жұмыс істейді. Оларды да кез келген бағытта жүргізуге болады, әрі темір жолдан қысқа болып келеді, ал құрылысы көп арзанға түседі. Бір бағытта, тұрақты жерде көп мөлшерде жүк жіберіледі. Сондықтан құбыр жүйесі ең арзан көлік түрі болып саналады.
Қазақстандағы құбыр жүйесі дамыған аймақ - Батыс, одан мұнай мен газдың қуатты ағындары таралады. Орталық облыстарды солтүстіктен оңтүстікке қарай Омбы-Павлодар-Шымкент- Түркіменабад газ құбыры желісі басып өтеді. Батыстан оған Құмкөл бұтақшасы келіп косылады да, ал одан шығысқа, Қытайға қарай құбыр кетеді.
Электрондық көлік әлектр қуатын электр жеткізу желілері (ЭЖЖ) арқылы тасымалдайды. Олар елдің ірі өнеркәсіпті орталықтарын байланыстырып, ауылдық жерлерді электр қуатымен қамтамасыз етеді.
Ірі қалаларда жолаушыларды экологиялық жағынан таза электр көліктері троллейбустар (Алматы, Петропавл, Астана, Тараз және т.б.) мен трамвайлар (Павлодар, Алматы, Өскемен, Қарағанды) тасымалдайды. Құрлық көлік түрлері су көлігімен тығыз байланысты.
Су көліктері негізінен құрал-жабдықты көп қажет етпейтін табиғи жолдарда жұмыс істейді. Оларға отын аз жұмсалады (1 т жүкке есептегенде), әрі көлемді тауарларды тасымалдаудың өзіндік құны да төмен. Бірақ оның қозғалыс жылдамдығы төмен, көбінесе маусымдық жұмысқа ғана жарамды, оның үстіне кеме жүретін жолдар қажетті бағыттарға үнемі сәйкес келе бермейді. Су көлігі теңіздік және өзендік болып бөлінеді. Теңіздік кеме қатынасы бар жалғыз аудан - Каспий теңізінің шеткі ЭГЖ теңіз көлігінің негізгі міндетін - сыртқы сауда байланысын жүргізуді анықтап берді. Сондықтан негізгі жүк тасымалы шетелдік болып табылады. Каботаждық тасымал (еліміздің порттарының арасында) аздау, дегенмен, онда да өсу байқалады.
Теңіз көлігі - ең жас әрі жылдам дамып келе жатқан көлік түрі. Еліміз өз флотын жаңадан құрды. Қазірдің өзінде онда казіргі заманғы танкерлер (Астана, Алматы, Абай), өздігінен жүретін баржалар, мұзжарғыш буксирлер бар. Елдің басты теніз қақпасы - қатпайтын Ақтау сауда порты. Жүк тасымалы бойынша (жылына 10 млн. т) - ол Каспий бойындағы ірі порттардың бірі болып саналады. Жүктің басым бөлігін мұнай (85%), прокат және астық құрайды. Паром өткелдері Ақтау қаласын Ресей мен Әзірбайжанның порттарымен байланыстырады. Құрық қойнауында жаңа порт салынып жатыр. Ол теңізде таяу уақыттарда пайда болатын (30-60 мың т) ірі танкерлерді қабылдайтын болады. Үшінші, Баутино порты теңіздің мұнай байлығын игерудің тірек базасы ретінде дамып келеді.
Өзен көлігі табиғат жағдайларына көбірек тәуелді. Онымен асықпай жеткізілетін, жаппай тасымалданатын жүктер көмір, мұнай өнімдері, ағаш, астық, құрылыс материалдарын тасымалдауға өзен көлігі қолайлы. Әзірше олардың көлемі онша көп емес. Бұл транспорттың географиялық жұмыстарын екі кәлдік алаптар анықтайды.
Әуе көлігі - ең жылдам, бірақ ең қымбат көлік. Оның негізгі мамандануы - алыс кашықтықтарға жолаушы тасымалдау. Ұшақтар, сонымен қатар шұғыл түрдегі және бағалы жүктерді (пошта, тез бұзылатын азық-түліктер, гүлдер) жеткізеді.
Қазақстандағы әуе тасымалын бірнеше авиакомпаниялар (СКАТ, Атырау әуе жолы, Көкшетау және т.б.) орындайды. Олардың ішіндегі ең ірісі - Эйр Астана, ұлттық авиа тасымалдаушы компаниясы.
Ол ондаған халықаралық және ішкі бағыттарға қызмет көрсетеді. Оның әуе лайнерлері Ресейге, Қытайға, Германия мен Үндістанға ұшады. Эйр Астана республика әуе жолаушыларының 35-ын тасымалдайды.
Елдің ең басты Әуе айлағы - Астана (жолаушылардың 34- нен астамы). Қазіргі заманғы халықаралық әуежай Астанада салынған.
Авиация ауыл шаруашылығында қолданылады. Оның көмегімен орман өрттерін сөндіреді, құбыр желілерін бақылайды, шұғыл жағдайдағы ауруларды тасымалдайды және мұнай мен газ қорларын игереді.
Көлікті аумақтық ұйымдастыру. Қазақстанда бірыңғай көлік жүйесі қалыптасуда. Оның негізгі бөлігі - түрлі қатынас жолдары болып табылады. Оларды көлік тораптары, яғни әр алуан жолдар түйісетін (темір жол, автомобиль, өзен) жәнө бір көліктен екіншісіне жүк ауыстырылып тиелетін орындар қосады. Қазақстанда әр түрлі типтегі ондаған көлік тораптары бар. Әсіресе, Алматы, Ақтау, Қарағанды, Павлодар, Теміртау ерекше бөлінеді.
Коммуникациялық жүйенің бұл буыны пошта байланысы мен телекоммуникацияны біріктіреді. Оның негізгі міндеті - көлемі мен маңызы жылдам әсіп отыратын ірі алуан ақпараттарды беру. Қазпошта АҚ орасан үлкен шаруашылығы - пошта байланысы - бұл ертеден келе жатқан сала.
Қазіргі телекоммуникациялық байланыс түрлері жуан сөмке арқалаған пошташыны ығыстыра бастады. Олар бірнеше бағытта қарқындап дамып келеді. Оптикалық-талшықты желілердің құрылуы халықты телефонмен камту деңгейін көтереді. Спутниктік телеарналар мен бүкіл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тасымалдау шарттың түсінігі мен жүйесі
Тасымалдау шартының түсінігі
Жалпы пайдаланыстағы көлікпен тасымалдау
КӨЛІК ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ШАРТЫ
Жолаушы тасымалдау шарты
Халықаралық көлік құқығы
Көлік қызметтерін реттеу қажеттілігі
Экспрес ЖШС интермодалды технологияны және GPS жүйесін пайдаланып жүк тасымалдауды жетілдіру
ҚР заңнамасы бойынша көліктік қызмет көрсету аясындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Темір жол көлігін мемлекеттік басқарудың экономикалык-әкімшілік механизмдері
Пәндер