Меринос тұқымды қойларының биязы жүні және жартылай биязы жүні кеңінен танымал


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

АНЫҚТАМАЛАР

Дипломдық жұмыста мынандай анықтамалар қолданылды:

Биязылау жүн

Жоғары сапалы биязылау жүн

Биязылау жүн:
Жоғары сапалы биязылау жүн:
Биязылау жүн:

Селекция

Жоғары сапалы биязылау жүн:

Іріктеу немесе сұрыптау. Селекция негізін жұп таңдау және сұрыптау құрайды.

Биязылау жүн:

Жүн

Жоғары сапалы биязылау жүн:

Бұл терінің туындысы болып саналады немесе малдардың жүн жабыны, ол қорғаныс ролін атқарады, оның белгілі бір технологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді: ірілгіштік, созылғыштық, серпінділік және т. б.

Биязылау жүн:
Жоғары сапалы биязылау жүн:
Биязылау жүн:
Жоғары сапалы биязылау жүн:
Биязылау жүн:
Жоғары сапалы биязылау жүн:
Биязылау жүн:
Жоғары сапалы биязылау жүн:

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР

Дипломдық жұмыста төмендегідей қысқартылған сөздер қолданылды:

см
-
сантиметр
см: мм
-: -
сантиметр: миллиметр
см: м
-: -
сантиметр: миллиграмм
см: мг/л
-: -
сантиметр: миллиграм/литр
см: %
-: -
сантиметр: пайыз
см: т. б.
-: -
сантиметр: тағы басқа
см:
-:
сантиметр:
см: г
-: -
сантиметр: грамм
см: мкм
-: -
сантиметр: микрометр
см: км
-: -
сантиметр: километр
см: ж
-: -
сантиметр: жыл
см:
-:
сантиметр:
см: тг
-: -
сантиметр: теңге
см: ШҚ
-: -
сантиметр: шаруа қожалығы
см:
-:
сантиметр:
см:
-:
сантиметр:
см:
-:
сантиметр:
см:
-:
сантиметр:

Мазмұны

Кіріспе . . .

І. Әдебиетке шолу . . .

  1. Жануартектес табиғи талшықтардың түрлері . . .

ІІ. Зерттеу әдістері мен зерзаттар материалдары . . .

2. 1 Шаруашылық туралы жалпы мәліметтер . . .

2. 1. 1 Шаруашылықтың табиғат - ауа - райы және топырақ - өсімдік жағдайларының сипаттамасы . . .

2. 1. 2 Шаруашылықтың жайылым және мал азығын өндірудің жағдайы . . .

2. 2 Зерттеу әдістері мен зерзаттар материалдары . . .

3 Зерттеулердің нәтижелері . . .

3. 1 Табынды құрудың қысқаша тарихы . . .

3. 2 Кросбредті жүннің физикалық - техникалық қасиеттері . . .

3. 3Цигай етті - жүнді қойларының жүн өнімділігінің сипаттамасы . . .

3. 3. 1 Цигай етті - жүнді қойларының жүн қырқымы мен таза талшық шығымы . . .

3. 4 Жүн өңдейтін кәсіпорындардағы машиналар мен құралдардың сипаттамасы . . .

3. 5 Жүн өңдейтін кәсіпорындар . . .

3. 6 Халық тұтынатын тауарлы өндірісінде қой жүнін пайдалану . . .

3. 7Жүннен жасалған жіптер және маталар . . .

3. 8 Етті-жүнді қой тұқымы төлдерін 4 - 4, 5 -да етке және өндірілген жүнді өткізу тиімділігі

Қорытынды . . .

Ұсыныстар . . .

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .

Қосымша . . .

Кіріспе

Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының маңызды саласы, ол халқымызды әртүрлі тағамдармен, жеңіл өнеркәсіпті құнды шикізат өнімдерімен қамтамасыз етеді.

Еліміздегі жүн рыногын реттеу және дамыту үшін жеңіл өнеркәсіп мекемелерінің жұмысын жандандырып, жүнді шикізат деңгейінде қалдырмай, оны өңдеп, тауар ретінде сыртқа шығаруға әрекет жасау керек. Бұл ретте, әртүрлі өнім бағытындағы қойлармен жүргізілетін селекциялық асылдандыру және өндірісті ұйымдастыру жұмыстарынан өзге, жеңіл өнеркәсіпке қажетті жүн шикізатының сапасы мен өндірісте пайдаланылу бағытын анықтайтын оның физика - технологиялық қасиеттерін зерттеудің маңызы зор. Сондықтан, еліміздің жеңіл өнеркәсібін жоғары сапалы кілем және кілемдік заттар, трикотаж бұйымдар мен пальтолық, пиджактық маталар дайындауға қажетті ақжайық етті - жүнді қойларының кроссбредтік жүнінің физика - техникалық қасиеттерін зерттеудің өзектілігі күмән тудырмайды.

Кроссбредті жүннің сапасын кешенді бағалау, жүн өндеуші өнеркәсіптердің талаптарына сәйкестігі жүргізілген жоқ, берілген мәліметтер толық сипаттама бермейді, сонысымен рыноктағы оның жоқтығын шектейді.

Етті - жүнді бағыттағы қойлармен одан әрі жүргізілетін жұмыстар үшін өзекті міндет болып өндірілетін жүннің физикалық - техникалық көрсеткіштерінің максималды толық сипаттамасын және оның технологиялық қасиеттерін беру болып саналады.

Жүнді физикалық - механикалық және технологиялық қасиеттерінің тізімінің барлығы бойынша бағалау соңғы жылдары жүннен алынатын өнім сапасына қойылған талаптар жаңа экономикалық қатынастар нәтижесінен қатаңдатылған соң үлкен мәнге ие болды. Кроссбредтік жүнін жүн өндіруші кәсіпорындар арасындағы нарықтық өрісін кеңейтуді қолға алу қажет.

Дипломдық жұмыстың мақсаты:

Цигай етті - жүнді бағыттағы қойдың кроссбредтік жүнінің физикалық - техникалық және технологиялық қасиеттерін зерттеу негізінде кроссбред жүн шикізатының өндірісте пайдаланылу бағытын анықтау.

Негізгі міндеттер:

  • зерттеу материалдары алынған малдардың өнімділік көрсеткіштері;
  • кроссбредтік жүнінің физикалық - техникалық қасиеттерін зерттеу;
  • кроссбредтік жүн өндірудің экономикалық тиімділігін анықтау.
  • кроссбредтік қойының жүн өнімділігіне кешенді баға беріп, жеңіл өнеркәсіпте пайдалану өрісін кеңейту.

Дипломдық жұмыстың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы: Кроссбредтік жүнін жеңіл өнеркәсіпте пайдалану барысында физикалық - техникалық, сапалық қасиеттерінің өзгеруін анықтау.

Асыл тұқымды шаруашылық аумағында жүргізілетін селекционды жұмыстардың жүруіне тиімді әсер ететін кроссбредтік жүнінің объективті, кешенді, физикалық - техникалық және технологиялық сипаттамасын алу және жеңіл өнеркәсіпте пайдалану мүмкіндігі үшін жұмыстар жүргізу, халық тұтынатын тауарлы өндірісінде кроссбредтік жүнін пайдалануды қолға алу жоспарлануда.

Жоспаранлып отырған сараптама. Дипломның негізгі мәліметтері Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университет « Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» жоғары мектебінің, «Ветеринарлық медицина және биотехнология» институтының ғылыми-әдістемелік және ғылыми отырысында қарастырылды. Және Москва қаласындағы 09. 12. 2020 ж. Интернаука журналда «Продуктивность молодняка мясо-сальных и мясо-шерстных овец» атты мақалада жарияланды, және сертификат № 45(174) берілді.

1 Әдебиетке шолу

Кроссбред термині ағылшын тілінен аударғанда «cross» - будандастыру және «breed» - тұқым деген мағына береді. Жалпы әртүрлі тұқымды будандастыру емес, нәтижесінде ерекше технологиялық қасиеті мен ұзын біртекті жүнімен және сыртқы көрінісімен ерекше ұрпақ беретін жануарларды будандастыру.

Кроссбредтті жүн дегеніміз - бұл жоғары сапалы биязылау жүн.

А. И. Ерохин тәжірибелерінде жүнінің жіңішкелігі 50 сапа болатын саулықтар жүнінің жіңішкелігі 60 сапа болатын саулықтардан жүн қырқымы бойынша 1, 4 кг, жүн ұзындығынан 2, 1 см, ал 56 және 58 жүнінің сапасы болатын малдардан 1, 3 см-ге басым түсті. Сонымен қатар жүн жіңішкелігі мен қырқымы арасындағы корреляция коэффициенті 60 сападағы малдарда +0, 41, ал 56 және 58 жүн сапалары болатындарда +0, 45 және 50 сапада +0, 54 болды. [1] .

Б. Б. Траисовтың зерттеулерінде әр түрлі жүн жіңішкеліктегі қойлардың өнімділігінде аздаған айырмашылық бар екенін байқалды. Оның мәлімдеуінше, 58 сападағы омдық кроссбредтердің орташа таза жүннің қырқымы 2, 1 кг, жүнінің жіңішкелігі 56 сападағы малдарда - 2, 2 кг және 50 сапада сәйкесінше 2, 0 кг болды. [2] .

А. К. Кусаинов және т. б. солтүстік кавказ тұқымының қойларына жүн талшықтарының жіңішкелігіне байланысты өнімділік сапаларына тәжірибе жүргізу барысында әр түрлі жіңішкеліктегі қойлардың жүн ұзындығы және қырқымы бойынша айырмашылық жасайтынын атап өтті. 60 сападағы ұрғашы тоқтыларда 64 сападағы құрдастарымен салыстырғанда жүн қырқымы 4, 5%(Р>0, 95) және бүйірі мен арқасындағы ұзындығы сәйкесінше 4, 4 және 4, 3% (Р>0, 99) көп болды. [3]

Л. Н. Скорыхтың линкольн саулықтарын өнімділігін зерттеуі барысында олардың тірілей салмағы жүнінің 48 -ден 44 сапаға дейін қалыңдауынан өседі деген шешімге келді. Жүні 48 сападағы қондылығы жақсы болған кезде малдардың тірілей салмағы 57, 1 кг, 46 сапа - 59, 1 кг, 44 сапа - 62, 0 кг, 40 сапа - 59, 3 кг көрсетті. [4]

C. Б. Григорянның мәлімдеуінше, 58 сападан 48 сапаға дейін қалыңдатылған малдарда жуылған талшық шығымының ұлғаюы байқалады. Жүнінің сапасы 58 болатын малдарда таза талшық шығымының пайызы 53, 3% болса, 48 сапада - 58, 5% құрады. Жүндегі шайырдың мөлшері талшықтың жіңішкеруімен ұлғаяды. [5]

Г. К. Тюлебаевтың жазбаларында биязы жүнді қойлардың бүйірі, арқасы және құйымшағындағы жүнінің ұзындығы қойлардың жүн өнімділігімен жоғары дәреже байланыс жасайды. Сондықтан бұл белгіні өнімділігімен өзара қатынасы кезінде зерттеу қажет. [6]

С. И. Билтуевтың деректерінде малдарды азықтандыру жүннің физикалық-техникалық көрсеткіштерінің өзгеруіне әкеледі. Ол өз тәжірибесінде жүн сапасы көрсеткіштерінің өзгергіштігін барлық қорытылатын заттар бойынша үйлестірілген рациондарды қолдану кезінде де бақылаған.

Ұзындығы бойынша жүннің маусымдық өзгеруінің өсу қарқыны талшықтың жуаңдығы бойынша өсуіне әсер ететін факторлар бойынша анықталады.

Қорада ұстап бағу кезінде 45 алтай тұқымы саулықтарының ұзындығы бойынша жүнінің өсуін ай сайын бақылаған кезде, қараша, желтоқсан, қаңтарда жүннің ұзындығы бойынша орташа айлық өсімі 0, 55 см, ал ақпан, наурыз, сәуір айларында - 0, 65 см құрады, рацион құрамы өзгертілген жоқ, ал азық мөлшерін малдың физиологиялық жағдайы бойынша анықтады. [7] .

А. И. Ерохинның зерттеулерінде қойлардың азықтандырылуын жүн ақаулығына әсерін анықтау бойынша тәжірибе жүргізілді. Буаздылығының екінші жартысындағы жақсы қондылықтағы 70 буаз саулық таңдап алынды. Бірінші топты ВИЖ нормасы бойынша, ал екіншісін буаз кезінде қоректілігі12, 4% және қорытылатын протеин 29, 1% төмен, ал лактация кезінде сәйкесінше 13, 9 және 38, 3% төмен болатын рационмен азықтандырды.

Жақсы азықтандырылу нәтижесінде физикалық функциялардың(буаздылық, лактация) және қысқы мерзімнің жүннің өсуіне кері әсерін азайтты.

Жүн мықтылығын эксперттік бағалау кезінде бақылау тобы 13, 1% мықтылықтағы жабағы санына ие болды, ал тәжірибе тобындағы 68, 2%, яғни толық рационды азықтандыру жүн ақаулығын 2, 2 есеге қысқартты. [8]

В. В. Абонеев жазбаларында вят тұқымының жүнін зерттеген кезде, түрлі жастағы топтардың талшықтарының жіңішкелігі мен абсолюттік мықтылығының арасындағы корреляция коэффициенті +0, 446-дан +0, 516-ға дейін ауытқиды. [9]

Б. Б. Траисовтың мәліметтерінде [10] лискин қойларының жүнінің мықтылығы туралы зерттелген. Олардың мәлімдеуінше, ең мықты жүн талшықтың көлденең қимасы көп болатын малдарға тән. Жүн сапасы 48 болатын қошқарлардың жүнінің үзілу ұзындығы 14 см, 46 сапа - 15 см, 44 сапа - 16 см.

С. А. Ерохин мәлімдеуінше, терінің май және тері бездерінің өнімдерін болып келетін шайырдың мөлшері мен сапасы көбінесе азықтандыру деңгейі мен сипатына, тұқымына, жынысына және малдың жеке ерекшеліктеріне байланысты болып келеді.

Шайырдың жеткілікті мөлшерде болуы талшық сапасының жақсы болуына қосалқы белгі ретінде қызмет атқарады. Оның ойынша, шайырлы жүн басқа тең жағдайларда(жіңішкелігі және ұзындығы бойынша теңескен және т. б. ) жоғары мықтылығымен, серпімділігімен және эластикалығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, қой шайырын өндіру үшін біршама қорытылатын заттар жұмсалады және шайыр түзілуге кететін азық шығыны едәуір көп болады. [11]

В. И. Сидорцовтың жазбаларында, жүн майы мен терісінің арақатынасы маңызды көрсеткіш болып саналады. Оның мәлімдеуінше, жақсы арақатынас ақ және ашық-крем түстес шайыры бар қошқарларда байқалады. Шайырдың боялу қарқынының өсуі қорғаныс қасиетін төмендететін ондағы тері фракциясының болуымен сипатталады. Бұнымен ақ және ашық-крем түстес шайыры бар қошқарлардың талшығының мықтылығы 0, 5-1, 2 км үзілу ұзындығына төмендігімен түсіндіріледі. [12]

Б. Б. Траисовтың[13] зерттеулерінде ол, жүндегі аминқышқылдарының сақталуына тері рН әсері айтылған. Тең және салыстырмалы тұрақты жағдайларда болған жуылмаған жүн партиялары шайыр түсі бойынша айырмашылық жасады. Біріншісі - ақ, екіншісі - сары түсті шайыр, тері рН-ы бірінші партияда 7, 12, екіншісінде - 8, 10 болды. Үш ай сақтаудан кейін жүндегі аминқышқылдардың жалпы сақталуы бірінші партияда 99, 6%, ал 6 айдан соң - 97, 9%, екінші партияда сәйкесінше 99, 3 және 96, 1% құрады. Физикалық қасиеттердің ұзақ уақытта жақсы сақталуы үшін тері рН көрсеткіші жақын немесе нейтралды жүнді салу керек.

Н. 3. Злыдневтың [14] деректерінде, жүн сапасының маңызды көрсеткіші ретінде штапельдің жуылғандығы мен ластануы болып есептеледі. Штапель тереңдігі бойынша жуылғандығы мен ластану аймағының көлемі жүннің қоюлығы мен ұзындығы, шайыр мөлшері мен сапасына тәуелді болады. Бұл көрсеткіш жүннің технологиялық қасиеттерімен байланысты. Жуылған мен ластануы аймағы үлкен болған сайын, жүн талшықтары жағымсыз сыртқы факторлардың(температура, ылғалдылық, күн инсоляциясы және т. б. ) әсеріне ұшырайды. Жабағыға түрлі механикалық қоспалардың енуі шайыр мен жүннің сапасын төмендетеді.

В. П. Шикалованың [15] мәлімдеуінше, май құрамы төмен болатын қой жүнінде механикалық қоспалардың мөлшері көп болды. Майдың көп болуынан жуылған шайыр аймағы және штапельдің ластану тереңдігі төмен болды. Бұл заңдылықтың дұрыстығына қарастырылып отқан көрсеткіштердің арасындағы корреляция коэффициенті қызмет атқарады. Жүн ластану тереңдігі мен май мөлшерінің арасындағы корреляция - 0, 18-ден -0, 65 құрайды. Май құрамы мен жуылған жүн аймағының арасында сәйкесінше -0, 22-0, 58.

Жүндегі ластану тереңдігі, жуылған аймағына және минералдық қоспалар мөлшеріне шайыр түсінің әсері байқалмады. Шайыр түсі сонымен қоса жүн құрамында болуына әсер етпейді. Бірақ ашық түсті шайыры бар жүн жүн майын ластанудан және жуудан жақсы сақтайды.

Н. К. Тимошенконың жазуы бойынша, бірдей жуаңдықтағы жүн талшығының ұзындығынан қондырғы өнімділігі, иірілген жіп шығымы және үзілгіштігі тәуелді болып келеді. Жүн ұзындығының маңызды көрсеткіші болып талшықтағы барлық штапель біркелкілігі саналады. Олар толық бірдей болмайды, олардың ұзындығы бойынша айырмашылығы төмен болған сайын жүн құнды болып саналады, одан мықты және көп мөлшерде иірілген жіп алынады, қалдық аз болады. [16]

Л. Г. Васильеваның мәлімдеуінше зоналды факторлардың қой жүні шайырының құрамы мен технологиялық сипаттамасына әсерін атап өткен, жүн шикізатының қайта өңдеуге дифференциялық үйлесім қажет екендігімен сипатталады. Оның зерттеулерінің нәтижелері бойынша Урал, Батыс Сібір өңірлерінде өсірілетін қойлардың жүнінің шайыры тердің көп мөлшерде болуымен ерекшеленеді. [17]

А. Б. Нурпеисовтың жазбаларында жүн ластануы аймағы мен қырқымы, сонымен қатар жуылған күйіндге шығымы арасында теріс корреляциялық байланыс бар. Осылайша, арқасында ластанған жүн аймағының ұлғаюы кезінде жуылған жүн талшығының шығымы азаяды. Жақсы сапалы шайыры және ластану аймағы 30% жоғары емес малдар мықты жүнімен (6, 9 және 7, 9 км) сипатталады. [18] .

А. П. Китаеваның мәліметтерінде шығыс-фриз тұқымды қойларының жүнінде механикалық қоспалардың жоғары пайызы болған, ол таза талшық шығымына әсерін тигізді. Құрамында майы аз болатын жүннен таза талшық шығымы көп алынады. [19]

С. И. Семеновтың мәліметтерінде, жүні 50 сападағы ұрғашы тоқтылар жүні 58 сападағы ұрғашы тоқтылардан жоғары дене салмағымен және жүн қырқымымен ерекшеленді.

Бұл малдар арасындағы тірілей салмағы бойынша максималды айырмашылық 8, 1%, ал таза талшықта жүн қырқымы бойынша 15, 5% құрады. [20]

К. М. Касымов және т. б. деректері бойынша барлық топтағы малдарда тірілей салмақтың әрбір 3 кг өскен сайын жүн қырқымының 100 г өсуімен түсіндіріледі деген заңдылығы орнатылғандығы айтылған. [21]

B. В. Терентьевтің пайымдауынша, жүннің қалыңдауы таза талшық шығымымен байланысты екенін атап көрсеткен. Оның мәліметтері бойынша жүні 58 сападағы саулықтарда таза талшық шығымы 64, 5%, ал 56 сападағы малдарда - 65, 5% құрады. Мұндай сортиментті ұрғашы тоқтыларда бұл көрсеткіштер сәйкесінше - 64, 8 және 65, 5% құрады. [22]

В. И. Кирюхина, А. Н. Ширманың жазбаларында стандартты сапалы жүн өнімдерін дайындау үшін өнеркәсіпке жүйеленген қасиеттері бар шикізат қажет. Осыған байланысты, тұқымдарды жетілдірген кезде көп назарды жүн сапасының жақсаруына ғана емес, сонымен қоса, жабағының негізгі қасиеттері бойынша типтеуге аудару керек. Біртекті жүннің ірі партиясын өңдеу кәсіпорындарға оны класқа бөлу үшін өндірістік емес шығындардан құтылуға және тоқыма өнімдерінің сапасын арттыруға септігін тигізеді. [23] .

А. И. Гольцблат [24] және т. б. жазбаларында май мен тердің арақатынасы норма бойынша биязылау жүнді қойларда 1:1-ге тең екендігі көрсетілген.

Т. И. Антоненконың[25] деректерінде жүн қырқымы мен оның жіңішкелігі арасындағы жоғары корреляциялық тәуелділік туралы айтылған.

Ж. А. Қарабаев, А. Н. Нартбаев, В. А. Спиваковтың деректері бойынша биязылау жүнді қойлар жүн мен етті мол беретіндіктерімен сипатталады. Олар біртекті жүн береді, бірақ биязыларға қарағанда біршама ірі қылшықты болып келеді. Жүн талшықтарының жуандығы 58-ден 36 сапаға дейін болады, яғни 25-55 микронды құрайды. Биязылау жүнді қойлар жүні жағынан биязы жүнділерден(жүнінің ұзындығы 20см) асып түседі, бірақ қоюлығы жағынан жете алмайды. Биязылау жүнді қойлар биязылау жүн өндіруге байланысты кеңінен өсіріле бастады, солардың ішінде ең бағалысы кроссбредті қойлар 1962-1965 жылдары Қазақстан үшін мүлде жаңа кроссбред тұқымды қойларды құру жөніндегі жұмыстар басталды. [26] .

А. Б. Далдыбаеваның зерттеулерінде қазақтың көп төлді етті-жүнді қойының жүн өнімділігін олардың туылу типіне байланысты зерттеу мал селекциясында белгілі ілімдік және тәжірибелік орын алады. Олардың зерттеулері бойынша барлық тип қозыларының жүн ұзындығы туылғанынан төрт айлығына дейін қарқынды өседі. Төрт айлық пен бір жас аралығында бұл көрсеткіштің өсу қарқындылығы біршама төмендейді. Әр ай сайын орташа алғанда жалқы қойлардың жүн ұзындығы 0, 77-0, 81 см, егіздердікі 0, 75-0, 79 см және үштен тцылғандардікі 0, 73-0, 77 см өскен. 12 және 24 айлық кездерінде жүннің өсуіне малдың жыныстық диморфизмі әсер етеді.

Жүн біртектігі бойынша жалқы туылған мал өздерінің егіз және үштен туылған қатарластарынан біршама басым болып шықты. Сонымен, қазақтың көп төлді етті-жүнді қойлар жүнінің физикалық-механикалық қасиеттері туылуы әр типтегі малдарға тән өзіндік генетикалық ерекшеліктеріне байланысты болды. [27]

В. В. Терентьевтің және А. К. Абдусуминовтың жазуы бойынша қой терісін зерттеудің маңызды болатын себебі, онда қойдың негізгі өнімі - жүні қалыптасады. Ал жүн сапасы әуелі тері жағдайына байланысты.

Бұрын ақжайық биязылау жүнді қойлар терісінің қалыңдығы жүнінің жіңішкелігіне байланысты зерттелмеген болатын. Биязылау жүнді ақжайық қойының жүні 48-50 сападағы қошқарларының және жүні 50-58 сападағы саулықтарының терісі біршама қалың екендігін, олардың май және тері бездерінің барлық қабатта жақсы жетілгендігін, яғни жүн өнімділігінің жоғары екендігін көрсетеді. [28]

А. Н. Баяхов, А. К. Бозымова, Б. Б. Траисов және Л. Ж. Тлеуованың мәлімдеуінше, өткен ғасырдың соңында Орал өңірінің аумағында- ақжайық етті - жүнді бағыттағы кроссбредті жүні барқойдың жаңа тұқымы шығарылды. Жаңа тұқымның шығарылуының арқасында Орал өңірі кроссбредті жүн беретін асыл тұқымды етті-жүнді қой шаруашылығы бағытының негізгі аумағына айналды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының мақсатына бағытталуының нәтижесінде Батыс Қазақстанда ақжайық етті-жүн қошқарларын жергілікті биязы -қылшық жүнді қойдың аналығын кроссбредті бағытқа өзгерте алатынын дәлелденді. [29] С. А. Ерохинның берілгендері бойынша селекциялық жұмыста маңызды буын болып ерте жаста құнды өнімдік - биологиялық белгілері және қасиеттері қиылысатын малдың түрін анықтау болып табылады. Қойлардың конституционалды - өнімдік ерекшеліктерінің бір белгісі болып жүннің жіңішкелігі болып саналады. [30]

Ф. Р. Фейзуллаевтың [31] пайымдауынша, қойлардың жүнінің талшықтарының жіңішкеруінен олардың тірі салмағы төмендейді. Оның ойынша, жүн жүннің физикалық - технологиялық қасиеттерінің барлық қатарымен, жүнді өнімділігімен, тірі массасы мен етті өнімділігімен қатар, селекционерлеуші белгілердің ішінде ең маңыздысы болып табылады.

Н. В. Асееваның мәліметтері бойынша, қазіргі күні ірі отандық жүнді тұтынушылар 70 сападағы және өте жіңішке жүнге жоғары баға төлеуге әзір екендігін айтады. Оның зерттеуінен нақты корреляция жүннің ұзындығы мен жіңішкелігі арасында екені анықталды. [32]

А. Н. Негреева, А. Ч. Гаглоевтың деректері бойынша, ұзындық жүннің маңызды физикалық қасиеттеріне жататынын айтқан. Жүн өндіруші кәсіпорындарда ұзындығы анықтаушы мәнге және жүнді пайдалану факторы болып саналады. Олардың ойынша жүннің ұзындығының орташа 1 см-ге өсуі бірдей жағдайда отар бойынша жүнді 14 - 15% қырқуды жоғарылату керектігін қамтамасыз етуі мүмкін. [33]

А. Н. Ульянов [34] және басқаларының пікірінше, олар жүн өнімділік жүн талшықтарының иректілігімен байланысты екенін анықтады.

К. Г. Есенгалиевтың мәліметтері бойынша, биязы қылшық жүнді саулығын австралиялық корридель қошқарларымен және ақжайық етті - жүнді қошқарлармен будандастыру кезінде жуылмаған жүнді қырқу бойынша алдыңғы орынды ақжайық етті - жүнді қошқарлардың тұқымы алатыны анықталды. Ол берілген көрсеткіш бойынша австралиялық корридельден 0, 03 - 0, 07 кг немесе 0, 9 - 2, 1% асып түсті. [35]

Я. М. Сагалаков өзінің зерттеуін жүргізген деректеріне сүйенсек, тұрақты азықтандыру кезінде кезінде де жүн талшықтарының диаметрінің маусымдық өзгеруі байқалатыны белгілі болған. [36]

Х. М. Араев және Х. Х. Араевтың пікірінше бірдей жағдайда азықтандырылатын, бірақ та жүн талшықтары түрлі қалыңдығы болатын қойларда, қысқы уақытта жіңішкелігі бойынша өзгеріс бірдей болмайтыны белгілі болды. Ол жүні 56 сапа болатын малдарда жоғары болады және жүні 50 және 48 сапа болатын малдарда төмен болады. [37]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қой шаруашылығы туралы
Қаракөл қойларының селекциялық ерекшелігі
Асыл тұқымды еділбай қой тұқымының өнімділік және биологиялық ерекшеліктері
Биязылау қой жүні
Қой шаруашылығы. Қойдың биологиялық ерекшеліктері
Қаракөл қозыларын бонитировкалау
Етті-майлы құйрықты қойлар
Оңтүстік меринос тұқымына зоотехникалық сипаттама
Қазақстанда қой шаруашылығының дамуы
Жүн шикізатының тауартануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz