Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің түсінігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Ш. ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Бизнес және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы

Курстық жұмыс
Пәні: Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы (Ерекше бөлім)
Тақырыбы: Зиян келтіру салдарынан туындайтын шарттар

Орындаған: ЮП-18-3 тобы студенті
Сихымбек Куан Б.
Рецензент: Cәдуақасова Ляззат О.

Ақтау - 2020

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1. ЗИЯН КЕЛТІРУ САЛДАРЫНАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ..
2. ЗИЯН КЕЛТІРУДЕН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУ ШАРТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Зиян келтірудің жекелеген жағдайлары үшін туындайтын жауапкершілік ...
2.2 Адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін жіне моральдық зиян келтіргені үшін жауапкершілік ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. ТАУАРЛАРДЫҢ, ЖҰМЫСТАРДЫҢ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУЛЕРДІҢ ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ САЛДАРЫНАН КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯНДЫ ӨТЕУ ... ...
3.1. Тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің жеткіліксіздігі салдарынан келтірілген зиянды өтеу негіздері, және соған жауапты тұлғалар ...
3.2. Тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің жеткіліксіздігі салдарынан келтірілген зиянды өтеу мерзімдері, және жауапкершіліктен босату негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Курстық жұмыстың тақырыбы "Зиян келтіру салдарынан туындайтын шарттар". Тақырыптың негізгі мақсаты - зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің түсінігі мен маңызын, пайда болу шарттарын, зиян келтірудің жекелеген жағдайлары үшін туындайтын жауапкершілік, адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін жіне моральдық зиян келтіргені үшін жауапкершілік. Адамдардың өзара қарым - қатынасында бір тұлғаның екіншісіне зиян келтіруге алып келмейтін адам өмірінің бірде бір аясы жоқ. Ол басқа азаматтар мен заңды тұлғалардың әртүрлі іс - әрекеттерінің салдарынан азаматтық - құқықтық қатынастар субъектілеріне тиесілі игіліктер мен құқықтарға келтірілуі мүмкін.
Зиян келтіру өндіріс аясында орын алады, ол автокөліктер мен басқа да көлік құралдарының иелерімен, қауіпті заттармен, жануарлармен, тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатудан, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік билік пен басқару органдарының заңсыз іс - әрекеттерімен және т.б келтіріледі.
Тұлғалардың бұзылған құқықтары мен мүдделерін бірдей қалпына келтіруге, аталған тенденциялардың қауіптілігін елеулі түрде төмендетуге мүмкіндік беретін азаматтық құқықтың институты болып азаматтық-құқықтық жауапкершілік табылады.
Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме - бұл зиян келтірушінің немесе заңнамада аталған өзге де тұлғаның келтірілген зиянды толық көлемде өтеу міндетін қамтыған, жеке немесе заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне құқыққа қайшы іс-әрекеттермен мүліктік және мүліктік емес зиян келтіру салдарынан тікелей заңнама нұсқауларынан туындайтын міндеттеме.
Қазақстан Республикасының 917-бабының 2-тармағында зиян келтірушінің егер зиян өзінің кінәсінен келтірілмегендігін дәлелдесе, оны өтеу жауапкершілігінен босатылатындығы көзделген. Заңнама мен тұлғаға зиянды өтеу жауапкершілігі оның кінәсінің болу болмауына қарамастан жүктелетін жағдайлар көзделуі мүмкін.
Сонымен зиян келтіргені үшін жауапкершіліктің жалпы негіздері шарттары болып мыналар табылады:
1) құқыққа қайшы іс-әрекет
2) зиянның болуы:
3) тұлғаның іс-әрекеті мен туындаған құқыққа қайшы салдардың арасындағы себепті байланыс;
4) кінә.
Зиян келтірудің жекелеген жағдайларындағы жауапкершілікті қарастыра отырып біз өзгеше субъектілік құраммен туындайтын кінә тікелей заңмен көзделген негіздер бойынша туындайтын кінә болмаған кезде және басқа да ерекшеліктері бар міндеттемелерге тоқталамыз.
Мұндай жауапкершілік туындайтын жағдайлардың бірі болып өзінің еңбек кезінде жұмыскер мен келтірілген зиянды өтеу кезіндегі міндеттеме табылады.
Азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян жалпы негіздерде өтеледі. Тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірген кезде келтірілген мүліктің зиянның сипаты мен құрамына сүйену керек. Оның дәл осы ерекшелігі осындай зиянды өтеу мәселелерін бөлек қарастыру қажеттілігін туындатады.

1. Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер
1.1. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің түсінігі
Адамдардың өзара қарым-қатынасында бір тұлғаның екіншісіне зиян келтіруге алып келмейтін адам өмірінің бірде бір аясы жоқ.
Ол басқа азаматтар мен заңды тұлғалардың әртүрлі іс-әрекеттерінің салдарынан азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілеріне тиесілі игіліктер мен құқықтарға келтірілуі мүмкін.
Зиян келтіру өндіріс аясында орын алады, ол автокөліктер мен басқа да көлік құралдарының иелерімен, қауіпті заттармен, жануарлармен, тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатудан, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік билік пен басқару органдарының заңсыз іс-әрекеттерімен және т.б келтіріледі.
Жоғары аталған субъектілердің іс-әрекеттері зиян келтіре отырып, бірқатар жағдайларда, құқыққа қайшы сипатқа да ие болады. Олар, олары жасаған тұлғаға азаматтық-құқықтық жауапкершілік жүктелуге мүмкін болатын белгілерге сәйкес болған кезде, азаматтық құқық-бұзушылық, басқаша айтқанда деликтілік, сипатқа ие болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, олар азаматтық құқықтық жауапкершіліктің негіздемесі ретінде бағаланады.
Бұдан әрі біз осыған қажетті шарттарды сондай-ақ зиян келтіру салдарынан туындайтын құқықтық қатынастарды қарастыру кезінде қолданылатын түсініктерді айқындайтын боламыз. Алдымен азаматтық-құқықтық жауапкершілік түсінігіне қысқаша тоқталып кетейік.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарына және заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіру заң щығарушының назарынан тыс қала алмайтындығы сөзсіз. Олай болмаған жағдайда қоғамдық қатынастарының реттеушісі ретіндегі азаматтық-құқықтың құндылығы елеулі түрде төмендетілер еді. Сол бір немесе өзге субъектілерге зиян келтіру жағдайларын тиісті назардан тыс қалдыру әртүрлі құқықтық жіне өзге де өзекті мәселелерді одан әрі туындайтын, бір немесе бірнеше құқық бұзушылықтар жасаған адам тарапынан құқық бұзушылықты одан әрі ушықтыруға алып келуі әбден мүмкін. Бұл, өз кезегінде жәбір көрген тарапты озбырлыққа және жауап ретінде құқық бұзушылық жасауға итермелеуі мүмкін.
Тұлғалардың бұзылған құқықтары мен мүдделерін бірдей қалпына келтіруге, аталған темденциялардың қауіптілігін елеулі түрде төмендетуге мүмкіндік беретін азаматтық құқықтың институты болып азаматтық-құқықтық жауапкершілік болып табылады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің қырлары шарттық міндеттемелерді қарастыру кезінде зерделенген болатын. Онда шарттық жауапкершілік туралы сөз болған. Бұл жауапкершілік көп жағдайда азаматтық-құқықтық шарттар қатысушылардың арасындағы даулы құқықтық қатынастарды реттеуге септелетіндігімен сипатталады.
Сонымен қатар белсенді қолданысқа деликтілік жауапкершілік те ие. Оны субъектілер өзара шарттық қатынастармен байланысты болмайтын жағдайларда құқық бұзушылықтар жасағаны үшін туындауға тиіс болатын азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің бір түрі деп атауға болады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің аталған түрлерінің ортақтығына қарамастан олардың айырмашылықтарын да атап ету қажет. Деликтілік жауапкершілік дәстүрлі түрде азаматтық құқықтық өз алдына бөлек институты болып табылады. Оның өзіне тән ерекшеліктері бар, олар ең алдымен оның құрамында императивтік нормалардың басым болуымен сипатталады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік - заңдық жауапкершіліктің бір түрі болып табылады. Оған да заңдық жауапкершіліктің белгілері тән. Олар:
1) мемлекеттік мәжбүрлену мен ажырағысыз байланыс;
2) іс-жүзіндегі негіздеме - құқық бұзушылық болуы;
3) құқық бұзушы тәртібінің мемлекеттік және қоғамдық айыптаумен байланысты.
Алайда азаматтық-құқықтық жауапкершілік спецификалық өзіне тән ішкі белгілерге ие. Ол қылмыстық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық тәртіптік жауапкершілікпен қатар жеке өзіне арналған мақсаттарға ие. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік субъектілері іс-әрекеттерінін айрықша азаматтық-құқықтық салдарына реакция білдіру ретінде қолданылады және өзі сонымен бірге өзін қолдану үшін түрткі болғандардан ерекшеленетін, белгілі бір азаматтық-құқықтық салдарға алып келеді.
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен деликт жасаған құқық бұзушыға әсер ету шарасы болып табылатын, оның санкцияларын ажыратқан жөн. Зиян келтіргені үшін жауапкершілік аясында негізгі санкция болып келтірілген зиянды өндіріп алу болып табылады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік жеке сипатқа ие. Яғни оның қолданылуы құқықтары мен мүдделеріне зиян келтірілген субъектінің немесе жәбірленушінің атынан талап-арыз қоюға құқылы тұлғаның еркіне тәуелді болады. Кәмелетке толмағандардың мүдделеріне зиян келтірілген кезде егер олар ата-анасының қамқорлығында болмаса, талап-арыз бала тәрбиелеу мекемелерімен, қорғаншылар мен қамқоршылармен, тікелей қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен немесе прокурормен қойылады. Өз құқықтарын өздері қорғай алмайтын тұлғаларға зиян келтірілген жағдайларда азаматтық-құқықтық жауапкершілік мүмкіндігінше мүлтіксіз жүзеге асырылуға тиіс. Ол үшін қажетті жағдайлар заңнамамен қалыптасуға тиіс. Мұндай қажеттілікті деликтілік құқық нормаларын қолданатын мемлекеттік құзіретті органдары мен соттары тарапынан ескерген жөн. Мемлекетке, жария мүддеге зиян келтіру жағдайларына да қатысты осындай ой айтыла алады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің жеке сипаттылығының тағы бір қыры - азаматтық-құқықтық жауапкершілік лекциялары жәбірленушінің өз пайдасына қолданылады, ал жария-құқықтық жауапкершілікті қолдану санкцияларды салыстырмайа-ақ біреудің пайдасына не мемлекет пайдасына қолдануға алып келеді.
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің жеке-құқықтық сипаты зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер құрылымын құрастырудың бірден бір себебі болып табылады. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік міндеттемелік құқықтық қатынас нысанынан басқа нысанда жүзеге асырыла алмайды. Ол қатысты болып табылады және жауапкершілік субъектісінде, құқықтық талап-тілек білдірудің, иесін де сөзсіз айқындауға мүмкіндік береді.
Міндеттеменің аталған түрі заңнамаға сәйкес туындайды. Ол тараптардың келісімі бойынша тоқтатыла алмайды. Оны іс жүзінде жүзеге асыру, алдында атап өткенімдей, жәбірленуші субъектінің өз еркіне тәуелді болады. Ол, жалпы өзі арқылы адамдардың қандай да бір әлеуметтік маңызы бар қызметін туындату мақсатын көздемейді, ол тұтастай және толығымен адамдардың бұзылған мүліктік немесе мүліктік емес аяларын қалпына келтіруге бағытталған. Сондықтан зиян келтіруден туындайтын міндеттеме азаматтық-құқықтық міндеттеменің ерекше бір түрі болып табылады. Оның мақсатына сүйене отырып, оны қорғаушы міндеттеме ретінде анықтайды. Егер оның пайда болу негіздерін ескеретін болсақ, онда зиян келтіруден туындайтын міндеттемені деликтілік міндеттеме деп атаған жөн.
Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелермен реттеу аясы туралы осы айтылған сөз, осындай міндеттемеге сүйене отырып, міндетті субъект басқа субъектінің пайдасына зат беруге тиіс болатындығын жоққа шығармайды, бірақ бұл бұзылған құқықтарды қалпына келтіру қажеттілігімен жетеленеді. Міндетті субъектімен жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету тәжірибе жүзінде қолданылмайды, бірақ жоққа шығарылмайды. Бұл орайда зиян келтіруден туындайтын міндеттеме осындай жан-жақты мазмұнға барлық жағдайларда емес, ал тек зиян мүлікке ғана келтірілген жағдайда ие болады.
Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме, басым жағдайларда субъектілердің абсолюттік құқықтарын қорғауға бағытталған. Бұл оны тұлғалардың кез кеген құқықтарын оларға кез келген құқыққа қайшы қол сұғушылықтан қорғау мақсаттарында пайдалануға мүмкіндік береді. Кейбір жағдайларда деликтілік міндеттеме құрылымын пайдалана отырып тұлға өзінің нақты бір субъектіге қатысы бар құқықтарын да қорғап алады. Мысалға, тауарлардың, жұмыстарын мен қызмет көрсетулердің жетіспеушілігімен келтірілген зиянды өндіріп алу кезінде орын алады.

1.2. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің маңызы
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 917-бабында азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік немесе мүліктік емес игіліктері мен құқықтарына заңсыз іс-әрекеттермен келтірілген мүліктік және мүліктік емес зиянды, оны келтірген тұлға толық төлем өтеуге тиіс.
Сондай-ақ заң актілерінде зиянды өтеу міндеті зиян келтіруші болып табылмайтын тұлғаға жүктеледі, сонымен қатар өтеудің неғұрлым жоғары мөлшері белгіленуі мүмкін екені ескертіледі. Аталған бап, негізінен зиян келтіруден туындайтын жауапкершіліктің жалпы негіздерін белгілеу үшін арналғанмен, ол зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттеме түсінігінің өзінде анықтау үшін қолданылады.
Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме - бұл зиян келтірушінің немесе заңнамада аталған өзге де тұлғаның келтірілген зиянды толық көлемде өтеу міндетін қамтыған, жеке немесе заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне құқыққа қайшы іс-әрекеттермен мүліктік және мүліктік емес зиян келтіру салдарынан тікелей заңнама нұсқауларынан туындайтын міндеттеме.
Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелерді жүзеге асырумен азаматтық-құқықтық жауапкершілік және сонымен қатар, оның функциялары жүзге асырылады. Оның функцияларын компенсациялық, айыппұлдық, тәрбиеләк және алдын алушылық ретәнде анықтауға болады. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің компенсациялық функциясы өз мақсаты ретінде бұзылған құқықтар мен мүдделерді олардың бұзылуына тепе-тең түрде қалпына келтіруді көздейді. Аталған жауапкершілікті қолдану құқық бұзушыны, оның сірә өзі деликт жасай отырып байып кетпеген мүліктік аясын кеміту жолымен жазалайды.
Оларға азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің санкцияларын қолдану салдарынан және сот процесстеріне негізінен жауапкерлер ретінде қатысқандықтан, құқық бұзушылар азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің белгілі бір тәрбиелік ықпалын да сезінері анық. Бұл азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің белгілі бір шамада құқық бұзушыларды одан да ауыр құқық бұқушылықтар жасаудан ұстап қала алатын, алдын алушылық маңызына себепші болады.
Зиян келтіруден туындайтын міндеттеменің элементтерін қарастырып кетейік. Міндеттеме субъектісі болып кредитор және борышқор табылады. Міндеттеме қатысушыларының көптігі кредитор тарапынан да, борышқор тарапынан да орын алуы мүмкін.
Жәбірленуші ретінде кез келген жеке және заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністер бола алады. Объективті түрде, өмірі мен денсаулығына зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша кредиторлар ретінде, егер сөз регрестік міндеттемелер туралы болып отырмаса, жеке тұлғалардан басқа өзге субъектілер бола алмайды.
Борышқорлар ретінде де, құқыққа қайшы іс-әрекеттерінің салдарынан зиян келтірген, кез келген субъектілер танылады. Басқа тұлғалардың әрекеттері үшін заң бойынша жауап беретін тұлғаларға қадағалауды жүзеге асыруға тиіс өзге де мекемелер мемлекеттік ұйымдар жатқызылуы мүмкін. Орын алған жағдайға, зиян келтіруден туындайтын міндеттеменің пайда болу себебіне, міндеттемелер қатысушыларына байланысты оларды әмбебап құқық мирасқорлығына немесе суброгацияға жол берілуі мүмкін. Мысалы, мұрагерлер, құқық мирасқорлығының нәтижесінде, қайтыс болған азаматтың мүлкіне келтірілген зиянды өтеуді талап ету құқығына ие болуы мүмкін. Сақтандыру ұйымы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартына қатыса отырып, сақтандыру жағдайы туындаған және ол зиянды өтеу кезінде зиян келтіруден туындайтын міндеттемеде кредитор орнын иеленетін болады.
Борышқор үшін зиянды өтеген тұлға да одан қатысты регрестік міндеттеме аясында кредитор болады. Міндеттеме түрі болып ол бойынша тиесілі өтем табылады. Өзге міндеттемелерге қарағанда зиян келтіруден туындайтын міндеттеме пәні өте жиі жағдайларда анықталмаған болып табылады. Зиян келтіруден туындайтын талап арыздар бәсекелесе алатын талап-арыздарға жатады, зиян мөлшерң жіне тиісінше тиесілі өтем ақы мөлшері талап-арыз бергенде, тәжірибе жүзінде дәлме-дәл есептеле алмайды. Сол себептен міндеттеме пәні әдетте сотпен нақтыланады. Міндеттеме пәні зиянды өтеудің сотпен таңдап алынған тәсіліне байланысты болады. Сот зиянды өтеу туралы талапты қанағаттандыра отырып, істің мән-жайына сәйкес зиян үшін жауапты тұлғаны келтірілген залалдарды толығымен өтеуге немесе оны заттай өтеуге міндеттейтін болады. Адам өмірі мен денсаулығына және моральдық зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша міндеттеме пәні өзіндік ерекшеліктерге ие болады.
Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттеме бір жақтың міндеттемесі болып табылады. Сондықтан оның мазмұнына зиян келтіруші тұлғаның келтірілген зиянды өтеу міндеті кіреді. Оның өтеу тәртібі, мерзімдері заңнамамен, сот шешімімен, тараптардың келісімімен анықталатын болады немесе міндеттеме мәнісінен туындайды.
Жәбірленуші зиянды өтеу жөніндегі міндетті оның алдында іс жүзінде орындауды талап етуге құқылы. Жоғарыда айтып кеткендей, көптеген қатысушылары бар міндеттеме туындауы мүмкін. Жәбірленішулер тарапынан тұлғалардың көптігі, мүлік екі және одан да көп тұлғалардың ортақ бірлескен меншігінде болған кезде немесе өзге де соған ұқсас жағдайларда орын алды.
Зиянды бірлесе отырып келтіру ретінде зиян келтіру сол үшін жауапты бірнеше тұлғалардың ортақ ниеттерімен қамтылатын жағдайлар бағаланады.
Ол заңнамаға сәйкес солидарлы жауапкершілікті алып келеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 932-бабына сәйкес, бірлесіп зиян келтірген тұлғалар жәбірленушінің алдында ортақтасып жауап береді. Ортақ жауапкершілік кезінде зиян келтірушілердің әрқайсысы жәбірленуші алдында толық көлемде жауап береді. Зиянды ортақтасып өтеу қазіргі таңда Қазақ ССР заңнамасындағыдай бір жақты түрде қолданылмайды. Енді сот жәбірленушінің арызы бойынша жіне оның мүдделері үшін бірлесіп зиян келтірген тұлғаларға үлестік жауаптылық жүктеуге құқылы. Зиян келтірушінің әрқайсысы төлеуге тиіс өтемнің мөлшері олардың сол бірі немесе өзге біреуі іс жүзінде келтірген зиянның мөлшеріне сәйкес айқындалатын болады. Егер мұндай анықтау мүмкін болмаса, онда оларға бірдей үлестегі жауапкершілік жүктелуі мүмкін.

2. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болу шарттары
Жоғарыда бір зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болуының негізгі шарттарына нұсқайтын азаматтық заңнама нормаларына сілтеме жасаған болатынбыз. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 917-бабының 2-тармағында зиян келтірушінің егер зиян өзінің кінәсінен келтірілмегендігін дәлелдесе, оны өтеу жауапкершілігінен босатылатындығы көзделген. Заңнама мен тұлғаға зиянды өтеу жауапкершілігі оның кінәсінің болу болмауына қарамастан жүктелетін жағдайлар көзделуі мүмкін.
Сонымен зиян келтіргені үшін жауапкершіліктің жалпы негіздері яғни шарттары болып мыналар табылады:
1) құқыққа қайшы іс-әрекет (әрекетсіздік);
2) зиянның болуы:
3) тұлғаның іс-әрекеті немесе әрекетсіздігінен туындаған құқыққа қайшы салдардың арасындағы себепті байланыс;
4) кінә.
Аталған төрт шарттар бір-бірінен ажырағысыз орын алады. Олар азаматтық құқық бұзушылықтың өзара байланысты элементтері болып табылады. Осыған сүйене отырып, біз зиян келтіруден туындайтын міндеттеменің пайда болу лездемесі болып азаматтық құқық бұзушылық табылады.
Құқыққа қайшылық түсінігі азаматтық құқықта көп қырлы болып табылады. Құыққа қайшылық ең алдымен тұлғалар іс-әрекетінің құқықтық әртүрлі салаларына нормаларына қайшы келуіне сүйене отырып бағаланады. Бұл конституциялық құқық, қылмыстық құқық, әкімшілік құқық және т.б болуы мүмкін. Іс-әрекеттердің объективтік құқық нормаларына қайшы келу белгілері олардың құқыққа қайшылығы оңай және сенімді бағалауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, бірқатар басқа мемлекеттердің құқықтарында сияқты, Қазақстан Республикасының да азаматтық құқығында бас деликт қағидасы әрекет ететіндігін ұмытпаған жөн.
Соның салдарынан, егер зиян келтіруші оған заң актілерімен уәкілденген болмаса немесе тұлғаның оған зиян келтіруге деген келісімі болмаса, кез келген зиян келтірушілік құқыққа қайшы деп танылатын болады. Бірқатар жағдайларда іс-әрекеттердің құқыққа қайшылығы олардың мораль, саналылық, адамгершілік және әділеттілік талаптарына қайшы болуына яғни азаматтық құқықтық жалпы бастауларына сүйене отырып бағаланады.
Әрекетсіздіктің құқыққа қайшылығын анықтау кезінде біршама өзгеше белгілер қолданылады. Белгілі бір уақытта орын алған жағдайда сол бір немесе өзге субъект заңнамаға сәйкес сол бір немесе өзге онды іс-әрекеттер жасауға тиіс болған, бірақ оларды жасамаған жоқ солардың салдарынан басқа тұлғаның құқықтарымен мүдделеріне зиян келтірілген жағдайда ғана әрекетсіздік құқыққа қайшы болып табылады. Атап айтқанда, полиция қызметкерлері қызметте бола отырып және тұлғаның жеке басына қол сұғушылық болып жатқанын көре тұра өзінің қызметтік борышын орындамауы мүмкін, ауру адам жеткізілген медициналық мекеме ауру адамға шұғыл дәрігерлік көмек көрсетпей оны басқа медициналық мекемеге жөнелтуі мүмкін. Осы аталғандар құқыққа қайшы әрекетсіздіктің мүмкін болатын жағдайларының бірі ғана болып табылады. Өкінішке орай, ст органдары әрекетсіздікке қарағанда әрекеттіліктің құқыққа қайшылығын белсенді түрде қабыл алады және бірқатар жағдайларда әрекетсіздікке бой алдырған субъект оны азаматтық құқықтық жауапкершіліктің өзге де түрлеріне тартудан құтылып кететінін айта кеткен жөн.
Зиян азаматтық құқықта материалдық немесе материалдық емес игілікті кеміту арқылы бағаланады. Кейбір жағдайда жеке мүліктік емес игілікті кеміту тікелей құқық бұзушы мен жәбірленуші арасында зиян келтіруден туындайтын міндеттемелік құқықтық қатынасқа себепші болады, басқаша айтқанда, жеке мүліктік емес игілікті кеміту кредитор тұлғасымен тікелей байланысты. Егерде азамат қайтыс болса бұл жағдайда біз оныңжеке мүліктік емес игілігін жою туралы айтатынымызға қарамастан, адам өмірі қандай болып табылады, деликтілік міндеттеме басқа тұлғаның шығындарына немесе жоғалтылган мазмұнына қатысты пайда болады.
Осындай мүмкіндікті ескере отырып автор зиян туралы өз анықтамасын ұсынып отыр. Зиян - бұл белгілі бір көлемде және заңмен көзделген тәсілдермен оның салдарын жоюды немесе өтеуді талап ету құқығын белгілі бір тұлғаларға беретін, материалдық немесе материалдық емес игіліктерді кемітуден көрініс апқан құқық бұзушылықтың жағымсыз салдары. Бұл анықтама, егер олар біреудің құқыққа қайшы іс-әрекеттерінің салдарынан орын алса, тұлғаның мүліктік немесе мүліктік емес аяларындағы жағымсыз өзгерістерге заңнамалық реакцияны сипаттайды.
Зиян азматты құқықта мүліктік және мүліктік емес деп бөлінеді. Өтемеуге жататын зиян нақты залал түсінігімен біріктіріле отырып, мүліктің бүлінуінен, жойылуынан келтірілген шығындардан көрініс табады.
Себепті байланыс - бұл азаматтық құқық бұзушылықтың элементі.Соған сүйене отырып деликтілік құқық нормаларын қолданатын субъектілер құқықтық және іс жүзінде көзқарастар тұрғысынан зиянның туындаған құқықққа қайшы салдары, тұлғаның жауапкершілікке тарту көзделіп отырған дәл сол іс-әрекеттердің нәтижесі екендігі туралы негізделген қорытынды жасайды. Себепті байланыс объективті категория. Бірақ ол белгілі бір материалдық көрініске ие емес, сондықтан оның болу болмауы мен сипаты деликтілік және соған орай туындайтын іс жүргізушілік құқықтық қатынастар қатысушыларының субъективтік танымы арқылы анықталады. Деликтінің басқа да қырлары тіпті іс жүзіндегі шынайылықтың кез келген жағдайы белгілі бір шамада субъективтік тұрғыдан бағаланатындығын айта кеткен жөн, бірақ себепті байланысты бағалаудың мүмкін болатын субъективизациясының дәрежесі елеулі түрде жоғары. Бұл оның ерекшеліктеріне байланысты.
Себепті байланыс, біздің ойымызша екі түрлі маңызға ие. Біріншіден, ол жауапкершілікті сол бір немесе өзге тқлғаға жүктеу мүмкіндігі туралы қорытынды жасауға көмектеседі. Екінші жағынан себепті байланыс зиянды өтеу шектерін белгілеуге мүмкіндік беретін объективті критерий болып табылады. Қойылған міндеттердіу екіншісін шешу үшін себепті байланысты ескеру кезінде тұрған мәселенің мәнісі мынада: субъектіге жауапкершілік жүктеу үшін құқыққа қайшы іс-әрекетпен туындаған нәтиженің зерттеліп отырған себепті байланысы ықпалының шынайылық дәрежесін қандай шектерге дейін мойындау жеткілікті болады.
Азаматтық құқық бұзушылық құрамының соңғы элементі - кінә. Қылмыстық құқық теориясындағыдай азаматтық құқық теориясында да ол дәстүрлі түрде өзінің құқыққа қайшы тәртібі мен оның құқыққа қайшы нәтижесіне субъектінің психикалық қатысы ретінде қарастырылған.
Қазіргі таңда азаматтық құқықта кінә түсінігі бірнеше рет өзгерген. Қазір объективтік жүктеу деген түсінік қолданылады. Азаматтық Кодекстің 359-бабына сәйкес егер құқық бұзушы міндеттеменің бұзылуына жол бермеу үшін өзіне қатысты шаралардың барлығын қолданбаса ол кінәлі деп танылады. Деликтілік міндеттемелерге қатысты кінәлі осылайша түсіндіру толық емес боп көрінеді. Деликтілік азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қолдану үшін кінәнің дәстүрлі түсінігінде естен шығармаған жөн. Алайда тұлғаның өзінің құқыққа қайшы іс-әрекеттерімен оның нәтижесіне қасақана немесе абайсыздық нысанындағы психикалық қатысы, егер екі тараптың да кінәлігі туралы сөз болып отырмаса, жауапкершілік мөлшеріне әсер етпейтіндігін ұмытпаған жөн.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік жүктелген кезде жәбірленген тараптық кінәлігі ескеріледі. Жәбірленушінің теріс пиғылың салдарынан туындаған зиян өтелуге жатпайды. Егер жәбірленушінің өзінің өрескел абайсыздығы зиянның пайда болуына немесе улғаюына себеп болса, жәбірленуші мен зиян келтіруші кінәсінің дәрежесіне қарай өтеу мөлшері азайтылуға тиіс. Жәбірленуші өрескел абайсыздық жасап, зиян келтірушінің кінәсі болмаған жағдайда, оның жауапкершілігі кінәсіне қарамастан туындаған кезде егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, өтеу мөлшері азайтылуға тиіс немесе зиянды өтеуден бас тартылуы мүмкін. Азаматтың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда зиянды өтеуден толық бас тартуға жол берілмейді.
Жәбірленушінің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу кезінде ҚР АК 937-бабына сәйкес қосымша шығындар бөлігінде ескерілмейді. Азаматтың қайтыс болуы салдарынан асыраудан айырылған тұлғаларға зиян өтелгенде, сондай-ақ оны жерлеуге кеткен шығындарды өтеу кезінде жәбірленуші кәнісінің болуы маңызды болып табылмайды.
Кінәні ескерудің тағы бір жағдайын атап өтейік, бұл жолы мен зиян келтірушінің кінәсі туралы айтып өтемін. ҚР АК 935-бабының 5-тармағында көзделгендей, зиян азаматпен келтірілген кезде оның нашар мүліктік жағдайын ескере отырып сот адам келтірілген зиян үшін өндірілетін сома мөлшерін азайта алады. Егер зиян тұлғамен қасақана келтірілсе, бұған жол берілмейді.

2.1 Зиян келтірудің жекелеген жағдайлары үшін туындайтын жауапкершілік
Зиян келтірудің жекелеген жағдайларындағы жауапкершілікті қарастыра отырып біз өзгеше субъектілік құраммен туындайтын кінә тікелей заңмен көзделген негіздер бойынша туындайтын кінә болмаған кезде және басқада ерекшеліктері бар міндеттемелерге тоқталып кетейік.
Мұндай жауапкершілік туындайтын жағдайларының бірі болып өзінің еңбек кезінде жұмыскер мен келтірілген зиянды өте кезіндегі міндеттеме табылады.
Зиянды өтеу міндеті жіктелуі мүмкін болатын субъектілер болып азаматтармен еңбек құқықтық қатынастарына түсе алатын кез келген тұлғалар табылады. Оған барлық мүмкін болатын ұйымдастырушылық құқықтық нысандардағы кез келген меншік нысанына негізделген заңды тұлғалар жатады. Сондай-ақ оларға сол бір немесе өзге азаматтармен еңбек шарттарын жасасқан заңды тұлғаны құрмай-ақ әрекет ететін жеке кәсіпкерлерде жатады.
Зиян еңбек шартының шарттарымен немесе заңнамамен жұмыс уақыты ретінде анықталған кез келген уақытта келтірілуі мүмкін. Ол мерзімінен тыс жұмыс жасағанда, демалыс және жұмыс күндері жұмыс істеген кезде келтірілуі мүмкін. Бұл арада ең бастысы зиян еңбек міндеттерді атқару аясындағы немесе жұмыс берушінің біржолғы тапсырмаларына сүйене отырып жасадған іс-әрекеттермен келтіруге тиіс. Егер жұмысшылар кәсіпорындағы узіліс уақытында ішімдік суларын ішіп алып, атынан төбелес шығарса және өз әрекеттерімен біреуге залал келтірсе, жұмыс беруші олар үшін зиянды өтеуге міндетті емес.
Жаңа азаматтық заңнамамен аталған тұлғаларға зиянды өтеу жөніндегі міндетті жүктеудің мүмкін болатын жағдайлары елеулі түрде кеңейтілген. Белгілі бір тұлғалардың қызметіне, олармен бекітілген азаматтық-құқықтық шарттардың негізінде бақылау жасауға тиіс болған, сондай-ақ жұмыстар жүргізуге тапсырма берген заңды тұлғалар мен азаматтар өздерімен шарт жасасқан тұлғалардың келтірген зияны үшін егер зиян келтірген іс-әрекеттер олармен тапсырма аясында жасалса, немесе зиян келтіру тапсырыс беруші тарапынан бақылаудың болмауынан орын алса, жауап береді.
Шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтер өздерінің қатысушылары серіктестіктің акционерлік қоғамның немесе кооперативтің кәсіпкерлік өндірістік немесе өзге де қызметін жүзеге асыруы кезінде соңғылары келтірген зиянды өтейді.
Мемлекеттік органдардың заң актілеріне сәйкес келмейтін актілерді шығарғаны үшін жауапкершілікті көздейтін Азаматтық кодекстің ережесі де жаңа норма болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЗИЯН КЕЛТІРУДЕН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Азаматтық құқыққа сәйкес азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеуді қамтамасыз ету
Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер
Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің маңызы
«Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттер»
Зиян келтірудің түрлері
ДЕЛИКТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Моральдық зиян келтірудің туындайтын міндеттемелер түсінігі мен маңызы
Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер
Бизнес және құқық факультеті
Пәндер