Ыбырай Алтынсаринның қазақ жазба әдебі тілінің негізін салудағы ролі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Ыбырай Алтынсаринның қазақ жазба әдебі тілінің негізін салудағы ролі

Жоспары:
I. Кіріспе.
Ыбырайдың ағартушылық қызметі.

II. Негізгі бөлім.
1. Ыбырайдың Қазақ хрестоматиясы еңбегінің сипаты, ондағы
материалдардың тіл ерекшеліктері.
2. Ыбырайдың орыс тілін үйрену бойынша қолданбасы, онда қазақ тіл
білімінің алғашқы терминдері.
3. Ыбырай Алтынсарин көркем шығармаларының тіл ерекшеліктері

Қорытынды

Кіріспе
1. Ыбырай Алтынсаринның ағартушылық қызметі.
XIX ғасырдың екінші жартысы қазақ мәдениетінің ояна, өң ала бастаған
кезі еді. Халқымыздың мәдени, рухани өмірінде яғни көркем өнер мен
әдебиетінде демократшыл бағыт байқала бастады. Сол дәуірдегі тарихи жағдай
мен сол жас жазба әдебиетттің өкілі Ыбырай Алтынсарин жөнінде әңгіме ету
үшін, алдымен осы бір кезеңдегі қазақ өмірі, халқымыздың тұрмысынан
жалпылама болса да мәлімет беру қажет.
XIX ғасыр, оның екінші жартысы қазақ халқының Россияға қосылуы бір
жола аяқталған кез, орыс халқымен шаруашылық, мәдени қатынас үдеген шақ.
Сонымен байланысты қазақ ауылының күнделікті тұрмысына, шаруашылық кәсібіне
өзгерістер енді. Мысалы, үй салу, егін егуді әдетке айналдыра бастады,
өндіріске барып, завод, фабрикаларға жұмысқа орналасты. Осы кездің
өзінде–ақ Спасск заводы, Успенск, және Жезқазған рудниктері жұмысқа
қосылды.
Қазақ даласында сауда–саттық үдеп, ақша айналысы күшейді. Қалалар
салынып, олар мәдениет ошағына айналды. Оқу–өнер осы қалалардан таралды.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы осы қоғамдық өзгерістер халықтың рухани
мәдениетіне әсер етпей қоймады. Мұндағы ең көңіл аударарлық мәселе
оқу–ағарту ісі болды. Қазақстан Россияға қосылғаннан кейін үкімет
тарапынан мектептер ашыла бастады, мектептерден жастар сауатын ашты, білім
алды. Сол оқығандардың арасынан бірді–екілі өлең жазатындар шықты.
Алайда Қазан төңкерісіне дейін қазақтың екі түрлі жазба әдебиеті
болғаны белгілі. Бірі–көптеген түркі тілдеріне ортақ кітаби–жазба әдебиет,
екіншісі–қазақтың таза өз тілінде жазылған әдебиет. Сол кездегі қазақтың
хат танитындары осы екі түрлі жазба әдебиет аясында бөлінді. Міне, осы
арадан келіп, соңғы бағыттың негізін салушы ретінде Ыбырайдың ролі мен
қызметі айқындалмақ.
Бұл кездерде мектепттерде сабақ оқыту да екі бағытта жүргізілді.
Бірі діни бағытты ұстады да, екіншісі азаматтық білім беру болды. Орысша
оқыса шоқынады, кәпір болып кетеді деп қараңғы халықты үгіттеген дін иелері
өздерінің мақсаттарын орындауға тырысып баққан кезі еді. Қожа–молдалар
іслам дінімен халықтың басын айналдырып, өз күн көрістері–діндарлықты
сақтап қалуға тырысты. Бұл кезде баспа бетін көрген кітаптардың дені
әулие–әнбиеларға толы, тілі қарапайым халыққа түсініксіз діни кітаптар еді.

Ыбырай Алтынсарин, міне, осында жағдайда барлық күш–жігерін халқы
қажет етіп отырған ең көкейтесті мәселелердің бастысы–ағарту ісіне жұмсады.
Ыбырай туған халқын қалтқысыз сүйген адам. Ол Н.И.Ильминскийге жазған бір
хатында жергілікті сайлауда пайданы қарапайым халықтың жағына шешкені үшін
үкімет орындарынан қуғын көргенін, оның татар және татарларды жақтаушылар
жағынан өзіне көптеген жау адамдардың қастық қылып, жүргені жөнінде былай
дейді: Заман осылай болған соң не істерсің, қымбатты Николай Иванович,
мүмкіншілік болған жерде қырғыздардың (қазақтардың) қоғамдық әл–күйін
жегідей жеген, олардың келешегін бүлдірген зұлымдыққа қарсы тұру үшін
әйтеуір бір нәрсе істеу керек болады, суға батып бара жатқан адамдарды
көрген жерде оларға жәрдемдеспеу арсыздық болар еді ғой, ал бұл жөнінде
қимыл жасаудың өзі де қатерсіз көрінбейді. Ертеректе мұндай жағдайда
бастықтардың өзі қолдар деп сенген едім, бірақ бұл әр уақытта мүмкін емес
екен және бұған сенуге де болмайтын көрінеді. Құдай әмірі орындала берсін,
бірақ мен өзімнің негізгі пікірімнен, күшім жеткенше, туысқандарыма пайдалы
адам боламын деген талабымнан безбеймін. Бұл сөздерден Ыбырайдың айналасын
қоршаған ортаға, сол кездегі үкімет орындарына қандай көзқараста болғаны
өзінен өзі–ақ көрініп тұр. Енді бір хатында оқу инспекторының көмекшісі
болып сайланғанын естіп, Ыбырай білімге бай болмағанымен, халқына деген
сүйіспеншілікке бай қазақты таңдап алғандарына риза болып, Ильминскийге
рақмет айтып хат жазады.
Ыбырай халқына баға жетпес көмегін оқу–ағарту ісінен бастайды. Оның
жазушылық қызметі де, бізге мұра ретінде жеткен атақты хрестоматиясы да сол
ағартушылық қызметімен тығыз байланыста дүниеге келген еді. Осындай
заманда қазақ балаларына арнап орыс мектебін ашу, ол мектептің оқу құралын
орыс әрпімен жазып шығару, сол мектепте орыс өнерпаздарының аттарын
әулие–әнбиелердің орнына ең қадірлі ат ету, жаңағы дүмше молда, көр кеуде
надан қауым кезінде барып тұрған күпірлік, бұзарлық болып көрінетін[1]
болса да Ыбырай қазақтың жазба әдебиетінің басы болып саналатын Қазақ
хрестоматиясын (1879) орыс әрпімен бастырды. Бұның өзі сол кездегі сөздері
шұбар араб әрпімен басылып шығып жатқан кітаптарға, діндар авторларға соққы
болды.
Қазақ әдебиетінің феодалдық–патриархалдық қоғам қарамағынан шыға
алмаған кезінде, бар арман мүдде, қайғы–зарды білдіруде ауыз әдебиетінің
алғашқы қадамы бірден оң бола қойған жоқ. Жазба әдебиеттің тез қалыптасуына
ортаның қараңғылығы ғана кедергі болып қоймады, сол кездегі ауыз
әдебиетінің мерейінің үстем болғандығы да елеулі әсер етті. Жазба әдебиет
дегенде соның ішінде прозаның жолы тарлау болды, одан гөрі поэзия дәстүрі
құлашын кеңірек жазды. Осының бәрі қазақ жазба әдебиетінің тез арада ірге
көтеруіне белгілі бір шамада қиындық келтірді. Бірақ жазба әдебиетіміз
ауыз әдебиетінен қара үзбей, нақты байланыста бола отырып, дамиды. Оған
Ыбырай негізін қалаған жазба әдебиет материалдары айқын дәлел болады.
Ыбырайдың сөз қолдану ерекшеліктерін және қазақ тілінің XIX
ғасырдағы қалпын анықтай түсу үшін Хрестоматия материалдарынан басқа
Орыс тілін қазақтарға үйретудің бастауыш құралы деген кітапшасын (1879),
Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу және оған ас беру
дәcтүрінің очеркі2, Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату
және той жасау дәстүрлерінің очеркі деген еңбектері де өте құнды деректер
есептеледі.
Ыбырай өзінің атақты Қазақ хрестоматиясының екінші бөлімін жазды.
Ол жөніндегі мәліметті оның Орынбор округының татар, башқұрт, қырғыз
мектептері бойынша инспекторы В.В.Катаринскийге жазған хатынан білуге
болады. Бұл хат Ыбырайдың өлімінен алты жыл бұрын жазылған. Онда былай
делінген: ...Хрестоматияның екінші бөлімінің жұмысы да алға жылжуда тарихты
бітіріп, енді география тарауына кірістім. Кейбір зерттеушілер Ыбырайдың
екінші кітабы дегені араб әрпімен жазылған Мактубат деген кітабы болса
керек дейді.
Ыбырай Шариат–ал–ислам (Мұсылманшылықтың тұтқасы) деген еңбегін
жазып қалдырды, ол 1884–жылы Қазанда басылып шыққан. Онда мұсылман дінінің
жобалары, шарттары мен парыздары, Құраннан үзінділер келтірілген. Бізге
керегі бұл шығарманың тілі. Сол кезде мектептерде дін сабағы өтілген.
Ыбырайдың Шариат–ал–ислам кітабын сол себептен жазған болуы мүмкін.
Кітаптың кіріспесінде ол былай деп жазған: Мұның соңында бұл кітапты жазып
шығарған себебіміз һәр кімге мәлім кәләм–шариф һәм үлкен ғалым кітаптар
ғәрәб тілінде жазылуы ғәрәб тілін һәр кімге білмек қиын һәм көп қаржылыққа
мүмкін де емес. Мұнан гөрі және көп сөздері де не ғараб не парсы тілінде
болып һәр жұрттың лұғаты бөлек болуынан көп оқымаған адамдар аят хадисіне
бұйырылған һәр мұсылманға керекті қысқа ғылымдарды да білуге қадір бола
алмады, –деген сөзінен кітапты қандай мақсатта жазғандығы аңғарылады.
Жалпы алғанда, Шариат–ал–ислам қазаққа түсінікті тілмен жазылған.
Мұсылманшылық туралы бұлай қарапайым етіп бере алу үлкен шебердің ғана
қолынан келеді. Бұл еңбекте шағатаизм араб–парсы элементтері едеуір
баршылық, бұларды ол еңбекті діни тақырыпқа жазғандықтан әдейі қолданған
болуы мүмкін.
Негізгі бөлім

1. Ыбырайдың Қазақ хрестоматиясы еңбегінің сипаты, ондағы
материалдардың тіл ерекшеліктері.
Ыбырай Алтынсарин қазақ жазба әдебиетінің алғашқы нұсқасын салып
берді деген ұғымды дұрыс түсіну керек. Ыбырайға дейін көркем жазба әдебиет
болды ма деген тұрғыдан келгенде, оның шығармаларын қазақтың қарлығашы
деуге болады.
Ыбырай мен Абайға дейін де әр түрлі жазба нұсқалардың болғанын айту
қажет. Бірақ олар қандай нұсқалар еді, әңгіме сонда. Бұл жөнінде академик
I.Кеңесбаев: ...Қазақ әдебиетінің нышаны Абайға дейін де байқалды:
а) ол кейбір діни және дүниелік шығарма түрінде, б) лингвистикалық
еңбектерде, в) жарияланған бай ауыз әдебиетіміздің нұсқалары, әсіресе қазақ
халқының поэтикалық творчествосында, г) сол тұстағы дүниеге келген жазба
әдебиетіміздің жекелеген өкілдерінің еңбектері, атап айтсақ, Махамбет
Өтемісов., Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы көрініс береді–деп жазды.
Демек, Ыбырайдың хрестоматиясы шыққанға дейін тілдік жағынан көркем
жазба әдебиеттің үлгісі боларлық дүниелер (ауыз әдебиетінен басқа) болды
деп айта алмаймыз.
Ал оның өзінен бұрынғы қазақ ақын–жазушыларынан
айырмашылығы–шығармаларын жазып шығарды, орыстың классикалық әдебиетіне тән
гуманизмді үйрене отырып, шын мәнінде демократияшыл бағыт ұстаған көркем
әдебиет үлгісін жасады. Бұл шығармаларына әдеби анализ, тілдік талдау
жасаудан бұрын Ыбырайдың күні бүгінге дейін сөз болмаған ана тілі тазалығы
үшін жүргізген күресі жөнінде сөз ету қажет.
Ыбырай творчестволық, педагогтық жұмысын ең алдымен ана тіліміздің
тазалығын сақтау үшін күрестен бастады. Мұның өзі себепсіз емес еді.
Ыбырайға дейінгі қазақ (жазба) тілінің қоспалы болғандығын, атап
айтқанда, татар, араб, парсы сөздерімен шұбарланғандығын, бүгінгі
ғалымдарымызды былай қойғанда, онымен тұтас, қаламдас қайраткерлердің
өздерінің–ақ айтып кеткені белгілі.
Сол кезде баспа жүзіне шыққан қазақша материалдардың тілі туралы
орыс ғалымдары да жазған болатын. Н.И.Ильминский Қазақ жазбаларынан таза
қазақша жазылған бір парақ қағаз не бір хат таба алмайсың, өйткені
араб–татар альфавиті қазақтың дыбыс жүйелерін, әсіресе дауысты дыбыстарын
дәл бере алмайды.
Тіпті таза қазақ тілінде жазылды деген материалдардың өзінен
татарлардың исі аңқып тұратынын өзім талай рет көрдім–десе, П.М.
Мелиоранский мұның сырын ашып, қазақтар оның үстіне сендердің бұзылған,
таза емес, деп кемсіткен татарлардан сауат ашты. Олардың ойынша норма бола
алатын–татар тілі де емес, көбінше осман түріктері мен шағатай тілдері еді.
Олар қазақтардың жарлы тілін араб–парсы тілінен ауысқан діни сөздермен
әшекейлеп жазуға, сөйлеуге үйретті. Соның нәтижесінде қазақ молдалары,
шынында да, олардың сөзімен айтқанда, бұзылған, таза емес қазақ тілінде
жаза бастады. Кейде ол тіпті оқымаған қарапайымдарға түсініксіз болды.
Сондықтан қазақтың жазба тілі мен сөйлеу тілінің арасында көп айырмашылық
бар екені байқалады–деген болатын.
Академик В.Радловта өзінің қазақ әдебиеті туралы зерттеулерінің
бірінде Қазақтың таза және жазба тілі жоқ, өйткені қазақты оқытқандардың
көбі татарлар еді, олар бұл тілді шала біледі де, қойыртпақтап сөйлейді,
сондықтан сауатты қазақтар татарша жазатын еді–деп көрсетті 1989-жылы.
Ыбырайға дейінгі де, кейінгі де шығып тұрған мұралардың таза қазақ
тілінде басыла бермейтінін Айқап журналының бетіндегі мына сөздерден де
байқауға болады. Соңғы замандарда Қыз–Жібек, Айман–Шолпан секілді
қазақтың хикаялары да басыла бастады. Лекін бұл кітаптарды бастырушылар
ноғай болғандықтан, сөздері де бытысып іші де өте нашар болып шыққан3.
Міне, шыққан кітаптарға сын тағып отырған қазақша шығып тұрды деген
журналымыздың тілі де мінсіз еместігі көрініп тұрыпты. Осы журналдың тағы
бір нөмерінде Нағыз шынын айтқан уақытта қазақ тілінде деп бастырылған
кітаптардың көбінде қазақтың исі де жоқ. Неге десең тілдері бытпырық,
бытпырық болмағандарының ағыны теріс4, –дейді.
Жоғарыдағы айтылған келіссіз жайттарды жоюды Ыбырай шұғыл қолға
алды. Туған халқының келешегіне нақ сенген ол қазақ сөздерін фонетикалық
жағынан дұрыс бере алмайтын араб альфавитінен бас тартты, қазақша
кітаптардың, сабақтың, татаршамен шұбарлануына қарсы күресті. Ыбырай қазақ
сөздерін дұрыс бере алмайтын араб алфавитіне, қазақ тілінің тазалығын,
бірлігін бұзатын, басқа түсініксіз сөздермен былғайтын татарша
сауаттандыруға ашық түрде қарсы шықты. Алтынсарин Н.И.Ильминскийге
1871–жылы 31–августа жазған хатында орыс альфавитін сол үшін қолданғанын
айтады.
Ыбырай жоғарыдағы айтылған қоспа тілге әдебиетіміздің басы болып
саналатын Қазақ хрестоматиясын жарыққа шығару арқылы қатты соққы береді.
Бұл кітап тіл тазалығын сақтаудағы ол салып берген сара жол практикалық
өнеге.
Автор өзінің Хрестоматиясының алғы сөзінде ...нысанаға дәл тиюі
үшін орыс әрпімен бастыруды дұрыс деп таптық,–деді. Ыбырайдың мұндағы
мақсаты қазақ балаларына түсініксіз кітаби тілден бір жола қол үздіру
немесе татарша араласып жазылған кітаптардан құтылу, солар арқылы қазақ
арасында тарап бара жатқан араб–парсы тіліне жол бермеу, қазақ тілінің
дұрыс жазылуын, оның тазалығын сақтап қалу екені белгілі.
Ыбырай бойы қазақ тілінің тазалығы үшін күрестен тоймаған. Мысалы,
оның шәкірті Әбдіғали Болғынбаев өзінің Ыбырай Алтынсарин туралы
мәліметтер деген естелігінде Оның өз ана тілі–қазақ тілін, шеттен енген
кірме сөздер көп болса да, орыс тіліндей бай тіл болмасада әрдайым ойды
мәнерлі әрі дәлдеп тұжырымдап бере алатынын талай рет ескерткен және бұл
тілді таза сақтау керектігін мойындатқанды да. Ол қазақ тіліне татар тілін,
татардың китаби тілін араластырып сөйлеушілерге қарсы тұрғанын айтады.
Ыбырай шығармаларының қай–қайсысында кітаби тілдің элементтерінің
қисынсыз кездеспейтіні осыдан. Қазақ тілін кітаби тілмен шұбарлағандарға
қарсы болған. Ыбырай, әрине, өзі де ондайдан аулақ болған.
Ыбырайдың қазақ тілінің тазалығы үшін күрескенін, өзі де жазу ісінде
осы принципті ұстағанын орыс ғалымы Н.И.Ильминский де Ыбырай Алтынсарин
туралы естеліктерінде (Қазан, 1981) атап айтады. Ыбырай алғаш тілмаш болып
жүргенінің өзінде іс қағаздарын таза қазақша жазуға тырысқан. Бірде
кеңесші оған Ордаға жазылған кішкене ғана жарлықты аударуды тапсырады.
Алтынсарин оны таза қырғыз (қазақ) тіліне аударып жазады. Ол кіші тілмаш
болғандықтан оның аудармасына аға аудармашы қол қоюы керек екен. Ол мынадай
аудармаға ыза болып, түгелдей сызып тастайды да, оның орнына татарша
жазады. Бұл жөнінде Алтынсарин маған аса қынжылып айтып еді, –дейді
Н.И.Ильминский.
Қазақтың ауыз әдебиетімен жақсы таныс Ыбырай ел аузынан фольклор
материалдарын жиып бастырды. Мысалы Қара батыр., Жәнібек батыр.,
Жиренше шешен атымен байланысты аңыз–әңгімелердің ауыз әдебиетінің бір
байлығы болып саналатын мақал–мәтелдердің Ыбырай хрестоматиясынан орын алуы
тегін емес. Ыбырайдың алғашқы кезде шәкірті, кейін істес жолдасы болған
Болғанбаев өзінің Естелігінде Алтынсаринның мұғалімдерге байлығы жағынан
да, стильдік құрылысы жағынан да татар тілінен кем түспейтін, аса бай
тілімізді әлі де болса дамыта түсу керек, қазақтың мақал–мәтел, жұмбақ,
фольклорындағы қанатты, нағышты сөздерінің бар нәзіктіктеріне дейін меңгеру
керек, содан үйрену керек–деп үйреткенін айтады. Ыбырай бұл сөздерді
айтып, насихаттап қана қойған жоқ, оларды өзінің төл шығармаларында шебер
қолдана білді.
2. Ыбырайдың орыс тілін үйрену бойынша қолданбасы, онда қазақ тіл
білімінің алғашқы терминдері.

Ыбырайдың творчестволық қызметі әр қилы: көркем әңгіме жазып, өлең
шығарып немесе сол кездегі қазақтың халі, тұрмыс-жайы туралы мақала жазып
қана қоймаған, тіл туралы да еңбек қалдырған. Бұл жерде XX ғасырдағы қазақ
тілінің лексикасын сипаттайтын әрі екі тілді, атап айтқанда, орыс және
қазақ тілдерінің грамматикасын салыстырып беретін Начальное руководство к
обучению киргизов русскому языку деген еңбегі назарға алынады. Ыбырай
шығармаларының лексикалық, грамматикалық, стильдік ерекшеліктерін сөз
етпес бұрын, оның тіл туралы мұрасына тоқталу керек. Қазақ грамматикасының
алғашқы бастамаларының бірі ретінде де әрі бұрын зерттелмегендіктен де бұл
мәселеге тоқталу керек.
Алтынсаринге дейінгі жарық көрген еңбек Н.И.Ильминксийдің Материалы
к изучению киргизского наречия деген кітабы. Бұл тұңғыш қазақша–орысша
сөздік 1881-жылы Қазан қаласында басылып шыққан. Өзінің кіріспе сөзінде
автор былай дейді: ...в нашей ученой литературе есть только весьма немного
кратких, отрывочных заметок о киргизском наречии, Часть звуковая, Часть
грамматическая, Имя, Глагол атты бөлімдерінде қазақ халқының сөйлеу
тіліндегі сөздік ерекшеліктерге ғана тоқталып кетеді. Бір жағынан, бұл
салыстырмалы грамматикаға да ұқсайды. Мысалы, қазақша сөздерді,
грамматикалық формаларды келтіре отырып, оларды татар, шағатай тілдерімен
салыстырып, айырмашылығын көрсетіп отырғанын айтуға болады. Кітаптың одан
әрі жалғасы 37–беттен басталады, 119–бетпен аяқталатын Сөздікпен
(Словарь) бітеді. Мұнда қазақ тілінің өткенінен мәлімет беретін біршама
материал бар. Н.И.Ильминскийдің еңбегі қазақша–орысша сөздік жасаудың
алғашқы үлгісі болып саналады. Сонымен қатар қазақ тілінің тарихын
зерттеуде, тіліміздің даму процесінен хабар беретін құнды мұра
Н.И.Ильминский кітаптың кіріспе сөзінде, басында бұл материалдарды кітап
етіп шығарамын деп алдына мақсат етіп қоймағандығын, реті келген жерде өзі
көңілі қалаған сөздерді дәптерге түсіріп отырғанын, ол сөздердің кейін 3-4
дәптер материал болып, Қазанға келгеннен кейін, қазақ тіліне арналған
ешқандай жұмысы жоқ екенін ескертіп, баспаға бере салғанын ескертеді.
Сондықтан да қазақтың өз ішінен шыққан оқыған жастардың осы материалды
одан әрі зерттеп, арнайы еңбек жазатынына сенімім мол дейді.
Ол сенімді 18 жылдан кейін барып қазақтың білімді жастарынан Ыбырай
Алтынсарин іске асырды. Оған дәлел 1879-жылы жарық көрген Начальное
руководство к обучению киргизов русскому языку деген еңбегі. Бұл еңбек
негізінен жеті бөлімнен тұрады.
I. Нәрселердің аттары (Имя существительное). II. Зат–мақұлықтың
қасиетінің аттары (Имя прилагетельное). III. Местоимение. IV. Ақыры
өзгермейтін сөздер (Наречие и союз). V. Есап аттары (Имя числительное). VI.
Предлог. VII. Глагол. Ыбырай сөздігінің алдыңғылардан бір артықмашылығы
қазақ тілі лексикасының бәрін жинақтап сөз таптарына бөліп, саралап береді.
Ол жоғарыдағы аталған тараулардың әрқайсысының алдынан соған тән
қазақша–орысша сөздік жасап, содан кейін жеке–жеке әр сөз табының қасиетіне
байланысты грамматикалық ерекшеліктеріне тоқталып, екі тілдің салыстырма
грамматикасын жасайды. Осы сөз етілген тарауға байланысты оның алдымен
сөздігіне тоқталып, содан соң грамматикасын қарастыру мақұл көрінеді.
Ыбырай сөздігінің ішінде ең бір көлемдісі де, көңіл аударатыны да,
Глагол деп аталатын VII бөлім. Бұл тарауда етістіктің 280 сөзі жасалған.
Көңіл аударарлық дейтін себебі, осы етістіктердің берілуі қазіргі
етістіктердің инфинитив формасынан өзгеше. Мысалы: оқуға–читать,
жаттауға–твердить т.б. Осы сияқты сөздікте берілген етістіктердің бәрі
дерлік тұйық райдың барыс септіктері –ға, –ге жалғауы жалғанған күйінде
келеді. Бұндай инфинитив формасының барыс септігі күйінде келуі өткен
ғасырдағы жалпы халықтық тілдің нормасы сияқты. Өйткені ол ауыз әдебиетінде
де, Абай шығармаларында да кездеседі.
Ыбырайдың бұл кітабы, әрине, кейінгілерге қалған асыл мұра. Бұл
өткен ғасырлардағы тұңғыш жазба әдебиетіміздің қалыптаса бастаған
кезіндегі, халықтың тілдің қандай дәрежеде болғанын, кейін тіліміздің дами
келе қандай сатыға көтерілгендігін көрсететін баспалдақ болып саналады.
Әсіресе, тіл тарихын зерттеушілерге бұл сөздік көптеген материалдар беріп,
зерттеу жолында түрлі ойлар тұғызады. Бұл еңбек сол кезде қазақ авторының
қолынан шыққанымен де бағалы.
Еңбектің тағы бір құнды жері–қазақ тілінің терминдерінің сол кездің
өзінде қазақша берген, сонымен қатар қазақ тілінің орыс тіліне сәйкес
келмейтін, оның грамматикалық заңдылықтарына бағына бермейтін басты–басты
ерекшеліктерін баса көрсетіп, оқушыларына ескертіп отыратындығы.

Ыбырай кітаптың кіріçпе сөзінде–ақ еңбекті жазғандығы алдына қойған
мақсатының басын ашып айтады. Ол ... қазііргі нұсқау құралымыз толық
грамматика емес, ол тек сөйлесуде, жазуда ғана тілдің негізгі заңдылықтарын
дұрыс пайдалана білу үшін жол көрсететін алғашқы құрал ғана.., деп
ескертеді.
Сондықтан да ол бөтен тілді қолдануда туғызатын басты–басты
ерекшеліктерге тоқталады. Нәрселердің аттары (Имя существительное) орыс
тілінде родқа бөлінетіндігін мужской (еркек), женский (әйел), средний
(орта) айта келіп, қазақ тілінде сөздердің ондай қасиеті жоқ дейді. Бұдан
әрі заттардың көптелетіндігін (шапан–шапандар, орысшада окно–окна,
камень–камна), кімнің сұрағанына қарай қарай сөздердің соңы өзгеріп
отыратындығын (аға, ағаның, ағаға..), оның орысшада склонить деп
аталатындығын ескертіп, артынан қазақша–орысша жаттығулар беріп отырады.
Ыбырай тек қазақ тілі мен орыс тілінің арасындағы ерекшеліктерді
ғана емес, орыс тілінің өзіне тән қасиеттерін де сөз етеді. Мысалы:
Ножницы, вилы, чернила, дрова, сливки рәуішті сөздер жалғыз множественное
числомен склонить етіледі, темнота, старость, молодость, гнев, любовь
рәуішті сөздер жалғыз единственное числода склонять етіледі, –деп
ескертеді. Оның склонять, мн.число, ед.число деген терминдерді қазақшаға
аудармай, сол орысша күйінде беру себебі бұл сөздердің қазақшадағы
баламасын дәл бере алмағандығынан немесе оқушылар орысшаға дағдылану үшін
сол тілдің өзінде беруді көздегендіктен болса керек.
Грамматиканың Зат–мақұлықтың қасиетінің аттары (Имя
прилагательное) деген II бөлімінде қазақша–орысша сөздікті бере келіп, тағы
да олардың грамматикалық өзгеріске түсу қасиеттеріне тоқталады. Ол былай
дейді: Имя прилагательноеның қайсыбір сөздерінің аяғын өзгертумен жаңа
мағына шығатын орындары бар. Егер бір сөзді қалыбынан көрі артылдыңқырап
айтайық десек, біздің тілде ол сөздің алдына ең, артықша дегендерді
қосамыз. Орысша тілде ондай орында сөздің аяғына –айший, –ейший, –ший
дегендер қосылады. Қараңыз:
Крепкий–крепчайший–ең қатты.
Сильний–сильнейший-ең мықты.
Высокий–высший–ең биік.
Красивый–красивейший-ең сұлу т.б. Бұл сөздерге сол сияқты –рақ,
–рек–ті қосу арқылы да қасиетін көтеріңкі айтуға болатындығын тағы
ескертіп, мысалдар келтіріп отырған (мықтырақ, биігірек, сұлуырақ т.б).
Оқулықтың III бөлімі Есеп аттары (Имя числительное) деп аталады.
Мұнда бірден бастап үш, төрт, қатарлы сандардың аударылуы беріліп, олардың
орыс тілінде родқа, числоға бөлініп, зат есімдердің алдында септелетіндігін
ескертіп, көптеген мысалдармен дәлелдейді де, қазақ тілінде реттік
сандардың –ші қосымшасы арқылы жасалатындығын айтады. Местоимение деген
сөздік бөлімі деген IV бөлімде барлық есімдіктердің көптелу, жіктелу,
тәуелдену түрлері орысшаға аударылып, олардың орысшада септеуліне көптеген
мысалдар келтіреді. Бұл бөлімнің сөйлеу тілінде, оқығанда материалдарды
түсінуде оқушыларға қиындық тұғызатынын кітаптың кіріспе сөзінде айтып
кеткен болатын: ... в книге данной для чтения, прежде всего может
всретиться слово он, и ученик по объяснению учителя, признает, что слово он
соответствует киргизскому ол, но в следующий раз встречается тоже слово в
виде она, его, ей, о нём, а в следующий раз встречается шёл, шла, нужно
вновь объяснять, что это тоже слово идти, но выражает действия в прошедшем
времени и в известном роде. Сондықтан осындай қиындықтар тұмау үшін,
оқытушыға да, оқушыға да жеңілдік ету мақсатында осы баслы құралды
салыстырмалы грамматика етіп, екі тілдік сөздікпен беріп отырғандығын
ескертеді. Бұл жағынан Ыбырайдың үлгілі методист, тәжиребелі оқытушы
екендігін аңғаруға болады.
Ыбырай сол сияқты кітаптардың VI бөлімінде қазақтың ішінде,
турасында (қазіргі–туралы), шейін, дейін деген сөздері орыстың в, о, об,
до, у, без, для деген предлогтарына сәйкес келетіндігін, олардың белгілі
бір септікті керек ететінін көрсетеді. Мысалы: үйге шейін–до дома, кітаптар
үшін–для книг.
Қазақ тіліндегі кейбір септік жалғаулардың орыс тілінде предлог
арқылы берілетіндігін де ескертеді. Мысалы: из, изо, от, ото–дан, –ден,
–нан, –нен: жерден–из земли; у,к –ға, –ге, –қа, ке: атаға– к отцу т.б. Бұл
жерде бір-екі мысалдан ғана келтірілді. Ыбырайда қазақ тіліндегі шылау
сөздермен септік жалғаулардың бәрі дерлік орыс тілімен сәйкестендіріліп
аударылған.
Оқулықтың соңғы VII бөлімі Глагол деп аталады. Мұнда да
етістіктердің қосымшалар арқылы қандай өзгерістерге түсетіндігі әңгіме
болады. Оның ішінде, әсіресе, предлогтардың глаголдардың алдына қосылуы
арқылы сөздің мағынасын біраз өзгертетіндігіне көптеген мысалдар келтіріп,
оның қазақша аудармаларын береді. ...Қараңыз: входить–кіруге,
выходить–шығуға, проходить–өтуге, отходить–әрі кетуге, доходить–жетуге,
походить–жүре түсуге, подходить–қасына келуге, находить–үстінен шығуға,
табуға, заходить–кіріп шығуға, уходить–шығып кетуге, обходить–айнала
жүруге, восходить–төмен түсуге, переходить–кесе өтуге дегендер рәуішті деп
бір ғана находить етістігінің предлог арқылы қанша мағынаға ие болатынын
оқушыларға мысалдармен дәлелдеп көрсеткен. Методикалық жағынан қазірдің
өзінде маңызын жоймаған бағалы еңбек. Үйретудің бұл тәсілі мектеп балалары
үшін бүгінгі таңда да өте қажет.
Одан әрі Ыбырай: Абайлап, ойланып қарасаңыз осы глаголдардың
қайсысы существительноеға, қайсысы прилагательноеға, ұқсас ондай сөздердің
асыл түбі бір екені рас; жай тілде де болса сөзден сөз шығады. Қараңыз:
ақсауға–хромать, ақсақ–хромой–деп қосымшалар арқылы сөзден сөз туатынын
да ескертіп, оқушыларға жан–жақты түсінуге мүмкіндік жасап, бір сөз табын
туғызуға жаттығулар береді. Бір тамаша жері, осы жаттығулардың бәрі екі
тілде бірдей орындалып отырған.
Тағы бір қызығы, қазіргі нормативтік грамматикамыздағы етістіктің
шақ формалары сонау Ыбырай оқулығында да сөз болған. Ол терминдердің
алғашқы қарлығашы қарапайым болса да, Ыбырайда айтылған. Ол: Егер біз өз
тілімізде жүруші дегеннің өткен уақытта жүргенін айтқымыз келсе, әлгі –уші
дегеннің орнына –ған, –ген, –қан, –кен дегендерді қоямыз. Например:
сүйген, силаған...алуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дала қоңырауы - Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық көзқарасының қалыптасуы
Қазақ халқының ағартушысы – Ыбырай Алтынсарин
ЫБЫРАЙ МҰРАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Ыбырай Алтынсариннің өмірі
Қазақ хрестоматиясының дүниеге келуі
Ыбырай Алтынсаринның дидактикалық жүйесі
Ы.Алтынсарин шығармаларының тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктері
Ыбырай мұраларының өзектілігі мен маңызы
Ыбырай Алтынсарин педагогикалық жүйесіндгі тәрбие
Пәндер