Жеңіл атлетиканың даму тарихы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

РЕФЕРАТ
Жеңіл атлетиканың даму тарихы

Орындаған :Байдолла Л
Тексерген : Муса А

2020
оқу жылы
Жоспар:
Жеңі атлетика түсінігі
Жеңіл атлеиканың даму тарихы
Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы

Жеңіл атлетика, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген
Даму тарихы жағынан ең көне, әрі бай тарихы бар спорт түрі, бұл жеңіл атлетика. Жүгіру, секіру, лақтыру сияқты іс - қимылдар адамзатпен бірге жаратылған және оның еңбегімен, тіршілігімен тығыз байланыста болған. Сондықтан, көп елдерде жеңіл атлетикалық ойындар жарыс түрінде енгізілген.
Археологиялық қазбалар мен тау тастағы суреттерге жүгінсек, жеңілатлетикалық жарыстар біздің ғасырдан көп жыл бұрын Азия және Африка халықтарының арасында өткізілгенін куәландырады.
Негізінен жеңілатлетикалық спорттың даму шыңы Ежелгі Грецияда кеңінен белең алған. Спорттық жарыстар дәл осы елде жоғары атаққа ие болған, себебі сол заманда көп болатын соғыстар - жақсы шыныққан жауынгерлерді талап еткен. Ежелгі Грецияда жалпы ұлтаралық, халықаралық жарыстар ұйымдастырылып, кейінен Олимпиадалық ойындар атағына ие болған.
Олимпиадалық ойындарға Грецияның басқа көптеген қалаларынан халықтар жиналып, осы уақытта соғыстар да тоқтатылған.
Алғашқы Олимпиадалық ойындары б.э.д. 776ж. өткен. Оның бағдарламасына 192,27 м. қашықтыққа жүгіру енгізілген (фомос деп аталған). Б.э.д. 708 жылы бағдарламаға жүгірумен қатар диск, найза лақтыру, секіру және күрес сияқты спорт түрлері енгізілді.
Ежелгі Греция атлеттерінің жетістіктері өте жоғары болған, бұл олардың дайындықтарының күштілігінен. Себебі Грециялықтардың 7 жасынан оқуға барған балдарының сауаттылығына көп назар аударылмай, ал керісінше дене шынықтыруға көбірек көңіл бөгендігінде.
Біздің эраның соңғы ғасырында Грецияның Рим патшалығының қол астына көшуіне байланысты, олимпиадалық ойындар өз деңгейін жоғалтады.
Тек б.э-дың 393 жылында Рим императоры Феодосий І-нің арнайы шығарған декретімен олимпиадалық ойындар қайта жаңғырды.
1.Жеңіл атлетика түрлерінің көпшілігі қарапайым оны орындау жаңадан баспаған спортшыға да қиын емес. Бірақ және атлетиканың барлық түрінен жоғары көрсеткішке жету, арнайы қарастырылып талданған жаттығу техникаларын орындай алатын спортшыларға тән. Дамыған техника дегенде түсінетініміз спорттық жаттығуларды тиімді және жоғары денгеиде орындау мен өте жақсы көрсеткіштерге жету.
Спорттық техника тек қана қимыл формасы емес. Жеңіл атлетикалық жаттығуларды орындау барлық уақытына спортының біліктігіне, оның еріктілігі мен дене қасиетеріне оның дағуыларына , органдары мен жүйелерінің функцияларды дайындық денгейене, қимыл қабілетімеінің сыртқы ортадағы бейімділігне байланысты. Әрбір жеңіл атлетиқалық жаттығудың өз формасы мен мазмұны бар.
Мақсаты: жеңіл атлетика пәніне жалпы шолу жасап, спорт түрінің кендігін
яғни бірнеше жаттығудан бірігуін көрсету.
Тірек ұғымдар: Жеңіл атлетиканың бес бөлігімен
Тұруы: Жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, көпсайыс.
Әрбір бөлімдегі ара қашықтық ерекшеліктері.
Жеңіл атлетика жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, жаттығуларынан біріккен спорт түрі. Жеңіл атлетика арнайы дене шынықтыру жоғары оқу орындарына осы спорт түрін ғылыми - оқу пәні ретінде практикалық және ілімдік оқыту әдістемесі мазмұныңдағы пән.
" Атлетика" ежелгі греция сөзінен аударғанда
-курс, жаттығу сөздерінің мағынасы береді.
Ежелгі грецияда атлет тер деп күш пен ептіліктен сайысқандарды атаған , ол қазіргі таңда физикалық жақсы дамыған күшті адамдарды атайды.
Жеңіл атлетика атауы - жаттығуларды орындау кезендегі сыртқы көріністің жеңіл орындалуына арап және атлетика қарама-бареч атлетика немесе жолдағы және алаңдағы жаттығу деп атайды (АҚШ, Франция, Англия).
Жеңіл атлетика бес бөлімге бөлінді де, соң әрі қарай бірнеше түрге және варианттарға бөлінеді.
Жеңіл атлетикалық жаттығулар жүріс адамның қарапайым қимыл іс-әрекеті, барлық жастаға адамдарға жақсы физикалық жаттығу. Бір қалыпты ұзақ, ритликалық жүріс кезінде дене бұлшық еттерінің барлығы дерлік жұмыс істейді, жүрек жұмысы, демалу жүйелері және тағы басқа жүйелердің жұмысы жоғарылап жақсарады, зат алмасу процесі жоғарылайды.
Қарапайым жүрістен басқа да түрлері бар мысалы: салхаттық (походная), қатардағы (строевая), спорттық (спортивная) осыларды ішіндегі техникасы жағынан ең қиыны, бірақ сонымен қатар ең тиімдісі - спортты жүріс жарыстарда қолданылады. Оның жылдамдығы қарапайым жүрістен екі есе жоғары. Бірақ жылдамдықта жоғары жетістіктерде жету үшін техникасын меңгеру жеткіліксіз. Қарапайым жүріске қарағанда өте жоғары қимыл әрекет қажет етеді, ал сонымен қатар қуаты көп жоғалту көтеріледі. Осыған байланысты спорттық жүріспен айналысу спортшы организміне ерекше әсерін тигізеді, ішкі органдарды және жүйелерді мықтылайды, олардың жұмыс істеу қабілетін жақсартады, күштің дамуына оң әсерін тигізеді әсіресе төзімділікке баулиды, еріктік қасиеттерді тәрбиелейді. Жақсы дайындалған желаяқ өте төзімді болады.
Жүгіру бұл физикалық жаттығудың кеңінен тараған түрі көптеген спорт түрлеріне кіреді (футбол, баскетбол, теннис т.с.с.)
Жүріске қарағанда жүгіру кезінде организмнен жұмыс істеу қабілеттілікті жоғары деңгейде талап етеді, ал дене бұлшық еттері тобы толығымен дерлік жұмысқа кіріседі, жүрек қан тамырларының, демалу жүйелерінің қызметі күшіне түседі, зат алмасу процесі ерекше жоғарылайды.
Ара қашықтықты және жылдамдықты өзгерте отырып, жүктеме өлшемін анықтауға, төзімділік, жылдамдық және тағы басқа дене қасиеттерін дамытуға әсер етуге болады.
Жеңіл атлетикада жүгіру тегіс, кедергілер арқылы, эстафеталық және табиғи болып бөлінеді.
Секіру бұл жаттығу кезінде спортшы өз денесін игреу, күш, жылдамдылық, ептілік, батырлық қасиеттерін дамытады.
Жеңіл атлетика секіру екі түрге бөлінеді; 1) тік кедергі арқылы, яғни биіктікке секіру, сприкпен секіру. 2) көлденең кедергі арқылы яғни ұзындыққа секіру және үш қадымдық секіру.
Лақтыру бұл жаттығу арнайықұралдарды ұзақтыққа итеріп жіберу немесе лақтыру арқылы орындалады. Олардың өлшемі метр және сантиметр арқылы өлшенеді. Лақтыру кезінде жүйке бұлшық ет күші арқылы қысқа уақыт ішінде орындалады, орындау кезінде қолдың ғана емес, иық белдеулері, көкірек және аяқ бұлшық еттері де іске қосылады.
Орындау әдісіне қарай жеңіл атлетикалық лақтыру үш түрге бөлінеді:
1) бастан асыра лақтыру (найза, граната); 2) бұрылыспен (диск, молот); 3) итеру арқылы (ядро).
Көпсайыс - бұл жаттығу жоғарыда айтылған жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларының біріктірілуінен тұрады. Олар жаттығу санына қарай аталады. (үшсайыс, бессайыс, алтысайыс, сегізсайыс, он сайыс).
1.Жеңіл атлетика спорт түрлері ішіндегі адам организміне кең түрде және жан жақты әсер етуі, жаттығу орындау техникасы, шұғылдану, табиғи жағдайда қолайлылығы жағынан тиімді және осы арқылы ерекшеленеді.
2.Жеңіл атлетика спорт патшайымы деп аталуы да осыдан болар. Басқа спорт түрлеріндегі спортшылардың физикалық дайындығы және дене қасиеттерін дамытуда ерекше роль атқарады. Атап айтқанда Футбол ойынында жылдамдық, төзімділік, күш қасиеттерін дамытуда жеңіл атлетиканың жүгіру әсері ерекше әсер етеді, Баскетбол ойынында жылдамдық, күш, ептілік, батырлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы
Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы туралы
Жеңіл атлетиканың ҚР даму тарихы
Жеңіл атлетиканы дамыту
Жеңіл атлетика мамандануы
Жеңіл атлетика спортының даму тарихы
Жеңіл атлетика спортының ерекшеліктеріне сипаттама
Жеңіл атлетиканың шығу тарихы
Жеңіл атлетика спортының топталуы
Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы және қазақтың жеңіл атлеттері
Пәндер