Бұқаралық спорт


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

РЕФЕРАТ

Спорт дене шынықтыру жүйесінде . Бұқаралық спорт.

Жоғарғы дәрежелі спорт. Олардың мақсат міндеттері

Орынаған :Байдолла Л

Тексерген : Муса А

2020

оқу жылы

Жоспар:

  1. Спорт дене шынықтыру жүйесінде
  2. Спорттық машықтану
  3. Еліміздегі спорттық инфрақұ­рылым
  4. Бұқаралық спорт

Спорттық физиология қолданбалы ғылым ретінде, оның міндеті, басқа ғылымдармен байланысы.

Дене шынықтыру мен және спортпен шұғылдану кезіндегі дене шынықтыру тәрбиесін физиологиялық негіздерге арналған өзіндік білім алу деңгейін көтеру бойынша білім беру және дағдыландыру.

Денсаулықты күшейтудің, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану кезіндегі жұмысқа қабілеттілікті арттырудың физиологиялық механизмдері туралы ғылыми дүниетаным қалыптасады.

Тиімді дене шынықтыру құралдарымен әдістерімен қоршаған орта факторларымен дене жұмысқа қабілеттілікті сақтау мақсатында барлық адамдардың бойында қимыл қорын қалыптастыру негіздерінде, дене жүктемелеріне төтеп беру - машықтандыру құралдарын және дене шынықтырумен шұғылданатындардың дамуындағы бақылаудың физиологиялық әдістерін қолдану бойынша дағдыларды қалыптастыру. Әртүрлі биоэнергетикалық дене жаттығуларының әсер ету ерекшеліктерінде дұрыс бағдарлануға үйретіп, бұл білімдерін оқыту машықтандыру және дене шынықтыру сабақтарында оқыту. Бұл пәнді сапалы меңгеру үшін анатомия, спорттық морфология, биомеханика, дене жаттығулары және спорт биохимиясы, жалпы және жас ерекшеліктері физиологиясы, дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістері, гигиена сияқты пәндерден алған білімдер жоғары болу керек.

Спорттық машықтану дегеніміз - жалпы және арнайы жұмыс қабілеттілігін арттыруға бағытталған педагогикалық процесс. Физиологиялық көзқарас бойынша спорттық жаттығу - физикалық сапаның морфологиялық және функционалды ығысулардың жетілуі мен дамуы. Сондай-ақ, бұлшық ет қызметіндегі қимыл әрекеттері шартты және шартсыз рефлекстердің негізінде қалыптасатын процесс. Педагогикалық және биологиялық қағидаларға - белсенділік, дәйектілік, беріктік, көрнекілік және жүйелілік жатады. Биологиялық қағидалар - қайталау, машықтық, жүктемені біртіндеп барынша көтеру, үздіксіздік пен циклдік, арнайы және жалпы дайындық.

Стандартты жаттығулар сапалы жасалған жұмыспен сипатталады: Бұлар - акробатика, суға секіру, мәнерлеп сырғанау, көркемдік және спорттық гимнастикалар. Атаулы спорт түрлерімен шұғылданатын спортшылардың көру тепе-теңдік және кинестатикалық анализаторларына ауыртпалық түседі. Энергияның жұмсалуы АТФ және КФ есебінен жүріп, жұмыс динамикалық айналымда атқарылады.

Стандартсыз жаттығуларға спорттың жекелей түрлері \бокс, күрес, семсерлесу\ және спорт ойындары \волейбол, баскетбол, футбол, хоккей\ т. б. қозғалыстар, кростар \марфон, шаңғы тебу\ жатады. Қозғалыстың күрделілігі жағдайдың өзгеруі мен уақыттың жетіспеуіне байланысты өтеді. Қимыл әрекеттерінің ылғи өзгеріп тұруы сезім мүшелері мен ми сыңарлары қабықшасын шаршауға соқтырады.

Физиология спортының денсаулығын сақтай отырып, оның спорттық іс-әрекетінде үлкен нәтижелерге жетуіне мүмкіндік беретін білімнің негізін құрап, дене тәрбиесі мен спорт ілімінде маңызды орын алады. Спорт физиологиясы негізінен: қимыл әрекеттерін қалыптастыру механизмдерін; машыққандығы мен жұмыс қабілеттілігін сипаттайтын көрсеткіштерді; машыққандығын дамытатын механизмдерді; спортшы ағзасының физиологиялық резервтерін зерттейді.

Жеңіл атлетиканың физиологиялық негізі, жеңіл атлетикалық жүгіру. Талдағыштар жүйесінің, қимыл аппаратының қуат жұмсалуының сипаттамасы. Тыныс алу және қан айналу, қанның құрамы, жылу түзілуі.

Жүгіру кезінде жекелей ұшу кезеңімен кезектесіп отырады. (секіру сериялары) . 100 м қашықтыққа жүгіру жоғары, 800-1500 м-ге субмаксималді және 42 және 194 м (марафон) қашықтыққа жүгіру бірқалыпты қуат аймағында орындалады. Тегіс жолмен жүгіргенде орталық жүйке жүйесінде ерекше жүктемелер байқалмайды. Максималді және субмаксималді қуат аймағында анаэробты, ал үлкен және бірқалыпты қуат аймағында аэробты процестер басым болады.

Еліміздегі спорттық инфрақұ­рылымды дамытуға «Жол кар­тасы» бағдарламасы игі ықпалын тигізді. Осы бағдарламаның ая­сын­да былтыр жоспарланған 60 спорт нысанының орнына үнем­делген қаражат есебінен 12 об­лыста 64 нысан жөнделді. Бүгін­де елімізде 32 мыңға жуық спорт нысаны бар. Дене шынық­тыру­мен, спортпен тұрақты шұғыл­данатын қазақстандықтардың қатары 380 мың адамға көбейіп, ел халқының 17, 7 пайызы деген сөз. Былтыр барлығы 18 мыңнан астам спорттық-бұқаралық шаралар өткізілсе, соның жартысынан астамы ауылдық жерлерде ұй­ымдастырылды. Қазақ күресі, тоғызқұмалақ, ат спорты, тағы да басқа ұлттық спорт түрлерін дамытуға айрық­ша ден қойылуда. Жалпы, қазір елімізде көптеген спорт мектебі, 8 республикалық және 17 өңірлік олимпиадалық ізбасарлар даярлау орталығы жұмыс істеуде. Айта кету керек, VІІ Қысқы Азия ойындарына арнайы са­лынған нысандар еліміздің спорт­тық инфрақұрылымын едәуір нығайтты. 1972 жылы «Медеу» спорт кешені салынғаннан кейінгі аралықта Қазақ жеріне бұйыра қоймаған бірегей спорт ны­сан­дары, әлемдік деңгейдегі жарыс­тар өткізуге болатын ғажайып ғимараттар тұрғызылды. Енді қыс­қы негізгі олимпиадалық спорт түр­лері бойынша Қазақстанның өз спорт­тық базасы бар. Осы нысан­дарда әлемдік жарыстарға дайын­да­лып, жаттығу жиындарын өткізуге әбден болады. Қазақстан спортының тарихы көрсетіп отырғандай, елімізде жақ­сы жабдықталған спорт ғимарат­тары­ның болуы спорттың дамуына игі ықпалын тигізіп, халықаралық спорттық ареналарда ірі жетістіктерге қол жеткізуімізге дәнекер болады. Айталық, бір ғана «Медеу» кешенінде коньки спортының өзінен жалпы саны 130 әлемдік рекорд жа­салыпты. VІІ Қысқы Азия ойында­рын өткізуге Астанада арнайы са­лынған «Алау» коньки стадио­нын­да болса, міне, Азия құрлығының 9 рекорды жасалып үлгерді. Азиада нысандары үздік технологиялар пайдаланылып, заманауи талаптарға лайықталып салынған. Шымбұлаққа дейін тартылған бірегей аспалы жол аталмыш кешенді тау шаңғысы курорты ретінде дамытуға септігін тигізері сөзсіз. VІІ Қысқы Азия ойындарын өткізу шеңберінде барлығы 10 спорт нысаны жаңадан салынып немесе тұтастай қайта жаңғыртылды. Айта­лық, Алматыдағы «Медеу» мен «Шым­бұлақ» кешендері, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы түгелімен қайта жаңғыртылып, велотрек, «Алау» коньки стадионы, Алматы облысында шаңғы және биатлон кешені, Алматы қаласында трамплин кешені жаңадан салынды. Бүгінгі қазақстандық қоғамда бұқаралық спортты дамыту - тө­тенше маңызға ие көкейкесті мә­се­ле. Елдегі бала туу көрсеткіштерінің төмендігі, жүрек-қан тамырлары ауруларынан, нашақорлық пен алкоголизмнен зардап шегушілер мен өлім-жітімнің артуы, физикалық һәм ақыл-ой тұрғысынан дамудың тежелуі, айналып келгенде, ұлт қауіпсіздігіне, халықтың санасы мен парасатының өсуіне, рухани даму­ына қауіп төндіретін факторлар. Қазір халықтың басым бөлігі спортпен шұғылдануға немқұрайды қарайтыны жасырын емес. Ден­сау­лыққа аса зиянды шылым мен ішімдіктен құтыла алмай жүрген, арық­таймын деп неше түрлі дәрі­сы­мақ­ты пайдаланатын адамдар бар. Соның бәрінен арылу үшін дене шынықтыру, спорт және туризм арқылы саламатты өмір салтына бет бұру - өмірдің өзі алдымызға көлденең тартып отырған көкейкесті мәселе. Қазақстандағы бұқаралық спорт - әркімнің жеке басына тәуелді іс. Бүгінгі халық теннис кортына, бассейнге, фитнес залдарына бар­ғысы келеді. Бірақ оны екінің бі­рінің қалтасы көтермейді. Десек те, аталмыш нысандарда ден­сау­лықтан бұрын жан рахаты көз­делетіні жасырын емес. Ал біздің мамандар халықты спорттың мей­лінше қолжетімді түрлеріне тартуы тиіс. Мәселен, таңер­теңгілік жүгіріп немесе аула­дағы алаңқайда доп қуса, несі бар?!. Бұқаралық футболға ешқандай шығынның да

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік қызмет көрсету жүйесіндегі спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу
Дене шынықтыру және спорт саласындағы ақпараттық құралдардың негізгі құралдары
Қазақстан Республикасындағы спорт және дзюдо күресі
Дене шынықтыру және спорт саласындағы проблеманың қазiргі жәй-күйiн талдау
Спорт, Жоғары деңгейдегі спорт, бұқаралық, кәсіпқой, әуесқой, студенттік спорт
Дене шынықтыру және спорт органдарының теориялық негіздері
КӨЛІК ЖҮЙЕСІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР
Заманауи спорт ғимараттары
Спорттық-сауықтыру туризмі
СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz