Бөтен мүлікті ұрлаудың обьективтік және субьективтікбелгілері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ атындағы каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

«Бизнес және құқық» факультеті

«Құқықтану» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқық (Ерекше бөлімі)

Тақырыбы : Бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені қылмыстық жауаптылық

Орындаған: ЮП 18-3 студенті

Бисенгалиева Акмоншак

Аға оқытушы: Алибеков С. К

Ақтау 2020

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 БӨТЕННІҢ МҮЛКІН ҰРЛАУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ . . . 5

  1. Бөтен мүлікті ұрлаудың түсінігі және оның нысандары . . . 5
  2. Бөтен мүлікті ұрлаудың обьективтік және субьективтікбелгілері . . . 9

2 БӨТЕННІҢ МҮЛКІН ҚАСАҚАНА ҰРЛАУДЫ ЕСКЕРТУ, ОНЫМЕН КҮРЕСУДІҢ ШАРАЛАРЫЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ . . . 15

2. 1 Бөтеннің мүлкін қасақана жоюмен байланысты қылмыстардыжасаудың себептері мен жағдайлары . . . 15

2. 2 Бөтеннің мүлкін қасақана жоюмен байланысты қылмыстарды жасаушы тұлғалардың жеке басы ерекшеліктері . . . 26

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 34


КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығында меншікке қарсы қылмыстар арасындағы бөтеннің мүлкін ұрлаумен күресудің теориялық проблемалары күрделі және жеткіліксіз өңделген институт болып танылады.

Адамның жеке меншігі олардың қауіпсіздігі әлеуметтік жоғары құндылық болып танылады.

Еліміздегі ішкі істер органдарының құқық қолдану қызметін жетілдіру мен ұйымдастыру қазіргі кезеңде ерекше орын алады. Осыған байланысты қылмыстық-құқық нормаларын, оның институттарын қолдану тиімділігін жетілдіру мен арттыру жолдарын теориялық тұрғыда жете зерттеу құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қылмыстылықпен күресуі мен тойтаруына тиімді мүмкіндіктер жасайды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 6 - тарауында орын алған меншікке қарсы қылмыстар атты тарауында орын алған бөтеннік мүлкін ұрлау өз алдына ерекше сипатқа ие.

Адамның құқықтары мен бостандықтары жүйесінде меншікке құқықтың алатын орны ерекше, себебі ол адамның жеке басының сәттілігін сипаттайтын көрсеткіш. Бұл қылмыстар меншік қатынастарды реттейді, сон-дықтан да олардың атқаратын міндеті көп.

Әлеуметтік құндылықтар жүйесінде меншікке құқық адамның әлеуметтік игіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы ретінде саналады. Сондықтан да, бұл игілікке қол сұғушылық адамның өз басына қол сұғушылықпен пара-пар (кең мағынада алғанда) . Меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің негізінде міндеттерінің бірі болып табы-лады (ҚР ҚК-нің 2-бабы) .

Қоғам салаларының дамуының жетістіктері адамның маңызды мүддесінің бірі меншік қатынастарын сақтауға қажет болып танылады.

Сондай-ақ заң туралы әдебиеттерде бөтеннің меншігін ұрлаумен байланысты қылмыстармен күресудің теориялық проблемалары Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің басқа институттарымен өзара байланысы жеткіліксіз айтылған.

Құқықтық мемлекет құру адамның жеке басы құқығын өмірі мен денсаулығын, заңды мүдделерін, соның ішінде олардың жеке меншігін қол сұғушылықтан қорғау болып танылады.

Сонымен бірге қоғамдық әлеуметтік ортада адамның меншігіне қол сұғушылықтар олардың құндылығы әрқашанда ескеріліне бермейді. Аталған норма бойынша Қазақстан Республикасында осы қылмыстардың алдын алу шараларына жеткілікті тұрғыда зерттеулер жүргізілмеген. 1997 жылғы қабылданған қазіргі заң күші бар Қазақстан Республикасы қылмыстық заң атқарушылығында өзгерістер мен қосымшалар енгізілуіне байланысты осы норманы зерттеу, бүгінгі күннің тәжірбиеге қажеттіліктен туындайтын мәселелердің бірі болып танылады.

Осы мәселелерге қатысты сұрақтар мысалы қазақстандық заңгер ғалымдар Е. О. Алауханов, А. Н. Ағыбаев, Б. И. Ахметов, Н. М. Абдиров, З. О. Ашитов, И. Ш. Борчашвили, Е. И. Қайыржанов, А. Д. Макуха, Г. С. Мауленов, М. С. Нарикбаев, Г. Р. Рүстемова Д. С. Чукмаитов және т. б басқаларымен зерттулер жүргізілген.

Осыған байланысты меншікке қарсы қылмыстар арасындағы бөтеннің мүлкіне қол сұғатын қылмыстар саласындағы қылмыстардың түсінігін анықтау туралы ұшқыр қажеттілік туындайды. Осыған ұқсас қылмыстардың обьективті және субъективті белгілеріне талдау жасау немесе айқындау қажет.

Курстық жұмысының мақсаты -болып, бөтеннің меншігіне қарсы қылмыстармен күресудің теориялық проблемаларын анықтау және ІІО қызыметкерлерімен тәжірбиеде күресу тиімділігін жетілдіру жолдарын теориялық тұрғыда анықтау болып танылады.

Курстық жұмысының міндеті . мақсаттарды жүзеге асыру үшін мына міндеттер қойылы:

Бөтеннің меншігін ұрлаумен байланысты қылмыстардың жалпы түсінігіне;

Бөтеннің меншігін ұрлаумен байланысты қылмыстардың нысандары түсінігіне;

Бөтеннің меншігін ұрлаумен байланысты қылмыстардың обьективтік және субьективтік белгілері сипаттамасына;

Бөтеннің меншігін ұрлаумен байланысты қылмыстардың дәрежелеуші белгілеріне талдау жасау.

Бөтеннің меншігін ұрлаумен байланысты қылмыстарды ескерту шараларына талдау жасау.

Курстық жұмысының объектісі . Қазақстан Республикасындағы меншіктік-қарым қатынастар саласындағы, яғни адамның жеке меншігін сақтаудағы қарым қатынастары танылады.

Курстық жұмысының пәні қазіргі кезеңде қылмыспен қылмыстық-құқықтық күресудің міндеттерін жүзеге асыру барысында меншікке қарсы қылмыстар, яғни бөтеннің мүлкін ұрлаумен байланысты қылмыстар туралы заңдарды, ішкі істер органдарының қызметінде қолданудың тиімді жолдарын, оны жетілдіру мен дамытудың және экономикалық, әлеуметтік саяси, әлеуметтік психологиялық заңдылықтарын анықтайтын оның негізі мен мақсаты және мазмұны жатады.

Курстық жұмысының методологиясы мен методикасы. Жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау барысында жұмыс материалистік диалектиканың заңдары мен таным әдістерін басшылыққа алып, формальдық логиканың да ережелері, салыстырмалы құқықтық әдістер де қолданылып, кей тұстарда статиститкалық мәліметтерге жүйелі түрде талдау жасау әдістеріне сүйенуді қажет етеді.

1 БӨТЕННІҢ МҮЛКІН ҰРЛАУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ

  1. Бөтен мүлікті ұрлаудың түсінігі және оның нысандары

Меншікке қарсы қылмыстардың ішіндегі ең көп таралған және қоғамға едәуір қауіптісі - ұрлау.

Қылмыстық заң, ұрланғандық үшін, оның жасалу тәсілдеріне қарай нақты жауаптылық қарастырған. ҚК-тің тиісті баптарына бөліп, нормативтік тұрғыдан бекіткен, оларға ұрлаудың мына формалары жатады: ұрлық, иемденіп алу немесе ысырап ету, алаяқтық, тонау және қарақшылық.

Ұрлау түсінігін анықтаудың және оның негізгі элементтеріне сипаттама берудің ұрлаудың барлық формаларына тән нышандарды айқындауға және бөлектеуге мүмкіндік беретіндігі, ұрлаудың нақты формаларына талдау жасауды жеңілдететіндігі, оларды меншікке қарсы басқа қылмыстардан, басқа объектіге қол сұғушылықтан, сондай-ақ қылмыстық заңмен жазаланбайтын әре-кеттерден шектеуге көмектесетіндігі қылмыстық заң ғылымында құптау тапқан [5. 11 б. ] . Қазіргі кезде ұрлау түсінігі Қа-зақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде өзінің заңдық бекімін тапты. Мысалы, ҚК-тің 175-бабы-ның ескертуінде былай делінген: ”Осы кодекстің баптарында ұрлау деп пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне за-лал келтіре отырып, айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз, қайтарымсыз алып қою және (немесе) айналдыру танылады”. Ұрлау түсінігіне берілген бұл анықтамадан көретініміз, ғалым-заңгерлер ұсынған, заң талаптарына жауап беретін топтама түсініктер ішінен заң шығарушы ”алу” терминін мойындаған. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1996 жылғы 25 шілдедегі ”Бөтен мүлікті ұрлауды саралаудың кейбір мәселелері туралы” қаулысында да ұрлауға, бір-қатар ауытқылармен, осы тектес анықтама берілген: ”Бөтен мүлікті ұрлау дегеніміз - меншік иесінің мүлкін пайдакүнемдік мақсатта заңсыз, қайтарымсыз алу және оны өз пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына айналдыру”.

Заңмен берілген анықтамадан ұрлаудың объективтік жағынан сипаттайтын мына нышандарды бөліп алуға болады:

1) мүлікті алу;

2) алудың заңға қайшылығы;

3) алудың қайтарымсыз болуы;

4) пайдакүнемдік мақсат;

”Алу” түсінігі ұрлаудың қарақшылықтан басқа барлық мүмкін болатын жеке тәсілдерін қамтиды. Ал қарақшылықты алатын болсақ, заң шығарушы оның аяқталу кезін мүлікті иелену мақсатында шабуыл жасау кезеңіне аударған. Бұл нышан қылмыс затына заңға қайшы ықпал жасаудың сыртқа процесін неғұрлым дәл бейнелейді және белгілі бір шамада қылмыстық-құқықтық қорғау объектісіне зиян келтіру тетігін сипаттайды, себебі алу әр-қашанда заңсыз қылмыспен, ұрланған мүліктің меншік қатынастарына қатысушылардың (жақтардың) әлеуметтік байланыстарындағы құрылымында орнын өзгертуімен ұштасқан, ол байланысты қалай да бұзады, оның қалыпты дамуына нұқсан келтіреді.

Кәсіпорын қорына әлі келіп түспеген мүлікті алу, белгілі бір мән-жайларда ҚК-тің 182-бабында көзделген қылмыстың құрамын береді, атап айтқанда ол - алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру.

Ұрлау арқылы мүлікті алғанда айыпты оны өз пай-дасына немесе басқа адамдардың пайдасына айналдырады. Ұрлаған адам мүлікке өз меншігіндей билік жасайды, бірақ заң жүзінде ол меншік иесі бола алмайды, себебі меншік құқығын қылмыстық жолмен алу мүмкін емес. Сондықтан да жәбірленушінің ұрланған затқа меншіктік құқығын ұрлық жоғалта алмайды. Ұрлауға заң тұрғысынан анықтама бергенде бөтен мүлікті айыптының менші-гіне емес, оның пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына айналдыру дегенді, бәлкім, осы тұрғыдан түсіндіру қажет.

Алып қою нәтижесінде меншік иесіне не басқа иемденушіге материалдық залал келеді. Ұрлағандағы материалдық залал тікелей нақты залалтүрінде көрініс та-буға тиіс. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1966 жылғы 25 шілдедегі қаулысында былай делінген: ”қылмыс объектісі болған мүліктің құнын анық-тағанда, оның меншік иесінің қалай иемденгеніне байланысты, қылмыс жасалған кездегі мемлекеттік, жеке сауда, нарықтық немесе комиссиондық бағаларға сүйену қажет. Бағасы болмаған жағдайда мүліктің құны сараптаманың қорытындысы негізінде анықталады”. Ұрлаудың салдарынан келген залалдың орнын толтырғанда оның мөлшері сот шешімі қабылдаған кездегі бағаларға сүйеніп анықталады. Меншік иесіне немесе заңды иеленушіге мате-риалдық залал келтірмейтін мүлікті алу ұрлау ретінде саралануға тиіс емес [6] .

Ұрлауды сипаттайтын келесі нышан - оның заңға қайшылығы. Заңға қайшы нышан дегеніміз, шындығында да, болжаммен де оған өзінің құқығы жоқ бөтен мүлікті айыптының алуы. Шындығындағы құқық дегеніміз - сол мүлікті алуға мүмкіндік беретін, заңға негізделген құқықтың болуы. Оның заңда белгіленген тәртіпте рәсімделген, рәсімделмегенінің маңызы жоқ. Бұл жерде назар ол құқықтың формасына емес, түп мәніне аударылады.

Бұдан жасалынатын тұжырым - егер адам мүлікті алуға заңды негіздемелері бола тұрып, оны алу үшін белгіленген тәртіптерді ғана бұзса, онда бұл жағдайда ұрлау болмайды.

Қылмыс аяқталғаннан кейін мүліктік залалдың орнын толтыру немесе ұрлаған мүлікті қайтару айыптыны жауаптылықтан босатпайды, бірақ ол жазаны жеңілдетуге негіздеме бола алады.

Айыпты мүлікті алып, оған өз қалауы бойынша билік жасай алатын кезден бастап ұрлау аяқталған болып саналады. Әңгіме нақты билік жасағандықта емес, сол билікті жасау мүмкіндігін алғандықта.

Сондықтан да ұрлауды аяқталған деп тану үшін айыптының затты іс жүзінде пайдаланғаны, оны пайда көргені қажет емес. Оның сондай мүмкіндікті алғаны жеткілікті. Егер айыпты бөтен мүлікті алуға бағытталған белгілі бір әрекеттер жасаса, бірақ ол мүлікке билік жасау мүмкіндігіне қолын жеткізе алмаса, онда ол әрекет ұрлық жасауға оқталу ретінде сараланады. Қарақшылық бұлардың қатарына кірмейді, оның аяқталу кезеңі жайындағы мәселе қылмыстың осы құрамына қатысты қаралған.

Күзеттегі аймақта жасалған ұрлықтың аяқталу кезеңін анықтауда қиындық туындайды. Тергеу-сот практикасының соңғы кездердегі позициясы дұрыс, себебі ол күзеттегі аймақта жасалған ұрлықты сол аймақтан мүлікті алып шыққан кезден бастап аяқталған деп санау қажет, себебі ұрланған мүлікке билік жасау мүмкіндігі сол кезден бастап туады деп санайды. Мүлікті күзеттегі аймақтан қанша қашықтыққа алып барғандықтың маңызы жоқ, дегенмен, ұрлаған затты аймақтың қоршауынан асыра лақтыруды және қылмысқа қатысушы басқа адамның сол мезетте ұрлауын қылмыстың аяқталмағандығы деп сана-ған жағдайлар болған.

Егер айыпты мүлікті алып, кейін оңтайлы кезде шығаруды ойластырып оны сол күзеттегі аймаққа жасырып қойса, сонан соң оны өз еркімен қайтарса, онда ол қылмысты жасаудан өз еркімен бас тарту негізінде (ҚК-тің 26-бабы) қылмыстық жауаптылықтан босайды.

Ұрлау тек тікелей ниетпен жасалады. Айыпты мүлікті заңсыз алғандығын ұғынады, өз әрекетімен меншік иесіне залал келтіретіндігін алдын ала біледі, соны тілейді.

Ұрлаудың міндетті нышаны - пайдакүнемдік мақсат. Ұрлауға заң тұрғысынан анықтама берілгенде пайдакүнемдік мақсат ұрлаудың нышаны деп тіке көрсетілген. Ол мақсат айыптының өз пайдасына, сондай-ақ материалдық жағдайына айыпты мүдделі басқа адамдардың пайдасына метериалдық, мүліктік табыс келтіруді көздейді.

Алудың тәсілдеріне байланысты ҚР ҚК-інде ұрлаудың алты нысаны бекітілген:

- ұрлық, сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу,

- сеніп тапсырылған мүлікті ысырап ету,

- алаяқтық,

- тонау,

- қарақшылық.

Қызмет бабын пайдалану жолымен мүлікті алуды ұрлаудың жеке формасы ретінде танудан заң шығарушы бас тартты, оны ұрлаудың үш формасының иеленіп алудың, ысырап етудің және алаяқтықтың саралаушы нышаны ретінде қарастырады.

Қастандық жасаудың осы түрінің заты ұрлау құрамының сындарлы нышандарының бірі болып табылады. Қылмыстық заң теориясында қылмыс затының шын мәнінде мазмұны бірдей екі анықтамасы кең таралған. Бірінші анықтама бойынша: ”қылмыс затына өзінің қылмыстық әрекетін жүзеге асыра отырып қылмыскер тікелей ықпал жасайтын сыртқы әлемнің материалдық заттары жатады” [7. 180 б. ] . Екінші анықтама бойынша - қылмыс затына сол қылмыстың жасалуына себеп болатын материалдық әлемдегі заттар жатады .

Заң әдебиеттерінде ұрлау заты түсінігі онша да мағыналы баяндалмаған. Ұрлау заттары ақша және бағалы қағаздар болуы мүмкін екендігі туралы пікірге ешкімнің қарсылығы жоқ. Сонымен қатар, әдебиеттерде де, сот практикасында да осы уақытқа дейін дау туғызып келген бір мәселе: мүлікті алуға құқық беретін құжаттар, сон-дай-ақ көлік кәсіпорындары, театр-сауық орындары, спорт¬тықжәне басқа ұйымдар көрсеткен қызмет үшін есеп айыруға қажетті билеттер, талондар, абоненттер және басқа белгілер ұрлау заты бола алама, жоқ па?

Г. А. Кригердің пікірінше, ақшалай-заттай және басқадай лотерея билеттері, почта төлемдерінің белгілері, көлікте жүру билеттері, бензинге талондар және сол сияқ-тылар ұрлау заты бола алады [8. 88 б. ] . Ленинградтық ”Курс со¬вет¬ского уголовного правоның” авторлары онымен то¬лық¬тай келіспейді, олар көлікте жүру билеті мүлікті алуға емес, тек көлікте жүруге ғана құқық беретіндіктен ұрлау зବты бола алмайды деп санайды [9. 95 б] . Л. А. Андреева менБ. В. Во묬жинкин ұрлау заты ретінде қарастырылуы мүм¬кін басқа да бағалы қағаздарға жанар-жағар май талон-дарын жатқызады. Лотерея билеттері, почта марка¬ларын өзге бағалы қағаздар қатарына жатқызбаса да, бұл ав¬торлар олардың ұрлау заты бола алатындығымен келіседі [10. 294 б. ] .

Сонымен қатар, сот практикасы көлікте жүру би-леттерін, почта маркаларын көлік қызметін төлегендігін растайтын, өзін ұсынған адамға тиесілі қағаздар екенін ескеріп ұрлау затына жатқызады, сондықтан оларды алуды ұрлау деп қарастырылады. Мәтінін толтырып, мөрмен бекіткеннен кейін, оларды компостирленген соң ғана пайдалануға болатын билеттерді немесе басқа белгілерді ұрлау сол әрекетке дайындық болып саналады, егер бұл жерде ұрланған заттарды кейін сатып ақша табу мақсаты болса.

Сонымен, ”өздерінде көрсетілген құнның немесе қызметтің төленгендігін растайтын, ұйымның, оның қыз-меткерлерінің, азаматтардың қолында болғанда сол тауарлар мен қызметтерді олардың пайдалануына мүмкіндік беретін талондар, көлікте жүру билеттері немесе өзге бел-гілер ғана ұрлау заты бола алады” деген пікірмен келісу қажет[11. 126 б. ] .

Сондықтан легитимациялық құжаттар мен белгілер (аккредитивтер, чектер, жинақ кітапшалары, жетондар, сенім қағаздары, квитанциялар және сол сияқтылар) өз-дерін иеленушілердің белгілі бір мүліктерге ғана құқығын растайтын болғандықтан ұрлау заты болып табылмайды. Бұл құжаттарды немесе белгілерді иемдену меншік иесінің метериалдық залал шеккендігінің айғағы емес. Бұл ретте ұрлықтың алдыңғы уақытта жасалуына мүмкіндік туады, сондықтан да, мысалы, жинақ кітапшасын иеленіп ол бойынша ақша алуды ниет қылған айыпкердің әрекетін алаяқтыққа дайындық деп саралау қажет. Егер, жинақ кітапшасымен ақша алу үшін ондағы мәліметтер бұрмаланып өзгертілсе, онда мұндай әрекет ҚК-тің 325- бабы бойынша қосымша саралануы тиіс [4] .

Сонымен, мүлікті алуға құқық беретін құжаттар, сондай-ақ көлік кәсіпорындары, театр-сауықтыру, спорттық және басқа ұйымдар көрсеткен қызмет үшін халық есеп айыратын билеттер, талондар, абоненттер және басқа белгілер ұрлау заты болатын-болмайтындығы туралы мәселені шешу үшін:

1) көрсетілген тауарлардың немесе қызметтің құны төленгендігін растайтын мәліметтердің бар екендігін;

2) оларға заңда белгіленген реквизиттер мен белгілердің бар екендігін анықтау қажет [12. 10 б. ] .

Ұрлау затына қатысты даулы мәселелерді қарастырып, енді көпшілік түгелдей ұрлау затына жатқызған түсінікті талдауға көшейік. Мысалы, ҚР Жоғарғы Сотының Пленумы, өзінің 1996 жылғы 25 шілдедегі ”Бөтен мүлікті ұрлауды саралаудың кейбір мәселелері туралы” қаулысында ұрлау заты дегеніміз - бөтен, яғни айыптының меншігіне жатпайтын мүлік деп анықтама берді.

ҚР АК-нің 115 бабына сәйкес мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке) : заттар, ақша, соның ішінде, шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық тауарлар, атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады. Ұрлаудың мәніне жүгінсек, оның заты деп ақшаларды, құнды қағаздарды, заттарды, мүліктік құқықтарды тану қажет.

Зат дегеніміз - кез келген түйсінетін нәрсе, ол газ күйінде, сұйық, қатты жағдайда, жанды және жансыз, бүтіннің бөлігі болуы мүмкін. ҚР АК-нің 127-бабына сәйкес ақша дегеніміз - Қазақстан Республикасының бүкіл ау¬ма-ғында өз құны бойынша қабылдануға міндетті заңды тө¬лем құралы болып табылады.

Мүлік ұрлау заты ретінде белгілі бір экономикалық заңдық, нақтылай бар қасиеттерге ие.

Нақтылай бар болуы дегеніміз - оның кеңістікте орналасқан сыртқы әлемде материалдық зат ретінде бейнеленуі. Ол қоғамдық өндіріс процесінде алынған материалдық нәрсе. Осы талданып отырған қасиет болмағандықтан идеяны, ойды иелену, мүлікті иеленбей мүліктік сипаттағы құқықтарды, әр түрлі игіліктерді алу - ұрлау деп танылмайды, мысалы, көлікте жүру үшін жеңілдік бе¬ретін билетті қолдан жасап алып пайдалану, т. б.

Мүліктік ұрлау заты ретіндегі экономикалық қасиеті сол - онда қандай да бір экономикалық құндылық бар. Құндылық ақшамен бағаланып өлшенеді. Сондықтан да, өзінің шаруашылыққа керектілігін жоғалтқан заттар ұрлау заты бола алмайды, меншік иесінің қажетсіз деп тастаған мүлкін иелену ұрлыққа жатпайды.

Ұрлау затының енді бір сипаты, ол - оның заңдық қасиеті. Ол дегеніміз - ұрланған зат айыпты үшін әр¬қашанда бөтен болуға тиіс.

Айыптының ол алынған затқа тікелей де, жанама да құқығы болуға тиіс емес. Адамның өз мүлкін ұрлау заты бола алмайды, сондықтан өз мүлкін заңсыз алу ұрлауға жатпайды.

  1. Бөтен мүлікті ұрлаудың обьективтік және субьективтік белгілері

Объект қылмыс құрамының қажетті элементтері ретінде аса маңызды мәнділікке ие бола отырып, ол қылмыстардың ерекшеліктеріне және де нақты бір қылмыс құрамдарына мазмұнды талдау жасап, оның заңды белгілеріне дұрыс сипаттама беруге мүмкіндік жасайды.

Қылмыстың объектісін дұрыс айқындау, жасалған қылмыстың әлеуметтік мәнін анықтау мен Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі жүйесінің нормаларында өзіне сәйкес орнын табуына, қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін немесе қол сұғушылық әрекеттерді дұрыс дәрежелеуге бірден-бір қажет болып табылады.

Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қарым-қатынастарға қылмыстардың тікелей немесе жанама қол сұғылатындығы туралы, қылмыстық құқық ғылымында жалпы біздер танитын қағида орын алған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөтен мүлікті ұрлаудың объектісі
Меншікке қарсы қылмыстар түрі
БӨТЕН МҮЛІКТІ ҰРЛАУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЫШАНДАРЫ
Меншікке қарсы қылмыстар
Бөтен мүлікті ұрлаудың обьективтік белгілері
Меншікке қарсы қылмыстарды жіктеу
БӨТЕН МҮЛІКТІ ТОНАУДЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ БӨТЕН МҮЛІКТІ ҰРЛАУДЫҢ НЫСАНДАРЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ
ҰРЛАУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС, ПАЙДА ТАБУ МАҚСАТЫНДА МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАР
Меншікке қарсы қылмыстар түсінігі
Бөтен мүлікті ашық жымқыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz