Жасөспірімдердің денсаулық сақтау технологияларын оқыту үдерісінде қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Малай Назерке Оразғалиқызы

Жасөспірімдердің денсаулық сақтау технологияларын оқыту үдерісінде қалыптастыру

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

6В01101 - «Педагогика және психология»

Қызылорда, 2020 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

«Қорғауға жіберілді»

Педагогика және психология

кафедра меңгерушісі

PhD ., аға оқытушы Бекжанова Б. Ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Жасөспірімдердің денсаулық сақтау технологияларын оқыту үдерісінде қалыптастыру

6В01101 - «Педагогика және психология»

Орындаған Малай Н. О.

Ғылыми жетекшісі,

Философия докторы (PhD) Сапарқызы Ж.

Қызылорда, 2020

Мазмұны:

Кіріспе . . . 3

1 Жасөспірімдердің денсаулық сақтау технологияларының теориялық негiздерi . . . 7

1. 1 Жасөспірімдердің денсаулық сақтау технологияларын қолданудың тиімділігі және денсаулық сақтау технологиясының мазмұны . . . 7

1. 2 Жасөспірімдердің психологиялық, биологиялық, физикалық ерекшеліктері . . . 22

2. Iс - тәжiрбиелердiң мақсат, мiндеттерi және жүргізiлу барысы . . . 38

2. 1 Анықтау экспериментiнiң барысы, мақсат, мiндеттерi . . . 38

Қорытынды . . . 55

Әдебиеттер тізімі . . . 59

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС МАЗМҰНЫНДА ҚОЛДАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

1. Қазақстан Республикасының президенті - елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан -2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан.

2. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысы.

4. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілде айындағы №319-III ЗРК «Білім туралы» заңы (05. 05. 2017 ж. бойынша өзгерістерімен, толықтыруларымен)

5. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстанда білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

АНЫҚТАМАЛАР

Бұл дипломдық жұмыста келесі терминдерге сқйкес анықтамалар көрсетілген:

Десинхроноз - организмнің бұзылуы, циркадиялық ырғақтардың десинхронизациясымен қатар жүретін патологиялық синдром.

Онтогонез - (грек. on - табыс септігінің жалғауы, ontoұ - нағыз, нақты және генез) - организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. Онтогенез терминін неміс биологы Э. Геккель ұсынған (1866) .

Педагогикалық технология дегеніміз - ол ортаға сәйкес оқыту формаларының, әдістері мен құралдарының біртұтас жүйесі, сондай-ақ осы жүйені ғылымға негізделген дидактикалық үдерісте жүзеге асыру үшін, меңгерілетін пәннің ерекшелігіне сәйкес нәтижеге жеткізудегі теория мен практикада пайдалану механизмі.

Мотив - (латын тілінде moveo - қозғаушы, итермелеуші) - адамды белгілі бір іс-әрекетке бастайтын ішкі субъективті себеп, оның қажеттіктері мен мүдделерін білдіруге бағытталған саналы, мақсатқа сәйкес әрекет.

Денсаулық сақтау технологиясы - оқушылардың денсаулығын сақтауды және нығайтуды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ететін, оқу-танымдық және практикалық іс-әрекетін басқарудың ұйымдастырушылық тәсілдерінің функционалды жүйесі.

Гигиена - (грек. hygіeіnos - дені сау) денсаулықты сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ғылым; медицинаның бір саласы. Гигиена сөзі грекше hygіeіnos, яғни ол дені сау деген ұғымды білдіреді.

Педагогикалық қарым-қатынас - белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жқйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-қрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кқсіптік қарым-қатынасы. Қарым-қатынас сан алуан сипатта; оның көптеген формалары, түрлері бар. Педагогикалық қарым-қатынас адамдар қарым-қатынасының жекеше түрі. Оған осы өзара қрекет формаларының жалпы қасиеттері де, білім беру процесіне тқн қасиеттері де лайық.

Гиподинамия - (грек, hypo - төмен, астында, қалыптан төмен; dynamis - күш) қимыл-қозғалыс белсенділігінің шектелуі нәтижесінде адамдар мен жануарлар организмдері тірек-қимыл аппараты бұлшықеттерінің, қан айналым және тыныс алу, ас қорыту және т. б. мүшелердің етті қабықтары мен қабаттары жиырылу күшінің төмендеуі.

Әлеуметтік дезадаптация - бұл адамның әлеуметтік орта жағдайларына бейімделу қабілетінің ішінара немесе толық жоғалуы. Әлеуметтік бейімделу дегеніміз-адамның қоршаған ортамен өзара әрекеттесуінің бұзылуы, оның мүмкіндіктеріне сәйкес келетін өзінің оң әлеуметтік рөлін нақты микросоциалдық жағдайларда жүзеге асыру мүмкін еместігімен сипатталады.

Парадигма - (грекше paradeigma-мысал, үлгі) нақты ғылыми зерттеуді құрап, тарихтың белгілі бір кезеңінде ғылыми практикада көрініс табатын теориялық және қдіснамалық алғышарттар жиынтығы. Парадигма тиісті білім саласы (пқн) аясында проблеманы таңдауда негіз, зерттеу міндеттерін орындауда модель, үлгі рөлін атқарады. Мәселен, білім беру парадигмасы бұл білім берудің тұжырымдамалық моделі деп түсіндірсе болады.

Акселерация - латынша (accelarae) жылдамдық деген сөзден шыққан. Акселерация қазіргі замандағы адамдардың биологиясындағы жалпы қарқындылықты көрсетеді, табиғаты көп факторлы болып келеді.

Жыныстық диморфизм - өсу және жеке функционалдық жүйелер мен бүкіл организмнің даму қарқынының зат алмасу процессінің ерекшелігі.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Қолданылған қысқартулар:

МГТ - медико - гигиеналық технологиялары

ДСТ - дене шынықтыру - сауықтыру технологиялары

ЭДСТ - экологиялық дене шынықтыру - сауықтыру технологиялары

ӨҢҚЕТ - өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ететін

ДСТ - денсаулық сақтау технологияларына

ҰПТ - ұйымдастыру - педагогикалық технологияларына

ППТ - психологиялық - педагогикалық технологиялар

ЖОО - жоғары оқу орны

ТМД - тәуелсіз мемлекеттер достастығы

ӨБР - өзін-өзі басқару, реттеу

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі уақытта қоғамның негізгі өзекті мәселесі болып, адамның салауатты өмір салтын қалыптастыру, өз кезегінде, адамның өзін жақсы сезінуін ғана емес, сонымен қатар ұлттың да сауығуына септігін тигізуі жатады. Қазақстан Республикасында Салауатты өмір салтын құру саясаты Қазақстан 2030 концептуалды дамуының басым бағыты болып табылады. Жастар арасында салауатты өмір салтын алдын алу, нашақорлықтың, шылым шегу, олармен күресті белсенді жүргізу, жастар арасында насихаттауды ұйымдастыру, спорт түрлерінің дамуына көңіл бөлу. Кең көлемді реформаның жүзеге асуы прцесінде негізгі ролді мемлекеттік пен үкіметтік емес мекемелердің біріккен әлеуметтік жобалар шеңберінде дені сау ұрпақты тәрбиелеу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарын атауға болады және оны қоғамның өзекті мәселерін шешудің бір механизімі ретінде болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтау мәселелері тұр.

Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында денсаулығынан ақауы бар балалар саны күндеп қатары өсуде. Бұған болар себептер заман ағымындағы әлеуметтік, макроәлеуметтік, экологиялық, техногендік, ақпараттық факторларды атауға болады. Сонымен қатар білім жүйесінде оқытудың мазмұны бойынша оқу бағдарламаларының жоғары деңгейлі болуы және жүктеме сабақтардың көбейуі немесе оқушылардың санитарлық нормасының сақталмауы денсаулыққа кері әсерін тигізді. Мектептегі шамадан тыс оқытудың нәтижесі ретінде түлектердің 2/3-сі мектеп қабырғасынан созылмалы аурумен және физикалық дамуындағы ақауы мен шығатынын атауға болады.

Аталған мақсатқа жету бүгінгі таңдағы мектептерде денсаулық сақтау педагогикасы арқылы мүмкін болып отыр. Өз кезегінде денсаулық сақтау педагогикасы оқу-тәрбие үдерісін мектеп оқушылары мен педагогтардың денсаулығына нұқсан келтірмейтін әдістер мен тәсілдердің жиынтығы ретінде қарастырады. Заманауи педагогикалық білімді игерген педагог оқушылармен, олардың ата-аналарымен, медицина қызметкерлерімен және өз әріптестерімен тығыз қарым-қатынаста педагогикалық үдеріске оқушылардың денсаулықтарын сақтау мен нығайтудың артықшылықтарын ескере отырып, өз жұмысын жоспарлайды.

Соңғы жылдары оқу үдерісін ұйымдастырудың сынып-сабақтық дәстүрлі жүйесіндегі кейбір шектеулердің мәні ашылып келеді, бұл заманауи білім беру технологияларын анағұрлым тиімді қолданудың өзекті міндеттерімен байланысты.

Технология - бұл, ең алдымен, бүкіл оқыту мен білімді игерту үдерісін құрудың, қолдану мен анықтаудың жүйелі әдісі, бұл ретте білім беру формаларын оңтайландыру міндеті жүктелген техникалық және адами ресурстар мен олардың өзара байланысы ескеріледі (ЮНЕСКО) .

Әдетте «педагогикалық технологияға» мәндес «әдістеме» термині жиі қолданылады, себебі бұл ұғым педагогтың нақты әрекеттерінің жиынтығы ретінде түсініледі, сондай-ақ мағынасы жағынан «білім беру технологиясы» ұғымына жақын. Алайда әдістеме мұғалім жұмысының ұйымдастырылуы мен жүйелілігін сипаттайды, ал технология оқушының жұмыс жүйесін алға қойылған білім беру мақсатына жету әрекеті ретінде сипаттай отырып, педагогтың жұмыс жүйесін оқушы жұмысын жағдаймен қамтамасыз етуші әрекет ретінде қарастырады.

Денсаулықтың қандай да бір әмбебап технологиясы жоқ. Денсаулық сақтау білім беру үдерісіндегі бір міндет ретінде көрінеді. Бұл медико-гигиеналық бағыттағы (педагог-медицина қызметкері-оқушы үштігінің тығыз байланысы кезінде жүзеге асады) ; денешынықтыру-сауықтыру (денешынықтыру бағытындағы білімге артықшылықтар беріледі) ; экологиялық (табиғатпен өзара үндестікте болу) және т. б. бағыттағы білім беру үдерісі болуы мүмкін. Оқушылардың денсаулықтарын қалыптастыру мен нығайту міндеттері мектеп оқушыларын кешенді түрде оқытудың арқасында ғана шешілуі мүмкін.

Білім берудің денсаулық сақтау технологиялары - бұл көпшілік педагогтерге етене таныс жұмыстың психо-педагогикалық әдістері мен тәсілдері, технологиялары мен мүмкін болатын мәселелерді шешудің жолдары, сондай-ақ педагогтың үнемі өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысы. Біз қолданылып отырған педагогикалық жүйе қатысушы педагогтердің денсаулықтарын сақтау міндетін шешуді жүзеге асырған жағдайда ғана оқыту мен білім беру үдерісі денсаулық сақтау технологиясы бойынша жүргізіліп отыр деп айта аламыз.

Жан-жақты физикалық жетілген және денсаулығы жақсы баланы өсіріп тәрбиелеу әрбір ата-ана мен балабақшаның міндеті. Еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты- ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу. Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарындағы бүлдіршіндер тәрбиесін жан - жақты жетілдірудің жолдарын айқындап, бала денсаулығын сақтаудың жолдарын қарастыру заман талабынан туындап отырған жағдайлардың бірі. Мектепке дейінгі білімде баға жетпес гигиеналық тәрбиенің тәжірибесі мол болғанымен, қазіргі заманға сай баланың денсаулығының нашарлап, әлеуметтік жағдай баланың дұрыс өмір сүру бейнесін қалыптастыруда жаңа қарым - қатынасты меңзейді. Ұлттық денсаулық сақтау ұйымында баланың салауатты өмір салтына тәрбиелеу негізгі міндеттердің бірі болып саналады. Баланың салауатты өмір салтын құру баланың тек психологиялық жеке - дара ерекшеліктері ғана емес, оны қоршаған ортасы мен жанұясы қолдап отыру қажет.
Қазақстандағы салауатты өмір салтын дамытудың бастамасы мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың денсаулығын сақтаудың аса қажет екендігін көрсетеді. Балабақша жұмысына денсаулық сақтау технологияларын енгізу қажетті заман талабынан туындайды. Осыған орай жұмыстың объектісі - мектепке дейінгі жаста баланың денсаулығын қорғау болып саналады.

Білім беру мекемелері-бұл ұзақ уақыт бойына елдің барлық жасөспірім тұрғындарын қамтитын жалғыз әлеуметтік білім беру жүйесі, білім беру мекемесіндегі оқу уақыты баланың өсуі мен даму кезеңімен сәйкес келеді, организм қоршаған ортаның қолайлы және қолайсыз жағдайларының әсеріне өте сезімтал .

Патологияның қалыптасуындағы қолайсыз факторлардың іске асырылуы көбінесе олардың әрекет ету мерзіміне, баланың жасына, теріс және оң әсерлердің арақатынасына байланысты. Мектептегі оқу кезеңіндегі денсаулық жағдайының сезімталдығы оқу жүктемелеріне өте жоғары мектеп кезеңіндегі қауіп факторлары үздіксіз, жүйелі және ұзаққа созылады, тіпті ең аз әсер ету қабілеті 10 жыл бойы сағат сайын және күн сайын жұмыс істейді.

Денсаулықты сақтау үшін баланың денесінің қосымша ресурстарын жұмылдыру қажет, оқу үдерісін дұрыс ұйымдастырмаған жағдайда, соматикалық, психикалық, физикалық және репродуктивті денсаулықтың бұзылуымен бірге мектепке бейімделу дамиды, денсаулық мәселесі қазіргі уақытта жаппай бірыңғай білімнен жеке ерекшеліктері мен функционалдық мүмкіндіктері бар нақты балаға бағытталған сараланған, сараланған білімге көшу жүзеге асырылған кезде өзекті болады.

Мектептерде жалпы біліммен қатар, оқытудың алғашқы кезеңдерінде қосымша пәндер мен сабақтар енгізіледі, жалпы оқу жүктемесінің ұлғаюы жиі орын алады, оқу үдерісінің күшеюі нәтижесінде бірінші сыныпта оқушылардың денсаулығының нашарлауы орын алады.

Қазіргі білім беру мекемелерінде оқитын жасөспірім балалардың денсаулығының жай-күйін зерттеуге бағытталған ғылыми зерттеулер қол жетімді әдебиеттерде өте аз және зерттеушілердің басты назары бастауыш мектеп жасындағы балалардың ауруы мен физикалық дамуын зерттеуге, сонымен бірге жасөспірім кезіндегі денсаулық жағдайындағы ауытқуларға аударылады, олар маңызды әлеуметтік және биологиялық функцияларды жүзеге асыру мүмкіндігін төмендетеді, сондықтан болашақ ұрпақтың еңбек, зияткерлік, қорғаныс әлеуетін, көбеюі мен денсаулығын анықтайтын қоғам мен мемлекеттің жас ұрпақтың денсаулығына деген қызығушылығы айқын көрінеді.

Осылайша, жасөспірімдердің денсаулығының сапасын зерттеу өзекті, тек тенденцияларды, денсаулықтың негізгі көрсеткіштерінің өзгеруін ескере отырып саралаған жөн.

Зерттеу мақсаты: білім беру ұйымдарында жасөспірімдердің денсаулық жағдайының, физикалық және психикалық дамуының ерекшеліктерін зерттеу негізінде сауықтыру және оңалту әдістерін негіздеу.

Зерттеу нысаны: Жасөспірімдердің денсаулық сақтау технологияларын оқыту үдерісінде зерттеу.

Зерттеу пәні: Жасөспірімдердің денсаулық сақтау технологиялары.

Ғылыми болжамы: егер, жасөспірімдердің денсаулық сақтау технологияларын жүйелі түрде дұрыс қалыптастырса, онда олардың тұлғалық дамуы адекватты болады.

Зерттеудің міндеттері:

● зерттелетін мәселе бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге талдау;

● «денсаулық сақтау технологиялары» ұғымдарын шетел және кеңес психологиялық зерттеулерінде анықтау;

● жасөспірім балалардың денсаулық жағдайының психологиялық, биологиялық, физикалық ерекшеліктерін және сипаттамаларын зерттеу;

● жасөспірімдердің «денсаулық сақтау технологиялары» ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу;

Зерттеудің теориялық маңыздылығы: Зерттеудің теориялық негізіне психология ғылымындағы денсаулық сақтау технологиясына байланысты теориялық жағдайлар тұлға қалыптасуындағы іс-әрекеттік ықпалдар және жүйелік ықпалдың негізгі принциптері арқау болады, жасөспірімдердегі денсаулық сақтау технологиялары оқыту үдерісінде ықпалмен сипатталады.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Жасөспірімдерде денсаулықты сақтау әсері бар психологиялық-педагогикалық көмекті ұйымдастырудың тиімділігі туралы алынған мәліметтер оны білім беру ұйымдарында оқу үдерісін оңтайландыру үшін ұсынуға мүмкіндік береді

Алынған зерттеу нәтижелерінің негізінде педагогикалық-психологиялық тренингтер арқылы жеке (ақылы) мектептерде оқитын оқышылардың өзіндік бағалауын дұрыс қалыптастыру жолдарын анықтауға болады.

Зерттеу әдістері:

  • Әдебиеттерге теориялық талдау;
  • бақылау, сауалнама және анкета;
  • эмпирикалық зерттеу әдістері: әңгімелесу; сауалнама; мәліметтерді статистикалық өңдеу.

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі: Жұмыстың жалпы көлемі - 63. Кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, жұмыста берілген кестелерден тұрады.

1 Денсаулық сақтау технологияларының теориялық негiздерi

1. 1 Жасөспірімдердің денсаулық сақтау технологияларын қолданудың тиімділігі және денсаулық сақтау технологиясының мазмұны

Қазақстан Республикасының бүгінгі күнгі білім беру тұжырымдамасы мен білім беру жүйесін реформалаудың негізгі бағыттарындағы оқыту үрдісінің педагогикалық технологиялары ретінде және денсаулықты сақтауды ұйымдастырудағы жаңалық ретінде оқу - тәрбие үрдісіне денсаулық сақтау технологиялары енгізілуде. Бұл оқу үрдісіне қатысушылардан үлкен күш пен еңбекті талап ететін үрдіс. Ол өз кезегінде физиологиялық шаршау мен психоэмоциялық артық жүктеме түріндегі ағзаның функционалдық ахуалының әр түрлі ауытқуларын тудырады. Сол себепті де оқушыларда созылмалы аурулар, психиканың бұзылуы және стресстік жағдайлар көп болады. Сондықтан болар арнайы мамандандырылған мектептерде жалпы білім беретін мектептерге қарағанда оқушылар көп ауырады .

«Денсаулық сақтау» ұғымы кез келген педагогикалық технологияның сапалық сипаттамасына жатады, яғни осы технологияны жүзеге асыру барысында мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау міндеті қаншылықты шешілетінін көрсетеді.

Педагогика ғылымына «технология» ұғымы ХХ ғасырдың 60-жылдарында ене бастады. Технология дегеніміз - білім беру үрдісіне қажетті әдіс - тәсілдер жүйесі және техникалық және адами ресурстарды пайдалана отырып оқытуды жетілдіре отырып білімді меңгерту.

Технология - бұл, ең алдымен, бүкіл оқыту мен білімді игерту үдерісін құрудың, қолдану мен анықтаудың жүйелі әдісі, бұл ретте білім беру формаларын оңтайландыру міндеті жүктелген техникалық және адами ресурстар мен олардың өзара байланысы ескеріледі (ЮНЕСКО) .

Әдетте «педагогикалық технологияға» мәндес «әдістеме» термині жиі қолданылады, себебі бұл ұғым педагогтың нақты әрекеттерінің жиынтығы ретінде түсініледі, сондай-ақ мағынасы жағынан «білім беру технологиясы» ұғымына жақын. Алайда әдістеме мұғалім жұмысының ұйымдастырылуы мен жүйелілігін сипаттайды, ал технология оқушының жұмыс жүйесін алға қойылған білім беру мақсатына жету әрекеті ретінде сипаттай отырып, педагогтың жұмыс жүйесін оқушы жұмысын жағдаймен қамтамасыз етуші әрекет ретінде қарастырады.

Денсаулықтың қандай да бір әмбебап технологиясы жоқ. Денсаулық сақтау білім беру үдерісіндегі бір міндет ретінде көрінеді. Бұл медико-гигиеналық бағыттағы (педагог-медицина қызметкері-оқушы үштігінің тығыз байланысы кезінде жүзеге асады) ; денешынықтыру-сауықтыру (денешынықтыру бағытындағы білімге артықшылықтар беріледі) ; экологиялық (табиғатпен өзара үндестікте болу) және т. б. бағыттағы білім беру үдерісі болуы мүмкін. Оқушылардың денсаулықтарын қалыптастыру мен нығайту міндеттері мектеп оқушыларын кешенді түрде оқытудың арқасында ғана шешілуі мүмкін.

Білім берудің денсаулық сақтау технологиялары - бұл көпшілік педагогтерге етене таныс жұмыстың психо-педагогикалық әдістері мен тәсілдері, технологиялары мен мүмкін болатын мәселелерді шешудің жолдары, сондай-ақ педагогтың үнемі өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысы. Біз қолданылып отырған педагогикалық жүйе қатысушы педагогтердің денсаулықтарын сақтау міндетін шешуді жүзеге асырған жағдайда ғана оқыту мен білім беру үдерісі денсаулық сақтау технологиясы бойынша жүргізіліп отыр деп айта аламыз.

Жан-жақты физикалық жетілген және денсаулығы жақсы баланы өсіріп тәрбиелеу әрбір ата-ана мен балабақшаның міндеті. Еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты- ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу. Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарындағы бүлдіршіндер тәрбиесін жан - жақты жетілдірудің жолдарын айқындап, бала денсаулығын сақтаудың жолдарын қарастыру заман талабынан туындап отырған жағдайлардың бірі. Мектепке дейінгі білімде баға жетпес гигиеналық тәрбиенің тәжірибесі мол болғанымен, қазіргі заманға сай баланың денсаулығының нашарлап, әлеуметтік жағдай баланың дұрыс өмір сүру бейнесін қалыптастыруда жаңа қарым - қатынасты меңзейді. Ұлттық денсаулық сақтау ұйымында баланың салауатты өмір салтына тәрбиелеу негізгі міндеттердің бірі болып саналады. Баланың салауатты өмір салтын құру баланың тек психологиялық жеке - дара ерекшеліктері ғана емес, оны қоршаған ортасы мен жанұясы қолдап отыру қажет.
Қазақстандағы салауатты өмір салтын дамытудың бастамасы мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың денсаулығын сақтаудың аса қажет екендігін көрсетеді. Балабақша жұмысына денсаулық сақтау технологияларын енгізу қажетті заман талабынан туындайды. Осыған орай жұмыстың объектісі - мектепке дейінгі жаста баланың денсаулығын қорғау болып саналады.

Педагогикалық технология дегеніміз - ол ортаға сәйкес оқыту формаларының, әдістері мен құралдарының біртұтас жүйесі, сондай-ақ осы жүйені ғылымға негізделген дидактикалық үдерісте жүзеге асыру үшін, меңгерілетін пәннің ерекшелігіне сәйкес нәтижеге жеткізудегі теория мен практикада пайдалану механизмі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулық сақтау сауаттылығын қалыптастырудың көрнекілігі
Дене жаттығуларының сипаттамасы
Бастауыш сынып оқушыларының пәндік құзыреттерін қалыптастыру
Оқушылардың дене тәрбиесін қозғалыс-қимыл жаттығулары арқылы ұйымдастыру ерекшеліктері
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тарихи-педагоги-калық негіздері
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Педагогиканың ғылым ретінде дамуының негізгі кезеңдері
Мектепке дейінгі мекемедегі ұйымдастырылған іс-әрекетінен жұмыс жоспарын құру және ұйымдастыру әдістері
Тәрбиенің құндылық тұжырымдамасы
Бүгінгі күні кез келген қай бағытты алып қарасақта ақпараттық даму, ақпараттық креативтілік бөлімі жылдам әрі тез қарқынмен даму үстінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz