Сұрыптаушы төбешіктің техникалық жабдықтандырылуы


МАЗМҰНЫ
жабдықтандырылуы
жұмысшыларының міндеттері
туралы талдауы
оптимизациялау әдістері
КІРІСПЕ
Көптеген мемлекеттер елдің экономикалық дамуын ынталандырудың
басты себептерінің бірі болып табылатын логистикаға ерекше көңіл бөледі.
Қазіргі әлемде логистика мемлекеттің индустриалды дамуының негізгі құралы болып табылады, себебі, импорт және экспорт дұрыс құралған логистикалық схемалар мен операцияларға тікелей тәуелді болып келеді. Қазақстанда логистика қызметі толығымен жаңа қызмет саласы болып саналады. Жақсы геосаяси жағдайдағы және үлкен дерлік территориясы бар біздің еліміз логистиканы республиканың индустриалды нарығының өсуіне пайдалануы тиіс. Сонымен қатар, елдегі басты және жиі қолданылатын транспорт түрі теміржол көлігі болып табылады. Пойыздар пайда болып, теміржол трассалары дамып бастаған уақыттан бері, жүк тасымалдарының негізгі бөлігі темір жол көлігімен іске асырылады. Сондықтан экономикалық халықаралық қатынастарды және әртүрлі елдер арасындағы сыртқы сауда-саттықтың көлемін ұлғайтуда теміржол көлігімен тасымалдау өз қызметтеріне сұранысын жоғалтпады, керісінше, соңғы кездері теміржол көлігімен тасымалдау түріне сұраныс артты десек болады. Дәл осы көлік түрі бір сапарында ұзақ қашықтықтарға көп ақша жұмсамай тауарлардың көп санын тасымалдау мүмкіндігіне ие, сондай-ақ, оның энергетика, экология және жер қолдануда үлкен артықшылықтары бар.
Теміржол көлігі қалған көлік түрлерімен мықты бәсекелестікте және тек
автокөлік түріне жол беріп, екінші орынды иемденіп отыр. Қызмет нарығында бәсекелестікті ұстап отыру үшін теміржол көлігі жақсы ішкі логистикаға, төбені сұрыптауға қажетті техникалық жабдықтарға және т. б. ие болуы қажет. Теміржол көлігінің табысты және үлкен көлемді жұмысы үшін «тірі қойма» рөлін ойнайтын сұрыптау станциялары құрылған болатын. Олардың көмегімен қажетті тауар станцияға түсірілмей-ақ вагонда жаңа құрамның құрылғанын күте алады немесе түсірілу пункті теміржол станциясы болатын болса, басқа көлік түрімен түсіріле алады. Менің көзқарасым бойынша, бұл ойлап табуға болатын ең оңтайлы нәрсе, сұрыптау станцияларының әлі де барлық елдерде пайдаланылуы бұған дәлел болып табылады.
Қазақстанда сұрыптаушы төбешіктердегі автоматтандырылған
процестерге ие сұрыптау станцияларының кішігірім бөлшегі бар. Жүктердің
тауар түрінің шығыны аз пайызды құрайтын автоматтандырылған сұрыптау
станцияларынан айырмашылығы механизацияланбаған сұрыптау станциялары бірнеше кемшілігі болғандықтан, өз ерекшеліктерімен мақтана алмайды. Сондықтан, осы диплом жобасында вагондардың төменге сырғанау
жылдамдығын түсіруге көмектесетін төбешіктегі процестерді автоматтандыру бойынша бірқатар шаралар ойлап табылған.
Бұл диплом жобасында Алматы-1 сұрыптау станциясы талқыланған.
Бірінші бөлім сұрыптау станциясы мен сұрыптау төбешіктері туралы
теориялық-таныстық ақпараттардан тұрады. Екінші аналитикалық бөлімде
сұрыптаушы станциялар мен төбешіктер жұмысының толығырақ талдауы,
сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы сұрыптаушы станциялар мен
станциядағы бос уақыттардың статистикалық деректері қарастырылды. Үшінші бөлімде Алматы-1 станциясының сұрыптау төбешіктеріндегі
механизацияланбаған процестерді оптимизациялау, автоматтандыру бойынша ұсынылған іс-шаралар туралы айтылады. Формулалардың және станциялық деректердің көмегімен төбешіктердегі процестерді автоматтандыру және заманауи технологияларды пайдаланумен станциядағы бірегей шешімдерді қолдану үшін ең қолайлы құралдар табылатын болады.
Кеден Одағы елдерінің арасындағы өсіп келе жатқан бәсекелестік
тақырыптың өзектілігін көрсетеді, Қырғыз Республикасы Кеден Одағы
аймағына кірген сәттен бері Қазақстан қызмет нарығында бәсекелестік
тудыруы үшін өзінің ішкі инфрақұрылымын модернизациялап, жетілдіруге
мәжбүр болды. Сонымен қатар, станция елдегі негізгілердің бірі екендігі және ол әр кезде өзіне берілген тапсырмаларды шеше ала бермейтіндігі де
тақырыптың өзектілігі болып табылады. Бұл жұмыста осы проблеманы шешуге болатын ұсыныстар бар.
Дипломдық жұмыстың мақсаты немістік әріптестердің тәжірибесіне
сүйене отырып, станцияның жаңа деңгейге өтуінде, сондай-ақ, вагондардың
сырғанау жылдамдығын төмендету, вагон қозғалысын көбейтіп, вагондардың
бос уақыт сағаттарын азайту үшін сұрыптау төбешіктерінде процестерді толық автоматтандыруға жетуде және бар сұрыптау жолдарын ұзартуда болып табылады.
Жобаны орындау кезіндегі мақсатқа жету үшін қойылған тапсырмалар:
- дипломалды тәжірибеден өту кезінде берілген ақпараттардың
дұрыстығын тексеру мақсатында қажетті құжаттармен танысу және жаңа материалдарды меңгеру;
- сұрыптау станциясының жұмысын талдау;
- сұрыптау төбешіктерінің жұмысын талдау;
- станциядағы бос уақыт саны жөніндегі деректерді талдау;
- Алматы-1 станциясы жұмысының басты көрсеткіштерді орындау
бойынша статистикалық деректермен танысу;
- тежегіштік бәсеңдеткіштер моделі мен типін анықтап, есептеп
шығару, содан соң берілген жүйенің рентабельділік талдауын жүргізу;
- сұрыптау жолдарын 20 метрге ұзарту бойынша шаралардың
болжаммен есебін шығару.
Диплом жұмысының зерттелетін объектісі - Алматы-1 станциясының
сұрыптау төбешігі.
Зерттеу тақырыбы болып автоматтандыру мен станциянының жұмысын
жетілдіру процестері табылады.
Теоретикалық және методологиялық негіз логистика тақырыбындағы
қажетті ғылыми әдебиеттерді қолданудан, логистикадағы телематиканың,
коммерциялық және жүктік жұмыстардың негізінен тұрады. Дипломдық
жұмысты жазу үшін аналитикалық, эмпирикалық әдістер, салыстыру мен
талдау әдістері және де материалды жинақтау әдістері қолданылған.
Дипломдық жұмыстың жаңашылдығы - бізбен құралған Алматы-1
станциясының жұмысын толық түрде автоматтандыру идеясын ұсынуда.
Сұрыптау төбешігі үшін ең қолайлы және ең арзан нұсқадағы жабдықтарды
анықтау.
Проблеманың теориялық даму дәрежесі Правдин Н. В., Осипова Н. Г.,
Васильев Н. Н, Исаакян О. Н. және тағы да басқа авторлардың шығармаларын
талдауда жатыр.
Бірінші бөлімде сұрыптау станцияларының жалпы шығу тарихы,
сұрыптау станциясы дегеніміз не екені туралы, соның ішінде сұрыптаушы
төбешік және оның атқаратын қызметтері, төбешік кезекшісі мен оның
міндеттері сияқты ақпараттар беріледі.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы сұрыптаушы төбешіктері
бар теміржол станциялары, Алматы-1 сұрыптаушы станциясының жұмыс
принципі, жұмыс таулдаулары туралы, вагондар тұрысы мен жалпы
сұрыптаушы станцияда атқарылатын жұмыстар туралы айтылады.
Үшінші бөлімде, Алматы-1 сұрыптау станциясын модернизациялау
процесстері, сұрыптаушы станцияның жұмысын жетілдіру үшін қандай
шаралар қолданылу керек, сұрыптаушы төбешіктегі автоматтандырылу және
орындаушылар тарапынан сол шаралар үшін бірнеше ойластырылып,
есептелген кестелерімен ұсыныстар беріледі.
1 Сұрыптаушы төбешік құрылғыларының жалпы сипаттамасы,
төбешіктің жабықтандырылуы
- Сұрыптау станциясы дегеніміз не?
Сұрыптау станциясы - сұрыптаушы пункт, оның басты тапсырмалары мыналарда:
- теміржол құрамдарын жол және маршруттар бойынша сұрыптау,
сондай-ақ, бұл вагондардан поездар мен вагондарды құрудың нақты жоспарына сай келетін теміржол құрамдардарын құрастыру;
- маршруттарды ұйымдастыру және жұмыстық және өндірістік көлік
түрлері ұйымдарының кірме жолдарына вагондарды жіберу және сол
жолдардан қайта қабылдап алу;
- келесі жеке пойыздар мен вагондарды коммерциялық және
техникалық тұрғыда дайындаумен сараптауда және тексеруде;
- толық емес өңдеу және топтарды ауыстыру операцияларын
орындау, сондай-ақ, құрамдық өңдеусіз поездарды өткізу. Оған қоса, сұрыптау станцияларында вагондарды жөндеуден өткізу, локомотивтерді және локомотивтік бригдаларды ауыстыру, жүктерді/тауарларды сұрыптау және кішкентай жіберілімдер мен контейнерлерлі құрама вагондарды жинақтау, локомотивтерді жабдықтау және техникалық қызмет көрсету өтеді.
Сұрыптау станциялары жергілікті және транзиттік вагондар ағынын қайта өңдейді және учаскелік, тура жүретін, құрамдық, құрама-учаскелік және өткізгіш поездарды құрастырады. Сұрыптау станцияларының орналасқан жері вагондар ағынының тығыздығына және оның құрылымына байланысты болады. Сұрыптау станциялары ереже бойынша өнеркәсіптік аудандарға, ірі қалаларға, бірнеше сызықтардың түйісу пункттеріне және өндіруші аудандардың шығатын жолдарына беймделіп орналасады.
Сұрыптаушы станциялары теміржолдардың түйін нүктелеріндегі үлкен
өндіріс орталықтарына сай жаппай түсіру немесе жүктер тиеу аймақтарында
салынады. Сұрыптаудың жұмысы үшін станцияда сұрыптау, тартқыш жолдар
және төбешіктер үшін арнайы парктер құрылады. Поездармен жұмысты
орындау үшін өңдеуге түсетін поездарды қабылдауға арналған парктер,
жинақталған жылжымалы құрамдарды жөнелтуші парктер және басқа да
транзиттік жүкті поездарды жіберу мен қабылдау парктері немесе жолдар
құрылады. Сұрыптау, қабылдау және жіберу парктері тартқыш жолдар және
төбешіктермен біріге отырып, сұрыптау жүйесін құрайды.
Сұрыптау парктеріндегі жолдар санын вагондар ағыны саны көлеміне
және тағайындалуына сүйене отырып, қозғалмалы құрамдарды құру жөніндегі деректерге сәйкес есептейді. Транзиттік құрамдар үшін қабылдау және жіберу парктеріндегі жолдар саны түйіндер мен станцияларды жобалаудың ережелері мен техникалық стандарттары бойынша бағытталу станцияларына қосылатын қозғалыстар мен сандар көлеміне қарай анықталады.
Сұрыптау станциялары, сонымен қатар вагондік және локомотивтік
шаруашылық құрылғыларымен, электрлі жабдықтау, сумен жабдықтау, сигнал беру, орталықтандырау, бұғаттаумен және байланыспен қамтамасыз етіліп орнатылады. Станциялар заманауи телемеханика және автоматика
құрылғыларымен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, қабылдау парктерінің, жіберу және поездарды сұрыптаудың параллельді, кезекті және аралас
орналыстырылған сұрыптау станциялары да бар.
Сұрыптау жиынтықтарының (жүйесінің) саны бойынша станциялар бір
және екі жақты болып келеді. Бір жақты станцияларға сұрыптау паркіндегі жұп және тақ бағыттардағы вагондардың қайта өңделуі жатады. Екі жақты
станцияларға келетін болсақ, оларға әрқайсысы белгілі бір бағыттағы
вагондарды өңдейтін, сұрыптау құрылғыларының қос жүйелері бар станциялар жатады. Тасымалдау процесіндегі негізгі мән сұрыптау станцияларына беріледі, жұмыстың тұрақтылығы осы сұрыптау станцияларына тәуелді болып келеді, сонымен қатар теміржол жолақтары бойынша бағыттар қызметі және желінің тұтастығы да. Уақыттың көп бөлігін, анығырақ айтсақ 70%-ға жуық айналым
уақытында вагон станцияларда қалады және бұл жерде тасымалдауды сапалы
және уақытылы қамтамасыз етудің маңыздырақ резервтері шоғырланған.
Елдің экономикасын тұрақтандыру және дамыту перспективада теміржол көлігінің техникалық және технологиялық базасын күшейтуді талап етеді. Қуатты күшейтуді сұрыптау станциялары да талап етеді. Олар поездарда вагон ағындарын ұйымдастыру бойынша Көлік және коммуникация министрлігінің маңызды тапсырмаларын жүзеге асырады.
Сұрыптау станцияларының жұмыстары, жолдық дамудың сапасын көтеру және олардың техникалық жарақтануын жақсарту бойынша басты іс-әрекеттер болып келесідей факторлар табылады:
- прогрессивтік және технологиялық процесстерге негізделетінресурс
үнемдеуші және экономикалық технологияларды енгізу және дамыту;
- қондырғыларды қайта өңдеуді интеграцияланған автоматтандыру
мен механизациялауды, локомотивтерді қашықтан басқаруды қолдану;
- өнеркәсіптік телевидениені пайдалану;
- байланыстырушы құрылғылар, жүктің күйін басқару, буксаларды
қыздыруды басқару және басқа да элементтерді басқару жүйелерін қолдану.
Тармақталған теміржол желісі бар елдерде жүктерді жіберу және
қабылдауда станциялардың көп саны қатысады.
Түсіру станциясына дейінгі тиеу станциялары, егер де қандай да бір тиеу
станциясында вагондар саны бір түсіру станциясы мекен-жәйына толық
құрамды жинақтаса, оларды осы түсіру станциясына поездармен жіберуге
болады. Мысалыға, мұнай өңдеу зауытына қызмет етуші станция теңіз портына экспортқа бензин және мазуты бар құрамдарды жібереді. Тиеу станциясынан түсіру станциясына дейнгі мұндай тіке поездарды жөнелтуші вагондар деп атайды.
Тағы да айта кететін болсақ, көптеген станциялар үлкен жұмыс көлемін
тек транзиттік вагондарды өңдеуде ғана атқарылмайды, сонымен қатар
жүктерді тиеу және түсіруде, жолаушыларды отырғызу мен түсіруде,
транзиттік поездарға техникалық қызмет көрсетуде де атқарылады, бірақ,
мұндай станциялар сұрыптаушы деп атала алмайды. Себебі, сұрыптаушы
станциялар деп поездарды жинақтау мен тарату жұмыстары іске асырылатын
станцияларды атайды.
1. 2 Сұрыптаушы төбешіктер дегеніміз не және олардың түрлері
Сұрыптаушы төбешіктер дегеніміз сұрыптау станциясының ажырамас бір бөлігі болып табылады, оның көмегімен барлық сұрыптаушы жолдар бойынша вагондар таратылады, вагондарды тарату әр вагонның өзінің ауырлығына қарай жүзеге асырылады. Одан кейін вагон төбешіктен керекті жолға өз көмегімен ауысады. Сұрыптаушы төбешік бұрышта орналасқан және олар қапталынан өздігімен вагондар сырғанайтын төбешіктерде еске салады.
Сұрыптаушы төбешіктер қозғалмалы теміржол құрамдарын тарату және
жинақтау станцияларында болады. Вагондар сұрыптаушы төбешіктерге
локмотивтердің көмегімен түседі, одан кейін поезд құраушысымен әр вагонды бекітілген құрамдардан ажырату жүзеге асады, поездар құраушысы жүкқұжатқа сәйкес вагондарды ажыратады, және олар төбешіктен қажетті жолға төбешікті құрайтын беткей арқылы ауысады, жол вагонды бағыттайтын өтпелі стрелкалармен координацияланады. Вагонның динамикасын төмендету үшін дөңгелектердің астына орналастырылатын башмақтар қолданыдады, бірақ, автоматтандырылған және заманауи төбешіктер мен станцияларда қауіпсіз және жаңғыртылған болып келетін вагондар тежегішінің автоматтандырылған жүйесі қолданылады.
Сұрыптаушы төбешік бір жақты болғаны сияқты, екі жақты да бола
алады. Көп жағдайларда екі жақты сұрыптаушы төбешіктер екі бағытта
жүктерді үлкен көлемде қайта өңдеуді қажет ететін ірі станцияларда
қолданылады. Бұрын сұрыптаушы төбешіктер заманауи теміржол кешендерінде қабылданғандай, поездарды тарқату аймағына тәуелсіз табиғи көтермелеу болған учаскелерде құрылатын. Мұндай табиғи төбешіктердің
кейбіреулеріқазіргі таңда да қолданылады. Ең дамыған елдерде табиғи және
жасанды көлбеуі бар теміржол жолдарын қолданады (1 - сурет) . Төбешіктердегі тежегіш қағидаларын қолдану әр станцияда әртүрлі болып келеді. Тежегіш құралдарын таңдау сұрыптаушы төбешіктердің орналасқан орнына байланысты. Қаланың ішінде құрылған сұрыптаушы кешендер уақыт өте келе қала шекараларын кеңейтуге байланысты белгілі шаралар қабылдауға тиіс болады, бұл міндетті түрде сұрыптаушы түйін жұмыстарының сапасында көрінетін болады. Бұл талаптарға бәсеңдеткіштің және сұрыптау түйінінің дыбыссыз жұмысы, стрелкалық келтірулерге арнайы талаптар, ауданды шектеуге қосымша тарқату ережелері кіреді.
1-Сурет - Сұрыптаушы төбешіктегі жолдар еңістігі
Заманауи сұрыптаушы төбешіктерде стрелкалық аударымдарды, сондайақ, тұйықталу қажеттілігі мен тәуелділіктерді тексерумен қабылдап алу және жіберу парктері дабылдарын жергілікті басқару функциясы бар. Орталық басқару жүйесі сирегірек кездесетін болды. 2 - суретте сұрыптаушы төбешіктің профилі мен жоспары көрсетілген.
Сұрыптаушы төбешіктердің бірнеше түрлері бар:
- аз қуатты төбешік - бұл төбешік тәулігіне 250 - ден бастап 1500 -
ге дейін вагондарды қайта өңдей алады, сұрыптау паркінде жолдар саны 4 - 16 аралығында болуы тиіс;
- орта қуатты төбешік - бұл төбешік тәулігіне 1500 бен 3500
аралығындағы көлемде вагондарды қайта өңдеуі тиіс, автоматтандырылған
және механизацияланған болып келеді, сұрыптау паркіндегі кірме жолдар саны 17 - 29 аралығында болады ;
- үлкен қуатты төбешік - орта қуатты төбешік секілді
автоматтандырылған және механизацияланған, тәулігіне 3500 - 5500
аралығында вагондар санын қайта өңдеуден өткізеді, және 30 - 40 аралығында жолдар болуы тиіс.
Нг- сұрыптаушы төбешіктің биіктігі
2 - Сурет - Сұрыптаушы төбешіктің профилі мен жоспары
Жылдамдық учаскесі қалғандарына қарағандай тігірек бөлікпен
жобаланады және 50 промилледен ден аспауы керек ( 3 - сурет) . Тік учаске
ұзындығы 20 метрден төмен болмауы тиіс.
3 - Сурет - сұрыптаушы төбешіктің жылдамдық учаскесінің профилі мен жоспары
1 - тежегіштік позиция бар берілген учаскені 12 промилледен төмен емес көлбеуде құрған жөн ( 4 - сурет) .
4 - Сурет - 1 - тежегіштік позиция учаскесінің профилі мен жоспары
Берілген аралық учаскенің еңістігі 1 - тежегіштік позиция еңістігінен
тігірек жобаланбайды ( 5 - сурет) .
5 - Сурет - Аралық учаскенің профилі мен жоспары
Бұл екінші тежегіштік позиция учаскесін (6 - сурет) 7 промилледен төмен емес түсіруде орналастырған жөн, ал минустық температуралы жерлерде 10 промилледен төмен болауы тиіс.
6 - Сурет - 2 - тежегіштік позицияның профилі мен жоспары
Стрелкалық аймақтың (7 - сурет) мұндай тіктігі 1, 0 мен 1, 5 промилле
аралығында жобалануы керек, орта қуатты төбешіктер үшін 2, 0 промилледен,
үлкен қуатты төбешіктер үшін 2, 5 промилледен аспауы тиісті.
7 - Сурет - Стрелкалық аймақ учаскесінің профилі мен жоспары
Құламалық стрелкалық аймақтың стандарттары бойынша доға тәрізді
жобаланады, ал жолдың тік бөлігінде 1, 5 промилледен аспайды ( 8 - сурет) .
8 - Сурет - Шектік бағанадан парктік тежегіштік позицияға дейінгі
сұрыптау жолдары учаскесінің профилі мен жоспары
3 - тежегіштік позиция құламалығы 8 промилледен аспайтын түсіруде орналасуы тиіс (9 - сурет) .
9 - Сурет - 3 - тежегіштік позиция учаскесінің профилі және жоспары
Берілген учаскедегі (10 - сурет) жолдарды бірқалыпты түсіруде
жобалаған жөн, құламалығы 0, 6 промилледен аспауы тиіс және ұзындығы
жобамен 100 метрді құрайды.
10 - Сурет - Парктік тежегіштік позиция профилі мен жоспары
1. 3 Сұрыптаушы төбешіктің техникалық жабдықтандырылуы
Әрбір сұрыптаушы төбешіктерде халықаралық стандарттарға сәйкес
келетін құрылғылардың белгілі бір саны болуы қажет, сондай-ақ, құрылғылар
сұрыптаушы төбешіктің және толық станцияның қызметін жеңілдетеді. Оған
қоса, станциядағы тауар және жүк ағындарын ұлғайтуға көп үлесін қосады.
Мұндай стандартты құрылғыларға келесілер кіреді:
- вагондарды тоқтатушы - бұл құрылғы сұрыптау паркінде
вагондардың қозғалысына септігін тигізеді;
- тежегіштік позиция - сұрыптау паркінің басындағы вагондарды
автоматты түрде тежейтін (бәсеңдеткіштер) жолдар бөлігі;
- бөгеуші құрылғылар - вагондардың сұрыптау жолдарының шегінен
шығып кетуге жол бермейтін құрылғылар;
- жолдардың толықтырылуын қадағалаушы құрылғылар - бос
жолдарды бақылайды, сондай-ақ, вагондардың бір-бірімен соқтығысу
жылдамдығын қадағалайды.
Сонымен қатар заманауи сұрыптаушы төбешіктерде тежегіштік позиция
жүйелерін қолданады, оларды қондыру мен эксплуатациялау кезінде қоршаған ортаға зақым келтірмеу мақсатында, қоршаған ортаны қорғайтын шараларды қабылдау қажет. Барлық тежегіштік позицияларда цилиндрлерден қысылған ауаны шығару жолымен құрылатын, шуды бастырушы құрылғылары болуы тиіс. Оған қоса, сұрыптаушы төбешіктерде анығырақ ақпараттарды жіберу және қабылдау үшін телефондық және ақпараттық радиобайланыс жобаланып, енгізілуі қажет.
2 Теміржол сұрыптаушы станциясының эксплуатациондық
жұмысын талдау
2. 1 Алматы-1 сұрыптау станциясының жұмыс ережелері
Сауатты және жөнделген теміржол логистикасын дайындау - бұл оңай
мәселе емес. Барлық дерлік теміржол құрамдарының бір де бір станция
құрамдарымен қайталанбайтын белгілі жіберу және келу станциялары бар,
сондай-ақ, олар белгілі келу уақыттарына, ерекше жүк түрлеріне және жеке
маршрутына ие. Электрлік орталықтандыру постында станциядағы барлық
қозғалыстарды басқарушы - теміржол станциясы бойынша кезекшісі. Қазіргі
күнде ол Алматы-1 станциясы территориясында орналасқан сегіз маневрлік
локомотивті басқарып, бақылайды, сонымен қатар жетпіс бір тепловоздар мен жиырма электровоздарды да басқарады. Станция бойынша кезекшіге тиесілі бақылау территориясы - бұл «Бурундай» станциясынан «Медеу» станциясына дейінгі аймақ, немесе жаргонмен айтатын болсақ, кірердегі бағдаршамнан шығардағы бағдаршамға дейнгі жер. Станция кезекшісінде үлкен жасыл электрлік тақта болады, ол жерде барлық темір жолдар көрініп тұрады, бұл да станцияны басқару түрі. Ол онлайн режимде барлық бар жолдардың қайсысы бос немесе қайсысы бос еместігін, қай кіруді жауып, қайсысын ашу қажеттігін көріп отырады. Тауарлық құрам станция шекараларына келген кезде, станция кезекшісі оған бос жолды ашып береді, одан соң істегі жиырма алты жолдардың біреуіне құрамды жібереді. құрам туралы ақпарат, құрам қандай жүкпен қозғалатыны, оның жіберілу станциясы туралы және тағы да басқа ақпараттар алдын ала белгілі болады. Барлық деректерді кезекші белгілі бір құрамдардың қозғалыс ақпараттарын беретін мамандандырылған бағдарлама көмегімен алады. Бұл бағдарламаға тәуелсіз бұл деректер логистикалық операциялардағы шалыстардың алдын алу үшін және жұмысты максималды түрде анық және тез орындау үшін көшірмеленеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz