Залалды дағдылар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Жаратылыстану факультеті
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы:
Дені сау ұрпақты қалыптастыру барысындағы тұқымқуашылықтың әсері
(11-апта)

Орындаған: ХҚБ-212 тобының студенті Байдолла Л.А
Тексерген: оқытушы Муса А.Т

Ақтөбе, 2021ж
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Денсаулық дегеніміз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
Салауатты өмір салты, тұқымқуалаушылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
Залалды дағдылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

Кіріспе
Дене шынықтыру мен және спортпен шұғылдану кезіндегі дене шынықтыру тәрбиесін физиологиялық негіздерге арналған өзіндік білім алу деңгейін көтеру бойынша білім беру және дағдыландыру.
Денсаулықты күшейтудің, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану кезіндегі жұмысқа қабілеттілікті арттырудың физиологиялық механизмдері туралы ғылыми дүниетаным қалыптасады.
Салауатты өмір сүрудің сапасы дегеніміз - әлеуметтік категория - үй іші, қызмет істейтін орындары (оқу орындары, мектептер) неше түрлі адам денсаулығын қамтамасыз ететін комфортты мебельдер мен лабораториялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі.
Салауатты өмір сүрудің стилі дегеніміз - әлеуметтік психологиялық категория - адамның қоғамдық орындарда өзін-зі ұстап және көрсете білуі. Белгілі бір қалыптасқан стандартты ұстап, өмір сүруі.
Тиімді дене шынықтыру құралдарымен әдістерімен қоршаған орта факторларымен дене жұмысқа қабілеттілікті сақтау мақсатында барлық адамдардың бойында қимыл қорын қалыптастыру негіздерінде, дене жүктемелеріне төтеп беру - машықтандыру құралдарын және дене шынықтырумен шұғылданатындардың дамуындағы бақылаудың физиологиялық әдістерін қолдану бойынша дағдыларды қалыптастыру. Әртүрлі биоэнергетикалық дене жаттығуларының әсер ету ерекшеліктерінде дұрыс бағдарлануға үйретіп, бұл білімдерін оқыту машықтандыру және дене шынықтыру сабақтарында оқыту. Бұл пәнді сапалы меңгеру үшін студенттер сіздер анатомия, спорттық морфология, биомеханика, дене жаттығулары және спорт биохимиясы, жалпы және жас ерекшеліктері физиологиясы, дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістері, гигиена сияқты пәндерден алған білімдерің жоғары болу керек. Осы пәнді оқу сендерге келешекте бапкерлік іс-тәжірибеден өту үшін қажет.
Қимыл дағдысы қалыптасуы қимыл сапалары қалыптасуымен бір уақытта жүреді: бұлар - күш, шапшаңдық, төзімділік және ептілік. Олар кез-келген қимыл қызметінде бір-бірімен байланыста болады. Бірақ нақтылы қызметтің жағдайына қарай әр түрлі дәрежеде байқалады. Штангистерде ең алдымен күш, ал марафоншыларда төзімділік пайда болады. Қимыл сапасының дамуы әртүрлі жүйелердің қайта құрылу нәтижесінде өтеді, бірақ әртүрлі сапалардың дамуы кезінде белгілі бір жүйелерде басымдылық айқын байқалады. Бұлшық еттің өсуі мен күштің дамуы бірге жүреді. Жүйке бұлшық ет аппараты нәзіктігінің өсуі шапшаң жаттығулар жасауға мүмкіндік береді. Төзімділік кардиореспираторлары жүйенің дамуымен артады.
Адамның шапшаңдығы қозғалысты уақыттың қысқа мерзім ішінде орындау қабілетінен көрінеді. Ол қимылдық аппарат қызметінің ерекшеліктері мен қозғалысты нейрогуморалды реттеудің физиологиялық механизмдеріне, биомеханикалық факторларға байланысты ыдырау жылдамдығы мен АТФ, КФ ресинтезін және басқа қаржы - қайрат көздеріне, сондай-ақ адамдардың морфофункциональді ерекшеліктерін қамтамасыз ететін жылдамдық қарапайым және комплексті болып бөлінеді. Қарапайым түріне қимылдық реакцияның жасырын уақыты, оқшауланып қозғалу жылдамдығы және уақыт бірлігіндегі қозғалу бірлігі, жылдамдықтың жинақы түріне спорттық қызметтің арқылы түрі жатады спринтті жүгіру, жүзу, соққы беру. Жылдамдық көпшілік жағдай нәсілдік қасиеттерге де байланысты болады.

Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамадағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады. Адам бұл өмірде мәңгілік емес. Сол берілген аз ғұмырды дұрыс пайдалана білмесең, ғұмырың текке өтті дей бер. Денсаулық - зор байлық деп атамыз қазақ бекер айтпаған болар. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек. Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс сақтанғанымыз жөн. Деніміз сау болмаса, ауру меңдеп, қалжыратса, шалқыған байлықтан, ақшадан не пайда?! Осыдан біз ненің бірінші байлық екенін аңғарамыз.
Денсаулық- физикалық, рухани және әлеуметтік болып бөлінеді.
Физикалық саулық дегеніміз- адам организімінде функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық үрдістердің келісімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғарғы дәрежелі жағдайда болуы.
Психикалық саулық дегеніміз- ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылу адам өмірінің мақсаты болуын болжайды.
Әлеуметтік саулық дегеніміз- адамның әлеуметтік белсенділігінің, яғни жеке адамның айналадағы өмірмен біте қайнау дәрежесі.
Денсаулық, қалып (норма) деген ұғымдар бір-біріне ұқсас. Қалып - дені сау адам баласының бәріне бірдей тұрақты стандарт мақсат ететін үлгі болатындай денсаулықтың көрсеткіштері. Денсаулық жағдайын бағалау үшін жасқа байланысты жеке адамдардың қалып көрсеткіштері пайдаланылады. Жасқа байланысты қалып көрсеткішін анықтау үшін белгілі көрсеткіштің әрбір жастағы адам топтарының орташа көрсеткіші есептеліп шығарылады. Әрбір топта табылған орташа көрсеткішті қалып стандарт етіп алынады. Бірақта бір топқа кірген адамдардың көрсеткіштерінің бір бірінен айырмашылығы әжептеуір болуы мүмкін. Өйткені олардың жыныстық, кәсіптік, тұрған жерінің, өмір салтының т.б. айырмашылықтары болады. Орташа көрсеткіштерді анықтағанда, айтылған айырмашылықтарды да еске алған жөн. Осыған орай қалып деген ұғым денсаулық деген ұғым тәрізді әр адамның жеке басына ғана тән көрсеткіштері болмақ.
Шопенгауердің Дені сау кедей - ауру корольден бақытты,- деген қанатты сөзі өте орынды айтылған. Дені саудың - жаны сау. Әрине денің сау болмаса, рухани сауыға алмасың тағы бесенеден белгілі. Бүгінгі дені сау ұрпақ - елдің ертенгі жалғасы.
Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі, жарқын келешегі көп ретте денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты. Денсаулық - ел дамуының басты арқауы. Денсаулық сақтау біздің өміріміздегі келелі мәселелердің, үшінші мыңжылдыққа атаған еліміз үшін өзекті міндеттердің бірі.
Жеке адамның да, мемлекеттің, қоғамның да басты байлығы - денсаулық. Осынау байлығымызға балаған денсаулығымыздың қамын ерте бастан ойлауымыз қажет екенін естен шығарып алатынымыз өкінішті-ақ. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде адам денсаулығын нығайту жолында үкіметіміз ерекше көңіл бөліп отыр. Республикамызда салауатты өмір салтын сақтау барысында Елбасы Н.Назарбаевтың бастауымен 2002 жыл - Денсаулық жылы жарияланғаны баршамызға аян.
Табиғаттың ең қымбат жемісі - адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлгені - өзін-өзі сыйлағаны.Осыдан-ақ табиғаттың берген сыйы тұла бойына таза қарап, өмірдің соңына шейін денсаулығы зор болып, адам атына кір келтірмей өту абзал.
Адамның денсаулығы - өмір тіршілігінің ең бірінші шарты болып табылады. Сондықтан үкіметіміз денсаулық сақтау ісіне, адамдарымыздың дені сау, ағзасының күшті болуына үнемі қамқорлық жасап отыр. Дені сау болса, адамның өзі де, жан-жағындағы адамдар да бақытты.
Ауру төнсе кең дүниені тар қылмақ,-дегендей, өкінішке орай, қымбат байлығымызға кереғар әсерін тигізетін зиянды нәрселер де баршылық.
Бір кездері мақтаныш көріп,жерге салып тастаған сан түрлі зауыттардың түтіні адам ағзасын тұншықтыруда. Шашты тік тұрғызар Семей полигоны аталған аймақта әлі күнге шейін ауру балалар дүниеге келуде. Айдаһардың үш басындай арақ, темекі және наша - ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері. Нашақор адамдар - өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ адамдар деп ойлаймын. Саралап алсақ, осының барлығы адам қолымен жасалып, қоғамның ілгері дамуына кері әсерін тигізуде.
Ашық аспанымызға қара бұлт төндірген заман кеселдерінен арылу, арылту - көкірегі асу, көзі ашық әрбір азаматтың борышы.
Жаңа ғасыр табалдырығынанаттанған болашақтың тағдыры - оның денсаулығында. Ұлы Абай атамыздың Бес нәрсеге ғашық бол, бес нәрседен қашық бол қағидасын берік ұстап, ертедегі ата-бабаларымыздың әскерлі сөз мәйектерімен жеткізе білген денсаулық жайлы ойларының қадірін түсіне білу керек.
Сау дене, азат ақыл, адам көңіл,
Үшеуімен бақытты болады өмір,- дегендей, өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау - міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, салауатты өмір салтын ұстан.
Салауаттылық - саулық кепілі, ал саулық - байлық негізі.
Өркениеттің жолындағы елдің ертеңі - халқының саулығына байланысты. Дені сау халық - бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ, саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтер!
Есірткі, нашақорлық - азаматты жұтатын аждаһа екенін бір сәт естен шығармайық!
Өміріміз - өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бірақ рет беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал!
Салауатты өмір салты (СӨС) -- бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Өмір Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын.
Салауатты өмір салты деген ұғым тек үстіртін көз қарасқа ғана жай дүние болып көрінуі мүмкін. Тән- тамақты шамалап жесең, барынша еңбектенсең, уақтында дем алсаң болғаны дегендей ұғымды білдіреді. Бірақ істеген ісіңнің, еңбек тәртібін сақтаудың мейлінше пайдалы болуы үшін әркімнің психалогиялық ерекшеліктерінің де әсері зор екенін ескерген жөн. Тек психалогиясы сау адам ауруду болдырмауды, ауырған күнде қайтсе де одан арылуды мақсат етеді. Адамның ақыл-ойы, оның істеген ісіне, жұмыскерлігіне әсер еттетіні, керісінше бір жері қатты ауыратын болса, ол адам тынышсызданатыны, мінез-құлқының өзгеретіні де белгілі. Тіпті біреулер аурушаң келетін болса, екіншілері ауруы болмаса да ауруының барлығына өзін-өзі сендіріп,дәрігердің абайламай айтқан сөзіне сеніп,өзінше жобалап, мазасызданып жоқ ауруды өзіне бар дейтіндер де аз емес. Мұндай ауруларды медицинада ятрогендік (сендіруден болатын) ауру деп атайды. Кейде ауру күйзеліс жағдайды басынан кешірген немесе қатты ренжіген адамның ауыратыны да кездеседі. Осы айтылғанның бәрі тән саулығын және әлеуметтік саулықты сақтау үшін психикалық саулықтың қажет екенін көрсетеді.
Қозғалыс дегеніміз - өмір деген қанатты сөз бар. Шындығында қозғалыс - ағзаның биологиялық қажеттілігі. Күнделікті өмірде адам ең әр түрлі қозғалыстарды жасайды олардың жиынтық көлемі қозғалыс белсенділігі деп аталады. Жүру кезінде жасалатын адамның саны мен жұмыс көлемінен көрінетін тәуліктік қозғалыс белсенділігі жас өскен сайын артатындығын зерттеулер көрсетіп отыр , әрі бұл көрсеткіштер ер балалар мен қыз балаларда бірдей болмайды. Яғни , 14-15 жастағы қыз балалардың тәуліктік адымының тәрбиесі және спортпен айналысудың нормасы мен режимі ғылыми тұрғыдан негізделген . 15-17 жастағы жасөспірімдердің тәуліктік қөзғалыс белсенділігі 25-30 мыңды құрауы мүмкін , ал 15-17 жастағы қыз балаларда жүру мен жүгіру еңбек пен спорттық қызмет барысында орындалатын өзге қозғалыстармен алмастырылуы мүмкін. Қалыптасқан өмір салты , еңбек ету мен дене тәрбиесінің жүйесі балалар мен жеткіншектердің күнделікті қозғалыс белсенділігін өзгертуі, не төмендетуі, не оны арттыруы мүмкін . Кіші жастағы балаларда тәуліктік қозғалыс белсенділігі көп жағдайда тұқым қуалаушылық негізде қалыптасатын , биологиялық себептермен реттеледі .Үлкен жастағы балаларда әсіресе жеткіншектерде, ол әлеуметтік жағдайлардың әсерімен қоғамдық тәрбие беру барысында жекелей қалыптасады. Қозғалыс белсенділігінің де өлшемі бар. Тәуліктік қозғалыс белсенділігінің сандық сипаттамасына ие бола отырып , оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылар арасында Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі
Дене тәрбиесінің мазмұны
Салауатты өмір салтын қалыптастыруды дене тәрбиесінің рөлі
Салауатты өмір сүру деңгейі
Салауатты өмір салты. Залалды дағдылар
Денсаулыққа қатерлі негізі факторлар
Денсаулыққа қатерлі негізгі факторлар
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің дамуы
Құқық нормалары мен құқықтық қатынастардың түрлерін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz