Жаттығулар қарқыны



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Жаратылыстану факультеті
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы:
Дене тәрбиелеу процесіндегі өзін-өзі бақылау
(13-апта)

Орындаған: ХҚБ-212 тобының студенті Байдолла Л.А
Тексерген: оқытушы Муса А.Т

Ақтөбе, 2021ж
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Бала организмінің өсуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Сауықтыру дене тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
Таңертең организмді қалыпқа келтіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

Кіріспе
Спорт және дене тәрбиесі адам қызметінің өзгеше саласы болып біздің эрамызға дейінгі 40-30 мың жыл бұрын еңбектен бөлініп шықты. Дене жаттығуларының мемлекеттік формада пайда болғанға дейін халық тұрмысында пайда болуы мен орындалуы оның адам өмірі үшін қажеттілігін көрсетеді. Неліктен дене жаттығулары еңбек қызметінен оқшаулана түсті?
Бiрiншiден, бұның биологиялық алғышарты бар: дене қозғалысы адамның даму кезеңдерінде жүзеге асыратын табиғи қажеттілігі болып табылады.Екiншiден, ежелгi адам алдын ала дайындалған дене жаттығулары арқылы жұмысты жақсы жасауға болатынын түсінген. Сол кезеңде жұмыстың басым бөлігі қимыл-қозғалыспен тікелей байланысты болған.
Қазіргі дене тәрбиесі мен спорттың негізі келесі нәрселерден тұрады: еңбек, әскери iс-қимыл (ату, лақтыру, күрес, т.б.), үлкен қашықтықтар мен кедергілерді жеңу (ат спорты, ескек есу, жүгіру, жүзу, т.б.). Дәрiгерлiк тәжiрибесi емдiк дене шынықтыру мен массаждың қалыптасуына негіз болды.
Кейінірек, ХІХ ғасыр аяғы - ХХ ғасырдың басында техниканың дамуы велосипед, мотоцикл, автомобиль спорт түрлерінің пайда болуына түрткі болды.
Осылайша, адам пайда болғаннан бастап табиғат күштеріне қарсы тұру арқылы тәжірибе жинақтап, еңбек құралдарын жасап, олардың өндірісін жетілдіре білген. Бұл тәжiрибені өскелең ұрпаққа жалғастырып отыру керек болды. Осының нәтижесінде оқыту мен тәрбиелеудің формасы қалыптасқан. Алғашқы қауымдық құрылымның пайда болу кезеңдерінде дене тәрбиесі ерекше орын алды. Алайда ежелгi адамдардың дене жаттығулары жалпы еңбек етуден толықтай ажыратылмаған, керісінше магиялық дәстүрлердің, билер мен ойындардың құрамына кірген.
Спорттың кең танымалдылығы және оның қоғамдағы рөлі оның функцияларының жан-жақтылығымен түсіндіріледі. Оның жарыстық (негізгі) түрінен бөлек, тәрбиелік, сауықтыру, танымдық, біріктіруші, ойын-сауықтық, экономикалық функциялары бар.Спорт алуан түрлі. Оның ішінде төмендегілер ерекшеленеді:
жоғарғы дәрежелі спорт (элиталық спорт);
көпшілік спорты (барлық адамдарға арналған спорт);
кәсіби спорт;
Жоғары дәрежелі спортқа (спорт резервтерi) және көпшілік спортына (балалар мен жастардың дене тәрбиесі тапсырмаларын шешу кезінде) қатысты балалар және жастар спорты.
Таза ауада дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу, ойнау, секіру, лақтыру, шаңғы тебу, жүгіру баланың бұлшық еттерін дамытады, жүрек-қан тамыры жүйесін, тыныс алу жүйесін, сүйек-тірек аппаратын т.б. ағза жүйелерін нығайтады, шынықтырады. Баланың мүсін, тұлға түзулігі қалыптасады. Сондықтан мектептің міндеті - балаларды дене тәрбиесімен жүйелі, белсенді шұғылдандыру; - дене тәрбиесі жаттығулары, гигиеналық дағдылар, күн тәртібі туралы арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға пайдалы әсері, гигиеналық ережелер. Тамақтану, демалу, жұмыс тәртіптері; - оқушылардың өмірге керек қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, оларды жаңа қозғалыстарға, қимыл-әрекеттерге үйрету. Бағдарламада берілген барлық негізгі спорт түрлерінің жаттығуларын дұрыс орындай білу; - дене қасиеттерін дамыту.

Жануарлар әлемінің басқа да түрлерімен бірге дүниедегі ең дәрменсіз болып өмірге адам туады екен. Жаңа туған нәресте өз бетімен өмір сүруге тіпті де бейімделмеген. Ол толығымен жетілу үшін көптеген жылдар өтуі керек, өсу мен дамудың ұзақ кезеңдерінен өтуі керек. Өсу- дегеніміз мүшелер мен тіндердің көлемінің ұлғаюы, организмге түскен заттар есебінен жаңа құрылымдардың пайда болуы. Даму - дегеніміз мүшелер мен тіндердің сапалық өзгеруі, жіктелуі, функционалдық жетілуі, жаңа функциялардың пайда болуы. Өсу мен даму - диалектикалық бірлікте болады, олар өзара тығыз байланысты, бұлар организмнің іс-тіршілігінің бірегей процесінің екі жағы, оның негізінде заттар және энергия алмасуы жатады. Адам өмірін ауызша үш сатыға бөлуге болады: жетілу, ер жету (толысу), қартаю. Организмнің бір сатыдан екінші сатыға өтуінің хронологиялық шекарасын жүргізу, оның өсуінің, дамуының және қоршаған ортамен әсерлесуінің ерекшеліктерін зерттеу негізінде мүмкін болады. Адам өмірінің жетілу сатысы сипатталады:
жыныстық жетілу
организмнің бала туу функциясын орындауға қабілеттілігі және орындау мүмкіншілігі
әлеуметтік функцияларды атқаруға дайындығы
қоғам үшін еңбекте және творчествода іс атқаруы .
Жетілу сатысының барлық жолында организмнің өсуі мен дамуы шынайы болмыс заңдарына сәйкес өтеді. Бұл жерде алты заңдылық анықталады:
өсу мен дамудың әртүрлі деңгейде жүруі
мүшелер мен жүйелердің өсуі мен дамуының әр кезеңділігі
өсу мен дамудың жынысқа байланыстылығы
тұтас организмнің және функционалдық жүйелердің биологиялық сенімділігі
түрлі процестердің орта факторларымен және де генетикалық факторларымен байланыстылығы
акселерация
Жоғарыда көрсетілген заңдылықтарды болашақ мұғалімдердің білуі өте маңызды, себебі, бұл заңдылықтар жекелеген мүшелер мен жүйелердің тіршілігін және олардың өзара қатынасын, бүтін организмнің қызметін және оның сыртқы ортамен байланысын түсіндіреді. Бұл заңдылықтарды білуі күн тәртібін дұрыс құруға, оқу - тәрбие процесін ұйымдастыруға, дұрыс тамақтануды үйретуге ғылыми тұжырымдалған талаптар қоюда аса қажет.
Өсу мен дамудың әртүрлі деңгейде жүруі. Өсу мен даму процесі үздіксіз жүріп жатады. Үнемі молаю, үлкею сипатта болады, бірақ олардың қарқыны адамның жасына тікелей байланысты болмайды. Бұл заңдылық балалар мен жасөспірімдердің бойының ұзындығының өзгеруінен айқын байқалады. Жаңа туған нәрестенің бойының ұзындығы алғашқы жылы 47% өседі, екінші жылы - 13%, үшінші жылы -9% өсіп, одан ол қарқын азаяды. Жыныстық жетілу кезеңінде өсудің жедел жүретіні байқалып, ал 18-20 жаста бойдың өсуі тәжірибе жүзінде тоқталады. Дене салмағының, кеуде клеткасының көлемі, және де жекелеген мүшелер мен бүтіндей организмнің дамуы да әркелкі деңгейде даму заңына бағынады. Бұл заңдылық әртүрлі жастағы балалар мен жасөспірімдерді дұрыс топтастыруға және жастық кезеңділіктің ғылыми принциптерін тұжырымдауға негіз болады. Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру үшін, мектепке, бала бақшаға, яслиге балаларды бергенде жас шекарасын белгілеу үшін әртүрлі жастағы балаларды белгілі бір топтарға қосу қажет. Сондықтан, адамның жетілуінің барлық сатысын бірнеше жастық кезеңдерге бөледі. Бұл дегеніміз - организмнің өсу және даму процестерінің және де организмнің физиологиялық ерекшеліктерінің табиғи түрде жүретін және де түрлі қоздырғыштарға организмнің бірыңғай жауап беретін мезгілінің уақыт арасы. Халықаралық симпозиумде (Мәскеу, 1965) жастық кезеңділіктің схемасы жасалынды, ол организмнің өсу мен даму ерекшеліктерін бағалау нәтижелеріне негізделген. Биологиялық деп аталатын осы схемаға сәйкес, адамның жекелей дамуында (онтогенезде) жетілуідң жеті кезеңі бөлініп, көрсетілген:
Нәресте кезеңі - 10-10 күндер
Емшектегі бала жасы -10 күннен -1 жылға
Жас балалық шақ -1-3 жаста
Бірінші балалық шақ -4-7 жаста
Екінші балалық шақ (ұлдар) - 8-12 жаста (қыздар) - 8-11 жаста
Жасөспірім шақ (ұлдар) - 13-16 жаста (қыздар) - 12-15 жаста
Жеткіншек шақ (бозбала) - 17-21 жаста (бойжеткен) - 16-20 жаста
Біздің елімізде, әлеуметтік принциптерге негізделген жастық кезеңділік схемасы кеңінен қолданылады. Бұл схема біздің қоғамның өсіп келе жатқан жеткіншектер жайын, балалар мен жасөспірімдер мекемелеріндегі оқу-тәрбие жұмысының қалыптасқан жүйесін, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды және басқа да көптеген әлеуметтік жағдайларды қамқорлыққа алатынын толығымен көрсетеді. Бұл схема бойынша жастық кезеңділік былай бөлінеді:
жас балалық жас - 3жасқа дейін
мектепке дейінгі жас - 3-7 (6) жаста
мектеп жасы төменгі - 7 (6) -10 жаста орта - 11-14 жаста
жасөспірім шақ - 15-18 жаста.
Жастық топтарға әлеуметтік тұрғыдан бөлу негізінен биологиялық бөлуге қайшы келмейді. Организмнің өсу және даму қарқынының жетілу сатысында біркелкі болмауы жалпы заңдылыққа сәйкес келеді. Бірақ бұл кезеңде кейбір жекеше ерекшеліктер де бой көрсетеді. Даму қарқыны жеделдетілген және жетілу деңгейі бойынша өзінің хронологиялық жасынан озық жүретін индивидумдер (жекелеген адамдар) де кездеседі, ал кейде керісінше жағдайлар да байқалады. Осыған байланысты баланың жасы деген терминді нақтылау қажет: хронологиялық немесе биологиялық жасы деген мағынада. Хронологиялық жас - дегеніміз, яғни туғаннан бастап тексеру жүргізгенге дейінгі кезең, өзінің анық, белгілі шекараларын уақытпен белгілеген - күні, айы, жылы. Биологиялық жаста уақыттағы функция болып табылады, бірақ ол организмнің морфофункционалдық ерекшеліктері жиынтығы мен және өсу мен дамудың жекеленген қарқынына байланыстылығымен анықталады. Хронологиялық жас пен биологиялық жастың айырмашылығы 5 жасқа дейін 15 жетуі мүмкін. Биологиялық жастың ақпараттық көрсеткіштері болып мыналар есептелінеді:
скелеттің сүйектеніп қалыптасу деңгейі;
тістердің шығуы мен ауысуы;
екінші жыныстық белгілердің пайда болуы;
қыз балаларда етеккірдің (менструация) пайда болуы;
табиғи дамудың морфологиялық көрсеткіштері (дененің ұзындығы және оның жыл сайынғы қосындысы)
6 жастан 12 жасқа дейін негізгі көрсеткіштер болып тұрақты тістердің саны (тіс шығу жасы) және дененің ұзындығы саналады. 11 жастан 15 жасқа дейінгі аралықта неғұрлым ақпаратты маңызды болып - дене ұзындығының жыл сайынғы қосындысы, және де екінші жыныстық белгілердің пайда болуы деңгейі мен қыз балалардың етеккірі пайд болған жасы есептелінеді. Баланың өсуі мен даму қарқынының жекеленген өзгешеліктері биологиялық жастың хронологиялық жасқа сәйкес келмеуіне ұрындырады. Мұндай сәйкессіздікке ұшыраған балаларды дер кезінде анықтап отыру қажет, себебі олар организмнің жетілуінің барлық сатыларында денсаулықтарын медициналық - әлеуметтік қорғауды қажет етеді.
Адамның өмірінің алғашқы жылдарында мидың таңдамалы түрде дамуын кездейсоқтық деп қарауға болмайды, себебі бұл уақытта шартты-рефлекторлық тіршіліктің қарқынды қалыптасуы жүреді. Нервтік жүйе арқылы сыртқы ортамен байланысы жүргізіледі, үнемі алмасып отыратын жағдайларға бейімделу механизмдері құрылады, ақпаратты қабылдауға және интегралды іс қимылдар жүргізуге қолайлы жағдайлар туғызады. Бұған қарама - қарсы, баланың өмірінің алғашқы жылдарында лимфалық тіндер дамымайды, оның өсуі мен қалыптасуы бала 10-12 жасқа жеткенде жүреді. Бала 12 жасқа толғаннан кейін ғана жыныстық мүшелер қарқынды дами бастайды және ата-аналық функциялар қалыптаса бастайды. Сондықтан, жекелеген мүшелер мен жүйелердің қарқынды дамуы және толығымен қалыптасуы тең жүрмейді. Құрылымдық қызметтер мен функциялардың өсуі мен дамуының белгілі бір кезектілігі болады. Мұндай кезектілікпен даму адам өмірінің жекеленген сатыларында маңызды биологиялық және әлеуметтік функцияларды орындау үшін қажет жағдай. Функционалдық жүйелердің өсуі және дамуының қарқынды кезеңінде олардың арнайы факторлардың әсеріне көтеріңкі сезімталдықпен қатынаста болатыны дәлелденген.
Мысалы: мидың қарқынды даму кезеңінде организмнің тамақта ақуыздың жетіспеушілігіне көтеріңкі сезімталдығы байқалады, сөйлеу - қимыл функцияларының даму кезеңінде сөйлесуге көтеріңкі сезімталдық байқалады, күш жылдамдық мүшелерінің даму кезеңінде ширақ қимыл-қозғалысқа ынталы болады. Оқу, еңбек ету және спорттық іс-қимылдардың жекелеген түрлеріне функционалдық дайындықтың қалыптасуы да біркелкі жүрмейді. Сондықтан, әртүрлі анализаторлар мен функционалдық жүйелерге әсер ететін қоршаған ортаның факторлары да, және әртүрлі іс-қимылдарда жіктеліп, мөлшерленуі қажет. Мұнан шығатын қорытынды, жекелеген мүшелер мен жүйелердің өсуі мен дамуының гетерохронды болуы қоршаған орта факторларын және балалар мен жасөспірімдердің тіршілігін ғылыми негізде жіктеліп мөлшерленуі болып есептелінеді.
Баланың организмі тұтас бірлік ретінде қаралады,бірақ оның жекелеген мүшелері мен жүйелерінің дамуы мен өсуі біркелкі болмайды (гетерохронды болады). Бұл заңдылықты П.К.Анохин организмнің тіршілігін қамтамасыз ететін құрылымдық қызметтер мен функциялардың таңдамалы және жеделдетіп жетілуінің қажеттілігімен түсіндіреді.
Баланың өмірінің алғашқы жылдарында негізінен бас миының салмағы көбейеді. Жаңа туған нәрестеде ол 360-390г тең болады, алғашқы жылдың соңына қарай ол 2-2,5 есе ұлғаяды, үшінші жылдың соңына қарай 3 есе өседі де, орташа есеппен 1100г жетеді. 7 жасар баланың миы 1250г жетіп, мұнан кейін оның салмағының өсуі тежеледі де, тым мардымсыз жүреді. 7 жасар баланың көптеген қабыршақ аймақтарының бетінің көлемі үлкен адамдардікіндей 80-90% көлемін құрайды.
Сауықтыру дене тәрбиесі дегеніміз организмнің қызметтік мүмкіншілігін тиісті оттегін тұтыну шегінің (ОТШ) 100% деңгейіне жеткізетін жаттығулар жүйесі. Мұндай жүйені кейде физикалық жаттықтыру, немесе кондициондық жаттықтыру жүйесі дейді. Ал Кеннет Купер аэробты жаттықтыру жүйесі деп атайды. Сауықтыру дене тәрбиесінің басты мақсаты - денсаулықты нығайту, организмнің қызметтік мүмкіншілігін жоғарылату арқылы тұрақты денсаулықты қамтамасыз ету. Сауықтыру дене тәрбиесінің міндеті - денсаулықты, дене және ми қабілетіне қабілеттілігі жақсы күйінде сақтау, аурулардан сақтандыру. Бұл тұрғыдан алғанда адамға ең қауіпті факторларға- жүрек- тамыр жүйесінің патологиясы мен қимыл функциясының бұзылуына- барынша көңіл аудару керек. Дене шынықтыру бағдарламаларына жүрек- тамыр, тыныс алу жүйелерінің қызметін жақсартатын және бұлшық еттердің күшін арттыру, буындардың беріктігін арттыратын жаттығуларды енгізу керек. Сауықтыру бағдарламаларын құрғанда адам денесінің әр бағытта, үйлесімді дамуына көңіл аудару керек. Реабилитациялық шынықтыру бағдарламалары көптеген талапқа сай құрылуы керек. Мысал, жаттығулардың тиімді қарқынын, түрін, ұзақтығын, кезектілігін анықтау керек, жаттығулардың қауіпсіздігін тиімді бақылауды қамтамасыз ету керек. Сауықтыру жаттығуларының негізгі принциптері: қайталап отыру принціпі, біртіндеп ұлғайту принціпі, әр адамға жеке жаттығу принціпі керек. Сауықтыру дене тәрбиесінде спорттық нәтижені арттыру мақсаты қойылмайды, басты мақсат - денсаулықты сақтау, жақсарту, ауру-сырқаттардың алдын алу, денсаулықтағы, дене бітіміндегі, ағзаның қызметтік күйіндегі ауытқуларды дер кезінде асқындырмай жою. Аэробты сауықтырушы жаттығудың К.Купер, Н.Амосов, т.б. ғалымдар ұсынған арнайы жүйелері мен тәсілдері бар.
Жаттықтыру бағдарламалары жаяу жүру, жүгіру, велосипед тебу, суда жүзу, бір орында тұрып жүгіру, спорттық ойындар ойнау сияқты жаттығулар түріне негізделген. Әр жастық, жыныстық топқа, дайындығы әр түрлі адамдарға арналған бағдарламалар бар. К.Купер жүйесімен жаттыққанда жүктемені біртіндеп өсіріп, аптасына 30 шартты ұпайға дейін жету керек. Бұл денсаулықтың "қауіпсіз" деңгейіне жетуді қамтамасыз етеді. Бірақ К.Купер жүйесіне көшу алдында әр жаттығушының 6 апталық дайындықтан өтуі міндетті. Содан кейін сынаудан өтіп, дайындық топтарына бөлінеді (21-кесте). 4-5 -ші топқа кіргендерге аптасына біртіндеп 30 ұпай жинайтын кез-келген бағдарламамен жаттығуға болады, қалған үш топтың (1-3-ші) өздерінің жастық топтарында жаттығуын әрі қарай жалғастырып, 30 ұпай жинауға асықпағаны жөн. Егер бағдарламада көрсетілген қарқын ауыр тисе, әр жаттығу кезеңін ұзартуға болады. Сауықтыру дене тәрбиесі белгілі бір физиологиялық негіздерге сүйене жүргізілсе ғана пайдалы. Олар: орындалатын жаттығулардың түрі, жаттығулардың қарқыны, жүктемелер көлемі, 1 аптада жүргізілетін жаттығу сабақтарының жиілігі, әр сабақтың ұзақтығы. Жаттығулар түрлері. Организмге көрсететін әсеріне және қимыл ерекшеліктеріне сәйкес жаттығулар 2 үлкен топқа бөлінеді:
Циклді жаттығулар (жүгіру, жүру, велосипед тебу, жүзу, шаңғы тебу).
Ациклді, немесе циклді емес жаттығулар (гимнастикалық жаттығулар, хатка-йога, жалпы дайындау тобы, спорттық ойындар, тағы басқалары).
Циклді жаттығулар ағзаның жалпы төзімділігін, жүрек-қан тамырлар төзімділігін, оттегін тұтыну шегін арттырады. Сол себептен олар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеңіл атлетикадағы спорттық дайындық жүйесі, дене қасиеттері дайындығы түрлері
Жаттықтырушылардың ағзасына сауықтыру жүргізудің әсері
Жеңіл атлетика спорты түрлері және классификациясы
Жылдамдық қабілеттерін дамыту негіздері
Дене жаттығуларының заманауи танымал сауықтыру жүйелері
ЖЕНІЛ АТЛЕТИКАҢЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін таңертеңгілік гимнастиканың маңызы
Дене тәрбиесінің амалдары
Дене тәрбиесі жүйесінің мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық, заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, бағдарлама-нормативтік және ұйымдастыру негіздерінен көрінеді
Сөздің дыбыстық мәдениеті мен интонация туралы ой – тұжырымдар
Пәндер