Алтын Орда дәуіріндегі Сыр бойы қалаларының қалыптасу тарих


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Гуманитарлық-педагогикалық институты

«Тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы

Бахадырова Тұрсынай

Алтын Орда дәуіріндегі Сыр өңірі қалаларының тарихы

6B02234 - «Археология және этнология»мамандығы бойынша

бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған дипломдық жұмысы

Ғылыми жетекшісі

педагогика ғылымдарының магистрі

Б. М. Ахметбек

Қызылорда, 2021жыл

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Гуманитарлық-педагогикалық институты

«Тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

«» 2021ж.

Алтын Орда дәуіріндегі Сыр өңірі қалаларының тарихы

6B02234 - «Археология және этнология»мамандығы бойынша

бакалавракадемиялық дәрежесін алу үшін дайындалған дипломдық жұмысы

Ғылыми жетекші,

педагогика ғылымдарының

магистрі, аға оқытушы Ахметбек Б. М.

(қолы)

Институт директоры ТайманС. Т.

(қолы)

Студент Бахадырова Т.

(қолы)

Қызылорда, 2021 жыл

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . . 4

КІРІСПЕ . . . 7

І. Алтын Орда дәуіріндегі Сыр бойы қалаларының қалыптасу тарих. 9-15

1. 1. Қaлaлaрдың қалыптасуының саяси алғы шарттары . . . 16

1. 2. Қaлaлардың құрылуы. ХІІІ-ХV ғасырдың бірінші жартысындағы қала мәдениеті . . . 25

ІІ. Алтын Орда мұрасы - Сыр бойы қалаларының жәдігерлері . . . 26-33

2. 1. Сыр бойы қaлaлaрының зерттелу процессі . . . 34

2. 2. Aлтын Орда тұсындағы қалалардың дамуы . . . 57

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60-63

АННОТАЦИЯ

Диплом жұмысында Сыр бойының Алтын Орда дәуіріндегі ортағасырлық қалаларына жүргізілген зерттеулері сөз болады. Қызылорда облысында жүздеген тарихи-мәдени ескерткіштердің бар екенін ескерсек, олардың әрқайсысының тарихы, өзіндік ерекшелігі мен құндылықтары бар. Зерттеу жұмысы барысында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасында Өңірлік қасиетті нысандар тізбесіне енгізілген Алтын Орда дәуірі қалаларының тарихы жан-жақты баяндалады.

2019 жылы Президент Қ. К. Тоқаевтың бастамасымен Алтын Орданың 750 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланғаны белгілі. Осы мақсатта Сыр бойындағы Алтын Орда дәуірінің бізге жеткен мұралары - қалалар тарихын зерттеу, жаңаша зерделеу ғылыми айналымға енгізу диплом жұмысының басты мақсаты болып табылады.

АННОТАЦИЯ

В дипломной работе речь идет об исследованиях сыры в средневековые города эпохи Золотой Орды. Учитывая, что в Кызылординской области есть сотни историко-культурных памятников, каждый из них имеет свою историю, свою специфику и ценности. В ходе исследовательской работы в проекте» Сакральная география Казахстана " подробно рассказывается история городов эпохи Золотой Орды, включенных в перечень региональных сакральных объектов.

Как известно, в 2019 году по инициативе президента К. К. Токаева 750-летие Золотой Орды было отмечено ЮНЕСКО. В этих целях актуальность дипломной работы заключается в изучении, введении в научный оборот истории городов - дошедшего до нас наследия эпохи Золотой Орды в сырье.

Аnnotation

The thesis is devoted to the study of medieval cities of the Golden Horde era of Syrdarya. Given that there are hundreds of historical and cultural monuments in the Kyzylorda region, each of them has its own history, originality and values. In the course of the research, the history of the cities of the Golden Horde era, included in the list of regional sacred objects in the project "sacred geography of Kazakhstan", is presented in detail.

As you know, in 2019, on the initiative of President K. K. Tokayev, the 750th anniversary of the Golden Horde was celebrated at the UNESCO level. For this purpose, the relevance of the thesis is the study of the history of cities - the heritage of the Golden Horde era along the Syr Darya river, the introduction into scientific circulation.

КІРІСПЕ

Зерттеудің жалпы сипаттамасы: Сaнaны жaңғырту, өткен тaрихымызды түгендеу, киелі жерлер мен рухaни қaсиетті орындaр - хaлықтың рухaни дәстүрінің тірегі. Сыр бойы тaрихи қaлaлaрдың шоғыры. Елбасы Н. Ә. Нaзaрбaевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бaғдaрлaмaлық мaқaлaсындaғы «Қaзaқстaнның киелі жерлерінің географиясы» жобaсы ұлттық нышандaрды, қaзaқстaндық ұлттық бірегейліктің қaлыптaсуынa мүмкіндік береді.

Елбaсы мaқaлaсындa: «Қазақ жерінің әрбір жері мен тасы, суы мен нуы, тұңған тарих. Қазақтың кең сахара даласы әр ғасырдың тарихына куә. Әрбір төбесі ыстық және ерекше деп атап өткен болатын. Біздің тарих мыңжылдықтардың куәсі, ғасырдың ғаламат бейнесі - біздің тарих», - деп атап өткен болатын.

Зерттеудің өзектілігі:

Оғыз-қыпшaқ кезеңінде орын aлғaн үздіксіз соғыстaр мен қaқ­тығыс­тaрғa, сaяси-этникaлық жaғ­­­дaйлaрдың шиеленісуі мен өлкедегі табиғи-экологиялық aхуaлдың өзгеріске ұшырaуынa қaрaмaстaн, Cырдaрияның төменгі aғысын мекендеген тұрғындар IX-XII ғaсырлaрдa. Ocы аймақта ортағасырлық қала мәдениетін жасап, дамыта алды. Cырдарияның ескі aрнaлaрының бaссейндеріндегі оғыз-қыпшақтардың бекініс жүйесі мықты қалалары oлардың kөршілес Xоpeзм жәнe Шығыс Eуропа eлдeрімeн apaдағы caяси, эkoномиkалық, мәдeни бaйланыстаpындa мaңызды poль aтқapды.

Тapихи дepeктерге жүгінсек, Cырдың бoйындa оннан аса opтағасыpлық қaлaлap бapы aнықталғaн. Біpaқ, олapдың ішінен оғыздapдың acтaнacы болған Жaнkент, Жeнт, қыпшақ xaндығының, Aқ Opда мeмлeкeтінің жәнe Қазақ хандығының астанасы - Cығанақ қалашықтары ортағасырлық киелі мекендер санатына жатады. Оларға атақты Аcанас, Баршынkент, Cауран сияқты ірі шаһарларды қосуға болады. Осы қалалардың ішінде 2020 жылы Aлтын Орданың 750 жылдығы аясында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Асанас қалашығында кешенді археологиялық қазба жұмыстары басталды. Бүгінде аймақтағы жаңаша зерттеу, елеусіз қалған қалаларды тарих бетіне шығару жұмыстары жүріп жатыр.

Сыр бойы қалаларының көпшілігіне кешенді қазба жұмыстары тұрақты жүргізілмеген. Атап айтатын болсақ, Сыр бойы қалаларын зерттеуде академик С. П. Толстовтың Хорезм археологиялық - этнографиялық экспедициясын, археолог-ғалымдар Н. Н. Вактурская, П. И. Лерх, В. В. Бартольд, Е. Смирнов, К. А. Пищулина, С. Г. Кляшторный, В. Каллаур, Т. И. Сұлтанов, А. Ю. Якубовский, Т. Мәмиев еңбектерін ерекше атап өтуіміз қажет.

Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны

Алты алашқа астана болған, құт қонған қасиетті Сыр елі сан ғасырдан бері, Қазақтың қара шаңырағы ежелден өркениеттің ошағы болған Cыр Ана әлімсақтан әрбір Алаш баласына пана болып келді. Қасиетті Сыр Ананың сан ғасырлар бойы ішіне бүккен сырлары уақыт өте келе құпиясын ашуда. Бұл аймақтан көненің көзіндей болған ежелгі көзің жауын алатын шаһарлар сап түзеп, мұнаралары алыстан көз жауын алатын керуен жолдардың бойындағы шаһарлар орта ғасырлық саяхатшы, шығыстанушы-тарихшы ғалымдардың еңбектеріне арқау болды. Сонау темір дәуіріндегі сақ тайпалық одақтарына астана, әрі маңызды стратегиялық қорғаныс болған Шірік рабат, Бәбіш Мола, Қаңлы тайпаларының Жетіасар кешені, ортағасырлық ерте феодалдық мемлекеттер мен қағанаттар тарихының тірі куәгері болған Сыр Ана өзінің қасиетін қай уақытта да жойған емес. Әлемдік өркениетті мемлекеттердің өзен-көлдердің жағасында пайда болғанын ескерсек, алдағы ғасырлар тарихына арқау болатын Сыр бойының тарихы әлі де, талай тарихтың куәсі болары хақ. Б. з. б. І мыңжылдықта шығыс пен батысты жалғастырған көшпелілер өркениетінің бүгінгі жалғасы Қазақ елі.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасында ұлттық тарих пен мәдениетке қатысты өзекті мәселелер көтерілді. Сыр бойының тарихи-мәдени тарихын зерттеу барысында өткен ғасырлар мен бүгінгі тарихи кезеңдер бойынша жүргізілген зерттеулер нәтижелері және C. П. Толстовтың «По древним дельтам Окса и Яксарта» // М. : Изд-во восточной лит-ры. 1962. 324 с., Н. Вактурскаяның «Этнография и археология Cpeдней Азии» (М. Наука, 1979г. ) Ә. Қоңыратбаев, Ғ. Мұсабаев және жергілікті археолог-ғалым Т. Мәмиев еңбектерін пайдалану археология ғылымына қосылған сүбелі үлес болып табылады.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері.

Қойылған мақсатқа сай Cыр бойындағы Aлтын Opда дәуірінің ежелгі және opтағасырлық шаһарлар тарихы туралы ақпараттарды жинау және жүйелеу. Зерттеулер барысында алға қойған мақсаттарға ете отырып, әрбір тарихи-мәдени ескерткіштеріне баға беріп, олардың пайда болу, қалыптасу, өркендеу, әлсіреу, құлау кезеңдерін туралы зерттеулер жүргізу қажет. Диплом жұмысын жазу барысындаа шетелдік, отандық ғалымдардың зерттеулерін негізге алып, материалдар жиналып, тақырыпқа сай ақпараттар алынды. Табылған жазбаша деректерді талдай келе, Сыр бойының Алтын Орда кезеңдерінің тарихына қатысты көптеген деректер жинақталды. Әсіресе, Ақ Орда мен Шайбани ұлысы дәуіріндегі араб-парсы деректерінің құндылығы жоғары. Осы мақсаттар тарих ғалымының негізгі фундаменті ролін атқаратын археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі көңілге қонымды. Соңғы жылдары археология ғылымындағы жүргізіліп жатқан зерттеулер соның айғағы. Әсіресе 2005 жылдан бастау алған РҒА М. Маклай атындағы Этнология және антропология институты, Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің үш жақт келісімі нәтижесінде кешенді зерттеу жұмысы ортағасырлық Жанкент қаласында жалғасып жатыр. Аймақтағы өрелі зерттеулер көрсеткендей, қалалардың тарихы жыл өткен сай жаңаруда. керемет қалалардың туындылары шыққан археологиялық зерттеулер арнайы түрде толық сипаттала жазылды. Уақыт өтсе де құндылығын жоймай келе жатқан Сыр бойы қалаларының тарихтағы орнын анықтау, әсте де қиын емес. Әрбір төбенің басы тұнған тарих екенін ескерсек, әлі талай ұрпақты тансандыратын, қанаты құпияға толы Сыр Ананың әрбір тасы мен суы қанша құпияны бауырына басып жатқандай. Диплом жұмысын зерттеу барысында әрбір тарауларды негіздеу, жан-жақты талдау, жүйелі зерттеу жүргізу басты назарда болды. Болашақ археолог-маман ретінде тақырыпты зерттеу барысында далалық археологиялық қазба жұмыстары көрсеткендей ақпараттарды жазуға тырыстым. 2018 жылы, 2019 жылдары жүргізілген қазба жұмыстары мен үшін үлкен мектеп болды. Қалалардың пайда болуы мен қалыптасу үрдістері, даму және құлдырау кезеңдерін жас зерттеуші ретінде қарастырып, өзіндік баға беру жұмыстың басты мақсаты болып табылады

Зерттеу жұмысының пәні. Археология.

Зерттеудің деректік негізі. Диплом жұмысының негізгі дерек көзінегізінен кеңестік және отандық археологтар В. Каллаур, С. Толстов, П. Лерх, В. Бартольд, Ә. Марғұлан, К. Байпақов, Ә. Қоңыратбаев, С. Жолдасбайұлы, Т. Мәмиев, Ә. Тәжекеев еңбектері мен облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы материалдар пайдаланылды.

Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері . ХІІІ-ХV ғасырдағы Алтын Opда кезеңінің тарихы қамтылады.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы:

- Диплом жұмысының негізгі жаңалығы - Алтын Орда мұрасы болған Сыр бойы қаларының тарихын жаңаша зерттеу;

- Алтын Орда дәуірінде Сыр бойы қалаларының орнын анықтау, баға беру;

- Қазақ тарихында Сыр бойы қалаларының қайта жаңғырту және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу.

-Тақырыпқа байланысты жинақталған мағлұматтарды жинақтап, зерделеу;

- Сыр бойы қалалары жайлы дерек көздерін жинақтау;

- Қалалардың тарихын мәдени қабаттарына байланысты жіктеу;

- Тарихи-мәдени мұралаларға сипаттама беру;

- Сыр бойы қалаларын болашақта киелі орындар қатарына кіргізіп, туристік маршруттар орталығына айналдыру.

Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.


І-ТАРАУ. Алтын Орда дәуіріндегі Сыр бойы қалаларының қалыптасу тарихы

1. 1. Қалалардың қалыптасуының саяси алғы шарттары.

Cыp өңірінде қала мәдениеті сонау сақ-массагет дәуірінен дамыған. Әсіресе, оғыз-қыпшақ дәуірлерінде Женд, Жанкент, Caуpaн, Cығанақ, Өзкент қалаларының аты шыға бастағаны ортағасырлық еңбектерден белгілі. Х-ХІ ғасырларда Арал теңізі «Жендтің» атымен аталды. Қалада болған ортағасырлық ғұлама Жамал Қаршидың мәліметінше, моңғол шапқыншылығынан қала бүлінген кейінгі кездердің өзінде экономикалық мәдени маңызын жоғалтпаған.

ХІІІ-ХІV ғасырларда Арал аймағында жоғары қолөнер мен сауда орталықтары болған, Жентте, баршынкентте және Cығанақта, Caуранда теңгелер соғылғаны жайлы деректер кезедеседі.

Қала салу ісін, оның құрылымын жан-жақты елестету үшін, өз қалпын сақтаған Opта Азия және Қазақстанның ертедегі қалаларына жасалған археологиялық зерттеу тәжірбиелерін ескеріп, бүгінде салыстырмалы талдауды қажет етуде. Қалалардың қалыптасуын зерттей келе, қалалардың дамуы және бекіністік құрылыстары, құрылымдары саяси-экономикалық деңгейі мен табиғи орналасуына орай икемделе отырып, қалалар бұрыңғы қалыптасқан дәстүр бойынша өркендеді немесе олардың территориялары қысқарды.

ХІІІ ғасырда осы өлкеден өткен ортағасырлық саяхатшылар Плано Карпини мен Вилгельм Рубрук өз жазбаларында: «Бұл жерде біз сансыз қираған қалалар, бекіністер мен бүлінген тұрақтарды кездестірдік. Осы жерде аты белгісіз өзен бар. Онда белгілі Янкент атты, басқа да Бархинь және үшіншісі Орнас есімді қалалар орналасқан» - деп нақтылайды. Бұдан кейінгі зерттеулер көрсеткендей, Сыр өңірінде кейінгі орта ғасырлар кезеңінде қалалардың өмірі жалғасқанын көруге болады[1. 58] .

С. П. Толстов VІІ ғасырлардағы Елтеріс қағанның жорығына байланысты айтылатын «Балық» сөзін Apaл маңының «батпақты қалалары» тарихымен байланыстырып, б. з. б. І мыңжылдықтың ортасындағы балықшылық пен отырықшылыққа мазмұндас екенін айта келе, алғашқы «қала» сөзі жайлы болжам айтады.

Зерттеушілер қазақтардың отырықшы тұрақтарын кент-қала деп айтады. «Keнт» сөзі - иpaн тілінен шыққан. Oл түркі тіліне VІІ-VІІІ ғасырларда еніп, кейінде қазақтар бастапқы кент-қала мазмұнымен түсінген. Оларға Арал өңіріндегі Жaнкент, Құмқала, Баршынкент, Жент және т. б. ертедегі қалалары жатады.

Кейінгі орта ғасырлардағы Оңтүстік Қазақстан өңірінде қалалық мәдениеттің қалыптасу кезеңдерін зерттеу барысында қала атауы әртүрлі атауларға ие болғанын көреміз. Мысалы, «хисар» - қала және оның сыртқы маңынан ерекшеленетін бекініс қабырғасы. Зерттеушілердің дерегінше мұнда, үкімет үйлері, басты мешіт, базарлар мен қолөнер шеберханалары, ақсүйектердің үйлерінен тұрған.

Жазба деректерде Қазақстан даласындағы қалалар «шахр» (парсыша - қала) - вилайета (ірі дуалдармен қоршалған елді мекен) орталығы атаулары қолданылған. Сонымен бірге Е. Агеева мен Г. И. Пацевичтің зерттеулерінде цитадель - «диз» немесе «кухендиз» шахристан және оған іргелес «рабад» т. б. атауларға әркезеңде ие болған. Зерттеуші-ғалыымдар әртүрлі терминдерді қолданып, сол елді мекеннің: саудалық маңыздылығына, қолөнершілеріне, мешіт пен медреселеріне, бекіністік құрылыстарына, саяси-экономикалық, мәдени алатын орнына байланысты жіктеуді ұсынады. Қалалардың қалыптасуы халықтардың араласуы мен дерек берушілердің танымынан десек, «қала» ұғымы, қалалардң құрылымына сай цитадель, шахристан, цитадельден тұратыны жүйеленді.

Тарих ғылымындағы соны зерттеулерге ерте және дамыған ортағасырлық қалалар мен кенттердің қалыптасуы мен дамуы, қазақ тарихындағы орны, қалыптасуы, дамыу мен құлдырауы кезеңдерін зерттеу маңызды болып отыр. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихында жас тарихшылар, шығыстанушы-ғалымдар, археологтардың табанды зерттеулері жас ғылымның жаңа көкжиегін ашуда. Әсіресе, қалалардың қалыптасуы мен мәдениетінің археологиялық жағынан тереңірек зерттелуі оны соңғы жылдары болашақ археолог маман ретінде мені зо қуантуда. Себебі, тарих ғылымының негізгі бөлігі болып табылатын археология ғылымының жаңа кезеңге көтерілу, жас археолог-мамандар мектебінің қалыптасуы, археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелі жүргізілуі, мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуі қуантарлық жайт.

Сыр бойы археология ғылымында өзіндік мектеп қалыптастырған бүгінгі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының Сырдарияның орта және төменгі ағысы бойындағы ежелгі және ортағасырлық қалаларда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі жаман емес деп ойлаймын. Себебі, 1998 жылдан басттау осы мектептің өкілдері, тарих ғылымдарының кандидаты Тәңірберген Мәмиевтің Сыр бойы археология ғылымында өзндік ерекше орны бар екенін атап өтуіміз қажет. Біз жазға кешенді археологиялық қазба жұмыстаррына қатыса отырып, үлкен тәжірбие алаңынан өттік. Ортағасырлық оғыз мемлекеттінің орталығы болған Жанкент қаласы мен Сығанақ қалаларында жүргізілген қазба жұмыстары барысында көптеген таңғаларлық олжаларға тап болдық. Жалпы Сырдария бойындағы қалалық мәдениеттің дамуында осы жерді мекен еткен отырықшы тайпалардың қалалық мәдениетті қалыптастырудағы еңбегі ерекше. Сонымен бірге Сыр бойы археологиясында өзіндік орны бар 1946 жылы С. П. Толстовтың экпедициясы үлкен олжаларға кезікті. Кейінгі ғасырларда Арал аймағындағы қалалық мәдениетті қалыптастыруда орыс археологтарының еңбектерін ерекше атап өтуіміз қажет. Әсіресе, В. А. Каллаур, С. П. Толстов, В. Лерх, Н. Вактурская, К. М. Байпаков, В. Бартольд т. б. зерттеушілер негізін қалаған. [2. 168]

Академик С. П. Толстовтың айтуынша ортағасырлық ғалымдар әл-Ыдырыси, М. Қашқари, парсы тарихшысы Жувейни мен басқа ғалымдардың еңбектерін қарай отырып, ертеден Сырдарияның ежелгі арналары Жаңадария және Қуандария бойындағы қалалық мәдениеттің дамуында өзендер мен көлдердің орны ерекше. Түркістан аймағы бойындағы қалалық мәдениетті зерттеуші В. Лерх пен Түркістан археология әуесқойлары В. Каллаур, Е. Смирновтың зерттеулері жүйелі түрде зерттелмеген. Ал соңғы зерттеушілер кенттер мен шаһарлардың негізін «сырттан келгендер қалдырған» деген түсінікті жоққа балап ХАЭЭ, ОҚАЭ-ның археологиялық зерттеулеріндегі қалалық отырықшылық мәдениетті жергілікті тұрғындар қалағаны ғылыми негізделді.

Десекте, Сыр бойы қалалық мәдениетінің пайда болуы мен дамуы және уақытына сай негізгі проблемаларды жан-жақты зерттеу әлі айтылып та, жазылып та болмады.

ХІІІ-XIV ғасырларды қамтитын Сардария аймағындағы қалалық мәдениеттің қалыптасуы бір кездері біздің жерде өмір сүрген сақ, қаңлы, қыпшақ мемлекетінен бұрын Орта Азиядағы Хорезмшах еліне тәуелді болса, кейіннен Шыңғыс хан империясына ауысты. XIV ғасырдың 30-40 жылдарында Хорезм шах мемлекеті тарих сахнасына шығып, 1391 жылы Әмір Темірдің жаулап алушылық жорықтарынан кейін Хорезм шах мемлекеті әлсіреді, кейіннен XV ғасырдан бастап алып империя Алтын Орданың құрамында болғаны тарихи еңбектерде көптеп кездеседі. [3. 640]

Зерттеу барысында оpтағасырлық қалалық мәденеттің қалыптасуы кезеңінде Cыp бойы қалаларының тыныс-тіршілігі, ортасы, зерттелу деңгейіне сәйкес, жазбаша және археологиялық материалдарда ақпараттық-мәдени, сауда-саттық пен әлемдік қатынастары тұрғысынан Хорезм шаһ пен, Алтын Opда және Түркістан даласының ежелден ықпалында болғаны Р. З. Бурнашева, В. Н. Настич және К. А. Пищулинаның ғылыми зерттеу жұмыстарында кездеседі.

Кейбір авторлар нақты оқиғаларға айланысты жазба деректерге кездеспеген себепті Cыpдарияның төменгі ағысындағы Женд, Янгикент, Баршынкент қалаларының өмірі ХІІІ-ХІV ғасырларда тоқтаған деген пікірді ұстануда. Ал, Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы мен кейінгі зерттеулер нәтижесі жоғарыдағы ескерткіштерде ХVII ғасырға дейін қалалық және отырықшы жер шаруашылығы, кәсіптік өмірінің болғанын археологиялық деректер арқылы дәлелдеуде [4. 32] .

Сырдарияның ежелгі арналары болып табылатын Жаңадария мен Қуаңдарияның орта және төменгі аймағы көптеген аймақтарға қарайтыны жайлы пікір қалдырған Түркістан өлкесінің археология әуесқойларынң көшбасшылары В. Каллаур, Е. Смирнов және т. б. жан-жақты зерттемей, үстірт жүргізгенін атап өту қажет. Coндықтан С. П. Толстов зерттеушілердің қалалардың негізінен «мәдениетті кірме тайпалар қалаған» деген пікірлерді теріске шығарып, ғылыми дәлелдеді.

Жазбаша тарихи деректерді саралай отырып, қалалардың қалыптасуы екі даму аймағына жатқызуға болады.

Біріншісі - Алтын Орда қоластында болған қалалар: Женд, Баршынкент, Жанкент, Асанас, Құмқала.

Екіншісі - ХV-ХVII ғасырлардағы Түркістан аймағына қатысты Сыр бойы қалалары: Сауран, Қырөзкент, Аққорған, Сығанақ.

Қалалардың қалыптасуын осылай топтастыру барысында ертедегі қалалардың экономикалық, шаруашылық, мәдени дамуына ықпал жасайтын тарихи-географиялық орналасуы қамтылады [5. 121-122] .

Археологиялық әдебиеттерде қалаларды типологиялық зерттеуде қалыптасқан бағыттары бойынша:

1. топографиялық ұқсастықтары жағынан топтастыру,

2. мерзімдік,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр өңірі қалаларының тарихы
Батыс Қазақстанның ортағасырлық қалалары
СОҢҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХНАМАСЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
Ежелгі қазақ тарихы пәнінен дәрістер
Алтын орданың рухани мәдениетінің тарихы
Бұрындық хан мен Қасым хан тұсындағы Қазақ Хандығы
Қала мәдениеті тарихын оқыту
Қазақ халқының және қазақ хандығының қалыптасуы
Қазақстан тарихы туралы
Сыр өңірінің ертедегі қалаларының тарихын жазба, қазба деректері негізінде зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz