Әскери қызметті өту тәртібіне қарсы бағытталған қылмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Бизнес және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығының ерекше бөлімі
Тақырыбы: Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамын талдау
Орындаған: ЮП-18-3 тобы студенті
Ревшан Мейірбек
Рецензент: з.ғ.к.,доцент.
Алибеков С. Қ
Ақтау-2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 ӘСКЕРИ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚАРСЫ БАҒЫТТАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАР ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
0.1 Әскери қызметті өтеу тәртібі, қарсы бағытталған қылмыстар ... ... ... ... ... ... .4
0.2 Әскери қызметшілер арасында бағынушылық тәртібінде және жарғылық қарым-қатынастарға қиянат жасайтын қылмыстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..6
1 ӘСКЕРИ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
0.1 Әскериқызметшілер арасында бағынушылық тәртібіне және жарғылық қарым-қатынастарға қиянат жасайтын қылмыстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..9
0.2 Қаруды, оқ-дәрілерді, басқа әскери мүлікті ұстау тәтібін және әскери техниканы пайдалану ерекшеліктерін бұзатын қылмыстар ... ... ... ... ... ... .. ..16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..24
КІРІСПЕ
Тақырып өзектілігі. Еліміздің Қарулы Күштері - оқшауланған әлеуметтік тетік емес, ол қоғамның негізгі ажырамас бөлігі болып танылады. Әлеуметтік қайшылықтар қатты шиеленістен ыдырау процестері ұдайы асқынып жаатқан жағдайда әскерилер еңбегінің беделі мен қадірі шұғыл төмендеп әскерилер еңбегінің беділі мен қадірі шұғыл төмендеп әскери қызметшілердің құқық бұзушылық жасауы арта түседі.
Қылмыстық заңнама Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құрудағы жаңа үрдістерді және қазіргі жағдайда әскери құқық тәртібін нығайту қажеттілігін көрсетеді. Қылмыстық құқық пен әскери заңнаманы бөліп қарастыруға болмайды. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде көзделген барлық қылмыс құрамдары бар іс әрекет қана кылмыстық жауапкершілікті тудырады. Қылмыстық заңда берілген қылмыс, кінә және оның нысандары түсінігі, іс
әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар, аяқталмаған Қылмыс, қылмысқа қатысуы үшін жауапкершілік жағдайлары бүкіл қылмыстық заңнама үшін біртұтас болып келеді. Қылмыстық және әскери қылмыстық заңнаманың біртұтастығы әскери қылмыс ұғымынан көрінеді.
Қазақстан Республикасы ҚК 366-бабында қылмыстың жалпы белгілері қайталанбай, тек қана әскри қылмыс объектісі мен субьектісінің ерекшеліктері көрсетіледі. Арнайы орныдалған курстық жұмысында әскери қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаттамасы беріліп олардың мазмұнын ашуға бағытталған.
Курстық жұмыстың мақсаты. Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамын талдап , толық зерттей отырып, құқықтық түсінігін ұғыну.
Курстық жұмыстың міндеті. Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтарын құқықтарын қорғауы және ережелеріне сай ерекшеліктері мен міндеттерін зерттеу. Әскери қылмыстардың түсінігі және жалпы сипаттамасы ұғыну. Әскери қылмыстардың түрлерін талдау. Әскери қызметшілер арасында бағынушылық тәртібіне және жарғылық қарым- қатынастарға қиянат жасайтын қылмыстардың жиынтығы. Әскери басқарудың қалыпты қызмет етуіне және қарулы күштердің мәртебесіне қиянат жасайтын қылмыстардың ұғымы. Әскери қызметті өтеу тәртібіне қарсы бағытталған қылмыстар түсінігі. Қаруды, оқ- дәрілерді, басқа әскери мүлікті ұстау тәртібін және әскери техниканы пайдалану ерекшеліктерін бұзатын қылмыстардың түрлері.
Жұмыстың құрлымы және көлемі. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттерден тұрады. Көлемі 26 беттен тұрады.
1 ӘСКЕРИ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
0.1 Әскери қызметті өту тәртібіне қарсы бағытталған қылмыстар
Қазақстан Республикасын қарулы агрессиядан қорғау мемлекеттің ең маңызды функцияларына жатады және бүкілхалықтық іс болып келеді. Конституциятиың 36-бабының 1-бөлігіне сай Қазақстан Республикасын қорғау, ұлтына, әлеуметтік тегіне, тұрғылықты жеріне, мүліктік және лауазымды жағдайына, нәсіліне, тіліне, біліміне, дінге қатынасына, кәсібінің тегіне және мінезіне, саяси және өзге сенімдеріне, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерге жатуына қарамастан, оның әр азаматының ардақты борышы және міндеті болып келеді.
Қазақстан Республикасының азаматтары әскери қызметті заңмен белгіленген тәртіпте және түрлерде атқарады (Конституцияның 36-бабының 2-бөлігі).
Қарулы Күштердің әскери жарғылары әскери бөлімдері, басқармалары, мекемелері және ұйымдарының әскери қызметшілері әскери қызметті атқаруының қатаң тәртібін тұралап анықтаған. Әскери тәртіпті бұзу, құқық бұзушылықтар жасау үшін әскери қызметшілері тәртіптік, материалдық, әкімшілік және қылмыс жауапкершілігін көтереді.
Әскери қызметшілерінің қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының ҚК 18-тарауында (әскери қылмыстар) анықталған. "Әскерге шақыру бойынша не келісім шарт бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы әскери қызметшілердің, сондай-ақ запастағы азаматтардың жиындардан өту кезінде әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібіне қарсы осы тарауда көзделген қылмыстарды жасауы әскери қылмыстар деп танытады. Заңның мазмұнынан әскери қылмыстар болып, әскери қызметті атқару тәртібін реттейтін қатынастарға (әскери қылмыстардың тектік объектісі) қиянат ететін қоғамдық қауіпті іс-әрекеттер болып табылады.
Әскери қызметшілерінің әскери қызметті атқарудың белгілі тәртібіне озбырлық жасамайтын құқыққа қайшы іс-қимылды жасауы, мысалы:
қарақшылық, зорлау, бұзақылық және с.с. әскери қылмыстарға жатпайды
және жауапкершілікті ҚК басқа тиісті тарауларының баптары бойынша
тудырады.
Бөлек әскери қылмыстарының нақты объектісі болып - әскери қызметті
өтудің бір немесе өзге жақтарын орнататын қатынастар келеді. Нақты объектісі бойынша әскери қылмыстарды алты топқа бөлуге болады:
1. әскери қызметкерлерінің арасындағы бағынушылық тәртібіне және жарғылық қарым-қатынастарға қиянат жасайтын қылмыстар: бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (ҚК 437-бап); бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету (ҚК 438-бап); бастыққа қарсы күш қолдану әрекеттері (ҚК 439-бап); әскери қызметшілер арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу (ҚК 440-бап); бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тас-тап кету (ҚК 441-бап); қашқындық (ҚК 442-бап); дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару немесе бас тарту (ҚК 443-бап);
3. Арнайы қызметті атқару тәртібіне қарсы бағытталған қылмыстар: жауынгершілік кезекшілікті атқарудың ережесін бұзу, шекаралық қызмет атқару-дың ережесін бұзу (ҚК 446-бап); қарауыл (вахта) қызметін атқарудың ережелерін бұзу (ҚК 446-бап); ішкі қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бұзу (ҚК 447-бап); қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарудың ережелерін бұзу (ҚК 449-бап);
4. Қаруды, оқ-дәрілерін, өзге әскери мүлікті күтіп ұстаудың тәртібіне және әскери техниканы пайдалану ерекшеліктеріне қиянат жасайтын қылмыстар: құрып бара жатқан әскери кемені тастап кету, әскери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру (ҚК 459-бап); әскери мүлiктi абайсыздықта құрту немесе бүлдіру (ҚК 460-бап); әскери мүлікті жоғалту (ҚК 461-бап); айналадағыларға қауіп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу (ҚК 462-бап); машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу (ҚК 463-бап); ұшу немесе оған даярлану ережелерін бұзу(ҚК 464-бап); кеме жүргізу ережелерін бұзу (ҚК 465-бап).
5. Әскери басқарудың қалыпты қызмет етуіне және Қарулы Күштердің мәртебесіне қиянат жасайтын қылмыстар: билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қолданылуы немесе әрекетсіздігі (ҚК 451-452 бап); қызметке селқос қарау (ҚК 453-бап); жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету (ҚК 455-бап); әскери сипаттағы құпия мәліметтерді жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттарды жоғалту (ҚК 458-бап);
6. Қарулы Күштердің беделіне және әскери тәртіпке қарсы бағытталған Қылмыстар: тұтқынға өз еркімен берілу, тонаушылық.
Әскери қылмыстардың объективтік жағы әрекеттерден, мысалы бастықа қарсы күш қолдану іс-әрекетінде (ҚК 439-бап), әскери қызметшіге тіл тигізуде немесе әрекетсіздіктен, мысалы: қызметке селқос қарағанда тұруы мүмкін.
Өзінің құрылысы бойынша әскери қылмыстардың құрамдары - формальды, материалды немесе формальдыматериалды болуы мүмкін. Көптеген әскери қылмыстардың субъективтік жағы қасақана кінəмен сипатталады, мысалы: бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету (ҚК 441-бап), қашқындық (ҚК 442-бап), әскери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру (ҚК 459-бап) және басқалары. Кейбір әскери қылмыстар абайсыздықтан да жасалынуы мүмкін, мысалы: әскери мүлiктi абайсызда құрту немесе бүлдіру. Бөлек кылмыстар қасақана да, абайсыз да жасалынуы мүмкін, мысалы: бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (ҚК 437-бап, жауынгершілік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу (ҚК 444-бап). Бөлек жағдайларда субъективтік жақтың қосымша сипаттары болып қылмысты жасау мақсаты мен себебі келеді, мысалы: дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару, жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету.
Әскери қылмыстардың субъектісі арнайы, яғни әскерге шақыру бойынша не келісім шарт бойынша Қазақ-стан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы адам, осымен қатар жиындарды өтіп жатқан азаматтар.
1992 жылғы 22 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының "Қорғаныс және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы" Заңының 4-бабына сай Қарулы Күштер өзіне: әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердің түрлерін - құрлық әскерлерін, ауаға қарсы қорғаныс әскерлерін, әскері - ауа күштерді, тылды, әскери - құрылыс бөлімдерін, әскери-оқу орындарды кіргізеді.
Өзге әскери құрылымдары ретінде шекаралық және ішкі әскерлер, Республикалық Ұлан, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскерлері, азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен бөлімдері.
Қазақстан Республикасының ҚК Ерекше бөлімі қарастырған құқыққа қайшы әрекеттерден әскери қылмыстар екі ерекшеліктермен - сұғынушылықтың ерекше объектісімен және қылмыстың арнайы субъектісімен айырылады. Әскери қылмыстарды соғыс уақытында немесе жауынгершілік жағдайда жасау бағалау жағдайы болып келеді және өлім жазасына дейін көтеріңкі жауапкершілікті тудырады.
0.2 Әскери қызметшілері арасында бағынушылық тәртібіне және жарғылық қарым-қатынастарға қиянат жасайтын қылмыстар
456-бап. Тұтқынға өз еркімен берілу.
Бұл қылмыстың объектісі болып, оның нәтижесінде бөлім, бөлімшенің жауынгершілік қабілетіне зиян келтіретін (нақты алғанда, жеке құрамның моральдық рухы, оның жауды жеңетініне сенімі және бұзылатын) соқтығысу кезіндегі әскери қызметті атқарудың белгіленген тәртібі келеді.
Қылмыстың объективтік жағы әрекеттерде, сол сияқты әрекетсіздіктерде көрініс табуы мүмкін. Бағалау үшін кінәнің жау жағына кетіп қалғанынын, әлде қарсылық көрсетпегені нәтижесінде тұтқынға алынғанының айырмашылығы болмайды. Тек әскери қызметшінің жаумен күресуге қабілеті бола тұра, қарсылықты тоқтатқанының, өз бетімен cоған, берілгенінің мәні болады. Егер ол тұтқынға күштеу жолымен (мысалы, ауыр жарақатына немесе зақымға және байланысты) алынған болса, онда оның іс-әрекеті қылмыс құрамын құрамайды.
Қылмыс тек кінәлі жаумен тұтқынға алынған сәттен бастап аяқталған болып есептеледі. Қаралатын іс-әрекеттің субъективтік жағы - тек тікелей қасақаналықпен анықталады. Кінәлі өз әрекеті- әрекетсіздігінің қоғамдық қауіптілігін сезінеді, жауға тұтқынға түсу түріндегі зиянды салдар болуы мүмкіндігін алдын ала біледі және осыны қалайды.
Қаралатын іс-әрекетті бағалау үшін себеп және мақсаттың мәні үлкен болып келеді. Заң әскери қызметшінің әрекеттері қорқақтық немесе жігерсіздікпен себептенуі тиіс екенін тікелей қарастырады. Егер кінәлі тұтқынға Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігіне және тәуелсіздігіне нұқсан келтіру немесе әлсірету мақсатыменен жасалынса, онда әскери қызметшінің іс-әрекеттері мемлекеттік опасыздықты құрайды . ҚК қылмыстың субъектісі болып - қандай да болсын әскери қызметші болуы мүмкін.
Тонаушылық
Бұл қылмыстың объектісі болып - армия мен флотта бекітілген, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғары беделіне кепіл болатын, мықты әскери тәртіпті қамтамасыз ететін әскери қызметтің ережесі келеді. Қол сұғушылықтың заты болып - өлгендер мен жараланғандардың қандай да болсын заттары: киім, ақша, құнды заттар және келеді. Бұл заттар кімдікі екенінің, біздің Қарулы Күштердің әлде жаудың өлгендерінің немесе жараланғандарының ба, мәні болмайды. Олар өлгендер мен жараланғандарда болып келгеніне мән беріледі. Алайда, сондай адамдардан қаруды немесе соғысты жүргізудің өзге құралдарын алып қою, егер бұл заттар арам ниетпен емес, жаумен күресу үшін алынған болса, осындай қылмысты құрай алмайды.
Тонаушылықтың объективтік жағы - ашық болсын жасырынды жолменен өлгендерге жараланғандарда болып келетін заттарды ұрлауда болып келеді. Бұл ретте бағалау үшін құқыққа қайшы алып қою жараланғанға қарсы күш қолданумен болды ма әлде күш қолданусыз болғандығының мәні болмайды. Осындай ұрлау ұрыс орында болғанының мәні бар. Осындай орын болып - құрлық аумағы, сол сияқты теңіз аумағы да келуі мүмкін. Ұрыс орны ретінде тек майданның алғы қатардағы аумақты ғана емес, онда жаудың ауадан немесе өзге шабуылы жасалынған және зиян шеккендер бар терең тылдағы да аумақ келеді. Осындай реттерде тонаушылық бұл заттар кімнен: әскери қызметшілерден, әлде азаматтық адамдардан алынғанына қарамастан орын алады.
Бұл қылмыс заттар өлгендер мен жаралағандардан алынған сәттен бастап аяқталған болып есептеледі. Осы қылмыстың субъективтік жағы - тікелей қасақаналық түріндегі кінәмен сипатталады. Кінәлі өз әрекеттерінің қоғамдық қауіптілігін және онда ұрланатын мүлікке ешқандай құқықтары болмайтынын сезінеді, меншік иесіне немесе өзге заңды иеге мүліктік зиян келтіру түріндегі зиянды салдар туындамай қоймайтынын сезінеді және олардың болуын қалайды. Тонаушылықтың субъективтік жағының міндетті сипаттары - пайдақорлық себеп және пайдақорлық мақсат. Тонаушылықтың пайдақорлық себебінің мәнісі арамтамақтық мінездегі қалауларда, өзінің мүліктік мұқтаж дарын бөген адамның есебінен қылмысты жолдармен, кінәліде ешқандай құқықтар болмайтын мүлікті алып алу жолымен қанағаттандыруға ұмтылудаболып келеді.
Тонаушылықтағы пайдақорлық мақсат болып бөтен мүлікті өз мүлкі сияқты иелену, пайдалану және билік етуге, яғни жеке өзі тұтынуға, оны басқаша пайдалануға, сол сияқты оны сатуға, сыйға тартуға өзге негіз бойынша басқа адамдарға беруге іс жүзіндегі мүмкіншілікті алу келеді.
Мүлікті өлгендер мен жараланғандардан пайдақорлық мақсатсыз алған тонаушылықты құрамайды. Мысалы, әскери қызметші ұрыс жерінде тоңыпқатып қалмауы үшін өлген жора-жолдасының жылы киімін пайдаланады. Қылмыстың субъектісі - қандай да болсын әскери қызметші.
Осы екі тарауды қорытындылай келе, Конституцияның 36-бабының 1-бөлігінде Қазақстан Республикасының қорғау - оның әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті болып табылады. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлері бойынша әскери қызмет атқарады. Әскери құпияларды және әскер жарғыларды құпия ұстауға міндетті болып табылады.
1 ӘСКЕРИ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
0.1 Әскери қызметшілері арасында бағынушылық тәртібіне және жарғылық қарым-қатынастарға қиянат жасайтын қылмыстар
Қазақстан Республикасының "Қорғаныс және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы" Заңының 5-бабына сай Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрылуының ең маңызды қағидасы болып орталықтандырылған басқару және бірбастылық келеді. Соңғысы командирді (бастықты) бағыныштыларына қарағанда өкімді биліктің толықтығына бөлеуден және олардың әскери қызметті атқаруының барлық жақтары үшін оған жеке жауапкершілікті жүктеуден құралады. Қарулы Күштердің Уставына сай бір бастылық қағидасы командирге бағынышындағыларға бұйрықтарды беру және соңғыларды осы бұйрықтарды сөзсіз орындауға міндеттеу құқығын береді.
Командир - бұл бір немесе армия, флот, әскери құрылым, әскери бөлімше, әскери кеменің немесе олардың бөлімшелерінің оған тұрақты болмаса уақытша басқа әскери қызметшілері бағынатын әскери Қызметші.
Командирлер бір-бірімен қызмет жағдайына немесе әскери атақтарына қарай айырылады. Мысалы: әскери бөлімнің немесе оның құрамындағы бөлімшенің командирі өзінің қызмет жағдайына сай сол бөлім немесе бөлімшенің жеке құрамы үшін бастық болып келеді, ал әскери атақтарына сай генералдар мен офицерлер сержанттар, старшиналар, прапорщиктер, мичмандар үшін бастык болып танылады. Соңғылары өз кезегінде қатардағы сарбаздар мен матростар үшін командир ретінде танылады.
Бұйрық қызмет мүдделерінде заңдар мен әскери жарғылардың талаптарына сай беріледі. Ол жазбаша немесе ауызша нысанда, телефон, радио немесе телеграф немесе біреуді жіберу арқылы және басқаша да берілуі мүмкін.Бұйрык, басым көпшілік жағдайларда, бағынышты адамның әскери қызметі саласына жатады, бірақ та оның қызметтен тыс, көпшілік орындардағы және жерлердегі жүріс-тұрысына да қатысты болуы мүмкін.
Командир бұйрығын орындамау - қауіпті әскери қылмыстардың бірі болып келеді және заң бұл үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастырған.
437-бап. Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау
ҚК 437-бабы бұл қылмысты: "Бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашық бас тарту, сол сияқты бастықтың белгіленген тәртіпте берілген бұйрығын бағыныштының, қызмет мүддесіне елеулі зиян келтіріп өзгедей әдетін орындамау" деп анықтайды.
Осы қылмыстың нақты объектісі болып - армия мен флотта бағыну тәртібін қатаң сақталуын қамтамасыз ететін әскери қарым-қатынастар келеді.
Объективтік жақ командир бекітілген тәртіпте берілген бұйрықты орындамау, елеулі зиян болуында және іс-әрекет және салдары араларындағы себепті байланыста болып келеді. Бөлім, бөлімше жарғыға, жоғары туратын бұйыруына сай өткізілген маңызды әскери шаралар сәтсіздікке ұшыраған жағдайларда зиян елеулі болып танылады.
Бұйрықты орындамау нысаны бағыныштының командирдың бұйрығын үзілді-кесілді орындамауында, әлде оның бұйрығын өзгеше орындамауында, Яғни, бұйрықты алған бағынышты адам оны орындаудан бас тартатыны туралы тікелей айтпаса да, іс жүзінде оны орындаудан бас тартқаны көрініс табуы мүмкін.
Қылмыстың субъективтік жағы - тікелей немесе жанама арам ниет түріндегі қасақана кінəмен сипатталады. Кінәлі ол бастық (командир) бұйрығын орындамағанын сезінеді, қызмет мүдделеріне елеулі зиян келтірілуі мүмкіндігін немесе оның болмай қалмайтынын алдын ала болжайды, осындай зиян болуын қалайды немесе саналы түрде жол береді, әлде оның туындауына немқұрайды қарайды.
Қылмыс субъектісі арнайы - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бұйрықты берген адамға бағынышты болып келетін әскери қызметші немесе әскери міндетті адам.
Адамдардың тобымен алдын ала келісу бойынша немесе ұйымдасқан топпен , осымен қатар ауыр салдары туғызған дәл осындай іс-әрекеттер үшін жауапкершілікті қарастырады.
Ауыр салдар ретінде бөлім, белімше, кеменің ұдайы жауынгершілік дайындығын қамтамасыз ету бойынша шаралардың олқылығы жауынгершілік техниканы бұзу, әскери бөлімге елеулі материалдық залал келтіру және түсініледі.
ҚК 437-бабының 3-бөлігі баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көрсетілген іс-әрекеттерді соғыс жағдайында немесе жауынгершілік жағдайларда жасау үшін қарастырады.
ҚК 437-бабының 4-бөлігі ауыр салдары туғызған бұйрықты қызметке салақ немесе арам ниетті карау себебінен орындамау үшін жауапкершілікті анықтайды. ҚК 437-бабының 4-бөлігінің диспозициясынан бағынышты адамның бастық бұйрығын орындамауы абайсыздықтан, яғни қылмысты немқұрайлық немесе қылмысты менмендіктен болатыны шығады.
Кінәлі адам оның қызметке неқұрайлы қарағаны салдарынан бастық бұйрығы орындалмайтынын, яғни бұйрықпен бұйырылған әрекеттер жасалмайтынын болжамайды, осының себебінен ауыр салдар туындайды, алайда, қажетті ұқыптылық және сақтық болған ретте осыны болжау тиіс тұғын және осыны алдын ала болжай алатын. Немесе кінәлі адам қызметке жеткілікті дәрежеде адал болмауы себебінен ауыр салдар туындай алатынын болжаған, бірақ та осыған жеткілікті негіз болмай тұра ол олардың алдын алам деп ойлаған еді. болжайды, осындай зиян болуын қалайды немесе саналы түрде жол береді, әлде оның туындауына немқұрайды қарайды.

ҚК 437-бабының 3-бөлігі баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көрсетілген іс-әрекеттерді соғыс жағдайында немесе жауынгершілік жағдайларда жасау үшін қарастырады. ҚК 437-бабының 4-бөлігі ауыр салдары туғызған бұйрықты қызметке салақ немесе арам ниетті карау себебінен орындамау үшін жауапкершілікті анықтайды. ҚК 437-бабының 4-бөлігінің диспозициясынан бағынышты адамның бастық бұйрығын орындамауы абайсыздықтан, яғни қылмысты немқұрайлық немесе қылмысты менмендіктен болатыны шығады.
Кінәлі адам оның қызметке неқұрайлы қарағаны салдарынан бастық бұйрығы орындалмайтынын, яғни бұйрықпен бұйырылған әрекеттер жасалмайтынын болжамайды, осының себебінен ауыр салдар туындайды, алайда, қажетті ұқыптылық және сақтық болған ретте осыны болжау тиіс тұғын және осыны алдын ала болжай алатын. Немесе кінәлі адам қызметке жеткілікті дәрежеде адал болмауы себебінен ауыр салдар туындай алатынын болжаған, бірақ та осыған жеткілікті негіз болмай тұра ол олардың алдын алам деп ойлаған еді. екінші жыл қызмет ететін әскери қызметшілер сержанттар, старшиналар және күш қолдану арқылы қызметті бастап жатқан әскери қызметшілеріне қарағанда қызметті аткарудың қолайлырақ жағдайларына иемденеді. Мәжбүрлеу - дене немесе психикалық зорлық (күш қолдану арқылы жасалады.
Қаралатын қылмыстардың құрамы - формальды. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету, бастық әскери Қызмет міндеттерін атқару мүмкіншіліктерінен айырылғаны айырылмағанына қарамастан немесе заңға қайшы мәжбүрлеу әсерінен орындағанына (орындамағанына қарамастан, кінәлі осы әрекеттерді жасаған сәттен аяқталған болып есептеледі.
Екі жағдайда да субъективтік жақ тікелей қасақаналықта болады. Кінәлі бастыкка сол сияқты әскери қызмет міндеттерін атқаратын өзге адамға қарсылық білдіріп тұрғанын немесе осы міндеттерін бұзуға мәжбүрлейтінін сезінеді, мәжбүрлеуін күш қолданумен түйістіреді немесе оны қолданам деп қорқытады және осы әрекеттерді жасауды қалайды. Субъект арнайы - ол ретінде бапта көрсетілген әрекеттерді жасайтын бастықтың қарауындағы әскери қызметші болып келеді.
ҚК 438-бабынын (2-бөлігі дәл осы әрекеттер үшін төмендегідей жауапкершілікті қарастырады: 1) адамдардың тобымен алдын ала келісу бойынша немесе ұйымдасқан топпен (ҚК 31-бабын қараңыз); 2) қаруды қолданумен; 3) денсаулыққа ауыр немесе орта дәрежедегі зиян немесе өзге ауыр салдар ұштасуымен.
Қару ретіндегі штаттық армиялық қару (винтовка, автомат, пистолет, граната, штык, кортик және т.б), сол сияқты аңшылық қару, финдық пышақ, кастет және зауытта немесе қолдан жасалынған, нысананы жоюға арналған өзге де оқ-дәрілі немесе суық қару түсініледі.
Осы қылмысты жасаудың ең қауіпті әдісіне - қаруды қолдану арқылы командирдің денсаулығына оқ-дәрілі немесе суық қарумен зиян келтіру, сол сияқты психикалық қорқыту - қаруды ашу және бастыққа қарай көздеу, қорқыту үшін ауаға қарай ату және мақсаты болып бастықты заңсыз әрекеттерді әскери қызмет мүдделеріне қайшы жасаттыруға бағытталған с.с. көрінісін табады.
Бастықтың денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлық зиянды немесе
өзге ауыр салдарын тудырған қаруды қолдану .
Денсаулыққа келтіретін ауыр зиянның ұғымы ҚК 106-бабында, орта ауырлықтағы зиян ұғымы ҚК 107-бабында берілген. Өзге ауыр салдар ретінде бөлім, бөлімше, кеменің ұдайы жауынгершілік дайындығын қамтамасыз ету бойынша шаралардың олқылығы жауынгерлік техниканы бұзу, әскери бөлімге елеулі материалдық залал келтіру, жәбірленушіні абайсыздықтан өлтіріп алу танылуы мүмкін.
Денсаулыққа ауыр немесе орта ауырлықтағы зиянды келтіру қаруды қолданбағанда да (мысалы: өмірге қауіп төндірген құбылыстардың айқын білінген кешенімен ұштасқан көру қабілетінен айыратындай жұдырықпен бетке ұру, жарақаттар (сынықтар және сүйектердің шығып кетуі, мойын органдарын қысу және т.б) орын- далғанда мүмкін болатынын ескеруге тиіс. Осы ретте кінәлінің әрекеттері бойынша бағалануы тиіс.
ҚК 438-бабының 3-бөлігі жауапкершілікті осы баптың бірінші және екінші бөлігімен қарастырылған іс-әрекеттерді соғыс уақытында немесе жауынгершілік жағдайда жасағаны үшін анықтайды.
439-бап. Бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері
Бұл кылмыстың мәнісі - бастықты оның әскери қызметтерін орындауы
үшін немесе осы міндеттерді орындауға байланысты жасалған ұрып-соғуда немесе оған қатысты өзге күш қолдануда болып келеді.
Бұл қылмыстың нақты объектісі болып Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі бағыну тәртібі келеді. Қосымша объект - бастықтың денсаулығы. Қылмыстың объективтік жағы - бағыныштымен бастықты ұрыпсоғудан, оған жеңіл зиян келтіруден немесе соңғысына басқа да күш қолданудан құралады. Ұрып-соғу және өзге күш қолдану терминдерінің талқылануы осы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz