Молекулалык физика пәні



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ҚOPҚЫТ AТA AТЫНДAҒЫ ҚЫЗЫЛOPДA УНИВEPСИТEТI
ФИЗИКА ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА КАФЕДРАСЫ

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Молекулалық физика курсын оқытудағы жаңа ақпараттық
технологияларды қолдану мүмкіндіктері

Орындаған: Құрманғали Ақкенже Жаңабайқызы

Ғылыми жетекшісі:Ибраев Шерали Шапатайұлы
ф.м ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Ғылыми кеңесші: Абдикаримов Бахытхан Жұнайдұлы
ф.м.-ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор м.а

Қызылopдa, 2021 ж.

Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Молекулалық физика пәнін оқыту әдістемелерінің негізі
... ... ... ... ... ... 6
1.1 Физика сабақтарында оқыту әдістері мен тәсілдерінің түрлерін
қолдану
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Молекулалық физика курсын оқытудың техникалық құралдары
және компьютерлік бағдарламалар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2. Молекулалық физика оқытуды жаңа тәсілдер арқылы арттыру
жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 8
2.1 Интерактивті тақтаны пайдалана сабақ өткізу әдістемесі
... ... ... ... ...18
2.2 Молекулалық физика курсының есептерін шешуде алгоритмді
қолдану
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 1
3. Молекулалық физика курсын оқытуда Phet.colorado.edu
платформасын қолдану
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .26
3.1 Phet.colorado.edu платформасын эксперименттер мен
демонстрациялық жұмыстарда қолдану
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

Кіріспе

Молекулалык физика пәні. Микроскоптық (молекулалық) құрылысы негізінде
әр түрлі агрегаттық күйлердегі денелердің физикалық қасиеттерін зерттейтін
физика бөлімі - молекулалық физика деп аталады. Қозғалыстагы молекулалардың
орасан зор саны жиынтығымен қамтамасыз етілетін заттың қасиеттерін зерттеу
- молекулальіқ физиканың пәні болады. Өте көп сан бөлшектерден (атомдар,
молекулалар немесе зарядталған бөлшекгер) құралатын денелерді немесе
жүйелерді макроскоптық деп атайды. Өте көп сан бөлшектер дегеннің
өлшеуіші болып, мысалы, Авогадро саны алынады. NА = 6,02*1023 моль-1. Өте
көп сан бөлшектердін ықпалынан пайда болған макроскоптық жүйелердегі
заңдылықтар статистикалық деп аталады. Бөлшектері аз жүйеге қатысты осы
айтылғандардан статистикалық заңдылықтардың мәні жойылады. Сондықтан
козғалыстың молекулалық түрін, демек молекулалардың үлкен жиынтығының
қозғалысын зерттеу, молекулалык физиканың пәні болып келеді. Пәннің осындай
қойылуында мәселенің маңызды екі жағы болады: 1) қозғалыстың молекулалық
түрінің ерекшеліктерін өзінше зерттеу; 2) көп бөлшектерден қүралған
жүйелерді зерттеу әдістері мен тиісті үғымдарын меңгеру. Молекулалық
физиканың мәселелері статистикалық физика және термодинамика әдістері
арқылы шешіледі, олар физикалық денелердің қүрамындағы микробөлшектердің
(атомдар, молекулалар, иондар) қозғалысы мен әрекеттесуін зерттеумен
байланысты. Молекулалық физиканың тарихи дамуына кысқаша шолу.
Молекулалық физиканың алгашқы калыптасқан бөлімі газдардың кинетикалық
теориясы болатын. Газдың кинетикалық теориясының тарихы көне Грециядан
басталады. Сол кезде грек философтары Демокрит (470-460 ж. б. ғ. д.) пен
Эпикур (341-270 ж. б.ғ.д.) заттың атомдық теориясының негізін қалаған, ал
кейінірек бүл теорияны дамытқан Лукреций (Тит Лукреций Кар. Заттардың
табиғаты туралы. 95-55ж. б.ғ.д.). Бір ғасырдай тоқыраудан кейін газдың
кинетикалық теориясы қайтадан дами бастайды. Оған үлес қосқан ғалымдар
Герапат, Ватерстон, Джоуль, Клаузиус, Максвелл және Больцман. Соңғы үш
ғалымды (Рудольф Клаузиус, Джеймс Максвелл, Людвиг Больцман) газдың
кинетикалық теориясының басты негізін құраушылары деп есептеуге болады. Газ
қоспасында массалары эр түрлі молекулалары үшін орташа молекулалық
энергияның бірдей үлестірілу принципін тағайындап жэне тене-теңдік күйдегі
газдың біртекті өрістегі молекулалык жылдамдықтарының үлестірілу заңын 1859
ж. ұсынған Максвелл. Осы нәтижелерді талқылау негізінде теорияның одан әрі
дамуы классикалык статистикалық физиканы жарыққа шығартты (Дж.У.Гиббс).
Молекулалардыц әрекеттесуі туралы алғашқы қөзқарастар беттік құбылыстарының
теориясын құрастыруда дами бастаған. Бұл құбылыстарды зерттеген ғалымдар
А.Клеро, П.Лаплас, С.Пуассон, К.Гаусс, Дж.У.Гиббс, И.С.Громеко және т.б.
Нақты газдар теориясының дамуы Ян Дидерик Ван-дер-Ваальстың "Сұйық пен газ
тәріздес күйдің үздіксіздігі" тақырыбында 1873 ж. жазған диссертациясынан
басталады деп есептеледі. Молекулааралық өзара әрекеттесу алғашқы осы
зерттеуде ескерілген. Физика бойынша Ван-дер-Ваальс 1910 ж. Нобель
сыйлығының лауреаты атағын алған.Молекулалық физиканың жаңа даму дәуірі XX
ғасырдың басынан басталады. Броундык қозғалысты зерттеу нәтижелерінен
молекулалардың нақтылығы дәлелденеді. Эксперименттік зерттеулерге зор үлес
қосқан Ж.Б.Перрен мен Т.Сведберг, ал теориялық жағынан А.Эйнштейн мен
М.Смолуховскийдің зерттеулері жатады. Қатты дене, сұйықтар құрылымы жоне
олардың фазалық ауысу кезіндегі касиеттері рентгенқұрылымдық талдау,
электронграфия, нейтронграфия эдістерімен XX ғ. жете тексерілді. Кванттық
механика негізінде молекулааралық өзара әрекеттесулер ілімі М.Борн,
ФЛондон, В.Гейтнер, П.Дебай деген галымдардьгц еңбектерінде көрініс тапты.
Молекулалық физика қарастыратын мәселелер өте кең. Мысалы, заттардың құрамы
мен кұрылымы, олардың қасиеттерінің сыртқы әсерлерден өзгеруі, тасымалдау
құбылыстары, фазалық тепе-тендік және фазалық ауысулар, заттың сындық
(критикалык) күйі жэне т.б. құбылыстар физиканың осы бөлімінде
қарастырылады. Молекулалық физика көзқарасының негізінде металдар физикасы,
полимерлер, плазма физикасы, кристалфизика жэне т.б. физика бөлімдері
қалыптасқан. Дербес бөлімдері болып статистикалық физика, физикалық
кинетика, химиялык кинетика, катты дене физикасы, молекулалык биология жэне
т.б. ғылым салалары дамыды. Объсктілердің өзгешеліктері мен зерттеу
әдістеріне қарамастан, барлық жағдайда молекулалық физиканың басты идеясы -
заттың макроскоптық қасиеттерін, оның микроскоптық (молекупалық) құрылымына
сүйеніп бейнелеуі сақталады.
Оқыту әдістерін зерттеу – негізінен дидактиканың міндеті, ал жеке
пәнді оқыту, оның ішінде физиканы оқыту әдістемесінің мақсаты – физика
мазмұнының ерекшелік сипатына лайықты сабақты оқыту әдістерінің тиімді
тәсілдері мен әдістемелік амалдарын қолданудың жолдары мен түрлерін
анықтау.

Физиканы оқыту жүйесі, қазіргі информация көлемі үздіксіз ұлғайып бара
жатқан заманда ұдайы жетілдіріп келеді. Мысалы, озат мұғалімдер, физикалық
шығармашылық сабақтарының сан алуан түрлерін ойлап шығарып, өз
практикасында қолданып келеді: оқытудың ұжымдық-топтық жүйесі, іскерлік
ойын, ұлттық ойындар, жарыс сабақ, физикалық аукцион, т. б. Сондай-ақ,
жаңашыл физик – мұғалімдер әдістемелік идеялар ұсынып, оларды практикада
жүзеге асырып келеді.
Физиканы оқытудың мұндай сан түрлі ұйымдастыру түрлерін нәтижелі
жүргізе білу, негізінен мұғалімнің басқарушылық ролі мен әдістемелік
ебедейлігіне байланысты екендігі даусыз. өйткені, физиканы оқыту үрдісін
жоспарлаушы және ұйымдастырушы басты тұлға – мұғалім болып саналады.
Сабақтың жүргізілу барысы оның педагогикалық шеберлігі мен шығармашылық
қабілетіне байланысты.
Жиырма бірінші ғасырдың  басталуы жаппай ақпараттық қоғамға көшумен
сипатталады. Оған компьютерлік техника, ақпараттық технология және басқа да
ғылыми-техникалық прогресс әсерін тигізуде. Қазақстан Республикасы ғылыми-
техникалық прогрестің негізгі белгісі болып табылатын қоғамды
ақпараттандырудың жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – еліміздің
экономикасын, мәдениетін, ғылымының дамуының негізгі алғышарты.
Физика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану,
оқушылардың ой - өрісін дамытып, алған білімдерін жан-жақты жетілдіреді,
оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Сонымен, физика пәнін
оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың бір мысалы ретінде біз
Macromedia Flash бағдарламасының мүмкіндіктерін қарастырамыз.
Сабақты оқытудың өзіндік қолайлы бірнеше ерекшеліктері бар:
сыныптағы оқушылардың жасы бірдей,және олардың саны тұрақты, сабақ кестесі
өзгермейді, сабақ мұғалімнің басшылығымен өткізіледі. Сабақта неше түрлі
оқыту әдістері мен тәсілдері қолданудың нәтижесінде оқушылардың оқуға
деген қызығушылығы , ынта-ықыласы, белсенділік қабілеті артады.
Заман талабына сай физика пәні де оқыту әдістері және оқыту
түрлерімен толықтырылып отыр. Оқушылардың белсенділігін арттырып,
білімдерін тереңдету үшін әрбір мұғалім, түрліше оқыту әдістерін
ұсынып отыр. Ал біз соның тиімділерін өзімізге лайықтап пайдаланып және
жас ұрпақты оқыта және тәрбиелей білсек, бұл біздің үлкен жетістігіміз
болмақ.

Тақырып өзектілігі: физика пәні бойынша жаңа ақпараттық технологиялар
жана оқыту әдістемелерінің қолдану.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27
қаңтардағы  Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты
бағыты атты жолдауында: Тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын, соның
ішінде әр түрлі ынталандырушы бағдарламалардың есебінен де көтеру қажет.
Мен қазақстандықтарды ақпараттық технологияларды белсендірек игеруге
шақырамын деп,  қазіргі таңдағы білім беру жүйесі жаңа педагогикалық
технологиялар мен ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет ететінін
атап көрсеткен.  Демек, оқу-тәрбие үдерісінде жаңа ақпараттық
технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр. Жиырма бірінші
ғасыр жаппай ақпараттық қоғамға көшумен сипатталады. Оған компьютерлік
техника, ақпараттық технология және де басқа ғылыми-техникалық жетістіктер
әсерін тигізуде. Адамның компьютерлік технологияны меңгеруі оған білім алу
мен еңбек нарығында өз мүмкіндіктерін іске асыруға жағдай туғызды.
Жұмыстың жаңашылдығы:
1. Орта мектепте қолданбалы курстарда молекулалық физика курсын
қолданбалы бағытта оқытудың оқу бағдарламасын жасау.
2. Молекулалық физика тарауының есептерін шешуде ақпараттық компьютерлік
технологияны пайдалану алғышарттарын жасау.
3. Ақпараттық компьютерлік технология негіздері жаттығуларын шығарудың
ғылыми әдістемелік тұжырымдарын негіздеу.
4. Жаңа ақпараттық технологияларды физика сабағында қолдану үшін
қажетті бағдарламалар іріктеліп, олардың жұмыс істеу принциптері
анықталды;
Зерттеу нысаны – Жаңа ақпараттық технологияларды физика сабағында
қолдану процесі. Физика пәнінің басқа пәндерімен байланысын нақты мысалдар
арқылы шешу жолдарын көрсету;
Орта мектепте молекулалық физика курсын оқытуда математикалық алгортим
жаттығулар жүйесін жасап және оларды шешуде компьютерлік технологияны
қолдану әдістері жүзеге асырылады.
Зерттеу пәні: Физика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану
әдістемесі.
Жұмыстың мақсаты: компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып,
физикалық есептерді шығару.
Негізгі мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп –
үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің
шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне
жол таба білуі. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге
қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі,
әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Магистрлік диссертацияда алгоритм ұғымын физикада қолдану жолдары,
Молекулалық физика тарауын оқытуда блок схемасын пайдалану мәселелерін
қарастырады.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы: зерттеу жұмысының барысында жасалған
физикалық есептердің компьютерлік бағдарламаларын жоғары, орта арнаулы оқу
орындарында оқытуда қолдануға болатындығында.
Зерттеу нәтижелері бойынша білім алушыларға молекулалық физика курсын
оқытуда компьютерлік әдістер ұсынылады. Компьютерлік техонологияларды
физиканы оқыту әдістемесіне еңгізіп, сабақтың неғұрлым сапалы өтуін,
оқушылардың сбақты оқуға деген ынтасын арттыру.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен,
педагогикалық тәжірибенің ұйымдастырылуы мен нәтижелерінен және
қорытындыдан тұрады.

1.1 Молекулалық физика сабақтарында оқыту әдістері мен тәсілдерінің
түрлерін қолдану

Қай пәнді болса да мектепте оқытудың әдістемесі болуы қажет екендігі
белгілі. Физика пәнін қазақ мектептерінде алғаш оқыта бастаған кезде,
физика пәні мұғалімдері көбінесе, орыс тілінде жазылған әдістемелік
құралдарды, орыс тілінен аударылған оқулықтарды пайдаланып келді. Онда
кездесетін атау сөздер (терминдер) сол орыс тілінен аударылған оқулықтар
бойынша оқытылды.

Қазақ топырағында физика-математика ілімінің негізі ертеректе
қаланғанымен, ол кездегі өркениеттің тарихи дамуының әр түрлі қиянаттарына
төтеп бере алмай өшуіне сәйкес, физика-математика одан әрі өркен жайып дами
алмады. Ұлы ғұлама әл-Фарабиден бастау алатын, басқа да Отырарлық
ғұламалардың физика мен математикадан жазған еңбектері алдымен шығыстық
ғылымға, қала берді жалпы әлемдік ғылымға қосылған бай қазына еді. Бұл
қазынаны игеруіне біз енді ғана кірісіп жатсақ, өркениетті елдер ғасырлар
бұрын игеріп алған және де ол еңбектер әлемдік ғылымды дамытуға сүбелі
үлесін қосты да.
Өзге тілді қалыптасқан ілім жетістіктерін қазақша сөйлету, қазақша
ғылым тілін тұрақты қалыптастыру бүгінгі заман талабы болып отыр. Олай
дейтініміз, мемлекетімізді тиянақты етудің де бірден-бір тірегі осында деп
білеміз, яғни қазақ тілін ғылым тілі ретінде орнықтыруда.
Қазіргі мектепте қолданылып жүрген физика-математика оқулықтары
қазақы емес жаппай аударма болып келеді. Ондағы қазақы атаулар жоқтын
қасы, сондықтан да түсінуге өте қиын. Жоғары оқу орындарына арналған физика
мен математикадан жазылған оқулықтар да өте аз. Қазақ тілінде жазылған
физика-математика оқулықтарын сөйлету мәнері қалыптаспаған, сөз тіркестері,
әр түрлі тұжырымдар, қисынды ой орамдары орыс тіліндегі нұсқаның көшірмесі
ғана.
Физиканы оқытудың әдістемесіне қойылатын жалпы талап дамыту
мақсатындағы оқытуды қамтамасыз ету болып табылады. Оқушылардың физикалық
ойлауын дамыту. Дамыту мақсатындағы оқытуда сабақтың негізгі қағидаларын
түгелдей айтып шығу мүмкін емес, жаттап оқытуды төмендету қажет. Оқытудың
дедуктивтік, индуктивтік тәсілдерін қолдану жеткіліксіз.
Оқушылардың ойларын дамыту, олардың физикалық есептерді өздігінен
шығара білуін қалыптастыру үшін жүйелеп оқыту әдістерін қолдану қажет.
Оқушы жаңа есепті өзінде бұрын бар біліммен шығарады. Есеп шығару кезінде
оқушы алдына қойылған мақсатты іске асырады. Оқытудың алғашқы сатысында,
оқушылар оқулықтардағы берілген есептер мен жаттығуларды орындай отырып,
өздігінен жұмыс істей білуге дағдылануы қажет.
Есептерді шығаруға оқытудың түрлерін пайдалану, оқушының танымдық
қызығушылығын арттырады. Ол үшін есептің мазмұнын дұрыс таңдай білу керек.
Тарихи мазмұнды есептерге, экспериментті есептерге, сурет бойынша берілген
есептерге, өлшеуіш приборлармен жұмыс істеу есептеріне ерекше мән беру
керек. Оқушыларға алдымен ізделінетін шаманы теорияда анықтап, есептеу
нәтижесінтәжірибе жүзінде тексеретін есептер пайдалы, қызықты іске
асырылады. Сапалы есептер шығара отырып, оқушы математикалық есептеулерге
көңіл бөлмей, құбылыстардың физикалық мәніне ой жібереді, ойды дамытады,
жауабын дәлелдейді. Сапалық есептерді материалды пысықтаған,
қорытындылаған кезде, талдау жүргізіп орындаған жөн.
Демонстрациялық тәжірибелер мен зертханалық жұмыстар арқылы оқушыларды
ғылымдағы зерттеудің эксперименттік әдістерімен таныстыру, эксперименттік
шеберліктерімен дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың танымдық қабілетін,
қызығушылығын арттыру жұмыстары жүргізіледі.
Мұғалімнің бақылауымен, басшылығымен жүргізілетін жұмыстар оқушының
физикаға деген сүйіспеншілікті дарытудағы әсерлі құрал бола алады. Қосымша
әдебиеттер оқитын, үйде бақылау және тәжірибе жүргізетін және алған
мәліметтерін жауап бергенде пайдаланатын баяндамалар, хабарламалар
жасайтын, әзірленген приборларды демонстрациялайтын оқушылармен жекелей
жұмыс жүргізу керек.
Оқыту әдістерін зерттеу – негізінен дидактиканың міндеті, ал жеке
пәнді оқыту, оның ішінде физиканы оқыту әдістемесінің мақсаты – физика
мазмұнының ерекшелік сипатына лайықты сабақты оқыту әдістерінің тиімді
тәсілдері мен әдістемелік амалдарын қолданудың жолдары мен түрлерін
анықтау.

Физиканы оқыту жүйесі, қазіргі информация көлемі үздіксіз ұлғайып бара
жатқан заманда ұдайы жетілдіріп келеді. Мысалы, озат мұғалімдер, физикалық
шығармашылық сабақтарының сан алуан түрлерін ойлап шығарып, өз
практикасында қолданып келеді: оқытудың ұжымдық-топтық жүйесі, іскерлік
ойын, ұлттық ойындар, жарыс сабақ, физикалық аукцион, т. б. Сондай-ақ,
жаңашыл физик – мұғалімдер әдістемелік идеялар ұсынып, оларды практикада
жүзеге асырып келеді.
Физиканы оқытудың мұндай сан түрлі ұйымдастыру түрлерін нәтижелі
жүргізе білу, негізінен мұғалімнің басқарушылық ролі мен әдістемелік
ебедйлігіне байланысты екендігі даусыз. ¤йткені, физиканы оқыту үрдісін
жоспарлаушы және ұйымдастырушы басты тұлға – мұғалім болып саналады.
Сабақтың жүргізілу барысы оның педегогикалық шеберлігі мен шығармашылдық
қабілетіне байланысты.
Мектептегі оқыту үрдісін ұйымдастырудың негізгі түрі – сабақ. Мұның
негізін салған атақты чех педагогі – Я. А. Коменский. Бұл соңғы төрт ғасыр
ішіндегі ашылған ең ірі, әрі маңызды педегогикалық жаңалыққа саналады.
Сабақты оқытудың өзіндік қолайлы бірнеше ерекшеліктері бар:
сыныптағы оқушылардың жасы бірдей,және олардың саны тұрақты, сабақ кестесі
өзгермейді, сабақ мұғалімнің басшылығымен өткізіледі. Сабақта неше түрлі
оқыту әдістері мен тәсілдері қолданудың нәтижесінде оқушылардың оқуға
деген қызығушылығы , ынта-ықыласы, белсенділік қабілеті артады.

1.2 Молекулалық физика курсын оқытудың техникалық құралдары және
компьютерлік бағдарламалар

Қазіргі кезде ақпараттык технологияның өмірімізге терең енуіне
байланысты жекелеме пән сабақтарында компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін
толық пайдаланып, оқушыларға терең де тиянақты білім беруге жағдай туып
отыр. Оқушыларды компьютер әлеміне баулу арқылы тек қана информатика
сабағын ғана емес, басқа сабақтарды да арнайы компьютерлік бағдарламалар
мен электрондық оқулықтар арқылы зерттеп, кез келген тақырыпты оқушы өзі
меңгеруге дағдылануы қажет. Мысалы, физика пәнінің сабақтарында
компьютерлік техниканы пайдалануға мүмкіндік мол. Бұл оқушылардың пәнге
деген қызығушылығын арттыруға, олардын ой-танымын кеңейтуге, өз бетінше
шығармашылықпен, ізденімпаздықпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді.
Мектептің қазіргі даму кезеңінде бұрынғы үйреншікті оқу жүйесін жаңа
сападағы оқу жүйесіне ауыстыру мақсаты тұр – өте білімді, өздігінен тиімді
ойлай алатын, қазіргі қоғамда өмір сүруге бейімді адамды тәрбиелеу. Бұл
жағдайда оқушылардың өздігінен білім алуы, өздігінен оқуы және өзін-өзі
тануы туралы мәселе қою оқу-тәрбие процесінің өзегі болуы табиғи. Осыған
байланысты қазір балаларды оқытуда жекедара оқытуға (тұлғаны қалыптастыруға
бағытталған), олардың өздігінен ізденіп, білім алудың сан түрлі жолдары мен
әдістерін игеруіне, өз шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуына айрықша
жағдайлар жасалуда. Бұл мәселені шешудің ең тиімді бағыттарының бірі оқу
процесіне ақпараттық құралдар мен технологияларды енгізу болып саналады.

 

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары

Мұғалім үшін:

1. Оқу уақытын тиімді пайдалану, сабақтың мазмұнын байыта түсу;
2. Аудио-видео арқылы ақпаратты визуалды беру және қабылдау мүмкіндігі;
3. Оқушыларды белсенді іс-әрекетке қосу;
4. Сабақта оқушылардың ақпараттық-коммуникативтік дағдыларын
қалыптастыру;
5. Оқушылармен жекедара және іріктей жұмыс істеу мүмкіндігі;
6. Оқушылармен жұмыстың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану;
7. Жалықтырар қағаз жұмысынан босату;
· Сабақтардың қызықты да іскерлік көңіл-күйін жасау.

Оқушы үшін:

▪ Ақпараттың қолжетімділігі;
▪ Сабақ оқушының заманауи технологиялық дүниетанымына сай әдістермен
өтеді;
▪ Әр оқушы өз қабілеті мен екпінінде оқи алады;
▪ Өзінше ойлауды дамытады;
▪ Дербестікке, өзінше шешім қабылдай білуге тәрбиелейді;
▪ Өз қабілет-қарымына сенімді бекітеді.

Компьютерлік сабақтардың түрлері

1. Мультимедиалық жабдықтармен өтілетін сабақ

2. Компьютерде өтілетін сабақ

3. Интернетпен өтілетін сабақ

Мультимедиалық жабдықтармен өтілетін сабақ

Мұндай сабақта мультимедиалық техникалық құралдар түрлі ұсынымдағы
ақпараттарды аралас пайдалануға мүмкіндік береді: дыбыстық, графикалық,
видео және аудио ақпараттарды. Мұғалім оқу процесінің басты тұлғасы да,
басты ақпарат көзі де болып қала береді, ал мультимедиалық құралдар
ақпараттың барынша көрнекі және жан-жақты, тартымды да қолжетімді болуына
қызмет етеді, сол арқылы оқу мазмұнының жеңіл де сапалы қабылдануын
қамтамасыз етеді.

Мультимедиалық сабақ мына бағыттарда өтілуі мүмкін:

Бұл сабақта мынадай мультимедиалық оқу құрал-жабдықтары қолданылуы мүмкін:

Мұғалім сабақтарда түрлі электрондық оқу материалдарын – мәтіндік
құжаттарды, электрондық оқулықтар, суреттер, графиктер, плакаттар,
флипчарттар мен презентациялар-ды, клиптер мен фильмдерді кеңінен пайдалана
алады. Мысалы, физикадағы фундаментал-ды тәжірибелердің компьютерлік
сызбалары мен модельдерін (Резерфорд тәжірибесін, Франка және Герц
тәжірибелері және т.б.). Сондай-ақ, мысалы, атомдық реактордың,
электростанцияның, элементар бөлшектерді үдеткіштің құрылысын сипаттайтын
сызбалар мен модельдерді көрнекі түрде көрсету өте тиімді. Интернетте
физиканың түрлі оқу фильмдері кең таралған – Фотоэффект, Молекулалық
физика, Электромагнетизм. Трансформатор, Радиоактивтілік және атом
ядросы, Атом мен оның ядросының құрылысыжәне т.с.с. .

Мектептің физика курсында компьютерлік модельдерді пайдалану

Компьютерлік технологияларды физика пәнін оқытуда пайдаланудың ең
болашағы бар бағыттарының бірі физикалық құбылыстар мен процесстерді
компьютерлік модельдеу болып табылады. Компьютерлік модельдер дәстүрлі
сабақтарға енгізуге де ыңғайлы және жаңаша түрдегі сабақтарды ұйымдастыруға
да жол ашады. Компьютерлік модельдер басқа да көрнекілік құралдарымен бірге
оқу процесінің тиімділігін әлдеқайда көтереді.

Компьютерлік модельдердің негізгі көрсеткіші ретінде оқушылардың
интеллектуалды қабілеттерінің дамуын атауға болады. Компьютерлік
модельдерді пайдалану физикалық құбылыстар мен процесстерді сенімді де дәл
көрсетіп, оларды экспериментте түрлі жағдайда қайталап, мән-мағынасын терең
түсінуге мүмкіндік береді. Оқушының компьютерлік эксперименттер жасауы
кезінде компьютермен диалог арқылы жұмыс істеуі оның танымдық әрекеттерін
арттырып, өздігінен ғылыми зерттеу жүргізу және ойлау қабілет-дағдыларын
анағұрлым дамытады. Қазіргі кезде физиканы оқуға арналған компьютерлік
программалар өте көп. Оларды интернеттен еш қиындықсыз жүктеп алып, мектеп
компьютерлеріне орнатып, физика сабақтарында пайдалануға болады. Бұл
программаларды сабақтарда пайдалану мақсатына сай былай топтауға да болады:

• v оқыту программалары;

• v демонстрациялық программалар;

• v компьютерлік модельдер;

• v компьютерлік лабораториялар;

• v лабораториялық жұмыстар;

• v есеп топтамалары;

• v бақылау программалары;

• v компьютерлік дидактикалық материалдар.

Әрине, көптеген программалар осының бәрін қатар пайдалануға арналған
әмбебап түрде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп физика оқулығы бойынша электрондық оқулық
Орта мектепте физиканы оқытудың негізгі дидактикалық принциптері
Мұғалімнің және оқушылардың компьютерлері. Оқытудың компьютерлік технологиясы
Компьютерде өтілетін сабақ
«Молекулалық физика курсы бойынша электрондық қабықша
Компьютерлік сабақтардың түрлері
Физика мен биология байланысы
Мектептерде химияның жаратылыстану ғылымдарымен байланысын инновациялық оқыту
Химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытудың ерекшеліктері
Ғасырлар белесіндегі химия құрылымы
Пәндер