Балалар музыкалық аспаптарын ойнау жолдарын ұғыну


«Орал жоғары гуманитарлық - экономикалық колледжі» МЕМ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Мектепке дейінгі ұйымдарда музыка сабағын ұйымдастыру жолдары
Орындаған: Қуандықова Жұпар
Қабылдаған:Хасанова Айда
Орал қаласы - 2021
Мазмұны
Кіріспе… . . . 3
1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ . . . 6
1. 1Музыкалық тәрбие әдістері және негізгі бағыттары . . . 6
1. 2 Мектепке дейінгі ұйымдарда музыка сабағында өткізілетін іс-әрекет және жұмыс түрлері . . . 10
2. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ…… . . . 17
2. 1. Музыкалық қызметті ұйымдастырудың формалары… . . . 17
2. 2. Музыка оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері20
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 25
Кіріспе
Әуен адамды шаттыққа бөлеп мұң зарын сейілткен. Музыканың әсер ықпалының күштілігі соншалық, ол адамдардың мінез -құлқымен салт-дәстүрінде өзгерте алады. Сөзіміз дәлелді болу үшін қытайлық тарих танушы, музыка зерттеушісі Сыма Цяньның мына пікірін еске алайық: Дүниеге келген адам өміршең рухты, жүрек пен сананы еншілеп туады. Ал қайғы мен шаттық, ашу мен қуаныш болса туа бітетін қасиеттер емес, мұның бәрі де сыртқы әсерге деген адам сезімінің өзгеруі ғана, адам бойындағы сезімді қалыптастыратын да сол сыртқы әсерлер. Әуен - рухани қазына. Рухани қазынаның мөлдір бастау бұлағынан нәр ала білген бала адамгершілік пен асыл қасиеттерді бойына сіңіріп өседі.
«Әнге әуес, күйге құмар бала - жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі» М. Әуезов.
«Туғанда дүние есігін ашады өлең» -деп Абай атамыз жырлағандай шыр етіп дүние есігін ашқан нәрестеге өмірінің алғашқы күндерінен бастап - ақ музыка әсер етеді. Ең алғашқы анасының әлдиі, бесікке таянып айтқан ананың бесік жыры бөбектің жанын тынышталдырып тәтті ұйқыға кетуіне әсер етеді. Нәрестенің дүниеге келуімен байланысты ырымдар:Шілдехана, Бесікке салу, Қырқынан шығару т. б. бәрі де әнсіз, өлеңсіз, жырсыз өтпеген. Бала өмір бойы ән ырғағына бөленіп жүреді. Міне, осындай сыртқы ортаның әсерінен бала бойында әдемілікке, әсемдікке деген сезім күй қалыптасып, эмоциялық әсер нәрестені ерте бастан музыкаға баулуға, эстетикалық тәрбиенің белсенді көмекшісі етуге мүмкіндік туғызады. Ана әлдиін бойына сіңіріп өскен сәби тәй-тәй қадам басқаннан-ақ балабақша есігін ашады.
Курстық жұмысының өзектілігі.
Әуен - адам өмірінің серігі, эстетикалық тәрбие негізі болып табылады. Музыкаға деген сүйіспеншілік, баланың музыкаға жетік болу қабілеттері туа бітпейді, ол өсу, даму процесінде қалыптасады. Музыканың адам өміріндегі мәні ерекше. Ол жоқ жерде, адам тірлігі де жоқ деп Ю. Фучек өте тауып айтқан. . Сол балаға музыкалық эстетикалық тәрбие бере отырып, жан-жақты жеке тұлғаны дамытудың алғашқы баспалдағы балабақшада жалғасады. Ән айту - музыкалық тәрбиенің аса маңызды құралы және баланы жан-жақты жарасымды жетілдіру міндеттерін шешуде елеулі роль атқарады.
Ән айту бала организміне жайлы тиіп, сөйлеу қабілетін жетілдіруіне, тыныс алуына, дауыс аппаратын шынықтыруына көмектеседі. Сондықтан да балабақша өміріндегі ән және оның күнделікті қолданылуын көрсету мен пайдалану жолдарын нұсқау курстық жұмыстың өзектілігіне жатады.
Курс жұмысының мақсаты. Музыкалық ырғақты қимылдарды жүргізу баланың бойында естуді, есте сақтауды, икемділік пен шапшаңдықты, зейінді, іскерлікті, балалардың дене бітімінің сұлу да, сымбатты болып қалыптасуына негіз болатын дарындылықты ашып көрсете отыра музыканын пайдалану жолдарын көрсету.
Зерттеу міндеттері.
- Музыка тыңдауда балалар әр түрлі образдағы музыкалық шығармаларды тыңдап, мазмұнын, сипатын, көңіл-күйін ажырата білу
- Жалпы музыканың күйін сезінуге, көркем образдың дамуын қадағалауға бейімделу жолын анықтау;
- Музыканы жасаушы композиторлар, авторлар туралы туралы алғашқы мағлұмат алады. Балалар музыкалық аспаптарын ойнау жолдарын ұғыну;
- Музыкалық аспаптарды танып білуге, аспаптарды ойнау әдіс-тәсілдерін үйренуге, олардың тембрлерінен ажырата білу;
- Жеңіл әндерді аспаптарда ойнап, ырғақтық бейнесін бере отырып, ойнауды меңгеру.
- Музыкалық есту түйсігін, шығармашылық қиялын жетілдіру; Ырғақтық сезімін, динамикалық есту қабілетін дамыту.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және бөлімшелерден, сонымен қатар қорытынды бөлім мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Мектепке дейінгі балаларға музыкалық тәрбие беру
1. 1 Музыкалық тәрбие әдістері және негізгі бағыттары
Өнер түрлерінің әрқайсысы адамға әсер етудің спецификалық құралдарына ие. Музыка болса, бала өмірінің ең басында әсер ету мүмкіндігіне ие. Музыка ең бір бай әрі әсерлі эстетикалық тәрбие құралы, оның аса үлкен эмоциялық әсері бар, адамның сезімін тәрбиелейді, талғамын қалыптастырады.
Қазіргі заманғы ғылыми зерттеулер музыкалық қабілеттерінің дамуы музыка мәдениеті негізінің қалыптасуы екенін айтады- яғни, музыкалық тәрбиені мектепке дейінгі жастан бастау керек. Балалық шақта музыкалық әсердің тақыр-таза болуының кейін орнын толтыру өте киын. Музыка табиғи ырғақты сөзбен пара-пар. Сөйлеу үшін сөздік орта қажеттілігі сияқты, музыканы жақсы көруі үшін балада түрлі дәуірлер мен стильдердегі музыкалық шығармаларды қабылдай білу тәжірибесі болуы тиіс, оның ырғағына үйренуі, яғни көңіл күйін тани білуі тиіс. Әлеуметтік оқшауланушылыққа ұшырған баланың ақыл-ой дамуында кедергі болады, ол өзін тәрбиелегендердің тілі мен дағдыларын меңгереді, солармен ғана қарым-қатынас жасайды. Және ол балалық кезінде қандай дыбыстық ақпаратты бойына сіңірсе, оның болашақ саналы сөйлеу және музыкалық ырғақтылығында тірек етер ақындық және музыкалық тілі де осы болады. Сондықтан да жасынан бесік жырын тындап өскен, санамақ айтып, ертегі тыңдап, ойын-күлкі арасында өскен бала көпшілік бақылауға қарағанда, неғұрылым шығармашылықты, музыкалық дамыған болатындығы осыдан кейін түсінікті болады. Музыкалық даму жалпы дамуға ештеңемен алмастыра алмайтындай әсерін тигізеді: адамның эмоциялық аймағы қалыптасады, ойлауы жетіледі, өнердегі және өмірдегі сұлулыққа сергектігі тәрбиеленеді.
Балалардың музыкалық қабілеттерінің дамуы көбіне музыкалық жетекші мен тәрбиешілер жұмысының түйісуіне байланысты болады. Музыкалық жетекші мен тәрбиешілер әрекеттестігінде балалардың музыкалық дамуы бойынша жұмысты бірлескен жоспарлау олардың ұғымдары мен әрекеттерінің жалпы мағынасын қалыптастыруларын салыстыруға бағытталған инициатива алмасу қажет.
Балабақша өмірінің барлық жағына белсене қатыса жүріп, музыка жетекшісі ата-аналар арасында музыкалық - эстетикалық білімді белсене насихаттау тиіс. Егер ата-аналар музыкалық тәрбиенің маңыздылығын түсінетін болса, олар балаларын отбасында, музыка үйірмелерінде, студияларында, балалармен бірге концерттерге, музыкалық спектакілдерге барады, жан- жақты музыкалық әсерлермен байиды, олардың музыкалық тәжірибесі кеңейді.
Музыка өнері әрбір баланың әсемдік әлеміне үйірсек болып қана қоймай, оны қорғауға және рухани мәдени деңгейін көтеруге жағдай жасайды. Сол себепті әрбір қоғам мүшесін өнерпаздыққа тарту қоғамның объективті қажеттілігі және заңдылығы болуы керек. Білім беру саласында оқушылардың эстетикалық, этикалық және адамгершілік нормаларын меңгерту міндетін жүзеге асыруда музыка пәнінің орны ерекше. Музыка тәрбиесі жастарды өнер құндылықтарын жасауға қатыстыра отырып, олардың бойында белгілі адамгершілік-эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық қабілетті дамытады. Тәрбиедегі басты мақсат: қоғам мүшелерін әлеуметтендіру болатын, яғни өнер адамның тек қана рухани өмірінің құрамдас бөлігі болып қоймай, әлеуметтендірудің аса пәрменді құралы болып табылады.
Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келген халықтық қазынаны, оның таңдаулы үлгілерін жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу құралына айналдыру, нақтырақ айтқанда, олардың көркемдік, музыкалық, эстетикалық талғамы мен мәдени деңгейін жоғарылату - басты міндет. Ұлттық өнерге оқушыларды жастайынан баулу олардың адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін дұрыс қалыптасуына, мәдени дәстүрге деген сыйластық сезімін дамытуға әсерін тигізіп, оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттырады.
Швейцарияның кемеңгер педагогы И. Г. Песталоцци: «Бала тәрбиесі - оның дүниеге келген күннен басталуы керек. Баланың дүниені түсінуі жанұядан басталып, мектепте одан ары қарай жалғастырылуы шарт», - деген қағиданы ұсынды. Қазақ баласының шыр етіп жерге түскенінен ер жеткенге дейінгі бар ғұмыры өлеңге толы, оның алғашқы еститіні ана әлдиімен айтылатын бесік жырының әуені, - деп өзінің Қазақ халық әдебиеті атты еңбегінде Х. Досмұхамбетов балаларға арналған ән-жырдың бала өміріндегі тәрбиелік ықпалының зор екендігі туралы атап көрсетеді.
Балалар күнделікті өмірде музыкамен етене араласады. Мұны салыстырмалы түрде алғанда үш жүйеге бөлуге болады:
1) музыка сабағында ұжымдық тапсырмаларды орындауы (бірігіп күй тыңдауы және музыкалық шығармаларды талдауы) ;
2) өз бетінше қатысуы;
3) музыканы кездейсоқ тыңдауы.
Ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби Музыкалық идея оны жүзеге асыратындай әрекет ету қабілетінсіз іске аспайды, музыканы көп тыңдау, жаттығу түрлерін бір-бірімен салыстыру, әуенді талдау, әрбір тонның дыбыстық әсерін мұқият есептей білу арқылы музыкалық қабілетті дамытуға болатындығын айта келіп, тәрбиелеу барысында тәжірибе жинақтаудың рөлі зор екенін атап көрсетеді т. б. өзгерісін бақылап, сезінуге үйренеді.
1. 2 Мектепке дейінгі ұйымдарда музыка сабағында өткізілетін іс-әрекет және жұмыс түрлері.
Мектепке дейінгі ұйымдарда оқу-тәрбие жұмысының практикасында балалардың ән айту мәдениетін қалыптастыруға басты орын беріледі, оның әсерлі бір түрі - әнді хормен орындау болып табылады. Балабақшадағы музыка сабағында балаларға ән айтуға, оны мәнерлеп орындауға, музыканы әсерлі білуге баулу.
Ән - адамның жан серігі, қуанғанда бой сергітіп, күйзелгенде көңіл жұбатар, жорық жолдарында жігер қосар жайсаң жанр. Оның өміршеңдігі осындай қасиеттерге байланысты. Абай атамыз айтқандай, Әннің де естісі бар, есері бар. Сол себептен де балабақша балаларына әр түрлі әндер сұрыпталып алынады.
Осыған орай балабақша бағдарламасына Б. Ғизатов, К. Дүйсекеев, К. Қуатбаев, Ш. Құлманова, т. б шығармалары сұрыпталып алынады.
Балабақша балаларына ән жанрының ерекше әсер ететінін көптеген ғалымдар дәлелдеп берген. Ән - тыңдаушы және орындаушыға бейнелі сөз арқылы әсер ете отырып, айтушының өзіндік сезімін білдіруге мүмкіндік туғызып қана қоймайды, сонымен қатар өзгелердің де эмоциялық ұғу, түсіну сезімдерін оятады. Ұжымдық болып ән айту - қуаныш сезімін туғызады. К. Д. Ушинский Әнде, әсіресе хормен айтылатын әнде адамды көңілдендіріп, сергітіп, еңбекке жұмылдыратын ортақ іске құштарландыратын бір ғажап нәрсе бар. Міне, сол себептен де балабақшада әнді енгізу керектігі де сондықтан. Ол сезімді күшейтеді, жүректің қан тамырларына жақсы әсер етеді, сезімді тәрбиелейді. Сондықтан да ән баланың өмірлік серігі, оның бос уақытын толтырып шығармашылық ойына көмектеседі, - дейді.
Ән айтуға үйрету үрдісі баладан үлкен белсенділікті және ой қуатын талап етеді. Ол өзінің ән айтуын басқалардың ән айтуымен салыстырады, музыкалық фразаларды, жаттығулардың әр түрлі сипаттарын салыстыруды, әннің орындалу сапасын бағалауды үйретеді.
Ән айту балалардың организміне жайлы тиіп, сөйлеу қабілетін жетілдіруіне, тынысын тереңдетуіне, дауыс аппараттарын шынықтыруға көмектеседі. Ән айту үрдісінде баланың негізгі музыкалық қабілеттері, эмоциялық алғыштығы, музыкалық есту қабілеті, ырғақты сезіну айрықша тез дамиды. Баланың жан-жақты жарасымды жетілдіру міндеттерін шешуде елеулі міндет атқара отырып, ән айту музыкалық тәрбиенің аса маңызды құралы болып табылады.
Ән салудың көркемдік-падагогикалық маңызы - ол музыкалық бейнелердің мазмұнын балалардың дұрыс түсінуіне қажетті дағдыларды қалыптастырып, әнді еркін, табиғи орындау үстінде өзінің сезімдерін көрсетуіне көмектесіп, өзіне түсінікті, қызықты, жеңіл әндерді шын пейілмен әсерлі орындауға үйрету.
- Ән үйрету үрдісіндегі негізгі міндеттер:Балаларға әнді әсерлі орындауға көмектесіп, дағдыларын қалыптастыру;
- Балаларға сабақ тақырыбына лайықты шығармаларды іріктеу;
- Музыкалық есту қабілетін дамыту, дыбыстардың биіктігін, ұзақтығын, әннің өзгеру бағытын анықтау;
- Сабақта ән айту барысында шулы музыкалық аспаптармен қосылып ойнау;
- Ойдан құрастыру шығармашылық дағдысын қалыптастыру;
- Балалардың ән айту және музыкалық жетістіктерін бағалай білуге көмектесу;
- Өз іс-әрекетін қадағалай білу;
- Ән айту, үйрету үрдісі топтың әр түрлі мінез-құлқын дұрыс меңгеруді талап етеді.
Ән салу - күрделі үрдіс. Ол есту мен дауысты үйлестіру, яғни дыбыс шығару мен оны есту және резонаторлардың өзара әрекеттерін қадағалай білу деген сөз. Балалардың дауыс аймағын білу репертуардың дұрыс іріктелуіне көмектеседі. Дауыс аумағы дегеніміз - дауыс еркін жететін ең төменгіден, ең биік дыбысқа дейінгі аралық айқындалатын дыбыстар көлемі. Балалардың жасына байланысты ән айту диапазонының ерекшелігін көптеген ғалымдар зерттеген, олар: Н. Д. Орлова, Е. И. Алмазов, Н. А. Ветлугина, Д. Б. Кабалевский. Көптеген балалардың бірінші және екінші до1 - до2 шамасынан биігірек дыбыстарды айта алатынына қарамастан, дәл осы шамада балалар дауысының еркін, табиғи шығатынын айтқан.
Балабақша балаларын ән айтуға үйреткенде алдымен әр топтың дауыстары еркін меңгеруі үшін оны жүйелі түрде жетілдіре түсуге ұмтылу керек. Балалардың тым айқайлап ән айтуға еліктемей, қатты сөйлемей, суық ауада ән айтпауын ескерту керек.
Балабақша балаларына әнді, жаттығу үйрету барысында олардың жеке музыкалық даму ерекшеліктерін есте сақтау керек. Балалар өте сезімтал, сенгіш, ал ұстаздардың міндеті - осындай қасиеттерін еске ала отырып, оларға шығармашылық тұрғыда көмек беруі қажет. Сол себептен де музыка сабағында әртүрлі ойын түрлері арқылы, кейбір қиын музыкалық шығармаларды тез түсініп қабылдай алу әбден мүмкін.
Ән үйретуде бірінші мақсат - балалардың көңілін аудару, әнді үйрету қабілетін, сүйіспеншілігін арттыру, сондықтан әнді орындау көркемдік жағынан жоғары болуды талап етеді. Күйсандықты тыңдатып немесе мұғалім өзі нақышына келтіріп орындап, балаларға ән ұнайтындай болуы талап етіледі. Жәй қарапайым ән болса, оның сөзін, мағынасын, мазмұнын балаларға әдемі түрде жеткізе білу керек. Ән туралы әңгіме. Әннің сипатын, мазмұнын түсіндіру көп сөзді болмауы керек. Ең негізгі мақсат - әннің көркемдік бейнесін табу. Кішкентай топтың балаларына барлық әндер ұнай бермейді, мысалы: Бала уату, Күз әндері жәй екпінде, көңілсіз, бірақ әбден жаттап алған соң, бұл әндер де қатты ұнауы мүмкін.
Әнді үйрету алдында, әнді мұғалім мына схемамен талдауға болады.
1. Тәрбиелік құндылығы: музыкалық бейнелеудің негізгі идеясы мен сипаты;
2. Әдеби мәтінінің жалпылама көркемдік сапасы, ерекшеліктері - қаратпа сөздердің, диалогтарының, айтылуы жағынан мәнді сөздерінің болуы.
3. Әнді: әуеннің сипаты, интонациялық әсерлігі, саз, мөлшері, аумағы;
4. Аспаппен сүйемелдеуі (баян, фортепиано, домбыра) ;
5. Әннің құрылымы (формасы) : бір бөлімді, екі бөлімді;
Әнді сөзімен, фраза бойынша үйретсе, балалар тез қабылдайды. Бір фраза бір дем алады. Фраза ішінде дем алуға болмайды.
Әнді нақышына келтіріп орындау жұмысы. Бұл бөлік ең соңғы кезең. Балалар әннің сөзін, әуенін жаттап алған соң, орындау барысында әннің көп кемшілігін өздері табады. Әрине, әннің сапалы орындалуына оның шығу тарихы, композиторлардың өмірі жайлы қызықты әңгіме балаларға көп көмегін тигізері сөзсіз. Әнді орындау барысында мынандай қағиданы естен шығармау керек, олар:
- Әнді шың-күйіне жеткізе орындау;
- Әнді орындау барысында, әннің мазмұнын, әуенін ойлау;
- Ән орындау барысында музыка тілін, динамикалық реңктерді сақтау, жоғары және төменгі дыбыстардың қозғалуын қадағалау.
Музыкалық тәрбие ұғымы қоғамдық құбылыс ретінде кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасы дегеніміз ол музыкалық іс-әрекетте жинақталған тәжірибені педагогикалық ықпал ету негізінде кейінгі ұрпаққа меңгерту, жалпы музыкалық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Ал түрлі деңгейде музыкалық тәрбие беру мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған арнайы ұйымдастырылатын іс-әрекетті білдіретін ол тар мағына болып саналады. Музыка өнері жеке тұлғаның дамып, қалыптасуында аса маңызды роль атқарады.
Музыкалық білім мен тәрбие беру адамзат өркениетінің ең терең тамырларынан бастау алады. Адамзаттың сан ғасырлық серігі болып келген музыка өнерінің тәлім-тәрбиеде алатын орын, әсер - ықпалын, қоғам мәдениеттің дамуы процесінде қалыптасқан әлеуметтік, музыкалық - педагогикалық тәжірибені ой елегінен өткізіп, даму кезеңдерін қалыптастыруға тікелей байланысты.
Жан-жақты дамыған азамат тәрбиелеуде эстетикалық тәрбиенің басты саласының бірі - музыка мен ән. Музыка адамның жан дүниесін тебіренте отырып, оның өмірге деген көзқарасын, әдет, мінез-құлқын қоғам мүддесіне сәйкес қалыптастыруға, әдемілік заңымен өмір сүруге тәрбиелейді. Мектепке дейінгі жастағы балаларға музыкалық тәрбие - талғамдық, эстетикалық тәрбие беру ісінің негізгі саласы болып табылады. Эстетикалық тәрбиелеу мәселелерін мектепке дейінгі жастағы балаларға Құлжанова Н., Меңжанова К., Меңдаяқова Қ. М., Левченко Т. А., Жұмабекова Ф. Н. және т. б. зерттеген. Мектепке дейінгі балалар білім берудің барлық деңгейлерінде жалпы өмірде табысты болып келетіндіктен, білімді тез қабылдап, мектепке дейінгі ұйымдағы оқыту мен тәрбиелеу үдерісі оларды алғашқы біліммен қаруландырып, қоғам талабына сай тұлғаны қалыптастырудағы алғашқы негіз болады. Сонымен басты мақсат - біртіндеп түрлі музыкалық іс-шараларды меңгерту арқылы баланың бойындағы түрлі табиғи талабын дамыту.
2. Мектепке дейінгі балалардың музыкалық оқу іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары
2. 1. Музыкалық қызметті ұйымдастырудың формалары
Мектеп жасына дейінгі педагогиканың теориясы мен практикасы музыкалық қызметті ұйымдастырудың мынадай формаларын айқындап береді:сабақ, музыканы мерекелер мен ойын-сауықта, дербес және басқа қызметтерде пайдалану. Музыка ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті - белгілі бір жастағы балалардың бәрі бір мезгілде қатысатын оқу процесінің формасы. Олар ұжым болып ән айтады, ойнайды, билейді. Бәрі бірдей тебіреніс-толғанысқа бөленіп, ортақ іс атқаруға талаптанған балалар әрқайсысының ісінің сәттілігі мен сәтсіздігін - бүкіл ұжым ісінің сәттілігі мен сәтсіздігі деп біледі.
Мектеп жасына дейінгі баланың музыкалық қабілеттері ересектер мен және өзге балалармен бірлесе қызмет етуінен көрінеді. Педагог әр баланың жеке басының жетілуіне дәйекті әдістемелік тәсілдерді қолдану, бүкіл ұжымға ортақтандыру арқылы ықпал жасайды. Бұл ретте артта қалушының қиыншылықтарды жеңіп, тез ілгерілеуіне көмектесетін құрбы-құрдастарының үлгі істері пайдаланылады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттер музыкалық қызметтің барлық түрі бойынша жасалған бағдарламаға сай жоспарлы жүргізіледі. Педагог материалды бірнеше сабаққа бөле отырып, олардың әрқайсысын әрі дербес педагогикалық, әрі тұтас педагогикалық процестің бір бөлігін қамтитын етіп ұйымдастырады. Балаларды сонымен қатар келесі оқу іс-әрекеттерде не жайлы айтылатынына, онда қандай әнді үйрететіндігіне, мерекеге қалай әзірлену керектігіне т. б. оқу іс-әрекетінің қай-қайсысы болсада өткен және алда жүргізілетін оқу іс-әрекетімен байланысты болуы тиіс.
Оқу процесін ұйымдастырудың мынадай кестесін белгілей кетуге болады:жаңа материалмен таныстыру, ішінара меңгерілген шығарманы түгел үйрену, алған білімдерді тиянақтау.
Іс-әрекет алмасып отырады:балалар ән айтады, билейді, ойнайды, музыка тыңдайды. Бұл педагогқа белгілі қиыншылықтар туғызады, өйткені ол балалардың назарын музыка аспаптары әуендерінің ауысуына байланысты бағыттап отырады. Әр түрлі эмоциялық және қимыл арқылы орындалатын тапсырмаларды ұштастыра білу жетекшінің оқытуды білікті әрі алуан түрлі етіп жүргізуіне жәрдемдеседі. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерді ұйымдастыру балалардың жас ерекшеліктеріне қарай белгіленеді және ересек адам мен бала арасындағы қарым-қатынастың өзгере бастауымен айқындалады.
Педагог тапсырмаларды бірте - бірте күрделендіріп, әдістемелік әдістерді түрлендіре отырып, оқу іс-әрекеттерді жоғары топтағы балалардың анағұрлым және өздігінен қызмет істей алатындай дәрежеде болуын ұйымдастырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz