ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТАММА



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Бизнес және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығының (ерекше бөлімі)
Тақырыбы: Адамды кепілге алғаны үшін қылмыстық жауаптылық құрамын талдау

Орындаған: ЮП-18-3 тобы студенті
Жарылғапов Орынтай Рецензент: з.ғ.к., доцент.
Алибеков С.К

Ақтау - 2020
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТАММА ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түсінігі, түрлері ... ... ... ... ... 5
1.2. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың заңдылық сипаттамасы ... ... 8
2. АДАМДЫ КЕПІЛГЕ АЛУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.1. Адамды кепілге алудың объектісі және объективті жағы ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2. Адамды кепілге алудың субъектісі және субъективті жағы ... ... ... ... ... ... .15

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 23
КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Еліміздің тәуелсіз, зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына 29 жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер қабылданғаны мәлім, бірақ бұл заңдардың қаншалықты қоғамға пайдалы екенің тек уақыт өте көре аламыз.
Қазақстан халқын толғандыратын мәселелердің қатарында соңғы жылдары әрбір азаматтың өмір сүруіне қауіпсіз жағдайлар қалыптастыру, бостандық және жеке басқа қолсұғушылық конституциялық құқығын сенімді қорғауды қамтамасыз ету мәселелері де алдыңғы қатарға шыға бастады. Азаматтардың конституциялық құқықтарына қылмыстардың ауыр және ерекше ауыр санаттары ең үлкен зиян тигізеді.
1997 жылы шілде айының 16-шы жұлдызында Қазақстан Республикасының Парламенті жаңа Қылмыстық кодексті қабылдады, ол 1998 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап заңды күшіне енді. Жаңа Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі - адам, қоғам, мемлекет мүдделерін қорғау болып табылады.
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.
Жеке адам мен қоғам арасындағы қатынастардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды реттеу қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қылмыстылықпен тиімді күресуге ықпал ететін бағыттардың бірі - қылмыстық заңнаманы жетілдіру, атап айтқанда қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті бекітетін бөлігінде. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын жетілдіру бірқатар бастапқы қылмыстық-құқықтық ережелерді қайта қарастырумен қатар, қылмыстық-құқықтық нормаларды қалыптастыру үшін елеулі маңызы бар салыстырмалы түрде жеке мәселелерді шешуді талап етеді. Олардың бірі - қылмыстық кодекстің ерекеше бөліміндегі кейбір нақты нормалардың құрылымдарын нақтылап анықтау қажеттілігі.
Сондықтан да берілген тақырып қазіргі таңда өзекті болып табылады. Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің 9-шы тарауында бекітілген қоғамдық қауісіздікке қарсы қылмыстарының құрамына заңдық талдау жүргізу, бұл нормаларды қолданудың тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың мақсаты.
:: қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік орнататын заңдардың даму тарихын талдау;
:: қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама беру түрлерін көрсету;
:: қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыс құрамдарының элементтері (объект, объективті жағы, субъект, субъективті жағы) бойынша талдау жүргізу.
Курстық жұмыс пәні. Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы (ерекше бөлім).
Курстық жұмыс құрылымы. Бұл тақырып кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТАММА

Қоғамдық қауіпсіздік адамдардың өмір сүру ортасының қалыпты жағдайын сақтауды қамтамасыз етуге, адамдар өмір сүруіне қажетті жағдайлар жасаудан көрінетін белгілі бір қатынастар жүйесін білдіреді. Қылмыстық заң қоғамдық қатынастарды жетілдіруге, оларды қылмыстық əрекеттерден қорғауда маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік мəжбүрлеудің ең қатал нысанының мүмкіндігін қарастыратын қылмыстық заңды қолдану заңдылық пен құқық тəртібін қатаң сақтауды талап етеді.
Қоғамдық қауіпсіздік қарсы қылмыстар адамдардың қалыпты өмір сүруіне қол сұғатын болғандықтан, олардың келтірер зияны, əрине, орасан зор деп те айтуға болады. Бұзақылық-қоғамдық тəртіпке қарсы қылмыстардың ең көп тараған түрлерінің бірі, ол үшін əкімшілік əсер ету шараларымен қоса қылмыстық жаза да қолданылады. Бұзақылық кезінде азаматтардың денсаулығына зиян келіп, меншікке залал тигізуі де жиі орын алып отырады. Сонымен қатар бұзақылық, көбінесе өзге де ауыр қылмыстардың жасалуына əкеп соқтырады, бұзақылықтың қоғамдық тəртіпке, азаматтардың тыныштығына зардабын тигізетін, қайсыбір жағдайларда, одан да ауыр қылмысқа итермелейтін қауіпті құқықбұзушылық екенінде дау жоқ. Бұзақылық жасаған адам қоғамдық тəртіпті, адамгершілік салтты өрескел бұзатын, көбінесе себепсіз немесе болар-болмас себепті пайдаланып қоғамды мейлінше сыйламаушылықтан көрінетін, қоғамдық тəртіпке ашыққарсыласуымен, өзінің айналасындағыларға қарсы қоюмен, оларға немқұрайлы қарым-қатынасымен əдейі жасалған əрекеттері арқылы көрініс табады. Бұзақылық - тұрмыс салты мен қоғамдық тəртіптің бірден-бір жауы.

1.1. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түсінігі, түрлері

Қылмыстық кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты коғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік; қылмыс деп танылады). Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді.
Көптеген батыс еуропа елдерінің қылмыстық құқықтарында, қылмыстың формальды анықтамаларына түсінік беруі орын алған, отанымыздың қылмыстық құқықтарына тән, қылмыстық заңда, жазалау қатерімен тыйым салынған материалды - формальды анықтамадағы әрекет дәстүрлі түрде орын алғандығы белгілі.
Егер қылмыстың түсінігі формальды - анықтамаға түсінік бере отырып қол сұғушылықтың құқыққа қарсы формальды белгілеріне сілтеме жасаса, ал материалды анықтамада формальды белгілерімен міндетті түрде материалды қоғамға қауіптілік әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
Қылмыстың түсінігі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 9-бабында берілген. Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады.
Берілген анықтамаға сәйкес, қылмыс міндетті белгілерімен сипатталынады. Бұл қоғамға қауіптілік, оның қүқыққа қайшылығы, кінәлік және жазалылық. Тек қана осы көрсетілген белгілердің жиынтығының болуымен ғана байланысты қол сұғушылық қылмыс болып табылуы мүмкін.
Қылмыстың бірінші белгісі - оның қоғамға қауіптілігі. Қоғамға қауіптілік - қылмыстық заңмен қорғалған қоғамдық қарым -қатынасқа нақты қауіптілік тудыратын немесе зиянын тигізетін қылмыстың объективті белгісі (әрекет немесе әрекетсіздік).
Қоғамға қауыптілік қылмыстың нақты түрдегі сапалық белгісі болып табылады , яғни заң атқарушы тек осы қоғамға қауіптіліктің белгілерін анықтаумен ғана байланысты әрекет немесе әрекетсіздіктің қылмыс қатарына жатқызуға болатындығын көрсетеді. Қоғамға қауіптілік іс-әрекеттің қоғамдық қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келтіру қаупін туғызуы белгілерімен сипатталынады. Заң атқарушы, егер қолсүғушылыққа тыйым салуды міндетті түрде таба отырса, қауып туғызған нақты әрекет немесе әрекетсіздікті әрқашан да қылмыс қатарына жатқыза бермейді.
Қоғамға қауіптілік - тек қылмысқа ғана қатысты деп айтуға болмайды. Әкімшілік қүқық мысалы, қоғамға немесе мемлекетке жеке адамға зиян тигізеді. Бірақ олардың қоғамға қауіптілігі едәуір төмен.
Заң шығарушы қылмысты басқа қүқық бүзушылықтан айырып көрсетуі үшін, қол сүғушылықтың нәтижесінде болатын зардаптардың белгілерін сипатайтын белгілерді ҚК -тің Ерекше бөлімі баптарының диспозициясында көрсеткен. Қоғамға олардың жерленген жерлерін қорлағаны (275-бабының 2-бөлігі) ,көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз еткені (299-бап) үшін қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс.
Енді нақты түрлеріне тоқталып кетсек, Терроризм - қазіргі дәуірдегі ең қауіпті қылмыс түрі болып табылады. Мұндай қылмыстар көп жағдайларда ұлттық шектен шығып халықаралық сипат алуда. Террорлық әрекеттер әртүрлі болуы мүмкін, бірақ оның бәрін біріктіретін екі түрлі элемент бар. Оның біріншісі - терроризм - мемлекеттік өкімет билігін күйретуге бағытталған; екіншісі - терроризмді жүзеге асыру арқылы, яғни террористердің ұйымдасқан, қатыгездік әрекеттері арқылы тұрғындарға үрей, қорқыныш, қорғансыздық сезімін туғызу болып табылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің терроризм бойынша: "Терроризм, яғни адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іc-әрекеттер жасау, егер осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді дәл сол мақсатта жасаймын деп қорқыту", - болып табылады. [1, 115б.]
Қылмыстың тікелей объектісі - қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, реттейтін қоғамдық қатынастар. Азаматтардың өмірі, денсаулығы, меншігі, мүліктік немесе сезім мүдделері осы қылмыстың қосымша тікелей объектісі болады.
Қылмыстық кодексте 255 б көрсетілген қылмыс объективтік жағынан: 1) адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасау; 2) аталған іс-әрекеттерді жасаймын деп қорқыту арқылы сипатталады. Жарылыс жасау, өрт қоюдан басқа өзге де іс-әрекеттерге көліктердің апатқа ұшырауын, күйреуін, ғимараттардың, мәдени және діни құрылыстардың қиратылуын, сондай-ақ радиоактивті, химиялық, бактериологиялық немесе басқадай жолмен уландыруды тарату, қоймаларға, тұрғын-жайларға, құрылыстарға, алаңдарға су жіберіп, толтыру сияқтылар жатады.
Терроризмнің объективтік жағының ерекшелік белгісі - осы баптың диспозициясында көрсетілген (қылмыс зардаптарының нақты орын алуы емес) зардаптардың болу қаупінің тудырылуы жеткілікті болып табылады. Яғни өрт қою, жары-лыс жасау немесе өзгеде әрекеттерді жүзеге асыру арқылы іс-әрекет істелгенімен, заңда көрсетілген зардап орын алмаса да қылмыс аяқталған деп табылады, өйткені мұндай әрекет адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғам үшін қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін тікелей төндіріп тұр. Осыған байланысты қылмыс құрамы формальдық болып та-былады. Субъективтік жағынан терроризм тек қана тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам заңда көрсетілген әрекеттерді істеу арқылы зардаптардың болу қаупін туғызғанын немесе соны жасаймын деп қорқытудың қоғамға қауіптілігін сезеді және соны жүзеге асыруды тілейді.
Қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісіне заң - қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету арнаулы мақсатын қосып көрсеткен.
Қылмыстың субъектісі - 14-ке толған, есі дұрыс кез келген адам.
Қылмыстық кодекстің 255-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері: адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, бірнеше рет; атыс қаруын қолдана отырып жасаған терроризм үшін жауаптылық көзделген. Алдыңғы екі ауырлататын түрлердің түсінігі Қылмыстық кодекстің 31-бабының 2-тармағында және 11-бабында берілген.
Басқа ауыр зардаптарға (абайсызда адам өлімінен басқа) екі немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр дене жарақатын келтіру, көп адамның денсаулығына орта дәрежелі жарақат салу, көлік құралдарының жұмысын ұзақ уақытқа тоқтату, жарылыс жасау немесе өрт қою арқылы құрылыстарды жою т.б. әрекеттер жатады. Абайсызда адам өліміне немесе басқа ауыр зардаптарға әкеп соққан терроризмнің субъективтік жағы кінәнің екі нысанымен сипатталады. Бұл ретте кінәлінің істеген әрекеті - қасақаналық, ал одан болатын зардапқа қатынасы абайсыздық болады. Егер кінәлінің әрекеті және одан туатын зардап - адам өліміне деген қатынасы қасақаналықтан құрылатын болса, онда оның әрекеті қылмыстардың жиынтығы (ҚК-тің 96-бабы 2-тармағының тиісті тармағы және 233-бап) бойынша сараланады.
Қылмыстық кодекстің 255-бабының ескертуінде: "Терроризм актісін дайындауға қатысқан адам, егер ол мемлекеттік органдарды дер кезінде ескертумен немесе басқа жолмен тер-роризм актісінің жүзеге асырылуын болдырмауға жәрдемдессе және егер ол адамның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады",- делінген.
Жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттерді істегенге дейін тиісті органдарға хабарлап, көрсетілген зардаптардың қаупін болғызбауды тиятын, сөйтіп мемлекеттік өкімет органдарына терроризм актісі бойынша төнген қауіпті тойтаруға нақты мүмкіндік алуға мүмкіндік беретін әрекеттерді істегендерді мемлекеттік органдарға дер кезінде ескерту жасаған адам деп білеміз. Басқа жолмен терроризм актісінің жүзеге асырылуын болдырмауға жәрдемдесуге адамның өзінің жарылысты, өртті, қылмыскерлердің қару-жарақты, не мүлікті өз бетімен басып алуын тойтаратын әрекеттері жатады.
Осыларды істеген адамның іс-әрекетінде. өзге қылмыс құрамы (мысалы, қаруды, жарылғыш заттарды, жарылғыш құрылымдарды заңсыз сақтау, өткізу, алу, оларды ұрлау т.б.) болмаса, ол терроризм үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

1.2 Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы кылмыстардың заңдылық
сипаттамасы

Бұл қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың топтық объектісі болып табылады. Бұл қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың тікелей объектісі қоғамдық қауіпсіздіктің жекелеген салалары(адам өмірінің және оның қызметінің қауіпсіздік шарттары: өліммен аяқталатын зардап туғызуы мүмкін жүмыстарды жүргізу және т.б.) болып табылады. Осы топқа жататын кейбір қылмыстардың қосымша тікелей субьектісі адамның өмірі мен денсаулығы болуы мүмкін. Объективтік жағынан алғанда, қоғамдық қауіпсіздікке жататын кылмыстардың көпшілігі әрекет арқылы, ал біршамалары әрекет немесс әрекетсіздік күйде жүзеге асырылады.
Қоғамдық қауіпсіздік қарсы қылмыстардың ерекшелігі олардың қоғамдық қатынастардың қалың тобы үшін зиянды екендігіне (жеке бастың, кәсіпорындардың, мекемелердің үйымдардың және басқа әлеуметтік қүрылымдардың қалыпты жүмыс атқаруының қауіпсіздігі үшін). Бүл санаттағы қылмыстарды жасау кезінде тек жеке бір адамның мүддесіне ғана емес, қоғам өмірінің қауіпсіз жағдайларына түтасынан, яғни қоғамдық маңызды мүдделерге зиян келтіреді. Осыған байланысты, түгел қоғам қалыпты және қауіпсіз жағдайлары, қоғамдық тәртіп, түрлі жүмыстар жүргізу және жалпыға бірдей қауіпті заттарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік сияқты әлеуметтік қүндылықтар тікелей қылмыстық ықпалға ұшырауы мүмкін.
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінің жалпыға бірдей қауіпсіздікті қоғамдық қауіптілікті оның тар мағанасыда ғана емес, сол сияқты қоғамдық адамгершілікті, т.б. қамтамасыз етуші қоғамдық қатынастардың үлкен тобының қүрамдас бөлшегі ретінде қарастырады. Бүл қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы Қылмыстық кодексте қоғамдық қауіпсіздік (кең мағанасында) және қоғамдық тәртіп деп аталып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9-тарауына кіретін қылмыстардың текті объектісін қүрайды. [2, 139б.]
Заңға сәйкес, Қылмыстық кодексінің 9- тарауының нормалары мен қарастырылған қылмыстардың объектісі -қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіп болып табылады, яғни, қоғамның әр мүшесінің өмір сүру жағдайының қауіпсіздігін, әр түрлі жүмыстар жүргізу кезінде және жалпыға бірдей қауіпті заттарды қолдану барысында жеке бастың, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей қоғамдық қатынастардың жиынтығы.
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар қоғамдық тыныштық жағдайын, әлеуметтік құрылымдардың қалыпты қызмет атқаруын, түрлі жүмыстар жүргізу кезінде немесе қоғамдық заттарды қолдану кезінде жеке бастың, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуші қоғамдық қатынастарға елеулі зиян келтіруші немесе мүндай зиян келтіру қаупін тудырушы, қылмыстық заңға қөзделген қоғамдық қауціті әрекеттерден түрады.
Қарастырылушы қылмыстарды тікелей объектілерге байланысты топтарға бөлуге болады:
Қогамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар. Қылмыстардың аталған тобы, қоғамдық өмірдің кез-келген бөлігінде жасалып, түтас қоғам өмірінің қалыпты, қауіпсіз жағдайын сақтау саласындағы ең маңызды мүдделерін қозғауы мүмкін.
Жалпыға бірдей қауіпті заттарды қолдану ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар.
Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар. Қоғамдық тәртіп -қылмыстың объектісі ретінде қоғамдық тыныштықты, азаматтардың еңбектенуі, демалуы, түрмысы үшін, сонымен қатар, кәсіпорындардың, мекемелер мен үйымдардың жүмысы үшін қалыпты жағдай қамтамасыз ете алатын қоғамдық қатынастар жүйесінен түрады. Бүл топтағы қылмыстарға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 257-258 баптарымен көзделген әрекеттер жатады.
Әрине, қылмыс жасау үшін арнайы үйымдастыру , даярлық әрекеттерін орындап, түрақты қылмыстық топ қүрып мемлекеттің мүлкін талан-таражға салу әрекеттерінің сонау 70-80 жылдары да бой көрсеткендігін сол түста еңбек еткен аға буын тергеушілер, судьялар жақсы біледі. Олар өздерінің шеберлігі, қыралығы, тиянақтылығының арқасында көптеген үйымдасқан талан-таражға салушылар тобын әшкерлеп, мемлекетке миллиондаған қаражатты қайтаруға атсалысты.

2. АДАМДЫ КЕПІЛГЕ АЛУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2.1. Адамды кепілге алудың объектісі және объективті жағы

Қылмыс объектісінің проблемасы қылмыстық - құқықтық (ғылымда) бастапқылардың бірі болып табылады.
Объект қылмыс құрамының міндетті элементтерінің бірі болып табылады, сондықтан объектісіз қылмыс жоқ. Қылмыстық заңмен қылмыс ретінде көзделген кез келген қоғамға қауіпті белгілі бір объектіге қолсұғады.
Объектіні дұрыс анықтау қылмыстық әрекеттің әлеуметтік және құқықтық табиғатын, жасалған қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың нысандары мен шектерін меңгеруге көмектеседі.
Объектіні анықтау қылмыстардың ұқсас құрамдардың бір-бірінен, қылмыстық әрекетті қылмыстық еместен шектеуге мүмкіндік береді. Одан басқа кез-келген әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің дәрежесі қандай объект қолсұғушылыққа душар болғандығынан елеулі мөлшерде тәуелді, сондықтан қолданыстағы қылмыстық заңда қылмыстық заңмен көзделген қайсы бір әрекеттің белгілері формальды болса да бар іс-әрекет немесе әрекетсіздік, бірақ елеулі маңызы болмағандықтан қоғамдық қауіпті емес қылмыс болып табылмайды деп көрсетілген.
Заң әдебиетінде жалпы қабылданған көзқарасқа сәйкес қылмыстық-құқықтық қорғаудың объектісі немесе объектісі немесе қылмыс объектісі болып қоғамдық қатынастар болып табылады.
Сол немес басқа қылмысты жасай отырып, кез келген тұлға қоғамдық қатынастардың сол немесе басқа бір элементтеріне қол сұғады, олардың өзара байланысын бұза отырып, сонымен қатынастардың қатысушыларының мүдделеріне тікелей немесе жанама едәуір зиян келтіретін.
Қоғамдық қатынастардың барлығы қылмыстық заңмен қорғала бермейді, тек заңшығарушы позициясынан анағұрлым құнды саналатындар ғана.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің қылмыстық-құқық саласымен реттелетін анағұрлым маңызды қоғамдық қатынастарды анықтайды: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және маңызды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қоршаған орта Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аймақтық тұтастығын, заң мен қорғалатын қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сол сияқты қылмыстарды ескерту.
Бірақ қазіргі уақытта қылмыстық құқық проблемаларына жаңа келістердің ескерілуімен, бірінші орынға жалпы адамзат құндылықтарына қорғау қойылған кезде, қылмыс объектісі түсінігіне тек қоғамдық қатынас секілді дәстүрлі қанағаттандырарлық бола алмайды.
Адамның белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті әр түрлі игіліктер, жеке тұлғаның құқықтары, бостандықтары және мүдделері қылмыстық-құқықтық қорғаудың объектілері бола алады.
Қылмыстық құқық ғылымында объектілерді үш сатылы жіктеу туралы теория шығарылған; жалпы тектік немесе арнайы және тікелей.
Осында қылмыстың жалпы объектісі деп оларды бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген барлық қоғамдық қатынастарды, тектік немесе арнайы объекті деп - олардың біртектілік белгісі немесе белгілі бір салада болуы бойынша қоғамдық қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе тобын түсінеміз. Сондықтан заң әдебиетінде қылмыстық-құқықтық қорғау объектісінің мазмұны мүдде түсінігі арқылы да ашылады - белгілі бір жеке тұлғаның, қоғамның, ақырында бүтіндей мемлекеттің мүддесі.
Мүдде - бұл сол қоғамдық қатынастар, бірақ оның анағұрлым нақты көрінісі. Тасушылармен және олардың мүдделерімен арасындағы қатынассыз қоғамдық қатынастар жоқ және бола алмайды. Нақты тұлға осында осы барлық қатынастардың өзінше бір материалдық субстраты болып табылады, басқа адамдармен көп түрлі байланыстарға түсе отырып өзінің жеке-дара қызметінде іске асырады. Сондықтан қоғамдық қатынас мүдде туралы мүдде өзінің тасушысына яғни қоғамдық қатынастардың қатысушысына қалай қарайды тек сонымен байланысты айтуға болады және қажет.
Мүдде тек өзінің тасушысы ғана емес, бірақ өз объектісі де бар - сол жөнінде мүдденің субъектілері арасында байланыстар бар әлеуметтік құнды игілік.
Бұдан артық, мүдделер қоғамдық қатынастардың нақты көрінісі бола тұрып, белгілі бір құқықтық нысанда - қабыршақта шығуы тиіс, әйтпесе олар қылмыс объектісін құрмайды. Бұзылған норманы немесе заңды, олармен қорғалатын қоғамдық қатынастарды үздікте алуға болмайды. Қылмыскер өзі құқықтық нұсқауды, тыйымды бұза отырып, объектіге қол сұғады.
Мүддені мұндай түсіну жалпы және тектікті ғана емес, сонымен қоса тікелей деп аталатын қылмыс объектісін анағұрлым нақты түсінуде маңызды роль ойнайды.
Әлеуметтік құндылық секілді абстрактты мүдде қоғамды тіпті өмір сүрмейді. Мысалы, билік, сол немесе басқа қоғамда кімге тиесілі өз тасушысыз өздігінен құқықтық қорғаудың объектісі секілді қандай да бір әлеуметтік құндылық ала алмайды. Мүлікке, өмірге, денсаулыққа, абыройға және ар-намысқа қатысты да осыны айтуға болады. Олар қылмыспен бұзылуы мүмкін және сондықтан қолсұғылмайтын болып жарияланатын әлеуметтік игіліктердің сол немесе басқа түрлері секілді мүдделер, барлық жағдайларда өздерінің белгілі бір тасушыларына - қожайындарына тиесілі.
Сонымен, қылмыс жасау кезінде қылмыскер ҚР ҚК-ң 2-бабында көрсетілген қылмыстық-құқықтық қорғаудың сол немесе басқа объектісіне қол сұғады.
Бір тарауға біріктірілген қылмыстық кодекстің нормалары бір текті объектілерді қорғайды, мысалы, 1-тарау - жеке адамның мүдделерін : өмір және денсаулықты, 9- тарау - қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті.
Бұл қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі кінәлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар
Адамды кепілге алуға қарсы қылмыстар
Адамды кепілге алу үшін қылмыстық жауапкершілік
Ұйымдасқан қылмыстық топ
Халықаралық терроризмнің жалпы сипаттамасы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІМІНІҢ ТҮСІНІГІ
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері және олардың жауаптылық ерекшеліктері
Құқықтық мемлекетті құру және қоғамдық өмірдің демократиялық бастамаларының дамуы
Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстық құқық бұзушылықтар
Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың жалпы мінездемесі
Пәндер