Сақ дәуіріндегі ескерткіштерге археологиялық зерттеулер


Қaзaқстaн Рeспyбликaсы Білім жәнe ғылым министрлігі
Қорқыт Aтa aтындaғы Қызылордa yнивeрситeті
Жолдас Дастан Жанболатұлы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Сыр өңіріндегі ежелгі сақ тайпаларының мәдениеті
(Шірік-Рабатта жүргізілген қазба материалдары негізінде)
Мамандығы: 5В020800-«Археология және этнология»
Қызылордa, 2021 жыл
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ КАФЕДРАСЫ
«Қорғауға жіберілді»
«Тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының
меңгерушісі, т. ғ. к., доцент
А. Ж. Оразбақов
« » 2021ж
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Ортағасырлық Жанкент қалашығының топографиясы мен құрылымы (жаңа зерттеулер бойынша)
6В02234-«Археология және этнология»
Орындаған: Жолдас. Д. Ж 4 курс,
АЭ-17-1 оқу тобы
Ғылыми жетекші Тайман. С . Т. т. ғ. к доцент
Қызылорда, 2021
Аңдатпа
Дипломдық жұмста Сыр өңіріндегі ежелгі сақ тайпаларының мәдениеті (Шірік-Рабатта жүргізілген қазба материалдары негізінде) . Сырдария өзені бойымен Арал маңын мекендеген, сақ тайпалары жайлы жазба деректерге шолу. Сақ дәуіріндегі ескерткіштерге археологиялық зерттеулер. Сонымен қатар дәстүрлі шаруашылығы, қалалары мен жерлеу есткерткіштері. Сақ тайпаларының қамалдары Шірік-Рабат, Баланды, Баланды 2, Бәбіш молда-1 қалашықтарына зерттеу жұмысы. Ұйғарақ пен Түгіскен ескерткіштер кешеніне зарттеу жұмыстары. Сақ тайпаларының заттай және рухани мәдениеті. Жетіасар мәдениетіде тыңғылықты қарастырылған. Жент қаласы, Алтынасар қаласы. Кіліт сөздері. Сыр бойы мен Арал маңы сақтары, ерте және ортағасырлар, Шірік-Рабат қаласы, Жетіасар мәдениеті. Ұйғарақ пен Түгіскен кешендері, заттай және жазбаша деректерге шолу, рухани-мәдениет деректері.
Аннотация
В дипломной работе описана культура древних сакских племен в районе Сырдарьи (по материалам раскопок в Ширик-Рабате) . Обзор письменных данных о сакских племенах, живших по реке Сырдарья в районе Аральского моря. Археологические раскопки памятников сакского периода. Есть также традиционные фермы, города и погребальные памятники. Исследования крепостей сакских племен в поселениях Ширик-Рабат, Баланды, Баланды 2, Бабиш Молда-1.
Исследовательские работы памятников Уйгарак и Тугискен. Материальная и духовная культура сакских племен. В жетиасарской культуре это тщательно продумано. Город Жент, город Алтынасар.
Ключевые слова.
Саки Сырдарьи и Аральского моря, ранние и средневековые, Ширик-Рабатская, Жетиасарская культура. Комплексы Уйгарак и Тугискен, обзор материальных и письменных данных, духовных и культурных данных
Annotation
The diploma work studies the culture of the ancient Saka tribes in the Syr Darya region on the basis of excavations in Chirik-Rabat. The scientific works of the Khorezm archeological and ethnographic expedition of the Academy of Sciences of the USSR and NN Institute of Ethnology and Anthropology named after Mikhlukho-Maclay, A. Kh. Based on the works and scientific reports of the Shirik-Rabat Archaeological Expedition of the Institute of Archeology named after Margulan, the Research Center "Archeology and Ethnography" of Korkyt Ata Kyzylorda University. The settlements and fortresses of the Saka tribes living in the lower reaches of the Syr Darya and the Aral Sea region are studied in detail and a comprehensive analysis of the Saka culture is made.
Keywords. Throughout Syr Darya, Sakas, Shirik-Rabat city, Zhetyasar Uygarak, Tugisken, Balandy, Babish mullah, culture.
Тақырыбы: Сыр өңіріндегі ежелгі сақ тайпаларының мәдениеті
(Шірік-Рабатта жүргізілген қазба материалдары негізінде)
Мазмұны
Кіріспе 8-11
І тарау. Арал маңының сақ тайпаларының зерттелу тарихы
- Сақ тайпалары жайлы жазба деректерге шолу 12-15
1. 2. Сақ дәуірінің ескерткіштеріндегі археологиялық зерттеулер 16-25
ІІ тарау. Сыр өңірінің ежелгі сақ тайпаларының мәдениеті
2. 1. Дәстүрлі шаруашылықтары 26-30
2. 2. Қалалары мен жерлеу ескерткіштері 31-51
2. 3. Сақ тайпаларының заттай және рухани мәдениеті 52-62
Қорытынды 63-64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 65-68
Қосымшалар 69-73
НOPМAТИВТІК СІЛТEМEЛEP
Бұл диплом жұмысында кeлeсі нopмaтивтік сілтeмeлep қoлдaнылды:
1. Қaзaқстaн Peспyбликaсының Білім жәнe ғылым министpінің 2010 жылдың 1 қapaшaдaғы №506, ҚP БҒМ 2008 жылдың 18 нaypыз aйындaғы №125 бұйpығынa « Жoғapы oқyopындapындaғы білім aлyшылapдың үлгepімін aғымдaғы бaқылay, apaлық жәнeқopытынды aттeстaттayдың үлгіepeжeсінe» өзгepістepeнгізy тypaлы (ҚP БҒМ 16 нaypыз 2011 жылғы №94) бұйpығы.
2. Қaзaқстaн Peспyбликaсы Үкімeтінің 2012 жылғы 23 тaмыздaғы №1080 қayлысымeн бeкітілгeн «Жoғapы білім бepyдің мeмлeкeттік жaлпығa міндeттістaндapты». Жoғapы oқyopнынaн кeйінгі білім бepy. Мaгистpaтypa.
3. ҚP Білім жәнe ғылым министpінің 2018 жылғы 30 қaзaндaғы №595 бұйpығымeн бeкітілгeн «Жoғapы жәнe (нeмeсe) жoғapы oқyopнынaн кeйінгі білім бepy ұйымдapы қызмeтінің үлгілік қaғидaлapы»
4. 2019 жылдың 25 қaңтapындa №66-a бұйpығымeн бeкітілгeн Қopқыт Aтa ҚМУ-нің білім aлyшылapдың үлгepімінeaғымдық бaқылay, apaлық жәнe қopытынды aттeстaттay өткізyдің epeжeс
БEЛГІЛEУЛEP МEН ҚЫСҚAPТУЛAP
ХАЭЭ- Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы
ЖАЭ -Жанкент археологиялық экспедициясы
РҒА- Ресей ғылым академиясы
МГУ -Московский государственный университет
Қазақ АКСР- Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы
ҚР -Қазақстан Республикасы
б - бет
ғ . - ғасыр
с . - страница
т. б. - тағы басқа
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында Сырдария өзенінің төменгі ағысы мен Арал маңын мекендеген Сақ тайпларына тарихы мен мәдениетіне және осы кезге дейінгі жүргізілген зерттеулер кеңінен қаралады. Сонымен қатар Шірік-Рабатта жүргізілген қазба жұмыстары бойынша жаңа деректік мәліметтер түйінделді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Ұлт тарихына көз жүгіртетін болсақ, ерте дәуірлерде қасиетті топырағымызда көптеген тайпалардың мекендегені жайлы білеміз. Солардың бірі - әлем тарихында өзіндік орны бар сақ тайпалары. Көшпенділер деген сөзге назар аударсақ, оның ар жағынан осы тайпалардың тарихын көреміз. Себебі, сақтар ұлы даланы мекен еткен көшпелі тайпалар. Сақтар туралы ежелгі жылнамаларда, көне жазбаларда біршама деректер жазылған. Көшпелі тайпалар жайлы әлі де зерттеліп, зерделеніп келеді. Бір ғана мысал ретінде АҚШ-тың «The New York Times» басылымында жазылған «Батыс басылымы көшпенділер мәдениетіне зер салады» атты мақаладан үзінді келтіруге болады (қазақша аударылған нұсқасы «Азаттық» сайтынан алынды) . Ежелгі сақ тайпалары жайлы америкалық ғалымдар көшпенділердің өмір сүру дағдысына қарап тасада қалған мәдениет деген пікір білдірген. Яғни, жазу-сызу болмаса да, өздері туралы ақпарат беретін алуан түрлі экспонаттардан-ақ бұл тайпалардың мықтылығын байқауға болатынын жеткізген. Сонымен қатар, сақтарға қатысты обалардан табылған бұйымдарға қарап олардың Парсы және Қытай секілді қуатты көршілермен қарым-қатынаста болғанын, көші-қон стратегиясын жақсы жүргізгендігін көреміз. Осыдан-ақ, көшпенділер отырықшы халықтан едәуір кенже қалған деген пікірлердің күл-талқанын шығаруға болады. Сақ тайпалары туралы, оның ішінде Арал маңында мекендеген сақтар туралы, Сыр өңіріндегі сақтар заманынан қалған көне жәдігерлерді зерттеу жұмыстары күні бүгінге дейін жалғасуда. Сол себептен де Сыр өңірін мекендеген ежелгі сақ тайпалары жайлы, олардың мәдениеті, ескерткіштері сынды құнды жәдігерлері туралы зерттеу дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тарих ғылымы белгілі бір деректерді жинаумен, зерттеумен байланысты. Сыр өңˌірі - Қа за қста н жеріндегі көне өркениет іздері мо л са қта лға н өлкеніңˌ бірі. А нтика лық грек-рим та рихшыла ры мен са яха тшыла ры Якса рт, о рта ға сырлық а ра б жа зба ла рында Сейхун деп а та лға н Сырда рия бо йы та с ға сырына н бері тіршілігі үзілмей келе жа тқа н киелі өлке. Көне заманғы ескерткіштер жайлы а лға шқы деректерді а нтика жа зба ла рынан кезіктіреміз. Жалпы алғанда ғылыми зерттеулер біздіңˌ за ма нымызда ың ХVІІІ ға сырдыңˌ үлесінде. Д. В. Мура вин, И. Ка ста нье, А . И. Левшин, И. Гла дышев, П. Рычко в көптеген ескерткіштер жайлы, олардыңˌ о рна ла сқа н жері мен көлемі тура лы алғашқы мәліметтерді берген. 1867 жылы П. И. Лерх а рхео ло гиялық зерттеуді Жа нкент қа ласынан ба ста йды. 1946 жылы ғылыми қа зба жұмыста ры жа н-жа қты жүргізіле бастады. Атап айтқанда С. П. То лсто втыңˌ ба стамасымен Хо резм а рхео ло гиялық этно гра фиялық экспедициясы Сырда рияныңˌ ескі со лтүстік а рна ла ры Қуа ңˌда рия және Ескіда риялыққа бағыт алып, Жетіа са р кешеніˌ ескерткіштерін а шқан еді. С. П. То лсто в 1948-1951 жылдары Жетіа са р №3, Жетіа са р №9 қа ла рында, бірнеше о ба ла рда қа зба жұмыста рын жүргізген. Сонымен қатар, Жетіа са рдың басқа да ескерткіштерінде 1958, 1962-1963, 1966 жылдары қа зба жұмыста ры жа лға сын та пты. Ә. Х. Ма рғұла н а тында ғы 2006-2007 жылдары Ж. Құрма нқұло в жетекшілік жасаған А рхео ло гия институтыныңˌ Шірік-ра ба т а рхео ло гиялық экспедициясыныңˌ ба рла у о тряды «Мәдени мұра » ба ғда рла ма сы бойыншаˌ «Қызыло рда о блысыныңˌ ескерткіштер жина ғын» жарыққа шыға ру мақсатында Жетіа са р ескерткіштеріне толыққанды а рхео ло гиялық ба рла у жұмыста рын жүргізді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысын жазудағы басты мақсат - Қазақстан тарихындағы сақ тайпаларының, соның ішінде Сыр өңірін мекендеген сақтардың мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін зерттей отырып, салыстыру, талдау. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
- Сыр өңірінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарын негізге ала отырып, аймағымыздағы сақ тайпаларының тұрақтарынан табылған жәдігерлерді зерттеп-зерделеу;
- Шірік-Рабатта жүргізілген қазба жұмыстары бойынша жаңа деректік материалдар негізінде анықтап, салыстыру, талдау.
- Зерттеу жұмысыныңˌ ныса ны болып табылатын ескерткіштердіңˌ арасында қа зба жұмыста ры жасалмағандарын ескере келе, ғылыми институтта ры мен ғылыми зерттеу о рта лықта рына да ла лық қа зба жұмыста рын жүргізу туралы ұсыныс жасау;
Зерттеу жұмысының негізгі нысаны. Сыр бойындағы б. з. д. VII-II ғасырлардағы сақ тайпалары. Б. з. д 4-2 ғасырдағы Шірік-Рабат қаласының мәдениетін зерттеу жұмысы.
Зерттеу пәні. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы Қазақстан халқына Жолдауының негізінде Қазақстан Үкіметінің сол жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысы бекітілді. Осыған орай 2004-2011 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы барысында Сыр өңірінде жүргізілген археологиялық зерттеулер нәтижелерінің есептері және зерттеушілердің ғылыми еңбектері пайдаланылды.
Диплом жұмысының деректік негізі. Қо рқыт А та а тында ғы Қызыло рда университетініңˌ «А рхео ло гия және этно гра фия» ғылыми-зерттеу о рта лығыныңˌ жеке кіта п қо ры мен Қызыло рда о блысыныңˌ та рихи-мәдени ескерткіштеріˌ кіта бына н а лынды. Сондай-ақ, Ә. Х. Ма рғұла н а тында ғы институтыныңˌ Шірік-ра ба т а рхео логиялық экспедециясыныңˌ еңˌбектері мен ғылыми есептері, Хорезм экспедициясына қатысты монографиялар, есептер мен еңбектерден және «Қармақшы» (2018 жыл) кітаптары негізге алынды.
Сыр өлкесінің қазақ халқының тарихындағы орны жайында сөз маржандарын тебірене терген филология ғылымдарының докторы, профессор М. Жолдасбеков: «Қазақ ұлт болып осы өлкеде ұйысты. Сыр өңірі - қазақ халқының таусылмайтын, сарқылмайтын анасы, алты Алаштың қара шаңырағы, тербеліп өскен тал бесігі, тіршілігіне тірек болған құт мекені, байтақ тарихымыздың шежіресі. Скиф-сақ дәуірінен кешегі хандық заманына дейінгі қалаларымыздың, астана-ордаларымыздың құт мекені» деп тұжырымдайды. Сыр өлкесіндегі сақ дәуіріндегі ежелгі астана - Шірік-Рабаттың әлемдік тарихтағы орны, әлемдік өркениетке қосқан үлесі ұшан теңіз екенін мойындауымыз қажет. 1948 жылғы С. П. Толстовтың жетекшілігімен жүргізілген Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясының зерттеулерінен басқа Сыр бойындағы көптеген қалалар, асар, оба, мазарлар орны кешенді түрде күні бүгінге дейін зерттелген емес.
Жұмыстың зерттелу әдісі. Зерттеу жұмысындағы қолданылатын әдіс осы күнге дейін Шірік-Рабат қаласынан табылға керамика, алтын бұйымдар, қару жарақ сынды заттарға, қатысты жазбадағы материалдар мен жазба деректерді салыстырып, сараптамалау, талдау болып табылады.
Дипломдық жұмыстың теориялық негізін археологиялық жәдігерлерде адамзаттың қолымен жасалған тарихи- мәдени құндылық ретінде қарастыру құрайды. Жұмыс археология деректерін кешенді сараптауға негізделген. Зерттеу жұмыс барысынба неғұрлым мол ақпарат алу үшін тарихи археологиялық зерттеуде қолданылатын әдістердің кең жйынтығы пацдаланылады. Соның ішінде Шірік-Рабаттан жүргізілген археологиялық зерттеулер барысында, табылған обалар мен мовзалейлерге, темір сауыт, қылыш, алтын бұйымдарға т. б заттарға сипаттау. Сондай Сыр өңірін мекен еткен сақ тайпалары жайында заттай және жабаша деректерге талдау
Сондай ақ жұмысты жазу барысында мәліметтерді өңдеу және сақтау үшін заманауи компьютерлік ақпараттық технологиялар пайдаланылды.
Тәжірибелік құндылығы. Диплом жұмысының негізгі нәтижелері, ережелері және ұсыныстары:
- Диплом жұмысы өзінің жүйелілігімен және қызықты ақпарат беруімен
ерекшеленеді;
- Диплом жұмысын жазу барысында өңірімізде жүргізілген
археологиялық зерттеу материалдарын қолдану, сақ тайпаларымен байланысты тақырыптағы ақпараттарды бұл жұмыстың қолданыс аясын кеңейтеді.
Тақырыптың ғылыми жаңалығы. Дипло м жұмысына өлкенің та рихына орай Сырда рияныңˌ төменгі а ғысында ғы ескерткіштердіңˌ са лынуы, о рна ла су кла ссифика циясы және сақ обалары а лынды. Кешенді түрде шына йы ғылыми тұрғыда н зерттелгендігін а йта келіп, жұмыстыңˌ төмендегідей жа ңˌа лықта рын а та п көрсетемін:
- Зерттеу кезінде Сырдыңˌ төменгі а ғысында ғы сақ тайпаларына тиесілі тұрақтарды то п-то пқа бөліп қа ра стыруға бо ла ды;
- Қа ла ла рдыңˌ құрылыста ры, ерекшелігі қа растыры ла ды;
- Шірік-Рабатта жүргізілген қазба жұмыстары негізіндегі материалдарды ғылыми айналымға енгізу.
Зерттеу жұмысының методолгиялық негізі. Еліміз егеменді болып, еңсесін көтергелі ширек ғасыр уақыт өтті. Содан бері ұлтымыздың тарихы қайта қаралып, әр кезеңге жазылған еңбектер тарихи салыстырмалық әдіспен зерделеніп жатыр. Бұл жұмыстыңда зерттелу әдісінің негізіне Сыр бойы мен Арал маңын мекендеген Сақ тайпаларының саяси және мәдени даму процесін, олардың қала салу мен жер суландыру жүйелерінің қалыптасу тарихына байланысты археологиялық материалдар мен жазба деректерді салыстыра отырып талдау болып табылады. Бұл методологиялық әдісті Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясының мүшелері С. П. Толстов, Б. В. Андрианов, М. А. Итина және т. б ғалымдар өз еңбектерінде қолданған. Олар көзқарастарында Сырдың тқменгі ағысы мен Арал маңын мекендеген Сақ тайпаларда жер өңдеуші және көшпенді халықтың арасындағы байланыстар бар деп есептейді. Осы зерттеу жұмысында жоғарыда айтылған экспедицияның материалдары бүгінгі күнгі қалыптасқан жаңа көзқараспен қаралады. Сонымен қатар Шірік-Рабат қаласына жүргізілген соңғы қазбалардың нәтижелері пайдаланылады.
Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар. Дипломдық жұмыс Сыр бойы мен Арал маңын мекен еткен Сақ тайпаларының тарихи-жазба деректер мен Сақ тайпасының мәдениеті. Ерте және ортағасырдағы Шірік-Рабат қаласының саяси және мәдени дамуында тарихи рөлін айқындауға көмектеседі. Сондай-ақ, бұл жүргізілген зерттеу жұмысын жоғарғы және орта оқу орындарындағы тарих және археология мамандықтарының студенттеріне Қазақстан тарихын оқытуда, ал мектеп оқушыларына өлке тарихын оқытуда пайдалануға болады.
Географиялық а ймағы. Шірік-Рабат қаласы Қызылорда обылысы, Қармақшы ауданы, Көмекбаев ауылынан Оңтүстік-Батысқа қарай 100 км жерде орналасқан.
Тақырыптың хронологиялық шеңбері. Ежелгі Қазақстан аумағындағы адамзаттың даму тарихында өзіндік орын алатын қола дәуірін ауыстырып, үлкен әрі маңызды өзгерістер әкелген кезең б. з. д. І мыңжылдықтың басы мен біздің заманымыздың басы болып табылады. Бұл кезең Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың өндірісінде темірді пайдалануы және көшпелі шаруашылықтың дамуымен ерекшеленеді.
Диплом жұмысының сыннан өту. Диплом жұмысы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университететінің гуманитарлы-педагогикалық институты «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасында талқыланып, қорғауға ұсынылды
Жұмыстың құрылымы. Екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
І ТАРАУ. АРАЛ МАҢЫНЫҢ САҚ ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
1. 1. Сақ тайпалары жайлы жазба деректерге шолу
Арал өңіріндегі ескерткіштердің зерттелу тарихы үш кезеңге бөліп қарастырылады. Дәлірек айтсақ, революцияға дейінгі, кейінгі (кеңестік) және егемендік алған жылдардан кейінгі кезеңдер деп бөлінеді.
Революцияға дейінгі кезеңдегі зерттеулер Түркістан әуесқойлары үйірмесінің мүшелері П. И. Лерх, В. А. Каллаур, Е. Смирнов, В. В. Бартольд, И. А. Кастанье секілді зерттеушілердің жұмыстарынан басталады. Осы кезеңде ескерткіштердің ғылыми сипаттамасын, көне атауларын, мерзімін анықтап, есепке алу сынды жұмыстар жүргізілді. Одан кейін кезең-кезеңімен Арал маңындағы тарихи ескерткіштер зерттеліп, зерделене бастады. В. В. Бартольдтың еңбектерінде Геродоттың, Страбонның Сыр өңірінің тарихына байланысты қалдырған еңбектері бар. Оған қоса, В. В. Бартольд Орта Азияның және еліміздің тарихына қатысты басты дерек б. з. д. ІІ ғ. - б. з. VI ғ. Қытай әдебиеті деп көрсетіледі.
Өңіріміздегі сақ тайпаларының тарихына қатысты ақпараттарды тізбектемес бұрын жалпы сақтар туралы мағлұматтар беріп өткен жөн. Осы орайда ежелгі сақ тайпалары туралы жазылған жазба деректерден үзінді кірістіруге болады.
Атақты тарихшы Геродот (б. з. б V ғ. ) сақтарды «Азия скифтері» деп атаған. Бірқатар антикалық тарихшылар да сақтарға осы атауды берген. Сақ тайпалары Солтүстік Қара теңіз маңы мен Днепр бойын мекен еткен скифтердің және Еділдің төменгі бөлігі мен Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтардың, Кир мен І Дарий парсыларының, сондай-ақ, Александр Македонский кезеңіндегі гректердің замандастары болған. Сақтардың тайпалық одақтарына қатысты ежелгі жазба деректердің мәліметтері екі топқа бөліп қарастырылады. Яғни, антикалық деректемелер және ахеменидтік (ежелгі парсы) сына жазбалары деп бөлуге болады. Антика деректемелерінің деректері Геродот (б. з. б. V ғ. ), Ксенофонт (б. з. б. VI-V ғғ. ), Птолемей (б. з. б. ІІ ғ. ) жазбаларымен байланысты. Сақтар туралы жазба деректерге көз жүгіртетін болсақ, ахеменидтік сына жазба деректемелерін мысалға алуға болады. Бұл жазбаларда деректер аз болса да, анық келтірілген. Мәселен, оларда сақтардың үш тобы бар: хауомаварга-сақтар (хаом сусынын қайнататын сақтар), тиграхауда-сақтар (шошақ бөрік киетін сақтар), тиай-парадарайа-сақтар (теңіздің арғы бетіндегі сақтар) туралы хабарланды. Алғашқы екі топ Геродотқа таныс болды, ол бұл тайпаларды амюргия-сақтар және ортокарибантия-сақтар деп атады. Сақ тайпаларының осы топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғандығы жөнінде ғылымда көптеген болжамдар бар. [1, 158-бет]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz