Салауатты өмір сүру


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Жаратылыстану факультеті
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: «Студент өміріндегі дене шынықтыру»
(4-апта)
Орындаған: ХҚБ-212 тобының студенті Байдолла Л. А
Тексерген: оқытушы Муса А. Т
Ақтөбе, 2020ж
Жоспар :
- Адам денесінің дамуы . . . 3Төзімділік және шаршау . . . 3Қозғалыс дегеніміз . . . 4Салауатты өмір сүру . . . 5Қазіргі адамның қимыл-қозғалысы . . . 6
- Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 7
Дене шынықтыру - дене жаттығуларын, табиғаттың сыртқы күштнерін (күн, ауа, су) пайдалана отырып ағзаны шынықтыру. Яғни мәдениеттің ажырамас бөлігі адамның дене бітімін дамыту, оның денсаулығын нығайту, рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы болып табылатын әлеуметтік кызмет саласы. Қызметі қозғалыс қажеттілігін канағаттандыру, фукнкционалды рахаттану, бос уақытты оңтайды пайдалану. қызметі төмендеген дене мүшелерін қалыпқа келтіру, жолы, яғни дене дамуына әсер етуші факторлар; тұқым қуалаушылық, өсксн орта, спорт түрі.
Дене дамуы - ағзаның табиғи морфофункционалдық ерекшеліктерін өзгерту жолы, яғни дене дамуына әсер етуші факторлар; тұқым қуалаушылық, өскен орта, спорт түрі. Қызметі жеке тұлғаның даму ерекшелігі, айырмашылығы және әсер етуші факторлардың нәтижесінде дене мүшелерінің өзеріске ұшырау қалпы. Ағзаның қызметтік қорлары және олардың жіктелуі. Дене жүктемелеріне жедел және ұзақ уақыт бейімделуі және ағзаның қызметтік қорларының іске қосылуы.
Ағза резервтері - ағзаның жетілуімен өсіп, қартайған кезде төмендейді. Олар спорттық жаттығу процесінде артады. Адам денсаулығын нығайту үшін, қызметтің барлық түрінің өнімділігін арттырып, соның ішінде спорттық нәтижелердің деңгейін көтеру үшін, ағзаның потенциалды мүмкіншілігін білу қажет. Физикалық жаттығулар физиологиясының маңызды міндеті ағза физиологиясын терең үйреніп, адам игілігіне пайдалану болып табылады. Физиологиялық резервтерді қосу ішкі секреция бездері қызметінің шартсыз және шартты рефлекстер механизмдерінің белсегділігімен өтеді. Спорттық жаттығу процесінде нейрогуморальді механизмдер жүйесінің физиологиялық резервтерінің қосылуы қалыптасады. Бұл кезде олардың жұмылдырылуы баяу өтеді.
Физиологиялық резервтердің механизмін жедел жұмылдырғанда, олардың қосылуы сезім - билеу болып саналады. Төзімділіктің көп механизмдерінің көмегімен артуы мүмкін. Оны құрайтын физиологиялық резервтер:
- гомеостатикалық жүйе қуатының шегі;
- ағзадағы энергетикалық заттардың қоры және оны пайдалану мүмкіндіктері;
- ағзаның аэробты және анаэробты қуаттылығының өрісі;
- ішкі секреция бездері қызметі деңгейінің өрісі.
Физиологиялық резервтер жалпы және арнайы болып екіге бөлінеді. Алғашқысы физикалық сапа қызметінің барлық түрлері арқылы өтеді. Екіншісі - арнайы дағдылану арқылы (спорттың түріне байланысты) өтетін төзімділік пен шапшаңдық және күш. Дене тәрбиесі мен спорттық жаттығу сабақтарындағы физиологиялық күйлердің жасқа байланысты қалыптасуы, мектеп жасындағы спорт қызметінің физиологиялық ерекшеліктері. Дене тәрбиесі мен спорттың физиологиялық жүйелерге әсері өте тиімді. Мектеп жасында осы спорттық қызметпен байланысты адам бойында қалыптастыру қажет. Дене сапаларын жетілдіру керек.
Шапшаңдық - адамның қозғалысты уақыттың қысқа мерзім ішінде орындау қабілетінен көрінеді. Ол - қимылдық аппарат қызметінің ерекшеліктері мен қозғалысты нейро-гуморальды реттеудің физиологиялық механизмдеріне, биомеханикалық факторларға байланысты.
Төзімділік - ұзақ уақыт тиімділікті төмендетпей жұмыс істеу қабілеті. Ол адамның қажып, шаршау мүмкіншілігін болдырмауды бейнелейді. Төзімділік жалпы және арнайы болып екіге бөлінеді.
Жалпы төзімділік - бұлшық еттердің үлкен тобындағы мамандандырылмаған жұмысты ұзақ уақыт қолдау қабілеті (жүзу, шаңғымен жүгіру) . Арнайы төзімділік қозғалыс әрекетінің белгілі бір түрінде жұмыс қабілеттілігін ұзақ уақытқа қолданудан көрінеді. Балаларда тұрақты күйді ұстап тұру қабілеттілігі ересектерге қарағанда төмен. Олар жылдам оттегінің барынша қажеттілігінің деңгейіне жетеді.
Шаршау - жас спортшыларда орталық жүйке жүйесінің қызметіне байланысты тез дамиды. Ішкі тежелу процесі, әсіресе дифференциалды және кешігу тежелулер тез бұзылады. Спорттық іріктеу әдістемесі. Спорттық дарын проблемалары. Морфологиялық және спорт физиологиясында статистикалық әдістерді қолданудың ерекшеліктері. Айқасқан тиімділіктер: бұл кезде резервті мүмкіншіліктердің деңгейі өседі.
Денсаулықтың деңгейін өмір сүруді қамтамасыз ететін негізгі жүйелердің функциональды мүмкіншіліктері бойынша, не болмаса жүрек-тамыр және тыныс жүйелері арқылы өлшеуге болады деп тұжырымдайды. Оттегінің барынша қажеттілігінің деңгейі қаншалықты жоғары болса, оның көрсеткіші соншалықты маңызды болып, ағза қолайсыз факторларға қарсы тез бейімделеді. Ол денсаулықтың өлшемі болып табылады. Таңертеңгі гимнастиканы физиологиялық негіздеу. Ол бұлшық еттерден афферентті импульстер түсіп орталық жүйке жүйесін жандырады да, оның жұмыс қабілеттілігін шұғыл арттырады. Күнделікті шұғылдану тірек-қимыл аппаратына, жүрек-тамыр, тыныс жүйелеріне және ас қорыту мүшелеріне тиімділік жасайды. Таңертеңгі гимнастика ағзаны шынықтыруға тиімді ықпал етеді. Өндірістік гимнастика жұмыс басталар алдында кіріспе түрде өткізіледі. Ол орталық жүйке жүйесін қоздырып, қан айналым, тыныс алу қызметтерін көтеріп, ағзаны жұмысқа дайындайды. Статикалық бұлшық ет күші барынша зорланумен сипатталып, изометриялық жарылуда бұлшық етті дамытуы мүмкін. Бұлшық еттің орасан зор күші лабораторияолық жағдайда жүйкеге немесе бұлшық етке барлық бұлшық ет талшықтарын қоздыратын токпен әсер еткендей, ерекше күшпен анықталады. Физикалық машықтанған бұлшық еттердің массасы артады да, оның жұмыстық гипертрофиясы дамиды. Бұлшық ет гипертрофиясы саркоплазматикалық және миофибриллярлық болып екі тике бөлінеді. Бірінші типте саркоплазма көлемі біркелкі арта түседі де, мотохондрия сандары өсіп, қылтамыр саны көбейеді. Бұл типтегі гипертрофия төзімділік артады да, күш шамалы өзгереді. Адамның шапшаңдығы қозғалысты уақыттың қысқа мерзім ішінде орындау қабілетінен көрінеді. Ол қимылдық аппарат қызметінің ерекшеліктері мен қозғалысты нейрогуморалды реттеудің физиологиялық механизмдеріне, биомеханикалық факторларға байланысты ыдырау жылдамдығы мен АТФ, КФ ресинтезін және басқа қаржы - қайрат көздеріне, сондай-ақ адамдардың морфофункциональді ерекшеліктерін қамтамасыз ететін жылдамдық қарапайым және комплексті болып бөлінеді.
Қозғалыс дегеніміз - өмір деген қанатты сөз бар. Шындығында қозғалыс - ағзаның биологиялық қажеттілігі. Күнделікті өмірде адам ең әр түрлі қозғалыстарды жасайды олардың жиынтық көлемі қозғалыс белсенділігі деп аталады. Жүру кезінде жасалатын адамның саны мен жұмыс көлемінен көрінетін тәуліктік қозғалыс белсенділігі жас өскен сайын артатындығын зерттеулер көрсетіп отыр, әрі бұл көрсеткіштер ер балалар мен қыз балаларда бірдей болмайды. Яғни, 14-15 жастағы қыз балалардың тәуліктік адымының тәрбиесі және спортпен айналысудың нормасы мен режимі ғылыми тұрғыдан негізделген . 15-17 жастағы жасөспірімдердің тәуліктік қөзғалыс белсенділігі 25-30 мыңды құрауы мүмкін, ал 15-17 жастағы қыз балаларда жүру мен жүгіру еңбек пен спорттық қызмет барысында орындалатын өзге қозғалыстармен алмастырылуы мүмкін. Қалыптасқан өмір салты, еңбек ету мен дене тәрбиесінің жүйесі балалар мен жеткіншектердің күнделікті қозғалыс белсенділігін өзгертуі, не төмендетуі, не оны арттыруы мүмкін . Кіші жастағы балаларда тәуліктік қозғалыс белсенділігі көп жағдайда тұқым қуалаушылық негізде қалыптасатын, биологиялық себептермен реттеледі . Үлкен жастағы балаларда әсіресе жеткіншектерде, ол әлеуметтік жағдайлардың әсерімен қоғамдық тәрбие беру барысында жекелей қалыптасады. Қозғалыс белсенділігінің де өлшемі бар. Тәуліктік қозғалыс белсенділігінің сандық сипаттамасына ие бола отырып, оның ағзаға әсер етуі туралы алдын ала айтуға болады. Тәуліктік қозғалыс белсенділігінің ең төменгі қажетті және мүмкін болатын жоғары деңгейі гигиеналық норманың шектері болады; ол бұзылса сауықтыру тиімділігі болмайды және ағза жағдайында жағымсыз өзгерістер дамуы мүмкін . Қозғалыстың жетіспеуін «гипокинезия» («гиподинамия») атауы, ал бұл ретте туындайтын ағзадағы көп жақты ауытқушылықтар гипокинезия жағдайын білдіреді. Шектен тыс қозғалыс белсенділігін «гиперкинезия» атауы білдіреді. Сөйтіп, қозғалыс белсенділігі адам қызметінің таптырмайтын факторы бола отырып, тек оңтайлы көлемде және қолайлы күн режимінде ғана өсіп келе жатқан организмге сауықтыру әсерін тигізеді Салауатты өмір сүру деңгеиі дегеніміз-экономикалық категория. Адамдардың материалдық және моральдық-рухани қажеттілігі толығымен қамтамасыз етілуі.
Салауатты өмір сүру сапасы дегеніміз -әлеуметтік категория үй іші қызмет істейтін орындары (оқу - орындары, мектептер) неше түрлі адам денсаулығын қамтамасыз ететін комфортты мебельдер мен лабараториялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі. Салауатты өмір сүрудің стилі дегеніміз -әлеуметтік психологиялық категория-адамның қоғамдық орындарда (мектептерде) өзін-өзі ұстап көрсете білуі. Белгілі бір қалыптасқан стандартты ұстап өмір сүру . Салауатты өмір сүру деңгейі мен салауатты өмір сүру сапасы эквипотенциалды болып келеді. Сондықтанда адам денсаулығының жақсы және жаман болуы салауатты өмір сүру стиліне байданысты. Ал салауатты өмір сүру стилі тарихи және ұлттық дағды-дәстүрлер арқылы қалыптасады. Сондай-ақ тұлғаның бейімділігіне байланысты болады. Адам өзінің жеке басының ерекшелігіне сәйкес өмір сүреді. Белгілі бір ұжымдарға қалыптасып, сол ұжым мүшесі болып сіңіп кетеді. Қызмет еткен ұжым мүшелерімен бірге өсіп біте қайнасып кетеді. Адам бір-біріне көмекке келеді. Жалпы алғанда адам денсаулығы бірінші орында болуы қажет. Бірақ жас жеткіншектер өздерінің денсаулығына онша мән бермейді. Ол жастық өмірдің белгісі, тәрбие жұмыстарының әлсіздігі. Сондықтанда балаларды жас кезінен бастап денсаулығын сақтай білуге тәрбиелеудің қажеттігі туындайды. ”Баланы жастан…” тәрбиелеу керек дейді қазақ. Өмір тәжірибесінен жинақталған қағида екені өзінен белгілі. Осыдан келіп денсаулық зор байлық деген ұғым қалыптасады. Қазіргі кезде денсаулықтың бірнеше түрі бар екені белгілі болды . Олар: Салауатты өмір сүру салтын бұзатын факторлардың бірі - дұрыс және жүйелі түрде өз мезгілде тамақтанбау . Сондықтан да адамның массасы өсіп, шектен тыс семіріп кетеді. Ол неге әкеп соғады, адамды ауруларға шалдықтырады. Кейіннен өмір мен қоштасуға себепші болады. Ал қазіргі нарықтық экономика көпшілікке оң эмоциялық жағдай туғызып отыр деп айта алмаймыз . Көптеген адамдар салауатты өмір сүріп отырған жоқ. Сондықтан адамзат денсаулығына байланысты “Денсаулықты сақтаудың жеті қағидасы” қалыптастырылған . Бұл қағидалардың мағынасында қазіргі қиын тірлікте, қоршаған ортаның тағы басқа жағдайларда аурудан қалай сақтанудың жолдары түсіндіріледі. Олүшін ең алдымен адамдар иогтардың қарапайым жаттығуларын, тыныс терапиясын және гимнастикасын меңгерген жөн. Тіпті айқайлау, күлу, жылау сияқты “табиғи психосоматикалық тыныш табу массажы”арқылы да көңіл-күйді жақсартуға болады. сондықтан таза ауада көбірек қыдыруға тырысыңыз, шылым шегуден біржола арылыңыз.
Қазіргі адам қимылдың аздығынан жапа шегеді. Ондай жандарға ең керегі-спорт. Жаттығу олардың жүрегінің жұмысын жақсартуға, бойына қосымша күш жігер жинауға, денесінің қорғаныс қабілетін күшейтүге мүмкіндік береді. Ең әуелі жүгірумен шұғылданыңыз. Күніне 15-20 минуттық жүгіру өте-мөте пайдалы, бірақ оның алдында біраз уақыт тез жүру арқылы дайындалып алған дұрыс. Суда жүзудің, велосипед пен шаңғы тебудің, би билеп иогтардың жаттығуларын жасаудың салмақ кетіруге пайдасы зор. Таңертең керуетте жатып аяғыңызбен “велосипед” тебіңіз . Отырып киінуші болмаңыз. Жұмысқа бара жатқанда, екі-үш аялдама бұрын түсіп қалып, жаяу жүрүге, үстіңгі қабаттарға лифтімен емес, жаяу көтерілуге тырысыңыз. Біздің заманымыз аласапырын оқиғаларға толы, ал бұл әр алуан ауру-сырқауға себепші болады. Соған дес бермес үшін “басыла” білу керек:тек демалыс кезінде ғана емес, күн сайын дұрыстап тынығуға үйреніңіз, жаныңызға жағатын бір алданыш тауып алыңыз, биге, моншаға барыңыз. Ұйықтататын дәрі ішпеуге тырысыңыз . Өйткені ондай дәрілердің көбі 14 сағат бойына әсер етеді, әрі одан соң бірталайға дейін уыты кетпей, адамды есеңгіретумен болады. Қажудан арыламын деп кофеин, никотин қабылдау, алкагольді ішімдіктерді ішу қате. Сергудің өзіңізге ұнамды жолын жасап алыңыз. Жүрек ұстамасына ұрынбас үшін шылым шекпеңіз, майлы тағамға әуес болмаңыз, салмағыңызға абай болып, көбірек қимылдаңыз. Адам денесінде әртүрлі органдарында температураның мөлшері қандай . Арнаулы жүргізілген зерттеулердің қорытындыларына қарағанда, адам тұрақты болады деп айту салыстырмалы түрде айту деп ұғыну керек. Адам денесінің ашық болуы айналаны қоршаған сыртқы ортатемпературасының әсеріне қарай тез төмендеп кетеді . Алжабық денедегі температура онша өзгеріске ұшырамайды. Ішкі органдардың температурасы айналаны қоршаған сыртқы орта температурасымен байланысты, онша көп өзгеріске ұшырамай, тұрақты түрде болады. Ал енді өмір салты дегенге келетін болсақ, оның мағынасы жеке адамдардың өмір тіршілігінен бастап, бүкіл қоғамның өмір сүру тәсілін зерттеп айқындайтын әлеуметтік ұғым . Өмір салты адамдардың қалай және не үшін өмір сүру, қандай іс-әрекетпен айналысатынын көрсетеді. Қоғамда өмір сүруші адам өзінің ақыл ойына, санасезіміне, дүниеге деген көзқарасына сүйенеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz