Салауатты өмір салтын қалыптастырудың тарихи мазмұны
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Ұлттық мұралар негізінде бастауыш сынып оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1 Салауатты өмір салтын қалыптастырудың тарихи мазмұны ... ... ... ... ... .10
1.2 Салауатты өмір салтын ұлттық мұралар негізінде қалыптастырудың педагогикалық негіздері мен принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2 Ұлттық мұралар негізінде бастауыш сынып оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастырудың тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының салауатты өмір салтын ұлттық мұралар негізінде қалыптастырудың мазмұны мен негізгі жолдары ... ... ... 35
2.2 Оқушылардың салауатты өмір салтын ұлттық мұралар негізінде қалыптастырудың тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижесі ... ... 47
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .. 66
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі уақытта әлеуметтік жағдай, өмір сүру ұзақтығының төмендеуі және экологиялық қолайсыздық бүкіл өркениетті әлем үшін түйінді мәселе болып отыр. Ел Президенті Қазақстан жолы-2050 Жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі, мен салауаты тармағында ...азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттілігі көрсетілген [1].
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында және оқу-тәрбие саласына байланысты басқа да құжаттарда жан-жақты білімді, ой-өрісі кең, мәдениеті жоғары, денсаулығы мықты, шешен тілді, рухани дүниесі бай және ұлттық мұралар деңгейі жоғары ұрпақты тәрбиелеу қажеттігі көрсетілген [2].
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, Қазақстан Республикасының Конституциясының, Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын сақтау туралы, Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының, Қазақстан Республикасы әлеуметтік-мәдени дамуының тұжырымдамасының, Мемлекетттік білім беру саласындағы саясаты тұжырымдамасының және денсаулықты сақтау туралы ұлттық бағдарламалар тұжырымдамасының қабылдануы келер ұрпақтың болашағын жақсартудың, оның педагогикалық негіздерін талапқа сай елеулі орнықтырылуын айқындауды талап етіп отыр [3].
Осы аталған құжаттардың ең басты мәселесінің бірі - қоғамда ұрпақтың рухани-құндылық тәрбиесі мен салауатты өмір салтын қалыптастыру. XXI ғасырдағы қоғам жалаң адамдар тобынан емес, отандастарымыздың денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні таза, танымдық белсенділігі мен шығармашылық қабілеті ерекше, адамгершілігі мен ұлттық мұраларды қастерлеу қасиеті үйлескен тұлғалардан тұруға тиіс.
Олай болса, ғалымдар мен зиялы саясаткерлердің еңбектерін әңгімелеумен шектелмей, тарихи кезеңдер мен ғылыми-теориялық тәжірибелерге сүйене отырып, жан мен тән тазалығын, мәдениет тарихын жан-жақты толық қамтып зерттеу және оны өмір қажеттіліктерінде ұтымды пайдалана білуіміз қажет. Қазіргі қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшуі экономикалық, саяси, ұлттық, экологиялық, денсаулық дағдарыстары жас ұрпақтың келер болашақтың өміріне көптеген кері әсерлерін тигізіп отырғанын байқауға болады [4].
Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктеу, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.
Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.
Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе де болады. Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі - деп тегін айтпаған.
Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім-жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығына қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестілік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда. Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі факторларына мыналар да енеді: қозғалыс күшінің кемуі салдарынан қимылдың кемуі гиподинамия дене салмағының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің - шылым шегу, ішімдік пайдалану, нашақорлық көп таралуы. Егеменді еліміздің болашағы жас ұрпақ. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі - адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, ішімдік, шылым шегуден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттау қажет.
Тәуелсіз мемлекеттің өсіп-өркендеуі халықтың рухани, адамгершілік, ұлттық қасиеттері, денсаулық жағдайлары тікелей білім мен тәрбиеге байланысты. Отбасында ата-ананың бала тәрбиесінде жіберген олқылықтары, қадағаламаушылық, жауапсыздық және тәлім-тәрбие деңгейінің төмендеуі салдарынан, жас өспірімдердің жан түршігерлік іс-әрекеттерге барып жатқанын көріп отырмыз. Оған қоса сол іс-әрекеттерді жасаған жасөспірімдердің білім мен тәрбие деңгейінің төмендігі, денсаулық жағдайының нашарлығы, салауаттылық, ұлттық мұралар, адамгершілік туралы асыл құндылықтардың парқын түсінбейтіндігі ғажап емес. Салауатты өмір сүрудің мән-мағынасын түсінбегендіктен, жағымсыз іс-әрекеттерге әуестіліктен рухани құндылықтын құлдырауы етек алуда. Сондықтан рухани құндылық пен салауатты өмір салтын қалыптастыру оқу-тәрбие үрдісіндегі басты мәселелердің бірі деп түсінеміз.
Бұл мәселе тегін көтеріліп отырған жоқ. Мысалы, ерлердің 57 %-ы, әйелдердің 34 %-ы, жасөспірімдердің 40 %-ы, шылым тартса, ересек адамдардың 65 %-ы үнемі арақ ішеді екен. Мектеп оқушыларының 17,5 %-ы нашақорлыққа ауызданған. Ал экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20 %-на себеп болып отыр [5].
Осыған орай төл педагогикамызда әлі де өз шешімін таппай отырған мәселелер де аз емес. Ұлттық мұралар идеялары ғылымда белгілі бір деңгейде зерттелгенімен, салауатты өмір салтын ұлттық мұралар негізінде қалыптастыру идеясының әлі де болса теориялық негіздерінің жоқ екенін дәлелдеудеміз.
Халқымыздың денсаулығын жақсартуына байланысты Н.Ә.Назарбаев 2001 жылы 30 желтоқсанда шығарған жарлығы бойынша Қазақстан халқының денсаулық жай-күйін жақсарту, денсаулық сақтау жүйесін карау және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2002 жыл Денсаулық сақтау жылы болып жарияланғаны белгілі.
Қазақ ұлтының салауаттылық, парасаттылық, ұлттық мұралар, адамгершілік тәлім-тәрбие туралы мәңгі өлмес құнды ұлттық мұрасының дамуын шолып өтсек, Ибн Сина еңбектері, Шығыс Аристотелі атанған ғұлама әл-Фараби, сонау көне түркі жазуымен тасқа қашап жазған ескерткіш Орхон-Енисей жазуларынан бастап, Ержүрек колбасшы Күлтегін, Білге Қаған, мемлекет қайраткері Тоныкөк, Омар Хаям рубайлары, түркі тілдес халықтардың бәріне өшпес рухани мұра қалдырған: Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашқари, Ахмет Яссауи, Ахмет Жүгінеки, Қыдырғали Жалайыри, Мұхаммед Хайдар Дулати шығармаларының орны ерекше. Араға бес ғасыр салып, қолымызға сағындырып жеткен ғұлама-ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының Шипагерлік баян атты еңбегі, ұлттық психологиядан болашақтың салауаттылығына арналған мол мағлұмат алуға болатын еңбек. Тауасарұлы Қазыбек бектің Түп тұқианнан өзіме шейін атты еңбегі қазақ тарихының асыл мұралары екені айқын [6].
Адамның қоғамдағы орны, маңызы, тәлім-тәрбиесі, жан мен тән, өмірдің қыр-сыры туралы толғаныстар, ақыл-кеңес, даналық өсиеттер жөнінде толғаған ақын-жыраулар: Асан Қайғы, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұхар Жырау, Шал ақын, Дулат, Махамбет.
Қазақ халқын әлемге танытқан, Шоқан, Ыбырай, Абай еңбектерінің ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше. Бүкіл бір халықтың ұстазы Ұлы Абай өзінің кара сөздерінде (45 сөзі) жан мен тән тазалығы, ұлттық мұралар қасиеттері толық адам, дені сау адамның іс-әрекет нәтижелері, жалпы қауымның игілігіне айналады деп тұжырымдайды [7].
М.Жұмабаев өзінің Педагогика оқулығында Сау жан сау денеде ғана болады деген адамзат дүниесінің ескі мәтелін дұрыстай отырып, баланың денсаулығы мәселесін Дене тәрбиесі бөлімінде егжей-тегжейлі қарастырады.
Тәлімдік ой-пікірмен қазақ даласына із қалдырған Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, X.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов еңбектерінен ұрпақ саулығы үшін қам жеген денсаулық мәселесіне арналған мұралардың орны ерекше.
Ресей ғалымдарының еңбектеріне шолу жасасақ, адам денсаулығының эволюциялық қызметін алғаш Сергей Петрович Боткин (1889 ж.) сипаттаса, тікелей адам денсаулығының проблемасына еңбектерін арнаған В.И.Вернадский, Э.Бауэр, И.И.Мечников және т.б.
Медицина саласындағы ғалымдар М.Я.Вилинский, А.Г.Грошков, Б.И.Чумаков, Ю.П.Лисицын, Г.А.Апанасенко, А.А.Попова, В.П.Войтенко салауатты өмір салтын өздерінің денсаулығын сақтауға және жақсартуға бағытталған іс-әрекет белсенділігі деп түсіндіреді.
Салауаттылықты қалыптастыруда қазақстандық ғалымдардың Х.Қ.Сәтбаева, А.С.Адылханов, А.Н.Нұрлыбекова, Е.Д.Даленов, А.А.Ақанов, К.Ә.Жаңабердиева, Ж.Ембергенова, С.Р.Рахметова т.б. еңбектерінен мол көрініс табады және Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесінде салауатты өмір салтын қалыптастыру тұжырымдамасының жобасын жасады [8].
Денсаулықты сақтау дүниежүзілік проблема болғандықтан, оның ең тиімді жолы - салауатты өмір салтын қалыптастыру. Қазіргі заманда еліміздегі ғылыми техникалық прогрестің, педагогикадағы инновациялық технологияның дамуы бастау алған кезеңде, қоғам болашағы үшін ұлттық мұралар негізінде салауатты өмір салтын қалыптастырудың алатын орны ерекше.
Осы орайда ұлттық мұралар ұғымының мазмұнына тоқталсақ, шығыстың ағартушылық бағыттағы педагогикалық мәні зор, төл педагогикамызда алатын орны ерекше болуға тиісті мәселені қозғамақпыз.
Рухани тәрбие, моральдық ұстаным, ұлттық мұраларға баулу шығыстың оқыту жүйесінің басты мақсаты болып келген - деп Ж.Наурызбаев өзінің Ұлттық мектептің ұлы мұраты атты еңбегінде атап көрсеткен [9]. Дегенмен, қазіргі таңда салауаттылық адамның адамдық қадір-қасиетін, интеллектуалдық ерекшеліктерін сипаттайтын жалпы адамзаттық рухани сапа ретінде төл педагогикамызда кеңінен пайдалану үрдіске айналуда.
Сау жан сау денеде болады деген сөздің төркіні, дене бітімі, дене саулығы келісті адам ішкі рухани дүниесімен сау болуды түсіндіреді.
Жалпы адамның денсаулығы өмірлік іс-әрекетінде, еңбектің белгілі түрін атқарғанда күш-қуатының, шыдамдылығы мен төзімділігінен байқалады. Сондықтан, салауатты өмір салтын қалыптастыру барысында өзін-өзі тәрбиелеу, есеп беру мәселесі ұлттық мұралар тәрбиесінің бастапқы нышаны екеніне ерте кезден-ақ адамзат зиялылары көңіл бөлген. Мысалы, Греция жеріндегі Дельфадағы Апаллон шіркеуінің мандайшасына алтын әріппен Өзіңді өзің танып біл (познай самого себя) деп жазылуы немесе Сократтың Сөйле, мен сенің кім екенінді танимын ( Заговори, Чтобы я тебя видел) деуі адамның біліктілігі мен тәрбиелілігін, оның ішкі жан дүниесінің байлығына әсер ететіне қажетті мән берілгені [10,5].
Осы орайда жаңа ұғымның бастау алатынына көзіміз жетті. Яғни, дене саулығы мен рухани ішкі жан дүниенің саулығы, салауаттылығы жаратылысынан бастап үйлескен, ізгі қасиеттері қалыптасқан тұлғаның қоғам дамуында игі орын алары сөзсіз.
Белгілі жазушы М.Тілеужанов: Бүкіл ел тағдырының ел ұраны болған Елім-ай деп зарлағанымызға 300 жыл, Қазағым елім, майысты белің - деп Ахмет Байтұрсыновтың ескерткеніне 90 жыл, Оян қазақ - деп Міржақып Дулатовтың дабыл қаққанына 80 жылдан асты - деп толғауы бекер емес [11].
Егемендік туын көтергенімізге 20 жылдан асса да ұлттың ұлттық мұралар, инабаттылық, салауаттылық тәлім-тәрбие мәселесін өз дәрежесіне көтере алмай салқындық білдіруіміз, айтылған сөзбен, істелген істің арасында жер мен көктей алшақтық барын мойындайтын кез жетті.
Осы мәселелерді зерделей отырып салауаттылық, валеологиялық тәлім-тәрбие мәселелеріне елеулі еңбектерін қосқан отандас ғалымдарымыздың еңбектерінен салауатты өмір салтын ұлттық мұралар негізінде қалыптастыру мәселесі орын алмағанын байқадық.
Қазіргі кезде әр саладағы көрнекті ғалымдар ұлттық мұралар мәселесін ұрпақ тәрбиесіндегі мән-маңызына, жалпы адамзат қоғамындағы маңыздылығына айрықша ден қойған ғалымдар Т.Қ.Айтқазин, Ғ.Е.Есімов, Д.Кішібеков, Ж.Молдабеков, педагогтар Т.Ә.Әлсатов, Қ.Бөлеев, С.Ғаббасов, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, К.Қожахметова, Ә.Табылдиев және тарихшылар С.Дорженов, О.Батырханов және т.б.
1991 жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялап, егеменді ел атандық, Ата Заңымыз қабылданды. Білім беру мен тәрбие жүйесінде де жаңаша көзқарастар, жобалар, бағдарламалар, талаптар енгізіліп, жаңа идеялар дүниеге келді. Егемендігіміз қолымызға қиындықсыз жетпегені жасырын емес. Және одан кейінгі әлеуметтік-экономикалық дағдарыс, экологиялық қолайсыздық, жұмыссыздық Қазақстан Республикасы халқының, өскелең ұрпақтың хал-жағдайына, денсаулығына, рухани дүниесіне кері әсерін тигізді. Денсаулық дағдарысы, салауатты өмір салтын ұстанбау, зиянды заттарға әуестену, жағымсыз іс-әрекеттердің қоғамнан орын алуы, тек қазақ халқын ғана емес, әлемді де дүрліктіріп отырған мәселе.
Мемлекеттің капиталы - адам, адамның капиталы - денсаулық екенін ескерсек, қазіргі қоғамымыздың дамуында салауатты өмір салтын ұлттық мұралар негізінде қалыптастыру өскелең ұрпақ үшін кезек күттірмейтін талап екенін білуіміз қажет. Ертеңгі мемлекет тұтқасын ұстар жас буынның салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы олардың денсаулығының сақталуына қолайлы жағдай жасаудың маңызы зор. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесін шешу, жас өспірімдер арасында мақсатты түрде жүзеге асырылуы қажет.
Әлемдік үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін келер ұрпақтың салауаттылығымен қатар рухани сауатын көтеру, толық адам тәрбиелеу мәселесіндегі ақыл-ой, жүрек, ар-ождан тазалығының көркі тіл, тілдің көркі сөз, сөз қуаты болашақ негізін қалайтын жаңа санада қалыптасқан ұрпақтың алдындағы мұрат мақсаттары биік болмақ. Тәрбие отбасынан бастау алары белгілі. Бірақ мектеп табалдырығын аттағаннан кейінгі тәрбиенің жөні бөлек. Қазіргі мектеп оқушыларының денсаулығы, білім сапасы, үлгерімі, рухани қарым-қатынасының деңгейі белгілі факторларға байланысты төмен екенін байқауға болады. Осы мәселелерді зерделей отырып, жоғарыда айтылып кеткендей, салауаттылық, валеологиялық тәлім-тәрбие бойынша айқындалған тенденцияларға сүйене отырып, салауатты өмір салтын ұлттық мұралар негізінде қалыптастыру әлі де тереңірек зерттеуді кажет ететінін және өмірдің ең өзекті мөселесі екенін байқадық.
Мектептің оқу-тәрбие процесін зерттеудегі қорытындысы, оқушыларға ұлттық мұралар негізінде салауатты өмір салтын қалыптастырудың қажеттілігін дәлелдей түсті. Себебі, көтеріліп отырған мәселеге байланысты оқушыларды ұлттық мұралар негізінде салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде теориялық жағынан негізделген мазмұнның тапшылығымен түсіндіруге болады. Осы қарама-қайшылықты негізге ала отырып, адамзаттың рухани құндылығын күшейту мақсатында оқу-тәрбие процесінде салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі Ұлттық мұралар негізінде бастауыш сынып оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру деп зерттеу тақырыбымызды таңдап алуымызға себеп болды.
Зерттеудің мақсаты: рухани құндылық, салауатты өмір салтының ұғымдары арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық мұралар негізінде салауатты өмір салтын қалыптастыру мазмұнының теориялық негізін анықтап, оны оқу-тәрбие процесінде қолдануға қажетті жолдарын жасау.
Зерттеудің обьектісі: бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстары мен оқу-тәрбие процесі.
Зерттеудің пәні: бастауыш сынып оқушыларының салауатты өмір салтын ұлттық мұралар негізінде қалыптастыру процесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, педагогикалық, психологиялық, валеологиялық тәжірибеге сүйенсек, оны іске асырудың мазмұны мен мүмкіндіктері теориялық тұрғыда негізделіп, әдіс-тәсілдері белгіленсе, онда, бастауыш сынып оқушыларының салауатты өмір салтын ұлттық мұралар негізінде қалыптастырудың барысында тәрбиенің тиімділігі артады.
Зерттеудің міндеттері:
бастауыш сынып оқушыларының ұлттық мұралар негізінде салауатты өмір салтын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау;
бастауыш сынып оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастырудың тәрбиелік мәні мен мүмкіндіктерін айқындау;
бастауыш сынып оқушыларының салауатты өмір салтын ұлттық мұралар негізінде қалыптастыруды тәжірибелік-эксперимент жұмысында тексеру және нәтижесін шығару.
Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесі бойынша ұлттық мұралар негізінде салауатты өмір салтын қалыптастырудың негіздерін анықтау мақсатында психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық тұрғыда талдау жасау, оқулықтар мен әдістемелік құралдарды зерделей отырып, оқушылар арасында мақсатты түрде бақылау, сауалнама, әңгіме пікіралысу, пікірсайыс, сынақ, тәрбие берудің мазмұнын анықтап, сандық және сапалық талдау жасау, жинақтау, қорытындылау.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми материалдары, құжаттары, педагогика, психология, философия, тарих, этнопедагогика ғылымдары классиктерінің еңбектеріндегі қазақ халқының рухани құндылығы жөніндегі мұралар; мектеп бағдарламалары, оқулықтар мен оқу құралдары; ғылыми конференциялардың материалдары.
Зерттеудің ғылыми жаналығы:
- бастауыш сынып оқушыларының ұлттық мұралар негізінде салауатты өмір салтын қалыптастырудың теориялық негіздері анықталды;
- ұлттық мұралар негізінде салауатты өмір салтын қалыптастыру ұғымының мәні ашылды;
- бастауыш сынып оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастырудың тәрбиелік мәні мен мүмкіндіктері айқындалды;
- бастауыш сынып оқушыларының салауатты өмір салтын ұлттық мұралар негізінде қалыптастыруды тәжірибелік-эксперимент жұмысында тексеріліп, нәтижесі шығарылды.
Зерттеу базасы: Қызылорда қаласы, №140 орта мектептің бастауыш сыныптары.
Дипломдық жұмыс құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспе, екі тарау, қорытынды, кестелер, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Ұлттық мұралар негізінде бастауыш сынып оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1 Салауатты өмір салтын қалыптастырудың тарихи мазмұны
Жұмысымыздың негізгі мәселесі салауатты өмір салтын қалыптастыру болғандықтан, салауаттылық, денсаулық, оны нығайту, шынықтыру, сергіту, калыпты ұстау туралы, салауатты өмір салтын ұстанудың жолдарына, валеология ғылымының тәрбиелік мәселелерін зерттеген ғалымдардың еңбектеріне педагогикалық-психологиялық тұрғыда талдау жасалынды. Себебі, денсаулықты сақтау, нығайту аркылы өмір қажеттіліктерін қанағаттандыруда, салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы қол жеткізілетіні белгілі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Халық денсаулығы атты Мемлекеттік бағдарламасында халықтың денсаулығын нығайту - бірінші кезектегі шаралардың бірі екендігін атап өткен. Халықтың денсаулығы дегеніміз - ел қауіпсіздігінің өркендеуі мен өркениеттің басты өлшемі деген. Бағдарламада Қазақстан азаматтарының саулығына әсер ететін барлық жағдаяттар жан-жақты мұқият ескерілген. Басты мұраты - халықтың денсаулығын нығайту, демографиялық ахуалды жақсарту. Бағдарламаға өзек болған ой-ниет Бүкіл Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының XXI ғасырда баршаның саулығын сақтау үшін деген басты принципке үйлесіп жатыр [2].
XXI ғасырдағы қоғам жалаң адамдар тобынан емес, отандастарымыздың, болашақ ұрпақтарымыздың денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні таза, танымдық белсенділігі мен өздігінен білім алудағы шығармашылық қабілеті ерекше, қоғам болашағын ойлайтын, салауатты тұлғалардан тұруға тиіс.
Осы заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдай, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, экологиялық дағдарыс Қазақстан Республикасы халықтарының денсаулығына әсерін тигізуде. Әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығының нашарлау себебі, ұлттық мұралар - рухани құндылығының құнсыздануы, санитарлық-гигиеналық мәдениеттің төмендігі, денсаулық туралы білімнің жеткіліксіздігі, өз денсаулығына жауапкершіліктің болмауы, салауатты өмір салтын қалыптастырудың мақсат-міндеттерін жете түсінбеуден болып отыр. Осыған байланысты көзделген мақсатты тарқатып жеткізетін болсақ, бұл тек Қазақстан Республикасын ғана ойландырып отырған мәселе емес. Сондықтан, әлем ғалымдары адам денсаулығына әсер ететін маңызды биологиялық, әлеуметтік факторға қам жасап, қоғамды сауықтырудың тиімді жолдарын зерттеумен айналысуда.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының алты халықаралық орталықтарының бірі Қазақстанда орналасқан. 1978 жылы Алматы декларациясы қабылданып, ғасырдағы Денсаулык сақтаудың ұлы хартиясы деген мәртебеге ие болған. (Хартия - дүниежүзілік мәні бар халықаралық құжат) [3].
1986 жылы адам денсаулығының эволюциялык, қызметін алғаш сипаттаған И.И.Брехман Валеология - наука о здоровье деген еңбегін жазды [12]. И.И.Брехман денсаулық туралы валеологияның, педагогика және медицина бөлімінің дені сау адамды қалыптастырудың негізін қалаушысы. Ғылымға енгізген валеология терминінен кейін, 1995 жылы Қазақстан Республикалық Денсаулық орталығы тарапынан Қайткеңде денің сау болады?, Валеология деген халықтық медицина және гигиена бағытына ұмтылған бағдарламалар дүниеге келді.
Л.З.Тель Валеология человека - философия жизни деген еңбегінде (валеология - vаlео - дені сау, 1оgоs - ілім, ғылым деген сөзі) валеологияның негізгі міндеті мен мақсаты - денсаулық деп, әрбір жеке адамның денсаулығы қоғаммен тығыз байланысты екенін айтады. Оның дәлелдеуі бойынша валеология ғылымы басқа ғылымдар сияқты өз бастауын тарихи тереңнен алады [13].
В.П.Казначеев - адам экологиясы жүйесінің авторы, экономикадағы денсаулықтың маңызын белгілеген. Основы общей валеологии еңбегінде валеология - бұл аксиологиялық бағыт, денсаулықтың болашағын қамтамасыз етуге, бағытталған ғылым деп сипаттама береді [14].
Алғашқы қауымдық кезден-ақ адам қозғалысы өз ортасын әр түрлі салт-дәстүрлермен, белгілі ритуалдармен қамтамасыз еткен. Бұл өзінше валеологияның бір түрі болып саналады. Мұндай іс-әрекеттер инфекциялық ауруларға қарсы тұруға және күш жинауға елеулі әсерін тигізіп отырған. Салыстыра келгенде ежелгі кезден-ақ тұрмысты жақсартуға, яғни үйшіктер салуда, жеке гигиеналық ережелер және өлікті көму, қалдықтарды бөлек ұстау іс-әрекеттері сіңе бастаған. Ерте заманғы валеология - мистика, (жұмбақ, түсінбеушілік, религиялық) діни салт-дәстүрмен байланысты болғанын байқауға болады. Ал дененің сымбаттылығы, саулығы, сұлулығын сақтау жөнінен Ежелгі Грецияда гимнастика, дене шынықтыру, сулы процедура әдістері кеңінен тараған. Дененің сымбатты, сұңғақ та сұлу денсаулықтың мәнісін британдықтар мен голландықтар, германдықтар мен скандинавтар, скивтер және т.б. жақсы түсінген [15].
Осы уақытта Грецияда шынығу, дене жаттығулары және салауатты өмір салтының маңызының негізі қаланған.
Гиппократ (4-5 ғ.б.э.д.) сыртқы факторлардың маңызын және конститутициясын белгілеп, валеологиялық идеялардың пайда болуын болжаған. Жалпы ғылымда Гиппократ - валеология ғылымының атасы болып есептеледі [16].
Бұл жерде Авиценаның (Ибн Сина 981-1037 ж.) орны ерекше. Ол адамның физиологиялық жағдайын бірінші болып 6 градацияға бөлген:
- шегіне дейін дене сау;
- дене сау, бірақ шегіне дейін емес;
- дене сау емес, бірақ ауру емес;
- дене қалыпты жағдайда, бірақ тез қабылдағыш;
- дене жеңіл аурумен ауырады;
- дене шегіне жеткен ауру.
Алғашкы дәрігерлердің бірі VI-VII ғасырда өмір сүрген Кротондық Алклимон Пифогормен тығыз байланыста болып, адам ағзасының қалыптасуы мен қызметін Пифогор ілімімен байланыстырып түсіндірген. Ол адамға әрдайым кері куш әсер етіп тұрады, - деді. Аклимон адам миының психикасын, көру жүйесін, мүшенің сезу жүйелерін бірінші болып ашқан [17].
Өз дәуіріне сай дамыған мәдениеті, төл жазуы, тәлім-тәрбиесі, білім-білігі болған бабаларымыз сонау V-VІІІ ғасырдың өзінде мәңгі өлмес құнды мұраларды ұрпақ қамы үшін қалдырған. Көне түркі жазуымен тасқа қашалып жазылған ескерткіш Орхан-Енисей жазулары ғылымда, қазіргі адамзат мәдениетінің дамуында елеулі орын алатыны айқын. Ондағы Ержүрек қолбасшы Күлтегіннің, білікті мемлекет қайраткерлері Тоныкөктің құлпытасына қашалған жазулардағы көптеген көркем бейнелер, қанатты сөздер, ұтқыр тіркестер қазақ тіліңде күні бүгінге дейін қолданылады.
Сол ғасырдың өзінде мәдениеттің, экономиканың, әлеуметтік жағдайдың, ұрпақ саулығының жақсаруына, салауаттылығына оқымыстылар қам жеген. Қазақ жерінен шыққан мұғалім-әс-сани - мәшһұр Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің, одан кейін Шығыста кеңінен танымал болған астроном әрі математик Аббас Жауһари, филолог Ысқақ әл-Фараби, географ Жанақ әл-Қимақи еңбектері отандық білім мен мәдениеттің шыңы және ұрпақ қамы, оның өресі мен болашағына арналған, құнды мұра [18].
Тауасарұлы Қазыбек бектің Тұп-тұқианнан өзіме шейін атты еңбегі ұлттық психологиядан ұрпақ сауаттылығына оның салауаттылығына арналған [19].
Дегенмен, XV ғасырда жазылып, араға бес ғасыр салып, сағындырып қолымызға жеткен қазақ халқының ұлттық мәдениетіндегі елеулі құбылыс, асыл еңбек, қасиетті қазына - халық даналығының айғағы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының Шипагерлік баянының орны ерекше. XV ғасырда өмір сүрген ғұлама, қараүзген шипагер, жаһангер, тарихшы, этнограф, философ, ақын, астроном, биолог, химик, психолог, географ, ұстаз, этика, моральдың асқан білгірі Өтейбойдақ Тілеуқабыл ұлының Шипагерлік баянынан ұлттық мұралар негізінде салауатты өмір салтын қалыптастыруға қатысты мол қазына алуға болады [20].
Онда Жетіге тиіспеу, қырық бірге жұғыспау, он екіден айрылмау - дейтін өнеге өсиеттер бар. Оны адам баласы орындауға тиісті шартты принциптер екенін ескеруіміз қажет. Мәселен, қырық бірге жұғыспау, жоламау (тақырыптың өзі талай мәселені түсіндіреді). Ордалы сумаңға жұғыспау; Қордалы қынамаға жұғыспау; Жалғыз ағашқа жұғыспау; Иендегі жалғызға жұғыспау; Суық торғайға жұғыспау; Алдан өткен абаданға жұғыспау; Пәлелі өртке жұғыспау; Шығулы бетке жұғыспау; Жаралы жыртқышқа жұғыспау; Қаралы елге жұғыспау; Ашынған долыға жұғыспау; Ашыққан ұрыға жұғыспау; Даралы жерге жұғыспау; Дастарханға жұғыспау; Жетімге жұғыспау; Жесірге жұғыспау; Кесірге жұғыспау; Еңіреген ерге жұғыспау; Өзің шығар төрге жұғыспау; Арқаны сылар ерге жұғыспау; Жатқа кетер қызға жұғыспау; Көктемдегі мұзға жұғыспау; Өте шығар сызға жұғыспау; Асып қалған асқа жұғыспау; Жарасы бар басқа жұғыспау; Парақұмар ыласқа жұғыспау; Басқа елдік қарашаға жұғыспау; Балалы үйге жұғыспау; Төбелесте арашаға жұғыспау; Тікені бар аласаға жұғыспау; Құламалы құзға жұғыспау; Дәм атасы тұзға жұғыспау; Иесіз жатқан малға жұғыспау; Киесі бар далаға жұғыспау; Обалы бар торшыға жұғыспау; Залалсыз қоршыға жұғыспау; Түтін ұшар шаңыраққа жұғыспау; Ырыс келер босағаға жұғыспау; Даладағы өлгенге жұғыспау.
Бұл жұғыспаулар соқтықпау, жәбірлемеу, ойрандамау, қырмау, аялау, абайлау, сақтану, қорғау секілді сегізге жіктеледі. Ал осы сегіз - гигиена, адамгершілік, салауаттылық және сақтық астарын құрайды.
Елдің қамын ойлап, бүкіл өмірін халқына қызмет етуге арнап, өмірін шипагерлікпен өткізген Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының Шипагерлік баяны былай дүниеге келген. Шипагерліктің алыбы және Лұхман Хакімнің шәкірті Өтейбойдақты Хан ордасына оның жан досы әйгілі Жиренше шешен алып келеді. Сыннан өткен Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы Жәнібек ханның әмірімен Шипагерлік баянды жазады [20].
Ағылшын ғалымы шешекке қарсы вакцинаны 1796 жылы табады, ал Өтейбойдақ одан 350 жыл бұрын тапқан.
Шешек ауруы қара халықты тарыдай қырып салған жылы күндіз-түні демалыссыз тәжірибе жасаған шипагер, шешек суын (вакцинаны) былай дайындаған; баланың шешек іріңін алып, тананың шап терісін тіліп, қан шыққан соң жағады. Ол жер бір жұмадан соң жұдырықтай болып томпаяды. Томпақты жарып, қамсек қурай қуысымен бүйрек қабына құйып, күн тимейтін салқын жерге қойып, ағашты қаламдай үшкірлеп, шешек болған баланың білегіне жағып, жаққан жерді инемен сызып қойып отырған.
Әз Жәнібек қазаққа жеті атасына дейін қыз алысуға тыйым салған жарлығы да Өтейбойдақтың ақылымен жарияланған. Төрт атадан аспаған рулар арасынан қыз алысқандардың қаны азғанды көзім көрді. Сондықтан, жеті атадан әрі қыз алыспақ шарт. Отыз-қырық атадан қыз алысса, ұрпағы зейінді, өнерпаз, аңғарлы, денсаулығы мықты болмақ, - дейді ғұлама. Бұл жерде генетикалық көрегендік талдау, қоғамның, ұлтының болашағына, ұрпақтың саулығына, салауаттылығына баса назар аударған [21].
Медицина ғылымының атасы біздің дәуірімізге дейінгі - 460-370 жылдар аралығында өмір сүрген ұлы дәрігер Ибн Сина өзінің дәрігерлік ғылыми Ережесінен өскелең ұрпақ үшін салауатты өмір салты тәрбиесіне ерекше маңызы бар мағлұматтарды алуға болады. Ол денсаулықты сақтаудың және нығайтудың, валеологиялық кодекстің талаптарын шығарды. Ибн Сина тамақтану, ұйқының, оқудың және еңбек режимін яғни, ережелерін міндетті түрде сақтауды бұйырады. Оның пікірі бойынша, санитарлық-гигиеналық ережені білмеу - еңбек барысында ағзаға зиян келтіреді дейді. Сондықтан, Ибн Сина адамдардың барлық жас кезендеріне санитарлық-гигиеналық тәрбиені ұсынады. Осы аспектілердің көбі балаларға тікелей арналады [22].
Ибн Сина денсаулықты сақтаудың негізгі себептері денсаулыққа әсер ететін тепе-теңдікті сақтайтын қажетті негізгі факторларды, шамалас себептерді анықтайды. Ондай себептерге дәрігердің негізгі үлкен және тұрақты айналысатын жұмыстары:
- болмыстың тепе-тендігі (дене құрылысының үйлесімді тұрақталуы);
- қоректі таңдау (тамақтану режимі);
- денені, ағзаны шлактан тазарту (яғни денедегі шлактан және зияңды метоболиттерден тазарту);
- дене құрылысын дұрыс сақтау (дене органдарының өзара тепе-тендігін сақтау);
- мұрын арқылы тыныс алуды жақсарту;
- киімге бейімделу (яғни киімнің тазалығы);
- дене және рухани қозғалыстың тепе-теңдігі (шаршау, салғырттық пен сергектілікке байланысты).
Ибн Синаның денсаулықты сақтаудағы басты міндеті, жоғарыда аталған принциптерді ерте кезден ұстауды ұсынады.
Ибн Сина балалардың және ересектердің денсаулығын сақтау үшін сусын мен қоректік заттарға аса көңіл аударуға кеңес береді. Ол үшін міндетті түрде жас ерекшелікті ескере отырып, жеке тамақтану, онымен қоса еңбектің түрлері, жынысы, денсаулық жағдайы, жыл мезгілдері т.б. себептер ескерілуі қажет дейді.
Гигиеналық тамақтану режимі және диета сақталуы есептелуі керек. Гигиеналық ереженің сақталуына келесі жағдайлар жататыны белгілі, қандай өнімдер көбірек пайдалану керек және неге, тамақты қабылдау мезеттегі сезімі, тамақтанудың аяғы, алкогольдік сусындарға қатысы. Осындай ережелерді ескере отырып, оқымысты барлық жас кезеңдерде тамақтанудың мөлшерін, гигиена, денсаулық сақтаудың жолдарын қадағалауға кеңес береді [44].
Ертедегі грек ғалымдары Аристротель мен Гиппократ: Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық денсаулыққа зиян, ағзаны аздырып тоздырады - деген. Ибн Сина Дене жаттығуларымен қалыпты және өз уақытында шұғылданып отырған адам ауруды құртуға бағытталған, ешқандай емдеуді қажет етпейді десе, Мөлшерден тыс тоқтық та, аштық та және басқа да ауытқушылықтардың бәрі де денсаулыққа қолайсыз, - деп Гиппократ, ал М.Я.Мудерцов Денсаулықты сақтау үшін, ал онан да абзалы жиі ауыра берудің алдын алу үшін дене жаттығуларын жасаған немесе қозғалыста болған жақсы - деп айтқан. Ғұламалардың ұсынған ақыл-кеңесі, денсаулықтың негізі - дене қозғалысы, шымырлық, сергектік, белсенділік екенін ескертеді [23].
Рухани, материалдық байлықтың негізі денсаулыққа байланысты деп қарап, баланы сергек сезімді, дені сау, тәні сау, адамгершілігі мен салауаттылығы мол азамат етіп тәрбиелей отырып, Бүгінгі өмірдің қонағы, ертеңгі өмірдің қожасы - деп ата-бабамыз келер ұрпаққа үлкен үмітпен қараған.
Ұлттық қасиет - ұлттың ұйытқысы. Ұлттық қасиетті қалыптастыратын рухани құралдар - тіл, ойлау қабілеті, салт-дәстүр, тәрбие психологиясы. Тіл - ойлау қабілетінің сыртқы көрсеткіші, өркендетушісі. Адамның адамгерішілік қасиеті ойлау мен тіл арқылы анықталады. Сөздің сырты күміс, іші алтын - дейді халық мақалы (сырты - формасы, іші - мазмұны).
- ұлттық ойлау, қабілет қоры - халықтың қоғамдық демеушісі;
- тәрбие - ұлттық психологияны қалыптастыратын негізгі құрал;
- салт-дәстүр - ұлттық өмір сүру дағдысы;
- ұлттық психология - халықгың табиғи өзгешелігінің даралық анықтамасы.
Бұл ұлттың рухани құралдары келер ұрпақты дені сау, салауатты етіп тәрбиелеуде тағлым іліміне арқа сүйер тіректер. Егер бұл тағылымды топшалайтын болсақ:
- шыншыл тұрғыда жазылған ұлт психологиясы жайлы алдыңғы қатарлы әдебиеттер;
- адам бойына ана сүтімен сіңген, атадан балаға мирас болып жеткен ұлттық тағылымның тұжырымдамалары жатады.
Ұлттық тұжырымдамаларды зерттеуші Лев Гумилев: Этнос дегеніміз - жер бетіндегі белгілі бір тіршілік аймағы мен әлеуметтік аймақтық бірлігінде жатқан, салт-дәстүр, тұрмыс тіршілігі, шаруашылық кәсібі, мінез-құлқы, тілі мен мәдени мұрасы бір халықтар тобы - дейді [24].
Міне, осындай халықтар тобының бірі қазақ ұлтының ұлттық мүддесінің ең бастысы - ұрпақ қамы. Ұлттық мүдде дегеніміз - сол этностың құрамына енетін жеке адамдардың ортақ мүддесінің жиынтығы болып шығатынын түсіну қиын емес. Ұрпақ қамы болғандықтан ата-бабамыз осы мақсатқа жету үшін жігерлілік, қайсарлық мінез, жауапкершілік, құлшыныстық арқасында жүзеге асатынын жақсы білген [25].
Ұлы Шоқан Уәлиханов қазақ жерінің географиясын, этнографиясын, фольклорын зерттегенде, әкімшілік басқару қызметін алу әрекетін істегенде, халқына сауат сұрап патшаға барғанда, ұлттық мүддені күйттеп барғанына ешкім дау айта алмас. Ыбырай Алтынсарин халыққа білім берудің жайын ойлап, ұлттың келешегі - жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеуге өмірін сарп етті.
Орыс географиясы қоғамының негізін қалаушы, Ресейде қазақтар жөнінде алғаш монографиялық еңбек жазған ғалым Алексей Левшин Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-кайсақ ордалары мен даласының сипаттамасы (1832 ж.) еңбегінің Дене бітімі деген тарауында қазақтар денсаулығына былай сипаттама береді: ...Табиғатпен етене өмір сүрген, қарапайым тамақ, жайбарақаттылық, залалсыз климат пен таза ауамен тыныстаған қырғыздар денсаулығы мықты, көп жасайтын, күшті де қуатты, аштыққа, ыстық-суыққа шыдамды келеді. Күннің ыстығы қаперіне де кірмейді. Көргіштігіне таңдануға тұрарлық, тегіс жерде тұрып кішкентай заттарды 10, не одан да көп шақырымнан көре береді, көзі өткір келеді. Европалықтар заттарды бұлдыр көріп әзер байқайтын жерден, олар заттың сұлбасы мен түсін ажыратып береді - дейді. Жалпы қазақтардың көру қабілетінің, қырағылығының мейлінше жақсы дамуы - кең байтақ далада өмір сүруі, шалғайға ойлана зер салып, байқампаздықпен, байыппен, байсалдылықпен сүзіп, шолып қарауға дағдылануы ақыл-ой өрісінің кеңдігі мен сабырлылығының сипаты - дейді [26].
А.Левшин бала тәрбиесіндегі саулығына былай мән береді: Бала күнінен ат құлағында ойнау - қазақтың тұңғыш гимнастикалық жаттығуындай. Былайша айтқанда, олар ат үстінде туып, ең асау, адуынды аттың өзін батыл да шебер ауыздықтайды. Әйелдер еркектермен бұл жағынан теңеспек түгілі, кейде асып та түседі. Олар садақты да қолдана біледі. Қырғыздар көп жасайды: 80 жастағылар көпшілік, жүздегі қариялар да ұшырасады. Бала жастайынан қой терісіне оранып, ыстық-суық ауаны өз денесімен сезіп өседі - дейді; бұл жерде бала саулығының негізін сипаттауы [26].
Медицина, антропотология саласындағы бірқатар еңбектердің авторы, дәрігер Николай Львович Зеланд Қырғыздар (Қазақтар) атты этнологиялық очеркінде қазақтардың салауаттылық пен денсаулыққа, дене пішіні, сымбаттылыққа байланысты антропологиялық өлшемдер арқылы мынадай кызықты деректер келтіреді:
Қазақ қызуқанды болып келеді. Оның рухына жайсаңдылық, ізгілік тән, ол ылғи да жайдарлы жүреді. Жалпы сергек әрі еліктегіш келеді, алайда жүйкесі көмбісті, ашушандыққа бара бермейді. Оның қызуқанды болуының себебі, бәлкім, көшпенділердің өмір салтынан да болса керек. Қауырт та, шапшаң дене қозғалысы, үнемі ат үстінде жүруі қан айналысы мен зат алмасуына қолайлы болуы тиіс; бұған қоса, дала тұрғындары дене қызуының жиі алмасуы, олар жұтатын таза ауада; шөлейтте жол шеккенде сусынды көп ішпеуі, діни жоралғыларға байланысты тағамдар таңдауы, асқазан және ішек жолы қызметін жақсартуға жәрдемдеседі, бұлардың рух күшін сақтауға маңызды ықпалы бар; ақыр соңында арақпен, апиынмен және темекімен жүйкесін жұқартуға әдеттенбеудің де біраз пайдасы бар. Жүйке салауаттылығы адамның иманды, өнегелік бейнесінен де жақсы көрінеді. Жаны жайсаң адам өзгелерге де іш тартады. Қазақ ниетімен ақкөңіл: ол сондай-ақ қастерлі өсиеттерге адал, басқаның қайғы-қасіретіне ортақтас, күйзеліс-күйінген кезде төзімді - дейді [27].
Қазақ халқының осыдан саулығы мен салауаттылығы қатар жүретінін байқау қиын емес. Ал осы саулығы мен салауаттылығы табиғат аясында етене байланысты болған. Адам саулығы табиғатпен де тығыз, салауаттылық қарым-қатынаста жүзеге асатынын ерте кезден білген қазақ ұлты қадір тұтуға жарайтын ұлттық психологиялық кешендерді бойына сіңіріп отырған.
Қоршаған ортамен етене байланысқан біздің көреген ата-бабамыз түгін тартса майы шығатын көк майсалы бел, арнасынан асып төгіліп жатқан өзен-су, сылдырап аққан бұлақ, қарағайы мен қайыңы, емені мен шілігі сыңсыған орман, қарақаты, мойылы мен шиесі, жауқазыны мен қызғалдағы құлпырған, аққуы ұшып, қазы қонған, бұлбұлы сайрап, көкегі шақырған ұлан-ғайыр даланы көзінің қарашығындай сақтап, қадір-қасиетін жете түсіне білген.
Ата-бабамыз келер ұрпағына табиғат үйін - орасан зор байлығын сыйлап кетті. Осы табиғатта олардың айналысатын шаруашылығы - төрт түлік малы, табиғи кенеулі асы: ішсе - сусыны, айран-сүті, қымыз-қымыраны, шұбаты; жесе - еті, қазы-қартасы, құрт-майы; мінсе - көлігі, ойын тойларда - сауығы болған.
Осы орайда, ақын Қадыр Мырза-Әлі қазақ ұлтының мінез-құлқын, адамгершілік, ұлттық мұралар қасиеттерін, қазақ елінің табиғатымен байланыстыра келіп былай толғайды:
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дарқандықты қазаққа дала берген секілді.
Еркелікті, ерлікті желден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.
Қасарысқан ерлікті шыңнан алған секілді,
Көшіп-қону дегенді құмнан алған секілді.
Мыңқ етпейтін мінезді жоннан алған секілді,
Түнеруді тұнжырап түннен алған секілді.
Күн шуақты күлкіні күннен алған секілді - дейді (28).
Ата - балаға сыншы дейді қазақ мақалы. Әке өз балаларының жеке ерекшеліктерін, қандай іске, өнерге бейімделгенін, ерте аңғарып, шамасы келгенше баласының бойындағы табиғи қабілеттерін дамытуға күш салған. Баласы ойлы, сезімтал болса, ел адамы, қадірлісі болуды көздеп және игі жақсыларға теңеген. Парасатты әке балаларына ата-бабаларының іс-әрекетінің үлгі боларлық өнерін айтып, ағайынның туыстық, жақындық қатынастарын түсіндіріп, ата-тегі туралы айтып, ұрпағының саулығы мен салауаттылығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып отыруды өзінің парызы санаған.
Қазақ отбасы тәрбиесінде өзінің ғасырлар бойы саяси экономикалық, әлеуметтік-тарихи ерекшеліктеріне байланысты атап айтканда, кең байтақ жерін, шаруашылық дәстүрін әр түрлі шапқыншылық, жауынгерлік және табиғаттың дүлей апатынан сақтап, қорғап қалу үшін ұрпағын бала жастан іскерлікке, ептілікке, батырлыққа, мергендікке шымырлыққа, саулыққа, ұлттық мұраларға тәрбиелей отырып, жаны мен тәнінің бірдей жетілуін дәстүрге айналдырған.
Қазақтың Балаңды беске дейін патшаңдай тұт, он бес жасқа дейін қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң досыңдай бағала деген сөзінде көрегендіктің терең тұнығы жатыр. Қазыбек би: Балаң жақсы болса, Жанып тұрған шырағың. Балаң жаман болса, Ғұмырлық көрген азабың, - деп бекер айтпаған.
Әр халықгың бала саулығы тәрбиесінде ой-пікірлер мен дәстүрінен педагогикалық, психологиялық, валеологиялық, философиялық қағидалардың өзегі бар екенін байқау қиын емес. Сондықтан, қазіргі жаңару дәуірінде ұлттық педагогиканың өзіне тән бай мұраларының маңызы мол. Осы асыл мұралар жеке тұлғаның қалыптасуына себеп бола алады [29].
Академик тарихшы, этнограф, лингвист Орхон-Енисей жазба ескерткіштері туралы құнды еңбек жазған, Жүсіп Баласағұнның Құтты білік атты еңбегіне тұңғыш ғылыми талдау жасаған Василий Васильевич Радлов қазақтарды былай сипаттайды: Қазақтар орта бойлы болып келеді, дегенмен де олардың арасында өте-мөте сұңғақ бойлы, жауырыны қақпақтай, мойыны күжірейген, желкелі адамдар да жиі кездеседі. Мен тіпті былай деп ойлаймын: ауқатты қазақтар (тамақтан тарылмайтын) денесінің тұрқы адамның табиғи тамағы ет екенінің айқын дәлелі болып табылады, өйткені ет жемейтіндер арасында мұндай алып денелі кісілерді ұшырата қою мүмкін емес... Қазақтар арасында әлжуаздары аз, ал күшті тағам мен таза ауадағы салауатты өмір сүруі арқасында аурулар да некен-саяқ ұшырасады - деп жазады [30].
Ұлтқа тән ұлттық мінездер: жауынгершілік, өнершілдік, қонақжайлылық, балажандылық, малжандылық және т.б.
Осы ұлттық мінездердің бірі - жауынгершілік. Бұл мінездің астарында көп мағына жатыр. Балаларын әке көрген оқ жонар деп баулыған қазақ, ел басына күн туғанда ереуіл атпен егеулі найза ер жігіттің мұраты болған. Жау шапса айдап ала жөнелуге жағдайы бар көшпенді мал шаруашылығы да бұл тайпалардың ереуілшіл мінезінің қалыптасуының экономикалық негізі іспетті еді. Сәйгүлік, қымыз, ер қаруы бес қару, жинақылық пен сергектік, ширақтық - бұлардың жауынгерлік мінезін айқындайды. Оның дәлелі өз кезеңінде парсының ұлы патшасының бірі Кирдің, әлемге аты мәшһүр ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz