Теспелердің кенжарда орналасуы


ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ПКОҚӨ кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖОБА
«Тау-кен кәсiпорындарының құрылысы» пәні
Тақырыбы: «Бұрғылап-аттыру тәсілмен тасымал квершлагты өтудің технологиясы»
Қабылдаған: т. ғ. к, профессор
Қамаров Р. К.
(қолы) (күні)
Орындаған: __ Тулешова А. Ж
(қолы, аты-жөні)
тобы, ___ГД 19-2__
(қолы, күні)
Қарағанды 2021
ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ
Тау-кен факультеті
__ ПКОҚӨ кафедрасы
ГД 19-2тобының_ Тау- кен ісі ___ мамандығының студенті
Тегі Тулешова аты Айдана әкесінің аты_Жұбанышқызы
Жобалау жетекшісі: т. ғ. д., п рофессор, академик_ Қамаров Р. Қ. _
Жобалау мерзімі 18 қаңтар бастап 30 сәуір дейін.
Курстық жобалаудың жұмыстың тақырыбы: «Бұрғыаттырылстық тәсілмен тасымал квершлагты өтудің технологиясы»
2. Жобаның(жұмыстың) мазмұны (қандай графикалық жұмыстар мен есептеулер орындалуы қажет) Көлденең қазбалардың көлденең қимасының мөлшерін анықтау, көлденең қазбаларды жүргізу кезінде жарылыс жұмыстарын жобалау, соқыр тау-жұмысының желдетуін жұмысын есептеу.
3. Негізгі қосымша талаптар
4. Курстық жобаны (жұмысты орындаудың жоспары) :
5. Курстық жоба аяқталды 30 сәуір 2021 жыл
6. Жобаның бағасы
Жетекшісі__ Т. Ғ. К профессор Камаров Р. Қ. _
Бекітемін: Каф. меңгерушісі Имашев А. Ж.
ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫ
АНЫҚТАМА
ҚарТУ БМСК РМК ақпараттық технологиялар орталығында тобының студенті Тулешова Айдана Жұбанышқызы « Тау-кен кәсiпорындарының құрылысы » пәні бойынша курстық жобаның салыстырмалды талдауы жүргізілді. Талдау нәтижесінде курстық жобалық жұмыстар қорымен сәйкестіктер табылмады.
Барлық мәліметтер Антиплагиат жүйесінің технологиясына сәйкес алынды. Толық ақпарат алу үшін сарапшымен толық талдау жүргізілуі тиіс.
ПКОҚӨ кафедрасының менгерушісіИмашев А. Ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 5
Есептеуге қатысты бастапқы мәліметтер . . . 6
1 орташа қатты және біртекті қатты жыныстарда Жазық қазбаларды жүргізу 7
1. 1 Ұңғыма циклі 7
1. 2 Бұрғыаттырма жұмыстары 7
1. 2. 1 Атылғыш заттар (АЗ) және аттырыс тәсілдері (АТ) 8
1. 2. 2 АЗ шығыны, теспелер саны және теспелік оқтамалардың мөлшері . . . 9
1. 2. 3 Теспелердің кенжарда орналасуы 12
1. 2. 4 Бұрғылық машиналар және теспелерді бұрғылау 14
1. 2. 5 Теспелерді оқтау және аттыру 15
1. 3 Қазбаларды желдету 15
1. 3. 1 Желдету схемалары және тәсілдері 16
1. 4 Жынысты тиеу 17
1. 5 Кенжараралық көлік 19
1. 6 Қосалқы жұмыстар 21
1. 6. 1 Уақытша тіреулерді орнату 21
1. 6. 2 Су арығын тұрғызу 22
1. 6. 3 Рельс жолдарын төсеу 22
1. 6. 4 Кабельдер мен құбырларды төсеу 23
1. 6. 5 Жарықтандыру 23
1. 6. 6 Жеткізу жұмыстары 23
1. 7 Кәсектік тіреуді орнату 23
1. 7. 1 Жыныстарды бекіндіру 23
1. 8 Ұңғымалық жабдықтардың жиынтығы 24
1. 9 Кенұңғымалық жұмыстарды ұйымдастыру және техника-экономикалық көрсеткіштер 26
2. Есептеуге арналған бастапқы мәліметтер 26
2. 1 Дайындау қазбаларын жүргізудің техникалық көрсеткіштерін есептеу жүргізу 34
Қорытынды
Әдебиет тізімдері
КІРІСПЕ
Шахтаны дайындау жұмыстарының көлемі және құрылымы, олардың көршілес технологиялық буындармен және кен кәсіпорындарының жұмыстарымен (тазартпа жұмыстары, жерастылық көлік, желдетпе, жер беті қызметі, қазбаларды күтіп-ұстау және жөндеу) тығыз байланысында. Олар дайындау қазбаларын жүргізу процесінің ерекшелігін және құрылыс тәсілдерін қолдануды анықтайды. Тау-кен қазбаларын жүргізуге қатысушы жұмысшылардың санын азайту, олардың еңбек қауіпсіздігін жоғарылату және жағдайларын жақсарту, кен-дайындау жұмыстарының техника-экономикалық көрсеткіштерін жақсы жетістікке жеткізу жаңа техникаларды және дайындау тау-кен қазбаларын жүргізудің озық технологияларын қолданумен байланысты.
Тау-кен қазбаларының көлденең қималарының пішіндерін, өлшемдерін және тіреудің рациональды конструкцияларын таңдау қазбалардың қызметіне, тау-кен қысымының байқалу сипатына және оның сандық көрсеткіштеріне байланысты. Сондықтан курстын бірінші бөлімінде қазбалардың көлденең қималарының мүмкіндікті пішіндері мен өлшемдері, тіреу материалдары мен конструкциялары, тау-кен массиві мен тіреудің өзара әсері жөнінде мәлімет келтірілген, сондай-ақ тау-кен қазбаларының тіреу тәсілдерін есептеу қараластырылған.
Такырып
«Бұрғыатттырыстық тәсілмен тасыма Квершлагты өтудің технологиясы»
Есептеуге қатысты бастапқы мәліметтер
-тасыма штрек
-тасыма штрек ұзындығы -2000м
- тиеу машинасының техникалық сипаттамасы мен типін, олардың кенжардағы санын Nпм ; 1 комбайн
- қазбаның жарықтағы 13. 2 ( Sсв ) және өтудегі 10. 3 ( Sпр ) қимасын;
- қазбаның көлденең қимасының шегіндегі жыныстың қаттылығы ( f ) ; 12
- теспелердің тереңдігі ( Lш ) ; 1. 8
- АЗ оғының диаметрі, мм d-36
1 ОРТАША ҚАТТЫ ЖЫНЫСТАРДА ЖАЗЫҚ ҚАЗБАЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ
1. 1 Ұңғыма циклі
Көмір және рудалық шақтыларында қаттылығы f > 6…8 жыныстар бойынша жазық қазбаларды жүргізудің негізгі тәсілі ретінде бұрғыатпалық саналады.
Ұңғыма циклі деп орындалатын жұмыстар мен үдірістердің жиынтығын атайды. Белгілі бір тәртіппен орындалған жұмыстардың арқасында даярлау кенжары теспенің тереңдігін анықтайтын тапсырылған шамаға жылжиды.
Ұңғыма циклінің құрамына негізгі үдіріс пен қосалқы үдіріс кіреді. Негізгі үдіріс тізбекті немесе жартылай бірлестіре орындалады. Қосалқы үдіріс негізгі үдіріспен параллельді орындалады. Негізгі үдіріске келесі жұмыстар кіреді:
- теспелерді бұрғылау;
- теспелерді оқтау;
- теспелік оқтамаларды аттыру;
- аттырыстан кейін кенжарды желдету;
- кенжарды қауіпсіздік күйге келтіру;
- жынысты тиеу;
-тұрақты тіреуді орнату.
Қосалқы үдіріске келесі жұмыстар кіреді:
- құбырлар мен кабельдерді ілу;
- суақпа жырасын қондырғылау;
- рельстік жолдарды өсіру;
- науаны өсіру;
- дара рельстік жолды өсіру;
- уақытша тіреуді орнату.
Негізгі үдіріс міндетті түрде орындалуы тиіс және жоғарыда айтылған тәртіпті сақтайды. Кейбір жағдайда қосалқы үдірістің жұмыстары толығымен орындалмауы мүмкін. Мысалы, егер қазба құрғақ болатын болса, онда суақпа жырасын қондырғылаудың қажеті жоқ, ал рельстік жолдарды салу жұмысы қазбаны толығымен өткеннен кейін орындалуы мүмкін.
1. 2 Бұрғыаттырма жұмыстары
Қазбаны жүргізу кезінде бұрғыаттырма жұмыстары келесіні қамтамасыз етуі қажет:
- берілген өлшемдер шегінде тау-кен жыныстарының бұзылуын және қазбаның көлденең қимасының пішінің;
- қазбаны дәл жиектеуді және қиманың артықтық коэффициентін азайтуды;
- жынысты сапалы (біркелкі) ұсақтауды және қазба бойынша жыныстың минимальды лақтырысын (жыныстын тиеу өнімділігін арттыруға мүмкіндік жасайтын) ;
- теспелердің пайдалану коэффициентін (ТПК) арттыра қазбаның берілген шамаға жылжуын.
Бұл айтылған талаптар БАЖ шамашарттарын дұрыс таңдаумен қамтамасыз етіледі: АЗ түрлерін, оқтаманың конструкциясы мен мөлшерін, теспелердің тереңдігін, теспелердің санын және олардың кенжарда орналасуын.
Әрбір қазбаға бұрғыаттырма жұмыстардың паспорты істеледі және жасалады. Паспорт рудниктің немесе шақтының бас инженерімен бекітіледі. бұрғыаттырма жұмыстардың паспорты мен кен мастерлері, бригадирлер, аттырушылар және ұңғымашылар танысулары қажет. Бұрғыаттырма жұмыстардың паспорты келесіні құрауы қажет: теспелердің номерлігін көрсете үш проекциямен кенжарда олардың орналасу схемасын, кенжар жазықтығына теспелердің құлау бұрыштарын, теспелердің тереңдігін және оларда оқтамалардың реттік аттырысын, теспедегі оқтама конструкциясының схемасын; теспелердің орналасу схемасына кестені (кестеде жыныстар категориялары, теспелердің диаметрі мен ұзындығы, әрбір теспедегі оқтама массасы, жанғыш трубкасының ұзындығы жөнінде мәліметтерді және т. б. келтіреді) ; адамдарды өткізбеу постасының схемасын (кен жұмыстары жоспарынан көшірмені құрайтын схема), желдетпе ағысының жылжу бағытын және аттырушының таса жерге орналасу орнын, адамдарды өткізбеу постасының және аттырыс жұмыстарын жүргізу кезінде ұңғымашылардың тосу орнын келтіре; негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері паспортының кестесін (кестеде қазбаның өлшемдері, қолданылатын АЗ түрлері және инициироваландыру тәсілі (ИТ) ), АЗ меншікті шығыны және ИТ жөнінде мәлімет, атылған жыныстын көлемі, теспелердің пайдалану коэффициенті (ТПК) жөнінде мәліметтер және т. б. келтіріледі) .
1. 2. 1 Атылғыш заттар (АЗ) және аттырыс тәсілдері (АТ)
Сақтандырмалығы бойынша барлық өнеркәсібтік АЗ 7 классқа бөлінеді. Бірінші класстың АЗ аттырыс жұмыстарын жер бетінде жүргізу үшін қолданылады.
Газдың бөлінісі бойынша қауіпті емес шақталардың жерасты тау-кен жұмыстары үшін қолданылатын АЗ сипаттамалары 2. 1-кестеде келтірілген.
Газ бен шаңның бөлінісі бойынша қауіпті шақталарда үшінші класстың сақтандырмалы АЗ - аммонит АП-5ЖВ және төртінші класстың сақтандырмалы АЗ - аммониттер Т-19, ПЖВ-20 қолданылады.
Көмір тақталарын ашуда газдың қысымдық бөлінісі кезінде бесінші класстың АЗ - углениттер қолданылады.
Газ бен шаңның бөлінісі бойынша қауіпті шақталарда сақтандырмалы детонаторлар: ЭДКЗ-ОП (әрекеттілігі ләзде) ; ЭДКЗ-ПМ (әрекеттілігі мезеттік 15, 30, 45, 60, 80, 100, 120 миллисекунд кешеуілдікпен) ; ЭДКЗ-П (әрекеттілігі мезеттік 25, 50, 75, 100, 125 миллисекунд кешеуілдікпен) қолданылады.
Газ бен шаңның бөлінісі қауіпті емес шақтылар мен рудниктерде детонаторлар: ЭД-8-Э, ЭД-8-Ж, ЭД-1-8-Т (әрекеттілігі ләзде) ; ЭД-КЗ (әрекеттілігі мезеттік 25, 50, 75, 100, 150, 250 миллисекунд кешеуілдікпен) қолданылады.
1. 1- кесте - Газдың бөлінісі бойынша қауіпті емес шақталардың жерасты тау-кен жұмыстары үшін қолданылатын АЗ сипаттамалары
Игданит
Гранулит М
Гранулит С-2
Гранулит АС-4
Гранулит АС-8
Гранулит AC-4B
Гранулит АС-8В
Граммонит 79/21
3973-4061
3852
3939
4522
5119
4522
5233
3561
1, 1 - 1, 2
1, 1 - 1, 2
1, 0 - 1, 1
1, 1 - 1, 2
1, 1 - 1, 2
1, 1 - 1, 2
1, 1 - 1, 2
1, 0 - 1, 1
Аммонит 6 ЖВ
№ 3 тастақ аммонал
№ 1 тастақ аммонит (престелген)
Детонит М
4305
5684
5400
5786
0, 85
0, 80
1, 15
0, 80
32
36-45
36
28; 32; 36
Газ бен шаңның бөлінісі қауіпті емес шақтыларда қазбаларды жүргізу кезінде аттырманың отты, электрлі отты және электрлі тәсілдері және әрекеттілігі ләзде, мезектікті және кешеуілдікті электр детонаторлары қолданылады. Газ бен шаңның бөлінісі қауіпті шақтыларда аттырыстың тек қана электрлік әдісі және әрекеттілігі ләзде мен мезектікті электр детонаторлары қолданылады (15-тен 125 мс-ке дейінгі кешеуілдікті) .
1. 2. 2 АЗ шығыны, теспелер саны және теспелік оқтамалардың мөлшер
Q жарылған жыныстың 1 м3-ге ЖЗ үлестік шығыны жыныстардың күштілігіне және олардың қысылу дәрежесіне, ЖЗ қуатына және басқа да бірқатар факторларға байланысты. ЖЗ үлестік шығынының шамасын анықтау үшін әртүрлі эмпирикалық формулалар қолданылады.
Ең көп тараған-проф. М. М. Протодьяконовтың эмпирикалық формуласы, проф. П. Я. Таранов анықтаған:
, кг/м
3
, (1)
мұнда f - Профессор М. М. Протодьяконовтың шкаласы бойынша жыныстың беріктік коэффициенті;
- Қазбаның өтілетін қимасының ауданы
S
пр
, м
2
;
е - өнімділік көрсеткіші
, (2)
Р эт - 93 % динамиттің жұмыс қабілеттілігі, проф. М. М. Протодьяконовтың ЖЗ қабылдауы бойынша, Р ЭТ = 525 см 3 ;
Р ВВ - қабылданған АЗ жұмыс қабілеттілігі, см 3 , 1 кесте;
k - таужынысты ұсақтаудың қажетті дәрежесін ескеретін зарядты күшейту коэффициенті, k = 1, 2-1, 3.
Кесте 1 - АЗ патрондағы тығыздығы мен жұмыс қабілеттілігі
Скальный
№ 1
Скальный
№ 3
Теспелердің саны мына формула бойынша анықталады:
, шт, (4)
мұнда Δ - патрондағы ЖЗ-ның тығыздығы, кг/м 3 (таблица 1) ;
- ЖЗ патронының диаметрі, м;
- шпурларды толтыру коэффициенті, шпурлардың диаметрі 32 және 36 мм болғанда 0, 4-0, 5 және шпурлардың диаметрі 40-45 мм болғанда 0, 5-0, 65 тең;
l з - теспе зарядының ұзындығы, м;
k - оқтау кезінде ЖЗ нығыздау коэффициенті қалыпты патрондар үшін 1, 1 және ойық патрондар үшін 1, 2 тең.
Теспелердің соңғы саны қабылданған ұңғыма түріне және теспелердің забойдағы орналасуына байланысты қабылданады.
Кемкерме теспелердің арасындағы қашықтық мынадай формула бойынша анықталады:
, м . (5)
мұндағы, W - ең аз кедергі сызығы
(6)
мұндағы, m - зарядтардың жақындау коэффициенті, электр жару кезінде
m = 1÷1, 5;
q-Протодьяконов бойынша ЖЗ үлес шығыны, кг / м3;
Δ-патрондардағы ЖЗ тығыздығы, кг / м3;
К - Шпурларды толтыру коэф.
Кемкеруші теспелер саны мына өрнекпен анықталады:
, дана, (7)
мұндағы, Р-кемкеруші теспелер орналасқан периметрдің (топырағы жоқ) бөлігінің ұзындығы, м
Уатпалаушы теспелерінің саны
, шт. (8)
мұнда, N - теспелер саны, дана
-кемкеруші теспелер саны, дана
- ұңғымалаушы теспелер саны, дана
Уату үшін ЖЗ жалпы саны мынадай формула бойынша анықталады:
, кг. (9)
кг
где, q - Протодьяконов бойынша ЖЗ үлестік шығысы, кг / м3
- теспе ұзындығы, м
- қазбаның өтілетін қимасы, м 2
Теспедегі зарядтың орташа шамасы мына формула бойынша анықталады:
, кг. (10)
мұнда, - бір циклға кететін ЖЗның Жалпы саны, кг
N - теспе саны, дана
1. 2. 3 Теспелердің кенжарда орналасуы
Теспелерді кенжарда орналастырудың оңтайлы схемасы ТПК максимальдығын, бұрғылау жұмыстарының көлемі мен АЗ шығынының аздығын, белгіленген уатылу деңгейі мен жыныстардың лақтырыс дәрежесін, кенжардың сапалы жиектелуін қамтамасыз етеді
Теспелерді кенжарда орналастыру жыныстардың бекемдігіне, жарықшақтығына және қатпарланғыштығына, қазбаның көлденең қимасының өлшемдері мен пішіндеріне байланысты.
Теспелер атқаратын қызметіне, олардың кезеңдік аттырысына және кенжарда орын алуына байланысты келесіге бөлінеді (2. 1- сурет) :
- ұңғылы теспе. Бірінші болып атылады. Жазықтыққа қосымша жалаңаштық беру қызметін атқарады;
- уатпалы теспе. Екінші кезеңмен атылады. Жыныс массивінің негізгі бөлігін уатпалау мен ұсақталау үшін арналған;
- кемкермелі теспе. Үшінші кезеңмен атылады. Кенжардың көлденең қимасының нұсқасы бойынша орналасады. Қазбаға белгіленген пішінді беру қызметін атқарады.
Қазбаларды жүргізу практикасында ұңғылардың көлбеу, тура және аралас түрлері қолданылады.
Орташа бекемді және бекемді жыныстарда екі тік немесе жазық қатарлы теспелерден тұратын сына тәріздес ұңғылар қолданылады (2. 2 - сурет) . Монолитті бекемді жыныстарда құлама бұрышы 65 . . . 70 о ұңғылы теспелерде сына тәріздес ұңғының ортасында кейбір кезде бірнеше кескіндік теспелер бұрғыланады. Олардың тереңдігі ұңғылы теспелердің тереңдігінің 2 /з бөлігін құрайды. Кескіндік теспелер жоғарғы тұсқа құлама құрайды. Сына тәріздес ұңғылы теспелердің кемшіліктері: ені немесе биіктігі шамалы кенжарда теспелерді қажетті құлама бұрышқа орналастыру мүмкін еместігі. Әсіресе бұл кемшілік теспелерді бұрғылау қондырғыларымен бұрғылағанда, ал бұрғылық машиналарының ұзындығы 2 м-ден жоғары және қазбаның ені 2…2, 5 м болғанда байқалады. Сондықтан бұндай кенжарларда ұңғылы теспелердің құлама бұрышын өсіруге және олардың тереңдігін азайтуға немесе теспелерді перфораторлармен бұрғылауға тура келеді. Сына тәріздес ұңғылы теспелердің басқада кемшіліктеріне қазба бойынша жыныстардың жан жаққа үлкен көлемде лақтырысын жатқызуға болады.
Тік немесе призма тәріздес ұңғылы теспелер барлық бекемді жыныстарда қолданылады. Бұндай ұңғылы теспелер кенжар жазықтығына тігінен және бір біріне параллельді бұрғыланады. Ұңғылы теспелердің түрлері: жәй тік, саңылау, айқыш және цилиндр тәріздес (2. 3 - сурет, а, б, в, г) . Жыныстардың бекемдіктеріне байланысты көршілес ұңғылы теспелердің ара қашықтықтары 10. . 30 см, ал өте бекемді жыныстарда- 5. . 10 см қабылданады.
Ұңғылы теспелердің саны ( N вш ) қазбаның өтудегі көлденең қимасының ауданына (S пр , м 2 ) байланысты қабылданады:
S пр <= 10 болғанда N вш = 4;
10 < S пр <= 14 болғанда N вш = 6;
14 < S пр <= 18 болғанда N вш = 8;
S пр > 18 болғанда N вш = 10.
Кейбір тік ұңғыларда теспелердің бөлігін оқтамайды. Бұндай теспелерді компенсационды (бос) теспелер деп атайды. Компенсационды теспелер тау-кен жыныстарының массивінде босанған жолақты тудырады және басқа ұңғылы теспелерде оқтамалардың жұмыстарын жеңілдетеді.
Компенсационды теспелерді қолдана (2. 4-сурет) тік ұңғылардың түрлерін таңдау төменгі формула бойынша бұл теспелердің қажетті санын N 0 анықтағаннан кейін мүмкін
=
мұндағы V o - компенсационды теспенің көлемі, см 3 .
Диаметрі 70 . . . 160 мм оқталмаған төтелдердің ұңғылары тиімді.
Ұңғылы теспелер басқа теспелерге қарағанда 10 . . . 15% - ке ұзындау қабылданады, ал ұңғылы теспелердегі оқтамалардың мөлшері орташа оқтамалар мөлшерінен 20 . . . 25 % - ке жоғары.
Кемкермелі теспелердің аузы кенжардың жобалық нұсқасынан 15 . . . 25 см қашықтыққа орналастырылады, ал бекемдік жыныстарда теспенің кенжары нұсқаның шегінен 5 . . . 10 см шығып тұрады. Орташа бекемді жыныстарда кемкермелі теспелердің аузы нұсқаның бойында орналасады, ал жұмсақ жыныстарда нұсқаға дейін 5 см - дей жетпейді.
Кемкермелі теспелердің бір бірінен ара қашықтықтары ( A кш , м) олардың ұзына бойына орналасқан жағдайда төменгі формула бойынша есептелінеді:
Кемкермелі теспелердің саны ( N кш ) :
,
N кш =
мұндағы P к - кемкермелі теспелердің орналасу сызығының ұзындығы
P к = 0. 5 S пр +7. 5.
P к = 0. 5 *12 +7. 5=10, 5
Уатпалы теспелер ұңғылы және кемкермелі теспелердің аралығында орналасады. Қазбалардың көлденең қимасының ауданына және теспелердің санына байланысты уатпалы теспелер бір немесе бірнеше қатарлардан тұруы мүмкін. Олар кенжар жазықтығына перпендикуляр бұрғыланады.
1. 2. 4 Бұрғылық машиналар және теспелерді бұрғылау
Теспелерді бұрғылауға арналған бұрғылық машиналарын таңдау жұмысын жыныстардың бекемдік коэффициенті бойынша жүргізген жөн.
Бұрғылық машиналардың түрлері 1. 5 - кестеде келтірілген. Олар ПНБ типті тиегіш машиналарына немесе шақтылық бұрғылау қондырғыларына орнатылады.
Профессор М. М. Протодьяконовтың шкаласы бойынша жыныстың бекемдік коэффициенті f < 6 құраған жағдайда ұзындығы 3 м-ге дейінгі теспелерді бұрғылау үшін қол электрбұрғысы қолданылады. Бұрғылау жұмысы қолдың немесе ұстап тұратын жеңіл құрылғының көмегімен жүзеге асырылады. Қол электрбұрғыларының түрлері СЭР-19м, ЭР14Д-2м және ЭР18Д-2м.
1. 5 - кесте - Жазық және көлбеу қазбаларда теспелерді бұрғылауға арналған бұрғылық машиналардың түрлері
БУ немесе 110-1-1М (f = 9)
БГА-1М (f = 11)
ПК-60; ПК-75;
ГП-1; ГП-2; ГП-3
ПР-25; ПР-30
ПП-50; ПП-63В
Бұрғылау қондырғысы манипулятордан және бұрғылық тележкадан құралған бұрғылық машинадан тұрады.
1. 2. 5 Теспелерді оқтау және аттыру
Бұрғыатпалық жұмыстардың (БАЖ) паспортына сәйкес теспелердің тереңдігі мен орналасуын тексергеннен кейін және оларды бұрғы ұнтағынан тазартқаннан кейін аттырушы бірінші ескерту белгісін береді (бір ұзақ) . Бұл белгіні ести кеншілер кенжардан оңашалану жеріне бағыт алады.
Теспелердің оқтау уақытын қысқарту үшін оларды оқтауға аттырушы жұмысының бірыңғай кітапшасы бар ұңғымашылар қатысулары мүмкін.
Оқталған атылғыш заттарды оқтау қол күшімен жүзеге асырылады, ал түйіршіктелген АЗ - эжекторлық зарядчиктермен жүзеге асырылады. Диаметрі 34…56 мм жазық және көлбеу теспелерді шашылымды АЗ оқтау үшін «Курама» типті зарядчик қолданылады. Зарядчик сиымдылығы 8 кг - ға дейінгі ашық бункерден, жұмыс қысымы 0, 5…0, 7 МПа ауаның көмегімен істейтін эжектордан, клапанды құрылғыдан және ұзындығы 2, 5 м-ге дейінгі оқтамалық түтіктен тұрады.
Аттырма торын құрастыру жұмысы тізбектелген схема бойынша жүзеге асырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz