Гимнастика жаттығулары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Жаратылыстану факультеті
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы:
Тепе-теңдік қабілеттерінің дамуы үшін гимнастикалық жаттығулардың маңызы
(12-апта)

Орындаған: ХҚБ-212 тобының студенті Байдолла Л.А
Тексерген: оқытушы Муса А.Т

Ақтөбе, 2020ж
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Бой жазу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Гимнастика және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Гимнастика жаттығулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

Кіріспе
Дене шынықтыру мен және спортпен шұғылдану кезіндегі дене шынықтыру тәрбиесін физиологиялық негіздерге арналған өзіндік білім алу деңгейін көтеру бойынша білім беру және дағдыландыру.
Денсаулықты күшейтудің, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану кезіндегі жұмысқа қабілеттілікті арттырудың физиологиялық механизмдері туралы ғылыми дүниетаным қалыптасады.
Салауатты өмір сүрудің сапасы дегеніміз - әлеуметтік категория - үй іші, қызмет істейтін орындары (оқу орындары, мектептер) неше түрлі адам денсаулығын қамтамасыз ететін комфортты мебельдер мен лабораториялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі.
Салауатты өмір сүрудің стилі дегеніміз - әлеуметтік психологиялық категория - адамның қоғамдық орындарда өзін-зі ұстап және көрсете білуі. Белгілі бір қалыптасқан стандартты ұстап, өмір сүруі.
Тиімді дене шынықтыру құралдарымен әдістерімен қоршаған орта факторларымен дене жұмысқа қабілеттілікті сақтау мақсатында барлық адамдардың бойында қимыл қорын қалыптастыру негіздерінде, дене жүктемелеріне төтеп беру - машықтандыру құралдарын және дене шынықтырумен шұғылданатындардың дамуындағы бақылаудың физиологиялық әдістерін қолдану бойынша дағдыларды қалыптастыру. Әртүрлі биоэнергетикалық дене жаттығуларының әсер ету ерекшеліктерінде дұрыс бағдарлануға үйретіп, бұл білімдерін оқыту машықтандыру және дене шынықтыру сабақтарында оқыту. Бұл пәнді сапалы меңгеру үшін студенттер сіздер анатомия, спорттық морфология, биомеханика, дене жаттығулары және спорт биохимиясы, жалпы және жас ерекшеліктері физиологиясы, дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістері, гигиена сияқты пәндерден алған білімдерің жоғары болу керек. Осы пәнді оқу сендерге келешекте бапкерлік іс-тәжірибеден өту үшін қажет.
Қимыл дағдысы қалыптасуы қимыл сапалары қалыптасуымен бір уақытта жүреді: бұлар - күш, шапшаңдық, төзімділік және ептілік. Олар кез-келген қимыл қызметінде бір-бірімен байланыста болады. Бірақ нақтылы қызметтің жағдайына қарай әр түрлі дәрежеде байқалады. Штангистерде ең алдымен күш, ал марафоншыларда төзімділік пайда болады. Қимыл сапасының дамуы әртүрлі жүйелердің қайта құрылу нәтижесінде өтеді, бірақ әртүрлі сапалардың дамуы кезінде белгілі бір жүйелерде басымдылық айқын байқалады. Бұлшық еттің өсуі мен күштің дамуы бірге жүреді. Жүйке бұлшық ет аппараты нәзіктігінің өсуі шапшаң жаттығулар жасауға мүмкіндік береді. Төзімділік кардиореспираторлары жүйенің дамуымен артады.
Адамның шапшаңдығы қозғалысты уақыттың қысқа мерзім ішінде орындау қабілетінен көрінеді. Ол қимылдық аппарат қызметінің ерекшеліктері мен қозғалысты нейрогуморалды реттеудің физиологиялық механизмдеріне, биомеханикалық факторларға байланысты ыдырау жылдамдығы мен АТФ, КФ ресинтезін және басқа қаржы - қайрат көздеріне, сондай-ақ адамдардың морфофункциональді ерекшеліктерін қамтамасыз ететін жылдамдық қарапайым және комплексті болып бөлінеді. Қарапайым түріне қимылдық реакцияның жасырын уақыты, оқшауланып қозғалу жылдамдығы және уақыт бірлігіндегі қозғалу бірлігі, жылдамдықтың жинақы түріне спорттық қызметтің арқылы түрі жатады спринтті жүгіру, жүзу, соққы беру. Жылдамдық көпшілік жағдай нәсілдік қасиеттерге де байланысты болады.

Бой жазу дегеніміз - ағзаны алдағы қызметке дайындауға қажетті жаттығулардың жиынтығы яғни бабына ену процестерін қамтамасыз етеді. Бой жазу кезіндегі симпато - адренал жүйесінің қозуы ағзаны біршама ығыысуға ұышратады. Катехоламиндер формациясы арқылы қыртыс орталықтарының қызметі күшейеді. Қанда эритроциттердің саны өсіп, қандағы оттегінің сыйымдылығы артады. Жүректің соғу жиілігі мен систолалық көлемі өседі де, қанның минөттік көлемі мен жиілігі өседі. Жұмыс атқаратын бұлшық еттерде жылу шығару бағамдары ұлғаяды. Соның нәтижесінде биохимиялық түзілістер жылдамдығы мен бұлшық еттер қозуы артып, олардың котоидтарының тұтқырлығы төмендейді, ішкі үйлесімде күш-қуаттың бөлінуі азаяды. Дене қызуының көтерілуі тері тамырларында симпатикалық қозғалуларды төмендетеді. Тамырлар кеңейеді, тері қызарады, тер шығару бездерінің қанмен қамтамасыз етілуі артып, тер шығуы көбейеді. Тердің шыға бастауы жылуды реттейтін бөліктердің жұмыс атқару даярлығын сипаттайды, сондықтан ол жазылу тиімділігінің көрсеткіші ретінде қолданылады. Жазылу уақытының ұзақтылығы 10 мен 30 мин аралығында өтеді. Жазылу жалпы және арнайы деп екіге бөлінеді. Алдағы орындалатын жұмы пен жазылу арасындағы уақыт аралығы 10-15 мин, бірақ спорттың әр түрі үшін, оның мөлшері 3 мин-тен 20-30 мин аралығында болады.
Жалпы бой жазу орталық жүйке жүйесінің қозуын арттырып, қимыл және вегетативтік қызметтердің интеграциясына мүмкіндік туғызады. Арнайы бой жазу тірек - қимыл аппараттарының белгілі бір бөлімдерінің жұмыс қабілеттілігін арттыруға бағытталады.
Дененің саулығы - жаныңның саулығы. Осы бір ауыз сөз адам тәнінің байлығын ешнәрсеге теңестіруге болмайтындығын түсіндіріп, санаңа ой қосады. Денені жетілдіру - жеке тұлғаның мінез- құлқын, ой-өрісін, сұлулық талғамын жетілдіру екенін ғұлама ғалымдардың еңбектерінде айтылған. Адам өзінің күнделікті тіршілігінде, еңбек барысында толып жатқан әрекеттер мен әр түрлі қозғалыстар жасайды. Осының бәрі дененің кейбір жекелеген мүшелерінің дұрыс қалыптасып, өсіп жетілуіне оң әсерін тигізеді. Кей жағдайда мұндай қимыл-қозғалыстар кері әсерін тигізуі де мүмкін. Мысалы: бір бағытта жасалған шектен тыс қозғалыстың әсерінен дененің бір мүшесі шаршап, организмнің қалыпты нормаларын өзгертуге әкеліп соғады. Сондықтан да күнделікті тіршілікте болатын, бір бағыттта ғана жүргізілетін дене қозғалыстары мен әрекеттерінің бәрін бірдей дене тәрбиесінің құралы деп қабылдауға болмайды.
Адамның жеке басының қасиеттері дененің қалыптасуымен тығыз байланысты. Денені жүйелі түрде шынықтыру мен денсаулықты нығайту адамның ойын өсіріп, шығармашылық қабілетін арттырады. Организм шамасы келетін жаттығуды және дұрыс ұйымдастырылған жұмысты орындағанда ғана дамып, нығайып жетіледі.
Дененің дұрыс қалыптасуы үшін күнделікті жаттығуларды неден бастап, қалай аяқтау керек екендігін білген абзал. Адамның қимыл-әрекеті таңертең ұйқыдан оянудан басталады. Қимыл қозғалыстың алғашқы бастамасы- таңертеңгі бой жазу жаттығулары. Таңертеңгі бой жазу жаттығуларын қанша уақыт ішінде өткізуге болатыны дәл кесіп айту қиын. Себебі: Әркім уақытын өз қабілет мүмкіндігне қарай өзінше пайдаланады. Бірі 20 минут, екіншісі 30-40 минут уақыт таңертеңгілік бой жазу жаттығуларына жұмсайды. Сондықтан таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын өткізу әркімнің өз қалауы бойынша жүргізілгені жөн. Дегенмен 15-20 минуттан кем болмағаны жақсы.

Гимнастика -- дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын, адам денсаулығын нығайту және оның денесінің үйлесімді дамуы үшін қолданылатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер. Қазақстанда гимнастиканың (грекше gymnastіke, gymnazіo - жаттығу жасаймын, жаттықтырамын) акробатика, көркем гимнастика және спорттық гимнастика сынды түрлері жақсы дамыған. Гимнастшылардың халықаралық одағы (FІG) 1897 ж. ұйымдастырылған. Қазақстан оған 1994 жылдан мүше.
Дене тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды. Айталық, жалпы дамыту жаттығулары -- спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады. Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы -гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды. Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады. Гимнастикамен шұғылдану деген сөз -- адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады.
Гимнастикамен шұғылдану барысында ең ескере кететін жайт икемділік. Икемділік - буындардағы қимылыдар дәрежесіне, буын үстінің ерекшеліктеріне, бұлшық еттердің серпімділігіне және сіңір - қоспа аппаратына байланысты болады. Ол қозғалыс аралығында көрініп, гимнастикалық және акробатикалық жаттығуларда, диск лақтыруда спорттық нәтижелерді көтеруге мүмкіндік береді. Икемділік белсенді және енжар болып екіге бөлінеді. Белсенді икемділікке өзіндік бұлшық ет күші арқылы жетеді, ал енжар икемділік - сыртқы күштің әсерінен пайда болады. Ер балаларда икемділік 7-ден 14 жасқа дейін жетіліп, 15 жаста ең жоғарғы дәрежеге жетеді.
Гимнастиканың спорттық түрлеріне бөлінеді. Олар: Спорттық гимнастика. Заманауи гимнастиканың ерлер көпсайысы еркін, ат, шығыршық, қырлы бөренелер және маңдайшада, секіру (тірек) жаттығуларынан тұрады; қыздар көпсайысы - тірек секіру, түрлі биіктіктегі қырлы бөренелерде жаттығулар, гимнастикалық бөренелер және еркін жаттығулар.
Спорттық акробатикасы секіру акробатикасынан, топтық жаттығулардан құралады. Көркем гимнастика - қыздардың дене тәрбиесінің негізгі бір құралы. Гимнастиканың қолданбалы түрлерінде жұмыс немесе оқу күнінің тәртібіне енгізілген өндірістік гимнастика лицей және колледжде білім алушылардың жұмысқа қабілеттілігін көтеруге ықпал етеді, денсаулығын нығайтады.
Кәсіби-қолданбалы гимнастика - кәсіби-қолданбалы шынығу дайындығының бір бөлігі.
Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүреді. Біріншісі -- гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту жаттығулары. Сондықтан, негізгі гимнастика деп аталады. Негізгі гимнастика барлық жаттығулардың негізгі жиынтығы болып табылады. Гигиеналық гимнастика -- денсаулықты қалыптастыратын, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы, сондай-ақ өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы.
Ырғақты гимнастика -- негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына байланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұғылданады. Жалпы дамыту жаттығуларының маңсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз орындалуы.
Атлетикалық гимнастика -- жалпы дамыту жаттығуларының арнаулы мақсатты түрде дене құрылысын жетілдіру үшін қолданылады. Бірақ бұл жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен орындалады. Айталық батпан, қосшоқпарлы батпандармен орындалатын жаттығулар болса, сондай-ақ, тренажорлық аспап-құралдарда орындалады. Атлетикалық гимнастика негізінен -- жалпы дамыту мақсатында спорт ретінде де қарастырылады.
Спорттың гимнастика -- бірнеше жекелеген спорт жаттығуларынан тұрады. Бұл жаттығулар жекеленген спорт түрі болып есептеледі. Ерлердің жабдықтары -- керме, шығыршық, қоссырық, кіші және үлкен ағаш ат және еркін жаттығу. Әйелдердің жабдықтары -- бөрене, үлкен ағаш ат, әр түрлі биіктегі қоссырық және еркін жаттығу.
Гимнастикалық жаттығуларды қолдану жан-жақтылық қана емес, ағзаға сапалы да ықпал етуі (дененің жеке бөліктеріне, бұлшық етерге және буындарға) гимнастиканы жоғарғы оқу орнында дене тәрбиесінің маңызды бір құралы етеді.
Гимнастикамен айналысу ағзаның арнайы морфологиялық және функционалдық өзгеруін тудырады. Гимнасттардың қозғалыстық қызметі статистикалық күшпен динамикалық жұмыстың алмастырылуымен мінезделеді (күштік және жылдамдық-күштік). Гимнастикалық жаттығулар кезіндегі қауырт түсірілген күш бұлшық еттердің негізгі топтарының дамуына ықпал етеді. Гимнастикалық жаттығуларды орындау кезіндегі жылдамдық-күштік жұмысты шапшаң өзгеретін қозғалыстар бағытымен үйлестіру жүйке үрдісінің қозғалысын және қозғалыс аппаратының жұмылдырылуын көтереді. Гимнастикамен айналысу үдерісінде бұлшық еттердің жұмысы сезім мүшелерінің қызметі жетілетіндіктен, жұмсалатын уақыт және күш мөлшері бойынша ұйғарымдырақ және қатаң мөлшерленген болып келеді. Кеңістікте ерекше қалыпта және шапшаң ауыспалылыққа байланысты орындалатын гимнастикалық жаттығулар вестибулярлық аспаптың тұрақтылығын жоғарылатады.
Гимнастикамен шұғылдану дұрыс мүсіннің, саптық жинақылықтың қалыптасуына ықпал етеді. Гимнастиканың мазмұны саналуанды: ол жүріс, жүгіріс, секіру, эстафеталар, сонымен қатар гимнастикалық снарядтарда жаттығу (маңдайша, қырлы бөренелер, ат, шығыршықтар және т.б.). жаттығулардың көп әртүрлілігі, жүктемені қатаң реттеу мүмкіндігі гимнастиканың қолжетімділігін анықтайды.
Негізгі гимнастика саптық, жалпыдамытушылық, қоданбалы, қарапайым акробатикалық жаттығулар және көркем гимнастиканы, тірек емес және тірек секірулерді қамтиды. Сауықтыру бағыты белгілі мөлшерленген қажетті жаттығуларды іріктеп алумен қамтамасыз етіледі.
Негізгі гимнастиканың қолданбалы маңызы бар, өткені айналысу барысында қажетті жүру, жүгіру, тепе-теңдік, лақтыру, өрмелеу, кедергілерден өту және т.б. дағдылары қалыптасады, шыңдалады. Оған қоса, гимнастика қозғалтқыш тәжірибені байытады. Құрылымы бойынша түрлі жаттығуларды меңгергеннен кейін ерлер мен қыздар жаңа қимылдарды табысты игеріп, кеңістік бойынша және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене шынықтыру жүйесі
Дене тәрбиесі және төзімділік
Спорттық гимнастика
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін таңертеңгілік гимнастиканың маңызы
Батыс дәстүрлі емес жаттығу жүйелері
Дене шынықтыру құралдары
Дене шынықтыру жүйесінің негіздері
Гимнастика спорттың бір түрі
Дене тәрбиесі жүйесінде гимнастиканың алатын орны және маңызы
Акробатикалық жаттығуларды үйрету
Пәндер