Гимнастика жаттығулар жиынтығы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Жаратылыстану факультеті
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы:
Гимнастиканың сауықтыру түрлері: гигиеналық(тазалық),
емдік және ырғақтық гимнастика және олардың сипаттамасы
(14-апта)

Орындаған: ХҚБ-212 тобының студенті Байдолла Л.А
Тексерген: оқытушы Муса А.Т

Ақтөбе, 2020ж
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Гимнастика ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Гимнастика түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Гимнастика жаттығулар жиынтығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

Кіріспе
Салауатты өмір сүру деңгейі мен салауатты өмір сүру сапасы эквипотенциалды болып келеді.Сондықтанда адам денсаулығының жақсы және жаман болуы салауатты өмір сүру стиліне байданысты.Ал салауатты өмір сүру стилі тарихи және ұлттық дағды-дәстүрлер арқылы қалыптасады.Сондай-ақ тұлғаның бейімділігіне байланысты болады. Адам өзінің жеке басының ерекшелігіне сәйкес өмір сүреді.Белгілі бір ұжымдарға қалыптасып,сол ұжым мүшесі болып сіңіп кетеді. Қызмет еткен ұжым мүшелерімен бірге өсіп біте қайнасып кетеді.Адам бір-біріне көмекке келеді. Жалпы алғанда адам денсаулығы бірінші орында болуы қажет.Бірақ жас жеткіншектер өздерінің денсаулығына онша мән бермейді.Ол жастық өмірдің белгісі,тәрбие жұмыстарының әлсіздігі.Сондықтанда балаларды жас кезінен бастап денсаулығын сақтай білуге тәрбиелеудің қажеттігі туындайды."Баланы жастан..." тәрбиелеу керек дейді қазақ.Өмір тәжірибесінен жинақталған қағида екені өзінен белгілі.Осыдан келіп денсаулық зор байлық деген ұғым қалыптасады. Қазіргі кезде денсаулықтың бірнеше түрі бар екені белгілі болды.
Қазіргі адам қимылдың аздығынан жапа шегеді.Ондай жандарға ең керегі-спорт.Жаттығу олардың жүрегінің жұмысын жақсартуға,бойына қосымша күш жігер жинауға,денесінің қорғаныс қабілетін күшейтүге мүмкіндік береді.Ең әуелі жүгірумен шұғылданыңыз.Күніне 15-20 минуттық жүгіру өте-мөте пайдалы,бірақ оның алдында біраз уақыт тез жүру арқылы дайындалып алған дұрыс. Суда жүзудің ,велосипед пен шаңғы тебудің ,би билеп иогтардың жаттығуларын жасаудың салмақ кетіруге пайдасы зор.Таңертең керуетте жатып аяғыңызбен "велосипед" тебіңіз .Отырып киінуші болмаңыз.Жұмысқа бара жатқанда ,екі-үш аялдама бұрын түсіп қалып ,жаяу жүрүге ,үстіңгі қабаттарға лифтімен емес ,жаяу көтерілуге тырысыңыз. Біздің заманымыз аласапырын оқиғаларға толы,ал бұл әр алуан ауру-сырқауға себепші болады.Соған дес бермес үшін "басыла" білу керек:тек демалыс кезінде ғана емес,күн сайын дұрыстап тынығуға үйреніңіз,жаныңызға жағатын бір алданыш тауып алыңыз,биге,моншаға барыңыз.Ұйықтататын дәрі ішпеуге тырысыңыз .Өйткені ондай дәрілердің көбі 14 сағат бойына әсер етеді ,әрі одан соң бірталайға дейін уыты кетпей ,адамды есеңгіретумен болады.Қажудан арыламын деп кофеин,никотин қабылдау,алкагольді ішімдіктерді ішу қате.Сергудің өзіңізге ұнамды жолын жасап алыңыз.Жүрек ұстамасына ұрынбас үшін шылым шекпеңіз,майлы тағамға әуес болмаңыз,салмағыңызға абай болып ,көбірек қимылдаңыз. Адам денесінде әртүрлі органдарында температураның мөлшері қандай . Арнаулы жүргізілген зерттеулердің қорытындыларына қарағанда ,адам денесініңтемпературасы тұрақты болады деп айту салыстырмалы түрде айту деп ұғыну керек.Адам денесінің ашық болуы айналаны қоршаған сыртқы ортатемпературасының әсеріне қарай тез төмендеп кетеді .
Алжабық денедегі температура онша өзгеріске ұшырамайды.Ішкі органдардың температурасы айналаны қоршаған сыртқы орта температурасымен байланысты ,онша көп өзгеріске ұшырамай ,тұрақты түрде болады.Ал енді өмір салты дегенге келетін болсақ ,оның мағынасы жеке адамдардың өмір тіршілігінен бастап ,бүкіл қоғамның өмір сүру тәсілін зерттеп айқындайтын әлеуметтік ұғым .Өмір салты адамдардың қалай және не үшін өмір сүру ,қандай іс-әрекетпен айналысатынын көрсетеді.Қоғамда өмір сүруші адам өзінің ақыл ойына ,санасезіміне,дүниеге деген көзқарасына сүйенеді.

Гимнастика -- арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын, адам денсаулығын нығайту және оның денесінің үйлесімді дамуы үшін қолданылатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер. Қазақстанда гимнастиканың (грекше gymnastіke, gymnazіo - жаттығу жасаймын, жаттықтырамын) акробатика, көркем гимнастика және спорттық гимнастика сынды түрлері жақсы дамыған. Гимнастика спортшыларының халықаралық одағы (FІG) 1897 ж. ұйымдастырылған. Қазақстан оған 1994 жылдан мүше. Дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын, адам денсаулығын нығайту және оның денесінің үйлесімді дамуы үшін қолданылатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер. Қазақстанда гимнастиканың (грекше gymnastіke, gymnazіo - жаттығу жасаймын, жаттықтырамын) акробатика, көркем гимнастика және спорттық гимнастика сынды түрлері жақсы дамыған.
Дене тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды. Айталық, жалпы дамыту жаттығулары -- спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады. Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы -гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды. Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады. Гимнастикамен шұғылдану деген сөз -- адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады.
Гимнастикамен шұғылдану барысында ең ескере кететін жайт икемділік. Икемділік - буындардағы қимылыдар дәрежесіне, буын үстінің ерекшеліктеріне, бұлшық еттердің серпімділігіне және сіңір - қоспа аппаратына байланысты болады. Ол қозғалыс аралығында көрініп, гимнастикалық және акробатикалық жаттығуларда, диск лақтыруда спорттық нәтижелерді көтеруге мүмкіндік береді. Икемділік белсенді және енжар болып екіге бөлінеді. Белсенді икемділікке өзіндік бұлшық ет күші арқылы жетеді, ал енжар икемділік - сыртқы күштің әсерінен пайда болады. Ер балаларда икемділік 7-ден 14 жасқа дейін жетіліп, 15 жаста ең жоғарғы дәрежеге жетеді.
Гимнастикада ағзаның құрылымы мен қызметіне біршама дәл талғамды ықпал жасауды жүзеге асыруға болады.
Гимнастикаға тән әдістемелік тәсілдер дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен жекеленген мүшелер мен бұлшық ет топтарына, сондай-ақ дененің әр түрлі қасиеттерін дамытуға ерекше ықпал жасауға мүмкіндік береді.
Гимнастикада денеге түсетін күшті біршама дәл мөлшерлеу мүмкіндігі бар: әр алуан жаттығулар гимнастикамен айналысатын адамның дайындығына сәйкес әрі ол жаттығулардың ағзаға әсері қатаң ескеріліп пайдалынады және белгіленеді.
Жаттығу сабақтарының эмоциялығын арттыру, эстетикалық сезімге, ырғақтыққа, дәлдікке баулу және қимылдың мәнерлілігін арттыру мақсатында гимнастика жасау кезінде әуенді қолдану тиімді.
Гимнастиканы үйрету процесі жалпы білім беру сипатына ие: өзінің қозғалыс мүмкіндіктерін бағалай білуге баулиды, қозғалыс әрекеттерінің жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді. Бұл оқу міндеттерін бөлу, қозғалыстың сараптамасы мен синтезін кеңінен қолдану, қозғалысты жаңа қозғағыш әрекетіне ұштастыру және әр алуан дене жаттығуларын зерттеп үйрену арқылы жүзеге асырылады.
Гимнастикада тәрбие беру міндеттерін жүзеге асырудың ерекше құралдары бар. Ол қозғағыш әрекеттердің дәл, алдын ала келісіліп орындауын талап етеді, оның әрекет саналылығы мен дербес тәуелсіздігін талап ететін регламенті белгіленген сабақ кестесі, оқу процесін ұйымдастырудың ерекше стилі бар. Мұның бәрі тәртіпке, зерделілікке баулиды, ерік-жігер мен мінез-құлықтың нығаюына көмектеседі.
Сөйтіп гимнастика тәсілдері жалпы дененің жетілуін қалыптастыру міндеттерін шешуге, жаттығу жасаумен айналысатындардың жасы мен дайындығына сәйкес дене шынықтыру жаттығуларын қолдануға, дене тәрбиесінің сауықтыру және тәрбиелік-білім беру міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Гимнастиканың спорттық түрлеріне бөлінеді. Олар: Спорттық гимнастика. Заманауи гимнастиканың ерлер көпсайысы еркін, ат, шығыршық, қырлы бөренелер және маңдайшада, секіру (тірек) жаттығуларынан тұрады; қыздар көпсайысы - тірек секіру, түрлі биіктіктегі қырлы бөренелерде жаттығулар, гимнастикалық бөренелер және еркін жаттығулар.
Кәсіби-қолданбалы гимнастика - кәсіби-қолданбалы шынығу дайындығының бір бөлігі. Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүреді. Біріншісі -- гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту жаттығулары. Сондықтан, негізгі гимнастика деп аталады. Негізгі гимнастика барлық жаттығулардың негізгі жиынтығы болып табылады. Гигиеналық гимнастика -- денсаулықты қалыптастыратын, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы, сондай-ақ өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы.
Ырғақты гимнастика -- негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына байланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұғылданады. Жалпы дамыту жаттығуларының маңсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз орындалуы.
Атлетикалық гимнастика -- жалпы дамыту жаттығуларының арнаулы мақсатты түрде дене құрылысын жетілдіру үшін қолданылады. Бірақ бұл жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен орындалады. Айталық батпан, қосшоқпарлы батпандармен орындалатын жаттығулар болса, сондай-ақ, тренажорлық аспап-құралдарда орындалады. Атлетикалық гимнастика негізінен -- жалпы дамыту мақсатында спорт ретінде де қарастырылады.
Спорттың гимнастика -- бірнеше жекелеген спорт жаттығуларынан тұрады. Бұл жаттығулар жекеленген спорт түрі болып есептеледі. Ерлердің жабдықтары -- керме, шығыршық, қоссырық, кіші және үлкен ағаш ат және еркін жаттығу. Әйелдердің жабдықтары -- бөрене, үлкен ағаш ат, әр түрлі биіктегі қоссырық және еркін жаттығу.
Гимнастикалық жаттығуларды қолдану жан-жақтылық қана емес, ағзаға сапалы да ықпал етуі (дененің жеке бөліктеріне, бұлшық етерге және буындарға) гимнастиканы жоғарғы оқу орнында дене тәрбиесінің маңызды бір құралы етеді.
Гимнастикамен айналысу ағзаның арнайы морфологиялық және функционалдық өзгеруін тудырады. Гимнасттардың қозғалыстық қызметі статистикалық күшпен динамикалық жұмыстың алмастырылуымен мінезделеді (күштік және жылдамдық-күштік). Гимнастикалық жаттығулар кезіндегі қауырт түсірілген күш бұлшық еттердің негізгі топтарының дамуына ықпал етеді. Гимнастикалық жаттығуларды орындау кезіндегі жылдамдық-күштік жұмысты шапшаң өзгеретін қозғалыстар бағытымен үйлестіру жүйке үрдісінің қозғалысын және қозғалыс аппаратының жұмылдырылуын көтереді. Гимнастикамен айналысу үдерісінде бұлшық еттердің жұмысы сезім мүшелерінің қызметі жетілетіндіктен, жұмсалатын уақыт және күш мөлшері бойынша ұйғарымдырақ және қатаң мөлшерленген болып келеді. Кеңістікте ерекше қалыпта және шапшаң ауыспалылыққа байланысты орындалатын гимнастикалық жаттығулар вестибулярлық аспаптың тұрақтылығын жоғарылатады.
Гимнастикамен шұғылдану дұрыс мүсіннің, саптық жинақылықтың қалыптасуына ықпал етеді. Гимнастиканың мазмұны саналуанды: ол жүріс, жүгіріс, секіру, эстафеталар, сонымен қатар гимнастикалық снарядтарда жаттығу (маңдайша, қырлы бөренелер, ат, шығыршықтар және т.б.). жаттығулардың көп әртүрлілігі, жүктемені қатаң реттеу мүмкіндігі гимнастиканың қолжетімділігін анықтайды.
Негізгі гимнастика саптық, жалпыдамытушылық, қоданбалы, қарапайым акробатикалық жаттығулар және көркем гимнастиканы, тірек емес және тірек секірулерді қамтиды. Сауықтыру бағыты белгілі мөлшерленген қажетті жаттығуларды іріктеп алумен қамтамасыз етіледі.
Негізгі гимнастиканың қолданбалы маңызы бар, өткені айналысу барысында қажетті жүру, жүгіру, тепе-теңдік, лақтыру, өрмелеу, кедергілерден өту және т.б. дағдылары қалыптасады, шыңдалады. Оған қоса, гимнастика қозғалтқыш тәжірибені байытады. Құрылымы бойынша түрлі жаттығуларды меңгергеннен кейін ерлер мен қыздар жаңа қимылдарды табысты игеріп, кеңістік бойынша және уақыт параметрлері, бұлшық еттерге түсетін күш дәрежесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гимнастика жаттығулары
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін гимнастиканың маңызы
Мектеп жасына дейінгі балаларға гимнастиканың тигізетін ықпалы
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін таңертеңгілік гимнастиканың маңызы
Гимнастика. Жартылай 90 градусқа отырып тұру
ӨДТ құралдары - дене шынықтырудың қарапайым құралдары
Дене тәрбиесі жүйесінде гимнастиканың алатын орны және маңызы
Батыс дәстүрлі емес жаттығу жүйелері
Спорттық гимнастика
Гимнастика - дене тәрбиесі әдісі
Пәндер