Дос-мұқасан» қазақ эстрадасының аңызы»
Тыңдарман қауымға әсерлi сезiм тарту етер әсем ән – уақыт сыйы. Абай атамыз «Туғанда дүние есiгiн ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кiрер денең» дегенiндей, қайсыбiр жабырқаған жанға ән құдiретi дауа болып жататыны бар. Мiне, осы орайда, қазақ ұлтының рухын асқақтатар әндердi адамзат жүрегiне жеткiзе бiлген топтың бiрi – «Дос-Мұқасан» ансамблi екендiгiне ешкiмнiң күмәнi болмас. 1960 жылдары әлемдi елең еткiзген «Битлз», Ресейде «Поющие гитары», «Веселые ребята», «Голубые гитары», Грузияда «Орэра», Белоруссияда «Песняры», Украинада «Кобза» сияқты алғашқы вокальды-аспапты топ қатарында қазақ халқының атын әлемге паш еткен «Дос-Мұқасан» ансамблi де өнер көгiнде найзағайдай жарқ ете қалған едi. Уақыт сынына төтеп берiп келе жатқан бұл ұжым күнi бүгiнге дейiн күллi қазақ ұлты үшiн үлкен мақтанышқа айналды. Әрбiр қазақтың той-томалақ, мереке-жиыны осы ансамбльдiң репертуарындағы әндерсiз өтпейдi десек, артық айтқандық емес. Сонымен, құрылғанына 40 жыл толуы мерекесiне орай ансамбль мүшесi болған философия ғылымының докторы, профессор ҰЛЫҚПАН ЕСIЛХАНҰЛЫ СЫДЫҚОВПЕН әңгiмелескен едiк.
– Мерекелерiңiз құтты болсын! Әңгiмемiздi сонау артта қалған алғашқы қадамдарыңыздан бастасақ. Техника саласының қыр-сырын меңгеруге келген Сiздердi қазақтың ән өнерiн әлем жұртшылығына паш етуге қандай күш итермеледi? Жалпы, философ ретiнде «Ән құдiретi» дегендi қалай түсiндiресiз?
Бiздiң ел iшiнде көп тараған дұрыс пiкiр бар. Ол – әннiң тағдырын шешетiн үш түрлi фактор туралы тұжырым. Бiрiншiсi, әннiң әуендiк мазмұны, екiншiсi, әннiң әуенiне сөзiнiң үйлесiмдi болып келуi, үшiншiсi, орындаушысы деп жатамыз. Бұл – өте орынды пiкiр. Соның iшiнде әннiң құдiретiне бойлай түсу үшiн осы үш факторды ары қарай тереңдету қажет. Ән бiрiншiден, ұлттың болмысынан туындап жатуы керек. Әннiң құдiреттiлiгi сол, халықтың табиғатынан, оның сан ғасырлық ұлттық ерекшелiгiнен, соның iшiнде салт-дәстүрiмен қатар, халықтың жүрiп өткен

ДОС-МҰҚАСАН ҚАЗАҚ ЭСТРАДАСЫНЫҢ АҢЫЗЫ
Тыңдарман қауымға әсерлi сезiм тарту етер әсем ән – уақыт сыйы. Абай
атамыз Туғанда дүние есiгiн ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кiрер денең
дегенiндей, қайсыбiр жабырқаған жанға ән құдiретi дауа болып жататыны бар.
Мiне, осы орайда, қазақ ұлтының рухын асқақтатар әндердi адамзат жүрегiне
жеткiзе бiлген топтың бiрi – Дос-Мұқасан ансамблi екендiгiне ешкiмнiң
күмәнi болмас. 1960 жылдары әлемдi елең еткiзген Битлз, Ресейде Поющие
гитары, Веселые ребята, Голубые гитары, Грузияда Орэра, Белоруссияда
Песняры, Украинада Кобза сияқты алғашқы вокальды-аспапты топ қатарында
қазақ халқының атын әлемге паш еткен Дос-Мұқасан ансамблi де өнер көгiнде
найзағайдай жарқ ете қалған едi. Уақыт сынына төтеп берiп келе жатқан бұл
ұжым күнi бүгiнге дейiн күллi қазақ ұлты үшiн үлкен мақтанышқа айналды.
Әрбiр қазақтың той-томалақ, мереке-жиыны осы ансамбльдiң репертуарындағы
әндерсiз өтпейдi десек, артық айтқандық емес. Сонымен, құрылғанына 40 жыл
толуы мерекесiне орай ансамбль мүшесi болған философия ғылымының докторы,
профессор ҰЛЫҚПАН ЕСIЛХАНҰЛЫ СЫДЫҚОВПЕН әңгiмелескен едiк.
– Мерекелерiңiз құтты болсын! Әңгiмемiздi сонау артта қалған алғашқы
қадамдарыңыздан бастасақ. Техника саласының қыр-сырын меңгеруге келген
Сiздердi қазақтың ән өнерiн әлем жұртшылығына паш етуге қандай күш
итермеледi? Жалпы, философ ретiнде Ән құдiретi дегендi қалай
түсiндiресiз?
Бiздiң ел iшiнде көп тараған дұрыс пiкiр бар. Ол – әннiң тағдырын
шешетiн үш түрлi фактор туралы тұжырым. Бiрiншiсi, әннiң әуендiк мазмұны,
екiншiсi, әннiң әуенiне сөзiнiң үйлесiмдi болып келуi, үшiншiсi,
орындаушысы деп жатамыз. Бұл – өте орынды пiкiр. Соның iшiнде әннiң
құдiретiне бойлай түсу үшiн осы үш факторды ары қарай тереңдету қажет. Ән
бiрiншiден, ұлттың болмысынан туындап жатуы керек. Әннiң құдiреттiлiгi сол,
халықтың табиғатынан, оның сан ғасырлық ұлттық ерекшелiгiнен, соның iшiнде
салт-дәстүрiмен қатар, халықтың жүрiп өткен жолынан менмұндалап тұруы тиiс.
Мысалы, қазақ халқы Кеңес дәуiрiнде сауатсыз, мәдениетi төмен халық деп,
төмендетiлiп келдi. Мiне, осы пiкiрге бiз бойымызды, санамызды үйретiп
алдық. Ал шын мәнiнде қазақ дейтiн халықтың тарихы өте бай, әрi өзiне тән
ұлттық ерекшелiктерi мол. Сол ерекшелiктердiң бастауы тiкелей табиғатпен
етене байланыста болған көшпелi тұрмысынан туындаған. Жалпы, табиғат
дегеннiң өзi Алланың жаратқан үйлесiмi – гармония. Мысалы, жаз, көкмайса,
мөлдiр бұлақ, сарыжайлау, түнде самсап тұрған жұлдыздар, жарқырап тұрған
Ай, айналамыздағы сарқырап аққан өзен, мөлдiр бұлақтың сылдыры. Әрi қазақ
өмiрiнiң жан-жануарларымен етене байланыста болуының да өзiндiк мәнi бар.
Қыс қыстауға, жаз жайлауға көшу деген сияқты өмiрлерiнiң көбiсi сол
табиғатпен тiкелей қабысып кетуiнен туындаған ұлттық ерекшелiгiмiз ұлттық
әндердiң дүниеге келуiне түрткi болған. Табиғатпен үндесiп тұрған
дүниелердiң барлығы да анамыздың ақ сүтiмен, әкемiздiң қанымен бойымызға
дарыған ұлттық қасиет. Мысалы, Көшкенде жылқы айдаймын аламенен, Ауылыңа
барушы едiм даламенен дегендей, немесе Есен-аман жүрмiсiң, Ләйлiм шырақ,
Жаңа таптым ауылыңды көктен сұрап деген өлең шумақтарының барлығы да
ұлттық болмысымызды бейнелейдi. Әсiресе, Абайдың өлеңдерiнде мұндай
суреттер көптеп кездеседi. Дүниеге келген ән өмiршең болуы үшiн ол жүректен
жүректерге мөлдiреп құйылуы керек. Мысалы, қазақтың халық әндерi мен
күйлерiнiң өмiршеңдiгi – олардың ұлттық рухында жатыр. Бұл – бiрiншi.
Екiншi, бүкiл қоғамды, халықты, жұртшылықты толғандырып жүрген мәселелер
бүгiнгi өмiр салтымен етене қабысып жатпаса, ол ән өмiршең болмайды. Осы
тұрғыдан алғанда Дос-Мұқасан ансамблiнiң өмiрге келуi өткен ғасырдың
алпысыншы жылдарының екiншi жартысы десек, осы кезеңде бiздiң жағдай қалай
едi? дегенге тоқталуымыз керек. Бiздiң қазақ отызыншы жылдардың басында
аштықты бастан өткердi. Елдiң тектiлерi, мүмкiндiгi барларының көбiсi бас
сауғалап шетелге қашуға тура келдi. Одан кейiн отыз жетiншi жылғы зұлмат
басталды. Халықтың сөзiн сөйлеп, бас көтерер қаймақтарымыздың қатары сиреп
кеттi. Ес жиып үлгiрмей Ұлы Отан соғысы басталды. Мiне, осы бiр-бiрiмен қат-
қабат келген ауыр қиыншылықтардан кейiн бiздiң халық есеңгiреп қалды. Ал
ендi халықтың есiн жиып, етегiн жабуы, тойып тамақ iшiп, жыртығын бүтiндеуi
уақыт тұрғысынан алғанда сол алпысыншы жылдар болатын. Осы кезде халықтың
өзiн-өзi қайтадан тануға, бұрынғы салт-дәстүрiне, өнерiне жаңа бiр
көзқараспен қарауға мүмкiндiк туған шақ болатын. Екiншiден, дәл сол кезде
Коммунизм құрамыз деген ұранмен бүкiл қазақ мектептерi жаппай жабылуға
шақ қалып, тек бiр ғана совет халқы деген халық болып, барлық дүние бiр
арнаға тоғысады деген ұғым қалыптаса бастады. Әрi ұлттық сана-сезiмнiң
ояна бастауы сияқты процестер үлкен қайшылықта тұрған уақыт болатын. Осы
тұста бiздiң ұлттық рухани өнерiмiз де үлкен текетiреске тiрелдi. Оның
үстiне бiз жақсымыз, басқа жаман дегенмен, рухани салаға сол кезде-ақ
шетелдiң ықпалы зор болды. Биттлз сияқты жаңа еуропалық ырғақтағы әуендер
жарқ етiп шығып, жастар арасына тарай бастады. Осындай қат-қабат кезеңде
бiздiң жалпы қазақ қоғамында, оның iшiнде рухани әлемде Бiз осы
қайшылықтан, осы тығырықтан қалай шығамыз? деген үлкен сұрақ көкейiмiзде
тұрды. Осыған орай, Дос-Мұқасан ансамблiнiң iшкi әлемiнде мiне, осы
қайшылықтарды жеңiспен шешу бағдары тұрды. Мұндай қайшылықтардың дұрыс
шешiлуiне кейде кездейсоқтық пен заңдылықтың сәйкес келетiн тұсы да болады.
Дәл осы қарсаңда коммунизм орнатуға байланысты өмiрдегiнiң барлығы да
автоматтандырылады екен деген сенiм қабiлетi бар жастардың барлығын
әлемдiк деңгейдегi жаңа мамандық алуға ұмтылдырды. Мысалы, мен өзiм Семей
облысы, Мақаншы ауданындағы орта мектептi Алтын медальмен бiтiрiп, сол
кезде ашылғанына бiрнеше-ақ жыл болған Политехникалық институттың
Автоматика және есептеу техникасы атты факультетiне оқуға түстiм. Өзiмдi
ауылдың бетке ұстар баласымын деп кеуде соғып жүрсем, бұл жерге келушiлер
менен асып түспесе кем емес, көбiсi қалалықтар болып шықты. Оқуға түсуге
сынақ әрi қатаң, әрi өте жоғары деңгейде өттi. Электронды есептеу мамандығы
бойынша қабылданған балалардың арасында мектептi қазақ тiлiнде бiтiрген
бала мен ғана болдым. Жатақханада тұрамыз. Автоматика және телемеханика
атты мамандыққа да мектептi қазақ тiлiнде бiтiрген бiраз балалар
қабылданыпты. Солармен қуана-қуана танысып алдым. Ал, қалалықтар арасында
қазақша сөйлейтiн балалар бiрен-саран. Қолдарына гитара, домбыра
ұстағандарды көрсек, шүйiркелесе кетемiз. Сөйтiп, өнерге жаны құштар жастар
тез табыстық. Дос-Мұқасандықтар алғаш өнерге осылайша бет бұрған едiк.
Сол кездегi бiздiң комсомол ұйымының хатшысы Хамит Самбаев дейтiн әскерден
келген тiсқақты жiгiт бiздi өз маңайына үйiре бастады. Мен ол кезде балалық
сезiммен аздап өлеңдер жазатынмын. Алғашқыда томаға-тұйықтыққа тiрелген
менiң ендi өрiсiм ашылып сала бердi. Өйткенi, Мұрат домбыраның құлағында
ойнаса, Досымның нота танитын жетi кластық музыкалық сауаты бар екен. Әрi
өзi саксафонда, пианинода, басқа да бiрнеше музыкалық аспаптарда еркiн
ойнайды. Осылайша Самал студенттер клубында өтетiн кештерде, қыздардың
туған күндерiнде өлең айтып, көпшiлiк көзiне түсе бастадық. Менiң өз басым,
ән айтып, белгiлi бiр музыкалық аспапта ойнамасам да өнерге деген
құштарлығымда шек жоқ едi. Бар қолымнан келгенi –әндерге сөз жазатынмын.
Әрi бiздер сабақты да өте жақсы оқыдық.
Сөйтiп, 1967 жылдың жазында Дос-Мұқасан ансамблi құрылуы құрылды.
Тыңдарман жұртшылық жақсы қабылдады. Ендi алдымызда: Бiздiң ары қарай
болашағымыз қалай болады? деген үлкен мәселе тұрды. Сол тұста орыс тiлiнде
Бiз таланттарды iздеймiз! атты жас орындаушылардың байқауы өтiп, соған
қатысып, алғаш рет теледидарға шықтық. Электронды музыкалық аспаптар табу
деген ол кезде өте қиын. Бiздiң осы тығырықтан шығуымызға институтымыздың
ректоры Әшiм Құралбайұлы Омаров көп көмектестi. Дәрiс беретiн
ұстаздарымызбен ақылдаса жүрiп, бiзге музыкалық аспаптар сатып алып бердi.
Ендi: Орыс әндерiн қайталап айта беруден ештеңе ұтпаймыз. Тыңдарман
сенiмiн ақтайтындай қандай бағыт-бағдар ұстануымыз керек? деген мәселе
бiздi қатты ойландырды. Оқу орны басшысының тiкелей нұсқауымен, өнер десе
iшкен асын жерге қоятын Тұрсын Омарұлы Сәлiбаев деген ұстаз бiзге кеңесшi
болды. Сөйтсек, ол жезтаңдай әншi Жамал Омарованың туған iнiсi екен. Ол
кiсi бар, ансамбль мүшелерi бар – бәрiмiз ақылдаса келе, ұлтымыздың бойына
етене сiңiстi халық әндерiн уақыт ағымына үйлестiрiп, сөз, ырғақ, бояуын
бұзбай көпшiлiк назарына ұсынайық деген тоқтамға келдiк.
Досмұқасандықтардың күнi бүгiнге дейiн ұстанған бағыты, мiне, осы.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz