Сырнай - тілшелі сарнамалы аспап


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Ф

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

университеті

факультеті

« Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

ҚР Мәдениет қайраткері

“”2021 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Баян аспабын үйрету

-мамандығы бойынша- «Музыка»

Орындаған

Ғылыми жетекшісі

ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
: 1
КІРІСПЕ. . .: ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕПТЕРДІҢ МУЗЫКА САБАҒЫНДА БАЯН АСПАБЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
3:
: 1. 1
КІРІСПЕ. . .: Баян аспабының шығу тарихы мен аспапта орындап үйренудің алғашқы сатылары . . .
3: 6
: 1. 2
КІРІСПЕ. . .: Жалпы орта мектептерде баян аспабын сыныптан тыс үйірме сабақтарында қолдану ролі . . .
3: 17
: 2
КІРІСПЕ. . .: Баян аспабын сыныптан тыс үйірме сабақтарында қолданудың әдіс-тәсілдері
3:
: 2. 1
КІРІСПЕ. . .: Сыныптан тыс үйірме сабақтарында баян аспабын менгертуде дамыта оқыту үрдістерін колдануы . . .
3: 39
: 2. 2
КІРІСПЕ. . .: Музыка мұғалімінің мектеп әндерін баян аспабында үйретудің әдістері-тәсілдері . . .
3: 47
:
КІРІСПЕ. . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 59
:
КІРІСПЕ. . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 60

КІРІСПЕ

Халқымыздың аяулы перзенті, аты әлемге әйгілі ұлы жазушы, Мұхтар Омарханұлы Әуезов : "Егер халық болам десең, алдымен бесігіңді түзе" деген екен. Ұлы кемеңгер меңзегендей шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сәбиді ұнамдылыққа, әдемілікті сезінуге тәрбиелеудегі балабақша, мектеп, отбасы, ата-ананың, жолдастарының әсерімен орта және жоғарғы оқу орындарындағы жүретін эстетикалық тәрбие беретін пәндердің алатын орны ерекше деп айту керек. Кішкентай сәби кезінен бастап өз ана тілінде сөйлеп, ұлттық рухани мұралардан молынан сусындап өскен жеткіншек болашақта толыққанды нағыз азамат болып қалыптасатынына ешкім күмән келтірмесе керек. Жас ұрпақтың бойына ана тілінің уыз сүтін беріп, адамгершілік, имандылық, ізгілік нұрын жүрегіне сеуіп, болашақта ұлтжанды азамат болып қалыптасуына музыканың әсем сазды құдіретін пайдалану бүгінгі маңызды міндеттердің - бірі.

Баршамызға аян музыка да ғылымның бір саласы, музыканың тілі арқылы біз табиғаттың әртүрлі көріністерін, жыл мезгілдерінің, хайуанаттардың іс-қимыл әрекеттерін, адамның мінез құлқын, қайғы қуанышын жеткізіп білдіре аламыз. Егер жас бүлдіршіндер кішкентай кезінен бастап музыканы шын ықыласпен тыңдап түсіне білсе, ән салып, би билеп, халқымыздың ұлттық аспаптарының бірінде (домбыра, қобыз) ойнауды үйренсе онда олар үлкен рухани ләззат алып, өмірге деген көзқарасы қалыптасып, шынайы биік армандар мен мақсаттарға ұмтылып, тәрбиелі азамат болып өсуі хақ. Ал бұл міндеттерді жүзеге асыруда ата-ананың, балабақша мен мектептің атқаратын ролі зор дер едік. Балаларымызды ең алдымен ұлттық әндеріміз бен мәдениетіміздің тарихынан хабардар етіп, сонау Әл-Фараби бабамыздан бастап Құрманғазы, Қорқыт, Абай, т. б. ұлы адамдарымыздың мұраларын дәріптей келе, олардан кейінгі белгілі өнер қайраткерлері Ахмет Жұбанов, Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев т. б. [6, 7, 8] көптеген халқымыздың сүйікті ұлдары мен қыздарының шығармашылық туындылары мен өнер жолдарының творчестволық қызметін насихаттап әңгімелеу өте орынды.

Сонымен қатар домбыра, қобыз, шертер, жетіген, шаңқобыз, даңғара, асатаяқ, сазсырнай, үскірік, жыланбас, тайтұяқ, тоқылдақ, сыбызғы және т. б. ежелгі халық аспаптарын ойнап көрсету арқылы тыңдау, олардың дыбыс шығару ерекшеліктерін, ойнау әдістерін әңгімелеп берсе балалардың сөз жоқ бұл саз аспаптарына деген қызығушылығын тудырады.

Осындай саз аспабының бірі - орыс халқының үлттық музыкалық аспабы баян, оқу орындарында (музыкалық мектептен бастап консерватория студенттеріне дейін) арнайы курспен оқытылып, жоғарыда айтып өткеніміздей жасөспірімдеріміздің тәрбиелі азамат болып өсуіне септігін тигізіп келеді.

Қарастырылған еңбекте баян музыкалық аспабының шығу тарихы мен оның құрылысы, баянды ойнап үйрену тәсілінің алғашқы сатысы жазылған.

1. Біздің елімізде халық арасына кеңінен таралып танылған музыкалық аспаптардың бірі орыс халқының ұлттық музыкалық аспабы "Баян" болып табылады. Баянның арғы ата тегі ерінмен үріп ойнайтын, бір және екі қатарлы "гармонь"атты музыкалық аспап болған. Бұл гармондарда тек жеңіл-желпі бір дауыста жазылған әндер мен би-күйлерді орындаған. Кейінірек бұл аспаптың орнына, әлдеқайда күделі шығармаларды орындайтын және әндер мен билерді сүйемелдейтін, клавиштер толық етіп көбейтілген аспап пайда болды.

Тұңғыш шыққан қол гармонның отаны Германия деп есептеледі. Бұл аспапты 1821 жылы неміс шебері Фридрих Бушман жасаған.

1829 жылы австриялық шебер Киррилл Демиан қол гармонын жетілдірді. Мұның кейбір түрлері біздің күнге дейін жетті. Мұндай гармондар Германия мен Австрияда, бүкіл Батыс Европада, сондай-ақ 30-жылдары Ресейде де кең тараған.

Орыс шеберлері екі қатарлы гармондар жасап шығарып, олар бүгінге дейін пайдаланылып жүр. Жасап шығарылған жеріне қарай аталатын бұл гармондар диатоникалық құрылымды гармондар еді.

Гармонды одан әрі жетілдіруде Н. Белобородов көп еңбек сіңірді. Ол 1870 жылы шебер Л. Чулков әзірлеген хроматикалық қос қатарлы гармон құрастырды. Гармоншы-орындаушы Орланский-Титаренконың сұрауы бойынша Петерборлық шебер П. Стерлигов Ежелгі атақты орыс жыршысы Боянның құрметіне баян деп аталған аспап жасап шығарды. 1929 жылы П. Стерлигов сол жақтағы орналасқан "термелі" жүйені сүйемелдеуге дайын аккордтарға ауыстыратын құрама клавиатураны жасады.

XIX ғасырдың екінші жартысының өзінде-ақ гармон тек орыс халқы емес, көп ұлтты Ресейдің барлық аймақтарындағы халықтардың арасына да кеңінен тарады. Гармон және оның басқа да түрлері Кавказ, Балтық, Украин, Белорус халықтарына, Орта Азия мен Қазақстандағы халықтарға бірте-бірте тарай бастады.

Қазақтың кең сахарасында бір немесе екі қатарлы етіп жасалған орыстың ұлттық музыкалық аспабы "сырнай" деген атпен тарала бастады. Сырнай деп аталуына қазақ халқының ежелгі үрмелі саз аспабының гармон дауысына ұқсас болғандығы себеп. Қазақтардың сазгерлік тұрмысына үңілсек ұлт үшін сырнай әншілік-аспаптық орындаушылық құралына айналғанын көреміз. Сырнайдың орындаушылық мұмкіндігі мен қазақ әндерінің сипатына өте жақын дыбыстық сапасы аспаптың қазақ халқы тұрмысындағы өміршеңдігін танытады. Оңтүстік өңірінің (Шымкент, Қызылорда облыстары) ақын, жыршы, жезтаңдай әншілері Нартай Бекежанов олардан кейінгі ұрпақ ақын-сырнайшылар Көпбай Әлімбетов, Садық Кәрімбаев сынды сырып салма ақын-жыршыларымыз осы екі қатарлы гармонға қосылып ән салған. Міне сол уақыттардан бастап сырнай аспабы республикамыздың түкпір-түкпіріне кең жайылып тарала бастады.

Алматы қаласында ашылған байырғы оқу орындарының бірі - консерваторияда арнайы баян-сырнай класы ашылып оны көптеген қазақ жастары бітіріп шықты. Атап айтсақ Ж. Қойшыбаев, Б. Мустафин, П. Сапожников. Қазіргі таңда осы түлектер Қазақстан Республикасында орындау мен оқытушылықты кәсіби деңгейге көтерді. Әлемге танылған қазақстандық сырнайшылардың қатарына Н. Собачевский, А. Гайсин, Д. Султанов, М. Габдиев және т. б. орындаушыларды жатқызуға болады. [18, 19, 20]

Зерттеудің мақсаты - Мектептегі музыка сабақтарында баян аспабын қолдану ерекшеліктерін теориялық тұрғыда негіздеу.

Зерттеу нысаны -Жалпы білім беретін орта.

Зерттеу пәні -. Мектептегі музыка сабақтарында баян аспабын қолданылуы

Зерттеудің міндеттері:

- музыка сабақтарында баян аспабын қолдану ерекшеліктерін теориялық тұрғыда анықтау.

- музыка сабақтарында баян аспабын қолдану ерекшеліктерін әдіс- тәсілдерін жетілдіру.

Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша педагогикалық әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасау; музыка мұғалімі баян аспабын орындау ерекшеліктерін саралау, белгіленген мәселелер бойынша жинақталған әдебиеттер мен ғылыми зерттеулерде теориялық талдама жасау;

Білімі: - оқушыларға музыкалық шығарманы эмоциялық жан күйімен сезініп дұрыс түсініп, шығармашылық мәнде ойнау қабілетін дамыту тиіс;

Білігі: - оқушылардың мектеп әндерін, күйлерін, музыкалық шығармалырды ойнап, сүйемелдей білу ісекрлік дағдысын меңгеру;

Дағдысы - Баян аспабын сыныптан тыс үйірме сабақтарында қолданудың әдіс-тәсілдері, оқушыларының шығармашылық жұмыс арқылы cезімін ойятып жүзеге асыру;

Диплом жұмысы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕПТЕРДІҢ МУЗЫКА САБАҒЫНДА БАЯН АСПАБЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Баян аспабының шығу тарихы мен аспапта орындап үйренудің алғашқы сатылары

Біздің елімізде халық арасына кеңінен таралып танылған музыкалық аспаптардың бірі орыс халқының ұлттық музыкалық аспабы "Баян" болып табылады. Баянның арғы ата тегі ерінмен үріп ойнайтын, бір және екі қатарлы "гармонь"атты музыкалық аспап болған. Бұл гармондарда тек жеңіл-желпі бір дауыста жазылған әндер мен би-күйлерді орындаған. Кейінірек бұл аспаптың орнына, элдеқайда күделі шығармаларды орындайтын және әндер мен билерді сүйемелдейтін, клавиштер толық етіп көбейтілген аспап пайда болды.

БАЯН - орыс халқының музыкалық аспабы. Төрт қатарлы гармонның 1907 ж. П. Е. Стерлигов жетілдірген түріне Б. деген атау берілді. Аспаптың оң жақ клавиату-расында 5 - 6 қатар түйме-лерден түзілген, диапазоны 4-5 октаваны қамтитын ды-быстық қатар, ал оң жағын-да 3 - 5 қатар түймелерден түратын, 3 - 4 октаваны кдмтитын дыбыстық қатар және дайын аккордтық сүйемеддер бар. 20 ғ-дың басында Ресей-де Б. жасаудың В. П. Хегст-рем, Н. З. Синицкийлер ой-лап тапқан жүйелері ("мәскеулік", "шетелдік", т. б. ) пайда болды. 1929 ж. Стерлигов Б-ның шартты түрдегі "дайын-таңдамалы" түрін ойлап тапты. Оның жетілдірілген соңғы үлгілері - көптембрлы "дайынтаңдамалы" Б-дар. Б. жеке орындауда, сонымен қатар ансамбль, оркестрлерде де пайдаланылады. Ол муз. үжымдардың, көркемөнерпаздар үйірмелерінің, сондай-ақ, көпшілік халықтың арасында да кең таралған.

Ал саз сырнай - үрлеп ойналатын демді тынысты аспап. Аспаптың үзындығы - 11 см, шенбер аумағы -16 см. Аспапты ен. алғаш 1970-1971 жыддар шамасында Шымкент қаласының кене Отырар жүрты орнынан мұғалім Асантай Әлімов тауып алған. Жергілікті қарияларға көрсеткенде олар оны "Фарабидің саз сырнайы" деп атаған. Әрі бағы заманда бабалардың дәл осындай аспапты "Фарабидің саз сырнайы" деп атайтыны белгілі. Аспап тұтас сапалы саздан құйылып, күйдірілген. Асантай Әлімов кейіннен осы аспапты зерттеуші Б. Сарыбаевқа көрсеткен. Ол аспапты жан-жакты қарастырып, алғаш рет дыбыстык мүмкіндіктерін анықтаған. Казіргі кезде бұл аспап музыка мамандығына сәйкес жоғарғы оқу орындарында, мектептерде оқытылады. Сонымен катар, жеке ойнауда, оркестр, ансамбльдерде кеңінен қолданылуда.

Тоз сырнай - казактың көне ыскышгы-сарнамалы аспабы. Ол қазақ даласында жоғалып кеткенімен, Таулы Алтай, Монғолияның Кдшаған, Тува мен Ха-қасияда казақгар тұратын елді мекендерде кездеседі. Оны ойнап, музейге тапсырғандар да, бүгінге дейін қолданып сактап отырғандар да сол жердің түрғындары.

Аспап ақ кайыңның биязы, нәзік тозынан (қабығынан) жасалатындыісган ел оны "тозсырнай" немесе "ыскырык" деп атаған. Тоз сырнайды қазанға 1-2 сағат қайнатып, тұз сеуіп даярласа ол үзак, пайдала-нуға жарайды. Үнінің жоғары-төмен болуы оның жасалу келеміне байланысты болып келеді. Бұл аспап төжірибеде өте сирек колданылады.

Сырнай - тілшелі сарнамалы аспап. Оның карапайым шағын үлгісі "қол сырнай" немесе "қағаз сырнай" деп те аталған. Оның ауа ағымымен козғалып дыбыс шығаратын металл тілшелері және ауа жіберіп тұратын көрігі бар. Сырнай көп дауысты сарнамалы аспап, онда тек оң колмен ғана ойналады. Сол жағында ауа беріп отыратын жалғыз ойығы бар.

Сырнайды ертеректе көмеймен айтылатын халык әндерін сүйемелдеуге де, ансамбль құрамында да қолданған. Мөселен, сыр бойы казақгары бұл аспаппен айтысқа катысып, жыр толғаса, Арка өңірі мүнымен ән сүйемелдеп, ойын-тойларда басты аспап ретінде пайдаланған.

Сырнайдың "гармонь", "аккордеон", "гармоника", "баян" т. б. секілді туыстас, ұқсас үлгілері XIX ғасырдың басында казақ даласына ауып келген татар, орыс, неміс т. б. халыкгардың колданысында казакөнері мен музыкасы тарихына еніп сіңісіп кетті. Кдзіргі кезде сырнайға үксас тілшелі сарнамалы баян, аккордеон аспаптары кеңінен тараған. Әнді сүйемелдеу, жеке шығарма орындау, ансамбль, оркестрлерде жиі үнделеді. Мүның өзі бүл аспаптың казак. өнері табиғатына жакын екендігін көрсетеді.

Сол сиякты мүйіз сырнай, камыс сырнайлар да өзіндік ерекшеліктері бар, халқымыздың үлттық музыкалық аспаптары.

Музыкалық білім факультетінің студенттері пәндердің ішінде сырнайды (баянды) негізгі аспап ретінде үйренсе фольклорлык аспаптарды өзі тандау аркылы өтеді. Аспап мектеп бағдарламасындағы ән сабағын өткізуде өте колайлы. Айтылған пәндер студенттін кәсіптік дағдыларын қалыптастыруында маңызды орын алып, жалпы музыкалық ой-өрісінің

дамуын кеңейтеді. Фольклорлык аспаптардың ерекшеліктеріне орай орындаушылық кабілетті дамыту жолында музыкалык шығарманы игергеңде әр түрлі музыкалык-техникалык қиындықтар кездеседі. Оларды ойдағьщай шешуде студенттің жан-жакты ойлас тыруындағы мүкиятты әдістер жетекші орын алады.

Бүгінгі таңда біз ойнап жүрген баяндар фабрикадан екі тұрлі болып жасалынып шығарылады. Олар дайын және іріктелген баяндар. Дайын баян дегеніміз - (клавиатураның) пернелерінің 3-4-5 катарлары дайын аккордтардан: 3- катар мажор "Б" аккордын, 4- қатар минор "М" аккордын, 5-қатар 7доминант-сектакорды береді. Ал соңғы кезде 6-қатарлы, кішірейтілген септаккорд ум 7 деген белгімен орналасқан 6-қатар косылды. Іріктелген баян дегеніміз бұл баянның сол жақ пернелерінде дайын баяндағыдай можор, минор, септаккорд беретін дайын аккордтар жоқ.

Мұндағы сол жақ перне баяндағы оң қолмен ойнайтын оң перненің өрнегімен (хроматизм гаммасы) бойынша жасалған. Мұндай баянда ойнау өз ерекшеліктері мен қиындықтарын ескере отырып, көп еңбек етуді, мол дайындықты талап етеді. Баян негізгі үш бөліктен тұрады:

1) Баянның оң жақ корпусы, ұш қатарлы пернелерден оң қолдың саусақтарымен ойнау үшін;

1-ші қатар пернелерді жауып тұрған тордан бастап саналады.

2) Баянның сол жақ корпусы 6 қатардан құралған, мұнда да 1-ші қатар баянның ішкі жағынан бастап саналады.

3) Оң және сол жақ корпустарын жалғастырып тұрған қатарлардан (мех) тұрады. Осы 2 корпусын жалғастырып тұрған қатпарлар арқылы біз келген музыкалық дыбыстарды қатты немесе жай етіп шығарып ести аламыз. Баянда дыбыс шығарылу кнопкалардың металл тілдерін қатпар арқылы жіберілген ауа қысымының кұшімен шыққан дыбысты ести аламыз. Аспап ерекше күтімді талап етеді. Жаңбырлы, суық күндері арнайы жабық футлярда ұстаған жөн. (Cурет 1)

Бірінші және екінші оқу жылдары оқушылар үшін сырнай аспабында ойнай білудің алғашқы кезеңі болып табылады. Оқушының музыкалық тәрбиесін бір жүйеге қалыптастыруда бұл кезеңнің маңызы зор. Бұл тұрғыдан мынадай шарттарды білу керек: [24]

1. Музыкалық-теориялық білімнің меңгеру. Сырнайдың шығу тарихын, оның теориялық негіздерін біліп, спецификасы мен дыбыс шығару құпиясын түсініп, музыкалық сауатты тереңдете, сырнайдың түйме басқыш құрылысын және оған арналған нота графикасының ерекшеліктерін біліп, сонымен бірге, ноталарды бірден оқып ала жөнелетін дағдыларын қалыптастыру.

2. Орындаушылық қимыл-әрекеттер тәсілдерінің негіздерін игеру: орындаушының дұрыс отыруы, қолдың, саусақтардың дұрыс орналасуы.

3. Бастапқы оқудың ең қиын да күрделі жағы - орындаушылық дағдыларды игеру.

4.

Орындаудың әдістері мен шығарманың мазмұндық мағынасын аша отырып, музыканы мәнерлеп орындаудың әртүрлі тәсілдерін үйрену.

Бастапқы дайындық міндеттері осындай әйгілі ұстаз-баяншы, профессор П. Говорушко зерттеп ұсынған бұл нұсқалар тәжірибе жүзінде өздерінің жарамдылығы мен тиімділігін дәлелдейді (П. Говорушко "Основы игры на баяне", Л., 1961) .

Музыкалық шығарманы орындау дегеніміз аспапта ойнаудың әдіс-амалдары арқылы көркем образдардың сырын ашып беру. Оқудың дәйектілігі дегеніміздің өзі осы амал-әдістердің жүйелі түрде біртіндеп жиналуында. Бұл - бастапқы дайындықтың заңдылықтарының бірі. Жан-жақты ойластырылған репертуарлардың негізгі нақ осы заңдылық қалауы керек деп есептейміз.

Өкінішке орай, ұстаздардың репертуарды тым күрделендіріп немесе тым жеңілдетіп жіберетін қатесі де осы заңдылықты бұзғандықтардың салдарынан туады. Бастапқы дайындықтың негізгі кезеңдерін былай сипаттауға болады.

1. Орындаушының дұрыс отыруы мен аспапты дұрыс ұстауын қадағалау.

2. Қол - саусақ қойылымы негіздерін қалау, аспаптың түйме тілдерін басуды үйрету.

3. Көркем образды сфера негізін және қоңыр үнді дұрыс ырғау мен басқа да үндестіктермен алмастыруды игеру.

4. Нотаның созылуын әртүрлі ұзақтықта ойнай білуін қадағалау.

5. Музыкалық аспаптың үнін шығару тәсілдерімен нота, лелато, стаккатоның әдістерін игеріп, аппликатураны негіздерімен танысу.

6. Сол қол саусақтарын икемді ұстап үйренумен қатар, сүйемелдеуді дұрыс жүргізу.

7. Әуенді оң қолмен секіртпелі және арпеджиолық жүргізуді тәсілдермен және оларды ауыстыруды меңгеру.

8. Қолдардың координациясын дамыту. Нота ұзақтығының күрделі түрлері: созылмалы нота, ноқатты нота, форшлаг т. б. динамикалық құбылыстарды түсіну (меццо-форте, крещщендо диминуәндо) .

9. Оқу барысында оқушылардың игеретін дағдыларының тізімі міне осындай. Жоғарыда аталған міндеттерді байыту, ұғыну оқу-тәрбиелік жұмысының ұтымды ұйымдастырылуында. Оқушыны дайындауда музыканттың аспапты игеру шеберлігінің шыңдалуының тиімді жолдарын үлкен жауапкершілікпен қарастырған жөн.

Балалардың музыкалық мектепке түсуі оның өмірін күрт өзгертеді. Мектепке дейін балалар ойын ойнаса, енді ол психологиялық дайындық, күш-қуат талап ететін оқу жұмысымен шұғылдануы керек. Оның күн тәртібі толығымен өзгереді. Күнделікті еңбек етуді талап ететін жаңа міндеттер пайда болады. Енді күнде болып отыратын түрлі жұмыстарға үйреніп, үлгеруді қажет деп санайды. Мектеп тәртібін сақтау: оқу бағдарламасын орындау; сынып сабақтарында және үй тапсырмасын орындауда ықылас пен белсенділік көрсетеді. Оқытушының қойған талаптарын орындау; бейтаныс мектеп өмірі, өзін қоршаған жаңа музыкалық орта балаға жағымды әсер етеді. Сабақтың көптігінен мол мағлұмат алған балалар еңбексіз оқу болмайтынын түсінеді. Оқу олардың ықыласын, шыдамдылық пен ақыл-ой күшін талап етеді. Кей балалар мұндай күн тәртібіне үйрене алмай, ынтасы төмендейді. Психологтардың айтуы бойынша, 2-3 айдан кейін балалардың сабаққа деген қызығушылығы күрт төмендейді. Дәл осы кезеңде оқытушының оқушыға тигізетін ықпалы зор.

Баланы оқуға деген қызығушылығының төмендейтінін сезген оқытушы дереу баламен сабақ өткізудің жеке, жаңа түрлерін іздестіре бастайды. Баланың сабакқа деген ынтасының төмендеуінің екі себебі болады:

1. Өтілетін тақырыптардың бір сарындылығы, үйреніп жүрген аспаптан тыс, қайталана беретін теориялық тапсырмалар және жалықтыратын жаттығулар.

2. Оқу бағдарламасының күрделі болуы баланы қатты жалықтырады. Сондықтан да, мұғалімнің балаға қиын бағдарлама беріп, аса кұштарлықпен алға жетелеуге әуестенбегені жөн. Өткен шығарманы жақсы игеріп, жаттап алу үшін көп уақыт керек екенін, әрі үйренетін шығарма техникалық жағынан ойнап кеткен шығармадан қиын болмай, оны пысықтайтындай болуы тиіс.

Қоршаған ортаның ауысуы (екі мектеп, жаңа ұжымдар) үлкендермен, ата-анамен жаңа деңгейдегі қарым-қатынас, олардың енді баладан күнделікті көп дайындалуын талап етуі, баланың көптеген жаңа мәліметтер алуы - осының бәрі баланың санасына шамасынан тыс салмақ түсіреді. Осы себептерден баланың денесіне физикалық күш түсіп, ал санасында үлкен психологиялық бетбұрыс болып, оның бойында ерекше қасиеттердің қалыптасып дамуына қатты әсер етеді. Сондықтан да, оқытудың алғашқы кезеңінде негізгі аспаптан сабақ беретін оқытушы, музыка сабағын жүргізумен қатар, тәрбиеші міндетін де атқаруы тиіс. Осындай қиын кезеңін түсініп, оларды жеңуге көмек берген оқытушы өзіне деген баланың сүйіспеншілігін арттырып, құрметіне бөленіп, оқушының өз ісіне, музыкаға деген жауапкершілігін арттыра түседі. Балалар психологиясын жақсы білмейінше, оқытуда жоғары нәтижеге жету мүмкін еместігін, күнделікті дамып отырған педагогика ғылымы дәлелдеп отыр. Сондықтан да, балалардың жас ерекшеліктерінің заңдылықтарына немқұрайлы қарау, күрделі сәтсіздіктерге ұшыратуы мүмкін. Атап айтқанда: оқыту барысында оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып үйрету, мұғалімнен нақтылы әдістемелік әдіс-тәсілдерді талап етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық аспаптар
Түркі тілдес халықтарының көне музыкалық аспаптар тарихынан деректер
Мектептегі музыка сабағында ұлттық музыканы игеру мәселелері
Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі
Музыкалық аспаптардың тарихы
Домбыра жасау технологиасы
Әмбебап домбыра
Хакасия
Өлшеу қондырғысы
Қазақ музыка өнері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz