Доп берудің түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Жаратылыстану факультеті
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы:
Үстел теннисінде допты ойынға қосу
(7-апта)

Орындаған: ХҚБ-212 тобының студенті Байдолла Л.А
Тексерген: оқытушы Муса А.Т

Ақтөбе, 2020ж
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Қалақты ұстау әсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Спортшының дұрыс тұруы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Доп беруді орындау техникасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
Доп берудің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

Кіріспе
Үстел теннисі (Пинг-Понг) - белгілі ғимарат ішінде, арнайы ойын үстелінде арнайы ракеткамен ойналатын, шапшаңдыққа бағытталған спорт түрі.
Үстел теннисі әрқашан жылдамдыққа бағытталған қатал сайыс екені рас. Алғашында XIX ғасырда оны түстен кейінгі ойын ретінде ермек қылған.
Ойыншылар ас үстелінің үстіне тордың орнына кітаптарды қойып, шылымның қорабымен шампанның тығынын соғып ойнаған.
Өз басым үстел теннисін адамзаттың ойлап тапқан үлкен жетістігі деп есептеймін.Және де қазіргі таңда жасқа да , кәрі ге пайдасы болмаса зияны жоқ таптырмас спорттың бір түрі дер едім.
Үстел теннисі дене тәрбиесі пәнінде студенттердің білім жүйесінде өте кең тараған ойын. Бұл үстел теннисінің спорттық және қозғалыс ойындары ретінде аса көп материалдық шығынды және спорттық жарыстарда, жаттығуларда аса көп орынды талап етпейді. Сонымен бірге ойын кезінде жоғары қозғалыс белсенділігі мен ерекшелене отырып студенттердің бойына жылдамдық, ептілік, қимылды басқарушылық, зейінділігін арттыру , әрекет жасау, көзбен мөлшерлеу, ойлау сияқты қабілеттіліктерін қалыптастырады.
Үстел теннисі өте қызықты, жан жақты, әр жастағы адамдар үшін қол жетерлік ойын. Ол өте құмарлы және назданбайды Қимыл қозғалыстың тездігі, шабуылдардың шапшаңдығымен, техникалық қиыстырулардың кенеттілігімен оқиғалардың әсерлілігімен өзіне қатты қызықтырады. Қимыл қозғалыс, дағдылардың әр түрлілігімен, түрлі үйлестік пен күшейте түсуімен, барлық физикалық сапалардың дамуына жағдай жасайды.Ойын кезінде ойыншы жалынды, жігерлі күшпен бірге дене қозғалыына қосымша күш
береді. Үстел теннисі негіздерін оқыту ЖОО бағдарламасына кіреді.
Студенттер ойынның жаңа элементтері мен ойын тактикасын меңгеріп, ойынның негізгі ережелерімен танысуы қажет. Үстел теннисімен шұғылдану студенттердің физикалық дамуына, пәнмен, күн тәртібімен, гигиена және өз өзін бақылауымен танысуға бағытталуы тиіс.
Үстел теннисін ойнау қол-көз координациясын жақсартады, ақыл-ойды сергітеді, концентрация мен тактикалық стратегияны дамытады. Бұл дегеніміз күні бойы компьютер алдында отыратын кеңсе қызметкерлері үшін таптырмас спорт деген сөз. Мәселен, компьютер алдында көп отыратын адамдар көзге арналған гимнастика жасауды әдетке айналдырғаны абзал. Ал үстел теннисін ойнағанда шапшаң қозғалған допты көру үшін көз қарашықтары еріксіз қозғалатыны айтпаса да түсінікті. Ал мұнымыз, өз кезегінде, көздеріміз үшін керемет гимнастика.
Рефлекстерді дамытады, яғни дене қозғалысы шапшаңдығын арттырады. Себебі ойынның сипаты шапшаң ырғақты, қысқа қашықтықты болғандықтан ірі әрі ұсақ бұлшық еттердің қозғалысы жақсарады.
Бұл керемет спорт түрінің жоғарыда тізбектелген пайдалы жақтарымен қоса бұл спорт түрімен әр адам өзінің ғұмырыңның аяғына дейін шұғылдана алады, қыста да, жазда да, ғимарат ішінде кез келген ауа райы жағдайларында ойнаға болады, жарақат ықтималдылығы жоққа тақау спорт екендігін айтсақ, үстел теннисінің маңызы одан сайын арта түсетіні сөзсіз.
Қалақты ұстау тәсілдері
Жақсы ойын үшін тек жылдам қозғалу ғана емес сонымен бірге қатты да, дәл соққы жасай білу керек. Үстел теннисін Жақсы ойнау бұл өнер, ойынның териялық білімін ғана емес, сонымен бірге техникалық өзгешелігін де игеру керек.Ең алдымен қалақшаны қалай ұстау керектігін білу керек.көлденең (европалық) және тігінен (азиаттық) ұстау тәсілі.
Қалақшаны ұстау тәсілдері оның осінің көлденеңінен тұрғандағы салыстырмалы жағдайына сәйкес болады. Тік ұстаған кезде қалақшаның ұстағышын бас бармақ пен сұқ саусақпен, қалам ұстағандай етіп ұстау. Сондықтан да бұндай ұстауды қалам ұстау деп атайды. Бұл ұстау әдісімен қалақшаның алақан бетімен допты қайтару ыңғайлы.
Европалық үстел теннисінде және біздің елде қалам әдісімен қалақшаны ұстау кең таралмаған, сондықтан қалақшаны ұстаудың басқа әдістерін қарастырайық. Қалам әдісінде ойыншы үстелдің сол жақ бұрышына жақын орналасады, сөйтіп үстелдің оң жағындағы ойынды бақылай алады. Бұл ұстаумен, тәсілмен өзіңнен жақын допты қайтарған ыңғайлы. Сонымен бірге сол ақтан соққы беру, қия соғу, астынан алып соғу, доптың топ спин айналуы болады. Қалам үстел маңындағы ширақтықтылықтықажет етеді.
Қалақтың тұтқасын көлденең ұстау кезінде үш саусақпен ортаңғы, аты жоқ, шынашақ саусақпен ұстайды. Ортаңғы саусақ қалақтың шетімен созыла, ал бас бармақ сырт жағына орналасады және ортаңғы саусаққа болар болмас тиіп тұрады. Бұл қалақтың екі жағымен де бірдей ойнауға тиімді. Бұл ұстау шабуылдау мен қорғаныс соққыларын сол жағынан да, оң жағынан да жасауға ыңғайлы.
Қалақты жылдам және жеңіл қолға үйрету үшін, әртүрлі жаттығулар бар. Оларды қай жерде болмасын өз бетінше, үйде де, далада да жасауға болады.
Допты соғу.Допты қалаққа қойып алып, шамамен белуардан деңгейінде ұсталған қалақпен допты астыңғы жағынан соғу. Әуелі бір жағынан соғу, сосын екінші жағынан соғу, кейіннен сол және оң жағынан кезектестіріп соғу. Қабырға жанындағы ойын. Қабырғадан 3-4 метр қашықтықта жартылай оңға бұрылып тұру, допты қалақсыз жайлап соғу, қалақпен оны қабырғаға соғылып, өзіңізге қайтып келетіндей етіп соғу керек. Бұл жағдайда допты әр соққыдан соң бос қолымен қағып алып отыруға, содан соң бұл қарапайым техникалық элементтен соң қалақпен соққыларды тоқтаусыз, соққы санына жасауға болады. Бұл жаттығуды күрделендіруге болады. Ол үшін ауадағы допты әуелі еденге соғып, сосын қабырғаға, одан кейін өзіңізге қайта соққы жасау үшін қайтып келуі тиіс.
Тіреуіш - теннисистердің шапшаң шабуылдарды орындайтын техникалық тәсілдердің негізін салушылардың бірі болып табылады. Тіреуіш тәсілінің ерекшелігі теннисшінің үстелдің қасында ойнауы болып табылады. Ол қозғалыста, доптың жылдамдығы үлкен, сондықтан доптың ұшу бағытының өзгертілуі жиі кездеседі. Қарсы шабуыл кезінде ойыншы жылдамдық немесе күшті тәсілді соққыларды әр түрлі бағыттарда жіберуін, қарсыластың орнынан қозғалысын және ойынды өзінің ынтасына аудару. Кейбір жағдайларда бұл тәсіл ойын кезінде қарсыластың әлсіз жерлерін қоладна алады және өзіне шабуыл соққыларды үшін жақсы жағдайлар туғызады, ойынның енжар сипатында немесе күштердің бірдей болу кезінде тіреуіштер белсенді қорғау мен ойында өзіне ынтасын аудару үшін көмектеседі. Тіреуіш тәсілін үйренген кезде және оны ойында қолданған кезде, допқа үлкен жылдамдық беруін үйрену керек,ойында тұтқыр сипатына беріп, күшті соққыны қарсыластың әр түрлі нүктесіне бағыттау.
Доптың үлкен ұшу жылдамдығы - тіреуіш тәсілінің ең маңызды шарты. Үдемелі тіреуіш техникасының бастысы - ұшып бара жатқан допқа соққы берілетіндікте болады. Соққының күші - тіреуіш техникасының екінші талабы болып саналады. Егер күшейтілген тіреуіш тәсілін қабылдаған кезде, бұл тіреуіштің мықтылығын күшейтуге мүмкіндік береді, бүйірінен шабуыл соққылар жасау үшін жақсы жағдай туғызады. Күшейтілген және әлсіз тіреуішті үстелдің ортаңғы зонасында шабуыл соққыларды орындаған кезде, қарсыласты қозғалуға мәжбүр етеді, қимылдарын қысқартып, ынтасын басып алуына мүмкіндік береді.
Спортшының дұрыс тұруы мен қозғалысы
Спортшының дұрыс тұруы, бұл аяқтарын иықтың көлемінен кеңірек, тізені сәл бүгіп, ішке қарай ұстау, табанды толық жерде ұстау, аяқ үші сәл ғана екі жаққа қаратылған, өзі аздап алға еңкейіп тұрады. әр ойыншы өзіне ыңғайлы тұрысты таңдап алады. Бұл ойыншының бойына, физикалық күшіне, қимыл қозғалысын басқаруына, ойын стилінің ерекшелігіне байланысты.
Қозғалыстың техникасын жылдам, әрі тез игеру үшін бастапқы қалыпты дұрыс таңдап ала білу керек, бұл соққы мен қозғалыстың жылдамдығының сапасына әсер етеді.
Ойыншының қозғалыстарының басты мақсаты, неғұрлым жылдам орын ауыстырып соққы беретін жерге жету, дұрыс, ыңғайлы тұрып, дәл соққыны жүзеге асыру.
Дұрыс бастапқы қалыпты таңдау техникалық соққының дұрыстығына ғана емес, сонымен бірге қозғалыстың жылдамдығына да әсер етеді.Үстел теннисі ойынындағы дұрыс тұруды қарастырайық. Бейтарап жағдайда теннисші үстелге бетімен қарап, аяқтары иық кеңдігіндей немесе одан да кең, аяқ үштері сәл екі жаққа қарап, өкшелері көтеріңкі, салмақты аяқтың үшіне түсіріп, тізелері сәл ішке қарап, тізе тұсында аяқ аздап бүгіледі.
Дене сәл алға еңкіш, иықтарды бос ұстау, қалақшаны ұстаған қол тік бұрыш жасай иілген және жоғары көтеріліп тұрады, доптың ұшуын бақылап көздері алға қарап, тұрады. Бұл қалып шамалы күш жұмсап керекті бағытқа қозғалу үшін өте ыңғайлы. Ойында теннисшілер қозғалыстың мынадай түрлерін жиі қолданады; бір аттамалы тәсіл адымдар, қадам басу тәсіл айқастырылған және аяқты жылжытып отырып қадам жасау. Адымдар теннисшінің шамалы жерге дейін ауысуы және дұрыс қалып алу үшін қолданылады. Бұл кезде ұшқан допқа қарай адымды допқа жақын аяқ жасайды, ал екінші аяқ соққы жасау үшін ыңғайлы жағдайда тұрады. Адымды алмастыру бір орында тұрып айналыс жасауға және алға артқа шамалы қозғалыс жасау жасауға қолданылады. Ойыншы бір орында тұрғандай болады.
Алға қарай қозғалыс негізінде қысқа немесе қиғаш келген доптарды қабылдау үшін қолданылады. Алға қарай қозғалыста допқа жақын аяқ кең адым жасайды және тізе қатты иіледі.
Аяқты жылжытып отырып қадам жасау негізінен үстел жиегінде оңға солға қозғалу үшін қолданылады. Сонымен бірге негізгі қадам допқа жақын аяқпен жасалады, ал екіншісі негізгі тұрыстың деңгейіне дейін созылады. Ойыншының доптан сәл алыстауы кезінде аяқты жылжытып отырып қадамдау адымы жасалады.
Айқастырылған адымдар орта және алыс арақашықтықтарда қолданылады. Бұл тәсілдерді қозғалыста бірінші болып доптан алыс аяқ бірінші адым жасайды, салмақ салатын аяқтың алдында болады.(алдыңғы айқастырылған адым) немесе салмақ салатын аяқтың артында болады.(артқы айқастырылған адым) Сонан соң салмақ салатын аяқ созылып соққы соғуға ыңғайлы жерге қойылады.
Доптың ұшу бағытында допқа жақын тұрған аяқ емес, алыс тұрған аяқ бастайтынына назар аударыңыздар.Мысалы:солға алға қозғалысында адымды оң аяқтан бастау керек. Диогоналды қозғалыста айқастырылған қадамды қолданған дұрыс.
Қозғалыстың техникасын дұрыс және жылдам игеру үшін және ең жылдам допты қуып жету үшін мына ақыл кеңестерді оқып, ойын және жарыс кезінде орнымен орындауға тырысыңдар.
Соққы жасалмастан бұрын, дұрыс бастапқы қалыпты таңдап алыңыз, бұл сіздің соққыңыздың сапалығына ғана емес, сіздің жылдам қозғалысыңызға да әсер етеді.
Қозғалыс кезінде теннисшінің негізгі тұрысын ұстаңыз, немесе аяқты қойған кезде дұрыс тұрыста болыңыз.
Қозғалыстың түрлі тәсілдерін әр бағытта қолданған кезде салмақтың орталығы аяқ үшіне түсіп, соққы беретін бағытқа ауысқаны дұрыс.
Әр соққы жасаған соң қысқа жолмен үстелдің орта тұсына келіп, келесі соққыға даяр тұрыңыз.
Үстел жанында қозғала тұрып, асықпаңыз, жеңіл қозғалыңыз, артық қозғалыс жасамаңыз, бір адым жасауға болатын болса, екі адым жасамаңыз. Артық қозғалыстар алтын уақытыңызды алып, соққы жасауға дұрыс дайындалуға бөгет жасайды.
Әртүрлі қозғалуға әр бағытта қозғалуға, әр жаққа бұрылыс жасаңыз, бұл сіздің ойыныңыздың шеберлігін арттырады.
Арнайы физикалық шеберлігіңізді үнемі жетілдіріп отырыңыз жылдамдық, икемділікті шыдамдылықты, қимыл қозғалыс координациясын, әсіресе тепе теңдік сақтауды қажет етеді өйткені үстел теннисінде қозғалыстың көп бөлігі екпінді, шапшаң орындалады және көп күш жұмсауды керек етеді.
Қозғалыс жасаудың тиімді тәсілдерін игеруге уақытыңыз бен ынтаңызды аямаңыз, өйткені дұрыс, тиімді, жылдам қозғалу ойын кезінде жеңіске жетудің бірден бір кілті.
Қозғалыстың дұрыс техникасын игеру және бекіту үшін алдамшы жаттығулар жасауды үйреніңіз. Ал үстелдегі жаттығуларды доптың қайда және қай доп ұшып келетінін білгенде тапсырмалар бойынша жасаңыз.Бұндай жаттығулар қозғалыс техникасын тезірек игеру үшін және есеп үшін ойынға жаттығуға жақсы дайындалу үшін тиімді. Жаттықтырушының басқаруымен қозғалыстар және тұрыстар жасау. Солдан, оңнан соққы жасау үшін тиімді тұрыстар.
Допты беру бірінші ойнау соққы болып табылады және ол соққыдан ұпайдың ойналуы басталады. Сондықтан допты дұрыс беру өте қажет. Допты беру - статикалық жағдайдан жасалынады және бақталастың әрекеттерінен тәуелсіз болатын жалғыз техникалық тәсіл.
Доп беруді орындау техникалық екі бөлімнен құралады: допты лақтыру және соққының өзінен. Доп берудің негізгі ережелерін қарастырайық.
Доп ашық алақанмен лақтырылады, бас бармақ басқа жаққа қарай қалдырылады, ал қалған төрт саусақтар бірге ұстап созылған жағдайда болады. Міндетті түрде, доп пен қолын үстелдің деңгейінен түспегенін, үстелдің артқы сызығын қиылыспағандай және үстелдің басында тұрмағандай етіп байқа, ондай жағдайда доп беру дұрыс берілмеген деп саналады.
Доп қандай болса биіктікте, бақталас допты көре алатындай етіп, 16 см ден кем емес, сілтеу үшін және доп беру үшін ыңғайлы болғандай етіп беріледі. Доп беру арқылы допқа әр түрлі айналу бағыттарын беруге болады.
Доп беру - бұл бақталастың осал жеріне беретін бірінші соққысы, жеңуге бірінші қадамы. Доп беру шабуылдың белсенді, ынталы күресі үшін құралына жатқызады. Біздің кезімізде, бақталастың шабуыл әрекеттерін қысқа араласқан күрделі айналыстар мен алдау қозғалыстары тиімді қолайлы доп берулер деп есептелінеді. Оларды кенет әсерін алу үшін жылдам ұзақ доп беруімен үйлестіріп қолданады.
Доп берудің түрлері.
Төменгі лақтырудың сол жақтан доп беру. Сол жақтан доп беру кезде барлық үтелдің жағдайын едәуір нақты есепке алуға болады. Бұл доп беруді тік және көлденең тәсілі ойыны арқылы пайдалануға болады, сондықтан, қалақтың екі жағын да шабуыл мен тілуді қолданатын спортшылар бұл доп беруді жиі қолданады.
Үстелдің сол жағынан сол жақтан доп берудегі алғашқы қалпы, шамамен үстелден 30 см болады, алайда, спортшының тұру қалпын бойына қарап реттеуге болады. Оң жақ аяғы кішкене алдында, сол жақ аяғы кішкене артта қалады. Дене кішкене ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Допты жоғары тура беру
Бір ойыншы қолында допты
Волейбол алаңы
Мектептегі бұхаралық дене шынықтыру спорттық шаралар
Баскетбол шеңбері қалқанға бекітілген арқанды торы бар темір шеңбер
Допты қос қолмен жоғарыдан беру
Баланың денесін спорттық ойындар арқылы жаттықтыру
Мектептегі волейболдың теориялық және әдістемелік негіздері
Волейбол. Жарыс ережелері
Спорттық ойындар және олардың өткізілуі жайлы
Пәндер